Корей прозасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Корей прозасында, басқа елдердің әдебиетінде сияқты, негізінен таралған жанр роман болып табылады. Тіпті кейбір деректерде прозаны кәрісше 소설 (роман) деп аударған. Проза жанрында жазатың барлық авторлар өздерінің толық шығармашылық қабілеттілігін роман беттерінде көрсетіп отырған.
Әдебиеттің роман деген жанры әр кезеңге сай белгі бір тақырыпты ұстанып отырған. Негізінен бұл тақырыптар сол кезеңдегі қоғамдық, саяси мәселелерден алынған. Өткен ғасырдың аяғында Оңтүстік Корея экономикалық жарылыс жасап, аздаған уақыт ішінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдер санына қосылады. Осы кезден бастап кәрістердің орташа табысы көбейіп, тұрмыс жағдайы күрт жақсы жаққа өзгереді. Осы кезден бастап Оңтүстік Кореяға әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар тартыла бастайды. Оңтүстік Кореяның универсеттеріне түскен студенттер, ірі кәсіп орындарды дамыту үшін шақыртылған шетелдік мамандар, және бұлардың ішінде ең көбі үшінші әлем мемлекеттерінен келген қара жұмысшылар болып табылады. Ерте заманнан бір ұлтты қоғам болып келген Оңтүскік Корея кенеттен көп ұлтты қоғамға айналып, бұл өзгерістің зардабы да кем болмайды. Кореяға жұмыс іздеп келгендер өзімен бірге өздерінің мәдениеттерін, өздеріне лайық жүріс-тұрыстарын қоса алып келеді. Осыған орай ежелден бір ұлтты қоғам болып келген корея жерінде мәдени түсініспеушілік негізінде, қақтығыстар орын ала бастайды. Бұл 1990-жылдардан бастап қорей қоғамындағы негізгі мәселеге айналады. Саясаткерлер бұны шешү амалдарың іздеп, ал жазушылар болса бұл қоғамдық проблеманы роман түрінде қағаз бетіне түсіре бастайды.
Негізінен әдеби шығармалар, әсіресе романның жазылу барысы бірнеше жылдар, кейде оңдаған жылдарға созылады. Сол себепті 1990-жылдардағы корей қоғамындағы мәдени проблеммалар 2000-жылдардан бастап толық шығарма ретінде басылып шыға бастайды. Мысалы, Пак Бом Шин деген романист өзінің Намастэ деген романың 1994 жылы бастап, 2005 жылы аяқтап жарыққа шығарады. Бұл роман реализмдік бағытта жазылған кореяның ең танымал көп мәдениеттілік романы болып табылады. Осы роман арқылы XX-ғасырдың аяғында кореяда орналған көп мәдениеттіліқ қоғамды толық сезіне аламыз. Шетелден келген қара жұмысшы корей қоғамында жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін қандай қиындықтарды бастан кешіріп, оның соңы немен аяқталады, көп мәдениетті ортада қандай мәдени жанжалдар орын алады деген сұрақтарға толық жауап ала аламыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XXI-ғасыр басындағы корей прозасы, тіпті жалпы әдебиеті әлі күнге дейін бірде-бір рет зерттелмеген сала болып табылады. Егер де XX-ғасыр корей әдебиетін зерттеген диссертациялар, жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде жетімді болса, 2000-жылдардан бастап жазылған корей әдеби шығармалары корей тілін меңгермеген адамдарға беймәлім, жабық болып тұр. Алайда осы кезеңнін әдебиеті, Оңтүстік Корея тарихының күрт өзгеруіне байланысты, қоғамдық-тарихи жағынан маңызды кезең болып табылады. Бұл кезең әдебиетің зерртеу арқылы біз корей тарихындағы өтпелі кезенінің тұрмыстық жағдайын көре аламыз. Көп мәдениетті қоғамның кәрістерге тигізген әсері, өзге мәдениетті құрметтемейтің ортадағы иммигранттардың өмірімен жақын таңысуға болады. Басты кейіпкер, кәріс әйелінің көзімен, 90-жылдардың аяғында корей қоғамындағы шетелдіктерге деген әділетсіздіктің болу себептерін талқылап көреміз.
Зерттеу жұмысының нысаны. Корей әдебиетінің прозасы зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады. Оның ішінде Пак Бом Шинның Намастэ және Ким Дже Енгның Коккири деген шығармалары толық талқыланып, анализдеу процесінен өтіп, автор бұл шығармаларда айтқысы келген тақырып, Оңтүстік Кореядағы көп мәденеттілік мәселе, оның басталуымен мен таралуы, құрушы кейіпкерлердің жағдай зерттеу жұмысының нысанына айналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - XXI-ғасыр корей прозасының тақырыптық ерекшіліктері, шығармалардың мазмұның талқылау болып табылады. Осыған дейін қазақ тілінде зерттелмеген, 2000-жылдар корей прозалық шығармаларында көтерген проблеммлар, проза беттеріне кіріп тұрған терең ойларды анықтау көзделген.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. XX-ғасырдың аяғында орын алған тарихи оқиғалар XXI-ғасыр корей әдебиетіне әсер етуі туралы айтылған. Осы өзгерістердің арқасында корей прозалық шығармалары әңгімелеген қоғамдық проблемаларды көруге болады. Корей прозасында ерекше орынға ие болатың роман жанры түралы түсінік беріліп, негізгі шығармалар талқыланды. Осы шығармалар арқылы біз дамып келе жатқан солтүстік корея мен қазіргі кездегі дамыған корея арасындағы өтпелі кезең тұрмысың бақылап, сезініп, болған оқиғаларды кәрістердің және кореяға жұмыс іздеп келген қара жұмысшылардың көзқарасынан көре аламыз.
Зерттеу жұмысының теориялық-практикалық маңызы. Осы жұмыс арқылы біз жаңа ғасыр басындағы корей әдебиетімен бір қадам болсада жақынырақ таңыса аламыз. Теория бөлімінде роман жанрының корей әдебиетіндегі ерекше орны жайлы біліп, оның көздеген негізгі бағытың біле аламыз. Практикалық бөлімде зерттелген Пак Бом Шинның Намастэ және Ким Дже Енгның Коккири шығармалар негізде толық талдау жұмыстарын қарап, осы кезең әдебиетіне баға беруге болады.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысы Пак Бом Шинның Намастэ және Ким Дже Енгның Коккири деген шығармаларды, осы кезең әдебиеті зерттеліп жазылған кәріс тіліндегі диссертацияларды, жәнеде жалпы Оңтүстік Корей алдыңғы ғасыр аяғындағы тарихи өзгерістерді зерттеу әдісің қолданып жазылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Негізгі дерек көздер болып Пак Бом Шинның Намастэ және Ким Дже Енгның Коккири деген романдары болып табылады. Оған қоса ғаламтор жүйесінің ақпаратттық беттері және кәріс тілінде жазылған ғылыми жұмыстар, диссертациялар дереккөз ретінде қолданды.

1ХХІ-ҒАСЫР БАСЫНДА ПАК БОМ ШИННЫҢ НАМАСТЭ ЖӘНЕ КИМ ДЖЕ ЕНГНЫҢ КОККИРИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҚОҒАМДЫҚ-ТАРИХИ ЖАҒДАЙДЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

1.1 Пак Бом Шин шығармашылығы
1946 жылдың тамыз айының 24-не Чуннам ауданының Нонсан қаласында дүниеге келді. Коре университетінде білім беруден магистратураны бітіреді. 1967 жылдан 1973 жылға дейн бастауыш сынып, жоғарғы сынып оқутышы болып жумыс істеп, 1973 жылы Джунган Ильбо (중앙일보) жыл әдебиеті және өнері номинациясында Пак Бом Шин мырзаның Жаздың белгілері (여름의잔해) шығармасы марапатқа ие болды.
Осыдан кейн 1992 жыл 토끼와잠수함 1978, 덫 1979, 식구 1983, 흉기 1990, т.б 죽음보다깊은잠 1979, 돌아눕은혼 1980, 풀잎처럼눕다 1980, 불꽃놀이 1983, 숲은잠들지않는다 1985, 불의나라 1987, 물의나라 1988, 잠들면타인 1980, 수요일은모차르트를듣는다 1991, 틀 1993, одан да басқа 20-дан астам романдары басылып шықты.
1970-1980 жылдардағы шығармалардың көбісі зорлық-зомбылықтын себептерін көтеруді мақсат қойды. Алайда үлкен зомбылыққа қарсы тұрған роман бас-кейпкердің басына жазылғаны әрдайым жеңіліс болып, оның аяғы кейіпкердің қаза болуына да алып келіп отырды. Сондай-ақ қала және туған ауыл сйяқты қарама-қарсы құрылымдағы тақырыптар арқылы құндылықтың бетін ашатын шығармалардың кесірінен көпшілік зиялылар жазушы деген жаман атқа ие болды. 1993 жылы күнделікті басылатын газетке романдарын бастырып жүріп аяқ астынан шығармашылық жұмысын тоқтататынын жариялап ештеңеге араласпай өмір сүріп кетті. 1996 жылы басылған Ақ сиыр тартқан арба деген ұзақ аңгімесімен шығармашылығын қайта жандандырды. Одан әрі (тыныштықтың үйі) 1999ж. және (жұпарлы құдық әңгімесі) 2001 ж романдарын жариялады [1].
Намасте. Бір күні Камилмен Сабина деген непалдық жұмыскерлер біреулерден қашып жүріп Су Енның үйіне кіріп кетеді. Екеуінің қиын жағдайын түсінген Су Ен бір бөлме босатып оларға қалуға рұқсат береді. Бірге тұра келе Су Енның Камилге деген сезімі пайда болады. Күндердің бір күнінде Сабина Камилдың жинаған ақшасын ұрлап қашып кетеді. Камил Сабинаны іздеп жүрген кезде қолын сындырып алада. Су Енның оған деген сезімі өшпей, олар екеүі бірге тұруды жалғастырады. Камил Су Енға осы кезге дейін өзінің Кореядағы өмірі және өз отаны жайлы әңгімелерін айтқан кезде, Су Ен Америкаға иммиграциалау кезіндегі бастан өткізген оқиғаларың еске алып, екеуініғ арасы одан ары жақындай түседі. Екеуінің ара-қатынасы жайлы естіген Су Енның ағасы олардың бірге болуына қарсы болуы Камил Су Енды тастап кетуге сепеп болады. Біраз уақыт өткеннен кейін Су Ен Камилден жүкті екендігін біледі.
Осы уақытқа дейін Су Ен ағасынан бөлек шығып киім-кешек дүкенін ашып сауда жасап Камилдың оралуын күтіп жүреді. Бір күні Камилдың иммиграция полиция қызметкерінен кашпақшы болып шатырдың үстінен секіріп зақымданып ауруғанада жатқанын естіген Су Ен, оны іздеп барады да, екеуі кайта жолығады. Су Ен Камилды осы күйінде де қабылдап, жақын арада балалары босанып олар отбасы ретінде жаңа өмірін бастайды.
Шетел жұмысшыларының басына қиындық туып, өз өздеріне қол жұмсағандарын естіп Камил шетел жұмысшыларының құқығы үшін күреске түсу мақсатында аштық жариалайды. Бұл күресте Су Ен Камилды қолдап күрес жүргізуге барынша көмектесуге тырысады. Алайда олардың тырысқандарынан түк шықпай, шетелден келген жұмысшылардың өз-өзіне қол жұмсауы тоқтамады. Осыған шыдамаған Камил үстіне от жағып, жоғарғы қабаттан секіріп кетеді. Су Ен Камилды ұстамақшы болып бірге отқа оралады. Сол сәтте Камил бірден бақилық болып біраз уақыттан кейін Су Енда о дүниеге аттанады.
2012 жылы Камилмен Су Енның өсіп жетілген ортақ баласы Ерин, Непалға барып Сабинаны іздеп тауып алады. Сабинаның Камилден тапқан баласы Донг Менгмен танысады [2].

1.2 Ким Дже Ен шығармашылығы
Ким Дже Енгның Коккири деген шығармасы жаңа романға негізделетін бес жүзге жуық профессорлар таңдаған 2005 жылғы мәселе романы және 2005 жылдың үздік романы деген атаққа ие болып, өз шығармашылығын мойындатты. Автор осы шығарманы жарыққа шығару үшін бірнеше айлар бойы иммигранттармен бірге тұрып, өз көзімен бақылаған дискриминация мен теріс түсінікке іші толы иммигранттардың шынайы өмірін шығармасында түсінушілік көзқараспен баяндалған болатын. Автор берген бір сұхбаттыңда, жаһандану деген міндетті түрде кореядан шыққанда ғана емес, корей қоғамын іздеп келген адамдардың мәдениетін түсініп, бұны ел ішінде сезінудің өзі де жаһандану болып саналады деп жариялап, жарамды жаһандану орналу үшін бұл жерге келгениммигранттарды жылы қабылдау керек деп, көп мәдениеттіліктің орналуын талап етті. Оған қоса автор тағы бір берген сұхбатында, корей қоғамы шеттетілген баспалардың сөзіне құлақ салмай, өзгеге деген сақтанушылық сезімің баса алмай, қорғануға асығады деп, корей қоғамыныңшектелген ұлтшылдығын сынады. Ким Дже Енг, байқұс иммигранттардың жүрегінде орын алған күйік пен торығудың алдын ала сезінуі жарылып шығайын деп тұрған каһарға айналып бірте-бірте жиналған кезде, Францияда мұсылман иммигрантардың бастауымен орын алған жаппай тәртіпсіздікке ұқсас оқиға кореяда да орын алу мүмкін деп ескертті.
Коккири романындағы басты кейіпкер мен Акас, Непалдық әке мен Чосондық анадан туған аралас қанды бала. Оның анасы ақша аз табаты әкесімен дәрігерлік сақтандыруға да төлей алмағандықтан оларды тастап кетеді. Акас пен оның әкесі 10 жыл бұрын шошқа қорасы болған жерде басқа жұмыс иммигранттармен бірге күн көріп жүрді. Жас өспірім бала жатып жүрген жері, үшінші әлем жұмыс иммигранттары атқаратын, қара жұмысқа толы аймақ болып саналады.
Бұл жерде өмір сүріп жатқан адамдардың барлығы әртүрлі жағдайлармен осындай күйге жеткен. Пакистан жасөспірімі Али, зауытта жұмыс істеп жүріп бір қолының барлық саусақтарынан айырылып, Пиже деген кісінің кіші ұлының отасына жинаған ақшасының бәрін ұрлап алады. Ал ол боса Индиядан келген Натиммолланың ақшасын ұрлап алады. Бұлардан басқа түнгі клубта билейтін ресей жас қызы Марина, Миянбадан келген Тура, Өзбекстандық Серыгини, Ирандық жасөспірім Шән және тағы басқалар өз күндерін әрең көріп жүртетін еді.Осы шығармадағы әр түрлі елдерден келген кейіпкерлер, корей жұмыс орындарында қаншама түрлі мәдениеттер бар екенін көрсетіп, солармен бірігу үшін жергілікті жердің өзгешілігі мұра сияқты жабысып тұрған бір жақты ұлттшылдық сананың жоюлуын көздеуде.
АкасКореяда дүниеге келседе Кореяда Непал елшілігі жоқ болып, әкесі некесін тіркей алмай, азаматтығы жоқ бастауыш мектептің тіркеусіз оқушысы болып жүреді. Ол әкесінің өз тегің мен мәдениетіңді ұмытпа деген нұсқауы мен шынайы ортадағы мәдени айырмашылықтың кесірінен қақтығыстарға тап болып отырды.Ол әкесінен өз мәдениеті, тұрмысы жайлы ілім алып отырсада, дискриминацияға тап болмайтын кәріс секілді болуға тырысты. Мысалы, Акас кәрістер сияқты көріну үшін күн сайын ертенгісін тазалап жуынып, достары сияқты таяқпен тамақтану үшін күнде таяқшалармен жаттықты.
Оның тері түсі себепсіз күлкі-мазақтың нысаны болды. Бір күні жерге құлап, домалап бара жатқан қарандашты көтерейін деп байқамастан Со Енгның қолының ұшына сол қолымен тиіп кетіп еді, Со Енгның әкесі шыбықты алып Акастың сол қолын қызырғанша сабады. Акастың түсінігінше сол қолымен тамақты ішіп, басқа адамдарды ұстасада ештене етпегенімен, кәрістер сол қолды дәрет алған кезде қолданып, оң қолымен амандасып, тамақ ішеді. Олар сол қолды таза емес деп санайды. Кәрістерге оның әрекеттері түсініксіз болса, басқа жағынан Акаста кәрістерді түсіне алмайтын. Алайда олар өзінікі дұрыс деп санап, Акасты түрткілеп, мазақ қылып, жақындаспай, қашықтықта ұстайтын.Акас оларға ашуланып, жиіркенішпен қараса да, бұл жерде өмір сүру үшін олар сияқты болу керек деген шешімге келеді. Солар сияқты таяқшамен тамақтану үшін таяқша ұстап үйреніп, бетті солар сияқты тазалап жуу керек деп шешеді.
Біздің мәдениет қана дұрыс болып, біздің мәдениеттке қайшы келетін мәдениетке деген шовинистік, қарыспа және шектелген ұлттық сана, кейде оларға бағытталған себепсіз қатігездікке айналу мүмкін. Акастың қалауы кәрістер қызғаныштықпен қарайтын американдықтар сияқты ақ болу емес, кәрістер сияқты болсадажетіп жатқанын айтады.
Таңғы уақытта оянған кезде ақтаналаққа боянған бетімді көрсем жүрегім толқиды. Менің қалауым американдықтар сияқты болу емес, жай ғана кәрістер сияқты сары болсам болғаны. Жазғы ормандағы жылан секілді, күзгі, сарғайып құлаған жапырақтардың астындағы, шатырқанат сияқты маған да қорғаныс тері түсі қажет. Басқалардың көзіне күйік болмай, тыныш қана өмір сүре алатындай ойыншық пистолет сатып алған балалардың бірінші нысаны болмайтындай, тисетін біреуді табай алмай жүрген балалардың нысаны болмайтындай, мен бір күнді өткізбей бет ағартқыш ұнтақты қолдандым [3, 18б].
Бұл бөлімде кәрістердің бөлініштігі мен Акастың бірдей болуға ұмтылуы жақсы суреттеліп тұр. Бұл жерде терең демалып, қауыпсыз өмір кешу үшін қорғаныс ретінде, кәрістерге ұқсас `сары' теріліге айналу деп санаған [3, 23б].

2 ХХІ-ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ КОРЕЙ ПРОЗАСЫ

2.1 ХХ-ғасыр Корей прозасындағы жанрлардың ерекшеліктері
Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүние - танымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.
Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анақтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның Теңіздің жас жігітіне атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен И Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі [5.284б].
Жаңдану кезеңі (1908-1919). Корея тарихында бұл кезең мемлекет билігін басып алумен және елдің тұтастай отарлануымен есте қалған. Осындай ауыр жағдайларға қара - мас - тан әдебиет дами түсіп, халықтың сана-сезімі оянады. Батыс Еуропа мәдениеті корей әдебие - тіне атарлықтай әсер етіп, әдебиетте жаңа көркем тәсілдер мен құралдар, сондай-ақ жаңа ұғымдар пайда болады.
Корей ақын-жазушылары Батыс Еуропа авторларына еліктей отырып, Батыс әдебиетіне тән көркем тәсілдер мен ұғымдарды пайдалана бастайды. Олардың қатарында Че Нам Сон, И Кванг Су, Ким Оксынды жарқын есімдер пайда болады. Олардың шығармалары мазмұны жағынан ұлттық сипатта болып, олар корей әдебиетінде бұрын-соңды қабылданған әдеби нормалардан батыл түрде бас тартады.
Прозалық өлеңде алғаш рет жаңасиджо стиліне жақынсинче-сиформасын қолданғанақын әрі тарихшы Че Нам Сон болды. 1909 ж. ақын Ан Чханг Хомен бірге Мектеп кезін - дегі жолдас журналын жарыққа шығарып, ағарту идеологиясын жақтай отырып, халықтың сана-сезімін ояту үшін көп еңбек етеді. 1919 ж. тәуелсіздік Манифесінің алғашқы құрушысы болып, Кореядағы Жеткіншек, Жастық, Қызыл чогори, Аққан жұлдыз сынды көп - теген журналдарды баспаға шығарады. Оның шығармашылығына Теңізден шыққан жас, Таза су, Бізге қымбат адам, Жаңа корей жігіті, Теңіз жағасында атты туындыларды жатқызуға болады.
Еркін немесе прозалық деп аталатын жаңа формадағы өлеңдердің пайда болуы өз кезегінде корей әдебиетіндегі ерекше құбылыс болады. Осы күнге дейін өлең шығаруда тек дәстүрлі сиджо ырғағы ғана танылып келген. еді. Тіпті ұзақ сиджоның (сааольсиджо) пайда болуының өзі түрлі таластар тудырған болатын. Осылайша, Че Нам Сонның синче-си үлгі - сіндегі жаңа өлеңді дүниеге әкелуі корей ұлттық әдебиеті тарихындағы маңызды оқиға болады.
И Кванг Судың Жас құрбан атты ертеректе жазылған шығармасында соғыс жыл - дары әкесі қайтыс болған бала туралы айтылады. Бала әкесі үшін кек алмақшы болып соғыс - қа аттанады, бірақ майдан жолдарының қиылысында жау солдаттарының қолына тұтқынға түседі.
Баланың мұңы романы Жастық журналында жарыққа шығады. Романда жас жігіттің тағдыры, оның алғашқы махаббаты мен сүйіктісінен айрылған сәттегі қайғы-қасіреті туралы айтылады. Шығарманың негізгі идеясы адамдар арасында күрделі, тіпті қатаң заңды - лықтар ұсынатын конфуцийшіл ойларға қарсылық көрсету мен корей қоғамына өзгерістер енгізу болып табылады.1917-1918 ж. аралығында И Кванг Судың Пионер атты кезекті шығар - масы Меилъсинбо (Күнделікті жаңалықтар) газетінде жарияланады. Әңгі - ме - нің бас кейіпкері - қиын тағдырға душар болған ғалым химик Ким Сонг Чже. Бұл шығар - мада да демократиялық, ағартушылық ойлар басым. Кейіпкер феодализмнің қалдықтарын жойып, ер мен әйел арасындағы қатынастар махаббат пен сыйластыққа негізделуі керектігін айтады. Жастар өздерінің қоғамдағы орны мен өмірлік мақсаттарын нақты білуі керек.
И Кванг Судың Сезімсіз атты романының 1917 ж. жарыққа шығуы сол уақыттағы корей әдебиетінде ерекше құбылыс болған. Бұл шығарма автордың ағартушылық көзқараста - рын аша, прозаикалық жанрға төңкеріс жасаған. Романның бас кейіпкері И Хёнг Сик Жапо - нияда білім алып, Кенгсонг мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Романның сюжеті И Хёнг Сик, биші - кисэн Пак Ёнг Че мен жақсы білімді, ауқатты ағартушының қызы Ким Сон Хёнг есімді үш жастың қарым-қатынасы негізінде құрылған. Бұл өзіндік үшжақты махаббат секілді.
Шығармада бас кейіпкер Ким Сон Хёнг Америкаға оқуға кетеді, биші Пак Ёнг Чхенің әкесі патриот, ағартушы, басшылыққа келген кезде жапондық интервенттердің тарапынан заңсыз тұтқындалып, абақтыға қамалады. Биші әкесіне қалай қолдау көрсетпек. Әкесі абақтыда қайтыс болады, Ёнг Чхе әкесі лайық деп тапқан И Хёнг Сикуге қосылуға уәде береді. Ёнг Чхе жігітті Сеулде кездестіріп, оның бишілік өмірден босатып алуға дәрменсіз еке - нін түсініп, үйіне қайта оралады. Осы жерден үлкен қайғы басталады. Қыз интер - венттердің зорлығына ұшырып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Бірақ Ёнг Чхе сауатты Ким Пёнг Ук деген әйелмен кезігіп, соңғы шешімінен бас тартады. Пак Ёнг Хе жаңа өмір бастап, Токияға оқуға кетеді. Оқиға одан әрі төмендегідей өрбиді. И Хёнг Сик Ким деген дін қызметкерінің қызына ағылшын тілінен сабақ беру үшін шақырылады. Әкесі бір-біріне ұнап қалған екі жастың некелеріне рұқсат береді. И Хёнг Сик Пак Ёнг Чхені сүйетін сияқты болады, бірақ оған Ким Сон Хёнг те ұнайды. Ол Ким Сон Хёнгті таңдайды. Екі жас неке - лес - кеннен кейін Америкаға кетеді, Пусанның портында олар Пак Ёнг Чхе және Ким Пёнг Укті кезіктіреді. Бұл кейіпкерлер бастарына түскен сұрапыл апаттарға қарсы тұру үшін бірігіп, жапа шеккендерді құтқарады. Олардың махаббат туралы ойлауға еш мүмкіндіктері де болмайды. Соңында бәрі өз орнына келеді, бірақ кейіпкерлер өз өмірлерін халық ағарту ісіне жұмсауға бел буады. Аталмыш романда оқиға осылайша өз мәресіне жетеді.
Бұл шығармада кейіпкерлердің қалыптасуы анық көрінеді. Алдымен олар тек өздерінің жеке сезімдерін, армандарын ойлайды, бірақ уақыт өте келе өмір адамға жеке бақыты үшін ғана емес, сондай-ақ халық игілігіне бағытталған әрекеттер жасау үшін де арналғандығын түсінеді. Бұл романында барлық кейіпкерлер еш қиындықсыз шетелге оқуға кеткен. Деген - мен сол кездері Кореяда шетелде оқу соншалықты қарапайым іс болмаған. Осыдан романда баяндалған оқиғаның шындықтан алыс екенін көре аламыз. Шығармада сол дәуірде қоғамда орын алған өзекті мәселелер көтеріліп, қарапайым халықтың өмірі суреттеледі. Бұл роман корей ағартушылық әдебиетінің жарқын үлгісі болып табылады[6, 126б].
1908 жылдан Хексиндан (Жаңа труппа), Мунсусонг (Мун Су Сонгтың труп - пасы) сынды дәстүрлі емес, жаңа театр топтарының қойылым - дары көрсетіле бастайды. Олар сахналық қойылымдардың жаңа түрлерін өмір - ге әкелуге талпынады. Дәл осы уақытта Им Сонг Ку, Юн Пек Нам, Чжо Чжунг Хван сында корей драматургтарының есімдері елге таныла бастайды.
Батыс әдебиеті және өнерінің жаңалықтары атты корей ұлттық журналы 1918 жылы Чанг Ду Чол басшылығымен жарыққа шығады. Онда түрлі жанрда жазылған өнер мен әдебиет саласындағы туындылар, романдар, повестер, әңгімелер, сиджоөлеңдері, театрлан - дырылған әуенді поэмалар мен мәдениет саласындағы соңғы жаңалықтар айтылатын.
1919-1920 ж. аралығын корей әдебиеті тарихында ізденіс кезеңі деп атауға болады. Сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай халықтың рухани әлсіреуімен сипатталды: 1919 жыл - дың 1 наурызында тәуелсіздік үшін халық қозғалысының сәтсіз болуынан кейін адамдардың сая - сат - қа көңілдері қалады. Мәдениет жапон империясының билігі тұсында да дами береді. Сөз бостан - дығы орын алып, 1920 ж. Чосон Ильбо, Тона Ильбо, Лекчжо (Аққу), Пхэхо (Қираған орын), Чжанмичон (Раушан алқабы), Кым - сонгу (Шолпан), Ёнде (Рух) және т.б. журналдардың негізі қаланады.
Әлемдегі экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жапон имперализмінің жүргізген өктемдігі корей халқының қоғамдық сана-сезімін оятып, елінің болашағы туралы толғанды - ра - ды. Батыс та пайда болған түрлі әдеби бағыттар (романтизм, реализм, натурализм, символизм) корей әдебиетіне айтарлықтай әсер ете бастайды. Аталмыш кезең барысында корей әдебиетінде сентименталь - ды романтизм мен сондай-ақ реализмнің белгілері пайда болып, бірте-бірте күшейе түседі. И Гван Су мен Че Нам Сон сынды жазушылар тілдің таза - лығы мен корей әдебиетінің көркем құндылығы үшін күреседі [7, 88б].
Осы кезеңде жарық көрген прозалық шығармаларда корей қоғамындағы адам өмірінің түрлі жақтары ашылады. Корей прозасы жаңа мәнге ие болып, дами түседі. Қоғамдық өмірде түрлі өзгерістер пайда болып, 1927 ж. елдің әдеби және мәдени өмірінде даму тенденциялар байқалады. Идеологиялық әдебиет үлкен маңыздылыққа ие болады. Корей идеологиялық әдебиетінде алғаш рет таптық алшақтықтар көрсетіліп, кедейлер мен байлардың өмірі сурет - теледі. Осылайша, социалистік көзқарастағы әдебиет пайда болады.
Прозалық шығармалардың авторлары елдегі саяси жағдайларға үлкен көңіл бөле бас - тайды. Пролетарлық әдебиет айтарлықтай саяси күшке ие болып, шығарманың мазмұны кеңейе түседі. Көптеген жазушылар социалистік бағыттағы көзқарастардан бас тартып, шын - дыққа тура қарауға тырысады. Осы кезеңде И Ги Енг, Хан Соль Я, Ким Нам Чхон, И Бук Менг, Хонг Менг Хи сынды жазушылардың шығармашылығы үлкен жетістікке ие болады.
Аталмыш кезеңде корей әдебиетінде романдар, әсіресе тарихи романдар көптеп жарық көре бастайды. Мұндай шығармаларға И Кван Судың Әзәзілдің мұрагері, Тан Чжонның мұңды оқиғасы, И Сун, И Чха Донның өлімі, Сечжон патша; Хон Менг Хифтің Им Кок Чжонг; Ким Донг Иннің Жастар, Унхен сарайындағы көктем; Пак Чжонг Хванның Қанға боялған Кым Сан, Тэчхунбу, Өткен кеш, Мейірімді Будда; Юн Пэк Намның Қара шляпа, Шақыру; Хен Чжиннің Сон Хва ханшайым атты туындыларын жат - қызуға болады.
Хон Менг Хифтің Им Кок Чжонг атты шығармасында Чосон мемлекеті кезінен Мен Чонг патшаның тұсына дейінге кезең қарастырылады. Жазушы өз шығармасында ақсүйектер мен қарапайым адамдардың, барлық қоғамдық таптардың өмірін шынайы суреттеуге ты - рысқан.
Ем Санг Собтың шығармаларында ұрпақтар арасындағы, әке мен бала арасындағы қақ - ты - ғыстар сипатталады. Оның Үшінші ұрпақ атты романын отаршылдық жағдайда өмір сүріп жатқан бір әулеттің үш ұрпағы, атасы, әкесі мен немересі арасындағы қарым-қаты - настар суреттеледі. Осы кезеңде әйел жазушылардың саны да арта түседі. Олар көп жағдайда кедейшілік мәселелері мен елде орын алған қиыншылықтардың себептері туралы жазады. Әйел жазушылардың арасынан Пак Хва Сонгтың Чусок мейрамы қарсаңындағы түн, Қуаңшылық, Отансыз қалған адамдар; Кан Геннің Ана мен қыз, Шляпа, Қараң - ғы - лық, Жер астындағы ауыл, Адамзат мәселелері атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады [8, 123б].
1941 ж. Тынық Мұхиты аймағындағы соғыстың басталуы елде фашизмнің күшеюіне әке - ліп соқты. Мыңдаған корей жастары майданға аттанады. Көптеген жазушылар мен әде - биетшілер түрме қабырғасында қайтыс болып, аман қалғандары жапон саясатын қолдауға мәж - бүр болады. Осы кезде Хван Сун Вон, Че Менг Ик, Ан Су Гилы, Чжонг Би Сок сынды жазушылардың шығармалары кең тарайды.
Күрт өзгеріс кезеңі (1945-1950 жылдар). 1945 жылдың 25 маусымынан бастап Корей әдебиеті мен тарихында жаңа кезең орын алады. 1945 жылы басталған азаматтық соғыс сол - түстік және оңтүстік Кореяның арасындағы үлкен қақтығыстарға ұласып, ортақ корей әде - бие - тінің қалыптасуы күрделі мәселеге айналады.
Жарты арал екіге бөлініп, оңтүстікте Америка әскерлері, ал солтүстікте Кеңес әскерлері үстемдік етеді. Осындай қақтығыстар жалпы корей халқының рухани өміріне айтарлықтай әсер етеді. 50-ші жылдар корей тарихы мен әдебиетіндегі ауыр кезең болып табылады. 40 жылдары корей әдебиеті дамудың жаңа сатысына өтіп, еркін өмір сүре бастайды. Азат ету кезеңіндегі әдебиетте қоғамның бөлінуі (оңтүстік және солтүстік), елде орын алған түрлі жағдайлар, өз Отаныны оралған корейлер туралы айтылады. Жазушылар елдің екіге бөліну себептерін іздеп, өз қателіктері үшін жауапкершілік алулары тиіс зиялы қауым өкілдерін айыптайды. Бұрынғы жапон саясатын жақтаған Че Ман Сик пен Тхе Чжун өздерінің қателіктерін мойындап, өкініш білдіреді.
Че пак Но Гаптың Қырық жыл атты романында отарлау дәуіріндегі елдің жағдайы бүге-шігесіне дейін суреттеледі. Алдағы кезде интеллигенция өкілдері мен олардың елге қайта оралу мәселелері туралы жазылған романдар жарық көре бастайды. Оған мысал ретінде Чжен Би Соктың Отанға оралу, Ом Хын Собтың Репартация күнделігі мен Хо Чжунның Әлсіз жалын атты шығармаларын мысалға келтіруге болады.
1945 жылы 15 тамыздағы оқиға елді толық азат ете алмады, шетелдіктердің ықпалы әлі де айқын байқалатын. Елдің оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінуі, идеологиялық қақтығыстар жаңа әдеби қозғалыстардың дамуына кедергі болады. Ең бастысы халық екіге бөлініп, бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмады, Оңтүстік жән Солтүстік Кореяның ара - сын - дағы хат алмасу да қатаң бақылауға алынады. Елде орын алған аталмыш жағдайлар әдебиетте де жиі қозғалатын болды. Ем Санг Собтың Қатар жол, Ке Енг Муктың Жұлдыздар санап атты романдарында елдің екіге бөліну туралы айтылады.
Пак Чонг Хваның Халық атты романында алғаш рет азат ету жылдарына дейінгі және кейінгі Кореяның өмірі шебер суреттеледі. Ким Тонг Ли өзінің Жол іздеу және Ай атты шығармаларында уақыт өткеніне қарамастан әрқашан танымал болып қалатын жақсы әдебиеттің қажет екені туралы сөз қозғайды. Ем Санг Собтың Өлім атты романында отбасы мүшелерінің ауыр жағдайы мен қайғы-қасіреті баяндалады.
Хванг Сун Вонның У әзірлейтін қарт атты романында у жасап, сату арқылы әйелі мен жеті жасар баласын асырайтын адамның қайғылы тағдыры суреттеледі. Бір күні қарттың әйелі жоғалып кетеді де, оны таба алмаған Сонг-енггам өмірге деген құлшынысын жоғал - тады. Бірақ жеті жасар баласын ойлайды. Қарттың денсаулығы нашарлап, әлсірей бас - тайды. Ол баласын басқа отбасына беріп, соңында өз-өзін өлітіреді. Бұл романда әйелі мен қоғамнан оқшауланған қарапайым адамның тығырыққа тірелген тағдыры туралы баяндалады.
Даму кезеңі (1950 жылдар соғысынан кейін). Қазіргі заманғы корей әдебиеті тарихында 50 жылдары күрт өзгерістер орын алады. Корей тарихында соңғы онжылдық маңызды оқи - ғаларға толы болады. Корей халқы жүргізген үш жылдық соғыс шығармалардың мазмұны мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Соғыстан кейінгі қоғам, елді қалпына келтіру, жақынын жоғалтып жаны ауырған адам тағдыры бейнеленген шығармалар жарыққа шыға бастайды.
Соғыстан кейін пайда болған кез келген жаңа әдеби ағым адамгершілік құндылықтарды насихаттап, патриоттық тақырыптар дами түседі. Батыстың экзистенциалистік әдебиетіне еліктей отырып корей жазушылары ауқымды мәселелерді шешуге тырысып, адамгершілік, адам болмысының мәні жайлы өзекті ой қозғайды. Осылайша, 50 жылдардағы әдебиет оқиға - ның құрастыры - луы, ой жеткізу тәсілдерінің сұрыпталуы жағынан дәйектемесі ауқымды болады. 50 жылдардағы әдебиет өзіндік әлемдік көрініске ие болды.
Соғыстан кейінгі Чжонху-Мунхак корей әдебиетінде екі бағыт қалыптас - ты: соғыс және соғыстан кейінгі Корея тарихы бейнеленген әдебиет және дәстүрлі әдеби бағыт. Бұдан басқа публицистика мен Сунсу-Мунхак (таза әдебиет) жаңа серпінге ие болады.
Аталған кезеңдегі прозаны екі бағытқа бөліп қарастыруға болады: біріншісі - 25 маусымдағы әскери қозғалыс кезеңін суреттейтін Чжесон Мунхак әскери әдебиеті, екіншісі - майдангер-жазушылардың соғыстан кейінгі Чжэнху Мунх әдебиеті. Олар өз шығармаларын тылдағы еңбекші - лерге арнап жазып, өз сөздері арқылы жауынгерлерге рух беріп отырған. Сонымен қатар тылдағы өмір жайлы әдебиеттер де жарық көре бастайды. Жауынгер-жазушылар өз шығармаларында жаяу әскер, теңіз флоты мен ұшқыштар туралы айтқан.
Соғыстан кейінгі кезеңде де корей әдебиетінде соғыс тақырыбы жиі айтылатын. Хван Сун Вонаның Тырналар, Каин әулеті; И Пом Сонның Тырналар ауылының адамдары, Ким Донг Ридің Жауынгердің оралуы және Хыннамнан келген Чхольсу атты шығарма - ларында соғыс жайлы жазылған. Соғыстан кейін жазушылар адам мен қоғамға, шынайы өмірге жаңа көзқараспен қарай бастайды. Олардың шығармаларында соғыс зардабы, соғыс - тан кейінгі қоғам өмірі мен бірлігі кеткен халықтың қайғы-қасіреті туралы айтылады. Мысал ретінде Ким Донг Лидің Миль Да Вонның заманы, Ан Су Гиль Саның Үшінші адам, Сон Чанг Саб Хенің Қанды жол, Қалдық адам; Чжанг Енг Хактың Иоаннаның жинағы, Ха Гын Чанның Екі ұрпақтың азабы атты шығармаларын ерекше атап өтсек болады.
Ан Су Гиль өзінің шығармашылығын Қызыл Крест емханасының дирек - то - ры және Қызыл орамал деп аталатын қысқа екі оқиғаны жарыққа шығару - дан бастайды. Кореяның азат - тық алуынан кейін оңтүстікке көшіп келіп, Үшін - ші адам атты еңбегінде соғыс ке - зіндегі қала өмірін суреттейді. Шығармада соғыстан кейінгі елде орын алған әлеуметтік бей-берекетсіздік пен қоғамдық тәртіпсіздіктен туындаған түрлі қыншылықтар көрсетілген.
Ха Гын Чан өз шығармашылығын 1950 ж. бастап, соғыстан кейінгі ақындар легіне жататынына қарамастан өз замандастарынан мазмұны мен стилі жағынан ерекше - леніп, халық арасында жоғары бағаланған. Оның Екі ұрпақтың азабы атты романында екі тарихи кезең қамтылған: біріншісі - 1950 ж. 25 маусымындағы Азамат соғысы, екіншісі - Екінші дүние - жү - зілік соғыс. Шығарманың бас кейіпкерлері Пак Ман До ұлымен бірге соғыс зарда - бын тартқан адамдардың арасында өмір сүреді. Ол жапон басқыншылығы кезінде бір қолы - нан айырылса, ұлы Чин Су 1950 жылғы соғыста бір аяғынан айырылады. Романда тек бір отбасының қасіреті емес, бүкіл халықтың тағдыры, қоғамда орын алған әлеуметтік қайшы - лық - тар туралы жазылады.
Сон Чанг Соб өз шығармашылығын ХХ ғ. 50 ж. бастап, өмірдің келеңсіз тұстарын бейнелеген көптеген тамаша қысқа оқиғаларды жарыққа шығару арқылы ел арасында таны - мал болады. Оның 1958 ж. жарыққа шыққан Қалдық адам шығармасында соғыстан кейінгі қоғамнан алашақтаған белгілі бір адамдардың тобы бейнеленеді. Сон Чанг Соб өзінің Демалыс күні, Жауынды күн және т.б. шығармаларында адам мен оның психологиясын шебер көрсете білген. Ол 50-ші жылдары қоғамда орын алған оқиғаларды баяндап, ерекше тұлғаның бейнесін жасайды. Шетелдік ағымдар корей әдебиетіне өте баяу енеді. АҚШ-тың соғысқа қатысуы арқылы енген АҚШ әдебиеті мен мәдениеті 50-ші жылдардағы корей прозасында маңызды орынға ие болады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке батыс әдебиеті, оның ішінде экзистенциализм мен психологизм өз әсерін тигізеді.
Осы кезеңдегі әдебиетте адам санасының бұзылуы, жаппай тәртіпсіздікте өмір сүрудің мәнсіздігі, босқа өткен уақытқа өкініш көрсетіледі. Адам болмысы, оның мәні әдебиетте үлкен маңыздылыққа айналады. Аталмыш тақырыптар Пак Енг Дюнаның Енчо аралының жағалауындағы су, Сонг Бенг Судың Жеке бекініс, Кішкентай Ким, Сенім, Хонг Санг Вонның Д-дейдегі казарма атты шығармасында сөз болады. Сонымен қатар Ким Сонг Ханның Пабидо, О Санг Вонның Қастандық, Сон Хваның Террорист, Ұшқын, Со Ги Вонның Контурлы географиялық карта, Пак Кенг Лидің Сенім - сіздік мерзімі, № 213 пәтер, И Хо Чольдің Жарылыс атты шығарма - ларында жеке тұлға мен қоғамның арасын арасындағы қайшылықтар, тағдыр тәлкегіне түскен адамдардың өмірі, адам мен оның әрекеттері туралы айтылады.
Жаңару кезеңі (1960 жылдардан қазіргі уақытқа дейін). Бұл кезеңде бүгінгі таңдағы қазіргі корей әдебиеті қалыптаса бастады. 1960 жылдың 19 сәуіріндегі демократиялық және либералдық бағыттағы төңкеріс 60 жылдардағы корей қоғамының тарихи дамуында маңыз - ды оқиға болады. 1960 жылғы 16 мамыр - дағы көтеріліс секілді бұл төңкеріс те сәтсіз болға - ны - мен, қоғамның әрі қарай дами түсуіне ықпал етеді. Әдеби шығармаларда әлеуметтік теңсіздік туралы сыни ескертпелер көбейіп, әдебиет реалистік-сыни көзқараста дамиды.
50 жылдарға тән прозалық шығармалардың аумағын кеңейте түскен Че Ин Хунның Алаң атты автор шығармасында сұрапыл соғыс шындығы, отарлау соғысынан бастап Корея соғысының ақырына дейінгі кезең суреттелген. Че Ин Хунның арман мен қиялға толы шығармалары жалпы алғанда адамның жан дүниесін жан-жақты сипаттайды. Автордың сюрреалистік әдістері шындық өмірді көрсетуде жоғары бағаланады. Жазушының Алаң, Жазушы Ку Боның бір күні, Боран, Генерал-губернатордың хабары сынды еңбек - терінде Корея тарихындағы маңызды оқиғалар төңірегінде сыр шертеді.
1960 ж. жарық көрген Алаң атты шығармасында автор шындықты фантастикалық тұрғыдан қарастырады. Шығарманың бас кейіпкері философия факультетінің студенті И Менг Чжун мына әлемге және онда өмір сүріп жатқан адамдарға скептикалық және анали - ти - ка - лық тұрғыда қарауға тырысады. Ол Сеулдегі жемқорлық пен шексіз арсыздықты көріп қиналады, өмірден түңіледі. Кейін ол әкесі сияқты Солтүстікке кетеді. Оның сорына қарай қатал коммунистік жүйедегі Солтүстікте де осындай жағдайлар орын алған еді. Корей соғы - сында компартия қатарында жүріп И Мент Чжун тұтқынға түсіп, түрмеге қамалады. Әскери келісімнен кейін ол Индияға кетпекші болады, бірақ жолда суға секіріп өледі. Бұл шығар - ма - да ұлттық бөлінудің негізгі мәселелері сөз болады. Жазушының Құпия бөлме атты шығар - масында қоғамдағы саяси қысым жағдайында қалыптасатын бостандық сезімі бейнеленген. Бұл мәселе 70-80 ж. корей тілінде жарық көрген шығармалардың негізгі тақырыбына айналады.
60 жылдары өзіндік құрылымы бар көптеген прозалық шығармалар пайда болады. И Хо Чхольдің Ескінің қалдығы шығармасында Че Ин Хун туралы айтылса, жазушы Ким Сынг Октының Сеул, 1964 жылдың қысы және Еркектерге сапар атты шығармаларында адам өзін жалғыздықта сезінетін қаланың қиын өмірі көрсетілген. И Чжоль Чжун өзінің Еститін қабырға, Жұлдыздарды көрсетемін, Батқан кеме сынды шығармаларында адамға қор - лық көрсету мен басқыншылықты өткір сынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
Қытай жазуы ерекшеліктері
Мұхтар Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Фразеология термині
Абайдың ақындық дүниетанымы (түсіну, пайымдау, бағалау)
Пәндер