Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
І. Жұмыссыздық және оның себептері. 4
1.1. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары 6
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы 8
ІІ. Жұмыссыздықтың мәселесін шешудің жолдары 10
2.1. Жұмыссыздықтың дүние жүзіндегі практикалық мәні, тәжірибесі 15
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу
жолдары 19
Қорытынды 24
Әдебиеттер 27

Кіріспе

Еңбек қашанда адамның аса қадірлеп, құрмет тұратын игіліктерінің
біріненен саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі
емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен правосы, оның
жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты құрал болып табылады. Адамның
қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. Еңбекке
деген ділгірлік негізінен алғанда өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілерге
жұмысшы күшін сату арқылы және де ол күш неғұрлым мол пайда табу мүддесіне
сай келетіндей мөлшерде ғана өтеледі. Мұндай жағдайда еңбекші қауымның
қыруар бөлігі жұмыссыздыққа душар болады. Жұмыссыздық қазіргі кезде
үйренішті болса да, ол ешқашан да мұншалықты тұрақты сипат алып, ешқашан да
өзінің құрамы жағынан еңбекшілердің осыншалықты кең шеңберін қамтып, басқа
да бір әлеуметтік апат – инфляциямен дәл қазіргі уақыттағыдай асталып
көрген жоқ.
Жұмыссыздықтың індетінің қазіргі бұрқ ете түсуі бар жұртты
жарылқайтын қоғам жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай
жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының
нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып,
рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек
әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы
қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айрылу еңбекшілер үшін нағыз
қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен
қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске,
өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің
құжылап көбеюіне душар етуде.
Жұмыссыздықтың тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер, ғана
тартып қоймайды. Бүкіл жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады.
Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп,
келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады.
Осы заманғы жұмыссыздықты – оның құрамы мен сұрапыл өсу себептерін,
еңбекшілердің жағдайына тигізетін әсерін мемлекеттің еңбекке араласуды
реттеу әдістерін және жұмысшы тобының еңбек ету правосы жолындағы күресті
өрістету тәсілдерін практикалық, теориялық және тәжірибе жүзінде дәріттету
қажет.
Қазір дүние жүзі елдерінің халықаралық жағдайды асқындыруына
байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы, жанталаса қаруланудың
еңбекке араласуға әсері, жөніндегі мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр.
Ақыр аяғында, жұмысшы тобының жалпы білімі мен мамандық дәрежесінің артуы,
оның қажеттерінің өсіп, түрлерінің өзгеруі еңбекке араласудың сан
мөлшерінің ғана емес, сонымен бірге сапа белгілерінің де маңызды роль
атқаратынын анықтайды.
Кескілескен идеологиялық күрестің түйініне айналып, отырған осы
мәселелерге талдау жасау еңбекке араласу мен жұмыссыздықтың теорияларын
сынау үшін қажет. Ал бұл теориялар қоғамның дамуындағы жаңа құбылыстарды
тануда дәрменсіздік көрсетіп отыр. Мұндай талдау жұмыссыздық үшін күнәні
жұмысшылардың өздеріне аударуға тырысушы үлкен бизнестің насихаттық
ақпараттарының екі жүзділігін, сондай-ақ бюджет қаржыларын үнемдеуді,
инфляцияны тежеуді желеу еткен үкіметтің сұрқиялығы мен өтірігін
әшкерлейді.
Экономикалық дағдарыс та, тағы да жұмыстан босату қаупі де
еңбекшілердің жаппай бас көтеруін тежей алмады. Мұнда жұмыссыздыққа қарсы,
еңбек ету правосы үшін күрес шешуші орындардың біріне ие болуда. Жұмыстан
босатуға қарсы бас көтерулер көбіне өндіріске қоғамдық бақылау жасау және
басқару ісіне қатысу жолындағы күреске ұласады. Еңбек ресурстарын
пайдалануды жақсарту үшін ішінара, жартылай шаралардың жетімсіз екенін
жұмысшы табы барған сайын сезінуде. Еңбекке араласу мен жұмыссыздық
мәселелерін тек түбірлі әлеуметтік–экономикалық өзгерістер жолымен ғана
шешуге болатынын еңбекшілердің қалың тобы жете түсінуде.

І. Жұмыссыздық және оның себептері

Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания
энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-ң Минтруд есеп-де қолданған. Қазіргі кезде
жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлемде,
ұзақтықта қатысуда.
Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдың өндірісте тұрақты қатысуы. Ол
әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторлардың бірі болып
табылады.
Әміршіл-әкімшіл экономикадан рыноктік бағдарға ауысуы көптеген
жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың
дамуы кәсіпкершіліктің қаупі өндірістік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан
туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік
процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін
сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы
өткір проблема туғызады.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде қарабайыр деп атауға
болады: бұдан еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп
айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды
және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты
көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздың себептерін талдауды
көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру
туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың Халықтың өсу тәжірибесі еңбегінде
көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге
әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өнідірістің өсу
қарқынынан асып түседі.
Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын тұрпайы және
дәрменсіздік деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады:
жұмыссыздың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық
жүйеден іздеу керек дейді.
Жалпы К. Маркс жұмыссыздықты өзінің Капитал еңбегінде зерттеп
қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының
көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай
Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан
еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері
көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне
сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады,
капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен)
болады.
Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және
де басқа себептеріне болжам жасады.
Рыноктік шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың
серігі жасайды.
Экономикалық циклдің дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін
экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика
циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы
күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы
көбейеді.

1.1. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары

Ағылшын экономисті А. Пигу Жұмыссыздық теориясында мынадай тезис
дәлелдеді, - еңбек рыногында бәсекелестік жүреді. Бұл, еңбекке бағаның
көтерілуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша
кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман
өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі
нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады.
Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен
жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай
деп қарастырған: Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай
жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз. Және де
статистикада да қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық
армиясына қосылуы, толуы дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан кездейсоқ
ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті
болған 30-жылдардағы дағдарыс туғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен
ағылшын экономисі Д. Кейнс капиталзим тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта
болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен
тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігімен байланыстырады. Бұл
ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей,
кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне,
айырбас қатынастарына баса назар аударады. Кейнстің пікірінше, жиынтық
сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы жұмыспен толық қамтамасыз етуге
болады.
Соғыстан кейінгі жылдарда Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының
түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының
серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра
түсті. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші
жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы)
анықтаған кері тәуелділік сұранымның молшылығы жөніндегі Кейнстің
теорияның рухында түсіндіріледі.
70-жылдардағы экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық
құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай
жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің,
сондай-ақ соғыстан кейін оны теориялық негіз ретінде пайдаланған
мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып
көрсетті.
Қазіргі кезде де нәрсе даусыз болып қала береді – дүние жүзілік
экономиканың дамуындағы қазіргі тенденциялар сақталып отырғанда жаппай
жұмыссыздық проблемасы бұрынғысынан да көбірек асқынып түсіп, әлеуметтік
шиеленістің одан әрі күшеюінің көзі болады.

1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы

Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың
негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының
қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны
болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты
көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы
төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-
теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген
сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін
қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және де
жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі,
оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық
жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы
салалардың дамуы ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір секторындағы
немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз
болуымен қатар жүреді.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады.
Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның
табиғи деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді.
Циклдың факторлар жұмыссыздықты табиғи деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп айтылады. Мысалға айтсақ, Америка
Құрама Штатында ХХ ғасырдың 90-жылдарында 6-7% болса, жалпы жұмыссыздардың
табиғи деңгейі, ал басқа экономикасы дамыған елдерде ол біршама төмен.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің
сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең
емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де
демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер
етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық – фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып
келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ
жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар
жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын
функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институционалды,
ерікті, жасырын тағы басқа.
- Жасырын жұмыссыздыққа толық жұмыс күні бойы еңбектенбейтін және де
жұмыс күндер үзіп, жәрдем ақшаға құқын жоғалтып еңбек барысында тіркелуді
қойған адамдар жатады. Және де, өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық
жұмыскерлерді қолданған жағдайда болады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз
ғана жұмыс күнімен орындауға болады.
- Институционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан,
ұсыныспен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
- ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі
келмейтін адамдар жатады.
- маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін
кәсіпорындарда қалыптасады.

ІІ. Жұмыссыздықтың мәселесін шешудің жолдары

Жұмыссыздықтың проблемасын шешудің бірден-бір жолы. Бұл еңбек
биржалары туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруіміз
керек. Еңбек биржалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету олай
болуының өзінен жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралы екенін көре аламыз.
Бұл еңбек биржалары ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға
көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болады.
Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның ақпаратын
қызметі мен нақты өзгеруі. Еңбек биржасы – бұл еңбекті талдау барысында
жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметін атқаратын
келісімдер жайын, тұрақты мерзімді қызмет жасайтын мәселе. Бұрынғы КСРО-да
еңбек биржасының ең соңғысы 1930 жылдары жабылған болатын. Қазіргі нарықтың
экономикаға көшу барысында еңбек биржасының тарлық элементтерін қайтадан
жаңғыртуға тура келеді. Бірақ Қазақстанда ондай еңбек биржалары жұмыс істеп
жатқан жоқ. Бұл жерде айта кететін мәселе, біз негізгі үлкен биржаларды
айтып отырмыз. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда тұрғындарды
жұмыспен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Бірақ та біздің әлеуметтік –
экономикалық жағдайымыздың төмен болуы себепті бізде жұмыспен қамту өте
баяу жүргізіледі.
Тәуелсіздік алғашымызға он жылдан асып уақыт өте келе, біздің жас
мемлекетіміз жұмыссыздық проблемасымен күресуде, бірақ осыған қарамастан
жұмыссыздар саны таңдаусыз өсуде. Басында айтып кеткен 1930 жылы жабылған
еңбектен қамтамасыз ету биржасы 60 жылдан кейін Мәскеуде 1991 ж ашылды. Бұл
жерде жұмыссыздарға пособиялар таратылды. Ал Ташкентте еңбектен қамту
биржалары ешқашан жабылмай жұмыс істеуде, әр таңертең сайын базардың алдына
жиналған жұмыссыздар бұл еңбек биржасының мың жылдан жоғары тарихы бар: бұл
биржадан жұмыс іздеушілер мен жұмыс ұсынушыларды көзбе-көз кездестіреді.
Олар келісімге келіп өз жұмыстарын атқарып, ал жұмысты ұсынушылар өздеріне
керекті еңбек күшін тауып келіседі. Міне, бұл биржаның жұмыс жасау принципі
осы ғана. Бұл биржа туралы әңгімелегенде Сейфуллин көшесінің бойында
тұрғандар арасынан сіз небір аз жұмысына, яғни мамандығына нағыз шын
көңілмен беріліп, аз мамандығын кәсіпқойлық деңгейде меңгергендерді
кездестіруге болады. Ал бірақ осы адамдардың кейбіреулері күні бойы жұмыс
істегендегі табысын спиртке, яғни бір бутылка ішімдікке жұмсағанын көргенде
не айтарыңызды білмейсіз. Өкінішке орай совет өкіметі кезінде
Ташкенттегідей еңбек биржасы жұмыс істемеді.
Бірақ, болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сай жұмыс істеуі керек. Ал, бірақ әзірге ондайдың
болуы мүмкін емес. Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымыз да сол
проблемаларды шешудің негізі екендігінде. Сонымен бірге жұмыссыз адамдар
тек материалдық жақтарымен ғана емес психологиясының да өзгеруі әбден
мүмкін. Егер бір жанұядағы бір адамның жұмыс істеуі, ал басқаларының
жұмыссыз отыруы „Еңбексіз елге симас” деген ғылымымыздың осындай ойлы
сөздеріне тура келеді. Сол себепті жанұяда бірін-бірі түсінбеушілік
туындайды. Бұл жұмыссыздық тек Қазақстан ғана емес әлемнің барлық елдерінде
болып жатқан құбылыс. 80-ші жылдардан бастап дамушы мемлекеттерде оның
ішінде халқы жағынан алдыңғы орындағы Қытай мен Индияда жұмыссыз адамдардың
пайызы 27%, бірақ бұдан да жоғары екені мәлім. Әлемде ең көп жұмыссыздар
оңтүстік азия елдері мен Сахарада орналасқан біршама елдерді айтуға болады.
Көптеген кедей мемлекеттер адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен,
бірақ арзан еңбек күшінің болғанымен экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз
төмен.
Осы кезде айта кететін жай бөлімде айтып өткен биржа қызметтерін
жалдау арқылы толық түсінуге болады. Ол еңбек нарығындағы ұсыныс пен
сұранысты реттейді; жұмыссыздарды есепке алу мен бас жұмыс орындарын
тіркеу; жұмысын ауыстыратын немесе жұмыс іздеген, жұмысқа тұруға тілек
білдірген адамдарға ақпарат беру, жұмыс істеп жүрген адамдарды оқыту мен
қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын
жүргізу: адамдарды жұмысқа тарту үшін делдалдық қызмет атқару. Осындай
кезде жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар
мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына
әсер етеді. Еңбек биржасы ретінде және олардың берген жолдама кәсіпкерлер
үшін міндетті болмайды. Ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады. Себебі
олардың жұмысшыларды еркін түрде қабылдауға мүмкіншілігі бар, немесе
өздерінің кадр тағайындау бөлімі арқылы тағайындайды және оны толық
жалдауға тырысады.
Ал қазіргі кездегі биржада еңбекке деген ұсыныс пен сұраныс туралы
толық мағлұмат болуы тиіс. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің
тәжірибесіндегі жағдайларды қолдануға болады. АҚШ-та мысалы, аймақтық және
жергілікті деңгейдегі жұмыс күшінің банкілері құрылған. Онда, жұмысқа
орналасқан кезде көрсетеді. Бұл консультацияның көмегімен бір айдың ішінде
барлық мамандық таптарындағы жұмыссыздық 40%-ке кемиді. Сондай-ақ,
жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Вашингтон
штатында феодалдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің
маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға алдын-ала мүмкіндік беріп,
бірнеше айға дейін жәрдем ақы береді. Ал егер жәрдем ақының көлемінің
жоғары болуының өзі теріс әсерін тигізуі мүмкін, бұл жағдай болады егер
жұмыс іздеушінің болашақтағы жалақы (төмен болған) төлемі төмен болған
жағдайда жұмыссыздықты болдырмаудың тағы бір жолын алыстан іздемей-ақ
оңтүстік – шығысымыздағы Ұлы Қытай елінен көруімізге болар еді. Қытай
дамушы мемлекет болып есептелгенімен, ал ауыл шаруашылығын дамытуда
экономикада өзіндік із қалдырды, сонымен бірге шағын өнеркәсіпті барлық
жерлерінде дамытты. Ол үшін алғаш рет баяғыдағы саясатты өзгерту, ал сауда
қарым-қатынасында жасалынған ауыл-шаруашылығына кері әсер етуші саясат еді.
Бір сөзбен айтқанда осы қойылған барлық қойылымдарды қирату керек болды, ал
азық-түлікке бағаның көтерілуі, тұрмыстық тауарларға протексанизм саясатын
импорттағанда ұстану. Қосымша көрсеткіштер, олар шағын бизнесті дамыта
отырып ауыл – шаруашылығының инфраструктурасын, әсіресе, транспорт,
денсаулық, әлеуметтік қызмет көрсету салаларын дамыту. Қытайда 70-ші
жылдардан бастап шағын өнеркәсіптің дамуына көп көңіл бөлді. Бұл шағын
өнеркәсіптер негізінен ауылдық жерлерде дамуына көп көңіл бөлінді. 80-ші
жылдарда ауыл шаруашылығы мен шағын өнеркәсіптердің дамуы қарқын алды.
Олардың дамуы басқа салалардың да дамуына әсерін тигізді. Қазіргі кезде
Қытайда 100 млн-нан астам адамдар ауыл шаруашылығы мен шағын өнеркәсіп
саласында жұмыс істеп жатыр.
Жұмыссыздықты сонымен бірге жоюдың тағы бір жолы экономиканың
неформалды секторын дамыту, оның негізгі қала экономикасы, ал қызмет
көрсетудің ерекше саласы. Бұл салаға және адамның еңбек етуі, дәстүрлі
қалыптасқан өнеркәсіп және және бұл салаға мемлекеттік саясаттың ешқандай
араласуынсыз жұмыс істей алады. Дамушы елдерде және қалаларда формалды емес
сектрде 50% жұмысшы қала жұмыскерлер күші қалыптасқан. Мемлекет бұл саланың
дамуына ешқандай шек қоймай, қайта шағын кәсіпорындарға несие бөліп,
қалалардың инфраструктурасын жақсартуға барынша көмектескені дұрыс.
Көптеген экономистердің айтуы бойынша, дамыған формалды емес сектр қаладағы
жұмыссыздар санының азаюына себебін тигізеді дейді.
Сол сияқты қазіргі кезде біздің мемлекетімізде де жұмыссыздықпен күрес
жүргізуде. Президенттің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында шағын
кәсіпкерлікті дамыту, халықты толық сауатты ету жолдарын айқын көреміз.
Яғни бұл мақсаттардың орындалуы келешектегі болашақ Қазақстандықтардың
жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Бағаның төмендеуін қоздыру, бұл да жұмыссыздықты азайтуға себепші бола
алады. Ол үшін алдын ала шетел валютасына ақша айырбастаудағы ұлттық
валютаның курсын көтеріп, ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігін қамтамасыз ету,
субалдия көлемін капитал көп қорланатын өнеркәсіпке аз бөлу, ең төмен
жалақыны заң арқылы тоқтату, сыртқы саудадағы барьерді азайтып, шектеуді
ауыл (тоқтату, сыртқы) шаруашылық өнімдерінің бағасына тоқтату.
Бұл жерде айтылған кейбір мәселелерде Қазақстанда қолданылып жатыр.
Мысалға: Соңғы жылдарда Президент жарлығы бойынша ең төменгі жалақы
мөлшерін көтеру, және ол 2001 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қайта қарауға
алынып ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақыны көтеру туралы шешім
қабылдады. Осында айтып кеткеніміздей жұмыссыздыққа байланысты берілетін
жәрдемақы өзгерістерінің, оның тәртібінің жұмыссыздық мөлшеріне әсерін білу
көп ізденісті талап ететін мәселе болып қала береді. Зерттеушілер
жұмысшылардың қалай жұмыссыз қалуын және оның қаншаға созылғанын анықтауда
алмастыру коэффициентінің роліне назар аударады. Алмастыру коэффициенті
дегеніміз – жұмыссыз кездегі салықтан кейінгі табыстың жұмыспен қамтамасыз
етілетін кездегі табысқа қатысты.
Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақының жұмыссыздыққа әсері
мөлшері туралы мәселе – Еуропадағы мәселе. Сол жөнінде Летрин Минфард былай
деп жазады: „Жұмыспен қамту тұрғысымен қарасаң бұл жағдай қорқынышты”.
Жұмыспен қамтылудың тұрақтылығы. Жұмыстан босатылған адамдар жұмыссыз
қалудан онша азап шекпейтіндіктен, фирма жұмысшыны көп ұстамай жиі
(жібереді) шығарады. Жұмыссыздың жәрдем ақысы жұмыссыздан қорқуға
итермелемейді; оның мөлшері жұмыссыздықтың тоқырауы мөлшеріне қосылады
дегенге күмән бар. Және адамдар экономика жұртшылықты жұмысқа
орналастырғанша жұмыс іздеуге кеткен уақытты қажетсінеді. Соңғы жылдары
жұмыссыздар үшін жұмыс істету проблема емес, себебі олар үшін жәрдемақы
төленеді деп жүр.
Бұл дұрыс емес, өйткені шындығында жұмыссыздардың барлығы жәрдемақы
ала бермейді. Шындығында, жалпы жұмыссыздардың үлкен екі бөлігінен
төмендеуі ғана сақтандырылған жұмыссыздық.

2.1. Жұмыссыздықтың дүние жүзіндегі практикалық мәні, тәжірибесі

Жұмыссыздық нарықты экономиканың айырылмас серігі деуге болады.
Белгілі экономистер пікірлері бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейден
аспауы нарықты экономикаға тән табиғи құбылыс деп білінеді. Мысалы, кейбір
экономистер: Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты табиғи мөлшер
деңгейі деп белгілеген. Ал, осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса онда
амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола бастайды. Бұл жағдайда мемлекет
еңбек рыногындағы процеске белсене кірісу керек.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика қатысының комиссиясы жүргізген
зерттеуінің мәліметі бойынша қазіргі жағдайдағы шет елдердегі
жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары немесе түрлері және олардың болуының
ерекше себептері бар. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын
екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне – жиынтық сұранымның
жетіспеуіне байланысты, ең алдымен циклдық жұмыссыздықты жатқызады.
Екіншісіне – жиынтық сұранымның өзгеруін байланыссыз жұмыссыздықты
(функционалдық, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Санақ бойынша, жұмыспен қамтылған адам деп жұмысы барларды, ал
жұмыссыздар деп, жұмысы жоқ немесе соны іздеп жүрген адамдар деген мағынада
қарастырып, жұмыссыздықтың бір неше түріне тоқталып өттік. Енді біз сол
адамдардың санақ бойынша зерттелген, немесе зерттеу құрамына кіретіндерді
қарастырып, және сол санақ бойынша біраз мысалдар мен шет елдің
тәжірибелерін қарастырайық. Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмысшы күші
құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер және т.б.) адамдар. Мұндай
көзқарас әділетті саналуда, себебі көптеген жұмысшылар жұмыс табудан әбден
күдер үзіп, еш жерде тіркелмей де, сөйтіп жұмыссыздар армиясы есебіне
кірмей қалады. Мұндайлардың саны 1981-82 жылдарда АҚШ-тағы дағдарыс кезінде
1,8 млн адамға жеткен. Қызметінен төмендегендер мен толық жұмыс күнімен
істемейтіндер де ресми түрде есептелмейді.
1982 жылы олардың саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық және оның себептері
Институционалдық емес адамдар
Сырдария өзенінің тармағы
Халықты жұмыспен қамтудың мәні мен құрылымы
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Экономикалық теория
Жұмыс орнының шаңдануы, газдануы оның адам ағзасына әсері
Әлеуметтік басқару жайында
Халықты жұмыспен қамту
Дәрістер тезисі
Пәндер