ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Қалмырза Р. Н.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жезқазған қаласының қазіргі экологиялық жағдайын талдау»
5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша
«Қорғауға жіберілді»
«Экология» кафедрасының меңгерушісі
Г. К. Сатыбалдиева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жезқазған қаласының қазіргі экологиялық жағдайын талдау»
5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша
Орындаған Қалмырза Р. Н.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., доцент Шынбергенова Қ. Т.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ
Экология кафедрасы
«5В060800-Экология» мамандығы
«Бекітемін»
«Экология» кафедрасының меңгерушісі
Сатыбалдиева Г. К.
ТАПСЫРМА
Дипломдық жұмысты орындау бойынша
Студент:
Жұмыстың тақырыбы:
«30» қараша 2020ж. №1729-Б бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі « _»
Жұмыстың бастапқы деректері:
Дипломдық жұмыстың өзектілігі мен міндеттері:
Графикалық материалдардың тізімі (міндетті сызбаларды көрсету) :
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
Жұмыстың таралуы бойынша кеңесшілер
Кеңесші
Бақылау
қолы
Пайдаланылған
әдебиеттер
Тапсырма берілген күн 1. 09. 20 _
Жұмыс жетекшісі
Тапсырманы орындауға қабылданған студент
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынған:
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 9 қаңтар 2007 №212 Заңымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 20 маусым 2003 жылы № 442-II Заңымен бекітілген.
«Экологиялық сараптау туралы» Қазақстан Республикасының 18 наурыз 1997 жылы қабылданған № 85-1 Заңы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Қоршаған орта жай- күйінің мониторингі. 141 бап, 9 қаңтар 2007 №2012 Заңымен бекітілген.
«Қоршаған ортаны қорғау» 15 шілде 1997 жылы қабылданған №160-1 ҚР Заңы.
Осы дипломдық жобада келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер қолданылған:
МемСТ 27753. 2-88 - Жылыжай топырақтары. Су сығындысын дайындау әдісі.
МемСТ 26423-85 - Топырақтар. Су сығындысының электр өткізгіштігін, pH және қатты қалдықтарын анықтау әдістері.
МемСТ 26424-85 - Топырақтар. Су сығындысындағы карбонат және бикарбонат иондарын анықтау әдісі.
МемСТ 26425-85 - Топырақтар. Су сығындысындағы хлорид ионын анықтау әдістері.
МемСТ 26426-85 - Топырақтар. Су сығындысындағы сульфат ионын анықтау әдістері.
МемСТ 26428-85 - Топырақтар. Су сығындысындағы кальций мен магнийді анықтау әдістері.
СТ ҚР 1277-2004 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты.
Топырақ. Жалпы ережелер.
Дипломдық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер пайдаланылған: м - метр
мм - миллиметр см - сантиметр км - километр м/с - метр секунд г - грамм
т - тонна
млн - миллион млрд - миллиард га - гектар
т. б. - тағы басқа
ЖЭО - жылу электр орталығы АЛИ - ауа ластану индексі
ШРК - шекті рұқсат етілген концентрация БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ШЖШ - шекті жол берілген қоспаның шоғыры СИ - стандартты индекс
трлн - триллион тг - теңге
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Топырақ - күрделі жартылай функционалды және поли-компонеттік құнарлылықтан тұратын, тау жыныстарының желге мүжілу қабығының жоғарғы қабатындағы ашық көпфазалы құрылымдық жүйе, тау жыныстарының, ағзалардың, климаттың, жер бедері мен уақыттың кешенді функциясы болып табылады.
Топырақ құнарлығы - өсімдіктердің өсуі мен өндірілуін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін топырақтың басты функциясы. Табиғи және жасанды, потенциалды және тиімді құнарлылық түрлерінен тұрады.
Норма - ауыл шаруашылық дақылдарға 1 га аудан бірлігіне енгізілетін, кг, ц немесе т өлшем бірлігіндегі тыңайтқыштар саны (негізгі + егу алдындағы + үстеп қоректендіру) .
Мөлшер - бұл ауыл шаруашылық дақылдарға жыл бойында әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі мерзімде берілетін қоректік элементтер саны.
Өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігі - бұл өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінде болатын қоректік заттардың жиынтық саны.
Сұрып - белгілі ботаникалық таксондардың шеңберін селекция нәтижесінде алынған, белгілі бір сипаттамалар жиынтығынан тұратын (пайдалы немесе декоративті), өсімдік тобын сол өсімдіктің басқа тобынан ерекшелейтін мәдени өсімдіктер тобы.
Өнімділік - аудан бірлігінен алынатын егіншілік өнімдерінің саны. Өнімділікті 1 гектарға центнер немесе тоннамен есептейді.
Биологиялық шығым - өнімнің барлық биологиялық (дән - сабан - аңызақ - тамыр қалдықтары) массасын құру үшін өсімдіктермен пайдаланылатын қоректік заттардың жалпы саны.
Экологиялық жүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, даму және ұрпақ қалдырып, тарату мақсатында, қандай да бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе жүріп пайдалануының көне қалыптасқан жүйесі.
Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған ортаның жай-күйін бақылаудың, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған орта жай-күйінің өзгеруін бағалау мен болжаудың кешенді жүйесі.
КІРІСПЕ
Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуы тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.
Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе - Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта әр түрлі кәсіпорындар орналасқан қалалардың экономикалық базасының дамуы концентрацияның, комбинациялаудың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік процестерінің интенсификациясының көбеюімен сәйкестенеді. Нәтижесінде көп қалдықты технологиямен сипатталатын өндірістің өсуі атмосфераның ластануына әкеліп соғады.
Атмосфераның потенцияалды ластануы (зиянды заттардан шағылуы) метеорологиялық белгілеріне және климатологиялық жағдайына байланысты болады. Оның ішінде ең маңыздыларына желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфераның стратификациясы, тұманның және жауын-шашынның саны, күн радиациясы мен ауа температурасының мөлшері жатады. Сонымен қатар, техногенді әрекеттерді күшейтетін: құрғақшылық, құрғақ сай, шаңды дауылдар және т. б. табиғи процестер есептелінеді. Осының барлығын ескерсек, Жезқазған қаласы атмосыералық потенциалды ластанудың жоғарылаған зонасына жатады. Сондықтан да Жезқазған қаласының экологиялық талдау жасау өзекті тақырып болып табылады.
Қазіргі кезде біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал тек қолайсыз ғана емес, сонымен қатар өте апатты жағдайда. Қазақстан Республикасының көптеген қалалары экологиялық тұрақсыздықтарымен сипатталады Бүгінгі кезде барынша қауіптісі экологиялық дағдарыстың пайда болуы болып табылады, техногендік босауға, топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, ормандар санының қысқаруы, биологиялық әр түрліліктің қайтарымсыз қысқаруы және тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, радиациялық бұзылу, қауіпті және улы заттардың жинақталуы жатады.
Қоршаған ортаны ластаушы және табиғат жүйесінің құлдырауын тудыратын негізгі көздері өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі, басқа антропогендік факторлар болып табылады. Биосфера және қоршаған ортаны қорғаудың қосылған компоненттерінің арасынан атмосфера барынша сезгіш болып табылады, оған тек газ тәріздес ластаушылар ғана емес, сонымен бірге сұйық және қатты заттар да келіп түседі.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағының топырақ-экологиялық жағдайын қанағаттанарлықсыз ретінде бағалауға болады. Экологиялық жағдайды тұрақсыздандыру топырақты өздігінен қалпына келтіру мүмкін емес процестерге дейінгі дәрежеге жетті.
Бұзылған топырақты рационалды пайдалану, қорғау және қалпына келтіруді, топырақ құлдырауының алдын алу, эрозияға ұшыраған және техногенді бұзылған топырақты, сондай-ақ жайылымдарды қалпына келтіру бойынша бағдарламаны әзірлеу талап етіледі. Қазақстанның экологиялық жағдайын экономика мен қоғамды, заңды тұрғыда экологияландыру арқылы оң бағыттарға қарай өзгертуге болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жезқазған қаласының экологиялық жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды.
1. Жезқазған қаласының экологиялық мәселелерінің жалпы теориялық зерттеулерін қарастыру.
2. Жезқазған қаласының атмофералық ауаның және топырақтың ластануын талдау.
3. Жезқазған қаласының жалпы климаттық жағдайын зерттеу.
Дипломдық жұмыста келесі негізгі әдістер қолданылды:
Зерттеу әдісі, алынған обьектінің географиялық жағдайы және геологиялық сипаттамасы берілген әдебиеттеге талдау жасау.
Статистикалық (қажетті кестелер, диаграммалары берілген) .
Салыстыру әдісі (Жезқазған қаласын басқа Қазақстанның қалаларымен геологиялық жағдайы бойынша салыстыру) .
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Қоршаған орта жағдайының мониторингісінің негізделуі
Жыл сайын адам мен қоршаған орта арасындағы байланыс барған сайын өте қарқынды болып жатыр. Осыған байланысты табиғи орта жағдайы туралы бөлшекті объективті ақпараттың қажеттілігі туа бастады.
Қазіргі кезде қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылау адамдар ұйымдастырған іс-шараны құрайтын маңызды құрама бөлігі болып табылады.
Табиғи ортаның жағдайы туралы ақпараттың болуы шаруашылықты дұрыс бағытта жүргізуде, әр түрлі табиғи қорларды ұтымды пайдалануда, яғни табиғат пен адам қоғамы арасындағы қатынасты сенімді етуде өз көмегін тигізеді.
Қоршаған ортаға антропогендік әрекеттердің қауіпті зардаптарының бірі болып әр түрлі қоршаған ортаның - атмосфералық ауа, құрлық және мұхит суы, топырақтың ластануы. Табиғи ортаның ластануы өндіріс өнеркәсіпорындарының, тұрғын үй және ауыл шаруашылығы жұмыстары есебінен шығатын газ тәрізді, сұйық және қатты тасталым қалдықтарының есебінен болады. Сондықтан да табиғи ортаның ластануының мониторинг жүйесін ұйымдастыру табиғи орта жағдайының антропогендік өзгеріс мониторингісі жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны басқаруда, табиғи ортаның сапасын қазіргі кездегі реттеудің стратегиясының маңызды құрама элементі болып табылады.
Антропогендік әсерлерден туған өзгерістерді анықтап көрсетуге мүмкіндік беретін табиғи орта жағдайының мониторингісі жүйесін ұйымдастыру үшін ортаның жағдайының өзгерісі мен табиғи тербелісі туралы бөлшектік ақпарат керек.
Мониторинг істің негізгі келесідей бағыттарын қамтиды:
- Қоршаған ортаның жағдайына және оған әсер ететін факторларға бақылау жасауға;
- Қоршаған ортаның фактілерге негізделген бағалау және әсер етуші факторлар;
- Қоршаған ортаның жағдайын болжау және осы жағдайды бағалау.
Сонымен қатар мониторинг жүйесі - ол басқарудың қандай да бір элементін қамтымайтын қоршаған ортаны басқарудың өте маңызды звеносы екенін атап кету керек.
Осылайша, мониторинг көп мақсатты ақпараттық жүйе болып табылады. Оның негізгі міндеттері: биосфераның жағдайын бақылау, оның жағдайын болжау және бағалау, қоршаған ортаға антропегендік әсерлердің деңгейін анықтау; сонымен қатар әсер етуші факторларды анықтау, олардың көздерін анықтау және осы көздер мен факторларды бағалау.
Мониторингтің жүйелілігін анықтаудың әр түрлі әдістері бар. Олар қоршаған ортаға әсер ететін факторлар мен эффекттердің әсерін бақылаудың әр түрлі принциптеріне негізделген. Бұл жүйелерді биосфераны құрайтын қандай бақылау объектісі - биотикалық (биологиялық мониторинг) және абиотикалық (геофизикалық мониторинг) екеніне сәйкес келуі бойынша жіктеуге болады. Сонымен қатар мониторинг жүйелерін әсер етудің көлемі және масштабы бойынша да жіктеуге болады. Осылайша академик И. П. Герасимов мониторингті үш сатыға бөлуді ұсынды: бірінші сатысы - адам денсаулығына әсер ететін жағынан қоршаған ортаның жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз ететін биоэкологиялық (санитарлы-гигиеналық) мониторинг, екінші сатысы - геоэкологиялық геожүйелік, табиғи-шаруашылық мониторинг (табиғи экожүйелердің өзгеруіне бақылау жасау, оларды табиғи-техникалық қайта құру), үшінші сатысы - әлемдік масштабта биосфера параметрлеріне бақылау жасауды қамтитын биосфералық мониторинг [3] .
1. 2 Экологиялық мониторинг
Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi. Атмосфералық ауа, жер, жер үстi мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiктер дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады. Экологиялық мониторингтің деңгейлері:
- жаһандық;
- мемлекеттік;
- аймақтық;
- локалды.
Экологиялық мониторинг жүйесі келесі ақпараттарды жүйелеу және талдау керек:
- қоршаған ортаның жағдайын;
- бақыланатын және жағдайдың өзгерісінің ықтималдылығы (яғни әсер ету факторлары мен көздері туралы) ;
- ортаға жалпы өзгерістері мен ауырлығы;
- биосферада болатын резервтер.
Қоршаған ортаның жағдайының мониторингісі келесі негізгі процедураларды қарастырады:
- анықтама және бақылау объектілерін тексеру;
- бақылау объектілері үшін ақпараттық модельдерді құру;
- өлшеуді жоспарлау;
- өлшеудің мәліметтері бойынша басқару;
- бақылау объектілерінің жағдайын бағалау;
- бақылау объектілері жағдайының өзгерісін болжау;
- ақпаратты қолданысқа ыңғайлы формада жасау және оны тұтынушыға дейін жеткізу.
Қазақстанда экологиялық мониторинг (ЭМ) мемлекеттік және өндірістік болып екіге бөлінеді.
Мемлекеттік экологиялық мониторинг қоршаған ортаны қорғау функциясын және табиғатты пайдалануды басқарудағы мемлекеттік органдармен жүзеге асады және келесілерді:
• қоршаған ортаның жағдайын және табиғат ресурстарын бақылау, сонымен қатар оларға антропогенді әсер ететін көздерді бақылау.
• көрсетілген бақылау объектілерінің жағдайын бағалау.
• оларды өлшеудің болжамдары.
Қазіргі таңда Қазақстанда қоршаған ортаның жағдайын және табиғат ресурстарын бақылауды жүзеге асыратын, сонымен қатар алынған мәліметтерді өңдеп, талдау жасауда бірнеше автономды жұмыс істейтін ведомствалық жүйелер мен қызметтер пайда болды. Олардың қатарына келесілер жатады:
• ҚР ҚОҚМ қызметіне бағынышты судың сапасын, қоршаған ортаны, жерді, биологиялық ресурсты мемлекеттік бақылау, мемлекеттік экологиялық экспертиза және РМК «Қазгидрометтің» сәйкес қызметтері;
• орман және аңшылық қызметін қамтитын ауыл шаруашылығы министрлігі және су ресурстары бойынша комитеттер;
• жер ресурстарын басқаруы бойынша мемлекеттік агенттіктер;
• денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметі;
• геология комитеті және энергетикалық және минералды қорлар Министірлігінің жер қойнауларын қорғау;
• төтенше жағдай агенттігі;
Ақпараттың түсу көздеріне сәйкес, қоршаған орта және табиғат ресурстары туралы мәліметтер жеке жүйелік ақпараттық блоктарға - атмосфералық ауа, жер беті және жер асты су қорлары, жер ресурстары, өсімдік жабындылары, орман, балық және аңшылық ресурстары болып бөлінеді.
2001 жылғы «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының өзгерулеріне және толықтыруларына байланысты осы облыста үйлестіруші роль ҚР ҚОҚМ-на бекітілген. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдарға заң шығарушылармен бекітілген қажетті ақпаратты уақытында тегін беру туралы міндет қойылған. Кейін арнайы үкімет қаулысымен экологиялық ведомтство өкілеттіктеріне әдістемелік басшылықтың, сонымен қатар қоршаған орта мониторингі және қазіргі уақытқа дейін талап ететін эффективтілік деңгейіне жетпеген республикалық деңгейдегі табиғи қорлардың бірыңғай мемлекеттік жүйесі қызметінің координациясы мен қамтамасыз етуі туралы сұрақтары апарылып берілген болатын.
Соңғы жылдары аталған мәселені шешу туралы жұмыс жүргізілген болатын. Сонымен қатар, ПП 2001 жылдың 27 маусымынан №885 «Ұйым ережелері және қоршаған орта мониторингісі және табиғи қорлардың бірыңғай мемлекеттік жүйелері» бекітілген, салалық «Қоршаған орта мониторингісі және табиғи қорлардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасау бағдарламасы» өңделген. Алайда 2002 жылдың тамыз айында болған министірліктердің реструктуризациясы және су қорлары Комитетінің және орман мен аңшылық шаруашылық Комитетінің ҚОҚМ-ға бағындыруларынан шығатын қорытынды экологиялық мониторингтің орталықтандырылған мемлекеттік жүйесін құру мүмкіндігін барынша шиеленістіруі мүмкін. Әсіресе, қоршаған ортаның, табиғи қорлардың және адамдардың денсаулығына әсері жағдайы туралы ақпараттарға рұқсаты қиын.
Экологиялық мониторингтің тағы бір түрі - өндірістік - табиғат қолданушы заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингісінің мақсаты ең анық кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері, болуы мүмкін өзгерулер мен қауіпті жағдайлар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Өндіріс мониторингінің қоршаған ортаға әсер туралы мәліметтері мен есептілігі кәсіпорындармен мемлекеттік органдарға беріледі. Ақпаратты жинау және беру ҚОҚМ-ның территориялық бөлімдерінде міндетті келісуімен экологиялық мониторингтің құрылған бағдарламаларымен табиғатты қолданушылармен өңделетін периодтылығына сәйкес беріледі.
2. ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Жезқазған қаласының табиғи ортасы және географиялық жағдайы, орналасуы
Жезқазған қаласы Қазақстан Республикасындағы түсті металлургияның ірі орталығы болып табылады.
Жезқазған қаласы Қарағандыдан 430 шақырым жерде орналасқан. Жезқазғанның географиялық координаттары (WGS84) ; 47°47'0" солтүстік, 67°46'0" шығыс қаланың аумағы 1, 8 мың км2 құрайды.
Сурет 1. Жезқазған қаласының орналасуы
Жезқазған қаласы Орталық Қазақстанның шөлді дала аймағында Кеңгір су қоймасының оң жағалауында орналасқан. Қала халқының 58, 7 пайызы экономикалық белсенді. Қаланың дамыған инфрақұрылымы бар.
2. 2 Жезқазған қаласындағы судың экологиялық жағдайы
Жезқазған қаласы Қазақстанның орталық бөлігінде, Ұлытау тауларының оңтүстік-шығысында, Қара-Кеңгір өзені бастау алатын, сонымен қатар Сарысуға құятын Сары-Кеңгір, Жыланды, Жезді өзендерінің бойы мен Бетпақ даланың (аш дала) солтүстік-батыс шетінде орналасқан. . Жезқазғанның негізгі су ресурстарына Қара-Кеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы мен қаланың оңтүстігіндегі Жезді су қоймасы жатады.
Су ресурсы дегеніміз - жер шарының әртүрлі күйдегі (сұйық, қатты, бу тәрізді) пайдалануға жарамды суларының жиынтығы, яғни өзен мен көл, жер асты суы мен теңіз, мұз бен мұздықтар, атмосфералық бу сияқты жердің пайдалануға жарамды барлық су қоры жатады. Жер бетінің 70%-ын алып жатқан су жер беті мен жер астындағы барлық тірі организмдердің, өсімдік, жан-жауар әлемі сондай-ақ адамның өмір сүруі үшін маңызды элемент болып табылады. Сондықтан судың табиғи ресурс ретіндегі негізгі мақсаты адамның, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Су тек су объектілерінде ғана емес, сонымен қатар ауада, топырақта және барлық тірі организмдерде, бүкіл биосферада бар. Жер сулары үздіксіз қозғалыста, айналымда болады. Су айналымы мұхит пен құрлық бетіндегі судың булануына ықпал ететін күн жылуының әсерінен жүреді. Су буланып, атмосфераны ылғалдандырады және атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріліп, конденсацияланады да бұлттарды құрайды. Содан кейін жауын-шашын түріндегі су жерге қайтады. Жауын-шашын топыраққа сіңіп, топырақтың және жер асты суларының және су қоймаларының қорын толтырады, өзендер мен көлдерге құяды, нәтижесінде мұхитқа қайта құйылады, содан кейін жерден қайтадан атмосфераға түседі. Сонымен табиғаттағы айналымның нәтижесінде жер сулары су ресурстарын құрайтын біртұтас динамикалық жүйеге біріктіріледі.
Биосфераның құрамдас бөлігі және табиғи ресурс ретінде судың негізгі қасиеттерінің бірі оның басқа ештеңемен алмастырылмайтындығы болып табылады. Егер минералды ресурстардың көптеген түрлері бір-бірін алмастыратын болса, су алмастырылмайды. Бұл тіршілік процестерініңц негізі, планетадағы негізгі қозғалмалы процестегі оттегінің негізгі көзі - фотосинтез. Тірі ағзаның 20-30% ылғалдылығын жоғалтуы оның өліміне себепші болады. Адам да сегізінші күні сусыз болса өледі. Су болған кезде ғана ағзада күрделі метаболикалық процестер жүреді. Су маңызды климат түзуші фактор болып табылады, оның жылу сыйымдылығы ауаның жылу сыйымдылығынан 3, 3 мың есе көп.
Сарысу өзені. Өзеннің жалпы ұзындығы 761 км, су жинайтын алабы 82 мың км2. Нұра және Сарысу өзендері бассейнінің барлық өзендері негізінен қардан еріген сумен толықтырылады. Сондықтан су ағындары бойынша жыл сайынғы ағынның барлығы дерлік көктемде өтеді. Барлық ұсақ және орта өзендерде 100% - дан негізгі өзендерде 85% - ға дейін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz