Абай шығармашылығы туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Абай осы күнгі Семей обылысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде, 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскенбай, үшінші атасы Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары: Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы - Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты мықты биі Кеңгірбай осы Жігітектің баласы. Қайдостан - Бөкенші, Борсақ тарайды.

Абай шығармашылығы - әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жа­нымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба, ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның аза­сына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.

Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің «Абай атамыз айтқандай» деп сөйлейтініміз­ден де көрініп тұр. Ұлы классиктерін халықтың атасы деп сөйлеу ең дамыған деген ұлттарда да табыла қоймайды. Абай - ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі. Егер әрбір қазақ баласы ауық-ауық болса да Абай томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне өзі Абай алдында іштей есеп берсе, «Қалай өмір сүріп жатырмын осы? Абайдың айтқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?», дегендей ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып, ортақ үйіміздің түтіні де түзуірек ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.

Абай Құнанбаев дүниеге келген - Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Абай туралы атқанда ары мен берідегі Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Омарханұлы Әуезовті атамай кете алмасымыз анық. бірін-бірі ашқан рухани байланыс, сабақтастық.

Үш алыптың қайсысы болсын елінің бүгіні мен келешегіне қатты алаң болатыны сөзсіз еді. Олар келешек ұрпағының кісілік санатында жүруі үшін қазіргі өздеріне үстемдік тұрған жұрттың өз тілінде білім алуы қажет деп білген.

Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялдарын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өздерінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л. Н. Толстой мен К. Д. Ушинский т. б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгендері туралы зерттеу жұмысында аталған.

Абай Құнанбаевтың «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» атты үш поэмасының рухани, танымдық айналары өзіндік гуманистік ойлары мен астарлы сюжеттерімен ерекшеленеді.

Дастандардың шығыстың алтын бастауымен байланысып жатқанының өзі бір үлкен тақырып. Абайдың дастандарындағы гуманистік, моралдық ойлардың өлеңдерінде де кең қолданылғанының өзі Абайдың өзінік ұстанымы мен философиясынан хабар береді.

Үздіксіз әлеуметтік білім беру бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы. Қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін ерік-жігерімен, шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағымына икемделе білетін, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға деп айтуға болады.

Абай дастандарындай тарихымыздағы ақтаңдақ парақтарды ақтаруға бағыт алған осынау үрдіс үздіксіз жалғасын тауып, монографиялық зерттеу еңбектерін дүниеге әкелді. Ж. Аймауытов, А. Байтұрсыноав, М. Базарбаев, Ә. Дербісәлин, М. Дулатов, Ш. Елеукенов, М. Жұмабаев жөнінде ой толғаған С. Қирабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Мағауин, Қ. Мұхаметханов, Р. Нұрғалиев, Ш. Сатбаева, Ә. Тәжібаев, Ж. Ысмағұлов т. б. еңбектері осынау алып қаламгерлердің шын мәніндегі шығармашылық қуатын айқындап, лайықты бағасын берген зерттеулер болды. Жекеленген ақын-жазушылармен қатар сондай-ақ бұрыннан белгілі мұраларымызды бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қайта қарап, бағалау міндеті де зерттеуші ғалымдарымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл орайда Ә. Балтабай, Ғ. Есімов, З. Қабдолов, Х. Сүйіншалиев, С. Ізтілеуова тағы басқа ғалымдар еңбектерінде әртүрлі көкейкесті мәселелері мен жанрларына қатысты жаңаша пайымдаулар тұжырымдалды.

Бұдан соң Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарына қатысы бар бір топ еңбектер жарық көрді. З. Ахметов, Қ. Бейсенбаев, А. Дайрабаева, К. А. Дюсенбаев, А. Есенжанов, Қ. Б. Жарықбаев, К. Құнантаева, Қ. Мұхаметханов, Қ. Өмірәлиев, Х. Сүйіншәлиев т. б. ағартушылық көзқарастарына қатысты пікірлер XIX ғасырдың екінші жартысын қарастырған көпшілік еңбектерден орын алды. Абай мұрасын кейінгі кезде зерттеушілердің көпшілігі осы М. О. Әуезов белгілеп кеткен ізімен жүрген. Мысалы: З. Ахметов, А. Бейсембаева, Т. Әлімқұлов, Ғ. Есімов, Ә. Жиреншин, К. Құнантаева, А. Қартаева, М. Мырзахметов, С. Мұқанов, Қ. Өміралиев, Х. Сүйіншалиев, Р. Сыздықова, Т . Тәжібаев, Г. Төретаева, І. Халитова. Атап кеткен ғалымдар және басқада ақын мұрасын зерттеушілер өз еңбектерінде ол көрсеткен мәселелерді жан-жақты қарастырды.

Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған Мұхтар Әуезовтың тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Ғылыми зерттеудің басты методологиялық принципі - Мұхтар Әуезов әлемінің ұлы Абай әлемімен, Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай өмірімен сабақтастығы жайлы зерттеу жұмысында айтылған.

Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгізіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам мен табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған. Ал Мұхтар Әуезов өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді, Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырды. Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты . . . «Әуезов - екінші Абай» деген ұғым Абайды қайталау деген сөз емес, Әуезов - Абайдың ізін басушы емес, өнер жолын жалғастырушы.

Зерттеу жұмысының деңгейі. Зерттеу жұмысынрда Абай дастандарын шығыс пен батыстың әдеби ортасымен заманы тұсына салып салыстыру арқылы тақырыпты ашу болып отыр. Ғылыми сипаттын арттыру үшін Абай шығармашылығын орта ғасырда жазылған дүниелермен салыстырылды.

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ әдебиетінің сонау ықылым заманнан келе жатқан кенелі тарихына көз тастаған адамның ең басты құндылықтарының бірі ретінде Абай мұрасы мен оның қазақ әдебиетінде алатын орнына ерекше тоқталатыны анық. Біздің меже Абайдың поэмалары болмақ. Абай туралы сөз бастамастан бұрын Абайдың шығармашылығының шілігін шағып майын ішкен сократ маңдай Әуезовтен аттап өту мүмкін емес. Осы ретте Абайдың поэмалары туралы жалпылай айтқандай марғасқа ғалым былай деген:

«Абайдың органикалық поэмасы үш шығарма: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім».

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстың дастан аңыздарынан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжетерге құрылған» [8, 175], - деп алғашқы айтылар пікірлердің бірін айтқан болатын. Орнымен айтылған пікір екені кез-келген зерек оқырманға айқын. Біздің мақсат осы азғана сюжетті поэмалардың көтерген жүгін, астарын, Абайдың айтқысы келген келелі ойларын шығармаларымен салыстыра отырып, Абайдың өзіндік позициясын айқындап алып шығу арқылы ақынның поэмалындары пайымдарын бөліп алып қарастыру арқылы өзіндік философиясын анықтау.

Абайдың поэмаларының да өзге шығармаларындай Абайлық қасиетке толы екендігін дәлелдеу.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазақ жазба әдебиетінің басында тұрған Абай Құнанбаев туралы ойлар мен оның шығармашылығындағы дастандарын жан-жақты қарастыру болып табылады. Абай дастандарының рухани арналары мен тәрбиетік, гуманистік тенденциялары ашылып айтылады, ғылыми тұрғыдан дәлелденеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Абай дастандарының бастау алып, авиторық ақындық кітапханасының қай өңірінен шықты, кімді оқып, кімді дәріптеуден келген идея, Абайдың мақсаты не деген сұрақтарға толық жауап бере отырып дәлелдер топтамасын топтастыру. Абай дастандарының шығыстық сарында болғанымен өзіндік қандай бояуы бар, қазақтың табиғатына келер қандай жаңа жаңалықтар бар. Оның гуманистік идеялары қандай - осыны анықтау. Шығыстық сипаттағы сол дастандардың Абайдың жырлауында нендей көркемдік жетістіктерге жетті.

Жұмыстың басты қайнар көзі. Жұмысты жазу барысында негізінен қазақтың аптал әдебиеттанушылары мен зеріттеушілерінің сүбелі еңбектері мен Абайдың екі томдық шығармаларын шығыстық не басқада арналардан бастау алған поэмаларының көркемдік тенденцияларын ақынның өз өлеңберіндегі тума қасиеті сіңген шығармаларымен салыстыра отырып, дастандардың негізгі көркемдік арналары қазақтың өз өмірі мен танымынан алынғанын қарастырдық. Абайдың шығармалар жинағы мен Абай туралы зеріттелген әр түрлі ғылыми жинақтар мен зерттеу еңбектері қолданылды. Атап айтқанда Елеукенов Ш [1], Әуезов М [4], Кенжебайұлы Б [6], Мырзахметов М [9], Қасқабасов С [10], Есім Ғ [11], Зәки Ахметов [12], Абдірахманова Т [20] т. б еңбектерден сілтеме келтіріліп отырды.

Теориялық-әдістемелік негіздері. Зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдістемелік негіздеріне проза жанрының қасиеттерін аталған еңбек негізінде толық бағамдауға болады. алған бағытына орай көркемдік құралдардың өзіндік ерекшеліктері көркем әдебиеттермен қатар алынып отырып өз бағасын алды. Әдебиеттану жанрында жазыған көптеген еңбектер негізге алына отырып, сараптама жасалды.

Зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысының әдістемесі жеке-жеке тарауллар мен тараушаларға бөліп отырып, тақырыпқа сай ғылыми еңбектер мен зеріттеу жұмыстарына сүйене отырып сілтеме жасалды. Бұдан басқа баяндау, тұжырым жасау, қорыту, цитат келтіру және сипаттама беру әдістері басшылыққа алынды.

Теориялық-тәжірибелік мәні. Бітіру жұмысымыздың тиянақтылығына байланысты әр түрлі семинарлар мен ғылыми жұмыстарда пайдалануға болады. Зерттеудің жалпы заңдылықтары мен теориялық негіздерін меңгеруде айырықша роль атқарды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім (екі тарау, бес тараушадан), қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, қазақ әдебиетінің зерттеу мәселелерін таныту мақсатында арнайы семинар пәні ретінде пайдалануға болады.

  1. АБАЙ РУХАНИЯТЫНЫҢ АЙНАЛАРЫ, ОРТАҚ ИДЕЯЛАР

1. 1 Абай шығармашылығы мен аудармаларындағы үндестік (Вадим)

Қазақ әдебиетінің қара нары Мұхтар Әуезовтің келелі пікі алдағы барлық жұмысымызға сілтеме жасағандай.

«Қазақ ұлы ақынының шығармалары ұлттық және бүкіл адамзаттың әдебиеттің ұлы үш бұлағынан нәр алып отырды.

Осылардың бірі - халықтың сарлылмас мол қазынасы. Оның бұрынғы ауыз әдебиеті ескерткіштерінде сақталып қалған қазақтың ауызекі сөз мәдениеті еді. Абайдың шығармалары осындай баға жетпес қазына байлықтарынан қорек алып отырды. Өз халқының пожзиялық мұрасымен ретең тығыз байланыса отырып, Абай мұнымен өз поэзиясын байытты.

Екінші бұлағы - Әлішер Науаидің, Низамидің, Фирдоусидің және басқалардың классикалық шығыс пожзиясының таңдаулы үлгілері.

Үшінші бұлағы - орыс мәдениеті. Абайдың заманында осы бұлаққа ең алдымен оған дейін қазақ халқына таныс емес орыстың ұлы гуманистері мен классиктерінің мұрасына қол созылуы аса зор маңызы бар факті болды» [4, 47-48], - деп баға беруі нағыз сұр мергендік екені анық.

Абай жинағында бөлек бастырмамен әр жылдары бөлектеніп бастырылған аудармалардың барлық саны қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда сонда 27 өлең аударған.

Бұл жөнінде екі түрлі пікірді ерекше көрсету жөн. Оның біріншісі Абайдың осы аудармаларға берген пейіл бағасы тұрасында, екіншісі - бұл аудармалардың Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдан кейінгі қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы.

Біріншіден Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнінде ақынның ізденуі өзіндегі тіл байлығы мен тірі таланты ерекше ынта зер салуы өзгеше көрінеді. Өз өлеңдерңн туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл, ұқыптылық тіл орамға өткір жүйріктік барлығы да аудармалық еңбекке келгенде барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады. Тіпті кейде Абайдың өзі тудырмаған тамаша нәзік терең сырлы өлеңдер, көрікті ойлар немесе аса көрікті шанышпа мысқыл, әжуә ащы сөздер осы аудармаларда үнемі көрініп отырады. Бұның барлығы Абайдың аударғалы отырған авторымен іштей рухани байланысының барлығын көрсетері даусыз. Сол замандағы әлемдік санаттағы ортақ проблемалар ақын жазушылар санасында һәм жүрегінің түкпірлерінде ортақ запыран, ортақ мақсаттар болғандығын аңғаруға болады. Рухани сабақтастық деген сөздің төркіні осы болса керек.

«Дәл осы жай туралы кеңірек ойланып қарасақ Абайдың Пушкинді, оныі кейіпкері Онегинді ұғынуы тіпті де ұшқары, үстірт емес, терең ұғынуы екенін байқауға болады. Бұл жөнінде Белинскийдің Онегин басын талдап түсіндірген сын мақаласын оқыған адам дауласпауға тиіс. Онегиндегі барлық сыртқы сипат, ішкі жаратылыс, оқщау мінез өзгерістердің баршасын Белинский өзгеше көрегендік, тапқыр сыншылдықпен түгел ашып береді. Сөйтеді де оның мінезін өзі де түсінеді, жұртқа да түсіндіріп отырып, көпші ойлауға үстірт кінә, айыптың көбінен Онегинді ақтап шығады. Ішкі сырына келгенде Белинский Онегиннің адамшылығын өз ортасындағы татымсыз өрнектердің бәрінен биік деп артық бағалайды» [4, 9-10], - деп бағалауы атақты, былайша айтқанда қазақтың Белинскийіндей болған Абай танымымен сәйкес келіп, аудармаға жол ашуы да біз айтқан мәселенің түндіген аша түседі.

Рас қоғамдық өмірдегі мін-мінездерді қалы-құбылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан көрі Салтыков-Щедрин, Некрасовтардан молыырақ үлгі-өнеге көрді. Бірақ сол әлеуметтік тақырыптардың өзінде жиі кездесе беретін мұңлы-сырлы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз-сырыны Абайдан байқалып отырады.

Ал осыдан соңғы ақындық жайындағы тақырыптардың эстетикалық прициптерін алсақ табиғат көркін, махаббат жайын, жеке бастың көңіл-сырын, лирикасын алсақ Абайдың ақындық шеберлігі асқан сайын оның теңеулері көркем түрлері бәрі де Пушкин, Лермонтовқа еліктеуден гөрі қайта солармен бастасып, табыса туысып бара жатқанын анық тануғаи болады. Соның басты дәлелі М. Ю. Лермонтовтың аяқталмай қалған романынан аудармасы «Вадим» поэмасы. Абай алғашқы екі тарауы мен үшінші тарауынан басын өлеңмен еркін аударған. Онда түп нұсқа мазмұнының ұзын ырғасы ғана бар. Біраз жерлері қырқылып кеткен.

Романда II Екатерина падиша тұсында болған нақты оқиғалар суреттеледі. Оған жазушының бала кезінде нағашы әжесі Е. А. Арсеньевадан естіген әңгімелері арқау болған. Лермонтов шығармаларын зеріттеушілердің пайындауынша егер роман аяқталған болса, онда әрі қарай сөз жоқ, Пугачев көтерілісіне байланысты оқиғалар баяндалатын болуы керек.

Шығарманың анық тақырыбы белгісіз. Өйткені Мүрсейіт қолжазбасының бірінші беті жыртылып кеткен.

Аударманың алғашқы нұсқасында 2 тарауы «Елуге келген, шашы буырыл тартқан», 3-тарауы «Бай ертеді, артынан ере бердім» деп басталса керек. Ал Мүрсейіт қолжазбасында тарауға бөлінбей тұтас жазылғандықтан сол күйінде басылып келеді.

Осы арада ескеретін мәселе Абай мен Лермонтов балалық шағынан ұқсастық, байланыс барын аңғарамыз.

Абайдың поэмаларға барар жолы алғашқы өлең жолдарынан, алғашқы қақпа айтыс сөздерінен басталды. Әсіресе, әжесі зере апамыздың жастайынан халықтың ертегі, аңыз әңгімелеріне әуес қылып өсіруі Абайды болашақ поэмаларының дүниеге келуіне көп әсерін тигізді деуге болады.

Яғни, Лермонтовтың «Вадим» атты романын өлеңмен дастан етіп жырлау арқылы өзіне керекті, өз халқының металитетіне келетін, пайымдар мен байламды тұстарын алып өлеңмен аударуының өзі үлкен көрегендік.

Осы «Вадим» поэмасындағы көптеген жерлердің Абайдың осы поэмаға дейінгі жазылған өлеңдеріндегі ұстанымдар мен түйсіктері сәйкес келіп отыратын жерлер өте көп. Аударманы ақын өзінше жырлау барысында өлеңдері мен қара сөздерінде кезлесетін өзіндік үнін қосып, өз позициясына бейімдеп, өзіндік тәрбиелік пайымдары негізінде ұсынған. Мысалы, «Вадим» поэмасының бірінші тарауында:

Ұяттан, ар-намыстан не біледі?

Шіркеуге келгендерден тіленеді.

Аш итше бір тиынға топыр қағып,

Бір таласып, бір ұрысып, бір күледі. (Ерекшелеген біз Ж. Н) [3, 152 б] .

Осы шумақтағы ұят, ар, намыс деген байламдар Абайдың көптеген өлеңдерінде, дәл осындай сілтемеде көрініс береді. Осы ар, ұят мәселесі күллі поэманың негізгі көтерер келелі идеяларының бірі. Жалпы Абайлың ақындық позициясының бірі осы. Өлеңдеріндегі өрнекті ойлар поэмалардың өн бойында шыпшып жатады.

«Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас» атты өлеңінде:

Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі.

Ар мен ұят сынбаса өзге қылық,

Арын, алқын - бұл күннің мәртебесі. (Ерекшелеген біз Ж. Н) [3, 114] .

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сыни өлеңінін көрінісі де осыған жақын.

Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап -

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап. (Ерекшелеген сызған біз Ж. Н) [2, 88] .

Осы сияқты Абай өлеңдерінде тіркестер көп. Және түгелдей бір өлеңнің мақсаты мен семантикалық мағынасы осы ар, ұят мәселесіне толық арналғандары бар. Мысалға, «Заман ақыр жастары» атты берері көп өлеңдердің бірі сондай:

Заман ақыр жастары,

Қосылмас ешбір бастары.

Біріне бірі қастыққа,

Қойнына тыққан тастары.

Саудасы - ар мен иманы,

Қайрат жоқ бойын тиғалы.

Еңбекпен етті ауыртпай,

Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,

Майданға түспей несі өнер?

Сиырша тойса мас болып,

Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,

Қалжыңбас келер өздері.

Кекектеп секек етем деп,

Шошқа туар сөздері [2, 166] .

Және ұлы ақынның қара сөздерінде де осы тақырып қарастырылып, ашық сипаттамалар берілген. Ұзын да болса келтіруге тұра келеді. Біздің алдағы барлық поэмадағы ар, ұят намыс консепциясын осы «Отыз алтыншы» қара сөзінен іздейміз. Поэмаларындағы басты пайындардың бірі осы қара сөзбен үндес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz