Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

1. Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері.

Қытайды жаулап алғаннан кейін Цинь үкіметі Қытаймен шекаралас жерлерге көз тіге бастайды. Негізінен Маньчжурлердің қытайлықтарды жаулап алу уақытын 4 кезеңге бөлуге болады.

1 кезең - 1644-47ж

2 кезең - 1647-50ж

3 кезең - 1650-62ж

4 кезең - 1662-83ж

Цинь әулетінің басқыншылық соғыстарының кезеңдері:

Цинь билеушілерінің алғашқы басқыншылық жорығы Монғолияға бағытталды. Үш хандыққа бөлінген моңғолдардығ Шығыстағы Чахар хандығын маньчжурлар 1636ж өздеріне бағындырған еді. 1691ж Солт. Монғолиядағы Халха хндығы Цинь империясын бағындырылды. Ал Батыс Монғолиядағы ойрат тайпаларының Жоңғар хандығы циньдіктергеқуатты қарсылық көрстіп, ұзақ уақыт өзнің дербестігін сақтап тұды. ХVІІІ ғ ортасында Жоңғар хандығының ішкі дағдарысын пайдаланып, Цинь әскерлері Жоңғар хандығына басқыншылық жасап, 1755-1757ж соғыстың нәтежиесінде бұл хандықтың жерін де иеленді. Жоңғариядан кейін Цинь әскерлері Шығыс Түркістанға басқыншылық жорықтар жасауға кірісті. Жергілікті халықтың қарсылығн басып, Цинь әскерлері 1759ж бұл жерлерді де баңындырды. Кейін осы жерлер Синьцзян(қазіргі Шыңжың) деп аталды

1720ж Цинь әскері Тибеттің шығыс жағын басып алды. 1750ж олардың ұйымдастырылуымен Тибет билеушісі қасқанлы түрде өлтірілді. Нәтежиесінде, ХVІІІ ғ Қытай Тибетті өзіне толығымен бағндырды.

Цинь импенриясының Үндіқытай елдеріне жорықтары әрдайым сәтсіз аяқталып отырды.

1768ж Бирмаға 40мың әскер жіберіліп, 1жылдан кейін олар шегінуге мәжбүр болды. Осы жылы Бирманың астанасын алуға тағы да 60мыңдық әскер жіберілді, ол да сәтсіз өтті. Дегенмен де Бирма Қытаймен сауда қатынасын жойғысы келмей, оны өзінің сюзернитеті етіп қабылдайды.

ХVІІІ ғ 80жж аяғында Қытай Вьетнамды бағындыруға талпынады. Вьетнам ол кезде өз ішкі қатынастар нәтежиесінде әлсіреп қалған болатын. Соны пайдаланып Цинь үкіметі әскер жіберіп астанасын алады. Бірақ ол көпке созылмайды. 1789 олар көтерісшілерден соққы алады. Кейін олар Қытайға вассалдығын мойындайды.

Цинь империясының бұл саясаты Қытай халқына оңйға түскен жоқ. Үздісіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынның орнын толтыру үшін үкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қатай халқының билік жүргізіп отырған Цинь үкіметіне наразылықтары күшейеді.

2. XIX ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы. XIX ғасырдың басында, Токугава әулетінің соңғы сегундарының билігі кезінде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килікті. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Өңделетін жер көлемі азайды. Халық өсімі күрт төмендеп кетті. Ауылда шаруалардың жерінен айырылуы күшейіп, жерсіз қалғандары қайыршылық күй кешті. Тауар ақша қатынастарының даи бастауынан шаруалар енді кәсіпкелерге тәуелділікке түсті. Дгенмен де жапон қоғамында баяу болса да капитализм дами бастады . Мануфатуралар саны артып, XIX ғасырдың екінші жартысында Жапония 180-нен астам жаңа мануфактуралар пайда болды.

Ішкі сауда дамып, осыған байланысты сауда қолөнер орталықтары, қалалар саны өсті. Қолөнер мен сауданың орталықтары ретінде Эко, Киото, Осако, Нагасаки, Нагаи және Хаката сияқты жапон қалалары пайда болды. Ауыл шарушылығына жаңа салалар бөлініп шыға бастады. Жібек, қағаз, қант, қыш, фарфор, тоқыма өндірісі сияқты жаңа кәсіпшілік салалар дамыды. Елдің осындай салалар бойынша маманданған аудандарға бөлінуі тауар айырбасының дамуын күшейтті. Сөйтіп, ішкі рынок қалыптасты. Бірақ мұндай капиталистік қатынастардың алғашқы даму қадамдарына ескі қоғамдық қатынастар кедергі жасады. Әсіресе қалаларда капитализм дамуы жылдам жүрді. Сондықтан ауылдарда, қалаларда шаруалар мен қала кедейлерінің наразылық бас көтерулері өрістеді. Токугава сегундары халық көтерілістерін қаншама басып жаныштағанымен, ол бәрібір жапон қоғамының іргесін шайқалтып, үлкен әлеуметтік, саяси өзгерістерге әкелетін алғышарттарды күшейтті.

Токугава сегунатының дағадарысы. Елдегі шаруалар мен қала кедейлерінің көтерілістері сегунаттың билігін әлсіретіп, үлкен саяси дағдарыс тудырды. Сегунат билігіне қарсы ірі бас көтерудің бірі - 1837 жылы Осака қаласында Осио Хэйхатиро бастаған көтеріліс ұйымдастырып, сегунат билігін құлатуға шақырдын . Қаладағы ірі сауда және өнеркәсіп қызметін біріктірген ірі фирмалар - Мицуи және Коноикэнің қоймалары мен үйлерін өртеді. Осио көтерілісін елдің әр түпкірінде қолдаушылар көбейді. Сегунат осы көтерілістерден кейін, елде саяси дағадарыстың одан әрі тереңдеуін болдырмау мақсатында бірқатар реформалар жүргізуге кірісті. Елдегі халық көтерілістерінің өршуіне сегунаттың билігіне қарсы ірі бай феодалдардың Токугава әулетінің билігіне наразы топтары қосылды. Ел астанасы Эдо қаласынан алысырақ орналасқан, оңтүстік батыс жақтан бас көтерген ірі бай топтар өздерінің билігін қалпына келтіруді, сегун билігін құлату міндетін қойды. Сегунаттың әлсіреуіне, сондай ақ «жабық есік» саясаты да өз әсерін тигізді. «Жабық есік»саясаты елдің артта қалуын күшейтіп, өндіріс қатынастарын, ішкі және сыртқы сауданың дамуын тежеді. Сырт елдермен ешқандай байланыстардың болмауынан қоғам дүние жүзіндегі болып жатқан өзгерістерден шет қалып, томаға-тұйық өмір сүрді.

3. Еуропа және Африка: екі өркениет.

XVI-XVIII ғ. Шығыс әлемі біртіндеп Батысқа тәуелдікке тап бола отырып, өзінің «тарихи бет-бейнесін» жоғалтады.

XVII-XVIII ғ. Еуропалық өркениет іс жүзінде барлық континент бойынша тарала бастады. Еуропалықтардың басқыншылық әрекеті испандықтар және португалдықтардың XV ғ. соныңда басталып, XVIғ. Аяқталған, Америкадағы, Африка мен Азиядағы отарларын құрған Ұлы географиялық ашулардан бастады.

Шығыс әлемі өзінің жаңа бағыныштыларының өмірін түпкілікті түрде өзгертпеген көптеген баскыншылар және жаулап алушыларды білді. XVI-XVIII ғ. Батыс адамдарының ерекшелігі олардан өздерін басқаруда устады. Олар Шығыс әлемінің өздерінің мүдделері үшін қайта құруға әрекет. Ұлы географиялық ашулар дәуірі еуро-қ отаршылдыққа, Батыст-ң өз көзқарастары және принциптін шығыс қоңамына еріксіз тану арқылы оның дәстүрлі құрылысын батыл күйрету әрекетін жол ашып берді.

Бұрын өздеріне беймәлім халықтармен таныса отырып, еуропалықтар оларды өздерімен салысы. Өздерің артықшылықтарынан әскерін жіне теңіз ісі, өнеркәсіптегі табыстарынан тапты. Еуропал-ң мәдениетінің ерекше рөліне сенім нығайды. Басқа халық-р еліктеуге тиіс Еуропа үлгі дей түсінік еуроцентристік немесе Еуропаға табыну д. а.

Капиталистик дамудың жолына

4. Цин империясы кезіндегі орыс-қытай қатынастарының дамуы.

Орыстар Шығыс жақтан келе бастады. Оларға манжурлар қарсы шықты. Бірақ орыстар бұл қарсылықты келісім арқылы шешкісі келді. Осы мақсатта Пекинге: Ф. Байкова, И. Перфильев, Н. Спафария жіберілді. Алайда ешкандай келісім орнатылмады, себебі қытайлықтар оны қалаған жоқ. Қытай Ресейдегі Амур өзені ж\е Албазин қаласына қызығып, сосын Албазин қаласын талқандайды.

1689ж орыс-қытай келісімі болды. Бұл келісім Нерчин д. а. Бұл келісім бойынша Ресей мен Қытай арасында сауда жүргізілетін болды ж\е Ресей Амур өзенінің сол жағалауын Қытайға берді. Бұл келісімдің пайда болу себебі: Ресей өзіне тиімді болу үшін Қытаймен байланыс орнатуға тірісті, бірақ орыстар мақсатына жетпеді ж\е Қытай ресейдегі біраз жерлерге қызықты. Сол үшін екі ел арасында қақтығыстар пайда болды. Осы қақтығыстар Нерчин келісіміне алып келді.

1727 орыс - қытай арасында Кяхтин келісімі орындалды. Бұл келісім бойынша Ресей өзінің жерлерін Қытайға берді. Екі ел арасында сауда жүргізілетін болды. Ресей адамдарына Пекинде жүруге мүмкін болды. Олар Пекинде Қытай тілін, Қытай мәдениетін үйренді, сонымен бірге дипломатиялық жұмыстарды атқарды.

5. ХІХ ғасырдың ағы мен ХХ ғасырдың басындағы Ирандағы ағылшын-орыс бақталастығы.

ХІХ ғасырдың 70 жылдары Иран көптеген жағынан негізінен Англия мен патшалық Ресейге тәуелді болды. Тең емес құқықтағы келісімшарттарға сүйене отырып, державалар Иран халқын эксплуатациялауды жалғастырды, және өз тауарларының тұтну нарығына айналдырды. Сол кезеңде елді отарлауда Иранмен келісілген конвессиялар үлкен роль атқарады. 1862-1872 жылдар аралығында Ағылшындар Иран территориясында телеграфтық желі салу үшін шах үкіметімен төрт конвенция жасайды. Ол телеграф желілері Лондон мен Индия арасындағы байланысты қамтамасыз етіп тұруы тиіс еді. Кейіннен Иранның солтүстік провинцияларында патшалық Ресейдің телеграф желілері пайда болды. Ағылшын капиталыистері бірнеше жол салып, сол жолдарға бақылау орнатты. 1888 жылы ағылшын компаниясы Ирандағы жалғыз теңіз жолы Карун өзенінде теңіз жолын ұйымдастыруға конвенция алды. Өз кезегінде орыстар солтүстіктегі Иран қалалары мен орталық Иран қалаларын байланыстыратын шосселік жоолдарға бақылау жасады. Және де Каспийдің оңтүстік жағалауындағы пароход жолдарын ұйымдастырды.

Жолдар салып, телеграфтар салып, Англия мен Ресей тек өз қамдарын ғана ойлады. Иран теміржолға зәру еді. Бірақ ағылшын үкіметінің ойы бойынша трансирандық магистраль арқылы соғыс туған жағдайда орыс әскері осы теміржол арқылы парсы шығанағына тез жетеді деп қауіптенді. Ал орыстар егер теміржол салатын болсақ, ағылшынның арзан тауарлары Иран жеріне оңай кіреді деп қауіптенді. 1890 жылы Иранда теміржол салмау туралы келісімге қол қойылады. Капиталистер концессияларды Иранды толығымен басқарудың құралына айналдырғысы келді. 1889 жылы ағылшын бароны Рейтер Шахтық банк ұйымдастыруға рұқсат алады. Ал солтүстікте Учедно-ссудный банк Персий болады. Оның негізін 1890 жылы орыс капиталисі Поляков қалаған болатын. Осы екі банк әрдайым бәсекелістікте болды. Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғында жартылай отарлау процесі аяқталып, Иран Англия мен Патшалық Ресейдің шикізат көзіне және капитал қорына айналды.

6. Азияның оянуы кезіндегі Араб елдері. Араб ұлтшылдығы .

Солтүстік Африкада бір топ араб елдері өмір сүреді. Олар XVIғ. бері қарай түріктердің қол астында болып келген. 18ғ. соңында Батыс елдері бұл аймақты өзіне қарата бастады. Англия, Франция, Ресей, ал кейінірек Германия, Италия, Испания мемлекеттері бір бірімен біресе достасып, біресе жұлқысып жүріп, араб жерін жаулап ала бастады. Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей шетте қалып қойды. Франция 1830ж. Алжирді жаулап алды. XIXғ. соңында Тунисті, XXғ. басында Марокконың көп жерін өзіне қаратты. Мароккоға Испания мен Германия да таласты. Германия басқа аймақтарда табыс тауып, бұл елден бас тартуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Марокко елі Франция мен Испанияға тәуелді болды. 1882ж. Египетке Англия әскерлері енгізіліп, бұл ел жаулап алынды. 1898ж. Англия Суданды отарлады. Түріктердің ықпалы тек Ливияда ғана XXҒ. басына дейін сақталып тұрды. Түркия Италия соғысында османдар қожалығы жойылған. Бірақ Италия отаршылдарына сенуситтер қатты қарсылық көрсетіп, Италия теңіз жағалауындағы аудандарды ғана бағындырып, ішкі өлкелерге бата алиады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық араб елдері.

Отаршылдар өздерін құлдыққа айналдыруға көнбейтін халықтың қарсылығына тап болды. Алайда найза, жебе, садақпен қаруланған құл сатушы агенттерге қарағанда әлсіз еді. Жағадағы немесе кемедегі тұтқындарды босатуға әрекет еткен көтерілістер көбіне сәтсіз аяқталды. XVғ. аяқ шенінен XVIIIғ. Соңына дейін отаршылдарының қанауынан зардап шегіп, күйзеліске ұшырады. Ауыл шаруашылығы шетелдіктерге қажет бір ғана өнім шығаруға бейімделді. Ең құнарлы жер еуропалықтардың қолына өтіп, жергілікті феллахтар плантацияларда жалданып жұмыс істеді. Жерсіз қалған ауыл тұрғындары қалаларға ағылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары басталды. Соның бірі-Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Марокконың таулы аудандары Батыс елдеріне бағынбай жүрген. Соғыс бітісімен испан үкіметі әскер жинап, оларды өзіне қаратпақ болды. Риф ибн Абд аль Керим бастаған жасақ испандықтардың әскерін ойсырата жеңіп шықты. Бұдан кейін риф Республикасы құрылып, Абд аль Керим оның президенті болды. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару сатып келсе, кейін бұл екі ел бірігіп, көп әскермен Мароккодағы ұлт азаттық қозғалысты тұншықтырды. Алжир мен Тунис зиялылары тәуелсіздік мәселесін көтеріп, Париж конференциясына тілектерін жеткізген болатын. Франция оған көнбеді. Халық бұқарасының қозғалысы тынбады.

Ресейдегі 1905-1907 ж. ж. революциялар арабтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына үлкен ықпалын тигізді. 1905 жылдың өзінде-ақ Египетте «Орыс революциясының құпиялары» атты кітап жарыққа шыққан еді. Бұл басылым елдің ішкі жағдайында жоғарғы орын алды. 1907 жылы Александрияда ұсталған орыс матрос-революционерлері египеттік ұлттық саяси қозғалысын қолдап жатты.

Ең алғашықы ірі антиағылшындық күрес Египетте 1906 жылы өтті. Деншавай деревнясындағы оқиға, яғни ағылшын офицерлерінің жергілікті жұртқа от жаудыруы түрткі болды. Күннің ыстығынан кенеттен ағылшын офицерінін өлімі Деншавайда ірі сот процессіне жеткізді. Жергілікті төрт адамның сот ісіне тартылуы, және кейін олардың жазалануы сонымен қоса басқа кінәлағандардың сотталуы Деншавайда халық наразылығын тудырды. Осыған орай жергілікті ұлтышлдық наразылық Египеттің басқа қалаларымен қоса көршілес аймақтарға толқын болып таралуына себек болды. Тіпті осындай ағылшындық әрекеттер еуропалық газет беттеріне дейін жетті.

Осындай ортада британ үкіметі белгілі шарттарға келуге мәжбүр болды. Халық наразылығын басу үшін сотталғандарға 1907 жылы амнистия жарияланды, ал Ұлыбританияның Египеттегі резиденті лорд Кромер орнынан босатылды. Оны ауыстырған Элдон Горст елдің ұлтшылдық көзқарасын жою үшін иірімді саясат жүргізуді көздеді. Оның негізімен «Конституционалды реформалар партиясы» құрылды. Отарлаушылардың саясатын қолдаған партияның құрамына жоғарғы сатыдағы саясаткерлер, помещиктер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері. Осыған орай оларды қолдаған «Ұлттар партиясы» 1906 жылы құрылып, 1907 жылы ресми түрде бекітілді.

Осы партияларға қарсы саяси арасалмақты реттеу үшін Мұстафа Кемал бастаған «Отан партиясы» құрылды. Бұл ұйым ел арасында үлкен атаққа ие болып, британ үстемдігіне қарсы негізгі оппозиялық орындарды биледі. 1907 жылдың аяғында өткен партия съезінде Египеттің егемендігін қабылдайтын, бірақ түрік сузиренитетінің сақталатыны туралы бағдарлама қабылданды. Египет Мұхаммед Әлидің билігімен автономиялық мемлекет болуы тиіс еді және парламент жауапкершілігіндегі жаңа конституционалық үкіметтің жасалуы жоспарланды. Партия елден ағылшын әскерінің шығарылуын талап етті. Ал экономика саласында мемлекет қаржылық тәуелсіздікке жетуге тырысты, ауыл шаруашылық саласын дамытуыд қалады.

1908 жылы Мұстафа Кемалдың өлімінен кейін партия өз қызметін атқарып жатты, антиағылшындық митингілер жүргізуді жалғастырды. Бірақ сонда да партия ішінді жаңа идеялық даму болмады және ұжымшылдықта әлсіреді. «Отан партиясы» Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыстың өсуіне үлесін қосты, және болашақ ұлтшылдық қоғамға негізін салып берді.

Магрибте «Азияның ояну» кезеңі халықты саяси күреске тартуға алғашқы белгілердің бірі болды. Тунисте 1905 жылы Республикалық партия құрылды, құрамына радикалды француздың ұсақ буржуазды демократтары және араб ұлтщылдары кірді. Француз басқарушыларының ұлы еуропалық шовинизмі партия қатарында қарама-қайшылықтарды туғызды. Араб өкілдері 1907 бұл ұйымнан бөліне шығып, өзіндік Тунистік партиясын құрды. Кейіннен бұл партия пролетарлық қоғамды билеп, француз отарлаушы үкіметіне қарсы ағымдарды басқарды.

Ресейдегі революциялық ахуал Османдық арабтарға да терең ықпалын тигізді. Осман сұлтаны Абдул-Хамидтің қанды режиміне қарсы күрес басталды. Ал Сирия, Ливан, Иракта демократиялық қоғам үшін демонстрациялар өтті.

«Азияның ояну» кезеңінде Египет, Франция, Америкадағы араб ұлтшылдығы да өрши түсті. Бірақ араб эмигранттарының әрекеттері, сол араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарына еш ықпалын тигізе алмады, олар әлсіз болды.

1909 жылы құрылған Стамбулдағы «Әдебиет клубы» Сирия және Ирактағы ірі өкілдік желілерін ашып отырды. Олардың құрамына араб шенеуніктері, офицерлер студенттер, зиялы қауым өкілдері кірді. Ең алдымен «Әдебиет клубы» халық арасында, соның ішінде жастар қоғамында ағартушылықпен айналысты. Олар арабтық рухани мәдениетті жандандыру үшін, түрлі әдебиеттер шығарып жатты. Ақырындап бұл клуб жалпыарабтық мағынаға ие болып, Осман империясындағы араб провинциялары арасында ұлтшылдық сипатты тудырды. Египет, Сирия, Ливан, Ирак, Батыс Еуропаның ұлтшылдық және құпия ұйымдарымен біріге отырып, оларға саяси сахнада ұлтшылдық қолдау жасап жатты.

1911-1913 ж. ж. түрік үстемдігіне қарсы ұлтшылдықтың тағы бір көрінісі, ол реформалар үшән қозғалыстар. Мысалыдан, Бейруттық реформалар Лигасы, араб провинцияларының өзін-өзі билеуіне, және араб тілінің түрік тілімен қатарлас ресми болуына талпынды. Реформалар Лигасы Осман империясынан әрбір араб провинциясында жергілікті үкімет орнатуын талап етті. Реформалар жүргізу үшін шетел кеңесшілерін шақыруы жоспарланды. Ұйымдардың кейбір мүшелері Англя және Франция өкілдерімен құпия келсіссөздерді жүргізді, шетелдіктердің ықпалымен арабтардың Осман империясынан құтылатынына сенді.

1913 жылы жазда араб-түрік байланысының толық үзілгеннен кейін, араб ұлтшылдары қарулы қақтығысқа түсуге дайын тұрды. Мұндай қанды шайқас жолына түсуге дайын 1913-1914 ж. ж. құрылған құпия ұйымдар - «Завет» (Стамбул), «Араб революциясы» (Каир), «Общество знамени» (Мосул) және т. б. Олардың негізгі мәселелері елдегі толық егемендікті алу, мұндай ұйымдарды жергілікті офицерлер басқарғанннан кейін, олар кейін әскери ұйымдарға айналды. Ал «Завет» ұйымы Басра аймағында көтерілісі ұйымдастыруды жоспарлады. Бірақ бұл жоспар жүзеге аспады, өйткені ұйымды басқарушылар ұсталған еді

8. ХVІІ - ХІХ ғ. ғ Қытай-ағылшын қайшылықтары

Ағылшын саудагерлері Гуанчжоу порты арқылы Қытайға қарақшылық жолмен апиын әкеліп сата бастайды. Апиынның зардабынан шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға айналды. Қытайдың алтын-күміс байлығы апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Пекин ағылшындардың Қытайға апиын әкелуіне тыйым салып, Қытай әскерлері ағылшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтырады. Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайғ соғыс ашады. Нәтижесінде 1840-1842 жылдары бірінші апиын соғысы басталып, ағылшындар жеңіске жетеді. Цин империясы жеңілгенін мойындап, ағылшындардың алдында тізе бүгіп, әділетсіз Нанкин келісімшартына қол қояды.

Нанкин келісімінен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналады. Осыдан кейін Англия мен Франция бірлесіп, Қытайды отарлауды кеңейту үшін 1856-1860 жж екінші апиын соғысын ашады.

9. Ағылшын-иран келісімшарты 1841жыл

Иран әскері Гераттан кеткен соң Ағылшын үкіметі қайтадан Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты реттеуге кірісті. Иран Англиямен тең емес құқықтағы келісімге отыруға мәжбүр болады. Келісім Англияға экстерриториялық құқық беріп, кеден салықтарынан босатты. Ағылшындардың тауарларына кедендік салық тауар құнының 5% аспауға тиіс болды. 1845 жылы осындай келісімге Франция да қол қояды. Кейіннен басқа да Еуропалық державалар келісімге отырады.

Англия және де басқа еуропалық державалар елеулі жеңілдіктер алды. Ондай жеңілдікті патшалық Ресей де Туркманчай келісімінен кейін алған болатын. Бірақ, Англия жақсы дамыған өнеркәсіпті ел болғандықтан Ресеге қарағанда ол жеңілдіктерді өз игілігіне жарата білді. Ағылшын-Иран келісімі иран нарығын ағылшын капиталына ашып берді, және де осы келісімнен кейін Иран жартылай отар елге айналды.

10. 1689 жылы Нерчинск келісімшарты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тарихы туралы
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Цинь Шихуанди (б.д.д. 259-210 жылдар)
Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Цинь Шихуанди қытай билеушісі
Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Сауда - экономикалық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz