Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бұл рефератта фашизм, шовинизм, ұлтшылдық, гуманизм, ұлттар арасындағы
достық деген терминдер мен мәселелер қарастыруда. Қазақстанда 130-дан астам
ұлт өкілдері өмір сүріп жатқандығы бәрімізге белгілі. Сол ұлттарға қандай
саясат жүріп жатыр, болашақта не істеу керектігін шамасынша баяндап алдым.
Шовинизм – ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бұл ұлттың мүддесін
басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті
қоздыратын, ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
Ұлтшылдық – ұлттық жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға
сенбеушілікке және бір ұлтты басқа ұлтқа қарсы бағытталған саясат,
идиология, психология және әлеуметтік тәжірибе. Ұлтшылдық XVIII ғ-дың
аяғында отаршылдық қанау мен әлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде
пайда болған. Оның алдын алмаса, кейін халықтар арасындағы өшпенділікке
айналуы мүмкін.
Фашизм – реакциялық, агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Бір
нәсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру,
демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншуда шектен тыс күштеу
әдіс-тәсілдерін пайдалану, қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алуға
және т.с.с.

Этносаяси жанжалдар
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамалар,
шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол
өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әртүрлі тілде сөйлейтіндердің
(Бельгия, Швейцария), әртүрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар,
мұсылмандар, индустар; Ливанда христсяндар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар
(Қазақстан, Ресей), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында
болуы мүмкін. Әдетте мұндай қатынас әртүрлі этникалық топтардың арасындағы
елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге,
қысшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп,
ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатыда жоғары
деңгейде тұрады да, өздерінен басқа этнос өкілдерімен, жеңілдіктермен
пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық
жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенәң бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда
біраз ұлттың өкілдері өз алдына автаномия алу, тұтастығын және идиология
немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш
мақсатты алға қояды:
- автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
- белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
- өз мәдениет жалпы мемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі – түптеп келгенде өзінің
мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда
жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздар,
оситиндео мен ингуштар арасындағы жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті
халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық
көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б.
жатыр.
Этоносаяси шиеліністердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі –
этностың өз тілі , мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс,
асыра қауптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы,
біздің республикамызда 90-жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің
мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме көтерілді. Оларға “Лад”, “Русская община”
ұйымдары, казактар дем беріп, кекілжін тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз
қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында
жұмысыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге
мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республиканың
Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең
қолданатындығы, өтпелі кездегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық өкілдеріне
бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарына қызметке ұлтына,
нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және т.б. олардың қауптерінің орынсыз
екендігін дәләлдеді.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде
шешу қажет. Өйткені мұндай шиеліністер ұлғайып кетуге бейім келеді және
ұзақ сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет
ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы керек. Бұл салада біздің
елімізде бірталай іс істеуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә.Назарбаевтың
жарлығында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы
барлық ұлттық-мәдени орталықтарды қамтиды.
Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау,
қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар
жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау
жасайды. Мысалы, “Қоғамдық бірлестіктер туралы”, “Мәдениет туралы”,
“Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” және тағы басқа заң жобаларына
қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
2030 стратегиясынның “Ұзақ мерзімді басымдық: Ішкі саяси тұрақтылық
пен қоғамның топтасуы” бөлімінде былай жазылған:
Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алусыздық
жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің –
саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне
қарамастан, қарама – қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол
жеткізуі мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын
қауіпті жағдайға әкеп соғады.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке,
құтарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайстылығына немесе басқа
факторлардың қайсына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау
– біздің міндетіміз. Диологтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-
ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарымқатынасты күшейту арқылы біз
біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлуетімізді ұлғайтамыз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің
стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне
негізделген біріңғай азаматтығымызды дамытатымызға кепілдік беру;
- этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық
топтар құқықтарының тең болуын қамтамассыз ету;
- қомамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этносаяси жанжалдар
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы
ҰЛТШЫЛДЫҚ пен ҰЛТСЫЗДЫҚ
Этносаяси жанжал
ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Қазақстан және бейбітшілік үшін саяси әріптестік
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Қазақ газеті - Алаш партиясының жаршысы
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Пәндер