Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Орыс тіліне жаңадан аударылған Абай жолы романының тұсауы кесілді

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың 110 жылдығына арналған шаралар, Алматыда жалғасты. Абай атындағы академиялық опера және балет театрында, бүгін ұлы суреткерді ұлықтаған салтанатты кеш өтті. Ал Ғабит Мүсірепов атындағы театрда, екінші мәрте орыс тіліне аударылған Абай жолы романының тұсауы кесілді. Түпнұсқадан тәржімаланған туынды, жаңаша көзқараспен жазылған. Басылымның, өзінің алдында жарық көрген аудармадан айырмашылығы да сонда.
60 жылдан астам уақыт бұрын жарық көрген Абай жолы эпопеясы бүгінге дейін әлемнің 40 тіліне тәржімаланыпты. Ал орысшаға осымен екінші мәрте аударылды. Авторы Ресей жазушысы Анатолий Ким. Қазақстанда туып-өскен қаламгер бұған дейін де қазақтың сөз ұсталарын орысшалап келген.
Анатолий Ким, жазушы,
Мен бұл қадамға өмір бойы дайындалдым десем де болады. Ең алғаш Абай романымен бесінші сыныпта оқып жүргенде таныстым. Содан бері еш жадымнан шыққан емес. Бірден аударуға жүрексіндім, әлбетте. Орыстың әйгілі аудармашысы Николай Любимовтан алған тәлімім көп көмектесті.
Орыс тілді оқырманға Абай жолы Леонид Соболевтың аудармасы арқылы таныс. Жазушысынан көз жазбаған Кеңес одағы цензурасы бұл еңбекке де құрығын салды. Күзеп, түзеп, тарихи шындықты жасырып бақты. Азат елде жарық көрген жаңа Абай жолында енді әділет орнап, олқылықтың орны толды.
Мұрат Әуезов, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры
Бір ғана мысал айтайын. Бұрынғы нұсқада Абайдың әкесі Құнанбай жағымсыз кейіпте сомдалса, қазіргісінде Құнанбай даланың кемеңгер ұлы ретінде сомдалады. Айта берсе көп. Әрине, бұрынғы еңбектің де зор ролін атап өтпесек болмайды. Бірақ Кимнің еңбегі бұл Абай жолының екінші тынысы десек те жарасар.
Бұрынғы басылымды Үстем таптар күресін бейнелейді деп бағалаған сыншылар ендігі еңбекті Көшпелі өркениет хақындағы роман деп отыр. Дегенмен, Анатолий Ким аударған кітаптың кем-кетігін тауып жатқандар да бар.
Герольд Бельгер, жазушы,
Ол мықты аударма сөз жоқ. Бірақ мына бір жерінде, Абай құла бестіге мініп келе жатыр дегенді орысшада, Абай едет на саврасой кобыле дейді. Байдың баласы қашан биеге мініпті. Ол бестіге мінеді ғой.
Мүсірепов театрында басталған тұсаукесер түс ауа Абай театрындағы кешке ұласты. Жұртшылық көп жиналған жиында Әуезов ғибраты әңгімеленді .
Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның халық жазушысы
Қазіргі жаһандану дүниесінде қазақтың жүзін жарқын етіп көрсететін прозаға Әуезов тағылымы өте-мөте керек.
Шыңғыс Айтматов, жазушы
Мұхтар Әуезов мен үшін пайғамбар. Менің жолымды ашып берген ұлы тұлға. Ол туралы кешке дейін сөйлеуге болады.

Қанат Әуесбайұлы

Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы

Көшпелі халықтың ғарыш әлемі
Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы
Мұхтар Әуезовтың әдеби және гуманитарлық-ғылыми мұрасы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған және сақтаған ең жоғары ұлттық құндылықтарына даусыз жататының арқасында уақыт сынынан (тезінен) өтіп, болашаққа нық қадаммен салтанатты шеру жасады.

Мұхтар Әуезовтың ғажайып шығармашылық мұрасында - рухы, саналуандығы мен орасан үлкен ауқымдылығы жағынан озық, лексикалық, ұғымдық және көркем құралдардың айрықша жинақылығы бойынша, әрине, Абай жолы роман-эпопеясы ерекше орын алады.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан үшін апатты кезеңге айналды. Миллиондаған адамдар аштан өлді. Ұжымдастыру екі жарым мың жыл бойы еуроазиялық тарихтың аса ірі оқиғаларында шешуші рөл атқарып келген атты-көшпелі өркениетке тажалды нүкте қойды.

Адамдармен бірге, өздері мәпелеп, сақтап келген орасан үлкен рухани дүние күйреп, келмеске кетті. Оны тек санада ғана сақтауға болатын еді. Әдебиетте ірі көлемді эпикалық шығарма түрінде ғана. Осы міндетті поэзияда тарихи-драмалық лириканың жауһары - Құлагер поэмасын жазу арқылы Ілияс Жансүгіров, прозада - Абай жолы роман-эпопеясынын авторы Мұхтар Әуезов орындады.

30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезов кеңінен танымал қаламы қарымды жазушыға айналды. Классикалық кемел шыңына жеткен эссе, әңгіме, повесть және драматургия жанрларының хас шебері ол өмір бойы осы еңбегін жемісті жалғастыра берсе де болар еді. Бірақ азаматтық және суреткерлік парызына жүгінген ол аса қыруар еңбекті талап ететін кітапты жазуға кіріседі, кітапта ақыреттік құрдымға кету қарсаңында қазақ халқының көшпелі өмірінің әлемі барынша толық және шынайы суреттелуге тиіс еді.

Мұхтар Әуезовтың досы және пікірлесі ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев осы еңбектің нәтижесіне қазақ халқы өмірінің XIX ғасырдағы энциклопедиясы деп баға берді. Жаратылыстанушы-ғалым аузынан шыққан жоғары аңықтамаға Абай жолына берілген тағы бір іргелі сипаттама кірмей қалды - роман көркемділігінің теңдессіз күші, қазіргі орыс әдебиетіндегі аса көрнекті жазушылардың бірі Анатолий Кимге өз пікірін мына сөздермен тұжырымдауға түрткі болған: Бұл данышпандық ұлы туынды, бүкіл адамзат тарихындағы бірден-бір эпикалық роман десем, асыра айтқандық болмайды.

Сайып келгенде, халық туралы және халыққа қажет төрт томдық кітап жазылды. Кітаптың қазақ тіліндегі өмірі қазақ халқы ұлт ретінде өзінің мәдениетін, тілін, өзіндік сана-сезімін сақтауына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Оқырманды баурап алатын және тамсандыратын (үйіріп әкететін) хас шеберлікпен жазылған Абай туралы роман нақ осы мақсат үшін қызмет жасайды. Алдыңғы ұрпақ сияқты оқырмандардың әрбір жаңа буыны қазақ халқының рухани дүниесінің биіктігіне, сұлулығы мен жойқын қуатына, оның ежелгі сабақтастығы (туыстығы) мен өзге ұлттық мәдениеттердің ең жоғары жетістіктерімен толық пара - парлығына қатысты нық сенімділікке ие болады.

Мәңгі құндылықтар кім оған мүдделі болса және оның кілтін таба білсе, соған ғана есігін айқара ашады. Абай жолы романы қалың оқырманның кең ауқымдағы халықаралық қызығушылығын туындатты. Ұлы шығарма алдымен орыс тіліне, содан кейін негізінен орыс тілді нұсқасынан әлемнің көптеген тілдеріне тәржімаланды. Орыс тіліне жасалған аудармаға автордың өзі тікелей қатысып, шығарма аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және мұхият жұмыс жүргізді. Тетрология тікелей түпнұсқалық тілден қытай және бірқатар түрік тілдеріне аударылды.

Мамандардың пікірі бойынша, французшаға аударылған тәржіма ең сәтті шыққан аударма болып табылады. Осы аударманың авторы, аса дарынды қаламгер Антуан Витез өзінің түрколог (түркі танушы) достарын шақырып, ақылдасқан, олар қазақша түпнұсқаның әуездігін сезінуге септігін тигізген. Аудармашының жесірінің айтуынша, ол әр кеш сайын отбасындағы үйелмендердің, шығыстанушы-ғалым достарының басын қосып, өз аудармасынан үзінділер оқыған, әрі бұл ретте ол түпнұсқаның композициялық - ырғақ үйлесімі мен интонациялық тұтастығына барынше тәнті болып отырған.

Антуан Витездің тең шығармашылық шабытты аудармасының арқасында роман француз жұртшылығының арасында елеулі және тұрлаулы құбылысқа айналды. Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін өте терең білетін аса ірі француз профессоры Катрин Пужоль жариялаған көшпелілік - отырықшылық феноменін пайымдауға байланысты кітап туралы пікірлер - Абай жолы шығармасының осы заманғы француз мәдениетінің мәнмәтініне үйлесімді және терең енуіне қатысты көп айғақтардың біріне жатады.

Әлем әдебиетінің жауһарлары өзге тілдерге аударылады, және кейіннен жаңа аудармалардың да жасалатыны сирек жәйт емес. Бұл әрі табиғи, әрі заңды құбылыс. Уақыт пен кітап болмысының жағдайлары өзгереді, дәуір субъективизмі түрін өзгертеді. Әрбір жаңа аударма, алдыңғысымен салыстырғанда, әрине, одан гөрі анағұрлым шеберлікке ұмтылады. Мұның әбден негізді болатын тұстары да бар.

Абай жолы романын қайта аудару қажеттігілігі туралы осы кітапты Дүниежүзілік әдебиет екі жүз томдық сериясымен басуға дайындауға байланысты алғаш рет Әбдіжәміл Нұрпеисов салмақты мәлімдеме жасады. (134-135 томдар, Мәскеу, 1971 жыл). Түпнұсқаның мәтінін асқан зеректікпен сезінетін эпикалық тыныстағы жазушы орыс тіліндегі аударманың үлкен олқылықтарын (кемшіліктерін) байқамай қалған жоқ, ең алдымен бұл кемшілік аударманы бес адамның жасауына байланысты, олардың әрқайсысы жеке шығармашылық әлеуетке ие, сондықтан сол адамдар шынтуайтына келгенде, туындыдағы шиеліністің үздіксіздігін, оның композициялық және интонация-лық тұтастығын сақтауға дәрменсіз болған. Орысша аударманың стилистикалық ортаңқолдығы жөнінде қынжылыспен, әрі қашан да тура және дәлелді сөйлейтін әдетінен танбастан Герольд Бельгер көптеген мысалдар келтіреді.

Авторды өзінің аса көлемді туындысына байланысты аударманың бригадалық әдісімен келісуге мәжбүрлеген себептерді Н.А.Анастасьев Трагедия триумфатора кітабында жете талдайды (Москва, ЖЗЛ, 2006). ХХ ғасырдың романы бойынша классикалық зерттеулердің авторы, құдайдың құдіретімен эссеші болып жаратылған, хас шеберлікті меңгерген стилист Анастасьев Н.А., Мұхтар Әуезовтың тоталитарлық режім қағидаларымен ымыраға көнбеуге лажсыздығы туралы айта отырып (мысал үшін, аудармаға әдеби генерал Л.Соболевты тарту), орыс әдебиетінің Абай жолы романының бірегей көркемділігін баламалы берудегі борышы (парызы) туралы мәселені өткір қояды.

Ұлылар әлемінде кездейсоқтықтар ойыны құр бекершілік, бірақ тағдырдың белгілері қомақты да көпе-көрінеу. Осыдан үш жыл бұрын ұзақ уақытқа Анатолий Кимнің Қазақстанға қоныстануы тағдырдың әмірі болса керек. Жазмыштың осы бір ғажайып адамды өзінің әдеби дарынының барынша кемеліне келіп, шарықтап тұрған шағында Алматыға қоныстануға бұйыру себептерін оның өзі де, біздер де шеше алмаймыз. Рас, қазір Абай жолы тетрологиясы екі томының аудармасын қолымызға ұстағанымызда, оның жаңа мәтіні табиғи-шынайы көркемділік пен мағыналар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Көшпелі халықтың «ғарыш» әлемі «Абай жолы» романының жаңа аудармасы туралы
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
М. Әуезовтың өмірі
Аударма фразеологизмдердің түрлері
Пәндер