Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналары конструкцияларына шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.Сейфуллин АТЫНДАҒЫ қазақ агротехникалық университеті

Күреңбай Исатай

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Органикалық тыңайтқыш шашатын машина жобасы

5В060800 - Аграрлық техника және технология мамандығы

Нұр-сұлтан 2022
Мазмұны

1. Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналары конструкцияларына шолу
1.1 Тыңайтқыштар түрлері
1.2 Тыңайтқыштарды енгізу әдістері және оларға қойылатын агротехникалық талаптар
1.3 Органикалық тыңайтқыштарды дайындау және оларды қолдану тәсілдері
1.4 Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналар конструкцияларына шолу

Кіріспе

Ауылшаруашылық дақылдары өнімінің қалыптасуындағы ты- ңайтқыштардың рөліне кәзіргі кезеңде байқалатын немқұрайлы көзқарас, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі үшін кәдімгідей қатер туғызады және топырақтардың құнарлығының орны толмас жоғалуына әкеліп соқтырады, сондай-ақ жалпы агрохимиялық ғылымының дамуын айтарлықтай тежейді. Соңғы 15 жылдық кезеңде Қазақстанның агрохимиялық ғылымының потенциалы төмендеді, мамандырылған ғылыми орта-лықтарда, тәжірибелік стансаларда ғылыми лабораториялар саны қысқарды және аграрлық жоғарғы оқу орындарындағы проб-лемалық лабораториялар себепсіз жабылды. Республикалық агрохи-мия қызметі де жойылды. Агрохимиктердің талабы бойынша 2002 жылы құрамында 150 маманы бар Агрохимия қызметінің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы атты жаңа мемлекеттік мекеме құрылды. Бұл орталықтың атқаратын жұмысы өзінің негізгі міндетінен алшақ жатыр және тендерде жеңіске жеткен фермерлік қожалықтарының топырақтарының сапасын анықтаумен шектеледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткіліті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш еңгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады. Дүниежүзілік. егіншілік тәжірибесі көрсеткендей; өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді.


1. Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналары конструкцияларына шолу
1.1 Тыңайтқыштар түрлері

Органикалық тыңайтқышқа көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қордалар, шаруашылық қалдықтары, шымтезек, сапропель, сидераттар т.б. жатады. Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д.Н. Прянишников былай деп жазған: Химия өнеркәсібінің дамуына және минералдық тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты, көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес, керісінше, минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландыраудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай, көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді.
Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Органикалық тыңайтқыштар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал мен қоректік заттардың негізгі көзі болып саналады. Сонымен қатар олар топырақты түрлі микро-флоралармен байытады, аммонификация және нитрификация процесстерін жеделдетеді.
Органикалық тыңайтқыштарды енгізу-топырақ құнарлылығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштіктері, биологиялық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық қасиеттері, су және ауа режимдері жақсарады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы мен негізбен қанығу дәрежесі артады, қышқылдылығы төмендейді, жылжымалы алюминий, темір, марганец мөлшері кемиді, буферлігі жоғарлайды.
Органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштың тиімділігін арттырады. Топырақ ерітіндісінің шамадан тыс қоблануын және қоректік заттардың шайылуын кемітеді. Минералдық тыңайтқыштар көбінесе еңгізілген жылы ғана әсер ететін болса, органикалық тыңайтқыштардың әсері бірнеше жылға созылады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданса анағұрлым мол өнім алынады. Проффесор К. Иманғазиевтің ғылыми талдаулары бойынша әр гектарға енгізілген 20 тонна көң мақта өнімін гектарына 7ц, қант қызылшаны-100ц, дәндік жүгеріні -15ц, күрішті 10 және бидайды 5ц арттырады.
Сонымен егілетін дақылдардан мол әрі сапалы өнім алу үшін және топырақ құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Егіншілікте өте ертеден қолданылып келе жатқан органикалық тыңайтқыштардың бірі көң.
Көң құрамдас бөлігіне байланысты төсенішті және төсенішсіз деп ажыратылады.
Төсенішті көң қатты, сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. малдың жеген азығының құрамындағы органикалық заттың 40, азоттың 50, фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады.
Көңнің құрамы мал түріне, оның жасына, азық түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық бөліктердің арақатынасына да әсер етеді.
Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес. Мұнда айта кететін бір жағдай - мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса, азоттың 50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат, азот және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңнің сапасын жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан, шымтезек, ағаш огіндісі т.б. материалдарды пайдаланады.
Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады. Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады.
Мысалы, сабанның бір бөлігі 2-3, ойпатты жердің шым-тезегінің бір бөлігі 5-7, қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 10-15 бөлік малдың сұйық экскрементін сіңіреді. Төсенішті көңнің физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда, көңнің ылғалдылығы азды-көпті төмендейді, онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды. Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады. Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне, сапасына, малдың түрі мен жасына, азықтың мөлшері мен сапасына байланысты (1-кесте).

Кесте 1. Төсеніш құрамындағы қоректік заттардың орташа мөлшері, %

Шаруашылықтағы көңнің қоры және оның құрамындағы қоректік заттардың (әсіресе азоттың) ысырап болуы малға пайдаланатын төсеніш мөлшеріне байланысты (2-кесте).
Кесте 2. Тәулігіне бір бас малға жұмсалатын төсеніш мөлшері, кг.

Сонымен қатар төсенішті көң құрамы оны сақтау мерзімінің ұзақтығына, азық торіне, оның сапасына, төсеніш мөлшеріне және ыдырау дәрежесіне байланысты да өзгереді. Ауыл шаруашылығында негізінен аралас төсенішті көң пайдаланылады. Оның құрамында шамамен 0,5% жалпы азот, 0,25% фосфор және 0,6% калий болады.
Төсенішті көң құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер болатын толық органикалық тыңайтқыш. Топыраққа еңгізілген көң микроорганизмдердің қатысында минерализацияланады. Оның жалпы органикалық затының 72 пайызы минералдық қосылыстарға өтеді, ал 28 пайызы топырақ шіріндісіне ауысады.
Минерализация процесінің жылдамдығы көң сапасына, топырақтың қасиеттеріне, оның ауа, су режимдері мен реакциясына т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Көңнің органикалық заттарындағы көміртегінің көп бөлігі көмірқышқыл газына дейін тотығады. Азот пен кол элементтерінің өсімдікке сіңімділігі көңнің құрамына, ыдырау дәрежесіне және минерализация процесінің өту жылдамдығына байланысты. Негізгі ош қоректік элементтердің (азот, фосфор, калий) ішінде көңде калий мөлшері жоғары және ол жылжымалы әрі өсімдікке сіңімді хлорсыз қосылыстар торінде кездеседі. Сондықтан хлор элементіне сезімтал дақылдар (темекі, картоп, көкөніс, жидек) үшін көң хлоры бар минералдық тыңайтқыштарға қарағанда бағалы болып саналады. өсімдік бірінші жылы калий элементін көң мен минералдық тыңайтқыштардан шамамен бірдей мөлшерде (60-70%) сіңіреді.
Төсенішті көңді ыдырау дәрежесіне қарай жас немесе нашар ыдыраған, жартылай шіріген, толық шіріген және шірінді деп бөледі. Төсеніш ретінде пайдаланған сабан әлі де болса өзінің бастапқы сары тос мен беріктігін жоғалтпаса, оны жас көң дейді. Жартылай шіріген көңнің төсеніші (сабан) берік емес және түсі коңгірт- қоңыр, ал суының сөзіндісі қою, қара болып келеді. Мұндай көңнің массасы жас көңмен салыстырғанда 20-30% азаяды. Толық шіріген көң жабысқақ қара тості масса. Оның суының созіндісі тоссіз болады.
Массасы жас көңнің массасынан 50% аз болады. Шірінді органикалық затқа бай топырақ тостес, біртектес масса. Массасы жас көң массасынан 75% аз болады.
Ауыл шаруашылығында топырақ-климат жағдайларына қарай, толық немесе жартылай шіріген көңді пайдалану керек. Мұнда оңтостік-шығыс аудандардың суарылмайтын қуаңшылық аймақтарында топырақты одан әрі құрғап кетуден сақтау үшін көктемде толық шіріген, ал ылғал жеткілікті аудандарда жартылай шіріген көң пайдалану ұсынылады. Жауын-шашыны мол аудандарда, вегетациялық кезеңі ұзақ дақылдарға козде содігер жыртар алдында жас көңді қолдануға болады. Төсенішті көңді сақтаудың бірнеше әдістері ұсынылады:
Көңді малдың астында сақтау үшін, мал алаңдарға қалыңдығы 30-50 см сабан төсейді. Малдардың астындағы төсеніш олардың денесінен бөлінетін қатты және сұйық экскременттермен бірқалыпты араласады әрі тапталады. Беткі қабаты өте дымқылданған жағдайда тағы да аздап сабан шашып тастайды.
Көңді мал астында сақтағанда арнаулы қойма салудың қажеті жоқ. Сабанды уақтылы және мол пайдаланса, бокіл көң садырасы көңде жиналады және аммиакты азоттың ысырап болуы байқалмайды. Тығыздалған койінде сақтау үшін арнаулы көң қоймаларына жинайды. Мұнда көңді ені 5-6 м, қалыңдығы Ім, ал ұзындығы жиналу момкіншілігіне қарай ойеді де, дереу таптайды. Мұның үстіне келесі қабатты салып, оны да тығыздайды. Тығыздалған ойменің биіктігі 2,5-3 метрге жеткенде остін сабанмен жауып қояды. Көң анаэробты жағдайда ыдырайды және ылғал бірқалыпты сақталады. Көңді бұл әдіспен сақтағанда оның температурасы қыста 20-25%С, ал жазда 30-35"С жоғары көтерілмейді.
Көң массасының арасындағы барлық қуыстар көмірқышқыл газымен, судың буымен қаныққандықтан көмірқышқыл аммоний аммиаққа, көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырамайды. Басқа әдістерге қарағанда көңді тығыздап сақтау, органикалық заттар мен азоттың ысырап болуын анағұрлым азайтады. Жас көңді тығыздап сақтағанда ол 3-4 айда жартылай шіріген, 7-8 айда толық шіріген койге ауысады. Қопсытып- тығыздап сақтау үшін, мал қорасынан шыққан жас көңді қоймаға (апан) қалыңдығы бір метр етіп ойеді.
Тығыздалмаған ойме температурасы 60-707С (3-5 кон) жеткенде таптайды. Тығыздалған оймеге келесі жас көңді төгеді, оны да 3-5 коннен кейін таптайды. Мұндай тәсілді ойме биіктігі 2-3 метрге жеткенше жөоргізеді. Бұл әдіспен көңді сақтағанда микробиологиялық процесс бастапқы кезде (3-5 кон) аэробты жағдайда өтеді. Органикалық заттар мен азоттың шамалы бөлігі ысырап болады. Екінші сатысында (тығыздағаннан кейін) көң массасының температурасы 30-35%С дейін төмендейді және ыдырау процесі анаэробты жағдайда жүреді.
Төсенішті көңді тиімді қолданудың негізгі әдісі - оны топырақты жыртқанда ылғалды қабатына еңгізу. Бір гектарға арналған көң мөлшері оның ыдырау дәрежесіне, тыңайтқыш қолданатын дақыл ерекшелігіне, топырақ және климат жағдайларына байланысты 20 тоннадан 50 тонна аралығында бола-ды. Сорлемдік, көкөніс, картоп, отамалы дақылдар мен тамыр-жемістілерге, масақты астық дақылдарына қарағанда көңді мол қолданады. Гумус пен қоректік заттардың жылжымалы торлері аз топырақтарға көң қолдану қажет.
Нашар топырақтың құнарлылығын тезірек көтеру мақса-тында әрі момкіндігінше мол өнім жинау үшін көңнің жоғары мөлшерін қолданған тиімді. Ауыспалы егісте көң берілетін танапты жеке дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен олардың экономикалық маңызын ескере отырып белгілейді. Далалық ауыспалы егісте көңді коздік немесе отамалы дақылдарға берген пайдалы.

1.2 Тыңайтқыштарды енгізу әдістері және оларға қойылатын агротехникалық талаптар
Рұқсат етіледі: түйіршек диаметрі - 5 мм-ден астам емес; 1мм өлшемге дейін түйіршекті араластыру барысында - 5%-дан жоғары емес; енгізу алдындағы минералды тыңайтқыштың ылғалдылығы -1,5...15%-дан жоғары емес. Көліктер минералды тыңайтқыштар мен олардың қоспасын 0,05...1 тга көлемінде енгізуді қамтамасыз етуі керек. Тыңайтқыштарды тыңайтқыш сепкілерімен бөліп орналастырудың бірқалыпсыздығы +-15%-дан, шашқыштармен +-25%-дан аспауы тиіс.
Жаңа көңді пайдалануда органикалық тыңайтқыштарда бөтен заттар болмауы керек. Көліктер органикалық тыңайтқынштарды және олардың қоспаларын 5...60 тга көлемінде енгізуді қамтамасыз етіуі қажет. Тыңайтқыштарды бөліп орналастырудағы бірқалыпсыздығы - ені бойынша +-25%-дан, жұмыс жүрісінің ұзындығы бойынша +- 15 % -дан аспауы тиіс.
Тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолданған кезде аралас өткелдердің жабылуы қамтамасыз етілуі тиіс; енгізу тереңдігінің берілгеннен ауытқуы -- 15% - дан аспауы тиіс. Минералды тыңайтқыштарды шашу мен бітеу арасындағы уақыт аралығы -- 12 сағаттан артық емес, органикалық тыңайтқыштарда -- 2 сағаттан артық емес.
Тыңайтқыштардың түрлері
Барлық тыңайтқыштар минералдық, органикалық және бактериалдық болып бөлінеді. Сонымен қатар микротыңайтқыштар да бар. Оларды пайдалану үшін сәйкестенген білім болуы қажет, тек дұрыс пайдаланушылықта ғана тиімділік болады.
Органикалық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштарда өсімдіктерді азықтандыратын азот, фосфор, калий, кальций және сондай-ақ топырақтың қасиетіне дұрыс әсер ететін органикалық заттар бар.
Органикалық тыңайтқыштар жануар және өсімдік тектес заттардан тұрады, олар бөлшектену арқылы минералды заттарды құрайды, бұл ретте, өсімдіктің фотосинтезі үшін қажетті, жердегі қабаты көміртегі диоксидін бөледі. Одан басқа, органикалық өсімдіктің сулы және ауамен қоректенуіне, көкөніс дақылдарының тамырымен симбиозда өмір сүретін және оларға қолжетімді қоректік элементтер алуына көмектесетін, топырақ бактериялары мен микроағзалардың дамуына жақсы әсер етеді.

Сурет 1. Тыңайтқыш таратқыш

Көң
Бұл барынша құнды органикалық тыңайтқыш. Түрлі жануарлардың көңінде орта еспппен алғанда (%): су 75, органикалық заттар 21, жалпы азот 0,5, сіңімтал фосфор 0,25, калий окисі 0,6. Көңнің сапасы мал түріне, оның астығына, төсенішіне және сақтау тәсіліне байланысты. Мысалы, шошқаларды тамақтандыруда көп концентраттар пайдаланылады, сондықтан ол көңі жоғары азоттың болуымен ерекшеленеді, ал күйіс қайыратын жануарларда ірі азықтар бар - және оның көңінде калий көп.

Көң үшін тамаша төсеніш материал - жоғары әлсіз ыдырайтын шымтезек, бірақ көпшілік жағдайда сабан немесе жоңқаның үгіндісі пайдаланылады. Аттың көңі сабан төсенішінде, әсіресе суық балшық топырақта, таптырмайтын төсеніш.
Оны биоотын ретінде жылыжайлар үшін пайдаланған жөн. Ірі қара малдың көңі жылқынікінен гөрі нашар ысытады, өйткені оның құрамында су көп болады. Бірақ бұл көң жеңіл топырақтарға қолайлы. Шошқаның көңі қышқыл, сондықтан оны пайдалануда әк қосқан жөн. Қоянның көңінде өсімдікке қажетті барлық заттар бар. Оны басқа малдардың және құстың көңімен араластырғанда құндылығы артады. Нутрий көңі химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері бойынша басқа жануарлардың көңінен күрт ерекшеленеді, сондықтан оны тек ашытылған түрінде қолдануға болады, тіпті қордаға да қосуға болады. Қорда қадасын мезгіл -- мезгіл қоректік көң ерітіндісімен суаруға болады, бірақ азоттың жоғалуын болдырмау үшін суперфосфатты қосу керек (100 кг компостқа 1,5-2 кг). Келесі жылдың көктемінде мұндай қорданы топыраққа қолдануға болады.
Көңнің ыдырауы төрт дәрежеге бөлінеді. Әлсіз ыдырайтындарда (тым жас) сабанның түсі мен тығыздығы азғантай өзгереді. Оны шайғанда су қызғылт немесе жасыл түске боялады. Жартылай қатқан көңнің сабаны қара-қоңыр түсті болады, тығыздығы жоғалады және жеңіл ыдырайды. Сулы сұйықтығы қоңырқай түстес. Көң бұл сатыда 30 %-дық бастапқы массасын жоғалтады. Жартылай қатқан көң қара жағылатын массада болады. Сабан толығымен ыдырайды, көң 50 % салмағын жоғалтады. Қара шірінді-қопсылатын жер массасы. Бұл дәрежеде ыдырау шығыны 75 %. -- ға жетеді.
Аз ыдырайтын көң күзде, көп ыдырайтыны - көктемде салынады. Жас көңді пайдаланудың қажеті жоқ. Егер көң жеткіліксіз болса, онда оны аз мөлшерде салу керек, бірақ көп жерге, мысалы - шұңқырларға. Суық топырақтарда көң 10-15 см тереңдікке отырғызылады, сондықтан ол жоғарыдан жермен жабылған, жылы, тез кебеді -- өңделген қабаттың толық тереңдігіне дейін. Қоймалжың бөкпе (ірі қара малдың көңінің сұйық бөлігі) - азот-калий тыңайтқышы.
Фосфордың аздығына байланысты суперфосфатты (1 литрге 15 г) қоймалжың бөкпеге қосқан пайдалы. Бұл тыңайтқыш сұйық тыңайтқыш үшін қолданылады, ол үшін ол сумен сұйылтылады [1:(4...5)], сондай-ақ шымтезек қордасын дайындау үшін. Сиыр көңі (сиыр нәжісінің су инфузиясы) көбінесе сумен сұйылтылған сұйық таңу үшін қолданылады (1:6 немесе 1:10). Ерітінді әдетте ағаш ыдыста дайындалады. Егер ерітінді ашыту үшін қалса, онда азот одан тез буланып кетеді, сондықтан қолданар алдында аммоний сульфаты қосылады (10 л үшін 10-20 г).

Құс тамшылары (боғы)
Химиялық құрамы бойынша құстың тамшылары органикалық тыңайтқыштардың жақсы түрі. Оның ішінде құнды болып саналатыны тауықтың және көгершіннің тамшылары, үйрек пен қаздікінің құндылығы төмендеу. Мұндай тамшыларды топыраққа жиі қосқанда топырақта нитратты формада азот жиналады, сондықтан бұл тыңайтқышты барлық жерге біркелкі жайып, күзде араластырған дұрыс. Бірақ ең тиімді құс тамшыларын (боқтарын) сұйық жоғарғы азықтандыру кезінде қолданған жөн. Ерітінді дайындау үшін контейнерлер жартылай қоқыспен толтырылады, содан кейін сумен құйылады, қақпақпен жабылады және оған 3-5 күн талап етіледі. Содан кейін ерітінді сумен екінші рет сұйылтылады (1:10).
Шымтезек
Шымтезекте өсімдіктер үшін қолжетімді азғантай қоректік элементтер бар, бірақ оның құрамында қарашірік қорда бар және топырақтың құрылымын жақсартады. Шымтезектің қоңырқай түсі жылулықты тартып, топырақты тез жылытады.
Ыдырау дәрежесі бойынша шымтезектің бірнеше түрі бөлінеді. Жылқы өсімдік қалдықтарының ыдырауының әлсіз дәрежесімен және жоғары қышқылдықпен сипатталады. Ойпат жоғары ыдырау деңгейімен және төмен қышқылдықпен сипатталады. Өтпелі шымтезек олардың арасында аралық орынды алады.
Шымтезекті батпақтарда жинайды, одан кейін оны желдетуге қояды немесе үйінді қылып үйеді. Шымтезекті жылдың әр мезгілінде жаюға болады, тіпті қыста қар үстіне де. Бірақ оған әк қосу керек екенін ұмытпауымыз керек. Бақшада шымтезек компосттарға, сондай-ақ көшеттер мен қорғалған топырақты өсіру үшін топырақ қоспаларына жақсы қосылады.

Тұнба
Тұнба тоған, көл және өзен түбінде жиналады. Онда қарашірік, азот, калий және фосфор көп. Қысқа желдетуден кейін шламды құмды топырақтарда сәтті қолдануға болады (1 м2 үшін 3-9 кг).

Нәжіс
Нәжіс -- бұл дәретханалардың қоқыстары. Олар минералдық заттарға бай және өсімдіктерге тез сіңіседі. Бірақ қазылған шұңқырлардағы нәжістер тез ыдырайды, олардан азот тез ұшып кетеді. Азотты жақсы сақтау үшін қазылған шұңқырдың түбіне 20 -- 25 см қабатта шымтезек жайылады. Содан кейін нәжіс апта сайын аз мөлшерде шымтезекпен қабатталады. Нәтижесінде азот сақталып қана қоймай, ұрықтың иісі де жоғалады. Тыңайтқыш ретінде қолданар алдында жұмыртқалары 45...50 °C температурада өлетін құрттардан зарарсыздандыру үшін нәжіс компост жасалады.

Жоңқа үгіндісі және ағаш қабығы
Жоңқа үгіндісі - арзан органикалық тыңайтқыш, ол топырақтың құнарлығын, ылғалдылығын және ауаөткізгіштігін арттыруы мүмкін. Тек оларды жаңа емес, шірік немесе басқа материалдармен араластыру керек. Ыдырау процесін тездету үшін үгінділер үйіндіге салынып, сумен, бөкпемен суланған. Оларды құлаған жапырақтармен және өсімдік қалдықтарымен араластыруға болады. Үгінділерді жермен қабаттастыру пайдалы. Жазда жиналған өсімдік қалдықтары мен нитрофоска қосып, үйінді екі рет араластырылады. Үгінділер қышқыл реакцияға ие болғандықтан, оларға әк немесе бор қосылады (бір шелекке 120-150 г).
Ағаш қабығы (ағаш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары) қолданар алдында компост жасалады. Ылғалдылығы 75% қабығы ұзындығы 10-40 см кесектерге кесіліп, үйіндіге салынып, минералды тыңайтқыштар қолданылады (100 кг үшін кг): аммоний нитраты 0,9, мочевина 0,7, натрий нитраты 2, суперфосфат 0,2, аммоний сульфаты 1,5. Үйінді мезгіл-мезгіл араластырылып, ылғалдандырылады. 6 айдан кейін компост пайдалануға дайын.

Жасыл тыңайтқыш (сидераттар)
Бұл органикалық тыңайтқыш - бұл бір немесе көпжылдық бұршақ өсімдіктерінің (көктемгі бұршақ, көктемгі вики, жемшөп бұршақтары, люпин, сераделла), сондай-ақ факелия, қарақұмық, күнбағыс және басқалардың жоғары сапалы өсімдік массасы. Өз қызметіне байланысты сидераттар жас көңмен бірдей. Сидераттардың өсімдік массасындағы қоректік элементтері, топыраққа кіре, біртіндеп ыдырап, басқа да дақылдар үшін қолжетімді жағдайға ауысады, ал органикалық сидералды зат топырақ құрылымының жақсаруына ықпал етеді. Кейбір сидералды дақылдар (люпин, қарақұмық, қыша) аз қозғалмалы топырақты фосфатты өсімдіктер үшін сұйықтықты және қолжетімділікті арттырады, ал люпинді қолжетімділігі қиын калий формалары пайдалана алады.
Топырақтың сарқылу дәрежесіне байланысты сидераттар жаз бойы немесе аралық дақыл ретінде сайтқа орналастырылады. Мысалы, олар ерте көкөністерді жинағаннан кейін егіледі. Кейде қысқы бұршақ немесе қысқы ветчина егіледі, көктемде гүлденуден кейін масса оралып немесе шабылып, иісі шығады, ал учаске тегістеліп, себіледі. Бақшада сидераттар үздіксіз қатарларға себіледі (жолдардың ені 60 -- 90 см, жолдар аралығы 15 см). Бір жылдық бұршақ дақылдарын егу тереңдігі 5-6 см, көпжылдықтар-3-4 см міндетті түрде егуден кейін, әсіресе көпжылдық шөптер. Сидераттарға күтім қажет емес, бірақ суару кезінде олар жақсы өседі.

Қорда (компост)
Қордаларды түрлі органикалық материалдардан дайындайды. Зиянкестермен және аурулармен зақымданбаған, өсімдік қалдықтары, нәжіс, құс тамшылары, көң және басқа да материалдарды шымды жермен және шымтезекпен қабаттастыра отыра, тегіс бетке қопсығыш үйіндіге жинайды. Үйіндінің негізі-10-12 см қабаты бар жапырақтардың, үгінділердің немесе шымтезектің қоқысы, мезгіл-мезгіл үйінді 40-50 күннен кейін сумен немесе тыңайтқыш ерітіндісімен ылғалдандырылады. Компост араластырылады, ал оның температурасы 60 °C жеткенде -- тығыздалады.
Жазда қорда үйіндісі күн сәулесінен қорғалады, қыста олар 30-40 см қабаты бар жермен немесе үгінділермен жабылады, 8-11 айдан кейін компостты қолдануға болады. Тұқым берген арамшөптер бөлек компост жасайды, өйткені олар өнгіштігін шамамен бес жыл сақтайды.
Ауыспалы егіс жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық дақылдар үшін бірдей болмайды.
Тыңайтқышты беру мезгіліне қарай еңгізудің 3 тәсілі бар: негізгі тыңайту, тұқымды себу кезінде тыңайту, остеп қоректендіру. Негізгі тыңайтудың басты міндеті-дақылды бокіл вегетациялық дәуірінде қоректік элементпен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берілуге тиісті тыңайтқыш мөлшерінің барлығын немесе 70-80% негізгі тыңайтуға қолданған дұрыс. Көпшілік жағдайда содігер жыртар алдында атқарылады. Негізгі тыңайту мерзімін дақылдың, аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне, тыңайтқыш қасиетіне сәйкес белгілейді. Көбінесе (фосфор және калий тыңайтқыштарының басым көпшілігі топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерінен оның терең қабатына шайылмайды. Демек оларды мол мөлшерде козде негізгі тыңайтуға қолданады.
Қазақстанның суарылмайтын тәлімі егіншілік аймақтарында барлық тыңайтқыштарды козде беруге болады. Ол үшін аммиакті, амидті азот тыңайтқыштарын пайдаланған дұрыс.
Негізгі тыңайтуға арналған тыңайтқыштарды дақылдың қоректену ерекшеліктеріне қарай, топырақтың ылғалы мол қабатына еңгізу керек.
Негізгі тыңайтуға арналған тыңайтқыш мөлшерін торлі себептермен азайту оның тиімділігін төмендетеді.
Тұқымды себу кезінде тыңайтудың басты міндеті өсімдікті алғашқы өсу кезеңінде қоректенуін одету. Бұл дақыл тұқымы дұрыс және тез көктеп шығуы үшін оның сіңімді қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызды шарасы. Тұқымды себу кезінде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негізделген. Азот пен калий тыңайтқыштарында қолдануға болады. Тұқым топырақтың беткі қабатында орналасқандықтан, бастапқы өсу кезінде негізгі тыңайту үшін тереңге еңгізілген тыңайтқыштың қоректік затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезінде оның қасына еңгізілген тыңайтқышты өсімдік алғашқы көктеу дәуірінен бастап-ақ пайдаланады.
Тұқымды себу кезінде тыңайтқыш беруді топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанда да қолданған жөн.
Мұндай жағдайда себілген тұқым мен берілген тыңайтқыш арасында топырақ қабаты қалады да тұқым тыңайтқышпен жанаспайды. Мұның өзі тұқымды тыңайтқыш тарапынан әсер ететін зардаптан қорғайды.
Тұқымды себу кезінде тыңайтқыш қолданудың тиімділігін Қазақстанның әр торлі аймақтарныда жоргізілген тәжірибелердің мәліметтерінен байқаймыз (72- кесте).
Тұқымды себу кезінде суперфосфатты қатар аралығына бергенде, оның құрамындағы фосфордың пайдалану коэффиценті 2-3 есе жоғарылайды.
Бұл шара аса пайдалы екен деп, қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін 30- 40 килограмға дейін көбейтуге болмайды, өйткені көп мөлшерде берілген тыңайтқыш көпшілік ауылшаруашылық дақылдарының жас көгіне зиян келтіреді және бұл тәсілмен берілген тыңайтқыш топырақтың тек қана тұқым себілген тереңдігінде орналасады да өсімдік жетіле келе оның тамырлары терең кеткен соң, бұл тыңайтқышты толық пайдалана алмайды.
Егістік тәжірибелердің нәтижелерін пайдалану тыңайтқыш мөлшерін анықтаудың ең негізгі әдісі. Жоғарыда айтылғандай тыңайтқыш тиімділігі топырақ пен ауа-райы жағдайларына байланысты. Осы факторлардың бір-біріне және олардың дақыл түсіміне тигізетін әсерін тек қана егістік жағдайында байқауға болады.
Егістік тәжірибелерді жүргізуден жинақталған материалдарды ғылыми- зерттеу мекемелері қорытындылайды да әрбір аймақ топырағында егілетін дақылдарға тыңайтқыш қолдану туралы ұсыныс дайындайды. Сол аймақта орналасқан шаруашылық осы ұсынысты толық өзгеріссіз немесе өз жағдайына қарай тозетулер еңгізу арқылы пайдаланады. Тыңайтқыштың орташа мөлшерін дәлдеу үшін торлі әдістерді қолданады. Ең кеңінен таралған әдіс - түзету коэффициентін пайдалану әдісі. Бұл әдісте топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрінің мөлшері ескеріледі (3-кесте).

Кесте 3. Суармалы аймақтың қара-қоңыр, боз топырақтарына қолданылатын тыңайтқыштың орташа мөлшеріне арналған тозету коэффициентінің мәні.

Топырақтағы
жылжымалы фосфор мен мен шөптер алмаспалы калий деңгейі
Дәнді дақылдар
Техникалық
отамалы дақылдар
Көкөніс
дақылдары
Өте төмен
Төмен
Орташа
Көтеріңкі
Жоғары
1,2
1,5
1,2
1,5
1,7
1,0
1,0
1,0
1,0
1,2
090
107
107
0,10 0,4
10,8

Бұл әдістің артықшылығы егістік тәжірибе нәтижелерін математикалық жолмен өңдеуге және торлі көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтауға болады. Ол үшін топырақтағы және өсімдіктегі қоректік зат мөлше-рінің, тыңайтқыш мөлшерінің өнім деңгейі мен сапасының араларындағы байланысты белгілеген дұрыс. Тыңайтқыш мөлшерін бұл әдіспен анықтауда қысқа мерзімде жүргізілген тәжірибе нәтижелерін пайдалануға болмайды.

1.3 Органикалық тыңайтқыштарды дайындау және оларды қолдану тәсілдері

Дақылға қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
Интербелсенді оқыту технологиясын ашып көрсету
Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар
Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Экологияның негізгі проблемалары
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Қызылорда обылысы Абай ауылы Рахымжанов жеке шаруашылығында күріш өндіруді механикаландыру және топырақты өңдейтін машинаның сұлбасын жобалау
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Пәндер