Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

10. Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары. В. М. Кривошеев пен И. В. Зориннің матрицасы.

ТРЖ-нің негізгі қасиеттері оның жеке элементтерінің қасиеттерімен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының қасиеттерімен және элементтер арасындағы байланыспен де айқындалады. ТРЖ элементтерінің өзара байланыстары туралы мәліметті жинақтау матрица байланысы түрінде болуы мүмкін, оларды ТРЖ-нің элементтері құрайды. Ол үшін В. М. Кривошеев пен И. В. Зорин (1979) ұсынған әдіс-амалдарын пайдаланады. ТРЖ элементтері матрица жолымен талданатын, белсенді шағын жүйе ретінде алға шығып, тапсырысты қабылдаушы болып саналады. Матрица бағанындағы сол элементтер тапсырыстарды қанағаттандыратын ресурстар ретінде қарастырылады.

Шағын жүйелердің талаптары

Шағын

Демалушы

тобы

жүйелердің

Табиғи кешен

Жағдайы

Тех. құрылыс

Қызмет көрсетушілер
Басқару органы
Шағын жүйелердің талаптары:

Демалушы

Тобы

ШағынДемалушытобы:
жүйелердіңТабиғи кешен: Сиымдылық, комфорттылық
ЖағдайыТех. құрылыс: Сиымдылық, комфорт
Қызмет көрсетушілер: Кәсіптілік
Басқару органы: Ақпараттылық
Шағын жүйелердің талаптары: Табиғи кешен
ШағынДемалушытобы: Ырғақтылық, тандаушылық
жүйелердіңТабиғи кешен:
ЖағдайыТех. құрылыс: Экологиялық
Қызмет көрсетушілер: Реттеушілік, қайта өңдеушілік
Басқару органы: Нормативті қамт. ету
Шағын жүйелердің талаптары: Тех. құрылыс
ШағынДемалушытобы: гомогенді
жүйелердіңТабиғи кешен: Ресурспен қамтамасыз етілгендік
ЖағдайыТех. құрылыс:
Қызмет көрсетушілер: Еңбекпен қамт. етіл, бос уақытсызд
Басқару органы: Қормен қамт. етілгендік
Шағын жүйелердің талаптары: Қызмет көрсету-р
ШағынДемалушытобы: технологиялық
жүйелердіңТабиғи кешен: Комфорттылық
ЖағдайыТех. құрылыс: Кешенділік
Қызмет көрсетушілер:
Басқару органы: профилактикалық
Шағын жүйелердің талаптары: Басқару органы
ШағынДемалушытобы: бірқалыптылық
жүйелердіңТабиғи кешен: Гигиеналық
ЖағдайыТех. құрылыс: Технологиялық дайындық
Қызмет көрсетушілер: біліктілік
Басқару органы:

ТРЖ-нің басты элементі (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің кеңестік-уақыттық құрылымның таңдауы арқылы байланысады.

"Демалушылар тобының" "табиғи кешенмен" байланысы аттрактивтік (тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтығымен немесе пейзаждың әртүрлілігімен сипатталынады. Осыған байланысты рекреациялық географияда табиға кешендерге баға берудің ерекше бір түрі бар - эстетикалық баға беру.

Табиғи кешендердің сыйымдылығы мен тұрақтылығы - бұл рекреациялық іс-әрекет кезіндегі демалушылар тобы мен табиғи кешен арасында болатын байланыстарды көрсетіп тұрады. Шектелген аумақта демалушылардың мөлшерден тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялық дағдарысқа әкеледі. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін жіберілетін салмақты анықтау және ландшафты қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын рекреациялық шараларды ұйымдастыру қажет.

Табиғи кешендерге технологиялық баға бергенде, рекреациялық шараларды өткізуге олардың сыйымдылығы мен жарамдылығы анықталғанда, пайдалу кезіндегі олардың тұрақтылығын ескеру қажет, сонымен қатар рекреациялық аумақтардың қабілетін көтеру үшін арнайы шараларды ұйымдастыру керек.

Табиғи кешеннің комфорттылығы - бұл адам организміне жағымды жағдайдың әсер ету ұзақтығы. Бұл көрсеткішті медициналық-биологиялық баға бергенде қолданады. Бағаланатын объектісі климат болса, оны бағалау субъектісі - демалыс кезіндегі адам организмінің қал-жағдайы.

Адам организмнің қал-жағдайы мен метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы) байланыстарының анализі ауа райы кластарының рекреациялық типологиясын құрастыру және демалуға арналған комфортты кезеңінің ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.

"Демалушылар тобының" "техникалық құрылыстар" шағын жүйесімен байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық сияқты жүйелі қасиеттер арқылы көрсетіледі. Рекреациялық ағым өзінің құрылымы жағынан әртекті болғандықтан, рекреациялық шаралар жүргізу үшін арнайы мекемелер мен аумақтарды қажет етеді. Сонымен қатар орналастыру орындарының сыйымдылық және комфорт жағынан бірдей еместігі рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б. ) бөлуді қажет етеді.

"Демалушылар тобы" "қызмет көрсетушілерден" жоғары сапада қызмет көрсетуін талап етеді, олардың өз ісін терең білетін, мұқиятты және әдепті болғанын қалайды және олардан демалушылардың сұранысына ықыласпен қарауын күтеді. Өз ісін жоғары дәрежеде білу кәсіптік (профессионализм) ұғыммен анықталады. Тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына баға беру арқылы қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтауға болады. Ол үшін анкетирование жүргізеді немесе шағым және ұсыныстар кітапшасына талдау жасайды.

Туристік саяхатқа дайындық және өткізу кезінде демалушылар тобы ақпарат қызметтерін талап етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын жүйелерінің жағдайы, туристік қызметтің түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктері туралы толық ақпарат алғысы келеді. Бұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің "басқару органы" беріп тұруы қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық деп сипаттауға болады. Жарнама-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле, радио жарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық ағымдарды реттеп тұруына үлкен әсерін тигізеді.

"Табиғи кешен", табиғат процестерінің қайталанып тұру себебінде "демалушылар тобына" бірқатар шектеулер жасайды. Кейбір рекреациялық шаралардың түрі жыл мерзімінің белгілі бір кезеңінде ғана іске асырылады (суға түсу мерзімі - жазда, шаңғы туризмі - қыста) . Табиғат процестерінің мауысымдылық сипаты рекреациялық ағымдардың ырғақтылығын талап етеді. ТРЖ-нің бұл қасиеті белгілі бір мауысымда жүріп тұратын рекреациялық шаралар мен олардың ұзақтығы туралы мәліметтер беріп тұрады.

"Табиғи кешеннің" "инженерлік-техникалық" шағын жүйесімен өзара байланысы туризмнің материалдық-техникалық базасының (орналастыру орындары, көлік) экологиялық қасиетімен сипатталынады. Рекреациялық қызмет көрсетудің технологиялық процестері экология жағынан таза болуы қажет және табиғи кешендердің құнды рекреациялық қасиеттерінің азғындап кетуіне жол бермеуі керек.

Табиғи кешенді пайдалану барысында оның тұрақтылығы мен құнды рекреациялық қасиеттерін сақтап қалу үшін, қалдықтарды жою үшін арнайы шаралар жүргізу қажет. Табиғи кешеннің жерін өңдеу мен суғару жұмыстарын "қызмет көрсетушілер" жүргізеді. Реттеушілік табиғи кешен мен қызмет көрсетушілер арасындағы өзара байланыстардың жүйелі қасиеті ретінде, қайта өңдеу шараларының кезектігін (рекультивация) және оның бағасын айқындайды.

"Табиғи кешен" мен "басқару органының" арасындағы қарым-қатынас нормативтік құжаттарды қамтамасыз ету арқылы орындалады - актілер мен стандарттар ережелерінің жүйесі, табиғи рекреациялық аумақтар мен мәдени-тарихи объектілерді тиімді пайдалану мен оларды сақтау. Сонымен қатар бұған жататындар: курорт пен демалыс зоналар туралы заңдар мен ережелер, рекреациялық аудандарда табиғи ортаның жағдайы туралы ережелер (ауа, су, жер), жобалау және құрылыс туралы нормалар, рекреациялық салмаққа табиғаттың тұрақтылығы туралы нормалар және т. б.

Шағын жүйе "техникалық құрылыс және инфрақұрылым" ТРЖ-нің басқа да элементтерімен өзара байланысы жоғарыдағыдай ерекшеліктермен сипатталады. Рекреациялық мекемелер туристік ағымның біртұтастылығын қажет етеді, себебі олар туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылады. Ағымның біртектестігі орналастыруға ыңғайлы және барлық техникалық циклді өткізуге қолайлы. Ағымда әр түрлі топтардың болуы (осы циклде қызмет көрсетуге сәйкес келмейтін), қызмет көрсетудің технологиялық тізбегін бұзады.

"Техникалық құрылыстың" "табиғи кешен" шағын жүйесімен байланысы сенімділік және ресурспен қамтамасыз ету арқылы сипатталады. Әсерлі жұмыс істеу үшін рекреациялық мекеменің ресурстық базасы болуы қажет. Оған жағажай орындары, серуендейтін жерлер, тұзды су көздері, экскурсиялық объектілердің саны және т. б. жатады. Ресурспен қамтамасыз етілу пайдаланатын қорлардың көлемімен, аумақ пен объектілердің өткізу қабілетімен сипатталынады. Қолайсыз аумақтарды мелиорациядан кейін пайдаланады, сонда олар ресурстарды көбейтіп, жүйелердің сенімділігін арттырады.

Рекреациялық қызметтің технологиясына сәйкес техникалық құрылыстар жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі қажет. Еңбекпен қамтамасыз ету техникалық шағын жүйе мен қызмет көрсетушілердің өзара байланысының сипаттамасы ретінде рекреациялық шаруашылықтың дамуына әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарының жетіспеушілігі жаңа аудандарды игеруді тежейді.

"Техникалық құрылыстар" шағын жүйенің "басқару органымен" байланысы қордың қамтамасыз етілуімен сипатталынып тұрады. Қордың қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне рекреациялық мекеменің нормативті және айналымындағы құралдардың көлемі, сонымен қатар материалдық базасыны кеңейтуге арналған қаражаттың мөлшері жатады.

Қызмет көрсетушілердің ТРЖ-нің басқа да элементтерімен өзара байланысы өз алдына бір күрделі жүйе болып есептеледі. Қызмет көрсететін адамдардың саны туристердің (рекреанттардың) жылдық ағым санына байланысты, салалық мөлшер бойынша демалушылардың санымен немесе қызмет көрсететін орынның санымен анықталады. Технологиялық үрдістің ерекшелігіне демалушылар тобының сәйкес болуын қызмет көрсетушілер талап етеді. Рекреациялық мекемелер біртекті әлеуметтік-демографиялық топтарға қызмет көрсетуге ұмтылады, себебі гомогендік ағымдардың технологиясы жоғары болып келеді. Осыған байланысты рекреациялық мекемелер белгілі бір топқа қызмет көрсетуге мамандандырылады. Мәдени-білім деңгейінің және рекреациялық ағымның әлеуметтік-демографиялық құрылымның көрсеткіштері рекреациялық ағымға қызмет көрсету дайындығын (технологиялық дәрежесін) ашып көрсетеді.

"Қызмет көрсетушілер" мен "табиғи кешеннің" өзара қатынасын табиғи ортаның адам өмірі үшін қолайлы комфорттылық қасиеті анықтайды. Табиғи ортаға еңбек ету және тұрғылықты мекендеу үшін берілген баға демалуға арналған бағалармен әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалға, биік таулар мен аз қонысталған аудандар - спорттық туризм үшін қолайлы болса, қызмет көрсетушілердің өміріне (нұсқаушылар, бақылау-құтқару қызметтерінің жұмысшылары және т. б. ) және олардың еңбек етуіне бұл аудандар қолайсыз болып есептеледі.

"Қызмет көрсетушілер" мен "техникалық құрылыстардың" өзара байланысы еңбек әрекетінің қормен жарақталу қасиетімен сипатталады. Сонымен қатар қызмет көрсетушілер рекреациялық инфрақұрылымның кешенділігін талап етеді.

Рекреациялық мекемелердің жұмысшылары мен олардың жанұя мүшелеріне қызмет көрсету үшін техникалық жүйенің жеткілікті түрде әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-ағартушылық мекемелер желісі болуы қажет.

"Қызмет көрсетушілер" "басқару органына" жұмыс кезінде денсаулығын сақтауына және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне өз талаптарын қояды. Кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттарға қарсы бағытталған шаралар ТРЖ-нің профилактикалық деңгейін анықтайды.

"Басқару органы" мен "демалушылар тобының" өзара байланысының ішінде рекреациялық ағымға қойылатын ең негізгі талабы - бірқалыптылық. Өйткені, тұрақты және бір қалыпты демалушылар ағымы ТРЖ-нің барлық элементтерінің біркелкі жұмыс істеуіне жағдай туғызады.

Демалыс ауданының медициналық-географиялық жағдайына байланысты "басқару органы" "табиғи кешенге" бірқатар талаптар қояды. Жұқпалы аурулар мен улы өсімдіктер мен жәндіктердің болмауы, сондай-ақ табиғи кешеннің санитарлық нормаларға сәйкестігі гигиена қасиеті (гигиеналық) арқылы анықталады. Физиологиялық және технологиялық баға бергенде, табиғатты пайдалану кезінде санитарлық нормаларды құрастырғанда табиғи кешеннің медициналық-биологиялық қасиеттеріне талдау жасау қажет.

"Басқару органының" "техникалық құрылыспен" байланысы инфрақұрылымды (орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік көлік және т. б. ) толығымен пайдалану арқылы сипатталады. Технологиялық дайындық пайдаланатын орын санының тізім құрамының қатынасымен анықталады. Егер де кейбір себептермен (бұзылып қалу, техникалық жұмыстар жүргізу кезінде, кейбір бір бөлшектердің жетіспеуі) эксплуатациялық қоры жұмысқа пайдаланбаса, жүйенің жалпы көрсеткіштері төмендейді. Басқару органының міндеті - жоспарланған сыйымдылыққа сәйкес материалдық-техникалық базаны алдын ала дайындап, толығымен пайдалану.

"Басқару органы" "қызмет көрсетушілердің" білім деңгейіне үнемі талдау жасап, мамандарды оқытып, олардың білімін көтеруге арнайы шараларды ұйымдастырып тұруы қажет.

ТРЖ-нің барлық сипаттамаларын оқып, оларға талдау жасау - рекреациялық географияның маңызды міндеті болып саналады.

11. Рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының ара-қатынасы: зерттеу нысаны мен зерттеу пәні арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығы.

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең атарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Өте жиі бұл атаулар, кеәбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада қолданыла берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түснігі жиі пайдалануына жол ашылды.

Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), В. С. Преображенский мен Ю. А. Веденин (КСРО), и. Матцнеттер (ГФР), б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Каанада) және т. б.

Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдар әр түрлі ғылым пәні сияқты қабылданды. Уақыты жағынан ТМД елдерінде ең алдымен рекреациялық география (В. С. Преображенскийдің теориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы кейінірек дами бастады. Бұл екеуінің ара қатынасы мынадай: рекреациялық география - бұл мәні жағынан демалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының ішінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болып табылды. Кейбірлеулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса, ал басқалары оларды қоғамдық-география ғылымына жатқызды. Бұл мәселені шешу үшін талғау жасаумыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнің қарастырайық.

Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып тұратын екі түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдық география (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады. Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдар халық шаруашылығының екі саласын - рекреациялық сала мен туризм жүйесін оқытып түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі - рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э. Б. Алаевтың айтуынша(1983), «Қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойкумена» - қоныстанған, игерілген немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына қаратылған жердің географиялық қабығының бір бөлігі». Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаған ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен оның айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларды қамтиды.

Ойкуменаның әрбір сферасы кеңістікте күрделі ұйымдастырылған. Мысалы, экономикалық сферасы кеңістікте әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық аудандар түрінде ұйымдастырылған, демографиялық сферасы - халық орналасуының аумақтық жүйесі ретінде, әлеуметтік сферасы - халықтың территориялық ортақ түрінде, саяси сферасы - мемлекеттер түрде және т. с. с. Осындай кеңістік сфералардың әрқайсысында өзіне сай қоршаған ортасы бар және онымен олар үнемі байланыста болып тұрады.

Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А. И. Чистобаев, М. Д. Шарыгин, 1990) . Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз - ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға анықтама беруге тиіс: "Экономикалық және әлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастыруын оқып-үйретеді" (А. И. Чистобаев, М. Д. Шарыгин, 1990) .

Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның белгілі бір сферасының кеңістікте ұйымдастыруын оқып-түсіндіреді. Олардың өзінің зерттеу объектісі мен пәні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері болып, олар да осындай жағдайларға тән болып саналады.

ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдарының басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981) : « демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; « рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру, спорттық, танымдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы»; туризм - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, « туризм деген - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік - ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі; «э кскурсия - бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу».

Туризм зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінеосындай екіталайлылық кездеседі. Мысалы туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е. А. Котляров, 1978; И. И. Пирожник, 1985) ұл ұығм шын мәнінде рекреациялық географияға жатады.

1971 жылы кеңес одағының әдебиетіне В. С. Преображенский мен Ю. А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге ұшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялық жүйелердің пайда болуы, орналасу заңдылығын оқып-білу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінің ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарды анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.

Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады. Оның зерттеу пәніне:

- шаруашылық кешеннің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің ролі;

- туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.

Адамның кез келген іс-әрекеті, оның ішінде рекреациялық іс-әрекет те, бір жағынан кеністік пен уақытта іске асады, ал екінші жағынан осы әрекет кезінде кеңістік пен уақыттың ерекше түрлері қалыптасады. Мысалға, рекреациялық уақыт әлеуметтік уақыттың бір бөлігі ретінде, рекреациялық кеңістік - әлеуметтік кеңістіктің бөлігі ретінде қарастырылады.

Рекреациялық кеңістік - рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік және мәдени кеңістіктің бөлігі.

Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен сәйкес келеді, себебі, біріншіден, туризм - рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік іс-әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі жатады. Ал екеуінің зерттеу пәндері әр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетін аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетін аумақтық ұйымдастырылуы жатады.

Рекреациялық географияның пәні халықтың рекреациялық іс-әрекетін территориялық ұйымдастыруы болып табылады, ал туризм географиясының пәні - туристік іс-әрекеттердің территориялық ұйымдастырылуы болады.

Заңды түрде мынадай сұрақ туады, олай болса «демалыс» және «экскурсия» дегеніміз не? Біздің көзқарасымызша, бұл екі түсінік рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі, рекреацияның зерттеу шеңберіне кіреді.

Туризм де рекреацияның бір бөлігі, бірақ өзінің бұқаралық сипатына байланысты ерекшеленеді.

Сайып келгенде, рекреациялық география - бұл туризм мен демалыс географиясы, ал туризм географиясы - бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы.

Сонымен, «рекреация» деген түсінік «туризм» деген түсініктен қаншалықты кең болса, рекреациялық география да өзінің зерттеу кеңділігінен туризм географиясынан соншалықты асып түседі.

12. Туризмнің қысқаша даму тарихы. Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТРЖ - ның өзара байланыстары
Рекреациялық жүйе
Туризмология пәнінен дәрістер
Территориялық рекреациялық жүйелердің схемасын құрастыру
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Рекреацияның типтері
Рекреациялық қызметтің негізгі міндеті мен жіктелуі
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz