Несиенiң формалары және несиенiң түрлерi


формалары мен тү
Мазмұны:
- Кiрiспе . . . 2
2. 1. Несиенiң қызметтерi . . . 4
2. 2. Несиенiң формалары және несиенiң түрлерi . . . 6
2. 3. Ипотекалық несиелеудiң үлгiлерi . . . 15
3. Қорытынды . . . 21
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23
Кiрiспе.
Несиенiң пайда болуын өнiмдердi өндiру сферасынан емес, лардың айырбас сферасынан iздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бiр қолдан екiншi қолға өтуiн бiлдiредi десе, шынымен де осындай айырбас кезiнде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипаттайды. Несиелiк қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұған негiз де бар сияқты. Себебi, қәзiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрiнде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнiн естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысы, қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бiр жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы-дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
НЕСИЕ - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуiн қамиамасыз ете отырып, несие берушiлер мен қарыз алушылар арасындағы несиелiк қатынасты белгiлейдi. Несиенiң көмегiмен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мсен табыстары экономикалық жүйе төңiрегiнде жинақтала отырып, уақытша және ақылы несиеге пайдалануға берiлетiн ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - Бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде, несие - кәсiпорындар, ұйымдар және бiрлестiктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгiлi мерзiмге уақытша пайдалануға беру негiзiнде қалыптасатын өндiрiстiк қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бiр-бiрiмен өзара байланысты элементтерден түрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастар субьектiлерi жатады.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастың бiр жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушiсубьектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге-банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бәрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешiгуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынас емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сүранысы бар тұлға.
Қарыз берушщi және қарыз алушы мен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн обьектi де жатады. Беру обьектiсi - бұл құнның ерекшк бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiредi.
2. 1. Несиенiң қызметтерi.
Несиенiң экономикадағы рөлi мен орны, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғылануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету.
Несиенiңқайта бөлу қызметi кез-келген елдiң ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесiн қосады. Несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi саласына капитал ағымы болады. Несиенiң бұл қызметiнiң қаржының қайта бөлу қызметiнен айырмашылығы қаржының бөлiнуi әкiмшiлiк негiзде жүргiзiлсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негiзiнде жүзеге асырылады.
Несиенiң айналыс щығындарын үнемдеу қызметiнiң iс жүзiне асуы несиенiң экономикалық мәнiнен туындайды. Шаруашылық субьектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсуi мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттiлiктi туындатады. Мiне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерiнiң меншiктi қаражатқа деген жетiспеушiлiктiң орнын толтыру үшiн несиенi пайдаланады. Бұл дегенiмiз капитал айналымын қамтамасыз етiп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкiндiк жасайды.
Ал келесi қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қәзiргi несиелiк шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкiндiк бар. Бұл қызметi iске асу процесiнде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенiң бұл қызметi несиелiк ақшалар: чектер, вексельдер, несиелiк карточкалар көмегiмен жүзеге асырылады. Несиенiң бұл қызметi арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етедi.
Капиталдың шоғырлану прцесi қызметi экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкiндiк бередi.
Несиенiң ғылыми-техникалық процестi жеделдету қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметiн қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан-да, несиенiң көмегiнсiз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттiк қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседi. Сондай-ақ несие өндiрiске ғылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады.
2. 2. Несиенiң формалары және несиенiң түрлерi.
Несиенiң формалары, оның құрылымымен және белгiлi бiр дәрежеде несиеләк қатынастардың мәнiмен тығыз байланысиы келедi.
Несиенiң формасы - бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әралуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi.
Несие берушiлер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенiмен де, несиенiң формасы сол күйiнде сақталады.
Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi - коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атайды.
Қалған несиенiң түрлерi осы екi форманың тәжiрибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға қарызға берген тауарын бiлдiредi.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесiн жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушiлер ретiнде кәсiпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие еөбiне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретiнде қарыз алушының көрсетiлген соманы уақытында төлейтiндiгiн куәландыратын арнайы қарыздық мiндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз берушi рөлiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметтi сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек тауар формасында берiледi;
- қарыз капиталы өнеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты ;
- коммерциялық несиенiң орташа қүны сол кезеңдегi банктiк пайыз мөлшерiмен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәмiленiң заңды түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн төленетiн ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi.
Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi:банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде:кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты - бұл пайыз түрiнде табыс алу.
Несиенiң түрлерi коммерциялық және банктiк несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерiнiң клиенттерiне әр түрлi несиелер бередi. Олар мынадай белгiлерiне байланысты жiктеледi:
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1) Қаржылық институттарға берiлетiн несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелiк мекемелерге.
2) Қаржылық емес агенттерге берiлетiн несиелер:
- өнеркәсiп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсiпкерлерге.
3) Тұтыну мақсатына берiлетiн несиелер.
2. Мерзiмiне қарай:
- қысқа мерзiмдi (1жылға дейiн) ;
- орта мерзiмдi (1 жылдан 3-5 жылға дейiн) ;
- ұзақ мерзiмдi (5 жылдан жоғары) ;
3 . Тағайындалу пайдалану сипатына қарай:
- негiзгi қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын;
4. Қамтамасыз ету дәрежесәне қарай:
Қамтамасыз етiлген:
- кепiлхатпен;
- кепiлдемемен;
- кепiлдiкпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етiлмеген:
- сенiм (бланктiк) несиесi;
5. Қайтарылу дәрежесiне қарай:
1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бiрақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәндi несиелер -қайтарылу уақыты кешiктiрiлген, мерзiмi ұзартылған және банк үшiн тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердiң жiктеу ережесiне сәйкес, күмәндi несиелер iшiнара бөлiнедi:
1-санатты күмәндi, 2-санатты күмәндi, 3-санатты күмәндi, 4-санатты күмәндi, 5-санатты күмәндi.
3) Үмiтсiз несиелер - қайтару уақыты кешiктiрiлген, мерзiмi өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берiлуiне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен;
7. Берiлу шотына қарай:
1. Тұтыну несиесi - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т. с. с. ) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
3. Овердрввт несиесi - клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiнқысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
4. Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түпге берiлетiн банк аралық несие.
5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие.
6. Банкаралық несие - банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi.
7. Ломбарттық несие - тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие.
8. Лизингтiк несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие.
9. Рамбурстық несие - шикiзаттарды iшке алып кiру және жартылай фабрикат пен дайын өнiмдердi сыртқа шығару тәжiрибесiнде пайдаланылатые несие.
10. Сенiм несиесi - банктiң сенiмiнекiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттерге берiлетiн несие.
11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
- 8. Несиелеу обьектiсiне қарай :
- меншiктi айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндiрiс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтерi үшiн шикiзаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүлiктер алуына;
- ломбарттық, кепiлдiк және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерiң кiрiстерi мен шығыстары арасындағы маусымдық үзiлiстерге;
- күрделi жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетiн тиiмдiлiгi жоғары шараларға.
Тұтыну несиесiнiң басты тағайындалуынахалыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесi бөлшек саудамен тығыз байланысты: бiр жағынан, тауар айналымының ұлғайуына сай несиенiң көлемi өседi, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екiншi жағынан, халықты несиелеудiң өсуi, сұраныстың төлем қабiлеттiгiн ұлғайтады. Мұндай тәуелдiлiк, әсiресе бүiнгi тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесiнiң дамуы әр түрлi елде әрқалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдiң iшкi жиынтық өсуiнiң 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердi тәжiрибелерiнде тұтыну несиесiнiң ең қымбат тауарларды:автомобиль, электр тұрмыстық құралдары, жихаздарды және т. с. с. сатыпалу барысында жиi пайдаланады. Бұл елдердiң тұтыну несиесiнiң жартысынан көп бөлiгi автомобильдердi сату үлесiне тиедi. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесi банктiк несиенiң бiр бөлiгi ретiнде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тiкелей байланысты болып келедi. Сондықтан да, несиенiң бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңiнен пайдалануының екi түрлi себебi бар:бiрiншiсi, субъективтi, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейд матералдық игiлiктерге қол жеткiзуге қолайлы жағдай жасаса; екiншiсi, объективтi, яғни кез-келген қоғамның дамуының басты бiр экономикалық мәселесi - бұл дайын өнiмдi өткiзу десек, ендеше тұтыну несиесiн қолдану аталған мiселенi шешуге мүмкiндiк бередi. Тұтыну несиесi көптеген елдердiң экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да оны мемлекеттiк ұйымдар тарапынан белсендi түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеудi екi түрге бөледi:берiлу және пайдалану деңгейiнде реттеу. Берiлу деңгейiнде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиiс.
Қазақстанда тұтыну несиесi кеңiнен дамып отырған несиеге жатады. Екiншi деңгейдегi банктер тәжiрибесiнде тұтыну несиесiнiң мынадай түрлерi қолданылуда:
- автомобильдiк несие;
- ұзақ мерзiмде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берiлетiн несие;
- тұрғын үйлердi жөндеу жұмыстарына берiлетiн несие;
- кейiнге қалдыриайтын қажеттiлiктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с. ) берiлетiн несие
Мұнда автомобильдiк несие бойынша жаңа және жүрiлген автомобильдердi банк несиесi көмнгiмен алуға болады.
Ұзақ мерзiмде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жихаз;
- сантехника;
- аудио-видео және тұрмыстық техникалар;
- компьютер және оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйдi жөндеу жұмыстарына:үйдiң iшiнде және сыртында құрылыс және бақа да жөндеу жұмыстарын жүргiзу жатады.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекшi банк - Казкоммерцбанктiң тұтыну несиесiн беру шартын мына кестеден көруге болады.
Казкоммерцбанктiң тұтыну несиесiнiң түрлерi мен шарттары .
Автомобиль қүнының 80%
дейiн
-1
АҚШ доллары-на дейiн
-5
АҚШ доллары-на
дейiн
-3 жылға дейiн жүрген шетел көлiгiн сатып алуда 20%
-3 жылдан5 жылға дейiн жүрiлген шетел көлiгiн сатып алуда 30%;
-5 жылдан10 жылға дейiн жүрiлген шетел көлiгiн сатып алуда 50%;
-3 жылға дейiн жүрiлген ТМД елдернiң автокөлiгiн сатып алуда-30%;
-3 жылдан 5 жылға дейiн жүрiлген ТМД елдерiнiң автокөiгiн сатып алуда-50 %;
-шетелдiк автокөлiк үшiн 5 жылға дейiн;
-ТМД елдерiнiң автокөлiгi үшiн 3жылға дейiн
Айына:1. 5% (АҚШ долларымен) және 1. 7%
(теңгемен)
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесiн алуға қажеттi құжаттар тiзiмi мынадай:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке куәлiгi(көшiрмесi) .
3. СТТН(көшiрмесi) .
4. Соңғы 12 айға бөлiнiп көрсетiлген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берiлетiн анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы құрамы туралы анықтама (3 форма) .
7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлiк, жұбайыңыздың жеке куәлiгi) .
8. Кепiлге қоятын мүлiктiң құжаттары.
Келесi бiр дамып отырған несиеге ипотекалвқ несиенi жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
- Несие мөлшерi: жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнының 85%-на дейiн.
- Бастапқы жарна: жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнынан 15%-ға дейiн.
- Несие үшiн төлем: айына:1. 3% (АҚШ долл. ), 1. 7%(теңгемен) .
- Несие валютасы: АҚШ долл. немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса) .
- Несие мерзiмi: 10 жылға дейiн.
- Қамтамасыз ету пайдаланатын немесе сатып алатын
түрi: тұрғын үй.
Қазақстанда ипотекалық несиенiң дамуын қолдау мақсатында соңғы жылдары "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ бiрқатар жұмыстар жасап жатыр.
2. 3. Ипотекалық несиелеудiң үлгiлерi.
Ипотекалық несиелеудi ұйымдастыру жүйесiнiң шетел тәжiрибелерiнде әрекет етiп отырған негiзгi үлгiлер бар.
Ипотекалық несиелеудiң бiршама қарапайым және бiршама жетiлген үлгiсi шартты түрде айтсақ, "қарапайым ашық үлгi". Бұл үлгiнiң бастапқы принциптiк сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердi жалпы өтнiшi банктiң меншiктi және сырттан тартылған қаржаттары:депозиттерде жатқан клиенттердiң қаражаттары; банкаралық несиелер және т. с. с. есебiнен қамтамасыз етiледi.
Қарапайым ашық үлгiнiң екiншi бiр принциптiк сипаты ипотекалық ссудалар бойынша белгiленетiн пайыз мөлшерлерi елдегi несие-қаржы нарығындағы жалпы жағдайға тiкелей тәуелдi болып табылады. Бұл тәуелдiлiк банктердiң ипотекалық несиелеуге байланысты олардың активтерiне ауқымына мәндi әсер етедi.
Бұл үлгi негiзiнде ипотекалық несиелеудi ұйымдастыру, әсiресе қаржы нарығы мен бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болмаған көптеген елдерде iс жүзiнде кеңiнен таралған.
Бұл қарастырылған үлгiден ажыратылатын келесi үлгi "кеңейтiлген ашық үлгi" деп аталады. Бұл үлгi бойынша банктердегi ипотекалық несиелеу жүйесi үшiн несиелiк ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылатын, жылжымайтын мүлiктермен қамтамасыз етiлген неiншi реттегi бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылады. Кеңейтiлген ашық үлгiсi тек кеңейтiлген ипотекалық нарық құрылымының құрылған жағдайында, екiншi нарықта айналыста жүретiн бағалы қағаздардың эммисиясына мемлекет тарапынан көмек көрсетiлетiн және жиi бақылауға алу жағдайында ғана iскеасырылады. Бұл үлгi iс жүзiнде тұрақты экономикасы бар елдерде кеңiнен таралған. Әсiресе, бұл үлгiнiң дамуы АҚШ-та қанат жайды. Осындай себептерге байланысты бұл үлгiнi көбiне "ипотеканың американдық үлгiсi" деп атап кеткен. Бұл үлгi келесi суретте көрсетiлген.
Несие үшiн төленетiн
3 пайыз (7-9% жыл/қ)
Р1 3
Р
2 ипотекалық несие
(70-75% үйдiң
бағасынан)
1 бiрмезгiлдi бастапқы
0 салым (25-30%)
Р - нарықтан тұрғын үйдi сатып алу бағасы
Р1 - несиенi есепке алғандағы тұрғын үйдiң нақты құны. Абсцисса осiнде - баға, ордината осiнде - жылдар.
Американдық үлгiнiң қағидасы әр жылда белгiлi бiр табысы бар адам тұрғын үйдiң құнын жартылай нақты ақшамен, ал қалған бөлiгiн клиенттiң иелiгiнде бар немесе сатып алғалы отырған жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырып, берген арнайы ипотекалық банктiң ссудасы есебiнен төлеп, бiрден тұрғын үй ала алады. Мұндай несиенiң қайтарылуы ипотеканiң типiне және қарыз алушының әр жылдық табысына байланысты 15-30 жылдың iшiнде жүзеге асырылады.
Бұл тұрғын үйдi қаржыландыруды ұйымдастыру үлгiсiнiң дамуы берiлген ипотекалық салынған мүлiк актiлерiн сатуға мүмкiн болатын нарықтың болуын талап етедi. Американдық үлгi ипотекалық эмиссиондық компаниялар үшiн ұзақ мерзiмдi қаржы тәуекелi мәселесiн шешетiн қолайлы тәсiл ретiнде көптеген банктердi өзiне тартады.
Қарапайым ашық және кеңейтiлген ашық үлгiлердiң сипаты белгiсi олар таза нарықтық ипотекалық несиелеу механизмiн бiлдiредi. Мұндай жағдайда ақшаға деген сұраным мен ұсыным балансы және ауқымы көбiне екi өзара байланысты көрсеткiштермен реттеледi: 1) ссудалар бойынша банктiк пайыз мөлшерi және екiншi нарықта орналасқан бағалы қағаздардың табыстылығына байланысты анықталатын несиелiк ресурстар бағасымен; 2) сақтандыру компанияларын қоса алғандағы ипотекалық нарықтың барлық кәсiби қатысушыларының қызметтерiне төленетiн аударымдар мөлшерiмен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz