Автоматтандырылған объектіні зерттеу



Мазмұны


Кіріспе 3
1 Автоматтандырылған объектіні зерттеу 5
1.1 Объектіні сипаттау және оның өндірістік мақсаты 5
1.2 «Казэнергокабель» АҚ.ның ұйымдық құрылымы 6
1.3 «Казэнергокабель» АҚ құжатайналымы 9
1.4 «Казэнергокабель» АҚ.ның ақпараттық ағымы 12
1.5 Қазір орнатылған автоматтандырылған жүйені бағалау және кемшіліктерін айқындау 14
2 Бағдарламалық және техникалық құралдарға талап және жалпы алгоритмге әзірлеме 17
2.1 Әзірлемелік орта 17
2.2 Логистика бөлімінің АБЖ техникалық құралдарының кешені 18
2.3 Міндеттер шешімі алгоритмінің жалпы әзірлемесі 20
3 Бағдарламалық бөлім 26
3.1 Бағдарламаның интерфейстік бөлімін құрастыру 26
3.2 Бағдарламалық кодты құрастыру 28
3.3 Қызмет ету модульдерін әзірлеу және сипаттау 32
3.4 Жүйені тексеру 35
3.5 Әкімшілік 42
4 Экология 47
4.1 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы 47
4.2 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі 48
4.2.1 Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар 50
4.2.2 Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар 50
4.2.3 Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар 51
4.3 Атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуын тазалау 52
5 Еңбек қорғау 54
5.1 Еңбек қорғау түсінігі және оның маңызы 54
5.2 Логистика бөлімінің өндіріс санитария шаралары 55
5.2.1 Логистика бөлімін жарықтандыру және оны есептеу 58
5.3 Логистика бөлімінің өрт.электр қауіпсіздік шаралары 61
5.4 Логистика бөлімінде компьютерлермен жұмыс істеудің техника қауіпсіздігі 64
Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 67

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Айтмукамбетов Д.К.

Казэнергокабель АҚ-ның автоматтандырылған басқару жүйесін зерттеу және
модернизациялау

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

мамандығы 050704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Павлодар

2012

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Есептеу техникасы және бағдарламалау кафедрасы

Қорғауға жіберілді
20 ж. ________
Кафедра меңгерушісі Потапенко О.Г.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

дипломдық жоба

050704 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
(шифр)
(атауы)
мамандығы бойынша

Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің АБЖ зерттеу

және модернизациялау тақырыбы

Орындаған
Кабдуова С.Т.

Тобы ЕТжБ-401 (қолы)
(аты-жөні,тегі)

Ғылыми жетекші
Исабеков Ж.Б.

(қолы)
(аты-жөні, тегі)

Нормоконтроль
Исабеков Ж.Б.

(қолы)
(аты-жөні, тегі)

Павлодар

2012

Қорытынды жұмысты Нысан
орындауға тапсырма ПМУ ҰС Н 7.07.201



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Факультет Физика, математика және ақпараттық технологиялар_________

Мамандығы Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету____

Кафедра Есептеу техникасы және бағдарламалау______________________ ___

Оқушы Айтмукамбетов Данияр
Каримович__________________________ ____
(аты-жөні, тегі)

қорытынды жұмысты
(дипломдық жобаныдипломдық жұмысты)
орындауға берілген
ТАПСЫРМА

Қорытынды жұмыстың (дипломдық жобаныңдипломдық жұмыстың) тақырыбы
Казэнергокабель АҚ-ның автоматтандырылған басқару жүйесін зерттеу және
модернизациялау____________________ ___________________________________ _
университет бойынша 20__ж. "__"_________№____ бұйрығымен бекітілген.
Қорытынды жұмысты (дипломдық жобаныдипломдық жұмысты) тапсыру мерзімі
___________________________________ ____________________________
___________________________________ _____________________________
Қорытынды жұмыстың (дипломдық жобаныңдипломдық жұмыстың) бастапқы
мәліметтері
Алтухов Е.Б. Основы информатики и вычислительной техники. – М.: Высш.шк.,
1992. – 303 с.Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных
информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 1989. – 350 с. Васманов
В.В. Автоматизированные системы оперативного управления. – М.: , 1987. –
312 с.___________ ___________________________________ ____________________

Қорытынды жұмысты Нысан
орындауға тапсырма ПМУ ҰС Н 7.07.201



Қорытынды жұмыста (дипломдық жобададипломдық жұмыста) өңделуге жататын
сұрақтардың тізімі немесе қорытынды жұмыстың (дипломдық жобаныңдипломдық
жұмыстың) қысқаша мазмұны:
а) Есептің
қойылуы___________________________________ _________________________
б) АБЖ жасау мақсаттары, белгілері мен
шектеулері_________________________ __ в) Дипломдық жобаны орындаудың
аспаптық құралдары_______________________
г)
Эксплуатация___________________________________ ____________________________
д) Экологиялық
бөлім___________________________________ ______________________
e) Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы__________________________

Міндетті сызбалары нақты көрсетілген графикалық материалдың тізімі
__Слайдтар___________________________________ _______________________________
__

Ұсынылған негізгі әдебиеттер
Алтухов Е.Б. Основы информатики и вычислительной техники. – М.: Высш.шк.,
1992. – 303 с.Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных
информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 1989. – 350 с. Васманов
В.В. Автоматизированные системы оперативного управления. – М.: , 1987. –
312 с. Камаева, А.О. Экономическая теория. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС
2002 - 640с.Карпова Т. Базы данных: модели, разработка, реализация - СПб.:
Питер,2001 – 375с. Кренке Д. Теория и практика построения баз данных -
Спб.: Питер, 2005 - 859________________________________ ______________

Қорытынды жұмыстың (дипломдық жобаныңдипломдық жұмыстың) тиесілі тараулары
көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер

Тарау Кеңесші Мерзім Қолы
1.Есептің қойылуы Исабеков Ж.Б. 30.01-15.
02
2.АБЖ жасау мақсаттары, белгілері Исабеков Ж.Б. 08.02-17.
мен шектеулері 03
3. Дипломдық жобаны орындаудың Исабеков Ж.Б. 15.03-30.
аспаптық құралдары 04
4. Эксплуатация Исабеков Ж.Б. 07.04-02.
05
5. Экологиялық бөлім Исабеков Ж.Б. 05.04-24.
05
6. Қауіпсіздік техникасы және еңбек Аймуханов С.М. 23.04-25.
қорғау шарасы 04

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Автоматтандырылған объектіні зерттеу 5
1.1 Объектіні сипаттау және оның өндірістік мақсаты 5
1.2 Казэнергокабель АҚ-ның ұйымдық құрылымы 6
1.3 Казэнергокабель АҚ құжатайналымы 9
1.4 Казэнергокабель АҚ-ның ақпараттық ағымы 12
1.5 Қазір орнатылған автоматтандырылған жүйені бағалау және 14
кемшіліктерін айқындау
2 Бағдарламалық және техникалық құралдарға талап және жалпы 17
алгоритмге әзірлеме
2.1 Әзірлемелік орта 17
2.2 Логистика бөлімінің АБЖ техникалық құралдарының кешені 18
2.3 Міндеттер шешімі алгоритмінің жалпы әзірлемесі 20
3 Бағдарламалық бөлім 26
3.1 Бағдарламаның интерфейстік бөлімін құрастыру 26
3.2 Бағдарламалық кодты құрастыру 28
3.3 Қызмет ету модульдерін әзірлеу және сипаттау 32
3.4 Жүйені тексеру 35
3.5 Әкімшілік 42
4 Экология 47
4.1 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы 47
4.2 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі 48
4.2.1Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі 50
жалпы экологиялық талаптар
4.2.2Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық 50
талаптар
4.2.3Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық 51
талаптар
4.3 Атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуын тазалау 52
5 Еңбек қорғау 54
5.1 Еңбек қорғау түсінігі және оның маңызы 54
5.2 Логистика бөлімінің өндіріс санитария шаралары 55
5.2.1Логистика бөлімін жарықтандыру және оны есептеу 58
5.3 Логистика бөлімінің өрт-электр қауіпсіздік шаралары 61
5.4 Логистика бөлімінде компьютерлермен жұмыс істеудің техника 64
қауіпсіздігі
Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 67
Кіріспе

Өндірістік процесстерді, энергетикалық жұйелерді, транспорттік
объектілерді, ғылыми-сынау құрылғыларын және т.б. басқаруды автоматтандыру
біздің заманымыздың ғылым мен техниканың жалпы дамуындағы ең ілгері дамушы
бағыттарының бірі.
Қолмен істейтін жұмыс көлемінің азая түсуі, қызметкерлер уақыттарының
көп бөлігін технологиялық процесске анализ жасап қадағалауға, оның
өнімділігін арттыру жолдарын қарастыруға, өндірісте болатын ақаулар мен
агрегаттардың істен шығуын алдын ала ескертуге мүмкіндік береді.
Автоматиканың сәтті енгізілуі және автоматтандырылған агрегатпен дұрыс
жұмыс істелінуі көбінен қызмет етуші персоналдың, агрегатта құрылған
автоматикалық басқару жүйесінің жұмыс принципімен қаншалықты таныс болуынан
тәуелді.
Автоматтандырылған жүйе (Автоматизированная система; the automated
system) – басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын,
басқаратын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы.
Автоматтандырылған жүйеде автоматты құрылғылар басқару объектісінен ақпарат
жинақтауды, оны жеткізуді, түрлендіруді және өңдеуді, басқарушы
командаларды қалыптастыруды және басқарылатын объектіде олардың орындалуын
жүзеге асырады, яғни формальдауға оңай келетін қызметтер. Адам-оператор
басқарудың мақсаттары мен критерийлерін анықтайды және жағдайлардын өзгеруі
кезінде оларды түзетеді.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны,
материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану
процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-
материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
- технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
- күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен
кешендерді жобалау;
- цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау,
статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік
есептеу т.б. автоматтандырылады.
Автоматтандырудың мақсаты – еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру,
жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан
адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты
саналады.
Автоматтандыру (автоматизация) – адамды материалдар, энергия және
ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне
тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық,
программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.
Автоматтандыру – энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру,
тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан
немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-
математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Өндірістің күнделікті жұмысында, қажетті басқару шешімдерін қабылдауға
бастапқы материал болатын, көптеген оперативті ақпарат қолданылады.
Мекеменің ақпараттық жүйесі бір бірімен байланысқан ішкі жүйелерден тұрады.
Басқаруда ең үлкен маңызға экономикалық ақпарат ие. Ол келесі түрлерге
бөлінеді:
жоспарлы,
нормативтік,
тіркеу,
тағы басқалары (ревизияның, аудиторлік тексерістердің материалдары және
т.б.).
Экономикалық ақпараттың 70% бухгалтерлік ақпараттың үлесіне тиісті.
Бухгалтерлік ақпарат сапалы, оңтайлы, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандырарлықтай болуы қажет. Сонымен қатар, ол
еңбектің және уақыттың минималды жұмсалуы нәтижесінде құрылуы қажет.
Жоғарыда аталған барлық міндеттерді орындау үшін ақпараттың әртүрлі жинау,
өңдеу және тіркеу әдістері қолданылуы қажет. Экономикалық жағынан дамыған
елдерде, бұл мәселе жүйені бухгалтерлік тіркеу мен финанстік және басқару
тіркеуіне бөлу арқылы шешілген.
Финанстік тіркеу, тек қана ішкі басқаруда ғана емес, сонымен қатар
контрагенттерге (сыртқы пайдаланушыларға, басқа фирмаларға, бақылау және
қадағалау органдарына) де белгілі болатын ақпаратты қамтиды. Басқару
тіркеуіне мекеменің ішінде басқаруды қамтитын ақпараттың барлық түрлері
жатады.
Біздің елдегі мекемелердің көп бөлігінде дәстүрлі бухгалтерлік тіркеу
жүргізіледі. Басқару тіркеуі мүлде жүргізілмейді немесе дамымаған. Оның
элементтерінің көп бөлігі біріктірілген бухгалтерлік тіркеу (өндірістік
шығындарды тіркеу, өнімнің өз құнын калькуляциялау), оперативті тіркеу
(оперативті есепшілік), өнімнің экономикалық анализі (өнімнің өз құнын
анализдеу, қабылдаданатын шешімдерді негіздеу, жоспарлы тапсырмаларды
орындауды бағалау) құрамына кіреді
Казэнергокабель акционерлік қоғамында (АҚ) бухгалттерлік тіркеумен
қатар басқару тіркеуі де жүргізіледі. Оны жүзеге асыру үшін клиенттердің
тапсырыстарын қабылдап, үлестіретін логистика бөлімі құрылған.
Дипломдық жобаның мақсаты логистика бөлімі менеджерінің
автоматтандырылған жұмыс орнын құру болып табылады. Осы проектті жүзеге
асыру нәтижесінде, басқару тіркеуін құруға кететін уақытты қысқартуға
мүмкіндік береді.
1 Автоматтандырылған объектіні зерттеу

1. Объектіні сипаттау және оның өндірістік мақсаты

Казэнергокабель Акционерлік Қоғамы (АҚ) Қазақстан Республикасы (ҚР)
Президентінің Қорғаныс өнеркәсібінің дамуы және конверсиясы қаулысына
сәйкес, өндірісті қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша құоылды. ҚР
Министрлік кабинетінің қолдауымен приоритетті инвестициялық жобалар
тізбесіне кіргізілген.
Зауыт ҚР-ның өндірістік аймақтарының орталығына орналасқан. Павлодар
қаласынан бірдей ара қашықтықта ірі өнеркәсіп орталықтары Қарағанды,
Өскемен, Семей, Астана орналасады. Зауытта барлық қажеттті инфрақұрылымдар
бар. Қазіргі мәмлегер: өндірістік, әкімшілік, қоймалық, сонымен қатар,
тұрмыстық тұлғалармен, әр түрлі қосалқы жайлар орналастырылған. Зауыт
қазіргі өндірістік- технологиялық құрылғылармен жабықталған. Зауыт 1994
жылы ең алғашқы өнімдері оқшауланбаған өткізгіштер шығаруға кәсіпорын
ғимараттары құрылысын салумен қатар кірісті. 1999 жылы зауыт кабельді-
өткізгіштер өнімдерін шектеулі ассортиментте шығара бастады.
Казэнергокабель Акционерлік қоғамы өткізгіштер өнімдерін 6500-ден аса
түрін атаулық (номенклатуралық) өндірушілердің бірі болып саналады. Дамыған
бөлімшелік торабы ( Астана, Алматы, Ақтөбе) ең жоғары деңгейде Қазақстанның
кез келген аймағына өнімді жеткізеді. Зауыт импорттың орнын басу Үкіметтік
бағдарламасына белсене қатысып, 2000 жылдың қортындысы бойынша ең үздік
танылып ҚР Үкіметінің дипломымен марапатталды.
Казэнергокабель АҚ:
- Энергокабель (Москва қаласы);
- Қазақстандағы машина құрылысы;
- Қазақстанда инженер- энергетиктер одағы;
- ҚР жұмысберушілер конфедерациясы ассоциациясының мүшесі болып
табылады.
Казэнергокабель АҚ Отандық өнім өндірушісі ретінде ҚР
кәсіпорындарымен Қазақстандық өнімдерді сатып алу үлесін үлкейту (кеңейту)
іс-шараларына белсене қатысады. Біздің кәсіпорынның СТ-KZ формасы бойынша
өнімнің шығу тегі, шыққан өнімнің (70% дан- 100% ға дейін) Қазақстанда
қамтамасыз ету үлесі көрсетілген сертификатына ие. Отандық өнім өндірушілер
реестрінде 004189 тіркеу нөмірімен ФНБ (Халық банкі қоры) Самырұқ-Қазына
АҚ ұйымдастырумен тіркелген. Бұл ақпарат ФНБ Самырұқ-Қазына АҚ ресми
сайтына орналастырған. Бүгінгі күні Казэнерго кабель АҚ тұтынушыларды кең
ауқымды өнімдермен қамтамасыз етуде. Бақылау, телефон кабельдері,
қондырғылар орналастыру, әуе байланыстары, телефон сымдары, өндірістік
жарылыс жұмыстарына арналған сымдар, ауылдық телефон байланыстарының
радиофикациясын тарату телефон сымдары, сужүктегіш электроқозғалыштарды
орнату құрылғылары, әуе электрлік жіберу тізбесіне арналған болат
көпсымдылар, бболат тасымал тростары және т.б.
2006 жылы Кабельді – өткізгіштер өнімдерін шығаруды кеңейту, телефон
сымдарын шығаруды ұйымдастыру, оқшаулағыш тігілген полиэтилен күш
кабельдері инвестициялық жобасы бойынша жеке меншік шоты қаржысымен
қаржыландыра отырып , шетел инвестициясын және Қазақстан Даму Банкінің
несиесін жалпы сомасы 12,8 млн АҚШ доллары қатыстыру арқылы толық көлемді
жұмысын аяқтады.
Жобаны жүзеге асыру зауыттың өндірістік қуатын екі есе кеңейтуге және
150 қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызды. 2010 жылы Қазақмыс
корпорациясының қаржылық көмектесуімен Алюминді катанка өндірісі
инвестициялық жобасы жасалды. Бұл жоба 2010-2014 жылдары ҚР индустриальды-
инновациялық дамуын күшейту бағдарламасына кірді. Берілген жоба шетел
жеткізушілерінен шикізат тәуелділігін төмендету, алюминді сым талшықты
кабельдермен Қазақстанды қамтамасыз ету үлесін кеңейту, сонымен қатар
кабельді- өткізгіштер өнімін өндіруге материалды шығындарды азайтуға жағдай
жасайды.
Жоғары деңгейлі сапаның тұрақтылығы халықаралық, мемлекетаралық
стандарт, жоғары сапалы шикізаттың түсілімі, басқа ел жабдықтарын
пайдалану, қазіргі технологиялар 9000 сериялы ISO стандартына сәйкес жүзеге
асырылып, қол жеткізіледі.
2004 жылы зауыт ISO 9001-2001 менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес ҚР
сертификатын алды, 2005 жылдың қаңтар айында KEMA Quality B.V. (Нидерланды)
2011 жылдан DEKRA Certification фирмасынан сапалы менеджмент жүйесіне
сәйкес халықаралық сертификатқа ие болды.
Компанияның басты мақсаты тапсырыс берушінің талабын толық
қанағаттандыруға бейімделу.
Күнделікті технологияларды меңгеру, жаңа материалдарды пайдалану,
кабельді - өткізгіштер өнімдерінің жаңа түрлерін игеру, компьютерлікжүйелі
тапсырыстарды жоспарлауды енгізу және сапаны бақылау, қысқа мерзімде
өндірістік тапсырыстарды орындауға жоғары сапалы өнімдерді қоюға, икемді
бағаларға келтіруге жағдай жасайды

1.2 Казэнергокабель АҚ-ның ұйымдық құрылымы

Компания жұмысын бас директор басқарады. Бас директор мекеменің
өндірістік-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, барлық
құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың, өндірістік бірліктердің өз ара іс-
қимыл нәтижелерін ұйымдастырады. Олардың жұмыстарын өндірісті дамытуға және
жетілдіруге бағыттайды.

Сурет 1.1 – Казэнергокабель АҚ-ның ұйымдық құрылымы

Директорат құрамына директор орынбасарлары да кіреді. Директор
орынбасарлары өндіріске қатысты фунционалды міндетіне кіретін сұрақтарға
қатысты жұмыстарды ұйымдастырады, өндіріс жоспарларының орындалысы,
тауарларды жеткізу келісім-шарттары мен тапсырыстарды ұйымдастыру
жұмыстарына қатысады, олардың орындалысын қадағалайды.
Цех Казэнергокабель АҚ құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып
саналады. Және өндіріс өнімдерінің міндеттерін тікелей орындайды.
Бөлім жұмысын бас инженер басқарады. Бас инженер тікелей мекеме
директорына бағынады. Бас инженер өндірістің техникалық дайындық деңгейін
және оның тұрақты көтерілуін, өндірістік еңбек және өндіріс нәтижесін
жоғарлату, қаржылық, материалдық, еңбек шығысын кеміту, өндірістік қорды
тиімді пайдалану, өндірілген өнімнің жоғары сапасы мен бәсекелестік
қабілетін, жұмысы мен қызметін, шығарылған өнімдердің мемлекеттік
стандартқа сәйкестігін, техникалық шарт талабына сай болуын, сондай ақ
сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді, жаңа техника мен
технологияларды игеру жоспарын жүзеге асыру іс-шараларын ұйымдастырады.,
техникалық-ұйымдастыру іс-шараларын өткізу, ғылыми-зерттеу және
тәжірбиелік, конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады.
Логистика бөлімі келесі міндеттерді орындайды:
- тұтынушыларға қызмет көрсету;
- сұраныстарға болжау жасау;
- қорды басқару;
- логистикалық коммуникация;
- сұраныстарға өңдеу жасау;
- өндірістік және қорлық жайларды орналастыруға орын таңдау;
- жабдықтауды ұйымдастыру.
Делдал тұтынушы мен тауарды сатушының, қызмет көрсетуші мен тапсырыс
беруші арасында іскерлік байланыс орнатады, тауарды сату және сатып алу
жұмыстарын өз уақытында және тиімді жағдайда жасауды, қызмет көрсетуге
келісім-шарт жасауды ұйымдастырады, ішкі және сыртқы нарықтың жай- күйін,
тауардың тұтынушылық қасиетін зерделейді, тауарды транспорттауды
ұйымдастырады, жеткізу құны мен клиенттен өндіріп алу құнын рәсімдейді.
Логистика бөлімінің менеджері логистикалық болжау мен жоспар құрады,
логистикалық жүйелерді жобалайды және оларды ұйымдастыру, игеру жұмыстарын
жүргізеді. Логистикаға жұмсалған шығындарды есептейді, логистикаға арналған
бюджетті жасап шығарып, олрадың сақталуын қамтамасыз етеді, логистикалық
ақпарат жүйесін құру және игеру жұмыстарын ұйымдастырады, сатып алу
жоспарларын құрады, жеткізушіні іздеу және онымен тауарды жеткізу келісім-
шартын құру жұмысын қадағалайды, жеткізу келісім шартының талдауын жасап,
сұраныстың орындалу сапасын талдайды, үзіліссіз өнімге қажетті қордың
ауқымын жоспарлайды, шығын мен қордың шығысын бағалап, қорды басқару
жүйесін жобалайдыжәне қолданады, есеп- қисап жүргізу әдісі, қорды бағалау
және нұсқасын әзірлеу, қорды түгендеу, қордың жағдайын қадағалау
жұмыстарымен айналысады.
Бухгалтер қорларды түгендеуді үйлестіріп, қорлардың жағдайын
бақылайды. Бас бухгалтер мекеменің шаруашылық-қаржылық қызметінің
бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жүзеге асырады, еңбек және қаржылық,
материалдық жай-күйін үнемді пайдалануын, мекеме меншігінің сақталуын
бақылайды. Бухгалтерлік есеп туралы есеп саясатын заңдылыққа сай мекеменің
қызметі ерекшеліктері мен құрылымын басшылыққа ала отырып құрастырады.
Қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, жетіспеушілік туралы ескертулерге,
тауарлық- материалдық құндылықтарды және ақша қаражаттарын заңсыз
жұмсалуына, қаржылық және шаруашылық заңдылықтардың бұзылуына сәйкес
шаралар қолдану. Қаражаттың кірісі мен шығысы жайлы жедел жиынтық есебін
және баланс, бюджеттің пайдаланылуы жайлы тағы басқада статистикалық
есептерді құрастыруды қамтамасыз ету. Тиісті ұйымдарға қойылған реттік
бойынша ұсыныс жасау.
Бас бухгалтердің орынбасары келесі міндеттерді орындайды:
- уақытында және дұрыс тауарлық-материалдық құндылықтар есебін
ұйымдастыру;
- статистикалық және бухгалтерлік есеп құрастыру.
Бухгалтер есебінің түпқұжаттарында ақша қаражатының қозғалысын
айқындап, мекеменің банк есебіндегі (шотындағы) ақша қаражатының қозғалысын
қадағалайды, төлем тапсырмаларын уақытында рәсімдеп, уақытында банкқа
ұсынады, қаражаттың уақытында және дұрыс пайдаланылуын және есептен
шығарылуын, кассалық және басқа да ақша қаражатын құрастыруда бағалауды
жүзеге асырады.
Есеп бөлімі келесі міндеттерді атқарады:
- КСП шығын сметасын құрастыру және орындауды қамтамасыз ету;
- заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу;
- ақшалы қаржы мен материалды құндылықтарды сақтауды орындау және
қамтамасыз ету;
- шығын сметасында қарастырылған қаржы бөлу келісім шартының ауқымын
қосымша бақылауға сай жүзеге асыру;
Есеп бөлімін есеп бөлімінің бастығы басқарады

1.3 Казэнергокабель АҚ құжатайналымы

Құжат – кез келген тәсілде, кез келген материалда жазылған өз қызметін
ұйымдастыру үшін заңды және жеке тұлғалардан қабылданған ақпарат түрі.
Қандай да бір шешімді қабылдау үшін құжатты жеткізуші тұлғадан сенімді
ақпарат керек. Құжат өте көп және олардың өзіндік ерекшеліктері болады.
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты логистика бөлімінің менеджерінің
жұмыс орнының автоматтандырылуы болғандықтан оның құжатайналымын
қарастырамыз. Құжат жалпы: келіп түскен құжаттар, ішкі құжаттар, шыққан
құжаттар болып бөлінеді.
Құжатайналым сұлбасы 1.2 суретте көрсетілген

Сурет 1.2 - Құжатайналым сұлбасы

Келіп түскен құжаттар:
- үстеме шығындар- өндіріс үшін дайын өнімдерге қажетті, фирма тарапынан
келіп түскен өнімді құптайтын дерек құжаты;
- фактуралық шот (кіріс)- өндіріс үшін дайындалған өнімдерді фирма
тарапынан иелікке алуын құптайтын дерек құжаты;
- сұраныс құжаты дайындалған өнімді пайдалануға клиент сұранысының
қабылданғанын құптайтын дерек құжаты.
шығыс ақпараты:
- фактуралық шот (шығыс) – дайындалған өнімдердің пайдалануға дайын
екендігін құптайтын дерек құжаты;
- дайын өнімдерді шығаруға ілеспе құжаты- дайындалған өнімдердің
шығарылуға дайын екенін құптайтын дерек құжаты.
ішкі құжаттама:
- жұмысты орындауға үкім-сұраныстың орындалуға тапсырылғанын құптайтын
дерек құжаты;
- орындалған жұмыс іс-әрекеті (актісі) – өнімнің дайындалу жұмыстарының
орындалысын құптайтын дерек құжаты;
- шикізатты есептен шығару үкімі (актісі) – өндірісте шикізаттың
пайдаланылғанын құптайтын дерек құжаты;
- шикізат пен еңбек шығындарының нормативті анықтамасы- шикізат
шығындарының мөлшерін, өндіріске қажетті өнімдердің сондай- ақ сапасыз
өнімдердің мөлшерін анықтайтын нормативті құжат;
- атаулық анықтама- дайындалатын өнімнің тізбесін анықтайтын нормативті
құжат;
- шығыс құжаттарының есебі – жиналған ақпарат ағымына негізделген,
басқару шешімдерін қабылдауға қажетті есептер жиынтығы.

Кесте 1.1 – Құжатайналым кестесі
Құжатайналым Сипаттамасы Дерекнама көзі Мақсаты
номеры
01.03.03 Тапсырыс Тапсырыс беруші Логистика бөлімі
03.04.01 Счет-фактура Логистика бөліміТапсырыс беруші
03.05.01 Дайын өнімді Логистика бөліміТапсырыс беруші
шығаруға жөнелтпе
құжат
02.01.03 Шығын жөнелтпе Жеткізуші Логистика бөлімі
құжаты
02.02.03 Қызметтерге Жеткізуші Логистика бөлімі
счет-фактура
03.06.05 Жұмысты орындауға Логистика бөліміЦех
наряд
05.07.03 Орындалған жұмыстарЦех Логистика бөлімі
акты
05.08.03 Шикізаттарды Цех Логистика бөлімі
есептен шыгару акты
03.01.06 Шығын жөнелтпе Логистика бөліміБухгалтерия
құжаты
03.02.06 Қызметтерге Логистика бөліміБухгалтерия
счет-фактура
03.03.04 Тапсырыс Логистика бөліміТіркеу бөлімі
04.09.03 Шикізаттар шығыны Тіркеу бөлімі Логистика бөлімі
мен қызметтердің
нормативтік
анықтамалығы
04.10.07 Есептер Тіркеу бөлімі Директор

Кіріс құжаттама есебіне фактура-шоты мен шикізаттарды сатып алу
деректерін тіркейтін шығыс жүкқұжаты кіреді, өндіріс өніміне қажетті, сол
сияқты кіріс құжаттарына клиент сұраныстарында жатқызуға болады.
Сұраныстарды құрастыру барысында шығарылатын өнімдердің атаулық анықтамасы
және шикізаттардың шығын мөлшері анықтамасы пайдаланылады. Сұранысты
қабылдаған соң Жұмыстарды орындауға жүктелім құжаты құрастырылып, цехқа
жіберіледі. Өнімді цехта әзірлеп болған соң орындалған жұмыс актісі және
шикізаттарды есептен шығару актісі түседі. Бұдан кейін Дайын өнімдердің
жүкқұжаты құрастырылады. Жұмыс барысында менеджер сұраныстардың орындалысы
есебі мен шикізаттың шығыны есебін және шикізаттың қолданысы мен қалдықтары
жөнінде есеп құрастырады.
Бөлімшелер арасында айналатын құжаттардың тізімі 1.2 кестесінде
берілген.

Кесте 1.2 – Құжаттар тізімі
Құжат номеры Құжат атауы
01 Шығын жөнелтпе құжаты
02 Счет-фактура (кіріс)
03 Тапсырыс
04 Счет-фактура (шығыс)
05 Дайын өнімді шығаруға жөнелтпе құжат
06 Жұмысты орындауға наряд
07 Орындалған жұмыстар акты
08 Шикізаттарды есептен шыгару акты
09 Шикізаттар шығыны мен қызметтердің нормативтік
анықтамалығы
10 Номенклатуралық анықтамалық
11 Есептер

1.4 Казэнергокабель АҚ-ның ақпараттық ағымы

Қазіргі кезде бар мемлекеттік экономиканың әрі қарай даму деңгейінің
табысты шешімі үшін басқару игеру басты мақсат болып отыр. Техникалық
құралдардың өндірісті ұйымдастыруда жаңа өдістермен сәйкес келуі қысқа
мерзімде аумақты экономикалық тиімділік акелуі тиіс. Басқару құрамының
басты қызметінде дұрыс және тиімді шешім қабылдауын жүзеге асыру үшін, жыл
сайынғы күрделіленіп жатқан ақпарат ағымдарын игеруге ерекше көңіл аудару
керек. Басқару әдісі мен түрлерінің сапалы ығысуын, бар ақпарат жүйесін
заман талабына сай ЭВМ автоматтандырылған жүйесін пайдаланып ауыстыру
арқылы қол жеткізуге болады. Әсіресе автоматтандырылған ақпарат жүйесінің
кең таралуы, үлкен көлемді ақпараттардың талдауы мен өңдеуді тез жинақтауды
талап ететін орталықтардан көруге болады.
Осыған байланысты үлкен көкейкесті мәселе, ақпарат ағымында талдау
жасау және сипаттау әдістерін жасау. Бұл жұмыс келесі басты міндет аясында
жүргізіледі:
- ұйымға талдау жасау;
- құжат ағымы жүйесін игеру;
- автоматтандырылған ақпарат жүйесін жетілдіру.
Мекеменің басқару жүйесін ұйымдастыруда басты құрамды элементтерінің
бірі – ақпарат жүйесі болып табылады. Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен
міндеті ақпарат ағымына сипаттама және талдау жасауда макродеңгей және
микродеңгей болып бөлінеді.
Макродеңгей көлемінде ақпарат ағымын зерделеу басқару объектілерінің
іс- әрекетінің жалпы сұлбасын түсінуге мүмкіндік береді және ұйымға талдау
жасаудың алғашқы қадамы болып есептеледі. Бар құжат ағымы сұлбасын игеру
міндеті де осы деңгей бойынша жүзеге асады. Сындарлы міндеттерді шешу үшін
макродеңгейден микродеңгейге көшу керек. Себебі, ақпарат жеткізуші
ақпаратпен салыстырғанда басқаруға қажетті хабарламаларымен екінші кезекте.
Микродеңгейге көшу ақпарат объектілерінің бейнесін өзара байланысы,
ақпарат ағымының құрылымы мен қозғалысын, элемент арасындағы байланыс бір
объекті екінші объектінің бейнесін айқындауын білдіреді. Микродеңгейде
ақпарат ағымын зерделеу автоматтандырылған ақпарат жүйесін басты жобалау
болып табылады.
Басқару үрдісін мазмұнына қарап басқару шешім түрінде ақпаратты
қабылдау және өңдеу, тапсыру үрдісі деп қарастыруға болады. Басқару
ақпараттары орындаушыларға шешім түрінде беріледі.
Басқарушы немесе басқару жүйесінен келіп түскен ақпарат мәліметтің
қажеттілігін, сенімділігін түсіну қамтамасыз етілген жағдайда пайдалы,
керек ақпарат бола алады. Мәліметтерді дайындап, жинақтауды орындаушылар
мәліметтің толық және сенімді болуын қамтамасыз етуі оларды тез арада
дайындап, қосалқы мәліметтердің барлығын тазартуы тиіс.
Өз уақытында және мерзімінде ақпаратты қабылдау: Тез, жылдам
(мекеменің өндірістік- шаруашылық қызметінде салмақты бұзушылықтың жол
алғаны немесе болу мүмкіндігін хабарлайтын хабарлама), шұғыл (күнделікті
немесе апталық өндірістік жүргізілу барысындағы қалыптан ауытқулар туралы
хабарламалар), мерзімді (айлық, тоқсандық, жылдық жұмыс қортындылары) болып
бөлінеді.

Кесте 1.3 – Ақпараттық ағымдар кестесі
Код Құжат
ИП 1 Жұмысты орындауға тапсырыс
ИП 2 Счет-фактура (кіріс)
ИП 3 Шығын жөнелтпе құжаты (кіріс)
ИП 4 Жұмысты орындауға наряд
ИП 5 Шикізаттарды есептен шыгару
ИП 6 Орындалған жұмыстар акты
ИП 7 Счет-фактура (шығыс)
ИП 8 Шығын жөнелтпе құжаты (шығыс)

Ақпарат жүйесі барлық деңгей басшыларын толық (көлемі мен мазмұны
бойынша) ақпараттармен қамтамасыз етуге, өндірісті- шаруашылық қызметінің
жүргізілу жолы мен беталысын әділ айқындайтын және қандай да бір деңгей
басшыларына қажет емес, керексіз) ақпараттарды тазартуды қамтамасыз етуге
тиісті. 1.3 суретте ақпарат ағымының сұлбасы берілген.

Сурет 1.3 – Ақпарат ағымының сұлбасы

Ақпарат ағымының сұлбасының іс- әрекетін қарастырамыз. Тапсырыс беруші
орындауға сұраныс береді (ақпарат ағымы 1, 01.10.2011. Шикізат жеткізуші
керекті шикізаттарды жеткізген соң ( АА 2, АА 3 03.10.2011, цехқа орындау
туралы үкім түседі АА4, 04.10.2011, Үкім орындалғаннан кейін шикізатты
есептен шығару және орындалған жұмыс актісіне қол қойылады АА 5,
07.10.2011; АА 6 07-08.10.2011. Тапсырыс берушіге құжаттама мен дайын өнім
жеткізіледі АА7, АА 8 09.10.2011. Ақпарат ағымында қолдан құрастырылатын
ақпарат басты орын алады.

1.5 Қазір орнатылған автоматтандырылған жүйені бағалау және
кемшіліктерін айқындау

Ақпарат ағымы мен құжатайналымы сұлбасына жасалған талдау. Ең басты
ақпарат ағымы логистика бөлімінің менеджері арқылы өтеді. Логистика
бөлімінің менеджері жұмысына талдау жасалғаннан кейін бірнеше кемшіліктер
анықталды:
- негіздеу шешімін қабылдауда жеделдіктің жетіпсеушілігі, ағымды жұмыс
жағдайымен басқару аппаратының жұмыскерлерінің хабардарлығының
жетіспеушілігі, өз уақытында мәліметтердің берілмеуі;
- қолданылып жүрген цех құжаттарының көлемімен құрылымы, оларды
құрастыру әдістері, өз уақытында және сенімділік деңгейі, қатар
қолданылып жүрген артық ағымдардың пайда болуын жоққа шығармауы;
- қолмен орындалатын есеп жұмыстарының үлкен көлемде болуы;
- қордағы материалды құндылықтардың есебінің жедел орындалмауы;
- ақпаратты қабылдаудағы жеделдіктің төмендігі;
- өнімдердің құнын есептеуде жоғары деңгейдегі қателіктердің пайда
болуы;
- есеп құрастыру көп жағдайда қолмен орындалуы;
- ақпаратты автоматты жинап, өңдеудің болмауы.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің барлығы да менеджер қызметіндегі
автоматизацияның жетіспеушілігінен туындайды.
Осыған байланысты құрылған жүйе:
- көрсеткіштерге жедел өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- өнім құнын автоматты түрде есептеуге болады;
- талап етілген есепті жедел құрастырады;
- есеп құжаттарын құрастыру және құнын есептеу барысындағы қателердің
болу тәуекелдерін төмендетеді;
- жүйенің сенімділігі мен тиянақтылығын жоғарылатады.
Шоғырланған шешімнің нәтижелі болуымен олардың жан- жақты факторы мен
даму қозғалысы басқарудың табысты болуын анықтайды. Шоғырланған шешімдердің
басты санаты- мекеме ақпарат жүйесінің өңделуі. Көрсеткішті өңдеу жүйесінің
ең негізгі мақсатының бірі, мекеменің немесе компания жұмысының нәтижесін
көтеру болып саналады.
Көрсеткішті өңдеу жүйесі көрсеткіштің жұмыс қортындысы бойынша жалпы
және нақты болуын қамтамасыз етеді. Маңызды көрсеткіштің беталысының
өзгерісін жеңіл, тез айыруға жағдай жасайды. Ешбір кедергісіз, уақытында
ақпаратты қабылдауын қамтамасыз етеді. Деректердің тура және толық талдауын
жасайды.
Қазіргі кезде Казэнергокабель АҚ бухгалтерлік есепті автоматтау
барысында, өнімнің өзіндік құнына калькуляциясын автоматтау барысында 1С:
Мекеме7.7 Қазақстанға арналған бухгалтерия жүйесі мен MS office 2003
(EXCEL) жүйесін пайдаланады. Microsoft фирмасының офистік пакетін пайдалану
қатенің пайда болу тәуекелінің жоғарылауына әкеліп соқтырады. (өнімнің құны
мен саны қолнаушымен 1С Мекеме жүйесінде саналады және EXCEL бетіндегі
тиісті ұяшықтарға қойылады) және өзіндік құнын калькуляциялау уақытын
ұзартады.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерге байланысты клиент сұранысын және
дайын өнімдердің құнын есептеп шығару үшін кескінін әзірлеу керек.
Пайдаланып жүрген бағдарламалармен ақпараттық ағымдарды талдай отырып
әзірленген жүйенің мақсатын жасауға болады. Әзірленген жүйе мына талаптарға
жауап беруге тиіс:
- сенімділік.( жүйенің дұрыс емес қате қате деректерді кіргізуден
қорғайтын механизмдері болу керек);
- қауіпсіздік. ( жүйе пайдаланушының мәліметке құқығы болған жағдайда
ғана ұсынуға тиісті);
- ауқымдылығы немесе қамтылуы.(Жүйе пайдаланушылардың саны ұлғайған
жағдай да дұрыс жұмыс істеуі керек)
Ақпараттық жүйе енгізілген соң келесі қосымша қызметтер орындалуы
керек:
- дайын өнімдер құрамының есебі;
- өндіріске пайдалануға арналған дайын өнімдер шикізаттарының есебі;
- өндіріске пайдалануға арналған дайын өнімдер шикізатының шығын қалпын
сақтау;
- шикізат қажеттілігін анықтау;
- клиент тапсырыстарының есебі.
2 Бағдарламалық және техникалық құралдарға талап және жалпы алгоритмге
әзірлеме

2.1 Әзірлемелік орта

Әзірлеме үшін 1.С: мекеме 8.0 жүйесі таңдалды. 1.С: мекеме
бағдарлама негізінде құрылған бизнес-қосымша (қолданбалы шешім) жиынтығы
және платформаны қосу, көптеген салалар мен әртүрлі ауқымдағы мекемелерге
арналған жүйе.
1.С: мекеме – басқару және есептеу автоматизациясына алдағы
қатардағы технологиялық платформаға негізделген, маңызы мен икемі жағынан
жоғары, бір пайдаланушыдан серверлік-клиентке дейінгі және шешімдердің
аймақты орналасу ауқымы, ұсақ мекемелерден ірі мекемелерге дейін және
бизнес- құрылымдарына арналған.
Технологиялық платформа 1.С: мекеме келесі негізгі элементтерден
тұрады:
- платформаның негізгі бөлігі, негізгі қызметімен объектілер жиынтығы
жіне орындалу ортасын қосу, мәселелі (проблемелық- бағдарлы объектілер
кітапханасының құрылуы, арнаулы объектілер сыртқы кітапханасы,
қалыпты хаттама негізіне қосылған – activex, html, xml (тәуелсіз
әзірлеуші көмегіменде әзірленуі мүмкін);
- инструменталды құрал қосымша әзірлемесі;
Технологиялық платформа әзірлеме уақытын қысқартуға мүмкіндігін
арттырады, мекеме талаптарына сәйкес нарыққа жаңа қолданбалы шешім енгізу
және тез бейімдеу құралын сәйкестендіреді. Платформа мүмкіндіктері тек
алғашқы өнімдердің әзірлеу жылдамдығын тездетумен қатар, келешекте тез
бейімделуін қамтамасыз етеді.
1.С: Мекемеде платформа мен бизнеске айқын бөлімдер енгізілген.
Платформа frame-work деп аталатын бизнес-қосымша қызмет етуін қамтамасыз
ететін түрін ұсынады. Сонымен қатар, платформа әзірлемеге қажетті құралдар,
әкімшілік және бизнес-қосымшаны қолдауды құрайды. Мұндай қосымша өзіндік
маңызы бар, жеке бағдарламалық өнім бола алады, бірақ толықтай
технологиялық платформаға сүйенеді. Бизнес-қосымша негізіне метадеректер
жатады. Олар құрылымдық, мағлұмды сипаттамасын ұсынады. Метадеректер
объектілер иерархиясын құрады, бар жүріс-тұрыс аспектісін анықтайды және
барлық қолданбалы жүйе құрамының бөлімдерін құрастырады, бизнес-қосымша
жұмыс барысында платформа барлық керек міндеттермен қамтамасыз ете отырып,
метадеректерді түсіндіреді.
Метадеректермен дерек құрылымы, түрлер құрамы, объектілер арасындағы
байланыстар, олардың іс-әрекетіндегі ерекшеліктер мен визуалды ұсыныстарды,
өту құқығын айыру жүйесін, пайдаланушы интерфейсін сипаттайды. Жүйенің
жұмыс істеу сұлбасы сурет 2.1 көрестілген.

Сурет 2.1 – 1.С: мекеме 8.0 жүйесінің жұмыс алгоритмі

1.С: Мекемеде басынан белгілі бір үлгі негізінде қатал бағыт
қолданбалы шешім құрылымына кепілденген. Осы үлгі арқылы барлық қолданбалы
шешім құрылымы идеологиясына түсініктеме беріледі. Бұған дерек құрылымының
құрылу тәсілдері, деректер арасындағы байланыс түрлері, деректермен епті іс
жасау қағидалары, бизнес-логика түрлерінің сипаттамасы, деректердің
интерфейстік объектілермен байланысу тәсілдері, деңгей жүйесі бойынша
қызметінің бөлінуі жатады.

2.2 Логистика бөлімінің АБЖ техникалық құралдарының кешені

Казэнергокабель АҚ техникалық жабдықтандыруы жоғары деңгейде
және оның құрамына кіретіндер:
- сервер;
- жұмыс стансалары;
- лазерлік принтерлер;
- желілік жабдықтар.
Бар компьютерлер жергілікті 100 мбс есептеуіш желісіне деректердің
жіберлу жылдамдығымен біріктірілген. Компьютерлік желі дегеніміз – бір-
бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс
құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің
тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем
факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан
жйынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып
құрылғыларды ортақ пайдалануға,қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі
мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс
жасауға мүмкіндік береді.

Кесте 2.1 – Казэнергокабель АҚ жабдықтарының мінездемесі
№ Атауы Мінездемелері Саны
1 Сервер CPU 2xXeon 5140, 2048Mb RAM, Net 1
1Gb, UPS 1500
2 Жұмыс станциясы CPU CeleronD 2000, 1024Mb RAM, Net13
100Mb, UPS 500
3 Желілік концентратор 24 port 1
D-Link
4 Желілік концентратор 8 port 4
D-Link
5 Принтер HP LaserJet 1100 3
6 Принтер Xerox DocuPrint 8pe 1

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:
- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға
әртүрлі қызмет көрсету.
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан
ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен
байланыстырады. Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен
немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен
байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық
компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс
тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес
компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады. Жергілікті желі
әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның
мынадай ерекшеліктері бар:
- құжаттарды бірге пайдалану;
- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс
жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге
мүмкіндік алады;
- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін
серверде сақтау және архивтеу;
- сервердегі қоданбалы программалармен оңай байланысу;
- қымбат тұратын қорларды – принтерлерді, CD-ROM мәлімет
жинақтауыштарын,қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын
көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.
Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар –
компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен
қамтамасыз етеді.
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау
сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан.
Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі
сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-
бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі,мұнда бір компьютер өз құрылғыларын
басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады.Осыған орай жергілікті
желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған
– оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса,қалғандары тұрақты түрде
клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп
түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік
сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу
жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл
серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы
сақталады.Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да
жоғары деңгейде болуы тиіс. Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына
мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Сервер барлық жұмыс орындарын бақылауды жүзеге асырады. Әдетте сервер
қойылған тапсырмаларды орындау үшін (деректер қорымен жұмыс істеу болса да,
пайдаланушылардың басқа сұраныстарын орындау болса да) үлкен қуатымен және
жылдамдығымен ерекшеленеді. Сервер пайдаланушылардың сұраныстарын шапшаң
өңдеу үшін арналған, бағдарламалық қорғау мен бақылаудың арнайы
механизмдерін қамтиды. Егер сервер қуаты жеткілікті болса, клиенттік
машинаның қуатына қойылатын талаптарды жұмсартуға болады. Сервер
негізіндегі желілердегі жұмыс орындарының саны әр түрлі болса алады,
бірнеше компьютерден жүздеген немесе мыңдаған компьютерге дейін. Желінің
өндіргіштігін қажетті деңгейде ұстау үшін пайдаланушылар саны өскен кезде
қосымша серверлер орнатылады. Файл-сервер түрлі типті файлдарды әр түрлі
рұқсат етілу құқықтарымен сақтау мақсатында пайдаланылады. Логистика бөлімі
келесі серверлермен жабдықталады:
- файл-сервер:
- кітаптардың электронды көшірмесі;
- есеп беру құжаттары;
- келісім шарттары;
- кітаптар тізімі;
- әр түрі құжаттар;
- SQL – сервер;
- Windows Server 2003;
- Microsoft SQL Server 2000.
Серверге орнатылатын операциялық жүйе – Windows Server 2003. Жалпы ИТ-
қойылған талаптарының өндірістің кез келген өлшемін қанағаттандыруға
құрылған, қосымшаға арналған, веб-қызметтер мен желілік инфраструктураны
қолдау және жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді және де өнім шығару мен
өте жақсы экономикалық көрсеткіштер көрсетеді.
Казэнергокабель АҚ логистика бөлімінің техникалық негізіне 1 сервер,
13 компьютер, 4 принтер, 14 үздіксіз қоректендіру көзі кіреді. Барлық
принтерлер желілік және бар компьютерде пайдалануға болады.

Сурет 2.2 – Логистика бөлімінің техникалық құралдар кешенінің (ТҚК)
сұлбасы

Сурет 2.3 – ТҚК сұлбасы

2.3 Міндеттер шешімі алгоритмінің жалпы әзірлемесі

Автоматтандыру еңбек өнімділігін көтереді, өнім сапасын жақсартады,
басқару үрдісін ұтымдыру. Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) – кез-келген
мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы
қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған
құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол
қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен
қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары,
оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық
құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан
құралдар және т.б.
АЖО негізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы
жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында
мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал
кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену
мүмкінлігі кезінде өзінің тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын
есептеуге болады.
Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір
деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер
негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика
саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және
оптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі
сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі
үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны
құру ұстанымдары жалпы болу керек:
- жүйелік;
- икемділік;
- тұрақтылық;
- нәтижелілік.
Жүйелілік. АЖО-ның құрылымы функционалды белгіленуі бойынша
анықталатын жүйе ретінде қарастырылады.
Икемділік. Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің
үлгі қалыптылығы арқасында мүмкін болатын қайта құрушылыққа негізделген
жүйе.
Тұрақтылық. Оның ұстанымы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі
және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның
бөлек бөліктеріндегі олқылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс
істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек.
Нәтижелік. АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына
таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық
көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.
АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және
ұйытқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы
мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.
Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және
шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде автоматты басқару жүйесі (АБЖ)
немесе АСУ маңызды құрылымдық біріктірілуі болып табылады. АЖО – бұл әр
уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру
тобы және ол нақты шамаларға бағытталады.
Автоматтандыру міндеттері шешіміне жүйелі, кешенді үйлесімді қажет
етеді. Автоматтандыру жүйесі құрамына сезгіштер, енгізу құрылғысы, басқару
құрылғылары (контроллерлер), тындырымды құрылғылар, шығару құрылғылары,
компьютерлер кіреді.
Автоматтандыру келесі өлшемдерге бөлінеді:
- өндірістік үрдістер;
- жобалау;
- ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- ғылыми зерттеулер;
- бизнес-үрдістер;
- адами еңбек және басқа салалар;
Қолданылып жүрген есептеуіш құралдары әдістерін жүйелер деп атайды.
Автоматтандыру жүйесінің негізгі түрлері:
- өндірістерді басқару автоматтандыру жүйесі (ӨБАЖ);
- автоматты басқару жүйесі (АБЖ);
- автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ);
- жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (ЖАЖ).
ӨБАЖ – бұл экономикалық-математикалық әдістер мен ақпараттық
технологияларды есептеуіш техникалық құралдарын қолдану негізінде
өндірістік жүйелерде ең маңызды қасиетке ие болып отырған шоғырландыруға
бағытталған жүйе.
ӨБАЖ – бағыныңқы жүйелерден тұрады. ӨБАЖ-ні бағыныңқы жүйелерге бөлу
мақсаты – үлкен біртекті емес элементтерді жобалау үрдісін ықшамдау, ӨБАЖ-
сін енгізу және пайдалану. Барлық бағыныңқы жүйелерді екі топқа бөледі –
қызмет етуші және қамтамасыз етуші.
Функционалды бағыныңқы жүйелер мекемелерде жүзеге асырылатын басқару
функцияларына сәйкес бөлінеді. АБЖ өндірістік мекемелерге келесі:
өндірістік техникалық дайындығын, негізгі өндірісті, көмекші өндірісті,
материалды-техникалық жоспарлауын, бухгалтерлік есебін сатып өткізілуін,
қызметкерлер құрамын, шығарылған шикізат сапаларымен, қаржылық бағыныңқы
жүйелер кіреді.
Қамтамасыз ету бағыныңқы жүйелер функционалды бағыныңқы жүйелердің
кешенді мәселелер шешімін қамтамасыз етуге арналған. Қамтамасыз ету
бағыныңқы жүйелер құрамына техникалық, ақпараттық, математикалық,
бағдарламалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету кіреді.
Техникалық қамтамасыз бағыныңқы жүйесі техникалық құралдар кешенін
ұсынады. Есептеуіш техника құралдары, жергілікті желілер ұйымдастыру мен
ауқымды жүйелеріне қосылуға арналған құралдар, тіркеу құралдары,
ақпараттардың жинақталуы мен айқындау құралдары кіреді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі сыртқы ақпараттық
қамтамасыз ету құрамына кіріс және шығыс құжаттары түрінде (электронды),
функционалды мәселелерді шешу кезінде қолданылатын, ішкі, мекеменің базалық
деректерін ұйымдастыруға бағдар беруге пайдаланылатын ақпараттық қамтамасыз
ету бағыныңқы жүйесі кіреді.
Математикалық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі мәселесін шешімі кезінде
математикалық әдістер, үлгілер, қағидалар кіреді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесіне мекемеде қолданылатын
жүйелі бағдарламалық қамтамасыз ету, басқару мәселелерін шешіміне арналған
бағдарламалар, т.б бағдарламалар жатады.
Ұйымдастыруды қамтамасыз ету ӨБАЖ-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған жүйелердің жіктелуі
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
Математикалық модельдер
Оқу жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері мен талаптары
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Модельдер құру технологиясы
Мұнай өнімдерінің магистральдық құбырларының ЖІО шаралары
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Пәндер