Сауда және транзит


1-бөлiм. ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ
А. ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Жiбек Жолы экономикалық қызметтiң әлемдегi ең серпiндi және өзектi орталықтарының бiрi болып табылады. Жүздеген жылдар бойы сауда Шығыс пен Батысты байланыстырып, Орталық Азия және Батыс Қытайдың жолдарының дамуына және көбеюiне ықпал еткен және ғылымдардың, жаңа технологиялардың, сондай-ақ мәдени және экономикалық алмасуға жәрдемдескен. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Қырғызстан және Қытай - негізгi рыноктарға қол жеткiзу жолындағы көршiлер, бiрақ саяси разобщение және әуе және т/ж жүк тасымалдау секiлдi жаңа көлiк мүмкiндiктерiнiң пайда болуы осы көне жолдарының әрекет етуiнiң тоқтауына және ғаламдық экономикалық күштерден алыстауына әкелiп соқты.
Жiбек Жолы өңiрiндегi экономикалық байланыстар жаңаруының әлеуетi аса маңызды байланыстырушы жүйе болып табылады. 1991 жылы Совет Одағының құлауы нәтижесiнде тәуелсiздiк алғаннан кейiн жекешелендiру және сауданы ырықтандыруды күшейту үшiн рыноктық бастамаларды енгiзу процесiнiң ауыр жолынан өтiп, теңiзге шықпайтын Орталық Азия елдерi өтпелi экономиканың әртүрлi кезеңдерiнде болады, алайда олардың өсiм қарқындары оң. Жалпы рынокқа ие және 56 миллион адам халық санымен екi iрi держава - Ресей және Қытай арасында орналасқан Орталық Азияның халықаралық экономика жүйесiне ықпалдасу мүмкiндiгi оның өңiраралық және -ішiлiк экономикалық ынтымақтастық көлемдерiн кеңейту мүмкiндiгi жағынан қаралады, өңiрдiң 32 ел арқылы өтетiн көлiк жүйелерiн бiрiктiрудi жоспарлайтын жақында қол қойылған "Азиялық магистраль" UNESCAP шарты экономикалық өсімнiң екi негiзгі жылжытқыш күштiң - сауда мен туризмді дамыту үшiн қосымша ынта бередi.
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжiкстанның Қытаймен шекарасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық облыс бойынан 2 060 миля құрайды. Қытай экономикасы адамзат тарихындағы экономикалық өсiмнiң ең серпiндi және тұрақты деңгейiне қол жеткiздi. Ол көлемi заңғар рыногы, тұрақты өсетiн сатып алу қабiлеттiлiгi және орта-азиялық өнiмнiң көбейетiн импортын қабылдау, сондай-ақ өңiрге капитал жеткiзу қабiлеттiлiгiмен сипатталады. Алайда экспорттың артуына негiзделетiн Қытай экономикасының жылдам өсiмi жағалау маңындағы өңiрлер мен мемлекеттiң iшiнде орналасқан өңiрлер арасындағы, қала және ауыл халқы арасындағы байлықтың теңсiздiгiмен сипатталады. Жағалау маңындағы өңiрлердегi 13% көлемiндегi өнiмнiң орта қарқыны елдегi ең төменгi адамзат даму индикаторларына (АДИ) ие батыс провинцияларындағы өсiм қарқынынан 5 есе артық болған. Импорт үшiн кедергiлер пайда болса, туындауы мүмкiн әлеуеттi сауда дефицитi секiлдi қауiптерден басқа ұзақ мерзiмдi экономикалық сәттiлiк сыртқы экономикалық бағытталуға тiрелуi тиiс екенiнiң түсiнiгi бар. Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан (және Ресей) жоғары деңгейлi саяси тетiк, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құруы өңiрлiк экономикалық ынтымақтастық мәселелерiне берiлетiн жоғары басымдылықтың куәсi болып табылады.
Алайда едәуiр тығыз экономикалық ынтымақтастық үшiн кедергiлер әлi күнге дейiн елеулi болып тұр. Сауданы өңiрлiк экономикалық дамудың жылжытқыш күш ретiнде пайдалану қажет, бiрақ ол тарифтiк және тарифтiк емес кедергiлермен басылуда. Әр ел алдында едәуiр тығыз экономикалық ынтымақтастыққа әрекет етулерiн тоқтататын және саяси негiздердi де техникалық шешiмдердi де қиындататын нақты мәселелер мен мiндеттер қатары тұр. Осыдан басқа физикалық инфрақұрылымдағы, институционалды әлеуеттегi және өңiрлiк шарттарды iске асырудағы елеулi кедергiлер едәуiр тығыз экономикалық ынтымақтастық әрекет етулерiн тоқтатады. Рыноктарды ресурстармен бiрiктiретiн жанданған сауда ағындарын қайта жандандыру, елге қайта құрастыру үшiн инвестицияларды тарту және адал және теңестiрiлген экономикалық өсiмге үлес теңсiз дамудың жалпы тенденцияларын, сатып алу мүмкiндiгiнiң төмен деңгейлерiн жоюға көмектеседi және инвестициялау үшiн капиталды арттырады.
А. 1. Сауда және транзит
Қытай мен Орталық Азия елдерi ұлы сауда ұлттары ретiнде бiрдей тарихқа ие. Олардың солтүстiк пен оңтүстiк, шығыс пен батыс арасындағы бiрегей географиялық орналасуы бiрiншi мыңжылдық басында оңтүстiк-шығыс Азия, Корея, Жапония, Үндi, Парсы, Еуропамен және 15 ғасырда Африкамен керуен саудасына ықпалдасқан. Сауда өңiрдiң экономикалық дамуын ынталандырып, батыста негiзгi ғылыми және техникалық инновацияларды (Оқ дәрi, магниттiк компас, баспа пресс, жiбек, математика, керамика секiлдi) енгiзген. Өңiрдi кесiп өтетiн көптеген жолдар "Жiбек Жолы" деген атаумен белгiлi болған.
16-шы жүзжылдықтан бастап керуен саудасының және оған негiзделген экономикалық дамудың түсiмi басталған
1
. Әуе және т/ж жүк тасымалдау секiлдi жаңа көлiк нысандары жанармай, техникалық қызмет көрсетуге қатысты шығыны аздау болып, жолдарға арзан альтернативалар жасаған, сондай-ақ бiрнеше ел арқылы транзитке байланысты туындайтын мiндеттемелерден айырылған.
1
"Жібек жолы" Жобасының веб сайтын қараңыз - [http:www. silkroadproject. org/silkroad/overview. html]
Теңiзден алыс болуы, шағын экономикалық көлемдер, басты рыноктардан алыс болуы, сондай-ақ Совет Одағының құлауы Орталық Азия елдерiнiң саудасы мен транзитiнiң деңгейлерiне елеулi терiс әсер еттi. Орталық Азиядағы жағдайдың күрделiлiгiн көрсету үшiн 2000 жылғы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Сессиясындағы өз сөзiнде Қазақстанның Тұрақты Өкiлi Орталық Азиядағы көлiк шығындары өндiрiлетiн импорт құнының 60 пайызына жетуi мүмкiн екенiн айтты.
2
Қазақстан
мұнай, көмiр және табиғи газ секiлдi бай табиғи ресурстарға, сондай-ақ темiр кенi, марганец, хромовая руда, бокситтер және алтын секiлдi минералдар мен металдарға ие. Ел елеулi мал шаруашылығы да, дәндi дақылдардың өндiрiсi де дамып жатқан кең далалармен ауыл шаруашылығының әлеуетiне ие. Қазақстанның өнеркәсiптiк секторы табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеуге және құрылыс жабдығын, тракторларды, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсiбi өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруде мамандырылған машинажасау секiлдi салыстырмалы iрi секторға негiзделедi.
2
Елшi, Бiрiккен Ұлттар Ұйымын Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкiлi М. Б. Жарбуссынова ханымның сөйлеген сөзi, Нью-Йорк, 2000 жылғы 26 қазан.
Қазақстан рыноктық экономикалық жүйенi жасауда елеулi прогресс көрсеттi. Жеке сектор өнеркәсiп пен экономиканың барлық секторларында кеңiнен көрсетiлген. Ел 2000 жылдан бастап ТМД елдерi арасындағы ең жоғары қарқынмен (орташа 9%-ға) дамуда.
ДСҰ-ға кiру, сондай-ақ экспортты кеңейту және әртараптандыру үкiметтiң негiзгi басымдылықтары болып табылады. Өзiнiң шағын iшкi рыногы және тауарларға деген әлемдiк бағалардың ауытқуы кезiнде елдiң осалдығын күшейтетiн шикiзаттың экспортына тәуелдiлiгi жағдайында сауданың ықпалдасуы Қазақстан үшiн өте маңызды. Қазақстан қосымша құны бар тауарлардың экспортын бұдан әрi жылжыту мүмкiндiктерiн iздеуде, сондай-ақ оларды әртараптандыруға және экспорттық сауданы кеңейтуге тырысады. Станоктар мен жабдық, автомобильдер мен инструментарий Қазақстанның ең үлкен бөлiгiн құрайды. Импорттың басқа да маңызды санаттары химиялық өнiм, пластик пен резеңке, минералдар мен металдан жасалатын негiзгi өнiм, сондай-ақ азық-түлiк өнiмдерi болып табылады.
Сонымен бiрге Қазақстан Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжiкстан үшiн осы Орталық Азиялық елдердi олардың негiзгi сауда серiктес - Ресеймен байланыстыратын басты транзиттiк ел болып табылады. Оның үстiне Қазақстан Орталық Азиядағы жол және темiр жол инфрақұрылымның ең үлкен бөлiгiне ие.
Қырғызстан
1998 жылдан бастап ДСҰ өкiлi бола отырып, либералды сауда саясатын жүргiзуде. Ел өңделмеген алтынның экспортына (экспорттың 35%-на жуық), сондай-ақ мақта, темекi, жүн және еттiң экспортына тәуелдi.
Сыртқы сауда өтпелi кезеңiнде ТМД рыноктарынан ДСҰ мүшелердiң рыноктарына (негiзiнде Қытайға) қайта бағытталды. ТМД елдерiмен сыртқы сауданың үлесi 1992 жылы 80, 1% құраған, бiрақ 2002 жылы 45. 7%-ға дейiн құлады; сол уақыт кезеңi iшiндегi ДСҰ мүшелерiмен үлестiң тиiстi артуы 19. 9-дан 52. 9%-ға дейiн құрады. ДСҰ-ға кiргеннен кейiн сыртқы сауданың нақты өсiм тенденциясы жоқ болса да, 2000-2002 жж. кезеңiнде Қырғызстаннан тауар экспорты өскен. Салаға келетiн болсақ, көлiк, құрылыс және бизнес қызметтерi секiлдi қызметтердiң экспорты 1998 жылдан бастап салыстырмалы тұрақты өсуде, бiрақ көлiк және сақтандыру секiлдi қызметтердiң импорты қысқарған. Мұның нәтижесiнде қызметтер дефицитi күрт аздалған.
Қырғызстанның географиялық орналасуы оны Еуропа мен Азия арасындағы табиғи байланыстырушы көпiр етедi. Республиканың шоссе жолдары, темiр жолдары және әуе көлiгi жағынан маңызды транзиттiк ел болу әлеуетi бар, және бұл мақсаттарында тиiстi инфрақұрылымды дамыту оның кедей және алыс жатқан өңiрлерге пайдалы болады.
Тәжiкстанның экономикасы азаматтық соғыстың бiрнеше жылдары және Ресейден рыноктары мен субсидияларды жоғалту әсерiнен әлсiреген. Ел шектеулi мөлшерлердегi күмiс, алтын, уран және вольфрам секiлдi табиғи ресурстарға ие. Өнеркәсiптiк сектор iрi алюминий зауытымен, және негiзiнде жеңiл өнеркәсiп және азық-түлiк өнiмдi өңдеу секторларында жұмыс iстейтiн шағын ескiрген зауыттармен көрсетiлген.
Тәжiкстан өзiнiң негiзгi экспорттық тауарлар - алюминий мен мақтаға бағалардың ауытқуына қатысты осал. Оның үстiне елдiң макроэкономикалық тұрақтылығы ресми экономикалық көмекке тәуелдi. Экономиканы ырықтандыруға қарай талпыныс жасағанға қарамастан жеке сектор алдында тарифтік емес кедергiлер мәселесi тұр.
Өзбекстан
теңiзге шығуы жоқ елдермен шекаралас әлемнiң екi елдiң бiрi болып табылады. Ел әлемдегi екiншi ең iрi мақта экспорттаушысы, алтын және табиғи газдың басты өндiрушiсi және өңiр әлемiндегi маңызды химикаттар және машина жабдығының өндiрушiсi болып табылады, Жоғары "қосымша құнына" ие өнiмдi өндiретiн өнеркәсiптiң басты салалары арасында - ұшақ жасау, автомобиль жасау, химикаттар өндiрiсi, электротехникалық және тоқыма жабдығы өндiрiсi.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Өзбекстан рыноктық реформаларда салыстырмалы төмен нәтижелерге жеттi және оның орта жылдық экономикалық өсiмi 2000 жылдан бастап 4%-ға жуық құраған. Өндiрiстiк базаны күшейту және импортты алмасатын өнiмнiң өндiрiсiн дамыту мақсатында Өзбекстан сыртқы сауда саласында сүйемелдеу саясатты қолданды. Таяу уақытқа дейiн Өзбекстан өз валютасының айырбасталуы қатаң шектеулер қолданды. Импорт үшiн жасалған кедергiлер Өзбекстанның импорт көлемiне аздау әсер еттi. Импорттың үлкен үлесi қапшықтық сауда және көршiлес елдермен заңсыз трансшекаралық саудаға келедi. Мақта мен алтынға әлемдiк бағалардың елеулi өсуi, сондай-ақ 2002 - 2003 кезеңiнде валютаның девальвациясы соңғы екi жыл iшiнде Өзбекстанның төлеу теңгерiмiнiң белсендi сальдосына үлес қосты.
Өзбекстан өз транзиттiк әлеуетiн дамыту үшiн оң географиялық орналасуына ие. Ол жақсы дамыған жол және темiр жол инфрақұрылымға және қажет көлiк құралдарына және дәлiздерге ие.
Ұлы Жiбек Жолы өңiрiндегi
Қытайдың
рөлi сөзсiз. Оның Азия экономикасының жартысын құрайтын экономикасы барлық қатынастарда зор. Қытайдың ДСҰ-ға кiруi және оның әлемдiк экономикалық жүйеге едәуiр терең ықпалдасуы жалпы Азия үшiн маңызды мүмкiндiктер мен мiндеттемелердi ұсынады.
3
Қытай 1990-2002 жылдары кезеңiнде әлемдiк экспорттағы өз үлесiн үш есе көбейтiп және әлемдiк импорттағы өз үлесiн екi еседен аса арттырып, бүкiл Азиядан экспорттың өсiп келе жатқан үлесiн абсорбирлеп әлемдiк саудадағы өз қызметiн жылдам кеңейттi.
3
Елена Иванчови, Қытай, Сетапут, Сутиварт-Нареупут, Мин-Жао, 'Қытайдың ДСҰ-ға кiрудiң өңiрлiк әсерi// Кэти Крамм және Хоми Харс редакциясымен. Шығыс Азия ықпалдасушы ретiнде: Жалпы өсiм үшiн сауда саясатының тәртiбi. - Вашингтон: Оксфорд Университи Пресс, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi/ Дүниежүзiлiк Банк, 2004, 21-бет.
Өндiрiстiк қуаттылықтың жоғарылауына және жағымды бәсекелес жағдайға байланысты 2002 жылы күрт өсiмнен (22. 4%) Қытайдың экспорты 2003 жылы 34. 6%-ға өскен. Импорт 2002 жылғы қарқынды екi есеге жуық арттырып күштi iшкi сұраныс, мұнайға деген жоғары бағалар және төмендеу тарифтерге байланысты 41%-ға артқан.
Қытай әлемдегi мыс, қалайы, цинк, платина, болат және темiр кенiнiң ең iрi тұтынушысы және әлемдегi алюминий, қорғасын, никель және алтынның екiншi ең iрi тұтынушысы болып табылады. Қазiргi уақытта Қытай әлемдегi мұнайдың екiншi ең iрi тұтынушысы болып табылады, бұл ретте елдегi сұраныс 2003 жылғы әлемдiк сұраныс өсiмiнiң 35% құрайды.
4
Осы жағынан Орталық Азия елдерi Қытай үшiн стратегиялық маңызды.
4
Азиялық Даму Банкi, `Азиялық даму перспективалары 2004`, Нью-Йорк: Оксфорд Университи Пресс, 2004, 43-бет.
Қытай экономикасындағы негiзгi жылжытқыш күш болып табылатын жеке сектор дамуының қарқыны айқындалады. 2002 жылы Қытайдың жеке секторы (шетелдiк капиталмен инвестицияланатын кәсiпорындарды қоса) бүкiл өнеркәсiптiк өнiмнiң 60%-н өндiрдi. Бұл ретте жалпы ресурстар көлемiнiң 20% пайдаланды. Бүгiнгi күнi Қытайдың жеке секторында 20 миллионға жуық жұмысшы, сондай-ақ 100 миллион шаруа жұмыспен қамтылған. Оннан сегiз жұмыс орнын жеке шағын және орта кәсiпорындар ұсынады.
Қытайдағы экономикалық қарқын оның сан алуан халқы мен рынок көлемi ғана емес сонымен қатар оның экспортқа бағытталуы қолдайды. Қытайдың экспорттық рыноктарды кеңiнен әртараптандыруға, сондай-ақ жаңа рыноктарға шығуға талпынуы батысқа бағытталған сыртқы саясаттың дамуына әкелiп соқты. Қытайдың Орталық Азияның транзиттiк аумақ ретiнде жандануының жеделдетушiсi болу әлеуетi бар.
Мәселелер мен перспективалар
:
Совет Одағының құлауы Орталық Азия iшiнде де, оның шегiнен тыс та саудадағы мәселелерге әкелiп соқты. Кәсiпорындар деңгейiнде де бүкiл ел бойынша да сауда байланыстары жойылды. Жаңа республикалық шекараларда да, Орталық Азияның жекелеген елдердiң iшiнде де заңды және заңсыз өткiзу пункттарында транзит үшiн кедергiлер туындады. Кейiнгi қиындықтарды кейбiр елдердегi макроэкономикалық саясат және басқа елдердегi қауiпсiздiк мәселелерi туғызды.
"Жұмсақ" деп аталатын саудадағы (саясат пен заңнамадағы) айқындалатын жақсартулар Орталық Азиядағы трансшекаралық сауда кезiнде жүзеге асырылатын шығыстарға әсер ететiн басты аспектiсi болып табылады. Даулар, шекараларды жабу, көптеген кедендiк пункттар, тарифтiк және тарифтiк емес кедергiлер болжауға болмайтын соңғы бағалармен және жеткiзу мерзiмдерiмен қатар жоғары көлiк шығыстарына әкелiп соқты. Мұның барлығы өңiрлiк сауданы бұзып, сыртқы сауда және шетелдiк инвестициялардың өсiмi үшiн елеулi кедергi болды. Сауданы әртараптандыру немесе жәрдемдесу жөнiндегi әрекеттер әртүрлi нәтижелерге алып келдi.
Көлiктi күшейту және дамыту, шекаралық мәселелерге жәрдемдесу трансшекаралық және транзиттiк тауарлар ағындарын реттейтiн саясатты, ереженi және рәсiмдердi бұдан әрi үйлестiруге бағытталған Орталық Азия елдерiнiң ынтымақтастығы туралы шарттар арқылы ғана мүмкiн
5
.
5
Сауда мен транзит үшін кедергілердің тізбесімен қосымшаны қараңыз
А. 2. Инвестициялар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz