ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. дипломатия және дипломатиялық қызметтің құқықтық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы

1. 1 ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

1. 2 ТМД мемлекеттеріндегі дипломатиялық қызметтің құқықтық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы

1. 3 ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату

3. Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары

3. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы қатынас органдарының ТМД мемлекетінің сыртқы қатынас органдарымен байланысы

3. 2 Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттерімен бекітетін көп жақты және екі жақты шарттары

3. 3 ТМД мемлекеттерінің Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық конференциялар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастардың маңызды және өзекті мәселелерінің бірі болып - дипломатиялық байланыстар және оларды халықаралық реттеу табылады. Дипломатиялық қатынастар-халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің сыртқы қыры болып табылады және оларды реттейтін дипломатиялық құқық нормалары халықаралық ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытудың жалпы саяси және құқықтық негізін құрайды.

Мемлекетаралық қатынас және бірінші кезекте әртүрлі мемлекеттер арасындағы барлық қатынастар негізі болып табылатын-олардың бейбіт қатар өмір сүру қағидасы - дипломатияның әртүрлі нысандарын қолдану арқылы жүзеге асады. Дипломатия халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылғанда ғана мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бейбіт қатар өмір сүруінің шынайы құралына айналады.

Дипломатиялық қатынастарды дамытудың мақсаты мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында олардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту және үлғайту, ал мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу қызметі ретіндегі дипломатияның өзі қазіргі халықаралық құқықпен күш қолдануға тыйым салынған жағдайда, мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. 1960-1980 жылдары БҰҰ-ның жетекшілігімен мемлекеттердің сыртқы байланысына қатысты халықаралық құқық нормаларын жүйелеу мен жедел дамыту бойынша орасан зор жұмыс жұргізілді. Осы жұмыс нәтижесінде қабылданған 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы конвенция, 1973 жылғы дипломатиялық агенттерді қоса алғанда халықаралық қорғауға ие түлғаларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын-алу және жазалау туралы конвенция, 1975 жылғы мемлекетттердің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастардағы өкілдік етуі туралы Вена конвенциясы тиісті сыртқы қатынас органдарының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекеттер арасындағы ресми қатынастардың берік халықаралық негізін құрады.

Дегенмен аталған конвенцияларды қабылдағаннан кейін де негізінен нормативтік реттелгендігіне қарамастан ұлттық және шетелдік халықаралық құқық әдебиеттерінде жеткіліксіз зерттелген дипломатиялық қызмет саласы бар. Бұл - арнайы миссиялардың дипломатиясы саласы.

1. ТМД мемлекеттерінде дипломатия және дипломатиялық қызметтің құқықтық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы

1. 1 ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

РСФСР, Белорусь және Украинаның басшылары желтоқсан айының басында Белорусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл Республика басшылары жүргізілген келіссөзден соң 1922 жылғы КСРО - ны құру туралы келісім шарт күшін жойғанын мәлімдеп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев та, басқа Орта Азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Халық арасында славян республикаларының өзіндік пактісі құрылып жатыр деген әңгіме тарай бастады.

1991 жылғы желтоқсанның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты. Белорусь кездесуінен кейін пайда болған қолайсыздықтың бәрін жеңе отырып, Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Минск қаласында қабылданған шешімді қолдамайтындықтары жөнінде хабарлады. Бұл бұрынғы КСРО республикаларының, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің Алматыда басқосуына мүмкіндік берді.

Желтоқсанның 20 - сында тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі бірқадау мәселелрді талқылау үшін Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылғы желтоқсанның 21 - інде жергілікті 11:30 минутта тәуелсіз елдердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. М. С. Гарбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15 те күні бұрын әзірленген құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақытпен сағат 17 де Алматыда 11 республиканың басшылары жиналыстыңң қортынды құжаттарына өз қолдарын қойды. Міне осы сәттен бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты және құрамын кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы дүниеге келді.

Алматы кездесуі негізінде келісілген мәселелрдің аса маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина басшылары қол қойды. Мемлеекттер келісі бойынша қатыстырушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

ТМД ның құрылуы мен жүйеленуі КСРО құрамында өмір сүріп үйренген халық үшін тиімді.

Бірақ, ТМД ға көзқарас бұрынғы Одақтас республикалар тарапынан әр келкі болып отыр. Бірқатар республикалар (Балтық бойы елдері, Молдова, Грузия) ТМД құрамына кіруден бас тартты. Ал кейбіреулері ТМД - ны бұрынғы КСРО республикаларының мәдениетті түрде ажырасу формасы ретінде қарап, уақытша байланысты жоғалтпай, ортақ мүлікті келісіммен бөлісуге ыңғайлы мүмкіндік деп қарады. 1992 жылдан Ресей мен Украина арасында Қара теңіз флоты үшін талас басталды. Осы бәседе Ресей қарулы күштерінің генералдары әскери ұнамсыз қылықтар көрсетуге дейін де барды. Сондай - ақ, Ресей тарапынан Қазақстан аумағындағы Байқоңыр айлағына да ешбір негізсіз талаптар қойылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы саяси бейбітшілік саясатын ұстануды ескере отырып, Лиссабон хаттамасына қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болатындығын мәлімдеді. Әлемдегі ең үлкен мемлекет - КСРО - ның ыдырау және оның құрамындағы Республикалардың саяси бостандық алуы көптеген сауалдарыды туғызды. Ал, олардың бәрібірде бейбітшілік жолмен шешімін таппады, оған Молдово (Днестр жағалауындағы аймақ), Грузия (Осетия мен Абхазия), таулы Карбахтағы қантөгістер мысал.

Жершілдік бағытын ұстанған саяси топтар арасындағы күрес Тәжікстанда көптеген адам өлімінің болуына әкеліп соқты.

1993 жылы қаңтар айында Минскіде өткізілген ТМД елдерінің басшыларының кездесуі республикалар арасында жинақталып қалған мәселелрдің бірталайына шешім табуға көмектесті.

Минскідегі кездесу достықты, экономикалық және саяси байланысты әрі қарай нығайту жолында нәтижелі жұмыстар атқарды.

Дегенмен, ТМД - ның құрылуы оңай болмады. КСРО мүлкін бөлісуде республикалар арасындағы туған пікірталастар, сомдық аймақ құру және КСРО-ның ортақ қару - жарағын бөлісудегі қақтығыстар сол қиындықтардың көрінісі.

Бірталай қияндықтар, әсіресе, Украина, Қазақстан, Беларус аумағындағы Ресейдің әскери орталықтарын әкетужәне таратуда байқалды.

Республикалар егемендігін ала отырып, өзінің қауіпсіздігі үшін қосымша кепілдік қажет етті; олар Ресейдегі саяси тұрақсыздыққа, әр - түрлі саяси күштер мен қозғалыстарға күмәндене қарады.

КСРО-ның құлауы мен Ресейдің Орталық Азиядан өз еркімен шегінуі континент картасында айтарлықтай геосаяси вакуум қалдырды.

Осы аймақта Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Европа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Орталық Азияда өз экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздейде. (1)

XXI ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтуда. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстыруда. Бұл планеталық деңгейде «мобализация» деген атқа ие болды. Бүгін осы жүйенің әсер етуіндегі эпицентрінің бірі - Орталық Азия. Соңғы кезде бұл аймақ әлемге қауіп төндіріп отырған тынымсыз жерге айналып отыр. Бұған әлемдегі бипалярлық жүйенің құлауы да әсер етпей қоймады. (2)

КСРО-ның құлауымен Орталық Азияның биосаяси болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы аймақта «Теңіз күштері» (АҚШ, Батыс Европа, т. б. ) өз саясатын нығайтуда. 1991 жылдан кейін Орта Азия ірі державалардың саяси ойын алаңына айналғаны шындық. Бұл шындық жаңа бір қорқыныш ызғарымен келді.

Осы аймақтың глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдарды ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртшылығын өзіне бет бұрғызды.

Азияның посткеңестік республикалары жүйелі дағдарысты бастарынан кешіруде. Осы бір тұрақсыздықтың негізгі ұғымына - экономика мен идеологияны жатқызуға болады.

Ендігі жерде, осы аймақтағы елдерге тоқталатын болсақ, ең бірінші еліміз Қазақстаннан бастайық. Жерінің табиғи ресурстарға бай, экономикамыз жоғарылауда, бірақ саяси реформалар біршама ақсаңдауда.

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, егеменді халықаралық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш-жігерін жұмсай бастады. Біздің мемлекетіміз сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде ең бірінші ”Жақын шетелге” байланысты, яғни ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге.

Н. Ә. Назарбаев “Тәуелсіз газетпен” сұхбатттасқан кезде “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық тек қана экономикалық пайда ғана емес керек десеңіз, қажетті рухани - психологиялық тұрақтылық жағдайды, ертеңгі күнге сенімділік деген болатын”.

Достастықтың басты мақсаты - саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешіп, өзара тиімді жағдайларда бұрынғы Кеңестік республикалардың интеграциясын қамтамасыз ету.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық алғы міндеттердің бірі - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттермен ынтымақтастық. Осыған сүйене отырып, Қазақстанның саяси және экономикалық міндеттерді шешу, тәуелсіз принципі негізінде Достастық территориясындағы қауіпсіздікті сақтау мәселесіндегі бірлестік, территориялық мызғымастық пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау үшін, Достастық шеңберіндегі байланыстарды нығайтуды қолдап отыр.

Бұл бағыттағы жұмыс екі деңгейде жүргізіліп жатыр: екі жақты қатынастар мен ТМД шеңберіндегі көпжақты байланыстарды дамыту. Қазақстан ТМД-ға мүше-мемлекеттер интеграциясын күшейту, қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру бағытын ұстанып келеді. Достастыққа байланысты Қазақстан ұстанған позициясының заңды әрі өміршеңдігін, тәжірибе жеткілікті түрде дәлелдеп береді.

Кеңес Одағы ыдырауы ТМД мемлекеттеріндегі өндірістік салалардың әлсіреуіне, бағаның тым қымбаттануына, тоқтаусыз инфляцияға, халықтың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, яғни бір сөзбен айтқанда әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа алып келді.

Қазіргі таңда барлық республикалар жетпіс жыл ішінде қалыптасқан әкімшілік жетекшілік бір орталықтан басқаратын экономикалық жүйесінен бас тартып отыр. Оның үстіне экономикалық шындық егемендіктің жаңа белгілерін талап етуде, ал ол болса ерікті ынтымақтастықта жатыр. ТМД елдерімен бұзылған Қазақстан байланыстарын қайта қалпына келтірудің шарты - нарықтық әрбір шаруашылық субъектісінің көтерме және жеке айналымдар бөлімдеріне ену мүмкіндіктері болып табылады. Бұл онсыз да монополияланған экономикада жаңа монополиялы құрылымдардың пайда болуынан сақтайды.

XXІ ғасырға өту, барлық елдерде отындық шикізат және энергетикалық ресурстарды қолданудың ұлғаюымен, оларды шығарудағы табиғи жолдардың нашарлауымен капитал сиымдылығының қарқынды өсуімен бірге жүріп жатыр. Осы себепті басқа жағдайларда жалпы қоғамдық өндірістің капитал сиымдылығы өсіп, ол оның тиімділік деңгейіне және халықшаруашылық нәтижелердің дамуына теріс әсерін тигізді. ТМД-ның барлық елдеріндегі өндірістердің төмендеуінің ауқымдары және ұзақ мерзімді ағымдардың пайда болуы, осы саладағы жағдайды одан әрі қиындатып, отындық-шикізат пен энергетикалық мәселелерді басты факторға айналдырып отыр. Республикалар арасында байқалатын, бір жағынан, олардың бір-біріне тығыз шаруашылық тәуелділікпен, ал екіншіден, межеленіп бөлінудің басталуымен сипатталатын, территориялық еңбек бөлінісі мәселесі, анализ барысында өте зор маңызға ие болып отыр.

ТМД республикаларының шаруашылығының өзара байланысының интеграциялық күш-қуаты, нарықтық экономикаға дейінгі КСРО-да өндірілген даму моделі принциптер негізінде қалыптасқан біркелкі геосаяси және мәжбүрлі экономикалық кеңістік шарттарда ұсталынып тұр:

Шикізат, энергия, дайын өнімдерді пайдалану аудандары мен еңбек күштерінің шоғырлану көздерінің жақын орналасқанын ескере отырып, елдің барлық территориясында өндірісті тиімді орнату.

Қоғамдық өнімнің тиімділігін қамтамасыз ететін, салалық және территориялық ұзақ уақыттағы жоспарлау мен болашақты болжау принциптерімен үйлескен экономикалық аудандардың мамандандырылуы мен комплексті дамуы;

Экологиялық тепе-теңдікті, қоршаған ортаны қорғауда;

Барлық республикалар мен ел аймақтары экономикалық дамуын бір деңгейде теңестіруде;

ТМД елдерінде Кеңестік уақытта сыртқы экономикалық байланыстар мен экономикалық интеграцияның оң әсерін, ал одан кейінгі кезеңде олардың теріс әсерін сезінбеген қандай да бір халықтың шаруашылық саласы болмаған шығар.

ТМД-ның басқа мемлекеттері сияқты, Қазақстанда осы жылдардың ішінде экономикалық қатынастарды қайта өзгерту үшін батыл шараларды қолдануға кірісіп, жетекшілік экономикадан нарықтыққа өту жолында едәуір алға басты. Ескі жүйенің негіздерін жойып, өндірісті күштеп құрастыру мен ұйымдастыру, ресурстарды, мүліктік игіліктер мен еңбекті бір орталықтан бөлу жүйесі жойылды. Сыртқы саудадағы “Темір перде” жойылып, елдің экономикасына шет елдік инвесторлардың саны тоқтаусыз құйылуда.

Интеграцияны жақтаушыларды, ең алдымен Қазақстанның табанды күш-жігерінің нәтижесінде Достастық қызметін жетілдіру жолдарын іздестіру жаңа бірлестіруші мақсаттар мен міндеттерді әзірлеу, сахнаға бірінші кезекте экономикалық қана емес, саяси ынтымақтастықты да шығару сияқты оң сипаттағы үрдістер белең алды. Қазақстанның ұсынысы бойынша ТМД мемлекеттері интеграция органдардың қызметін жетілдіруді қолға алды. Жылдардағы әр түрлі интеграцияның болуы туралы Н. Назарбаевтың тұжырымдамасы түпкілікті танылды, мұның өзі түрлі аймақтың құрылымдар нысанында жүзеге асты.

Түрлі жағдайларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастықтың мақсаттары мен міндеттерін бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастықтың КСРО шеңберіндегі республикалар мәртебесінен толық дербестік жолындағы аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелік сақтай отырып, барлық күш-жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа бейімдеуге бағыттады.

Кейде Достастықтағы ортақ жұмыстан бірте-бірте шет қалу және интеграциялық жобаларды қабылдамау саясаты осы елдердің жаңа геосаяси және геоэкономикалық құрылымдағы өз орнын бағалау ерекшелігін туындатты. Интеграциялық жобалар жеке экономикалық проблемаларды жемісті түрде шешуден гөрі, оларды шешуге қаражат бөліп, назар аудандарға кедергі келтіреді деген де пікір болды. Достастық елдерінің арасындағы қарым-қатынаста сенім білдірудің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ның тиімді жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады, Ресейдің зор экономикалық, адамдардың және әскери әуелетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең қуатты қарым-қатынас құру ниетінің шынайлығына бірқатар елдердің күмәнін туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік саясатшылардың жауапсыз, кейде арандату сипатындағы сөздері себеп болды.

Жалпы бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлеміз: сексенінші жылдардың аяғы - Кеңес Одағының ыдырауына саяси және экономикалық жағдайлардың тууы, тоқсаныншы жылдар - бұрынғы КСРО территориясында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, келесі ғасырдың бірінші он жылдығы - осы мемлекеттердің интеграциялық жақындауы.

Қазірше аймақтық бірігулердегі өзара байланыста әркімнің әр түрлі деңгейдегі өз мүшелері бар. Әлемдік тәжірибені еске сала отырып, бұл жайттарға байыппен қарау қажет, өйткені бұл да бір интеграцияның басқаларға зиян келтірмейтін бір жолын қарастыру сияқты қабылдау қажет. Бұл тіпті тәжірибенің жиналуына, белгілі бір үлгі немесе бағыт жасап шығаруға көмектеседі.

Интеграция (латын тілінен аударғанда іntepratіo - қайта құру, толықтыру) - өзара тәуелділік, бір бүтінге жүйелі түрде бірігу және осыған қарасты байланыстардың болуы, жақындасу, ұйымдастырудың, салалардың, аймақтардың, елдердің бірігуі. Экономикалық интеграция - мемлекеттердің, аймақтардың шаруашылық өмірінің .

Интеграция үрдісі тіпті саяси - экономикалық құрылымы орнығып болған мемлекеттердің [ЕО] өзінде оңай үрдіс емес, ал енді ауыспалы экономикалы мемлекттердегі интеграция - одан да күрделі, ұзақ және қарама-қайшы. Өйткені оның барлық қатысушыларына, өз әріптестерінің, көршілерінің мүдделерін өзіндікі сияқты сыйлау керек, рыноктың әріптестерімен тек құқықтық өркениетті мінез-құлыққа бейімделуі қажет, рыноктың экономикадағы басқармада жаңа тәсілдерін қолдану қажет, осы жағдайда ғана интеграцияның артықшылығы, болашағы бар.

Аймақтық интеграция, сараптамалар көрсетіп отырғандай қазіргі әлемдік дамудағы заңдылық болып табылады. Оның ең басты инициаторы немесе бастаушысы ЕО-тың тәжірибесінен, тіпті соңғы кездегі Солтүстік америкалық сауда блогының тәжірибесіне алып қарасақ, күшті экономикасы бар мемлекетпен бағалаған. Олар тіпті уақытша шегінулер мен ағымдарға қарамастан, үлкен аймақтық рынок құруға тырысады. ТМД аймағында біз осындай мемлекет деп немесе осы аймақтағы интеграцияға зор әсері бар Ресей факторын айтпай болмас. Ресей бұл - ТМД халқының жартысы және Достастықтың жалпы ұлттық кірісінің 60 пайыздан көбін құраушы.

Збигнев Бжезинский Ресейдің ықпалы жайылған Еуразияның сол бөлігіндегі тарихи ролін былай деп баға берді:“Бұл мемлекет жылдар бойы бір уақытта экономикалық дамуының территориялық экспансиясы да, құралы да болды. Бұл сонымен қатар Батыс европалық мемлекеттердің дәстүрлерінде қалыптасқандай, өзін таза ұлттық құралмын деп ойламады, бірақ “орыс идеясы” бар арнайы ұлт үсті миссиясын орындаушы деп айқындады. Бұл “орыс идеясы” әр түрлі салаларда діни, геосаяси және идеологиялық шеңберде жүрді. Енді қазір ол өз территориясының этникалық көлеміндегі кішірейген кезде оған осы миссияны орындатудан бас тартты.

Бірақ әйтсе де Ресейдің ролі тіпті құлдырап кетті деп те айта алмаймыз. КСРО-ның ыдырағанына қарамастан Ресей өзінің саяси маңыздылығымен әлемдегі болып жатқан істерге әсері бар және оның БҰҰ-ғы Қауіпсіздік Кеңесіндегі ролін де ұмытпауымыз қажет. Оның геосаяси жағдайы мен ядролық қаруына қарамай-ақ, Ресейдің ресурстық жағдайын, ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, шикізат қорын ескерсек онда оны әлі де болса мықты держава деп қорықпай айта аламыз.

Қазіргі заманның геосаяси дамуы Ресейді дүниежүзілік саяси даму орталық бірі ретінде қарастыруды талап етеді. Осы тұрғыдан Ресейдің сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтайтын болсақ, олардың ішінде ең алғашқылардың бірі ретінде ТМД шеңберін атауға болады. Бұнда, негізінен, екі жеке дара сегмент - “Батыс” және “Оңтүстік шығыс” бағыттары айқын байқалуда. Екінші бағыт Еуропа, Испания елдері, Қытай мен Индия. Үшінші бағытқа “атлантикалық өркениет” және Жапонияны, ал төртінші негізгі бағытқа Латын Америка, Африка, Тынық мұхит экваториясын жатқызуға болады.

Ресей дипломатиясы қазірдің өзінде бірнеше күрделі мәселелерді шешімдерге мәжбүр болып отыр, олардың ішінде:

Ресей шекаралары ашық және қорғау мүмкіндігі төмен болып отыр;

Ресейге экономикалық дағдарыс және аймақтық сепоратизм оның халық беделін төмендетіп жіберді;

Ресейдің ішкі саяси күштерінің өзара күресінің шиеленісуі болып отыр;

Дүниежүзілік саяси күштер тепе-теңдігінің өзгеріcі дүниежүзілік дамуға да өз әсерін тигізіп отыр.

Бүгінде ТМД шеңберіндегі Ресей дипломатиясының болашағы туралы біркелкі пікір жоқ. Мысалы: Ресейлік ғалымдар В. Загладин мен Мунтян “ТМД-ң ыдырау қаупі бар, бұл орайда Достастықтың шекаралары қайта қаралуы мүмкін. Осының салдарынан Славян халықтарының Ресейге миграциясының күшеюі, оның геосаяси стратегиясының әлсіреуіне алып келеді” - деген болжам айтуда. Сондықтан халықаралық қатынастар бойынша ресейлік мамандар Ресей үшін ең тиімдісі ТМД мемлекеттермен саяси қатынастарды жалғастырып, олармен халықаралық субъектінің тең праволық мүшесі құқында диалог жүргізуді қажет деп санайды. Бұл орайда Ресей бірнеше күрделі проблемалармен кездесіп отыр. Біріншіден Орта Азиядағы мұсылмандық фактор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Дипломатиялық құқық
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Мемлекетаралық қатынас - дипломатия
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz