Жапониядағы ғылыми-техникалық прогресстің жалпы дамуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жалпы сипаттамасы. Адам баласының тағдырына ғылымның ықпалы ерекше сипатқа ие. Ғылым адамның күнделiктi өмiрiне енiп, тамырын жайды. Күнделiктілік дегеніміз не? Бұл барлық қор түрлерiнің айырбас айналымы: сұраныс, өндiрiс, қамсыздандыру. Адамзат дамыған сайын, сұраныс түрлері күрделене түсіп, соған орай ғылым бiздiң өмiріміздің ажырамас бөлiгіне айналды. Ғылыми техникалық үдерiс анығында жылдамдық, сапа, ұзақ мерзiмдiлiк және мобилдiлiкпен қамтамасыз ете алды.

Қазіргі таңда кез келген мемлекттің ұлттық экономикасының тиiмділігінің негiзiн табиғи және еңбек ресурстермен қатар оның ғылыми-техникалықты потенциалы құрайды. Экономиканың жаңа сапалы күйге өтуі инновациялық қызмет және көп ғылымды қажет ететін өндiрiсті дамытудын маңыздылығын үлкейттi. Бұл өз кезегінде дағдарыстан шығып, экономиканың дамуына қажетті әрі маңызды факторы болып табылады.

Кез келген елдiң ғылыми-техникалық потенциалы оның экономикалық дамуының негiзгi қозғаушы күші болып есептеледі. ҒТП тің және әлемдік шаруашылық құрылымның қайта құрылу кезеңінде мемлекеттің ғылыми техникалық потенцалы, интенсификациялық дамуға тенденциясы, сонымен қатар жиналған өндірістік және ғылыми потенциалға негізделген өздігінен даму секілді мәселелер негізгі мәнге ие болып отыр.

Ғылыми-техникалық прогресс - бұл шаруашылық өмiрдегi жаңалық ашу және оның нәтижесі мен табыстарын қолданудың үздiксiз әрі күрделi процессi. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өндiргiш күштердiң барлық элементтерiннің дамуы мен толық жетiлдiру үрдісі орын алады, яғни еңбек аясы мен құралдарының, жұмыс күшінің, технологияның, өндірісті ұйымдастыру және басқару тәсәлдері жетіле түседі.

Ғылыми-техникалық прогрестің тiкелей нәтижесі болып инновация есептеледі. Бұл ғылыми бiлiмдердiң жүзеге асырылуы орындалатын техника мен технологиялардың өзгерісі.

Көп ғылымды қажет ететін өнiмнiң жасалуы, тауар өткiзетін нарықтың құрылуы, маркетинг, өндiрiстi кеңейту - бұл мәселелердiң шешуіне тек нақты ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге икемді және өндiрiске жаңа технологияны енгiзуiдің күрделi процессін меңгерген ұжымдар ғана дайын болды.

Әлемдегi бiр де бiр ел ғылыми-техникалық iлгерiлеудiң әлемдiк жетістіктерін экономикалық тұрғыдан тиiмдi iске асыруысыз табыс (кіріс) пен тұтыну мәселелерін шешiмiн таба алмайды.

XVII-XVIII ғасырларда мемлекеттер өз иелігіндегі табиғи қор мен әскер санына екпін жасап, алдыңғы қатарға шығуға тырысты. Дегенмен ҒТП тің ықпалымен жағдай өзгердi. Адам баласына сапа және өнiмдiлiк көрсеткiштері үлкен маңызға ие бола бастады. ҒТП шикізатқа тапшы мемлекеттерге табиғи қоры бай бай мемлекеттермен экономикалық аренада тең дәрежеде бәсекеге түсуге мүмкіндік берді. Бұндай елдердiң бiрi Жапония болды. Соғыстан кейінгі Жапония экономикасы құлдырау жағдайында болды. Шағын аралды мемлекеттің флоты талқандалып, экономикасын қарусыздандыру нәтижесінде жұмыссыздық орын алып, ел күйзеліс алдында болды. 110-миллион халықты асырау үшін қаржы жетіспей, әлеуметтiк-саяси одан бетер ушыға түсті. Экономикалық өсу туралы сөз болмақ түгіл, батыс сарапшылары Жапония әлемдік экономиканың шалғайында мәңгiлiк қалады деген тұжырымдар жасады. Алайда қазіргі Жапонияның экономикасы ҰЖӨ көлемі бойынша әлемде екiншi орында. Әлемде сөз ете бастаған жапон экономиканың ғажайыбы қаржы реформалары және жұмыс күшiн ерекше қолдану шараларымен бірге, ғылым жетістіктерін өнеркәсiпте ұтымды пайдалану арқасында пайда болды. Жапон экономикасының барлық саласына ҒТП ықпалының күшейуi, ең алдымен Жапонияның ғылыми-техникалық потенциалының өсуiмен шартталды. Жапония ұзақ уақыт өндiрiстi шетел технологиясын қолданумен жетiлдiрдi. I950-I982 жылдары ол шамамен 40 мың жуық лицензияларды сатып алып, өндіріске ендiрдi, бiрақ Жапония шет ел технологиясын көшiрумен шектелмей, оны жетiлдiруге ұмтылды.

70-шi - жылдары жапон капиталистері экономикалық дамуда импортталған технологияға ғана арқа сүйеуге болмайтынын түсінді. ҒЗТКЖға (ғылыми зерттеушілік, тәжiрибелiк және конструкторлық жұмыстар) шығындар ұлғая түсіп, іргелі зерттеулер жүргізіле бастады. Жапон монополистiк капиталы (монополистері) елді капиталистiк әлемдегі технологияның қайнар көзіне айналдырып, өнеркәсiптiк технологияның саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер, өнiмнің жаңа түрлерiн жасау және дизайн саласында да жетекшi орын алуды мақсат қойды. "Өнер Жапонияның жаңа жауынгерлiк ұраны болып табылады".

1970-шi жылдарға дейiн жапон экономикасына экстенсивтi даму жолы тән болды: алып зауыттар салынды, өндіріс шығындары қысқартылып, өнім шығару ұлғайтылды, шет елден алынған технологиялар жетілдіріліп, мемлекеттік тапсырыстар жүйесі кеңіді. 1960-1973 жылдар аралығында орташа даму қарқыны 14% құрап, "Жапон экономикалық ғажайыбы" туралы айтыла бастады, ал Жапонияны Күн шығыс елі деп атады. 70-шi жылдарға дейінгі жапон экономикасының жетiстiктерiне қарамастан, елдiң билеушi топтары өнеркәсiптiң экстенсивтi даму факторлары бiтуге жақындағанын ескеріп, экономикалық дамуды өзге үлгіде жүзеге асыру қажеттігін түсінді. Сол кезде алғаш рет жаңа, зияттылықты көп қажет ететін өндірістік құрылым құруға бағыт алынды. Зиялылыққа сүйенген жаңа өндірістік құрылым ғылымды көп қажет ететін, күрделі құрастыру салаларының және ақпараттық индустрияның жылдам өсіп, дамуына бағытталған еді.

Жапонияның 1950-1980 жылдарныдағы экономикасында ҒТП тің рөлі жайында сөз қозғай отырып, қазіргі Қазақстан мен сол кезеңдегі Жапонияның ғылымның жетістіктерін пайдалану, яғни өндіріске енгізу әдістерінде кейбір ұқсастықтар бар екенін атап өткен жөн. Бұл бітіру жұмысының өзектілігі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның болашақ экономикалық әл ауқаты оның қаржы ресурстарын парасатты қолдануына байланысты. Тұрақты экономикалық даму үшін, қаржы бұдан былай мұнайға қатысты емес салаларға салынуы тиіс. Мемлекетке таза, өңделмеген шикізат экспортынан дайын өнім экспортына өту қажет. Осыған орай Жапония тәжірибесі біздің мемлекет үшін ең қолайлы вариант болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі мақсаттың туындауына шарт болды.

Жұмыстың мақсаты - Жапониядағы ҒТП тің жалпы дамуы және оның нәтижелерін өндіріске енгізу процессін зерттеу, сонымен бірге мәліметтерге анализ жасай отырып, жапон тәжірибесінен Қазастанда жүзеге асыру мүмкін шараларды ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Жапониядағы ҒТП дамуының бастапқы кезеңін зерттеп, сараптау;
  • 1970 жылдардағы дағдарыстан кеінгі Жапониядағы ҒТП келбетінің өзгеруін, үкімет тарапынан елде ғылым мен техниканың дамуына қолдау көрсету шараларын анықтап, зерттеу;
  • Қазіргі таңдағы Қазақстан кәсіпорындарында, әсіресе ауыр өнеркәсіпте қолданылатын техника мен технологияға сараптама жасау.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жапониядағы техника мен технологияның қарқынды дамуын терең зерттеуге әлем зерттеушілері ат салысты. Әсіресе Ресей мен АҚШда Күн шығыс еліндегі ҒТП даму жолдары кең түрде зерттелді. Сондықтан көзделген мақсатты орындау үшін, мен ресейлік, американдық және жапондық зерттеушілердің жұмыстарына жүгіндім: Акиро Учино мақаласы «Technological innovation in postwar Japan», И. П. Лебедев оқулығы «Япония: смена модели экономического роста», Н. А. Волгин оқулығы «Японский опыт: Решения экономических и социально-трудовых проблем», Н. В. Анисимцев, В. Н. Бунина оқулығы «Япония в современном мире: Факторы стабилизации развития и безопасности», А. Н. Аванесовтың жұмысы «Жапония: энергетикалық мәселені шешу жолдарын іздестіру» және т. б. ; сонымен қатар «Fortune», «The Nikkei Weekly», «БИКИ», «Кэйдзай токэй нэмпо», 1996, т. б журналдар; «Нихон-о тюсин то суру кокусай хикаку токэй», «Кокусай хикаку токэй», т. б. халықаралық және жапондық салыстырмалы статистикалар қолданылды. Жалпы бітіру жұмысын орындау үшін 50 шақты әдебиеттер, статистикалар, журнал, газеттер, интернет сілтемелер қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Ғылыми техникалық революцияның жапон тарихына, экономикасына, халқына және оның әлемдік сахнада тиесілі орын иеленуіне ықпалы, Жапонияда технологияны дамытудағы қиыншылықтар жайында және жапон тәжірибесін қазақ жерінде қолдану мәселесі қазақ тілінде алғашқы рет ұсынылып отыр. Зерттеу барысында анықталғандай, аталмыш мәселе қазақ ғылымында толық зерттелмеген. Берілген жұмыс бұл мәселені шешуге арналмаған, себебі, жапон техникасының дамуын толық зерттеп, оны бір жүйеге келтіру үшін көптеген жылдар және Жапонияға сапар шегіп, жапон зерттеушілерімен сұқпаттасу қажет. Бітіру жұмысында тек осы зерттеулерге бастама салуға тырысамыз.

Зерттеудiң тәжірибелік мәнi келесіде: ғылыми еңбектің нәтижелерi Жапониядағы көп ғылымды қажет ететін технологияларды өндiрiстік кәсiпорындарға енгізу әдістерін зерттеу жұмыстарын ары қарай дамытуға қызмет көрсете алады.

Зерттеу жұмысының объектісі. ҒТП тің ықпалымен экономиканың барлық секторларының өзгеріске ұшырауы және бұл процестегі үкіметтің қызметі.

Зерттеу жумысының пәні . ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Жапония экономикасындағы ҒТП-тің рөлі.

Зерттеудің ғылыми әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын орындау барысында мен қажетті ақпаратты жинау және таңдау, топтастыру мен мазмұндау, сипаттау мен бар материалды салыстыру әдістерін қолдандым. Сонымен қатар Жапониядағы ҒТП-тің даму тарихын кезеңдерге бөлу тәсілі де қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Жалпы бiтiру жұмысы кiрiспеден, үш негiзгi тараудан және әдебиеттiң тiзiмiнен тұрады:

Кіріспеде Жапониядағы ҒТП-тің даму тарихына жалпы шолу жасалады.

Бірінші тарауда ғылыми техникалық прогресс туралы жалпы ұғым беріледі: ерекшеліктері мен құрама бөліктері. Сонымен бірге ҒТП тің өндірістің алты бағытына ықпалы және елде ҒТП тің дамуна маңызды орналастыру факторалары жайында мәлімет беріледі. Жоғарыда аталған ақпарат ҒТП туралы базалық түсініктер қалыптасу және анализ жұмыстарын жеңілдету үшін қажет.

Екінші тарауда «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Жапониядағы ғылымды көп қажет ететін өндірістің дамуының ерешеліктері» ғылымды көп қажет ететін технологияның кәсіпорындарға енгізу процессін және осы шаралардың ел экономикасының дамуна әсерін зерртеуге еркше көңіл бөлінді. Әр бір өндіріс орныныда жаңа енгізулер арқасында сапалы өнімді көп мөлшерде шығаруға мүмкіндік туды. Бұл өз кезегінде Жапонияны алып державаға айналдырды. Сондай ақ, 1950-1970 жж және 1980-1990 жылдардағы ҒТП тің даму жолындағы ерекшеліктері, үкімет тарапынан жасалған қателіктер жайында мәлімет беріледі.

Үшінші тарауда Қазақстандағы ҒТП тің жағдайы туралы ақпарат беріледі. ҒТП тің бас факторлары бойнша қазіргі таңдағы Қазақстан мен ХХ ғасырдағы Жапониядағы ғылым мен технология даму деңгейі салыстырылады. Салыстырудың негізгі мақсаты экономиканың қарқынды дамуы үшін Жапонияда іске асырылған шараларды, Қазастан жеріне беімдей отырып, қолдануға талпыныс жасау. Бұл пункт бітіру жұмысының міндеттерінің бірі болып табылады.

Қорытындыда бітіру жұмысының негізгі бөліміндегі ақпаратқа анализ жасалып, міндеттер мен мақсаттың орындалуының қорытынды мәліметі беріледі.

І ТАРАУ. ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.

  1. ҒТП тің ерекше белгiлері мен даму бағыттары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың дамуы
Жапониядағы педагогикалық мектеп
Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
Жапонияның тіл - жазу мәдениеті
Ірі және шағын кәсіпорындар-нарық қатынастарының негізі
Шағын бизнес теориясы
Жапондық басқарудың тиімді әдістерін анықтап, Қазақстан кәсіпорындары үшін ұсыну
Жаңа өндіріс түрін жоспарлау
Рахат фабрикасының өндіріс саласындағы жоспарлау көрсеткіштері
Кәсіпкерлік түрлері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz