Бірпартиялық жүйе


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы
ОБӨЖ
Пәні: Саясаттану
Тақырыбы: «Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Түркістан 2022 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Саяси партия туралы толық түсінік
- Партияның пайда болуы мен қызметі
- Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық жүйелерге анықтама
- Партиялық жүйелердің бір-бірінен айырмашылықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінде партиялар басқарудың барлық формалары кезінде бар және әрбір қоғамның 35 саяси жүйесінің табиғи жемісі болып табылады. Партиялар және партиялық жүйелер көпшілік жағдайда дамыған қазіргі замандық қоғамда саяси жүйенің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қоғамның саяси құрылымының қажетті және маңызды элементі ретінде саяси партиялардың құрылуы саясатқа халықтың мейілінше көп бөлігін тарту процесін көрсетеді. Әдетте, партиялар атқарушы билікке қарсы тұру және бақылау жасау үшін, ұлттық электоратты құру, саяси бәсекелестікті біртіндеп кеңейту үшін құрылады.
Саяси партиялардың түптамыры ежелгі замандарға барып тіреледі. Өзінің құрамы жағынан онша көп емес және шағын партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. О баста олар аристократиялық саяси үйірмелер және клубтар ретінде құрылған, олардың мүшелері билік саласында және билікке ықпал ету үшін өзара бір-бірімен бақталастыққа түскен. Саяси партиялар қазіргі замандық мағынада айтқанда алғаш рет Еуропада пайда болған, одан кейін барып дүниежүзінің басқа аймақтарына тараған. Алғаш рет көпшілікке танымал партия Англияда (либералдық партия 1861 ж. ), Германияда (Жалпыға бірдей герман жұмысшылар одағы 1863 ж. ) пайда болды. ХІХ ғасырдың соңында көпшілікке ортақ партилар көбінесе социал-демократиялық бағыттағы, Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде құрыла бастады.
Саясаттанушылар көпшілікті қамтыған саяси партиялардың пайда болуының негізгі екі себебін атап көрсетеді:
1) азаматтардың саясатқа араласу саласын айтарлықтай кеңейткен жалпыға ортақ сайлау құқының таралуы;
2) таптық күрестің күшеюі, жұмысшы табының ұйымдасқан дамуы, олар өздерінің партияларын құра бастады.
Саясаттануда М. Вебер ұсынған саяси партиялардың құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін саралау жалпыға ортақ болып қабылданған:
1. саяси элитаның өкілдерін біріктірген Еуропадағы аристократиялық үйірмелер (ХVІ-ХVІІІ ғғ. ) ;
2. тек саясатта ғана емес, сонымен қатар қоғамның басқа саласында ықпал ете алатын адамдарды белсенді саяси қызметке тартуға бағдар ұстанған саяси клубтар (ХІХ ғ. ) . Клубтардың үйірмелерден айырмашылығы сонда, олардың идеологиялық доктриналары және дамыған ұйымдасқан құрылымы болды. Ұлы француз революциясы барысында пайда болған әйгілі якобиндер клубы, кордильерлердің клубы; ХІХ ғасырдың 30-жылдары пайда болған Чарлстонклаб, Реформ-клабы атап айтуға болады.
3. депутаттарды қолдауды қамтамасыз еткен көптеген жергілікті сайлау комитеттерінің бір жерге топтасуы нәтижесінде пайда болған көпшілікті қамтыған қазіргі замандық типтегі партиялар (ХІХ-ХХ ғғ. ) .
Өзінің дамуында расында жоғарыда айтылған барлық үш кезеңнен тек екі партия ғана өткен, олар Ұлыбританияның либеральдық (вигтер) және консерваторлық (торилер) . Басқа партиялардың тарихы біршама қысқа, олардың басым көпшілігі жұртшылықты кең қамтыған партиялар ретінде қалыптасты.
Саяси партия ұғымына анықтама беру мәселесі жайлы көптеген әртүрлі көзқарастар бар. «Партия» сөзі pars, parties деген латын тілінен аударғанда барынша ірі бөліктің «бір бөлігі, үлесі» деген мағынаны білдіреді. Саяси партиялар халықтың барынша белсенді, ұйымдасқан бөлігін қамтиды.
- Негізгі бөлім
Саяси партия туралы толық түсінік
«Партия» ұғымы латын тілінен енген, «бөлім», «бөлемін» дегенді білдіреді.
Партия əлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады, бірақ қызығушылықтар топтары мен қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси болып табылады.
Ол қоғамның əлеуметтік қабаттарының жəне белгілі бір кластардың қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің қызмет етуіне қатысады. Партияның іс-əрекетінің маңызды жағы болып саяси сананы қалыптастырудан көрінетін қоғамға оның идеологиялық ықпалы табылады.
Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір əлеуметтік қабаттар мен топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті əр түрлі саяси əдістермен жаулап алуды мақсат тұтады.
Саяси партияларды біріншіден, партияларға тəн ұйымдасқан құрылым мен дайындалған саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жаулап алуға емес, оны жүзеге асыратындарға ықпал етуге қол жеткізуге тырысатын қысым топтарынан айырып алған дұрыс.
Заманауи бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Саяси ғылымда партиялардың тарихи қалыптасу процесі М. Вебер ұсынған сызба бойынша қарастырылады:
а) аристократиялық үйірмелер (категориялар) ;
б) саяси клубтар;
в) бұқаралық партиялар.
Партиялар ішкі бірлестіктерге ие тұрақты иерархиялық ұйымдарды білдіреді. Құрылымында партиялар мыналардан тұрады:
а) партия көшбасшылары;
б) ми штабы, партияның идеологтарынан;
в) партиялық бюрократия;
г) бюрократияға жатпайтын партиялық актив;
д) партияның белсенді емес мүшелері.
Саяси партияларды басқа «саяси ойындарға» қатысушылардан мына көрсеткіштер бойынша айырады:
а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің ұзақтығы. Бұл көрсеткіш партияны өздерінің негізін қалаушыларымен бірге жоғалып кететін əдеттегі камарилийлер мен клиентелдерден ерекшелеуге мүмкіндік береді;
б) ұлттық орталықпен (жетекшілікпен) жүйелі байланысты қолдайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, бұл партияның парламенттік топтан айырмашылығын білдіреді;
в) жергілікті жəне орталық жетекшілердің билікке, күреске назар аударуы. Бұл партияны қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан (кəсіподақ, жастар жəне т. б. ұйымдары) ерекшелейді;
г) қоғам жағынан бұқаралық қолдаудың болуы. Аталған көрсеткіш партиялар мен қысым топтарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, қысым топтары əдетте сайлаулар мен парламент өміріне қатыспайды: олар партияларға, үкіметке жəне қоғамдық пікірге жасырын ықпал етеді.
Оның басқа ұйымдардан айырмашылығын көрсететін басты белгі - мемлекеттік билік үшін ашық күреске бағдарлану.
Партияның пайда болуы мен қызметі
Қазіргі заманғы үлгідегі партиялар алғаш АҚШ-та пайда болды. АҚШ конституциясының «негізін салушылар» федералистік партияны (кейін Виги және 1860 жылдан бастап Республикалық партия) жек көргенмен, 1800 жылғы АҚШ президенттік сайлауы кезінде ол бұқаралық партия ретінде шықты. Көптеген консервативтік және либералдық партиялар алғашында заңды фракциялар ретінде құрылды. Кейін олар күн санап артып келе жатқан электоратқа жүгінуге мәжбүр болып, сайлау округтерінің, жергілікті бөлімдердің және тағы басқалардың парламенттен тыс техникасын жасап шығарды. Керісінше, социалистік партиялар мен діни, этностық және тілдік топтардың атынан шығатын партиялар әрдайым үкіметтен тыс жұмыс істейтін қоғамдық қозғалыстар немесе мүдделі топтар ретінде пайда болды. Олар ресми өкілдікті жеңіп шығуға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға үміттенгендіктен, кейінірек толыққанды парламенттік партияларға айналды. ХХ ғасырдың басында партиялар мен партиялық жүйелер іс жүзінде қоғамды жандандыратын әлеуметтік және басқа тұрғыдағы бөліністердің саяси көрінісі болды. Алайда нәтижесінде қалыптасқан түрлі партиялардың айырмашылықтары айтарлықтай еді.
Саяси партияның қызметтері:
1) саяси - мемлекеттік билікке ұмтылу, саяси құрамды толықтыру, электоралды;
2) идеологиялық қызмет - партиялық идеологияны дайындау, партиялық үгіт-насихат;
3) əлеуметтік қызмет - өкілділік, бұқараның мобилизациясы, саяси əлеуметтену.
Бұл саяси партияның қызметтерінің жалпыланған сипаттамасы.
Саяси партияның қоғамның саяси институты ретіндегі басты қызметтеріне мыналар жатады:
а) саяси мақсатты анықтау жəне билікке қол жеткізу;
б) үлкен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарын анықтау, қанағаттандыру;
в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылар мен элитаны таңдау, сұрыптау;
г) партиялық идеологияны дайындау, саяси бағдарламаны жасау жəне жүзеге асыру, үгіт-насихат жүргізу жəне қоғамдық пікірді қалыптастыру;
д) саяси əлеуметтендіру, азаматтардың билікке қатысудағы қасиеттері мен қабілетін қалыптастыру;
е) биліктің жоғарғы жəне жергілікті органдарын қалыптастыру бойынша сайлау кампанияларын дайындау жəне өткізу.
Бірпартиялық жүйе
Бірпартиялық жүйе кезінде онымен күрес жүргізуге қабілеті бәсекелестен айырылған бір ғана билік етуші партия болады. Бұндай жүйе кезінде партия мемлекеттік аппаратпен бірге бітісіп кетеді және биліктік қызметті орындай бастайды, іс жүзінде бұл партияға тән нәрсе емес. Нәтижесінде бюрократизация болады, сайлаушылар тарапынан билікке деген демократиялық бақылаудың әлсіреуі байқалады, ал сайлаудың өзі формалдық сипатқа ие болады (КСРО, КХР, Албаниядағы КОКП) . Бұндайда жаңа партия құруға тыйым салынады, ал бар партия заңнан тыс бола бастайды. Бір партиялық жүйеде партия мен мемлекеттің іс жүзінде бірігіп кетуі болады. Негізгі саяси шешімдерді партия қабылдайды. Ал мемлекеттік әкімшілік оны тек практикада жүзеге асырады. Бірпартиялық жүйе тұрақсыздығымен, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстың болмауымен сипатталады, бұл өз кезегінде, біртіндеп бүкіл саяси жүйенің күйреуіне әкеп соқтырады.
Екіпартиялық жүйе
Екіпартиялық жүйе мезгіл өткен сайын бірін-бірі алмастыратын екі саяси партияның билікте өзгеріссіз болуымен ерекшеленеді. Олардың арасында іс жүзінде принципиальды саяси айырмашылық болмайды, олардың тұрақты бағдарламасы жоқ. Белгілі бір кезеңге дейін бұндай бағдарлама ретінде сайлау платформасы болады (мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партия) . Екіпартиялық жүйе екі партияның біреуінің парламенттегі көпшілік орынын қамтамсыз етеді. Басқарудың бұндай жүйесі кезінде билік етуші партия өзінің қателігін басқаға аудара алмайды, бұндай жағдай партия коалиция құрамында билік ететін көп партиялық жүйеде жиі кездеседі.
Көппартиялық жүйе
Көппартиялық жүйе іштей сан алуан болып келеді. Оны кейде әр алуан плюрализмнің жүйесі деп атайды. Көппартиялық жүйе екіден артық партияның бәсекелестігін қамтиды, үкімет әдетте, үш (мысалы, Германияда одақ еркін демократтардың билігін алма кезек пайдалана отырып, билік үшін социал-демократиялық партиямен бақталастыққа түседі), төрт (мысалы, Францияда коммунистер мен социалистер солшылдарды, ал демократтар мен республикашылдар - оңшылдарды білдіреді) партияның коалициясымен құрылады. Көппартиялық кезінде тіпті ең ірі деген партияның тек коалицияда ғана басқаруға мүмкіндігі болады. Бұндай жүйе кезінде басымдылық болмайды, билікке түрлі партиялар келуі мүмкін. Екі немесе көппартиялық жағдайында партиялар арасында бәсекелестіктің нақты шарты болады, бұл дегеніміз әрбір партияның және бүкіл саяси жүйенің жетілуіне себепші болады. Сондықтан қазіргі замандық саясаттанушылар бәрі бірпартиялық жүйе демократиялық құқық пен бостандықты күшті шектейді деп бірауыздан санайды. Партиялық жүйенің икемділігі мен динамизмі белгілі дәрежеде қоғамның тұрақтылығына себепші болуы мүмкін.
Партиялық жүйелердің айырмашылықтары
Бірпартиялық жүйе билікке тек бір ғана партияның монополиясы үстемдік етуімен сипатталады. Билеуші партияның билік үшін күрес жүргізетін бәсекелесі болмайды. Мұнда билеуші партия бәсекелес әрі бақылаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті өз қолына жинақтап, мемлекеттік құрылымды толықтай басқаруды жүзеге асырады. Яғни, партия мен мемлекет бірігіп, монополиялық билік түрін жүзеге асырады. Бұл жүйеде биліктен үміткер жаңа партияларды құруға қатаң тыйым салынады, ал, бар өзге партиялардың іс-әрекеті заңсыз деп саналады. Мұндай жүйеде партия мемлекетпен тұтасып кетеді. Негізгі саяси шешімдерді жоғары дәрежедегі партиялық жетекшілер қабылдайды, ал мемлекеттік қайраткерлер негізінен атқарушы рөлге ие. 1927 жылы Н. Бухарин Кеңес Одағының партиясы жөнінде: «Бір партия басқарушы болса, басқалары түрмеде отырады», - деген тұжырым айтқан. Әдетте, бірпартиялық жүйеде партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді және партияға тән емес функцияларды орындай бастайды. Нәтижесінде мемлекеттік құрылымда бюрократияландыру үдерісі етек алып, билікке сайлаушылар тарапынан демократиялық бақылау әлсірейді де, сайлаудың өзі формальды сипатты иеленеді. Бұған 1903 жылы пайда болған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП), Кеңес Одағының коммунистік партиясы (КОКП) мысал бола алады.
Ресейлік ғалымдар В. П. Пугачев пен А. И. Соловьев өз зерттеулерінде бірпартиялық (бәсекесіз) партиялық жүйенің ерекшелігін кеңірек түсіндірген.
Олардың пікірінше, бәсекесіз бірпартиялық жүйе - бұл мемлекеттік билікті бір ғана партия өз қолына шоғырландырған жүйе түрі. Бірпартиялық жүйе жағдайында партия саяси жетекші мен халық бұқарасы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде Парламент пен сайлау механизмдері жойылады немесе өз іс-әрекетінің шынайы мәнінен айрылады.
Бірпартиялық жүйенің деспоттық және демократтық екі түрі болады. Деспоттық бірпартиялық жүйе түрі саяси жүйедегі басқа партиялардың нақтылы өмір сүруіне тиым салынғандығымен ерекшеленеді. Шындығында, мұндай партиялар мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған КОКП нақты мысал бола алады. Демократтық жүйе түрі бірпартиялық жүйе үстемдік ететін, алайда онда көппартиялық жүйе жасанды түрде ғана қалыптасқан қоғамда көрініс табады. Аталған жүйеде билеуші партия тотальды идеологиялық және ұйымдастырушылық бақылауды жүзеге асырады.
Саяси жүйеде бірпартиялық жүйенің гегемонды партиялық жүйе деген де нұсқасы кездеседі. Көбінесе, өмірде гегемонды партиялық жүйе жағдайында партиялық және мемлекеттік аппараттың тұтасып кету ағымы байқалады. Сондықтан бұл жүйенің өздерінің түрлі идеялары мен мүдделерін білдіруге жеткілікті түрде мүмкіндіктерін жүзеге асырмауы оларды дағдарысқа әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Екіпартиялық жүйе (бипартизм) - бұл мемлекетте билік үшін шынайы күрес пен нағыз бәсекелестік екі ірі саяси партияның арасында өріс алатын жүйе. Мұнда екі партияның біреуі жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде кезекпен парламенттегі көпшілік орында иеленіп, Үкіметті қалыптастырады және мерзімі аяқталғанша билеуші партия ретінде өз қызметін атқарады. Ал, келесі партия оппозициялық бағытты ұстанады. Ол оппозицияда бола отырып, билеуші партияның іс-қимылын бақылап, сынға алады және оның елдегі билікті заңсыз жүзеге асыруына жол бермейді. Бипартизм мемлекеттік құрылымда басқа, ықпалы жағынан төмен партиялардың өмір сүруін де жоққа шығармайды. Олар да саяси үдеріске қатысады, бірақ билікті жүргізуге шынайы түрде ұмтылуға дәрменсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz