Кока-кола туралы


Мифсыз бренд - аспанға шашқан ақша, “Кока-кола” осы қағиданы тамаша көрсетуде. Клиенттерге осы салқындататын ішімдік түрлері ғана емес, бәсекелестермен болатын соғыс пен жанжалдар да қызық. Компания тарихының сыры ашылмаған фактілері, жасыру және, лезде теріс жорамалданатын, ұқыпты түрде жоққа шығарулар - тамаша жарнамалық әдіс. 1886 жылдың 29-наурызында Атланталық фармацевт Джордж Пембертон кока жапырақтарынан және кола тропикалық ағашының жаңғақтарынан тәтті сироп жасап, ішінде сусыны бар құтмыраны сату үшін дәрханаға алып барады. Сиропты сумен араластырып, сата бастайды, бірақ оншалықты табысты болмайды. Артқы аулада тұрған мыс таздағы сироп Аңыз бойынша, ішімдіктен кейін бас ауруынан қиналып жүрген келушілердің бірі сусынды газбен араластыруын өтінеді және нәтижесіндегі эффектке қатты көңілі толады. Енді кока-кола мидың жұмыс істеуін ынталандыратын керемет тоник, жүйке бұзылуына, бас ауруына, невралгия мен меланхолияға қарсы арналған дәрі ретінде сатыла бастайды. Пембертон, конфедераттар армиясының бұрынғы офицері, оңтүстіктегілердің жеңілуінен кейін, аштан өліп қалмау үшін күн көріс амалымен бір нәрсе жасауға мәжбүр болды. Оның медициналық білімінің болуы біршама күмәнді еді. Бірақ сол кездері фармацевтика саласында тәртіптің болмауы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берді. О’Генридің бір әңгімесі бар еді. Ол әңгімеде екі алаяқтың адамдары аңғал, шағын қала тұрғындарына барлық дерттен емдейтін әртүрлі «сиқырлы» дәрі-дәрмектерді сатқандығы туралы айтылады. Міне, осы жағдай аясында кока-кола пайда болды. Пембертонның өз үйінің сыртқы ауласында мыс тазда сироп қайнатуының мәні қарапайым. Өздерінің әдебі қатал болып келетін оңтүстік адамдары алкогольға қарсы шыға бастады, ал Пембертон шарапқа араластырылған кока жапырақтарынан спиртті тұндырма арқылы жақсы ақша тауып жүретін еді. Ол бұл рецептті француз Марианидан алған болатын. Енді, алкогольдің орнын бір нәрсемен ауыстыру керек болды. Бұл проблеманы кока жапырақтарында болатын кокаин шешті. Ал, кокиан сол кездегі дәрі-дәрмектердің көбісінде болатын еді. Әрине, өте жабайы естіледі, алайда, бір кездері герион да жөтелге қарсы дәрі ретінде дәріханада сатылатын. Сонымен бірге, осының барлығынан тыс, кока-кола морфинизмге қарсы құрал ретінде пайдаланылды, ал, Пембертонның анаша қабылдайдынтармен араласу тәжірибесі бар еді. Ал, сусында кокаин бар екендігін ескеретін болсақ, бұл тамаша ой еді. Тәуелді болудың орнын ауыстыру - релксанттардан ынталандырушыларға өту - ең жақсы «демалыс». Мұндай рецепттер қазргі американдық нашақорлыққа қарсы адуынының аясында өте қызық болып көрінеді. 1903 жылы New York Times газетінде кокаин мастығымен қақтығысқа шыққан негрлар туралы мақала шыққан кезде, ынталандырушыларға толығымен тиым салуға көше бастады, және «Кока-кола» өз бағытын тез арада өзгертіп жіберді. Себебі, кока-коланың сатылу орындарын суық допинг нүктелері деп атай бастады. Компания Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі федералды басқармамен не туралы уағдаласқандығы әлі күнге дейін белгісіз. Белгілі болғаны, жаңа кока жапырақтарын «сығылған» жапырақтармен алмастырды, сол себепті ол жерде енді кокаин жоқ болды. Кока-кола формуласын жариялауға әлі күнге дейін тиым салынған.
Пембертон өз қолымен жазып кеткен рецепт бар екендігі айталады. Ол ерекше бір сейфта сақтаулы, оған тек компанияның жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады, және бәрі бірге болған жағдайда ғана сейфті аша алады. Бір жағынан, қазіргі заманда түрлі ұйымдардың тағамға және сусындарға деген жіті назары мен қатаң талаптары аясында рецепттің әлі күнге дейін ашылмауы бір түрлі күмәнді.
Екінші бір жағынан рецептті біліп алудың түрлі жолдары бар. Атақты 7Х деген ингридиент лимон, апельсин, даршин майынан, жұпар жаңғағынан, ащы апельсин, кориандр және лайм гүлдерінен тұратындығын айтады. Бірақ, құпия әлі күнге дейін бар. Зауыттарды компоненттерді кодты нөмірлермен араластырып, ал, банка сыртында көп нәрсені білдірмейтін «табиғи хошиістендіргіштер» деген атау ғана бар. Бір нәрсені ғана сенімді түрде айтуға болады - қазір оның құрамында кока да, кола да жоқ. Дегенмен де, “Кока-колы” тарихы - бұл газдалған сусынның өмірбаяны ғана емес, ол - брендты танымал ету, стандарттарды енгізу, жарнамалық шеру және басқару әдістерінің тарихы. Бұған зерттеудің сан мыңдаған парақтары арналған және ол кез-келген қаржыгер үшін қызықты детективтан да қзықты болып табылады. Газдалған сусындармен күрес
Жаһандануға қарсы адамдардың трансұлтты корпорациялардың саясатымен күресі сол компаниялардың өнімдерін шайтандастыруға да алып келеді. “Кока-Кола” бұл жерде де соттар мен даулар бойынша бірінші орында, тіпті, бұл компания McDonald’s-ты газдалған сусындармен жабдықтайтын жалғыз жабдықтаушы да болып табылады.
Еріп кететін полиэтилен мен бұзылатын тістер мен ішкі органдар туралы әгімелер. Үндістанда егін алқаптарына себу үшін пестицидтер ретінде газды сусындарды пайдалануы. Сусынды унитаздар мен автомобиль моторларын тазартатын құрал ретінде қолдану. Қытайда спермицидті құрал ретінде қолдану. Бұл сусынды ішетін адамдардың әлі күнге дейін тірі жүргендігі бір түрлі қызық … Енді, сусынды қандай да санатта қолдануға қатысы жоқ мифтар: “Кока-Кола” мормондардікі екен, фантаны нацисттер ойлап шығарған, логотипті айна алдына қойып, теріс оқысаң мұсылмандыққа қарсы жарнаманы білдіреді екен.
“Маркс пен кока-коланың балалары” - Годардың ресейдегі ахуалға қатысты айтқан сөзін кейбір жағдай да ғана қолдануға болады. Маркстің Ресейге қатысты айтылуы түсінікті, ал кока-кола бізге тез жете қойған жоқ. Михалковтың “Пена” (Көпірік) атты пьессасында мынадай бір эпизод бар. Кеңестің орта санатты атқамінерлері қызының тойын тойлауда.
Альбина: Ой! Пепси! Міне керемет! <…> Ал, кока-кола болмады ма?
Полудушкин: Оған жете қойған жоқпыз. Бірақ, болады! Міндетті түрде болады! Барлығы бірден емес! Шындығында, “Кока-Кола” әдетте Олимп ойындарының демеушісі болатын, ал, КСРО-да жағдай мүлдем өзгеше еді, тіпті, “Пепси” 70-ші жылдардың аяғынан бастап батыста кең тараған бренд болып табылатын «Столичная» арағын тарату құқығына ие бола отырып, кеңес нарығында бар болатындығын айтпағанда. Шешімі табылды: идеологиялық қарсыласпен ынтымақтасу арқылы газды сусынның жарқын атына «кір» келтірмеу үшін, Мәскеуде фанта сата бастады Дегенмен де, 90-шы жылдардың басынан бастап “Кока-Кола” бәсекелесін тез басып озды.
Махонин: Пәлі, көпіршіктігін қара. Көбігінің өзі жарты фужер. (Бәріне көрсетеді. ) Алайда, тез отырып қалады екен. Қара! Тіпті болмаған да сияқты! (Ішеді. ) Полудушкин: Сыра ғана тез отырып қалмайды. Сондықтанда, ақылды адамдар онымен үлкен істер жасайды. Нәтижесінде, тез ұшып кететін көбікпен үлкен ақша істеуге болатындығы көрінді. “Кока-Кола” әлемдегі ең ірі және ең қымбат компаниялардың бірі болып қалуын жалғастыруда. “Кока-Кола” барлық жерде бар. Онымен жұлдызжорамал жасайды. Ол армияда да, космоста да бар. Ол тіпті Санта-Клаусты да өз қолына алып алды -1931 жылы американдық Аяз Ата үшін қазір көзіміз үйреніп қалған қызыл-ақ костюмның жобасы жасалды. Ол - Демократиялық партияның бейресми спутнигі (республикалықтар “Пепсиді” таңдайды) . “Кока-Коланың” алдында тұрған жаңа міндеті, корпорацияның маркетинг департаментінің бастығының сөзіне сүйенер болсақ, тұтынушыға жаңа жол табу: “Біздің ойымызша, бір күн барысында тек кока-кола ғана жарайтын сәттер болады”. Енді, адамдар бәрін түсініп, жақын жердегі дүкенге қарай жүгіріп кетуі үшін сол сәттер туралы айтуымыз ғана қалды.
Денсаулыққа әсері
Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.
Баламалы қолданыстары
Кока-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, татты жоя алады. Сондай-ақ кока-кола шәйнектегі қақты кетіруге пайдаланылады. Ақтөбе қаласындағы «Диапазон» газеті 2009 жылы Қазақстанның ең таза қаласы болып есептелетін Орал қаласында Жеңіс алаңын Кока-коланың көмегімен тазалап шыққанын хабарлайды.
Сусынның құрамы
Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы просто Coca-Cola нұсқасы берілген.
Сусынның компоненттері:
- қант
- көміртек диоксиді (Е290)
- бояғыштар: қант коллері (Е150), кармазин (азорубин) (Е122)
- ортофосфор қышқылы (Е338)
- кофеин
- табиғи хошиістендіргіштер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz