Ақша деген не



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе
Ақшаның адам өмiрiндегi орны қандай?
Ақша деген не?
Ақша - ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметiн атқаратын және
жалпыға бiрдей болама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бiрдей баламалық
құнының нысаны.
Әбiр кәсiпкер өзiнiң жұмысында үнемi ақша бiрлiгiмен қарым-қатынаста
болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнiм. Ол натуралдық шаруашылықың
тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Осы ауысу кезеңiне себеп
болған адамдардың шығарылған өнiмдерiнiң артық болып, айырбастау
процессiнiң шығуы. Айырбастау үшiн өнiм тауарға айналды. Сөйтiп науралдық
-өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс келдi.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделiктi айырбастауда
эквивалент болып келдi: мал, тұз, шай, бидай, күрiш, т.б. жүн, еңбек
құралы, сәндi бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметiн
металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады. Металдар мыс, күмiс, алтын (Ассирияда, мысырда) түрiнде болды.
Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем
құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.
Ақша, пайда бағаннан берi бiрнеше рет өзгерiске ұшырады, iрақ iшкi
мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлерi бар: метал ақша, қағаз ақша, несие
ақшалары. Ақша тауарлы өндiрiске қызмет етедi. Сондықтан ақшаның қызметiнiң
нәтижесi және оның осы өндiрiстегi маңызы болады. Мемлекет өзiнiң кiрiс
шығысының бәрiн ақшаға шағып, өзiнiң керегiне жарату үшiн бюджетке тиiстi
түсiмдер түсiруi үшiн ақша маңыздылығы мен қажеттiлiгi мол. Әрбiр жанұя
тұрмысына қажеттi нәрселерiн ақшаға шоғып, өзiнiң ақшалай табысымен
байланыстырып, қандай бағамен затты сатып алу мүмкiндiгiн реттеп отырады.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынаста iске асыру үшiн және экспорттың,
импорттың операцияларды үзеге асыру үшiн ақшаның пайдасы мол. Ақша қолайлы
әрi күрделi ғимараттар, жабдықтар фабрикалар мен зауыттар, жердi де
сатыпалуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде ақша нарықтық экономикада
ақшанесиелiк реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляцияның
процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолдануда.

1. Ақшаның дүниеге келуi және даму заңы
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-
бiр шарт және өнiм болып табылады. Экономикалық санат ретiнде ақша
натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда
болды. Натуралдық шаруашылық-шығарылған өнiмнiң түгелiмен өндiрушiнiң
жеке басының керегiне жаратылған кезең. Уақыт өте келе өндiрiс
құралдарының жетiлуiне байланысты немесе табиғаттың өзi туғызған
жағдайына байланысты (мысалы, бiр жерде егiн, басқа жерде мал өсiру
пайдалы, ал үшiншi жерде балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған
өнiмдерiнiң саны олардың жеке басына керегiнен асуы басқа өнiмге айырбас
алу мүмкiншiлiгiн тудырды. Осының нәтижесiнде айырбастау деп аталатын
процесс шықты. Айырбастау үшiн өндiрiлген өнiмнiң тауар деп аталатын
болған соң, натуралдық өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс пайда болды.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам
еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра
отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның
пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрады. Әрбiр тауар қажеттi
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша
айырбас құны ретiнде көрiнедi. Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп
шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.
Тауар өндiрiсiнiң дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиiлiнедi. Жалпы
тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б.айырбастауға мүмкiн болды. Тауар өндiрiсiнiң
дамуына байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын тауар-барлық басқа
тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы болып табылады. Осыдан
келiп, құнның толық немесе көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына
жасырын түрде өту басталды. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент рольiн
белгiлi бiр тауарлар атқара бастады және осы тауарлар ақша аталынды.
Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Жалпыға ортақ эквивалент ролiн атқаратын тауар үшiн әр түрлi
халықтарда және сол бiр халықтың өзiнiң тарихының әр түрлi даму
кезеңдерiнде жалпыға бiрдей құн эквивалентiн әр түрлi өнiмдер атқарды.
Мысалы: Ежелгi Гректер, Римдiктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған;
Скандинав елдерiнде, ежелгi Орыстар – аңның, болмаса малдың терiсiн
пайдаланған. Қытайда – тұз; Монғолияда – шай, т.с.с. Табиғат жағдайына
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғын аудандарда –
жылқы, сиыр, қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы
жалпы эквиваленттiк қызмет атқарды. Оған нақты дәлелдер қолжазбаларда,
қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда, поэзияларда
кездестiремiз. Гомердiң көне Трол батырлары туралы поэмасында өгiздi құн
өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайында айтылады. Осы уақыттарда металдан
жасалынған ақшаларда өгiз деген атау ойып өрнектелiнiп жазылып жүрдi.
Латынның сөзi пекуния (ақша) пекус (мал) сөзiнен шыққан. Рупа
(мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы рупия негiзiнде жатыр.
Ежелгi Руңсьтарда да ақша металл ақшаларға ауықаннан кейiн де мал деген
атауға ие болады. Ярослав Мудрый 1018ж былай деген бiздiң жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 күн, сперостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривеннен тұрады. Ол кездегi қазынамалы малшы, қазына, қазына жинау
орны - мал ұстайтын орын деп аталынды. Ежелгi скандинавтар, солтүстiк
Сiбiр халықтары, Солтүстiк Америкада аң жүндерi, құс жүндерi ақша
эквивалентi ретiнде пайдалынды. Жылы теңiз жағасында мекендеген тайпалар
ақша ретiнде бақалшақтарды қолданған. Тарихта олардың атауы қалған:
чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Бақалшақтар Үндi-қытайда, Үндi
де, Қытайда, Америка Шығыс жағалауларында және басқа аралдарда ақша
қызметiн атқарған. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарында
кебiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш
түрi: ең арзаны – қара түстi (курила), ақ түстi (галиа); аса қымбат қызыл
түстi (ронго) пайдаланылды. Әлемде әр түрлi экзотикалық ақшалар болған.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында құлды ақша ретiнде үш сиыр, алты бұзау,
он екi қойға теңестiрiлдi. Өсiмдiк өнiмдерi зәйтүн майы, күрiш, кофе,
какао т.б. ақшаның орнына қолданған.
Ежелгi Спортта, Жапонияда, Африкада темiр, мыоыш, қорғасын, алтын,
күмiс ақша эквивалентi болды. Рим императоры Омонийсий Сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын корольдерi – мырыш ақшаларды құйды. ХVIIғ. Солтүстiк
Америкада (массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгекшелер
қолданылды.
Метал ақшаларының артықшылығы, олар – бiркелкi, төзiмдi, қсақталынады.
Бұл ақшаның таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi.
Кейiн алтын мен күмiс метал ақшалары тиiмдi болды. Темiр ақшалар ретiнде
күрек, шеге, шынжыр т.б. формалары анықталды. Грек ақшасының атауы
драхма бiршеге деген мағынаны бiлдiрдi. Б.э.д. ХIII ғасырда салмағы
көрсетiлген құймалар: ливр, фунт, стерминг пайда болды.
Көне дәуiрден ата – бабамыз айырбаспен қатар сауда мәдениетi
өркендегенде тауар айналымына метал ақшаны пайдаланылды. Ежелгi
Қазақстанда VII-VIII ғ-да мәдениттi орталық Сырдарыл түрiк
әмiршiлерi,Отырар мен Жетiсуда түргештер мен тухсилер темiр ақшаны
шығарған. Кеңес заманында Қазақстанда ақша реформасы 1947 және 1961
жылдары жүргiзiлдi. 1 рубль құнындағы күмiс мәнеттер, 50тиындық
шығарылды. Егемендiгiмiздi алғаннан кейiн 1993 жылдың наурыздың
Қазақстан Республикасының µлттық банкi туралы заң қабылданды. µлттық
валютаны жасау елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен
жүргiзiлдi және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда
сақталынды әрi жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бiзге таныс қағаз ақша
алғашқы рет Қытайда пайда болды. Ол туралы МаркоПоло 1268 ж. Қытайға
барып келгеннен кейiн айтады. Европада қағаз ақша XVIII шығарылды. Ал,
Ресейге ассигнация II Екатерина кезiнде енгiзiлдi. Ақшаның айналуы
өзiндiк құны бар ақшаны құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түстi.
1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткiзiлген халықаралық Валюта қорына мүше-
елдердiң келiсiмi бойынша әрбiр елдiң ақшасының Алтынмен салыстырғандағы
құны жойылды. Осының бәрi қазiргi жағдайда ақша айналымының өз алдына
өтетiнiн, сөйтiп, ақшаның өз алдына экономикалық санат боып шыққанына
айқын дәлел болып табылады. Кеңес Одағы таратылғанға дейiн Кеңес рублiнiң
алтын құны (поритет) 0,98742гр таза алтынға бағаланатын. Бұл тәртiп Ресей
Федерациясында 1992 жылы жойылды,ал Қазақстанның теңгесiнiң, о бастан
алтын бағасы болмады. Қазiр, ешбiр де елдiң ақшасының алтын бағасы жоқ.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екi экономикалық жағдай
туғызылды:
- Натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келдi. Осыған
байланысты айырбастау операциясы өрiс алды.
- Өнiм өндiрушiлердiң арасында бiр жағынан мүлiктiк жекеленушiлiк пайда
болды, екiншi жағынан белгiлi, бiр түрлi тауар өндiруге мамандандырушылық
туды.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процессiне де бiрқатар өзгерiстер
енгiздi.
Бiрiншiден, ақша шықаннан кейiн тiкелей тауар айырбастаудың тар шегi
бiраз кеңейтiлдi, яғни базар пайда болды, ал ол базарда бiрнеше тауар
иелерi қатынасады.
Екiншiден, айырбастау процессi әр уақытта iстелетiн екi әркетке
айналды;
Үшiншiден, несиенiң пайда болуына әсер еттi. Монетаның пайда болуы
металдан соғылған ақшаның сыртқы пiшiнiң қалыптасуындағы соңғы кезең болды.

2. Ақша мәнi және атқаратын қызметтерi
Ақша кез келген тауар құнын бiлдiретiн ерекше тауар рольiн атқарады. Осыдан
келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн Карл
Маркс индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң
қалтасына салып жүредi деген афоризммен сипаттады. Осыған байланысты ол
мынадан айқын көрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектiң нәтижесi екенiн анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдың етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi
айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.
Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы
ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.
Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi
қайшылықтары да шешiледi.
Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Сатылған құн ендi ақша ретiнде
тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен ақшаның
көлемiне қарай өз өндiрiсiне басқа кез келген қажеттi тұтыну құнын алуға
мүмкiндiк туады.
Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша-тауардың жалпы
эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы
кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең
көлемде өсуiне жол ашты. Ақшаның қызметi тауарды сатып алу, қолдан-қолға
ауыстырып, қайта-қайта итеру қатынаста болып келедi. Тауарды тұтынушыға
жеткiзiп, ақша үзiлiссiз қозғалыста жүредi. Тауарды қолдануда ақша
делдалдың ролiн атқарады, ол уақыт пен кеңiстiкте келiспеушiлiктi жеңедi.
Сатушы, товарын сатып, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ол басқа жерде
тауарын сатып алуға және басқа жерде сатуға мүмкiндiгi бар, бұған ақша
көмектеседi.
Ақша ерекше тауар, жалпыға бiрдей балама, яғни, басқа тауарлардың
жалпыға бiрдей баламалық құнының нысаны. Ақша-тауардың ерекше қасиетi, оның
кез келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бiрдей
құралы екендiгiнде. Ақшаның тағы бiр ерекше қасиетi құнның сақталуын
қамтамасыз ететiн күшi. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемi
құн санап азал бередi. Өйткенi, ол тауарды сақтау үшiн белгiлi көлемде
шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнiн көрсетушi оның атқарымы болып есептеледi. Экономиканың
кез келген үлгiсiнде ақшаның атқарымы өзгермей, бiр қалыпта қалады. Қазiргi
жағдайда (Нарық жағдайында да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
1) Ақша құнды өлшеушi ретiнде
2) Ақша, айналым құралы ретiнде
3) Ақша төлем құралы ретiнде
4) Ақша қорлану құралы ретiнде
5) Дүниежүзiлiк ақша атқарылуы ретiнде
Көрсетiлген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады.
Ақшаның құн ретiнде атқарымы оның көлемi мен тауардың өзiндiк құны
анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзiндiк құны, оны өндiру
жолындағы, қоғамдық қажеттi шығынымен тең. Олай болса, тауар өндiру,
болмаса басқаша қызмет көрсету үшiн, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек,
тек содан кейiн, солардың көмегiмен, керектi өнiм шығарылады, болмаса
қызмет көрсетiледi. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзiндiк
құны екi элементтен тұрады. Бiрiншiсi, жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары
мен еңбек бұйымдарының құны. Екiншiсi, осы өнiмдi өндiру жолындағы
жұмсалатын тiрi еңбек күшiнiң құны. Сонымен қатар, жаңа өнiмнiң өзiндiк
құнына қосылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны, тiрi
еңбек күшiнiң құны да әрбiр тауар өндiрушiлерде бiрдей болмайды. Өйткенi,
барлық тауар өндiрушiлердiң техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесi
және үнемшiлдiгi әртүрлi.
Ақша айналым құралы ретiнде. Барлық тауарлар, қой жерде шығаралғанына
қарамастан, керектi уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны
ақшалық нысанға ауысуы керек. Ақшаның айналым құралы ретiнде жұмыс iстеуi
ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тiзбеi болып табылады.
Осылайша ақша үздiксiз айналымда жүредi. Бұл атқарымның өзiне тән бiр
ерекшелiгi, ақша ментауардың бiрiне-бiрiнiң қарсы қозғалдығында: ақша
сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады. Осы
айналымның құралы ретiнде iстеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша
елдiң ақша айналымында басқа мемлекеттiң ақшаның саны көбейсе, сапасы
азайса, құнсыздалуына апарады. Айналымдағы ақшасаны осы атқарымның дұрыс
орындалуына тығыз байланысты. Егер айналым тез жүрсе айналымдағы ақша саны
азаяды, керiсiнше баяулайтын болса, айналымда көбiрек ақша жүруi керек.
Ақша төлемқұралы ретiнде. Бұл атқарымды ақша қозғалысы мен тауардың
қозғалысы арасындағы айырмашылықты айтамыз. Себебi, тауардың сатып
алушының, ақшаның сатушы қолына түсуi кеш жүредi. Егер алдын ала сатушы мен
сатып алушылардың арасындағы келiсiм бойынша тауар құны төленетiн болса,
ақша сатушыға ертерек түседi. Екеуiнiң қозғалысы әртүрлi. Тарих тұрғысынан
қарағанда, ақша төлем құралы ретiндегi атқарымда тауарды несиеге берумен
байланысты пайда болған. Бұл жөнiнде К. Маркс былай деп жазған: Бiр
тауардың иесi өзiнiң қолдва бар тауарын сатады, ал басқа бiреу оны сатып
алады, тек ақшаның өкiлi ретiнде. Сатушы несие берушi болады да, сатып
алушы қарыздар болып қалады. Ақшаның төлем құралы ретiндегi атқарымнан
айырмашылығы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердiң ақшалары
да орындай алады.
Ақша қорлану құралы ретiнде. Бұл атқарымды, айналысқа қатынаспай
жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның iшiнде халықтың қолында жүрген ақша,
банкiлердегi есеп шоттарда қалған, жеке және заңды тұлғаларды ақшасы
кiредi.
Ақшаның қорлану құралы ретiнде атқарымын орындайтын артық ақша
табыстың шығыннан көбiрек болған күнде ғана пайда болады. Ал ақшалар алдағы
кезде оррын алатын көлемдi шығындардың қоры ретiнде сақталады. Осылай
несиелiк қарым-қатынас пайда болады. Ол шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшасы, басқа шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға уақытша
пайдалануға берiледi. Сөйтiп, ақшаның бостан-босқа пайдасыз жатуына,
санымен бiрге оның инфляцияның әсерiнен құнсызданып кетуiне жол берiлмейдi.
Тек мынадай жағдайларға сүйенедi:
- несиеге берiлген ақша кедергiсiз iске пайдаланылады
- несиенiң уақытында қайтарылуына күмән жоқ
- несиеге берген ақшадан жоғарғы деңгейде пайда түседi.
Дүниежүзiлiк ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдiгi
жойылғаннан кейiн, көптеген экономистер, ендi құнсыз, қағаз ақша
дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындай алмайды деген пiкiрге келген. Бiрақ та,
ақша әлi де әр түрлi елдердiң және олардың заңды және жеке тұлғаларының,
өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетiп жүр. Ақша бұрынғыша өзiнiң
дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындап келедi. Еркiн айырастауға жатпайтатын
ақшалар дүниежүзiлiк ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары
еркiн айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегi бағаммен еркiн
айырбасталатын ақшаға ауыстырады (доллар, марка, иена сияқты) сосын
өздерiнiң керектi халықаралық iстерiне жаратады. Сондықтан ақшаны
дүниежүзiлiк ақша ақша атқарымын тек тежеулi түрде орындайды екенiн
көремiз.
Ақша мәнi орындалатын функциялары: құн өлшемi, айналыс қаражаты,
жинақтау қаражаты арқала анықталады.
Тұтыну- тұтынушылар алатын тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Табыстың
қалған бөлiгi жинақ ақшаға жатады. Жинақ ақша – бұл табыстың тұтынбайтын
бөлiгi.
µлттық ақша жинағы –тұтыну мен мемлекеттiк сатып алуды шегерiп
тастағандағы экономикалық табыс. µлттық ақша жинағы жеке және мемлекеттiк
ақша жинағынан тұрады.
Жеке ақша жинағы – салық пен тұтыуға жұмсалғанды – қоспағандағы үй
шаруышылығының табасы.
Мемлекеттiк ақша жинағы –бұл жиналған салық пен оның жұмсалу түрiндегi
алынған мемлекеттiк табыстың айырмашылығы.
Жинақ ақша функциясы – жиынтық жинақтың (S) табысқа (У) тәуелдiлiгi,
яғни S=S(У).
Жинақ ақша функциясының дәл ерекшелiгi тұтыну функциясына керi,
өйткенi У=C+S
Ақша жинағын (S)қамтитын жалпы табыстың (У) үлесi тұтынуға орташа
бейiмдiлiк (АРС) деп аталады

А0ша функциясына халықаралық төлем де жатады. Дүниежүзiлiк ақша
мемлекетаралық операцияларды жүзеге асыруы үшiн қолданылады. Бұл қызметтер
адам көмегiмен тауарға бағаны анықтайды, төлеу мен сатып алу процессiнде
қолданылады және қор жинау үшiн пайдаланылады. Мұндай ақша функциялары
ақшаның қоғамда экономикалық қарым-қатынас құралы, ал функциялары адам
көмегiмен орындалуында екенiн көрсетедi.
Ақша түрлерi. Ақша - өзi дамушы категория және уақыт өте келе бiрнеше
өзгерiске ұшырады, бiрақ оның iшкi мағынасы өзгерiссiз қалды. Бөлшектелген
сферада және әртүрлi кезеңде белгiлi бiр жағдайда әртүрлi ақша
қолданылған. Алғашқы ақша мiндетiн мал, жүн, темекi (штат Вирджиния, АҚШ)
орындаған. Айырбастау дамып, ақшаның жалпы эквивалент болуына әсерiн
тигiздi. Металл ақша әрi ұсақ, қолайлы және сақталуына ыңғайлы болған соң
тауар орнына келдi. Оның түрлерi: мыс, қолайлы, күмiс, алтыннан жасалд. Ең
бiрiншi метал ақша б.з.б. VII-VIII ғ-да Малазияда, III ғ. Римде, Дидия,
Ежелгi Греция мемлекеттерiнде басып шығарылды. IХ-Х ғ-да Еуропа мен Ресейде
өз метал ақшаларын шығара бастады. Алтын монетаның ешуақытта инфляция
кезiнде құнсызданбауы, оның жеке құнын бiлдiредi.Осыған байланыстыалтын
ақша өз бетiмен айналымға қанша керек екенiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша функциясы және ақша агрегаттары
Ақшаның адам өмiрiндегi орны қандай?
Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының ақша – несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері туралы ақпарат
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ақшаның қажеттілігі, экономикалық мазмұны, ұдайы өндірістегі атқарымы мен маңызы. ақшаның даму кезеңдері
Ақша капиталының құралдары
Ақша нарығы және валюталық биржалар
Пәндер