Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еуразия гуманитарлық институты

«Қорғауға жіберіледі»

« » 2022 ж.

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., профессор Н. Т. Ныгыманова

ДИ‎ПЛО‎МДЫ‎Қ ЖҰМЫ‎С

Та‎қы‎ры‎бы‎: Бастауыш мектептегі оқу сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары

6В01303 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру

бағдарламасы бойынша

О‎ры‎нда‎ға‎н: Зекен І. С.

Те‎ксе‎рге‎н: п. ғ. к., профессор Нығыманова Н. Т.

Нұр-сұлта‎н, 2022

Мазмұны

Кі‎рі‎спе‎
3
: 1
Кі‎рі‎спе‎: Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздері
3: 5
: 1. 1.
Кі‎рі‎спе‎: Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың ғылыми зерттеулерін талдау
3: 5
: 1. 2
Кі‎рі‎спе‎: Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
3: 14
:
Кі‎рі‎спе‎:
3:
: 2
Кі‎рі‎спе‎: Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс
3: 20
: 2. 1
Кі‎рі‎спе‎: "Әдебиеттік оқу" пәні аясында оқу іс-әрекет дағдыларының деңгейін анықтау
3: 20
: 2. 2
Кі‎рі‎спе‎: Қалыптастырушы эксперименттің сипаттамасы және оның нәтижелері
3: 33
: 2. 3
Кі‎рі‎спе‎: Бақылау эксперименті және зерттеу нәтижелері
3: 38
:
Кі‎рі‎спе‎: Қо‎ры‎ты‎нды‎
3: 43
:
Кі‎рі‎спе‎: Па‎йда‎ла‎нға‎н әде‎би‎е‎тте‎р ті‎зі‎мі‎
3: 48
:
Кі‎рі‎спе‎: Қо‎сы‎мша‎ А‎
3: 50

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта бастауыш білім берудің мақсаты - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды қолдану (бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 2-қосымша), осындай кең ауқымды дағдыларды игеру үшін және білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады) .

Мойындау керек, қазіргі кезде балалар аз оқып қана қоймай, оқыған мәтінін нашар түсінеді, қабылдауы әлсіз . Оқу барысында талдау, қорытынды жасау дағдысы ақсап тұр. Бұл - шынымен де ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін үлкен мәселе. Және бұл мәселе бүгін ғана пайда болған жоқ. Сондықтан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚКК отырысында бұл жағдайды түбегейлі өзгертіп, кітап оқитын елге айналуымыз үшін түрлішаралар қабылдауды тапсырып отыр.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен ҚР Білім министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасына жауап ретінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру акаемиясы «2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хат әзірледі. Аталған құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарында бірнеше іс шаралар мен жобалар жүзеге асырылады, соның ішінде «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ел» жобасы оқушыларды кітап оқуға барынша ынталандырып, сауатты ұрпақ қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқу сауаттылығы - қазіргі қоғамда табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы негізгі дағдылардың бірі[1] .

Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру жүйесі оқу сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту міндетін шеше отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге белсенді қадам жасап отыр.

Қазігі кезде мектептегі білім беруде Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес, жалпыға бірдей оқу іс-әрекетін қалыптастырудың негізі ретінде функционалдық оқу дағдыларын меңгертуге басты назар аударылады:

"Оқу үрдісінің кандай мәселесі болмасын, бала психологиясына негізделмесе, оны ескермесе, оқытудың әдіс-тәсілдерін құбылтып түрлендіру де, сабақ үстінде қолданылған сан алуан көрнекіліктер де жай, жасанды дүниеге айналады [2] .

Өйткені жеке тұлғаны қалыптастыру қоғамдық тәжірибе мен кейбір қажетті нормаларды меңгерту аркылы жүзеге асқанымен, оқытудың мәні тек білімді түсініп, игеруде емес, сол нормалардың оқушылардың іс-әрекеті мен жалпы қасиетінін ішкі механизмі, қозғаушысы-мотиві болатындай дәрежеде ұйымдастырылуында", -дей келе психолог-ғалым Л. И. Божович педагогикалық психологияның ең өзекті мәселесі - оқу мотивтерін тәрбиелеу туралы құнды пікір айтып, оны ғылыми тұрғыда негіздеп берді. Бұл міндеттің жүзеге асуында баланың жеке басы ерекшеліктерін ескеру, оқытуды жеке тұлғаны дамыту тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие[2, 28б] .

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу іс әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушылары және бастауыш мектептегі оқу процесі.

Зерттеу пәні: әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу іс- әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік зерттеу.

2. Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді тәсілдерін іздеу бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми еңбектерінде оқытудың әдіснамалық негіздерін зерттеу.

3. Оқу іс-әрекетін қалптастыру үшін тандалған әдістерді эксперименталды түрде тексеру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеу жұмысымыздың оқу процесін әрекет тұрғысынан зерттеушілер П. Я. Гальперин, А. К. Маркова, Ф. Талызина, Г. И. Щукина, В. А. Сластениннің жұмыстары алынды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызыдылығы: егер «Әдебиеттік оқу»сабақтарында іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістері қолданылса, онда пән бойынша білім сапасы артады, танымдық белсенділік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Зерттеу әдістері: теориялық және эмпирикалық.

Зерттеудің эмпирикалық әдістері:бақылау, анықтау, эксперимент, талдау, сауалнама, әңгімелесу, зерттеу және т. б.

Зерттеудің теориялық әдістері:әдебиеттерді талдау және зерттеу, алынған нәтижелерді талдау.

Ғылыми жаңалығы:

1. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекеттерін ұйымдастырудың териялық және әдістемелік негіздері қарастырылды.

2. Оқу іс-әрекетін тиімді қалыптастыру тәсілдері қарастырылып зерттелді.

3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған әдістерпайдаланып, эксперименталды түрде тексерілді.

Зерттеу базасы: Нұр-Сұлтан қаласы, «32 мектеп -гимназиясы». Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың ғылыми зерттеулерін талдау

Халқымыздың білім беру тарихында алғашқы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш бастауыш сынып оқушыларының оқыту мәселесімен айналысып, сол кездегі озық педагогикалық, әдістемелік идеяларға негізделген бірқатар құнды еңбектер жазды.

Ыбырай Алтынсарин еліміздегі жас балалардың таным мүдделерін кеңінен қанағаттандыру және олардың тәрбиелік мұраттарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді дамытуға әрекет ету үшін сол кездегі орыс тіліндегі ең үздік оқулықтар мен педагогикалық кітаптарды педагогикалық шеберлікпен, көремпаздықпен дәл таңдап алғандығын ғалым-мұғалім А. Сыздыков өз еңбектерінде жазды[3, 36б] .

Өкінішке орай, Ахмет Байтұрсыновтың сол кездегі ғылыми еңбектері, қолда бар әдістемелік зерттеулері бастауыш сынып оқушыларның сөйлеу тілін дамыту жөніндегі еңбектерде лайықты бағаланып, тиісті құрметін ала алған жоқ.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында зерттеу жұмысының осы бөлімінде оның Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш қазақ мектебіне арналған әліппесі толық сипатталады[3, 38б] .

Оқу процесін әрекет тұрғысынан зерттеушілер П. Я. Гальперин, Ф. Талызина, А. К. Маркова, Г. И. Щукина, т. б. оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, көздеген нәтижеге жетуі тек кана оқу мотивтерін дұрыс тәрбиелеумен байланысты болатынын тұжырымдайды. Дамыта оқытуды ұсынушылар С. Л. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов оқу әрекеті компоненттерінің ішінде мотивтердің шешуші мәнге ие екенін дәлелдеп берді[3, 39б] .

Отандық ғылымда жалпы оқыту теориясының психолологиялық мәселелері Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың, М. Мұқановтың, Т. Сабировтың, Ә. Сыдықовтың, Қ. Жарықбаевтың т. б. еңбектерінде арнайы сөз болады.

Мотивтердің мақсатқа ұласуының басқыштары, сатылары туралы қазақ білімпазы М Жұмабаевтың "Педагогика" атты еңбегінде: "Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себептер яки дәлел мотив деп аталады. Бұл - қайраттың мақсатқа жету үшін жанның алға ұмтылуының бірінші басқышы деп түсіндіріледі[3, 40б] .

Жалпы білім беретін оқу мекемелерінің көп түрлілігі мен оқыту бағдарламалардың вариативтілігі жеке дара оқуға, халықтың білім алуға деген түрлі талаптары мен оқушылардың қызығушылықтарын қанағат етуге көмек көрсетеді. Соңғы жылдарда мұғалімдердің шығармашылық еңбегі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Мұның бәрі мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті жоспарлауға, ұйымдастыруға және оны басқаруға деген жаңаша көзқараспен қарауды ойластырады.

Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік берді:

- ұйымдастырушылық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады;

- тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда ұйымдастырушылық іс-әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуеттің» қайнар көзі ретінде көрінеді;

- педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үрдісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат (инновациялық) тәжірибелер;

- білім берудегі әлеуметтік тапсырыс тұрғысынан - нәтижесі инновациялық кеңістік болатын, білім берудегі өзгерістер үрдісінде көптеген субъектілірді бірізділікпен енгізуді болжайтын ұжымдық сипаттағы қызметтің күрделі жүйесі [3, 45б] .

Көптеген авторлар мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекетін білім берудің осы күнге дейін қолданып жүрген түрлері мен әдістерін қайта құруға және оларды жүзеге асыру үшін жаңа мақсаттар мен құралдарды жасау іс-әрекеті ретінде қарастырады. Ұйымдастырушылық іс-әрекетке түсініктеме берудегі түрлі көзқарастарда зерттеушілер өзін-өзі өзектеу, өзін-өзі дамыту, жетекші мотив болатын, адамның шығармашылық іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде сипатталатын мотивациялық, шығармашылық, технологиялық және рефлекстік компоненттерін белгілейді.

Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекетінің өлшемдік сипаттары: мотивациялық, шығармашылық бағыт (өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, инновациялық іс-әрекет мақсатын түсіну) ; жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы (іс-әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болу, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибелерін жинақтау және пайдалану қабілеттілігі) ; өзін-өзі басқару қабілеттілігі (өзін-өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттіліктері) .

Білім берудегі методологиялық және теориялық негіздерді басқару Ю. С. Алферов, Ю. В. Громыко, А. А. Орлов, М. Николаева, С. Постовалов, В. Постовалов, А. Е. Потапов, А. И. Пискунов, Н. Д. Хмель, Г. Л. Лукпанов және т. б. еңбектерінде қарастырылған [3, 46б] .

П. Я. Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтарша, оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А. Н. Леонтьев теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) - жетекші әрекеттің типі [3, 49б] .

Қазақстандық психолог С. М. Джакупов оқу әрекетінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіруде бірлескен- диалогтық танымдық іс-әрекетін қалыптастыру ұғымын енгізді. Г. В. Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құрылатын әрекет[3, 50б] .

Біріншісі - жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі функционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компоненттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталады. Оқу әрекеті - қол жеткен тәжірибені ұғыну арқылы іске асырылатын «таза» та- ным үдерісі. Оқыту іс-әрекеті - оқу іс-әрекетінің жемісті өтілуін қамтамасыз етуге бағытталған. И. И. Ильясовтың анықтауынша оқу әрекеті - субъектінің өзін-өзі өзгертуі, өзін-өзі дамытуы, нақты білімдер, іскерліктер, дағдылар жоқ субъектіден, соларды иемденген субъектіге айналуы.

«Оқу» ұғымымен қатар кеңестік психологтарда (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. К. Маркова) және шет елдіктерде де (X. И. Лийметс, И. Лингарт) көбінесе «оқу әрекеті» деген ұғым да жиі қолданылып жүр. Оның мазмұнына үдеріс және нәтижесімен қатар, құрылымдық ұйымдастырылуы, ең негізгісі - оқудың субъективтілігі кіреді. Қазіргі кезде оқу әрекеті - оқудың арнаулы формасы ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастыру), басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақыланатын (өзін-өзі бақылау) объект түрінде көрінеді. Жоғарыда айтылғандар «оқу» ұғымының мазмұны тым кең, көпжақты және түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатынын көрсетеді[3, 52б] .

Жоғарыда аталған авторлар өз жаңалықтарымен, көкейістілігімен ерекшеленетін, білім жүйесін практикалық тұрғыда реформалау үшін басқарудың бірқатар проблемеларын қарастырады. Осының ішіне басқарудың жаңа құндылықтары мен мақсаттары, мектепішілік басқарудағы жаңа енгізулер, дамыту бағдарламасын, түрлі типтегі мектептердің оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларды әзірлеудің технологиясы мен методологиясы, білім беру субъектілерін әлеуметтік-құқықтық қорғауы, педагогикалық кадрлардың аттестациялануы да жатады [4, 14б] .

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдар, В. В. Давыдов, А. А. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. А. Болотов, О. Е. Лебедев, И. А. Зимняя, А. К. Маркова, С. Г. Молчанов, Г. К. Селевко, В. В. Сериков, В. А. Сластенин, А. В. Хуторской, М. Ж. Жадрина, С. Д. Мұқанова, И. И. Бим, Ф. Ш. Оразбаева, Е. И. Пассов, В. Л. Ляховицкий, Н. Сауранбаев, С. Кеңесбаев, С. Жиенбаев, Т. Ахметов, Ғ. Бегалиев, А. Айдаров, Ж. Д. Адамбаева, Б. Б. Құлмағамбетова, К. Ы. Сариева, М. М. Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды[4, 16б] .

В. И. Звереваның мектеп жетекшілерінің іс-әрекетін басқару мазмұны бойынша өткізген талдауы оның басты алты бағытын мүшелеуге мүмкіндік береді. Олар: көпшілік ұйымдастырушылық, тәрбиешілік, нұсқаулық- әдістемелік, педагогикалық, әкімшілік-ұйғарымдық және қаржылы-шаруашылық[4, 19б] .

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю. А. Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.

3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.

4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.

6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.

7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.

8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.

9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының) .

Баланы оқытуда ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.

Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады[4, 20б] .

М. Дулатов өз зерттеулерінде оқыту мәселесімен қатар оқыту түрлері мен әдістерін сөз етеді. «Қирағаттың» мақсатын түсінбеген адам мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды, балаларды оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып айтып беруге, оқығанды мағынасымен толық жадында сақтауға үйрету керек»- деп, оқыту әдіс-тәсілдерін меңгертудің маңызын нақтылай түседі[4, 27б] .

Кітапты нақыштап оқыту, мазмұнын баяндату оқушының материалды жадында тұрақты сақтауына үлкен әсер тигізетінін көрсетеді. Оқулықта оқылған материалдың мазмұнына, мәніне көп көңіл бөлу керектігі айтылады, себебі балалардың үлкендердіңкі сияқты сыни көзқарасы қалыптаспағандықтан олар мазмұнына онша ден қоймай іле шала оқып шығады.

Сонымен қатар барлық оқытудың түрлерінің міндеті - алдына мақсат қоюмен түсіндіріледі деді. Автор бір ғана сабақ үлгісін көрсету арқылы мұғалімнің оқушыға теориялық білім мен практикалық дағды қалыптастыруда қандай оқыту ұстанымдары мен заңдылықтарға арқа сүйеу керектігін атап көрсетеді.

«Баланың кітапты көп оқуы мақсат емес, ең негізгісі - оқыған кітаптарын еске сақтап, өнерге, білімнен ғибрат алуында» деген пікірінде М. Дулатов тәрбие мен білімнің ортақ екеніне зор мән береді. Себебі, бұрынғы заманда бір оқулықтан екінші оқулыққа ауысып бірнеше кітаптарды қатар оқыту қолданылмайтын еді.

Кітапта сабақтарды белгілі бір бағдарламамен сағаттарға бөлу, бағдарламаның мәні мұғалім материалды терең талдап мазмұнын ашқанда ғана болатындығын және жүйелі оқыту кезінде осы оқулықтағы «Оқымысты бала» әңгімесін түрлі әдістер қолдана отырып қалай оқыту керектігі толығымен баяндалады. Бұл әңгімеде баланың білімін сұрақ- жауап арқылы жадында жақсы сақталу жолдарын көрсетіп, сауалдарға толық түрде жауап беруге әдеттендіру жолдарын ұсынған. Оған ағартушының «Мақаланы бөліп оқытқанда, һәр сөйлемді, һәр балаға оқыттырарға, сауалдарды да әрқайсысына кезек берерге керек.

Әр бала оқығанда басқалары зерттеп кітаптарына қарап отырарға керек. Бала қате оқыса, білгендері қолын көтеріп қана өзінің байқағанын сездірерге керек. Тыңдамай алаңдап отырған баланы байқаса мұғалім: Әрі қарай оқы деп кенеттен сынау пайдалы. Мұғалім мақала біткенше сауал беріп болған соң, бірнеше балаға түгел оқытып қателерін балалардың өздеріне түзеттіріп, білмей қалған жерін де жетекші сауалдармен өзі түзетерге керек» деген пікірі мысал бола алады.

Л. М. Фридман "Өкінішке орай осы уакытқа дейін білім беру дегенді алдынғы ұрпақтың мәдениеті мен әлеуметтік тәжірибелерін кейінгілерге беру, соны меңгерту деп келеміз. Дұрысы: білім беру, пәнді оқыту дегенді оқушының сол пән мұғалімін біліп, меңгерудегі өзіндік, жеке әрекеті деп бағалау керек” дейді[5, 35б] .

Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді көздейді. Ол оқушылардың психологиялық және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық тұрғыда негіздеуді қажет етеді.

Оқу іс-әрекетінің басқа әрекеттерден ерекшелігі: оқу материалдары мен оқу тапсырмаларын меңгеруге бағытталуы; әрекет және ғылыми ұғымның жалпы амалдарын меңгеруі; тапсырмаларды шешудің алдын алатын жалпы әрекеттері; адам - оқушының өзгерісіне әкелетін оқу іс-әрекеті; өзінің әрекетінің нәтижесіне сыни көзқараспен қарауға дағдыландыруды көздеуінде.

Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. оқу іс-әрекеті тұжырымдамаларында оқу әрекетінің құрылымын қажеттілік, түрткі, оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері, бақылау және бағалау құрайды[5, 45б] .

Г. П. Щедровицкий сегіз компоненттен тұратын құрылымды ұсынады: мақсат, міндет, бастапқы материал, құрал, әдіс, үдеріс, процедура, өнім. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің белгілі құрылымы мыналар: [6, 32б]

1. Қажеттілік, мотив.

2. Оқу тапсырмалары.

3. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл - амалдары) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz