Югославия қақтығысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Югославия қақтығысы

1992-2002 жылдардағы Сербия мен Югославия тарихы 1992 жылы сәуірде Милошевич бұрынғы федерация қалдықтарынан құрамында Сербия және Черногорие бар Югославия одақтық мемлекетін құру шешімін қабылдады. Бірақ мамыр айында БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Югославияға қарсы қатал экономикалық шаралар қолданды. Қыркүйек айында бас ассамблея Югославияны БҰҰ құрамынан шығуына дауыс берді. 1990 жылы көшбасшы партия ретінде Слободан Милошевич арқылы басқарылған «Сербия әлеуметтік партиясы» болған.

Черногориенің федерациялыққа қабылдау идеясын қолдаған және Момир Булатовичпен басқарылған социолисттер демократиялық партиясы 17 орын алды. 1993 жылы Югославияда ішкі саяси күрес премьер-министр Паничтың және президент Добриц Чосичтың біркелкі саясаткерлерінің жұмыстан шығуына және оппозиция көшбасшысы Вук Драшковичтың тұтқындалуына әкелді.

1995 жылы Слободан Милошевич бірінші хорваттық, кейін босниялық сербтардың саяси және әскери қолдауын тоқтатты. 1995 жылы мамырда хорваттық әскер босниялық сербтарды Батыс Славониядан қуып шықты, кейін тамыз айында бұл жерде өздік жарияланған «Сербтық Краина» республикасы жеңілді. Серб анклавының Хорватия құрамына енуі серб-қашқындардың Югославия серб республикасына қайтуына әкелді.

НАТО күшімен тамыз-қыркүйек уақытында босниялық сербтардың әскери позицицясын бомбалау әрекетінен кейін Дейтонда (Огайо штаты) Босния және Герцеговина арасындағы уақытша бітімге жету мақсатында халықаралық конференция өткізілді. Оған 15-ші желтоқсанда Парижде қол қойылды.

1996-1997 жылдары қыста оппозициялық партиялар қатары Белградта және Югославияның басқа үлкен қалаларында Милошевич тәртібіне қарсы массалық демонстрациялар жасады. 1996 жылы күзде парламенттық сайлауда үкімет 14 қаладағы оппозиция жеңісін қолдамады. Милошевич басқа оппозициялық партияларды, соның ішінде В. Шешель басқарған «Серб радикалды партиясын» енгізді. 1996-1997 жылдары арасында президент Милошевич және оппозициялық коалиция арасындағы жекпе-жекті әлем қадағалап отырды. Бұл жекпе-жекті Милошевич 1997 жылы 15 шілдеде Югославия серб мемлекетінің президенті ретінде сайланып жеңді.

Кезекті кризис Рачак ауылында 45 албандықтардың өлтірілуімен байланысты басталды. Бұл әрекетте сербтарды кінәлады. Белградқа НАТО-ның ауадан шапқыншылық қауіп-қатері төнді. 1998 жылы күзде Косоводан қашқындар саны 200 мың адамға жетті. Бұл қақтығысты шешу үшін Батыс мемлекеттерінің және Ресейдің аса ірі саясаткерлер байланыс тобы шектеуінде келіссөз процесін өткізді. Ол Рамбуйде (Франция) 1999 жылы 7-23 ақпан арасында өтті. 21 наурызда НАТО Милошевичке ультиматум жариялап, 24 наурыздан Югославия территориясында ракета-бомбалы соққылар болды. Сәуір айында қашқындар саны 780 мың адамға жетті. 9 маусымда Кумановода (Македония) Югославия және НАТО әскер өкілдері Косоваға халықаралық қауіпсіздік күштерінің енуі туралы келісімге қол қойды. (КФОП) 10 маусымда НАТО бас хатшысы Х. Солана қарулы күштер басшысына бомбалауды тоқтату бұйрығын берді.

1999 жылы 15 маусымнан бастап Косоваға қашқындар қайта бастады. 2001 жылдың басына қарай 700 мыңға жуық адам қайтты. Жұмыстан айырылған адамдар саны 500 мыңға жетті. НАТО авиациясы Сербияға 10 мыңға жуық бомбалық соққы жасап, транспорттық жүйесін, мұнай өндіруші зауыттарын жойды. Осыған қоса 5000 әскери және адамзаттық тұлғалар, оның ішінде албандар, қайтыс болды. Македонияда - 445 мың, Черногориеде - 70 мың, Албанияда - 250 мың және Еуропаның басқа мемлекеттерінде 75 мыңға жуық қашқындар жетті. Бомбалаудан болған шығын 100-130 млрд. $

Осы уақытта 2001 жылы Югославия серб республикасының президенті болып В. Коштуница сайланды. С. Милошевич Гаагада халықаралық трибуналға берілді. Черногориенің бөлінуі үшін де күрес күшейді. 2002 жылы 14 наурызда ЮСР, Сербия және Черногорие мемлекеттерінің басшыларының, Х. Солана делдал ретінде болған, келіссөздері нәтижесінде екі одақтас мемлекет арасындағы жаңа қарым-қатынас туралы, Сербия және Черногорие жаңа республикаларының пайда болуы туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тақырыбы: Югославия қақтығысы

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2009

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биполярлы жүйенің аяқталуы және Европадағы интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістердің күшеюі
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Қазіргі әлемдегі қақтығыстар мен жанжалдар және оны реттеудің технологиялары
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ССРО және дүниежүзілік қоғамдастық
Тәжікстандағы Ислам терроризмі
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ДІНИ ЖАНЖАЛДАР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАР. ИРЛАНДИЯДАҒЫ ДІНИ ҚАҚТЫҒЫС
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты
Халықаралық қылмыстық сот қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz