Дифиллоботриоз


Дифиллоботриоз, немесе или диботриоцефалёз (лат. diphyllobothriasis) - цесттодоз тобындағы гельминтоз. Diphyllobothrium latum, сирек D. dendriticum және D. klebanovskii (D. luxi) тудыратын ооантропонозды инвазия. Диспептидті бұзылулар мен В12-дефицитті анемия болу мүмкіндігі арқылы өтеді.
Таралуы
Ресей Федерациясының территориясында дифиллоботриоздың (D. latum) ошақтары Карелияда, Мурманск және Ленинград областарында, Енисей, Енисей, Лена, Обь, Индигирка, Печора, Солтүстік Двина, Волга және Кама өзендерінің бассейндерінде таралғандығы тіркелген. Ошақтардың қалыптасуы Горьковск, Куйбышевск, Волгоград, Красноярск суқоймаларында белгіленген.
D. klebanovskii шақыратын дифиллоботриоздың ауру аймағы шельф аралды, жартылай аралды, құрлықты территориялар мен шалғай шығыс мұхиттар аймағын алып жатыр.
Этиология
Қоздырушы ретінде Diphyllobothrium тусына жататын жолақты құрттардың жетілген сатылары кіреді: Diphyllobothrium latum, Diphyllobothrium klebanovskii, Diphyllobothrium dendriticum. Кең жолақты құрттың ұзындығы 10-12 м-ге жетеді.
Атжақты сопақшы бас 2 сорғыш соңылауға ие (ботрии) . Денесі 300-4000 кішкене мүшелерден тұрады (проглоттид) . Жыныстық жетілу сатысында құрт аш ішекте паразитті тіршілік етеді. Паразит жұмыртқалары фекалиялармен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады. Тұщы сулы суқоймалардағы суда 10-20 °С температурада жұмыртқадан шаян-циклоптар жұтатын личинка шығады (корацидий) . Корацидий екінші сатылы личинкаға айналады - процеркоид. Әрі қарайғы даму шаянды балықтың денесінде жүреді: личинкалар инвазионды сатыға жетеді (плероцеркоид) . Жұқтырылған балықты жеген адам немесе жануар организмінде плероцеркоид жетілген особьқа айналады және цикл қайтадан қайталанады.
D. erinacei europaei шақыратын диффилоботриоз кезінде плероцеркоидты-личинкалар спарганоз ауруын тудыра отырып теріасты клетчаткаларда және ішкі мүшелерде мекендейді. Спарганоз Жапонияда және Қытайда таралған.
Патогенезі
Diphyllobothrium latum-ның тіршілік циклі
Адамның ішегінде, әдетте бір немесе сирек бірнеше жолақтылар тіршілік етеді, бірақ 100 немесе одан да көп паразиттердің тіршілігі туралы жағдайлар сипатталған. Паразиттің өмір сүру ұзақтығы жылмен есептеледі:: 10, 20 және одан да көп.
Кең жолақтының патогендік әсер етуінің негізінде келесі факторлар жатыр: гельминттің механикалық әсер етуі, жүйкелі-рефлекторлық әсер, токсико-аллергиялық реакциялар, В12 авитаминозы мен фолий қышқылының аз бөлінуінің дамуы.
Интенсивті инвазия кезінде механикалық фактордың рөлі артады. Жолақты ішектің сілемейлі қабықшасына бекініп, жергілікті зақымдану, микроажырау, атрофия тудырады. Интенсивті инвазия кезінде паразиттердің жинақталуы ішектің өте алмаушылығын тудыруы мүмкін.
Организмнің сенсибилизациясының бір көрсеткіші қанның эозинофилиясы болуы мүмкін. Гелтминттің өмір сүруіне қажетті өнімдердің токсико-аллергиялық әсерінің зардабы болып табылады.
Ішек қабырғасының жүйке соңдарының тітіркенуі нәтижесінде жүйкелі-рефлекторлық әсер ету қарын мен басқа асқорыту жолдарының мүшелерінің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Инвазияның ауыр белгілерінің қатарына дифиллоботриозды мегалобластикалық анемияның дамуы жатады. Оның патогенезінің негізінде В12 эндогенді авитаминозы және және фолий қышқылының аз бөлінуі жатады. Дифиллоботриоздың этиологиялық рөлін 1884 жылы С. П. Боткин бекітті. Тағаммен бірге түсетін В12 витамині - сыртқы антианемиялық фактор - қалыптаспайды, керісінше стробильді паразитпен обсорбцияланады.
Дифиллоботриоздың клиникалық ағымы инвазия инетенсивтілігіне және ауру организмінің индивидуальді ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жағдайлар қатарында инвазия белгісіз немесе субклиникалық түрде өтеді. Кейде инвазияның болуы дефекация кезінде жолақтың бөлінуімен байланысты анықталады. Содан соң ауырған адамдар іштің ауырсынуына, лоқсу, кекірікке шағымданады.
Инвазияның ашық формаларында алдыңғы жоспарға асқорыту, жүйке және қанайналым жүйелері жақтан патологиялық белгілер пайда болады. Мұндай аурулар төмен тәбет, құсу мен лоқсу, тұрақсыз нәжіс, күштің әлсіздігі, ұйқышылдық, парестезия, қышқыл немсе тұзды тағам қабылдағанда тілдегі жағымсыз сезімдер сияқты белгілерге шағымданады. Теріде кейде есекжем пайда болады, сирек сипатталған эпилептиформалы ұстамалар болады.
Дифиллоботриозбен ауыратын D. Latum-мен 2%-ға жуық инвазирленген кейбір ауруларда пернициоз тәрізді В12-дефицитті анемия дамиды. Анемия дамыған кезде әлісздік күшейеді, шаршаңқылық, ұйқышылдық, бас айналу, жұрек дүрсілі, құлақтаға шу, басты бұррғанда көздің қараюы сияқты белгілерге шағымдар көбейеді. Тері жабындыларының бозаруына, беттің томпаюы, аяқтағы ісіктерге көп көңіл бөлінеді.
Аддисон-Бирмер анемиясы кезінде де Гунтер глосситінің дамуы мүмкін. Тілде ісік тәрізді өзгерістер пайда болған кезде ашық қызыл түсті ауыратын дақтар шығады, жарықшақтар - «жидітілген» тіл. Кешеуіл өткір белгілер бәсеңдейді, емізіктерде атрофия туады, тіл тегіс жылтарауық болып кетеді - «лкаталған». Қарын жиі қабынған, нәжіс көбінесе сұйық, бауыр мен көк бауыр кейде үлкейген. 80-90% ауруларда - ахилия.
Жүйке жүйесінің зақымдануы тіл байлану, дызылдау, қытықтау, парестезия, тері аудандарының сезімталдығының бұзылуы, жүрістің тұрақсыздығы (миэлоз) және тағы басқа да белгілер түрінде шығады.
Қан жүйесінде де айтарлықтай сипаттық өзгерістер байқалады. Олардың негізгі белгілері - нәтижесінде перифериялық қанға эритроциттердің жетілмеген, жас формалары келіп түсетін қан жасалудың эмбриональді типі мегалобластикалық белгілер: мегалобласттар, нормобласттар, ядро қалдықтары бар, Кебот сақиналары бар, Жолли денешіктері бар эритроциттер, полихроматофилдер, пойкилоциттер.
Лейкопения, тромбоцитопения тән. Гемограмма өзгереді: эритроциттер мөлшері өзгереді, олардың гемоглобинбен қанығуы жоғарылайды, түсті көрсеткіш әдетте жоғары - гиперхромды анемия; СОЭ жеделдетілген.
Анемияның қаншалықты ашық сатылы екндігі инвазия интенсивтілігінен, тамақтану сапсына байланысты анықталады.
Зерттеу әдістері, емделу жолдары және профилактика
Зерттеу әдістері: үлкен дәрет кезінде гельминт жұмыртқаларын табу, , эозинофилия. Емделі амбулаторлы, аурудың көрсеткіштері бойынша, мысалы, анемия кезінде, ауруханаға жатқызылады. Ашық анемия кезінде патогенетикалық терапияны дегельминтизациядан кейін бастаған жөн. Фолий қышқылын, бұлшықет ішілік цианокобаламинін (B12 витамині) тағайындайды. Арнайы терапия фенасалды, празиквантелді қолдануға негізделген.
D. latum ошағынан алынған балықтарды тұздаған кезде келесі технологияны ұстанған дұрыс:
Тұздау +2-4°С температурада жүруі керек.
Дифиллоботриозды арандатушы:
Дифиллоботриоз қоздырушылары Pseudophylidea отрядына жатады, 12 жолақтылар түрінен тұрады. Олардың ішінде Diphyllobothrium latum кеңінен таралған және жақсы зерттелген (Unney, 1758, Lube, 1910) .
Стробилдің ұзындығы 2-9 м жетеді және 4000-ға дейін ұсақ мүшелерден тұрады. Ұзындығы 3-5 м сколекс созылыңқы-сопақша формалы, екі жағынан жалпайған, бүйір беткейлерінде екі саңылауы бар, соның арқасында паразит ішектің сілемейлі қабатына бекінеді. Жолақтының жұмыртқалары кеңінен сопақшалы, ірі (70 х 45 мкм), екі контурлы қабықшалы, бір полюсінде қабықша, ал екнішісі - төмпешікті болып келген. Жолақтылар ақырғы иелерінің мүшелерінде паразитті тіршілік етіп жетілмеген жұмыртқалар бөледі. Олар тұщы сулы суқоймаларда дамиды. Жұмыртқада қалыптасқан ұрық (корацидий) суға 6-16 күннен кейін босап шығады. +150С-дан төмен температурада корацидийлер жұмыртқадан шықпайды, бірақ өмір сүру қабілеттілігін 6 айға дейін сақтайды. Тұщы су шаяндарымен жұтылған корацидий 2-3 аптадан соң процеркоидтарға айналады. Шаяндарды жұтқан балықтар организмінде процеркоидтар мүшелер мен бұлшықеттерге енеді. Онда олардан 3-4 аптадан кейін ұзындығы 4 см-ге жететін және жетілген сколексі бар плероцеркоидтар дамиды. Плероцеркоидтар ақырғы иелерінің организмінде жетілген жолқтыға айналады.
Дифиллоботриоза кезіндегі патогенез:
Кең жолақтының өмір циклі.
Жолақтылардың дамуы үш түрлі иелерінің алмасуы арқылы жүреді.
Жұмыртқалар сыртқы ортаға түскеннен кейін 30 күнге дейін тіршілік қабілеттілігін сақтайды, бірақ суға түсе салысымен өзінің дамуын жалғастырады. Қолайсыз жағдайларда ( судың температурасы - 20°С, оттек құрамы 1, 5 - 2, 0 мг/л) 3 аптадан кейін жұмыртқаларда корацидий дамиды. Ол қақпақшаны езіп, суға шығады. Корацидий шар тәрізді формаға ие, үш жұп ілгішпен және суда белсенді жүзуге мүмкіндік беретін кірпікшелі жабындымен жабдықталған. Корацидий судағы өмірінің ұзақтығы су температурасына байланысты 1-12 күнді құрайды. Әрі қарай дамуы үшін осы уақыт ішінде олар алғашқы аралық иелерімен жұтылуы қажет - Copepoda отрядына жататын Eudiaptomus, Acanthodiaptomus, Diapthomus (D. gracilis, D. graciloides), Cyclops (C. strenuus, C. insignis, C. serrulatus) туыстардың әр түрлі ескек аяқты шаяндары. Осы шаяндардың асқазанында корацидийлер кірпікшелі жабындысын жоғалтады және ілмекшелерінің көмегімен дене ішіне енеді, ол жерде 2-3 аптадан кейін екінші личинкаалы сатыға айналады - процеркоидтарға. Процеркоидтар ұзындығы 0, 5 - 0, 7 мм болатын, денесінің артқы соңында үш жұп ұрық ілмекшелері бар созылыңқы личинкалар болып келеді.
Инвазионды личинкалары бар шаяндар екінші аралық иелерімен (қосымша) жұтылады - таутан, лақа, көксерке, сиг, шортан және тағы басқа. Осы балықтардың асқазанында шаяндар қорытылады, ал процеркоидтар ішек қабырғасын бұрғылайды, бұлшықетке, уылдырыққа, бауырға және басқа да балықтың ішкі мүшелеріне көшеді. Осы жерде олар өзінің дамуын жалғастырады және 4-5 апта ішінде личинкалы дамудың соңғы сатысына жетеді - плероцеркоида. Бұл уақытта плероцеркоидтар 1-3, сирек 5 см-ге жетеді, олардың алдыңғы соңындаекі саңылаулы ботриялар байқалады. Плероцеркоидтар ақырғы иесі үшін инвазионды болып табылады. Кең жолақтының өмірлік циклі қиындауы мүмкін. Ұсақ балықтарды (плероцеркоидтары бар) ірі жыртқыш балықтар жегенде плероцеркоидтар қорытылады да олардың ұлпаларында сақталады.
Ақырғы иелерді адам немесе ет қоректі жануарлар тұтынғанда плероцеркоидтар асқорыту жолына түседі, аш ішектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі қабығына бекінеді және 2-4 аптадан кейін жетілген осбь сатысына жетеді.
Инвазияның таралуына себеп болатын факторларға ең алдымен табиғи-климаттық алғышарттар жатады:
1. тұщы су сутағанының болуы (су құрамында 9% тұз болғанда жұмыртқалар өледі, шыққан корацидийлер түбіне шөгеді) ;
2. суда 02 мөлшері 10 -12 мг/л-ден кем болмауы;
3. күнмен жақсы жылынатын таяз су;
4. 1 м3 судағы шаяндар санының көптігі -1000 - 3000 және одан да көп;
Судың санитарлы жағдайы, оның ласстануына себеп болатын жағдайлар, сонымен қатар халықтың тамақтану әдеті -басты анықтауыштауыш маңызға ие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz