Қазақстанның мұнай газ саласы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Қазақстанның мұнай газ саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Қазақстанмен бірлескен шетел компанияларының тарихы ... ... ... ... ... 6
1.3 Шетелдік мұнай компаниялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2 Қазақстан үшін шетел инвестициясының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.1 Шетелдік инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.
12
2.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі ..
15
2.3 Инвестициялық стратегиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланған әдебеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен
жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Теңiзшевройл бiрлескен кәсiпорны,
Қазақойл-Ембi АҚ, Атырау мұнай компаниясы, Қазақстанкаспийшельф,
Каспиймұнайгаз, Қазгермұнай ЖАҚ-дары, т.б.
Соңғы жылдары бұл салада көрші Қытай компанияларының үлесі артып
барады. Олар 939 миллион долларға ҚазМұнайГаздың 14,5 пайыз акциясын
сатып алып қойды. Бір таңқаларлық дүние ҚазМұнайГаз ұлттық компаниямыздың
үлесінен Қытайдың CNPC компаниясының үлесі асып кетіпті. Жалпы көршінің
үлесі Қазақстандағы энергетика саласының жартысына жуықтады. Қысқасы, елдің
мұнай-газ саласындағы монополист компания ҚазМұнайГаз емес, CNPC болды
деген сөз. Білгенге бұл жақсылық емес.
ҚР Бәсекелестік туралы Заңның 12-бабына сәйкес нарықтағы үлесі 35
пайыздан асқан компания үстем деп табылады. Өйткені, алғашқы жылдары елдегі
кен орындарының 80 пайызға жуығы шетелдік компанияларға 24-50 жылға
басқаруға берілгені белгілі. Әлемдегі қалыптасқан норма бойынша шетелдік
компаниялардың басқаруына кен орындары мен кәсіпорындардың 15-20 пайыздан
астамын беру – ел қауіпсіздігіне ерекше нұсқан келтіреді екен.
Ендеше, еліміздегі жетекші саланы шетелдіктердің қанжығасына байлап
жіберуге болмайды. Қазірдің өзінде мұнай өндіру кәсібінің 80 пайызы
шетелдік компаниялардың қолында. Қазақстан бұл саланы тұтастай өз қолына
алғанда ғана шынайы тәуелсіздікке қол жеткізетін боламыз. Экономикалық
тәуелділік тұрғанда, саяси тәуелсіздіктің құны жоқ.
Жалпы, мұнай саласындағы түсімді реттейтін халықаралық стандарт
бойынша қазынаға әрбір баррельден 90 доллар түсуі керек болса, бізде бұл
көрсеткіш 4-6 есе кем түседі. Яғни қазына жылына 5-6 млрд. доллардан
айырылып отыр. Осынша пайданы Қазақстан емес, шетелдік компаниялар көруде.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның мұнай саласының шетел компанияларымен
экономикалық байланысын қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – экономиканың өркендеуі үшін шетел
компанияларымен экономикалық қарым-қатынастарын нығайту.

1 Қазақстанның мұнай газ саласы

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде
тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның
қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде
қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық
экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-
ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық
өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-
сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-
тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы
саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да,
республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын
дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың
арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған
болатын. Бірақ, барлығы да, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991
жылдан бастап ойдағыдай шешілді десек, астамшылық болар. Өйткені, 1991-1995
жылдар аралығында ел экономикасын көтеру мақсатында жан-жақты бағдарламалар
қабылданып, оң талпыныс болғанымен, оның барлығы бірдей күткендегідей
нәтиже берген жоқ. Экономика құлдырап, инфляция өсе берді. Бұл Қазақстанның
мұнай-газ өнеркәсібімен де тікелей байланысты. Кәсіпорындар тоқтай бастады.
Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептеудің негізі айырбас болды.

1.1 Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы

Мұнай − біздің елдің басты бағдары, асыраушысы, мақтанышы, сонымен
бірге түрлі дау-жанжал мен пәленің бастау көзі де. Биыл Қазақстанда
көптеген мерейтойларды атап өтуге себеп бар: Доссор кенішінің ашылғанына
100 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл және Құмкөл кенішіне 25 жыл толды. Осы
күзде жарыққа шығатын "Қазақстан мұнайы. Суреттер сыр шертеді" атты кітапта
біздің республикамыздың мұнай-газ саласының дамуы туралы баяндайтын сирек
кездесетін суреттер жинақталған.
1899 жылы қарашада Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен құбыр
арқылы алғаш рет мұнай шықты, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау
алады. 1911 жылы сәуірде ашылған Доссор кенішінен шыққан жоғары сапалы
мұнай әлемдік деңгейде назарға ілінді. Екі жылдан соң Гурьев облысында
Мақат кеніш орны ашылды. 1914 жылы Мақат пен Доссор екеуінен 200 мың
тоннада астам мұнай өндіріледі.
1922 жылы "Ембімұнай" тресті ашлып, Орал-Ембі ауданындағы мұнай
кәсіпорындарының басқармасы құрылды. 1926 жылдан бастап Ембіде мұнай барлау
ісінде айналдыра бұрғылау және геофизика әдістері қолданыла бастады. Гурьев-
Доссор темір жолы іске қосылып, онымен Доссор мұнайы тасымалдана бастады.
1930 жылдары Гурьев облысы дәуірлеп дами бастады. Зертханалар пайда
болып, мұнай техникумы ашылды, Ембімұнайжоба кеңсесі құрылды. 1932 жылдың
маусымында Гурьев ‒ Ембі ‒ Орск мұнай құбырының құрылысы басталды.
Байшонас, Қосшағыл, Шұбарқұдық және Құлсары сияқты жаңа кеніштер ашылды.
1935 жылы қазақстандық мұнайшылар арасында стахановшылар қозғалысы
өріс алды.
Соғыс жылдары, Майкоп пен Грозный аудандарында мұнай өндірісі уақытша
тоқтап қалғандықтан, оның орнын толтыру үшін Қазақстанда мұнай өндіруді
еселей ұлғайту міндеті қойылды. Орал-Ембі ауданының мұнайшылары бүкіл соғыс
жылдары демалыссыз тәулігіне 12-13 сағаттан жұмыс істеп мыңдаған тонна
мұнай өндіріп, Совет армиясын жанармаймен қамтамасыз етті. Фашизмді
талқандап жеңіске жетуде Ембі мұнайы өлшеусіз үлес қосты.
Соғыс қиыншылығы, сапалы отынға сұраныстың үнемі артуы тұтастай
алғанда мұндай өндіру және мұнайды қайта өңдеу салаларының қарқынды дамуына
түрткі болды. Қазақстандық өндірушілер КСРО-де алғаш болып мұнайды
қайталама әдіспен өндіруді меңгерді. Сағыз, Жақсымбай, Комсомольское,
Қошқар, Тентексор кеніштерін игеру басталды. Мұнайлы, Бекбике, және Қаратон
кеніштері іске қосылды. Трубиналық әдіспен бұрғылау меңгерілді. Гурьев
мұнай өңдеу зауыты салына бастады. 1965 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауыты
маңғышлақ мұнайының алғашқы эшелонын жөнелтті. Қазақстанда жыл сайын
өндірілетін мұнай көлемі 2 миллион тоннаға жетті.
Маңғышлақтың оңтүстігінде Өзен мен Жетібай сияқты ірі кеніштер ашылған
соң барланған мұнай қоры 20 есеге, ал жылдық мұнай шығару 14 есеге көбейді.
1969 жылға қарай Қазақстанда жыл сайын шығатын мұнай көлемі 10 миллион
тоннадан асты.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарын мұнайға қатысты үлкен жаңалықтар кезеңі
деп батыл түрде айтуға болады. Аз ғана мерзім ішінде Қаражамбас, Солтүстік
Бозашы, Қаламқас кеніштері ашылды. 1974 жылға қарай Маңғышлақта жылына 21
миллион тоннаға дейін мұнай өндіріле бастады. Осылайша, Қазақстан Совет
одағында мұнай өндіруден екінші орынға шықты.
Қазақстан-америкалық Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнын құру туралы
Chevron корпорациясымен келісімге қол қойылды. 1993 жылы Алматыда алғаш
рет KIOGE халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті, ҚР мұнай және газ
өнеркәсібі министрлігі құрылды, Мұнай туралы заң қабылданды, Agip,
British Gas, Газпром ААҚ, Қазақгаз және Қазақстан Республикасы
арасында Қарашығанақ кенішіндегі өнімді бөлісудің принциптері туралы
келісімге қол қойылды. Жылына 60 миллион тонна мұнай тасымалдайтын құбыр
желісін (КТК) салу туралы Қазақстан, Ресей, Оман және Халықаралық мұнай
консорциумы арасында келісім жасалып, қол қойылды. "Қазақойл" ұлттық мұнай
компаниясы құрылып, оған ірі мұнай-газ кеніштері жобаларына қатысуда
Қазақстанның мүддесін таныту құқықтары берілді, сондай-ақ ҚазТрансОйл
ұлттық компаниясы құрылды.
1998 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Каспий теңізі
акваториясының солтүстік бөлігінің шекарасы туралы тарихи келісімге қол
қойды. Ақтау портын қайта құру жұмыстары аяқталды. 1999 жылы Қазақстан
отандық мұнай саласының 100-жылдығын атап өтті, ол бастауын Қарашұңғылда
алғаш рет мұнай атқылаған 1899 жылдан алады.
2000-шы жылдары ҚазТрансГаз АҚ құрылды. Шикізат саласындағы ірі
компаниялардан түскен қаражатқа болашақ ұрпақтың қажеті үшін қаржы
активтерін жинақтау мақсатында Ұлттық қор құрылды.
Каспий қайраңында соңғы 30 жылда әлем бойынша өте ірі шикізат қоры
анықталған Қашаған кеніші ашылды. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы құрылды.
  Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында Каспий түбіндегі үш елге
тиесілі жерлердің тоқайласар нүктелерін анықтауға қатысты үшжақты келісім
жасалып, қол қойылды.
2006 жылы Теңіз кенішінде алғашқы миллиард баррель мұнай өндірілді.
Жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2010 жылы 76 миллион тоннадан асты.

2. Қазақстанмен бірлескен шетел компанияларының тарихы

1992 жылы мұнай шығатын Теңізден – Новороссискіге, одан әрі Қара теңіз
портына дейін мұнай тасымалдау үшін жол салу және жабдықтандыру жайын
жоспарлай отырып, Қазақстан мен Ресей, Оман-Каспий құбыр консорциумын
құрды. Дәл осы жылы Қарашығанақ мұнайгаз шығатын кен орнын игеруге,
Қазақстан Республикасымен, Аджип (Италия) және Бритиш газ (Ұлыбритания)
компанияларымен келісім шартқа қол қойылды.
1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш Республикамызда газ мұнай саласындағы
кәсіпорынмен бірлесе – Қазақстан-Түрік ҚазақТүрікМұнай кәсіпорны құрылды.
1993 жылдың 6-сәуірінде ғасыр келісім шарты жасалынды. Қазақстан
Республикасы үкіметі мен Американың Шеврон компаниясының ұзақ мерзімді
(40 жыл) келісім шарт осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында Қазақстан
Каспий шельфінде геологиялық барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада
оператор ретінде өздерін көрсететін жеті шетел компанияларынан (Аджип,
Бритиш Петролеум, Статойл, Бритиш Газ, Мобил, Тоталь, Шелл )
және Қазақстан-КаспийШельф құралған. Халықаралық консорциум жасау туралы
келісімге, мұнай саласы аймақтарына үш жыл қатарынан геологиялық зерттеулер
туралы келіміге де қол қойылды.
1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания
– Қазақстан-Герман кәсіпорны ҚазГерМұнай құрылды.
1995 жылдың наурызында Қарашығанақ атты өндіріс жерінде Қазақстан
Республикасы өзінің Қазақгаз және Аджип (Италия), Бритиш Газ
(Ұлыбритания) және Газпром (Ресей) арасындағы бөлісім келісім шартқа қол
қойды.
1996 жылдың сәуірінде Қазақстан, Ресей, Оман және халықаралық мұнай
компаниялар консорциуының арасында, Тенгиз-Тихорецк-Новороссиск сапарының
желісі бойынша, өтімділік қабілеттілігі 67 млн. тонна мұнай құбырының
құрылысы жайында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей үлесі –
24% , Қазақстанның үлесі – 19%, Оман үлесі – 7% құрады, ал қалған бөлігін 8
мұнай компаниясының еншілігіне таратылды. 1996 жылдың 9 шілдесінде Каспий
жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастық ұстанымдары туралы келісімге қол
қойылды. 1996 жылы тамызда ҚКШ халықаралық консорциум Каспий шельфіндегі
Қазақстанның мұнай шығаратын жерлеріне типографиялық түсірілім жасалынып
бітті. Аймақ потенциалы 26-дан 60 млрд баррельге бағаланды.
1996 жылы Грузия жерімен өтетін, Баку ‒ Батуми ‒ Супса атты мұнай
құбырының құрылысына келісім жасалынды. Бұл жол арқылы Каспий мұнайының
жартысын Украинаға және одан әрі Еуропаға жеткізу еді.
1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан Республикасы мұнайгаз өндіру
Министрлігін қысқартып, Қазақстанның ең ірі Ұлттық газмұнай компаниясы
ҚазақОйл құрылды. Компания Қазақстан атынан барлық ірі мұнайгаз кәсіпорын
салалар жобаларына қатысу құқығына ие болды. 1997 жылдың 2-сәуірінде мұнай
тасымалдайтын ҚазТрансОйл Ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы
республикамызда газ мұнай кәсіпорындарын жекешелендіру басталды. 1997 жылы
ең бірінші болып АҚ Ақтөбемұнайгаздың (60%) бақылау акция пакеттері Қытай
Ұлттық мұнай компаниясына (ҚҰМК) сатылды.
1997 жылдың 18 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда
болған уақытында Қарашығанақ мұнайгаз кен орын жеріндегі газмұнай
өнімінің бөлісуіне соңғы келісім шарт жасалды. Қазақстан Республикасының
үлесі – 80% құрады. Құрамға Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымдары (ИҚҰ,
Karachaganak Petroleum Operating), (Италяндық) Аджип (32,5%), Британдық
Бритиш Газ (32,5%), Американдық Тексако (20 %), ресейлік ЛУКойл (15%)
кірді.
1997 жылдың 18 қарашасында Каспийдің солтүстігіндегі өнімдерді,
компания Аджип, Бритиш Газ, Бритиш Петролеум, Статойл, Мобил,
Шелл, Тоталь, және ҚазақстанКаспийШельфі арасында бөлісу туралы
келісімге қол қойылды. Бұл СРП шарт бойынша келісімге қол қойылғаннан
бастап барлау әдісі 6 жылды құрайды, егер қажет болған жағдайда СРП өз
күшін жоймаған уақытына дейін, тағы, екі жылға ұзартуға рұқсат етілген,
мердігерлік учаскіні екі жылдан он жылға дейін ұзартуға, өнімді өндіру – 20
жылға дейін.
1999 жылдың маусым айында Астрахан кәсіпорынының Астрахан кемесі
суға Сұңқар атты жүзетін бұрғылау биржасын жіберді. 1999 жылдың 12
тамызында Қазақстан секторындағы Каспий шельфі ОКИОК бірінші Шығыс Қашаған
– 1 ұңғымана бұрғылау ісін бастады.
2001 жылдың ақпанында Қазақстандағы Солтүстік Каспий мұнай кен орнын
өңдеуге Италяндық топ ЭНИ компаниясы оператор ретінде таңдалынды.
2001 жылдың 26 наурызында Атыраудағы КТК құбыр желісі жүйесі бойынша
Тенгиз ‒ Новосибирск мұнай айдау ісі басталды. 1480 километрлік құбыр
жүйесін толтыруға 1 млн. тонн мұнай керек. 2001 жылдың 2 мамырында
Қазақстан Үкіметінің жарлығымен мұнай және газ магистарлды құбырын басқару
үшін, Ұлттық Мұнай және газ тасымалдау компаниясы құрылды. МГТ) Жаңа
компанияға ЖАҚ ҚазТрансОйл және ҚазТрансГаз мемлекеттік пакет акциялары
берілді. 2001 жылдың 3 тамызында Мәскеу Каспий құбырынан мұнай тасу
консорцум (КТК) келісім шартын бекітті.
2002 жылдың 3 мамырында Н.Назарбаев және В.Путин тарихи құжатқа қол
қойды – яғни, Каспий теңізінің солтүсті бөлігін, Ресей және Қазастан өзара
ынтымақтастықта бөлу туралы протоколға қол қойылды.
2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб ‒
Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында Атасу ‒
лашанкөл (Қазақстан ‒ Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы
Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы өнімдерді,
көмірсутекті шикізат компанияларын туралы негіздік. Бұл Қазақстандағы
партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді.
2005 жылы наурызда АҚ ҚазМұнайГаз Солтүстік-Каспий жобасымен, Бритиш
газдың жарты үлесін 8,33 % иемденді.
2005 жылдың 11 қарашасында ААҚ Газпроммен 2006-2010 ж.ж.
аралықтарында Қазақстан Республикасының аймағы арқылы, ортаазия және ресей
газын тасымалдау туралы келісім қиылды.
2006 жылдың 20 маусымында Атасу ‒ Алашонкөл (Қазақстан ‒ Қытай)
мұнай құбырына коммерциялық эксплуатация басталды. 2006 жылдың қазанында
Лондондық қор биржада ҚазМұнайГаз барлау өндіру компаниясының акциясы
қосылды.

1.3 Шетелдік мұнай компаниялары

Texaco International Petroleum CO команиясы Қазақстан рыногына 1970
жылы келді, 20 % акцияны сатып алып Agip Eni, Britis Gas, Lukoil
компанияларымен бірлесе отырып Қарашығанақтағы алып кен орнын игеру
бағдарламасын орындауда сенімді серік болды, ол кезде Texaco мен ҚР үкіметі
арасында өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылған болатын. Кен орынның
геологиялық қоры 1,2 млрд. газконденсат және 1,35 млрд.м³ газ, ол Оралдан
16 км жерде орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылып, оны игеру 2000 жылға
белгіленген болатын. Күнделікті 100 барр. конденсатпен 450 млн. стандартты
фут³ газ өндіріледі.
1998 жылы компания 65 % акцияларды иемденіп, Солтүстік Бұзашыдағы
геологиялық барлау бағдарламасының операторы және серігі болды. Солтүстік
Бұзачдағы кен орны Ақтау қаласынан 240 км жерде мұнай қоры – 215-285 млн.
тонна. 1998 жылы компания жобаның коммерциялық мүмкіндіктерін анықтау үшін
мұнай газ қорын біртіндеп анықтау бағдарламасына кірісті. Қазіргі кезде
күнделікті 2-2,5 мың. баррель мұнай шығарылады. Жұмыс істейтіндердің 70 %
жергілікті халық өкілдері.
Маркетинг саласында Texaco Алматы мен Астанада бензин құю станцияларын
ашып отыр, олар халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және қоршаған
ортаны қорғау талаптарын орындайды.
Exxon Mobil Қазақстанмен байланысы 1993 жылы басталды. Ол кезде
компания АҚШ жағынан Каспий теңізінің Қазақстан бөліміндегі көмірсутек
потенциалын игеріп жатқан Каспий консорциумдағы бірден-бір мүше болатын.
1996 жылы консорциумның жұмысы аяқталған соң Қазақстан бөлімінің 12 блогы
барлау жұмыстарына іріктеліп алынды. Осы жұмыстарды атқару үшін жаңа
консорциум – ОКИОК құрылды. Бұл консорциумдағы компанияның үлесі 14,3 %.
Барлау бұрғылары 1999 жылдың тамызында басталды. Exxon Mobil-ға теңіз
мұнайын өндіріп жатқан Теңізшевройл бірлескен кәсіпорынның 25 % акциясы
қарайды. ТШО акцияларын 1996 жылы сатып алғаннан бері мұнай өндіру көлемі
күніне 100 мың баррельден 220-ға өсті, ал 2000 жылдың аяғына қарай күніне
260 мың бар-ға жетті. Компания сондай-ақ Каспий құбырлар консорциумының
(КТК) 7,5 % акцияларына ие. КТК теңіз мұнайын Қара теңіз арқылы
Новороссийск портына тасымалдайтын құбыр салуда. Компанияның Алматыда май
құятын екі станциясы бар және Mobil маркалы өндірістік және машина
майларын дистрибьютерлік жүйелер арқылы таратумен айналысады.
1990 жылдың, сәуірінде Қазақстан мен Chevron компаниясы Теңіз кен
орнының бірлесіп (50х50) игеру мақсатында Теңізшевройл бірлескен
кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорында Шевронның – 50 %,
Қазақойлдың – 20 %, Ексон мобилдің – 25 %, Lukarko-ның – 5 % үлестері бар.
1979 жылы ашылған Теңіз мұнай кен орны әлемдегі ең терең әрі ірі кен орны
болып есептеледі. 1990 жылдан бері ТШО мұнай өндіруді күніне 60 мың
баррельден – 215 мың баррельге дейін жеткізді. Жаңа заводтың іске қосылуына
байланысты бұл көрсеткіш 260 мың баррельге жеткізіледі.
Мұнай өнімін жылына 17 мың тоннаға жеткізу мақсатында ТШО келесі
жылдарда қосымша 1 млрд. доллардан аса қаржы енгізбек. ТШО стратегиясы
маркетинг пен әр түрлі шикізаттарды (мұнай, сұйық газ, табиғи газ, күкірт)
тасымалдаудың жан-жақтылығы мен сенімділігіне бағытталған. Қазіргі кезде
мұнай темір жолымен, құбыр арқылы және баржалармен тасымалданады. Ең басты
порттар – Қара теңізде – Одесса, Феодессия, Батуми, әрі қарай мұнайды Шығыс
және Батыс Европа елдеріне мұнай танкерлерімен жеткізіледі.
ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлеген ақшасы 1999 жылы 330 млн. доллар
болды (бұған қазақстандық мамандардың жалақысы, Қазақстан
жабдықтаушыларының тауарларының бағасы мен көрсеткен қызметтерінің ақысы,
Қазақстан темір жолы, ҚазТрансойл компанияларына төленген қаржылар,
үкіметке төлеген салықтар мен роялти, Қазақойл ҰМК-на қайтарылған
қарыздары кіреді). 2000 жылдың алғашқы алты айындағы төлемдер 400 млн.
долларға жетті, ал жылдың аяғында 900 млн. доллардан асты. Қазіргі кезде
ТШО штатында 68 % Қазақстан мамандары (басында 50), яғни 2200 қазақстандық
азаматтар бар. Бұдан басқа ТШО-ның мердігерлік компанияларында 50 000 астам
қазақстандықтар жұмыс істейді. 1996 жылы Шеврон Алматыда, 1998 жылы
Астанада және Атырауда май құю станцияларын ашты.
Шеврон КТК-дағы ең ірі жекеменшік инвестор болып есептелінеді (15 %).
КТК құрылысы аяқталу кезінде инвестициясы – 750 млн.долларды құрайды. Қазір
теңіз терминалы салынып жатыр.
Offshore Kazakhstan International Operating Compani компаниясы
Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау
жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген. Консорциумның акционерлері болып 9
әлемге әйгілі компаниялар кіреді: Agip (14,29 %), BP Amoco Kazakhstan ltd.
(9,5 %), British Gas International (14,29 %), Inpex North Caspian Sea Ltd.
(7,14 %), ExxonMobil Kazakhstan (14,29%), Philips Petroleum Kazakhstan Ltd.
(7,14 %), Shell Kazakhstan Exploration B.V. (14,29 %), Statoil (4,8 %),
Totalfina Elf (14,29 %).
Өнімді бөлу туралы келісімнің шарттары бойынша ОКИОК атқарушы комитет
бекіткен бағдарламаның орындалуына жауапты халықаралық компаниялардың
консорциумының операторы болып табылады. ОКИОК-тың өз міндеттерін орындап
отыруын акционерлер қадағалайды. Көмірсутектер табылғаннан бергі жобаға
енгізілген қаржының шамасы 3 млрд. жоба бойынша барлығы 28 млрд. доллар.
Республика бөлінетін кірістің 80 % алады, оған 400 мың доллар салық кіреді.
Коммерциялық өндіру 2004 жылы басталып, 2005 жылға қарай қалыпты жұмыс
басталады. Қашағанда 4500 м тереңдікте анықталған қор шетел компанияларының
барлау және өндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыруына көзін жеткізіп отыр.
Болжамдық қордың барлығы расталатын болса, 40 жылға арналған мұнай өндіру
бағдарламасы жасалмақ.
Қазақстан ‒ Каспийшельф компаниясы 1993 жылы ҚР үкіметінің қаулысы
бойынша Каспий теңізінің Қазақстан бөлімінде және басқа да территориялық
суларда мұнай мен газ барлау, өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.
Осыларды атқару мақсатында 1990 жылдың 3 желтоқсанында Каспий теңізі
бойынша консорциум жөніндегі келісімге қол қойылып, оған жеті ірі
компаниялар кірді: Agip, British Gas International, British Petroleum,
Statoil, Mobil, Shell, Total. Халықаралық консорциумның операторы болып
Қазақстан-Каспийшельф бекітілді.
1996-1998 жылдары Қазақстан-Каспийшельф теңіздегі мұнай операцияларына
қолдау көрсетудің инфрақұрылымдарын құру бағдарламасын жасады және басты
жобалар анықталып, оларды орындау басталды. Қазіргі кезде ККШ Каспий және
Арал теңіздері аймақтары бойынша бүкіл қажетті геологиялық-геофизикалық
ақпараттарға ие. 1998 жылы консорциумның жұмысы аяқталғаннан кейін ҚҚШ
АҚ, ҚҚШ ААҚ геологиялық-геофизикалық сервистік компаниясы болып қайта
құрылды.
CNPC International Aktobe Petroleum JSC – 2000 жылдың 2 қыркүйегіне
қарай 1,6 трлн.тонна мұнай өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 17 %-ке артық. Бірінші жарты жылдықта 194,3 млн. м³ газ
пайдаға жаратылса, оның 127,8 млн. м³ газ сыртқы пайдаланушыларға
жөнелтілген. Өндірістік мәселелерді орындау көптеген ұйымдастыру-техникалық
шараларды шешуді қамтамасыз етеді. Ұлы Қорған Қазақстан-Қытай бұрғылау
компаниясы бірінші кезеңнің 8 ұңғысының – 7-сін, екінші кезеңнің 3 ұңғысын
бұрғылады.
Өткен осы жылмен салыстырғанда күрделі қаржының мөлшері 17 есе өсті.
2000 жылдың бірінші жартысында төленген салық мөлшері өткен жылмен
салыстырғанда 3 есе көп.
Қуат холдинг компаниясына 1992 жылы құрылып ҚР үкіметі қаулысымен
Қызылорда облысындағы Қоныс және Бектас мұнай-газ кен орындары берілген.
Аталған кен орындарын игеру үшін компания Amlon Ltd Британ фирмасымен
бірлесе отырып, Қуатамлонмұнай кәсіпорнын құрды, оның жарғылық қоры 10
млн.доллар. 1995 жылы біріккен кәсіпорын кен орындарын игеру мұнай-газ
қорын өндіруге лицензия алды.
Бұл өңірде 18 млн.т мұнай, 6,2 млрд. м³ газ бар екені анықталды. 1999
жылы БКО бірлескен өндіру кәсіпорны 40 мың тоннадан аса мұнай, ал 2000 жылы
200 мың тоннаға жеткізу көзделген. 2000 жылдың қаңтарында Қызылордада
күніне 2000 м³ мұнай құю терминалын салу басталды. БКО Павлодарда, Ертіс
жағалауында мұнай, газды барлау және өндіруге лицензия алған, онда 150 млн.
тонна мұнай қоры бар. Осы жұмыстарды орындау үшін “Gulf Star Investment”
Кувейт компаниясымен бірлесіп Боран және Нұрбай кәсіпорындарын құрды.
Омск-Павлодар мұнай құбырымен Павлодар МӨЗ-нің арасы жақын
болғандықтан бұл аймақтың маңызы зор. Осы Кувейт компаниясымен
Қуатамлонмұнай БКО-да Зайсан БКО-сын құрып, Шығыс Қазақстан мұнай және
газ қорын барлауға лицензия алды.
Offshore Kazakhstan International Operating Compani компаниясы
Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау
жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген.

2 Қазақстан үшін шетел инвестициясының маңызы

Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi
модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және
тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай
бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке
қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен
қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке
қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және
мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды
алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың
тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
Қазақстанда мұнай қорлары
Мұнай мен газды өндіру
Өнеркәсіп кешендері
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер