Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары


КІРІСПЕ
Қандай қоғамдық құрылыс, саяси жүйеде болсын, оның даму тарихында бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) рөлі өте зор. Өйткені қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани-экономикалық өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының арасында теледидардың қызметі қоғам үшін өлшеусіз екені белгілі. Себебі теледидар арқылы берілетін бағдарламалар қоғам өміріндегі өзгерістерге уақытымен үн қоса отырып, сан мыңдаған көрермендермен тікелей жүздесіп, оның рухани ой-санасына қозғау салып, пәрменді ықпал етеді. Тележурналистер теледидар хабарлары арқылы өмірдегі құбылыстарға баға бере отырып, оларға талдау жасайды, кемшіліктерді жою жолдарын ұсынады, пікірлердің тууына ықпал жасайды. Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат тарату көзі ғана емес, күн өткен сайын халықтың, мемлекеттің саяси-қоғамдық мінбесіне айналғандығына көз жеткізуге болады. Халықтың күнделікті өмірімен етене араласа өмір сүріп келе жатқан теледидар көрермендерін ақпаратпен жедел қамтамасыз етуші, демократиялық үрдістер мен жариялылықты қалыптастырушы негізгі фактор деп айтуымызға болады. Сондықтан да уақытпен бірге өзгеру, жаңарулар үстіндегі теледидардың атқаратын функциялары мен принциптеріне, хабарлардың түрі мен көлеміне, жанр түрлеріне қатысты талапқа сай ұстанымдар қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілін тіл ғылымында әдеби тілдің функционалдық стильдерінің ішіндегі публицистикалық стильге жатқызамыз. Қалың көпшілік публицистика деп мерзімді басылымдарды ғана қарастырады. Ал дұрысында публицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.
Бүгінгі өмір сүріп отырған кезеңіміз - ғылым мен техниканың дамып жетілген кезеңі. Бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде электронды БАҚ құралдарының бүгінгі күні ана тіліміздің дамуына тигізер әсері мол. Қазіргі қоғамдық өмірдегі ең пәрменді бұқаралық насихат құралдары - радио, телевизия, газет болса, осылардың бүгінгі таңда тілдік тұрғыдан зерттелуі тең дәрежеде емес екендігін баса айтып кетуімізге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі лингвистикалық тұрғыдан ең көп зерттелген саласы деп мерзімді басылымдар тілін айтуға болады. Мәселен, баспасөз бетінде белгілі бір оқиғаға байланысты наөты мақала берілсе, теледидар мен радиода айтылатын ол мәселеге берілетін жаңалықтың белгілі бір бөлшегі ғана болуы мүмкін. Сондықтан ол газет бетіндегі мақаладай жан жақты тиянақтап айтыла алмай ақпарат ретінде ғана беріліп өтуі мүмкін. Мерзімді басылым тілін зерттеуге арналған еңбектерге тоқталатын болсақ, лингвист ғалымдар арасында қазақ баспасөзінің тілін алғаш зерттеп еңбек жазған Н. Қарашева болды [1, 190]
Жекелеген газеттер бойынша «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы жүйелеген Б. Момынованы атасақ, қазақ тілді газеттердің құрылымы мен жүйесіне арналып жазылған Б. Момынованың «Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) » атты еңбегі газет құрылымын жаңаша зерттеген докторлық диссертация екенін айта кеткеніміз жөн.
Эвфемизм - гректің euphemismos - жақсылап, сыпайылап айтамын сөзінен алынған термин. Сырттай қарағанда, эвфемизм - тілдегі табудың бір көрінісі, синонимі. Шынтуайтқа келгенде, дәл олай емес, бірақ табуға жақын құбылыс. Эвфемизм - бір затты не құбылысты я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы; адамның көңіліне келмейтіндей, жұқалап, жайдарылап, майдалап, іштей ренжіп тұрса да, рақаттана баяндағандай айта білу тәсілі. Шынында, эвфемизм - мағына ауыстырудың сөз тапқырлыққа байланысты өнімді түрі.
Саяси эвфемизмдердің басқа эвфемизмдерден айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұлардың пайда болуына наным-сенімдер де, қоғамда қалыптасқан моральдық-этикалық нормалар да әсер етпейді. Саяси эвфемизмдер негізінен белгілі бір саяси топтардың мүддесін қорғауға арналған, шындықты бүркемелеу үшін қолданылатын айла-шарғы, саяси тәсіл.
Эвфемия құбылысы мен табу өзара тығыз байланысты. Әдетте табу дегеніміз - әлдеқандай себептермен (наным-сенім, саяси, әкімшілік, т. б. ) тыйым салынған атаулар басқаша сөзбен аталады, ауыстырылады. Адамның өзге де заттар мен құбылыстардың аттарын өз атымен атамай, басқаша ат беру ең алдымен ерте замандағы мифологиялық ойлаудың формасымен тығыз байланысты. Бұл құбылыс, ғалымдардың түсіндіруінше, ерте замандағы адамдар заттың, нәрсенің бөлігі, бөлшегі, олардың тұтас өзін ауыстыра алады деп түсінген.
Сонымен, түркі тілдеріндегі эвфемия құбылысына байланысты кейбір тілдік деректер ішінара И. Н. Ильминский, В. В. Радлов, т. б. сөздіктері мен материалдарында көрсетілсе, ал бұл құбылысқа арнайы көңіл бөліп, зерттеуді алғаш бастаған шығыстанушы А. Н. Самойлович болды.
Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдердің тілдік табиғатын зерттеуге арналған Ә. Ахметовтің «Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер», азербайжан тіліндегі табу мен эвфемизм құбылысына арналған Х. М. Джаббаровтың «Табу и эвфемизмы в азербайджанском языке», Н. Исматуллаевтың «Эвфемизмы в современном узбекском языке» деген еңбектерін, сондай-ақ А. Н. Баскаковтың «Пережитки табу и тотемизма в языках народов Алтая», И. Л. Циртаутастың «К вопросу о табу и эвфемизмах в казахском, киргизском, узбекском языках», Ш. Ч. Саттың «Табу и эвфемизмы в тубинском языке» мақалаларын атап айтуға болады.
«Басқа тілдер сияқты түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де табу сөздер ауызекі тілде де, ақпарат құралдарында да, көркем әдебиетте де ашық қолданылмайды. Тіпті олар сөздіктерге де кіргізілмейді. Алайда олай екен деп, табу сөздер тілден сөздік қордан біржолата шығып қалды немесе аластатылды деуге ешбір негіз жоқ. Өйткені, оларды сөздікке кіргізбеген тілдің өзі емес, тілшілер, яғни сөздікті құрастырушылар немесе авторлар. Ал соңғыларды солай істеуге мәжбүр етіп отырған - қоғамда қалыптасқан ресми цензура немесе этикалық нормалар» [2, 5] .
Эвфемизмнің тұрақты белгілері, біріншіден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, діни, саяси, әкімшілік, идеологиялық, т. б. ) басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір тілдік ұжымда айтуға ұят саналатын сөздерді (кейбір дене мүшелері, жыныстық қатынасқа байланысты атаулар, физиологиялық зат алмасумен байланысты кейбір атаулар, т. б. ), үшіншіден, сөйлеуші ұғымында, түсінігінде «дөрекі», «әдептілікке» жатпайды-ау деген сөздерді басқаша сөздермен «қарапайым лексика» ауыстыру, төртіншіден, тыңдаушыға «жайлы», «жағымды» болып көрінетін сөздерді таңдау, талғау. Міне, бұл аталғандарды эвфемизмдердің тұрақты белгілері деп атауға болады. Әрине, қоғамдық сананың өзгерілуі, мысалы, мифологиялық ойлау жүйесінің орнына прагматикалық ойлаудың басым сипатқа ие болуы, сондай-ақ діни сананың орнына ғылыми сананың орнығуы эвфемизмдердің өзгеруіне, ескіруіне, жаңарып-жаңғырып отыруына қатты әсер ететін фактор екені сөзсіз. Сондай-ақ эвфемизмдердің мағыналық-семантикалық тұрғыдан бірде көнеріп, бірде жаңарып отыратын ерекшелігі ең алдымен қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен де тығыз байланысты.
Түптеп келгенде, эвфемизмдер - тілдің сөздік құрамын байытады, синонимдік қатарын көбейтеді;
- функционалдық-стильдік айырымдарды тереңдетеді;
- тіл мәдениетін, адамның жеке мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді;
- сөз этикеті нормаларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Міне, бұл айтылғандар эвфемия құбылысын екі өлшемде - жан-жақты және тереңдете зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Әдетте эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискамфорт) болдырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал телеақпараттық хабарлардағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады. Мысалы, жеке коммуниканттар арасында адресатқа «еңбек ардагері», «құрметті демалыстағы адам», «зейнеткер», «қария» деп сөйлеу пенсионер деуден әлдеқайда сыпайы форма болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. БАҚ тіліндегі саяси эфвемизмдердің тілдік қолданысы арнайы жеке тақырып ретінде зерттеу нысанына ілініп, ғылыми айналымға түспеген. Қазақ тілінде жалпы эвфемизмдерге қатысты зерттеу жұмыстары кездеседі де, ал жеке саяси эвфемизмдерге арналған зерттеу жұмыстары жоқтың қасы.
Бұл зерттеу жұмысында теледидар, газет тілдері зерттеу нысаны етіп алынып, олардың құрылымында саяси эвфемизмдердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. Ғылыми жұмыста ақпараттық хабарлар, мерзімді басылым беттерінде саяси эвфемизмдерді өз мақсатына сай икемдеп қолдану қабілетінің қарастырылуы - зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты - әр түрлі жанрдағы теледидар хабарларын таратудағы диктор, тележурналистердің тіл бірліктеріндегі саяси эвфемизмдерді анықтап, БАҚ тілінің арнайы лексикасын бір жүйеге келтіруге ұмтылу, яғни теледидар, газет тіліндегі тележурналистер қолданатын саяси эвфемизмдерді анықтау.
Зерттеу міндеті - БАҚ құралдарында қолданылатын саяси звфемизмдердің пайда болу жолдарын қарастырып, олардың мән-мағынасын ашу.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. Ғылыми жұмыста қорғалып отырған тақырыпқа байланысты: Ә. Ахметов, Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев, М. Балақаев, Б. Сағындықұлы, К. Аханов, Р. Сыздықова, Л. Жеребаева, С. Исаев, Р. А. Будагов, Ш. Ч. Сат, Х. М. Джаббаров және т. б. ғаламдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.
Зерттеу материалдары мен дереккөздері. Зерттеудің фактологиялық материалдары ретінде қазақтың ұлы ақындарының өлең шумақтары және мақал-мәтелдер, айтыстардан үзінді пайдаланылды. Теориялық сүйеніш ретінде - диплом жұмысының тақырыбына қатысты қазақ тіл біліміндегі, түркітанудағы ғылыми зерттеулер негізге алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе мен негізгі мәселелерді қамтитын II тарау, қорытындыдан, 1 кестеден тұрады. Еңбек соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 БАҚ ТІЛІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1. 1 БАҚ тілінің ерекшелігі және саяси лексика.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі - тілдік қатынастың өзге түрлерінен, өзіне тән, сипатымен, құрылымымен ерекшеленеді. Осыған орай, телехабарлар табиғаты да сол хабардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес анықталады.
Ғалым Н. Уәли бұл жөнінде былай дейді: «БАҚ-тың тілі өзге қарым-қатынас тіліне қарағанда өзіндік жүйесімен, құрылымдық ерекшеліктерімен қарым-қатынастың ерекше типіне айналды. Публицистикалық дискурстың ерекше типі пайда болды. Коммуникацияға қатысушылардың белгілі бір ситуацияда белгілі бір мәдени- әлеуметтік қоғамда вербалды мәтіндер мен өзге де таңбалар кешені арқылы бір-бірімен өзара әсері дискурс деп аталады. Тілдік қарым-қатынастың бұл түрі бұқаралық коммуникация арнайы терминмен айтыла бастады».
Сонда бұқаралық коммуникацияға, телехабарлар табиғатының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, оның тілі де соған қарай лайықталып беріледі.
Жаңалықтарды тұтастай жасап шығаруға немесе оның құрылымдық элементтеріне, соның ішінде тіліне бірқатар экстралингвистикалық факторлар әсер етеді. «Политика начала сказываться не только на макроструктурном, но и на языковом уровне. Так, как варирование на лексическом уровне связано с выбором лексем для обозначения того или иного явления. Варирование может осуществляться и на синтаксическом уровне, с помощью изменения в зависимости от установок ролевой структуры сообщения», - деп К. Д. Кирия айтады. Осыған орай, саяси телехабар мәтіндерінде «goverment», «president», «political», «council», «party», «visit» және т. б. саяси- қоғамдық лексикаға толы болады [3, 44] .
Жаңалықтардың тілдік бейнесіне әсер ететін экстралингвистикалық факторлардың бірі - уақыттың аз не көп болуы, қазіргі кезде бұл өте маңызды. Телехабарларда уақыт факторы бірінші орында тұратындықтан, көрсетілетін жаңалықтар қысқа әрі нұсқа формасындағы сөйлемдермен ресімделеді.
Сонымен қатар жаңалықта берілетін мәтінді құруға және тілдік бірліктерді таңдауға әсер ететін фактор-ақпаратты қабылдауды жеңілдету. Ю. В. Мостепанова атап көрсеткендей, «в выпуске новостей сообщения идут одно за другим настолько непрерывным потоком, что каждый следующий сюжет частично затмевает предыдущий».
Аудиторияның айтылған ақпаратты қабылдауын жеңілдету үшін, тележурналист өз сөзінде күрделенген жай сойлемдерді, құрмалас сөйлемдерді емес, құрамына жалпы қолданыстағы сөздер берілетін жай сөйлемдерді пайдалануы керек. Бір сөйлем шамамен алғанда 5-6 сөзден ғана тұруға тиісті.
Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Cөздің дұрыс, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекті болуын да керек қылады. Сол сияқты өң берілген сөздер көрнекті делінеді. Тіл көрнекті болуы үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей сүреттеліп, адамның сана саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.
Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін ашық айтады. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап жорып, ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек:
- лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда;
- сөйлемдердің шұбалаңқы айтылуы;
- сөздер өз мағынасында жұмсалмаса;
- адас синоним сөздерді дұрыс қолдану;
- сөз өктейсіз орынға қойылса.
Мұнымен қоса, тіл анықтығы дегеніміз сөз мағынасының түсінікті болуы, ол үшін терминдер, шет тіліндегі сөздер, диалектикалық сөздер, жаргондар, архаизмдер, кәсіби сөздерді өз жөнімен қолдану, ретсіз сөз арасын былғамау. Сөз түсінікті болмаса, адамның ойын түсіну қиынға соғады. Әдеби тілдің қалыптасқан нормасын сақтау, оның ішінде сөздің дұрыс айтылу заңдылықтарын орындау. Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
- сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнында тұтыну;
- сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс есптеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыластыру;
- сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру.
Теливизиядағы тілдік бірліктердің қызмет ету заңдылықтары, оларды қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері телехабарлар тілінің өзіне тән табиғатын ашады. Өйткені, біріншіден, телехабарлада негізгі жүк сөзге, сөз жағдаятына түседі; мұнда визуалды бейнелер қосымша ақпарат түріне беріледі. Сондықан телехабарларда экраннан көрсетілген бейнені қайталамайтын ақпарат тілдік бірліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Телехабарлар заңдылығы бойынша көрсетуге болатын ақпарат сөз арқылы берілмейді. Журналистердің айтуы бойынша, мәтін арқылы берілген ақпаратты теледидар арқылы көрсеткен кезде, ол ақпарат 75 пайызға қысқарады екен.
Телехабарлар арқылы таралатын ақпарат көпшілік қауымға бағыттталғандықтан-телехабарлар тілі публицистикалық стильге негізделеді. Демек, телехабарлар тілінде әдеби нормаға негізделген жалпы халықтық қолданыстағы сөздер пайдаланылады [4, 17] .
Бүгінгі қоғамды ақпарат құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірмен бірге қайнасып кеткен. Дүние жүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы әр тілдегі, әр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдері арқылы таралып жатады. Елдің айнасы-бұқаралық ақпарат құралы, сол арқылы мемлекет мүддесі айқындалып отыруы тиіс.
Радио және телевизия - қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралдары, тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе. Егер радио - ақпаратты шұғыл таратып, жедел құлақтындырса, телевизия -оқиғаны, болмысты көрсетеді; газет- журнал - деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді.
Телехабарлар тыңдарман үшін әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар, экономикалық жаңалықтар, спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы әуе толқынында тарап жатады. Соңғы жылдары телехабарлардың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, өз тыңдармандарын табу жолында солардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға бейімделе бастады. Яғни жастар, ересектер, балалар хабарларына қоса саясаткерлерге, экономистерге, заңгерлерге т. б. қоғамда қажетті, сұраныстағы мәселелерге арналып та бүкіл қоғамдық өмірді қамтитын хабарлар, бағдармалар қатары өсті. Осыған байланысты әр түрлі телехабарлар форматтары көбейді, телехабардың аудиториясы да түрлене түсті. Тыңдармандар мен көрермендер талғамы арта түсуде [5, 22] .
Бұқаралық ақпарат құралдары - бүгінде қоғамның басқа салаларына қарағанда саяси процестердің басты коммуникациялық құралына айналып отыр. Өйткені саясаттың өзі атқарып отырған қызметінің ақпарат құралдарынсыз еш пайдасыз екендігін түсіне бастады. Жиырма бірінші ғасыр- ақпарат пен коммуникация ғасыры. Әлемді, әр елді билеймін десең қолында бұқаралық ақпарат құралы болуы тиіс. Сол себептен де, барлық мемлекеттегі саяси күштер БАҚ-қа барынша назар аударып, қызметтерін көпшілікке жеткізер коммуникациялық арна ретінде жіті бақылауда ұстап отыруды міндет санайды. Постиндустриалды қоғамда қаржы мен өзге де күш көрсету әрекеттері екінші орынға түсіп, қоғамды басқаруда білім мен ақпарат алға шығып отыр. Ал, аталған білім мен ғылым жаңалықтарын, қоғамдық институттар үшін аса маңызды саяси хабарларды таратушы сөз жоқ бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.
Сондай-ақ, саяси субьектілер мен обьектілер арасындағы кең көлемді процестердің генераторы да саналады. Ғалымдардың ойынша, БАҚ-тың мынандай ерекшеліктері оның саяси коммуникация құралына айналуына септігін тигізіп отыр. Олар, біріншіден, ақпарат құралдарының өнімін тұтынушылар саны шексіз. Ол жариялы құрылым саналады. Екіншіден, ақпарат таратуға арналға техникалық құрал жабдықтарының барлығы БАҚ-ты барынша күшті етеді. Үшіншіден, мәліметтер ағының бір жақты, яғни, коммуникатордан реципиентке дейін жүруі. Аталмыш, жағдай ақпарат құралын мәлімет таратушы ретінде ғана қарастыратын саяси құрылымдарға аса пайдалы тәсіл. Төртіншіден, эфирден берілген әр хабардан соң, мерзімді баспасөзде жарияланған мақалдан кейін аудиторияның көңіл-күйі ауысып, өзгеріп отырады. Мұндай тұрақсыз психологиялық жағдайдағы аудиторияны басқару саяси коммуникаторға оңайға соғады.
Саяси жүйенің саяси коммуникация құралы ретіндегі БАҚ-қа деген сұранысы оның қоғамда атқарар қызметіне, саясат сахнасындағы ойыншылар санына, мемлекеттік көлемі мен өзге де жайттарға тікелей байланысты болып келеді. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттерде коммуникация құралдарын қолдануға деген мүмкіндіктің шектеулі болғандығы мәлім. Ол кезде саяси коммуникация құралының міндетін арқа мініп, ақпаратты ауызша немесе хат түрінде жеткізу жаршылар атқарған. Алайда, қазірде адамзаттың ғылыми әрі технологиялық тұрғыдан өркендеуі мен мемлекет атты саяси институт пен ондағы сяси процеске қатысушылар талаптарының артуы БАҚ-қа деген коммуникациялық қажеттіліктің күрт өсуіне, күтпеген жерден өзгеруіне әкеліп отыр. Сондықтан да бұқаралық арпарат құралдарының саяси коммуникациялық қасиетері жайлы әңгіме қозғағанда жоғарыда айтылған ғалымдар тұжырымдарының мысалға алынуы заңды құбылыс.
Бұқаралық коммуникация - әрбір елдің ішінде және мемлекет пен халықтар арасындағы ұғымдық қатынастардың дамуына елеулі әсер ететін қазіргі қоғамның маңызды құбылыстарының бірі. Бұқаралық коммуникация қоғамдық санамен тығыз байланысты болғандықтан, оған әлеуметтік көзқараспен қарау тиімді. Ол қоғамдық сананың идеологиялық, қоғамдық психология мен ғылым сияқты салаларының қыр-сырын меңгереді, осылайша оның саяси-құқықтық, этикалық, эстетикалық, діни формаларын анықтайды. Дегенмен, сананың идеологиялық және қарапайым байланысы аралығындағы, оның бұқаралық, мамандандырылған және жеке байланыстары арасындағы айырмашылықтарды ескерген жөн. Сонда ғана бұқаралық коммуникацияның қазіргі қоғамдағы орнын терең түсінуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қарыштап өсуі бұқаралық коммуникация саласында сөйлесім қолданысының жалпы көлемінің артуына үлкен ықпалын тигізіп отыр.
БАҚ-тың саяси коммуникация құралына айналып отырғандығына бірден-бір себеп-ақпарат құралдарының саяси қызметінің күн өткен сайын арта түсуі. Оның басты мәні азаматтар, билік органдары және өзге де саяси топтардың ақпарат құралдары арқылы қандай-да бір оқиға, шаралар жайлы мәлімет алу мүмкіндігіне болып табылады. Ал саяси күштер өздерінің қызметі туралы мәліметті БАҚ-тың аталған ерекшелігін ескере отырып, оны барынша кең көлемде пайдалануға тырысуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz