Эстония


Эстония
Эстония Республикасы-Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Балтық теңізінің Финн және Рига шығанақтарының суларымен қоршалып жатыр. Эстонияның құрамында 1500-ден астам (оның ішінде Моонзунд топ аралы да бар) арал кіреді. Аумағы 45, 1 мың км 2 , халқы 1, 48 млн. (2003 жылғы бойынша), оның 63, 9%-ы эстондар, 2, 7%-ы украиндар, 1, 6%-ы беларусьтар, 1%-ы финдер қрайды. Дінге сенушілердің басым бөлігін лютеран дініндегілер құрайды, православия дініндегілер де бар. Халқының 70-ы қалаларда тұрады. Неғұрлым ірі қалалары: Таллин, Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну. Астанасы-Таллин қаласы. Ресми тілі-эстон. Әкімшілік-аумақтық жағынан 15 уезден және орталық батвстағы 6 қаладан құралады. Конститутциясы бойынша мемлекет басшысы президент, ал жоғарғы заң шығарушы органы-Рийгикогу(бір палаталы парламент) . Ұлттық мерекесі-Эстония тәуелсіздік күні, 24 ақпан (1918ж) . Эстония БҰҰ-ның 1991ж, Еур. Кеңестің 1993ж, Еуроодақтың құрамына 2004ж мүше болды.
Ақшасы.
Ақша бірлігі-эстондық крона.
1эстондық крона=100 сантима.
1АҚШ доллоры=12эстондық кронаға тең.
Тарихы.
Қазіргі заманғы Эстония аумағын адамдар мезалит кезінде (б. з. б. 8-4-мыңжылдықта) қоныстанған. Б. з. б. 3-мыңжылдықтан соңында Эстонияның аумағына балтық тайпаларының арғы ата-бабалары келді. Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналасқан. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасында балтық бойы-финн тайпаларының (эсттер мен ливтер) қалыптасып, күшеюі болып өтті. Шаруашылықтың басты саласы-мал шаруашылығы, б. з алғашқы ғасырларынан бастап -егіншілік болды. 11ғасырдан бастап қара бидай өсіріле бастады. Тоқымашылық, ұсталық ісі мен қыш ыдыстар жасау дамыды. Сауда орталықтары мен айлақтары:Таллин, Тарту(Юрьев), т. б. пайда болды. Ежелгі тайпалардың аумақтық бірлестігі-кихелькондтар мен олардың одағы-маакондтар (жерлер) қалыптасты. Эстон халқының қалыптысуы басталды. Скандинавиялық деректерде викингтердің 1-мыңжылдықтың соңы-2-мыңжылдықтың бас кезінде Эстонияның жағалауларына, ал11ғасырдан бастап эсттердің Дания мен Швецияға жорық жасаған. 13ғасырдан бастап Эстония бастапқыда неміс, кейіннен дат басқыншыларының нысанасына айналды. 13ғасырдың 2-жартысы-16ғасырдың ортасында Эстония аумағын неміс кресшілері жаулап алып, Ливонияның құрамына қосты. 16ғасырдың соңында Эстонияны Швеция (солтүстігі), Речь Посполита(оңтүстігі) мен Дания(Сааремаа аралы) өзара бөлісті. 17 ғасырдың ортасына қарай Эстонияның бүкіл аумағы шведтердің қол астына өтті. Шведтер мен орыстар арасында болған солтүстік соғыстан кейін Ништадт бітімі бойынша 1721жылы Эстония Ресей құрамына өтті. 19 ғасырдан бастап Эстонияда капиталистік қатынастар жедел дамыды. Ұлттық буржуазиялық күшейіп, Ресей өкіметіне әр түрлі саяси талаптар қойды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін эстондар өз мемлекетін құра бастады. 1917 жылы қазан айының соңында елде кеңес өкіметі орнағанымен көп ұзамай ішкі және сыртқы күштердің қысымымен құлатылды. 1919 жылы 19 мамырда Құрылтай жиналысы Эстон республикасының құрылғанын жариялады. 1934 жылы Эстония мемлекетінде төңкеріс жасалып, диктатура орнатылды. Парламент таратылып, барлық саяси партияларға тыйым салынды. 1939 жылы тамыз-қыркүйек айларында болған кеңес-герман келісімшартынан кейін 1940 жылы Эстонияға кеңес әскерлері енгізіліп, Эстон КСР-і құрылды. 1940 жылдан бастап КСРО құрамында. 1941 жылы желтоқсанда Эстон КСР-інің аумағын неміс әскерлері басып алды. 1944жылы Эстонияны Қызыл Армия азат етті. 1990 жылдан Эстония Республикасы деп аталды. 1991 жылы республиканың тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік алған күннен бастап Эстония өзінің сыртқы саясатын Батыс Еуропаға қарай бағыттады. Ел экономикасы жедел түрде нарықтық қатынастарға көшіріліп, 2004 жылы Эстония Еуропалық Одаққа толық мүше болды.
Экономикасы.
Эстония-өнеркәсіпті, ауыл шаруашылықты ел. Өнеркәсібінің жетексі салаларын тақтатастар өндіру мен өңдеу, жеңіл және тағам, ағаш өңдеу, машина жасау мен металл өңдеу кәсіп орындары құрайды. Жылына 9, 1млрд кВт. сағ. электр қуаты өндіріледі. Тақтатастарды өндіру мен өңдеу республиканың солтүстігінде Кохтла-Ярве, фосфорит өндіру-Мардуда жүргізіледі. Машина жасау салаларының ішінен неғұрлым дамығандары-электр және радиотехника өнеркәсіп, аспаптар жасау мен кеме жөндеу. Минералдық тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, бензол, формалин, антисептиктер, жуушы құралдар, т. б. өндіріледі. Құрылыс материалдары, целюлоза және қағаз шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Тағам өнеркәсібінің негізгі салалары-ет-сүт және балық өнімдерін, кондитерлік бұйымдарды өндіру. Қолданбалы өнер: былғары, металл бұйымдар, тоқыма бұйымдарын жасау кең тараған. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара мал мен етті шашқа өсіруге маманданған. Ел аумағының 27, 1%-ы егіншілік мақсатында пайдаланылады, жайылымдар 7, 4%-ды құрайды. Құс, бал арасын, қымбат терілі аңдар өсіру шаруашылығы дамыған. Дәнді дақылдардан қара бидай, бидай, қара сұлы, зығыр және азықтық дақылдар өсіріледі. Кортоп пен көкеніс жақсы дамыған. Негізгі шипажайлары: Пярну, Хаапсалу, Нарва-Йыэсуу-Куреса-аре. Ұлттық табысы жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 5010 АҚШ долларына тең. Сыртқы азық-түлік, мал шаруашылық өнімдерін, тоқыма, ағаш, металл, минералдық шикізат, ауыр машина жасау өнімдерін шығарады. Импорттың негізін ауыр машина жасау өнімдері мен көліктік құрал-жабдықтар, азыұ-түлік, минералдық шикізат құрайды. 1992 жылы 27 мамырда Қазақстан Реапубликасы мен Эстония Республикасы арасында дипломатикалық қарым-қатынас орнатылды. 1995жылы шілдеде Қазаұстанның Латвия, Литва мен Эстония үшін біріккен елшілігі, 2001 жылы қазанда Эстонияда Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы жеке ашылды. 1994жылы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Эстонияда ресми сапармен болып қайтты. 2005 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 151, 7млн. доллорды құрады. Қазақстан эстон капиталының қатысуымен 8 біріккен кәсіпорын тіркелген. Эстонияның негізгі саула серіктестері: Финдлянда, Швеция, Германия, Ресей.
Табиғаты.
Эстония аумағын Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Эстония жағалаулары әсіресе батысында және солтүстік-батысында қатты тілімденген. Көптеген шығанақтары мен қойнаулары Таллин қойнауы, Хара, Колга, Лахепере, Матсалу, Пярну, т. б. шығанақтары бар. Батыс жағалаулары-ойпатты, солтүстік жағалаулары тік жарлы. Ең ірі аралдары: Сааремаа, Хийумаа, Муху, Ворсми, т. б. Жердің басым бөлігі ойпатты жазық орташа биіктігі 50метрдей. Эстонияның батыс бөлігі мен Батыс Эстон топаралыда, сондай-ақ қиыр шығысында ойпатты жерлер басым, Батыс Эстон жазығында шымтезекті батпақтар көп. Солтүстік және орталық бөлігін биіктігі 166 метрге дейінгі Пандивере биіктігі толқынды ойпат алып жатыр. Выртсъярв көлінен оңтүстік-шығысқа қарай аумағының неғұрлым көтеріңкі жерлері-Отепя биіктігі (217м-ге дейін) мен Хаанья (биіктігі 318м), батысқа қарай Сакала биіктігі (145ь-ге дейін) алып жатыр. Биіктінтер негізінен түпкі жыныстардан (әктастар, құмтастар) қалыптасып, мұздану шөгінділерімен жабылған. Солтүстік және орталық бөлігінде мореналық шөгінділер басым. Эстония аумағы Шығыс Еуропа платформасының солтүстік-батыс бөлігінде, Балтық қалқанының оңтүстік беткейі мен Балтық синеклизасының солтүстік беткейінде орналасқан. 110метр солтүстігінде-600метр оңтүстік-батысында тереңдікте жатқан платформаның красталданған іргетасы күшті шоғырланған архейлік және протерезойлық гнейстерден, мигматиттерден, кристаллды тақтатастардан, кварциттер мен граниттерден қалыптасқан. Негізгі кен байлықтары-жанғыш тақтатастар, фосфорит, шымтезек, мұнай, янтарь, құрылыс материалдары. Климаты теңіздіктен континентікке қарай ауыспалы. Жағалауларындағы аудандарда климат неғұрлым жұмсақ; шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарда оның континенттігі артады. Ақпандағы орташа температура -6 С, шілдеде 17С-қа тең. Эстонияда ұзындығы 10км-ден астын 420өзен бар. Неғұрлым маңызды өзендері: Пярну, Эмайыги, Нарва-Казари. 1000-нан аса көл мен су қоймалары бар. Бүкіл ел аумағын 4, 8%-ін алады. Ең ірілері: Чудь, Выртсъярв, Суурлахт. Топыралы негізінен қыртысты-күлденген, қыртысты-карбонатты, батпақтанған. Аумағының 50%-дан астамы батпақтанған және батпақты топырақтар. Эстония аралас ормандар аймағында орналасқан, ел аумағының 50%-на жуығын ормандар алып жатыр. Ормандардың басым бөлігі-қылқан жапырақты қарағай, шырша ағаштардан тұрады. Эстонияның жануарлар дүниесі үшін тайгалық және жалпақ жапырақты ормандардың, сондай-ақ теңіз жағалауы фаунасының өкілдері тән. Сүт қоректілерден бұлан, жабайы шошқа, қоян, ақ қоян, қасқыр, түлкі; құстардан-құр, шіл, сандуғаш, т. б. мекендейді. Теңіз жағалауын мекендейтін жыл құстары көп. Негізгі қорықтары-Вийдумяэ, Вильсанди, Лахемаас ұлттық саябағы ұйымдастырылған.
Демографиясы.
Эстония халқының жалпы мөлшері-1, 6млн. 1шаршы км-ға -28 адамға тең. Солтүстік бөлігі халыққы тығыз орналасқан. Халқының негізгі құрамын эстондықтар құрайды. Олардан бөлек-орыстар, украиндер, финдер құрайды. Астанасы - Таллин. Ірі қалалары - Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пятну жатады.
Эстон тілі.
Эстон тілі-эстон халқының тілі. Эстония республикасындағы ресми тіл. Ресей Федерациясының Ленинград, Псков, Омбы облыстарында, Грузияның Абхаз автономиялы республикасында, Швецияда, АҚШ пен Канадада эстон диаспорасы кездеседі. Эстония тілінде 1150 мыңдай адам сөйлейді. Финн-угор тілдері шоғырының балтық-финн бұтағына жатады. 16 ғасырдан бастап солтүстік эстон және оңтүстік эстон диалектілері негізінде екі әдеби тілі қалыптасқан. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
Туризмі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz