Түстер арқылы емдеу: тағам түстерінің физиологиялық және психологиялық әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
:
:
http://info-health.kz/wps/wcm/connect/193b0a0046c0c63c8521d7f9707cabb1/78650d0e-69a0-44bd-bea7-0646eabf8a4f.jpg?MOD=AJPERES
ТҮСТЕР БОЙЫНША ЕМДӘМ

Түс терапиясы немесе түс арқылы емдеу бағзы замандардан қолданылып келе жатыр. Ежелгі өркениет халықтары Мысыр, Үндістан және Қытай оның емдік қасиеттерін пайдаланған. Мысалы, қытай емшілері асқазан ауруларын сары түспен, ал қызамықпен ауыратын науқастарға қызыл түсті киім кию кеңес бергендер туралы құжаттар жүзінде расталған.

Бүгінгі таңда адамдар киім, интерьер түстерінің әсері туралы білімді қолдануды үйренді. Алайда, түстердің адам ағзасына емдәм қолданудағы әр түрлі әсері барын көпшілікке жағымды жаңалық болары сөзсіз.

Иіс пен дәм тәрізді, түс те азық түлік тағамдарының бірі болып табылады. Өзінің түсіне қарай тағам тәбетті қоздырып, сілекейдің бөлінуін тудырады. Белгілі бір түстегі тағамдардың ерекше қоректендіруші заттары болады: дәрумендер және минералдар. Тағам құрамында бұл заттардың және белгілі бір түс тағамдарының болмауы дене, психика және рухани нашарлауға алып келуі мүмкін.

Егер тағам құрамында қандай да бір түс болмаса, ол қандай да бір ауруға алып келеді. Мысалы, сіз тез шаршасаңыз немесе қан аздықтан зардап шексеңіз, сіздің емдәміңізде қызыл түстің жоқтығынан болуы мүмкін.

Керісінше, егер сіздің емдәміңізде қандай да бір түс басқа түстерден басым болса, сіздің осы түске тән сапаларға мұқтаж болуыңыз мүмкін.

Түстер сізге қандай тамақ керектігі туралы айта алады. Егер сіздің рационыңыз тепе-теңделген болса, сіз тамақпен бірге барлық түс жиынтықтарын жұтасыз.

Кеңес: егер сіздің емдәміңізге барлық маңызды тағамдар кірмейтін болса, жасыл түсті тағамдарды көбірек қосыңыз, ол кез келген жетіспеушілікпен немесе артықшылықпен күресуге көмектеседі.

Азық-түлік тағамдарының негізгі түстеріне толғырақ тоқталайық.

Қызыл тағам ағзаны энергиямен қанықтырады, қоздырады, қанды тазартады, оның құрамын жақсартады және иммундық жүйені қолдайды. Сондай-ақ өмірге деген оң көзқарасты тудырады, жылытады.
Құрамында қызыл қан денелерін жасауға және жасушаларды энегиямен қамтамасыз етуге арналған темір бар. Қызыл еттің орнына жасыл салат жапырақтарын көп жеуге болады. Бұл тағамдардың құрамында темір болғандықтан, «қызыл» деп аталады.

Қызыл тағамдарға жатады: қызан, қызыл паприка, қызыл орамжапырақ, қызылша, қызыл ащы бұрыш, ас бұршақ, шалқан, су екпе-шиырмағы, қара-жасыл көкөністер, қара дәне ақ бұрыш, гүлшетен, қызыл сәлбен, бүтін бидай және қара бидай, қанды ет (көп мөлшерде пайдалауға болмайды), шие, қара өрік, рауағаш, алма, таңқурай, бүдірген, құлпынай қызыл қарақат, қарбыз.

Қызыл сары тағам - бұл дені сау, әрі тіршілік күші, С дәруменінің керемет көзі. Қызыл сары тағамдар кез-келген ауруды жеңілдетуге көмектеседі, қалтырауға қарсы құрал болып табылады, олар өкпе жасушаларын жаңалайды және біріктіруші тіндердің иілгіштігін арттыруға әсер етеді.

Психологиялық деңгейде қызыл сары тағам көңіл-күйді көтереді (қуаныш сезіміне бөлейді) . Бала емізетін аналар үшін: қызыл сары тағам сүттің келуіне әсер етеді және оның мөлшерін көбейтеді.

Сәбіз - ең қол жетімді қызыл сары тағам - оның құрамында ағзаны қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын бета-каротин болады. Бұл антиоксидант. Бал да қызыл сары тағам түріне жатады. Ол иммундық жүйе үшін пайдалы.

Қызыл сары тағамдарға жатады: асқабақ, тарна, қызыл сары паприка, күнзе, зире тұқымы, орман жаңғағы, апельсин, шабдалы, сары өрік, балшырын, мандарин, папайя, қауын, құрма.

Сары тағам ас қорыту жүйесінің қызметі қалыпта ұстау үшін пайдалы, денені қождардан тазартуға, жүйке жүйесі мен ақыл-ой қабілеті үшін пайдалы.

Сары тағамға жатады: жүгері, сары паприка, запырангүл, даршын, жаужапырақ, әскөк, зире, сары жасымық, сары май және өсімдік майы, жаңғақтар, ананасы, лимон, манго, банан (калий), грейпфрут.

Жасыл тағам жүрекке пайдалы - ол Сжәне Е және А антиқышқылдық жетіспеушілігнен болатын дәрумендерінің жүрек ауруларынан сақтайды.

Жасыл тағам жүйкенің ширығуын болдырмауға, бас ауруында, шаштың түсуі мен ерте ағаруында көмектеседі.

Жасыл тағамдарға жатады: орамжапырақ, салат, жасыл паприка, қауақ, бұршақ, иісті желкен, берікгүл, сары ас бұршақ, брокколи, қияр, авокадо, су екпе-шиырмағы, кез келген жасыл шөп, жасыл жасымық, бейтарап өнімдер, мысалы, йогурт, алма, алмұрт, киви, жүзім, қарлыған.

Көк, көгілдір және күлгін тамақ жүйке жүйесін қоректендіреді, ағзаның жоғары психологиялық қызметін қалыпқа келтіреді. Қызыл, қызыл сары және сары тағамдарға қарсы салқындатады әрі тыныштандырады. Күйзеліс жағдайларында көгілдір және күлгін түсті тағамдарда жеген дұрыс.

Көгілдір тағам антисептикалық
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түстер психологиясы: түстердің символикасы мен психологиялық әсері
Түстер психологиясы: символикасы, әсері және қолданылуы
Гүлдердің емдік қасиеттері мен түстерінің психоэмоционалдық әсері
Жылумен емдеу және су терапиясы: әдістері, физиологиялық әсері және клиникалық көрсеткіштері
Қонақ үй бөлмелерін фитодизайн арқылы безендіру: композиция, түстер, материалдар және жарықтандыру
Тағам гигиенасы және минералды заттардың физиологиялық маңызы
Стресс: физиологиялық негіздері, түрлері және денсаулыққа әсері
Ахроматикалық және хроматикалық түстер: қасиеттері, контрасттары және бейнелеудегі қолданылуы
Компьютердің балаларға психологиялық және физиологиялық әсері: тәуелділік қаупі және алдын алу шаралары
Витаминдер: физиологиялық қасиеттері, майда және суда еритін түрлері және тағам өнімдеріндегі сақталу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz