Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ЕҚЫҰ: құрылуы және даму эволюциясыЕҚЫҰ-ның құрылуы және оның құрылымдық эволюциясы: ЕҚЫК/ЕҚЫҰЕҚЫҰ негізгі қызметі
- XXI ғасырдағы ЕҚЫҰ-ның приоритетіЕҚЫҰ-ның Еуропадағы қызметіЕҚЫҰ және Орталық АзияЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Халықаралық қатынастардың өзгеру жүйесінің кезеңінде, « қырғи қабақ» соғысы жылдарында қалыптасқан қауіпсіздік құрылымының халықаралық аренадағы жаңа қауіптердің алдында өз мақсаттары мен міндеттеріне парапар өзгерістер енгізу міндет болды. Қазіргі кезде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) ірі саяси аймақтық бірлестік және өз құрамына 56 егеменді, тәуелсіз мемлекетті біріктіреді ( барлық еуропалық мемлекеттер, АҚШ, Канада, Орталық Азия елдері және Оңтүстік Кавказ) . БҰҰ-ның VIII Жарғысы аймақтық келісім бойынша ЕҚЫҰ өз аймағында дауларды бейбітшілік жолдармен шешу және жан-жалдарды алдын ала тоқтату, дағдарыстарды реттеу, қауіпсіздік мәселелері жөнінде басты ұйымдардың бірі ретінде саналады.
Бітіру жұмысындағы тақырыптың өзектілігі ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көзқарасы жан-жақты сипатқа ие және қаруландыруды, сақтандыру дипломатиясын, сенім мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқығы шараларын, сайлауды бақылауды, сондай-ақ экономикалық-экологиялық қауіпсіздікті қадағалауды қоса, кең шеңбердегі мәселелер бойынша ынтымақтастыққа негізделген. ЕҚЫҰ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту және дамыту үшін құрылған. ЕҚЫҰ-ның қызметіне қатысушы барлық мемлекеттер тең құқыққа ие және оған кіретін барлық мемлекеттердің тең құқылығын консенсус негізінде шешім қабылдайды.
ЕҚЫҰ-ның өз жауапкершілігінің бүкіл орасан үлкен кеңістіктегі- Еуропа мен Орталық Азиядағы қауіпсіздікті ұстап тұру үшін маңызы өте зор. Ұйым өзін жауапкершілік аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында мемлекеттер арасында сұқбат үшін форум ретінде көрсетті, Шығыс пен Батысты жақындатуда, «қырғи қабақ» соғыс жылдарында қарсылас жақтар арасында қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатуда маңызды рөл атқарды. 1992 жылы ЕҚЫК бірінші рет өз миссияларын Балқан елдеріне- Косово, Санджак, Воеводина елдеріне жіберді . Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ның миссиялары Оңтүстік-Шығыс Еуропада, Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінде бар. 2004 жылы ЕҚЫҰ-ның халықаралық ұйым ретіндегі маңызды оқиға Ауғаныстан мемлекеті 2003 жылы серіктес-мемлекет мәртебесіне ие болды. Ауған үкіметінің шақыруының жауабы ретінде ЕҚЫҰ мемлекетке сайлау тірек ТОБЫН жіберді. Бұл Ұйымның өз аймағынан тыс бірінші операциясы болды /9, б. 8/.
ЕҚЫҰ шеңберінде Канададан Орталық Азияға байланысын реттейтін ортақ қағида жасауға, сондай-ақ қауіпсіздік саласында ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар, институттар арасында өзара қарым-қатынас нормаларын келісуге қол жеткізді. ЕҚЫҰ - бұл қақтығыстар мен дағдарыс болған аймақтарда дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келтіруді реттеумен, ертерек алдын алумен, сондай-ақ сақтандыру дипломатиясымен, сайлауды бақылаумен, Еуразия континентіндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен тікелей айналысатын қауіпсіздік саласындағы жалғыз Еуропа ұйымы. 2010 жылы Ұйым 35 жасына толады және бұл уақытқа дейін Қазақстан посткеңестік мемлекеттердің ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ төрағасы болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды приоритеттерінің бірі ЕҚЫҰ-мен қарым қатынасты дамыту. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастың негізі экономикалық экологиялық өлшемдер саласындағы қатынастарға көңіл бөлінеді. Қазақстан нақты жобаларды іске асыруға және осы саладағы нормативті базаларды кеңейтуді жөн санайды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ны оны сақтандыру дипломатиясының, барлық - әскери-саяси, гуманитарлық, экономикалық және экологиялық өлшемдердің жан-жақты дамуындағы негізгі құралы ретінде қарастыра отырып, онда белсенді жұмыс атқарады.
Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ның болашағы жөнінде көп сұрақтар туындайды. Сұрақтың маңыздылығы Ұйым өзінің ерекшелігін сақтай ма және қазіргі таңдағы қауіптер жөніндегі адаптация пікірсайысы жалғасады ма? Қазақстан төрағалық мерзімінде Ұйымның үрдісінің нығайуына және ЕҚЫҰ- ның біртұтас түсінік ережелерін өндіру үшін өзінің үлесін қосу қажет.
Зерттеудің мақсаты Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) мәнін Еуропа мен Орталық Азия кеңістігіндегі сақтандыру дипломатиясы бойынша кеңес берудің көп қырлы форумы ретінде ашуға ұмтылдым. Және ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия аймағында қалыптасқан халықаралық қарым-қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі рөлін көрсету. Ұйымның Қазақстан Республикасының саяси өзгеру үрдісі мен сыртқы саясатына ықпал етуі, ынтымақтастық орнатуының перспективалық бағыттары мен рөлі . Қазіргі кездегі ЕҚЫҰ-ның приориттері мен қызметіндегі жаңа бағыттар мен міндеттемелерді көрсету.
Басты мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) құрылу тарихы мен даму эволюциясын қарастыру;
- ЕҚЫҰ-ның XXI ғасырдағы приориттері мен қызметіндегі жаңа бағыттар;
- ЕҚЫҰ- ның Еуропа мен Орталық Азия аумағындағы экономикалық- экологиялық және адам өлшемдер саласындағы саясаты мен негізгі бағыттарын зерттеу;
- ЕҚЫҰ - ның Қазақстан Республикасының саяси өзгеруіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатындағы рөлін және ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық перспективаларын зерттеу;
Тарихнамалық талдау. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ үрдісінің дамуы көптеген зерттеушілердің көңілін аударды. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке байланысты ЕҚЫК/ЕҚЫҰ рөлін еуропалық қауіпсіздік жүйесінде қарастырылды. Ұйымның жүйесін, қауіпсіздік мәселелерін, үш өлшемін зерттеу мен талдау Қазақстан мен Ресей, Орталық Азия және шетел елдерінің зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері қарастырылды.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ны оны сақтандыру дипломатиясының, барлық - әскери-саяси, гуманитарлық, экономикалық және экологиялық өлшемдердің жан- жақты дамуындағы негізгі құралы ретінде қарастыра отырып, онда белсенді жұмыс атқарады. Қазақстан Ұйымның мүшесі ретінде зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Мемлекет басшылары мен ЕҚЫҰ-мен бірігу және ынтымақтатық мәселелері жөніндегі мекемелердің ұжымдық қауіпсіздік саласындағы ресми ұстанымдар мен көзқарастарының ішінен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевты атап өткен жөн. Президент Н. Ә. Назарбаев: « Сақтандыру дипломатиясы бойынша көп қырлы кеңес беру форумы ретінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуы, республикамыздың Еуропалық қауіпсіздік құрылымына тарту элементтерінің бірін құрайды және Еуразия континетіндегі тұрақтылықты ұстап тұруға ықпал етеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ныңбеделді халықаралық ұйымдарының бірі ретінде онымен өзара байланысты нығайтудың жақтаушысы болып табылады»
/1-2/.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қатарына Қазақстан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі, қазіргі ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қ. К. Тоқаевтың еңбектеріне жүгіндім. Монографиясы мен мақаласы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы өзекті мәселелерге арналған. Қ. К. Тоқаев Республикамыздың сыртқы саясатының қалыптастыруына үлес қосқан. Автордың Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның қызметтестік ғылыми-тәжірибелік талдауы қызығушылық тудырады /3-5/.
ЕҚЫҰ-ның рөлін талдайтын қазақстандық зерттеушілердің ішінде С. Кушкумбаев /6/, М. Лаумулин /7/, К. Шерьязданов /8/ еңбектерінде Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі халықаралық қатынастарындағы рөлі, Және Орталық Азия шетел саясатындағы, әлем геосаясатындағы рөлі туралы айтылады.
ЕҚЫҰ-ның негізгі қызметін, жүйесін талдау жүргізген қазақстандық автор А. Р. Өтегенованың монографиясында, қазіргі кездегі Ұйымның халықаралық қатынастардағы рөлі көрсетілген. Еңбегінде ЕҚЫҰ-ның қызметіндегі басты элементі « жалпы қауіпсіздік» концепциясы жөнінде талдау жүргізді. Және еңбектің негізгі сұрағы ЕҚЫҰ-ның реформациясы туралы жазылған /9-10/.
ЕҚЫҰ -ның еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі туралы ресей ғалымы А. В. Загорский арнайы еңбек жазды. Бұл еңбегінде автор «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі халықаралық қатынастарды, сонымен қатар ЕҚЫК -ның құрылуынан бастап «қауіпсіздік» түсінігіне гуманитарлық, экологиялық, экономикалық аспектер ене бастады. Осының барлығы ЕҚЫК/ЕҚЫҰ үрдісі даму кезеңі ранайы зерттеулер мен еңбектерде қарастырылды /11-12/.
Осы пәннің жалғасы басқа да ресей зерттеушілердің еңбектерінде орын тапты. Олар, Ю. Паниев /13/, С. Лавров /14/, А. Мешков /15/ өзінің зерттеулерінде ЕҚЫК/ЕҚЫҰ үрдісінің қызметіне басты көңіл бөлініп қоймай сонымен қатар ресей дипломатиясының қызметін ескерді.
Америка зерттеушілері де ЕҚЫҰ-ның қызметіне көңіл бөледі. ЕҚЫҰ-ның алғашқы қызметтері жөнінде американ дипломатының Дж. Мареска еңбегінде жазылған /16/. ЕҚЫҰ - ның америка саясатындағы эволюциясы және АҚШ ЕҚЫҰ арқылы Шығыстағы өзгерістерге әсер еткені туралы келесі американ зерттеушісі Фр. Мико /17/ талдауында жазылған .
Дерекнама талдау. ЕҚЫҰ -ның қызметі және Ұйымның еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі туралы Еуропаның бірнеше институттары жұмыс жүргізеді. Бірінші орынды Гамбург Университетінің бейбітшілік пен саясат қауіпсіздігін зерттеу институты алады. 2000 жылы қаңтарда Институтта ЕҚЫҰ-ны зерттейтін Орталық құрылды. Бұл Орталық әлемдегі ең бірінші ғылыми орталық және оның арнайы мақсаты Ұйымның жүйесін, қызметін, міндеттемелерін зерттеу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі рөлін анықтау. Орталықты атақты неміс ғалымы В. Цельнер басқарады . Жыл сайын ЕҚЫҰ -ның арнайы баспасы шығарылады/17/ . Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар - Адам құқықтары жөнінде Хельсинки Одағы және Нидерланды - Хельсинки Комитетінің бірігуімен “ Security and Human Rights” ( «Хельсинки монитор») журналы шығарылады/19/.
Қазақстандық ғалымдардың бірігуімен ЕҚЫҰ мен Қазақстан қызметтестік жөнінде оқу құралы шығарылды. Бұл еңбекте Қазақстан мен ЕҚЫҰ -ның қарым-қатынасының орнауы және саяси-әскери, экономика-экологиялық, адам өлшеміндегі екі жақтың қызметі көрсетілген /20/.
ЕҚЫҰ -ның қызметінің зерттеулерінің қайнар көздері олар: Жоғарғы деңгейде қабылданған ЕҚЫҰ-ның негізгі құжаттары ( 1975-1999 ж. ж. ) . 1992 жылы мүше мемлекеттердің басшыларымен өткен Хельсинки саммитінде мемлекет пен үкімет басшыларының кездесуі әр екі жыл сайын өту қажет және жоғарғы саяси деңгейде приориттер мен бағыттардың негізін анықтау болды. 1999 жылы өткен Стамбул саммитінде жоғарғы саяси деңгейде қабылданған құжаттар әлі де соңғы құжаттар болып саналады /21-29/. Жалпы құжаттардан басқа үш өлшемнің әр қайсысына қабылданған құжаттар көрсетілген. ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы басты құжат Копенгаген және Мәскеу құжаттары ( қабылданған мерзімі - 1990-1991ж. ж. ) /30-33/. Экономика-экологиялық өлшемінде 1990 жылғы Бонн Конференциясының басты құжаты. Және 2003 жылы экономикалық-экологиялық өлшеміне байланысты қаблыданған стратегия-құжаты /34-35/. ЕҚЫҰ- ның Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің (СІМК) жыл сайынғы өткізілетін кездесулердегі қабылданатын құжаттар. ЕҚЫҰ-ның жоғарғы деңгейдегі кездесулерде Министрлер Кеңесі орталық және басқару органы болып табылады. Ұйымға байланысты кез келген сұрақтарды қарастырады және шешім қабылдауға құқыққа ие/36/.
Бітіру жұмысының әдіснамалық негізі. Қойылған міндеттерді шешуде қазіргі заманғы таным әдістері қолданылды. Олар: тарихи, жүйелі талдау, тарихи сипаттау және салыстырмалы - салғыстырмалы әдістер.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЕҚЫҰ: құрылуы және даму эволюциясы
1. 1. ЕҚЫҰ-ның құрылуы және құрылымдық эволюция: ЕҚЫК/ЕҚЫҰ
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ - Organization for Securiti and Cooperation in Europe, OSCE) - құрамына 56 мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. Ұйым БҰҰ Жарғысының 8 тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық жағдайлардың ертерек алдын алу мен жол бермеудің, болып жатқан қақтығыстарды реттеу мен постқақтығыстық қалпына келтірудің басты құралы ретінде құрылған.
Бүгінгі таңда ұйым айналысатын мәселелер шеңбері кең, оның ішінде қаруларды бақылау, превентивті дипломатияны, сенім мен қауіпсіздік шараларын, адам құқықтарын нығайту, сайлауларды бақылау, сондай-ақ, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік те бар.
1950-шы жылдары жалпыеуропалық қауіпсіздік жөніндегі мәжілісті шақырудың бастамашысы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы аумақтық өзгерістерді бекітуге тырысқан Кеңес Одағы болды. 1960 жылдардың екінші жартысында Варшава Шартына қатысушы елдер мәжілісті шақыруға қатысты бір қатар ұсыныстарын жасады / 7, б. 44-45/.
АҚШ бірнеше жылдар қатарынан, оның ішінде батысеуропалық мемлекеттердің басым көпшілігінде жалпы бұл идеяға қатысты белгілі өзгерістер пайда болған 1969-1970 жылдардан да кейін, бұл идеяға едәуір скептиталық көзқараста қарап, бұл мәселеде салғырт ұстанымда болды. 1972 жылғы халықаралық мәселелердің кешені жөніндегі КСРО-мен өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін АҚШ-тың кеңес жөніндегі ұстанымы өзгерді. 1972 жылғы 31 мамырдағы бірлескен кеңестік-американдық коммюникеде: «бұл мәжіліс Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық іс жүзіндегі мәселелерін нақты қарастыра алуы үшін жақсы дайындалынуы тиіс . . . » /32, б. 82/ .
НАТО Кеңесінің Римдік сессиясында, 1970 жылдың мамыр айында еуропалық қауіпсіздік пен ынтымықтастық мәселелер жөніндегі мәжілісті немесе бірнеше мәжілісті шақырудың мүмкіндіктерін зерттеу үшін Батыстың барлық мүдделі елдермен көпжақты байланысқа шығуға дайындығы туралы алғашқы рет айтылды /27/.
1972 жылы Прагалық Еуропадағы бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастық туралы Декларацияда Варшава Шартына қатысушы елдер еуропалық қауіпсіздіктің және Еуропадағы мемлекеттер қарым-қатынастарының кейін ЕҚЫК-нің негізгі құжатына енгізілген төмендегідей басты принциптерін ұсынды:
- шекаралар бұзылмауы (мызғымастығы) ;
- күш қолданбау;
- бейбітшілікте бірге тіршілік ету;
- мемлекеттер арасындағы өзара пайдалы қарым-қатынас;
- қару-жарақтан арылу/29, б. 9/.
Хельсинктік Қорытынды Акт. Ұйымның ресми пайда болған күні - 1975 жылғы 1 тамыз . Бұл күні Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәжіліс (ЕҚЫК) шақырылды. Дәл осы күні Хельсинкиде жиналған 33 еуропалық мемлекеттің, Америка Құрама Штаттарының және Канаданың жетекшілері өзара қарым-қатынастарына және өз азаматтарына қатысты кеңеске қатысушы мемлекеттердің тәртібінің негізгі принциптерін айқындаған ЕҚЫК -нің Қорытынды (Хельсинктік) актіне қол қойды. Осыған байланысты Хельсинктік акт жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
ЕҚЫК-нің Хельсинкиде өткен келіссөздерінде Еуропаның (Албаниядан басқа) барлық елдері, АҚШ және Канада кірген 35 мемлекеттің сыртқы істер министрлері «Көгілдір кітапты» бекітті және өз үкіметтерінің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ұстанымдарын баяндады. Келіссөздерде қатысушылырдың мұндай кең көлемде болуы ЕҚЫК-нің о баста блоктан тыс сипатта екенін білдірді. Бұл жөнінде Хельсинкидегі консультациялардың Қорытынды ұсыныстарында, Процедуралар ережесінің 1 тармағында арнайы айтылып, төмендегідей келтірілген: «Кеңеске қатысушы барлық мемлекеттер оған егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде және толық теңдік жағдайында қатысады. Кеңес әскери одақтардан тыс өткізіледі». Қорытынды ұсыныстар консенсус принципін Кеңесте шешім қабылдаудың тәсілі ретінде бекітті. Олар былай делінген: «Консенсус қандай да бір өкілдің қаралып отырған сұрақ бойынша шешім қабылдау үшін кедергі болатындай қандай да болсын қарсылығының жоқтығы ретінде анықталады». Сол 1975 жылы Хельсинктік келісім аясында дипломатиялық келіссөздерді жалғастыру туралы келісілген болатын. Сөйтіп, Жалпы Еуропаға лайықты қауіпсіздік моделін белгілеуде сол кездегі алғашқы қадам болған «Хельсинктік үрдісі » осылай бастама алған /12, б. 93-125/.
Хельсинктік Қорытынды акт қатысушы мемлекеттер «әрқайсысы басқа қатысушы мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелеріне, сондай-ақ, көлемі, географиялық жағдайы және экономикалық даму деңгейіне қарамастан сыйлауды және қолдануды» міндетіне алған орасан зор маңызды он принципті («хельсинктік декалог» деп аталатын) бекітті. Олар:
1. Егемендік теңдік, егемендікке тән құқықтарды сыйлау.
2. Күшті немесе күшпен үрейлетуді қолданбау;
3. Шекаралар мызғымастығы (бұзылмастығы) ;
4. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы;
5. Дауларды бейбіт түрде реттеу;
6. Ішкі істерге арласпау;
7. Адам құқықтарын және негізгі еркіндіктерін, оның ішінде дін, сөз еркіндігін сыйлау;
8. Халықтардың тең құқықтығы және әр халық өз тағдырын өзі шешу құқығы;
9. Мемлекеттер арасында ынтымақтастық;
10. Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді мұқият орындау;
«Қырғи қабақ» соғысы кезеңі өзінің соңғы деңгейінде болған кезде қабылданған 10 хельсинктік принциптері маңызы өте зор болды, себебі олар БҰҰ Жарғысының негізгі ережелерін баяндап және дамытып қана қоймай, қатысушы мемлекеттердің еуропалық құрлықта бейбітшілікте тіршілік ету амалдарын бейнеледі.
Сонымен қатар, қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларын қамтитын ЕҚЫК-тың, барлық жұмыстық салалары бекітілген болатын. Алғашында олар Хельсинктік «қоржын» деп аталды, ал қазір «өлшемдер» деп аталады. Бірінші қоржынға - әскери-саяси өлшемге-саяси қауіпсіздік пен қаружарақтануға бақылау жасау, қақтығыстардың алдын алып, жол бермеу маселелері жатады. Екінші қоржынға - экономикалық -экологиялық -өлшем - экономика, ғылым техника және коршаған орта саласындағы ыңтымақтастық маселелерін қамтиды. Үшінші қоржын - адам өлшемі - гуманитарлық және басқа да салалардағы
( ақпарат, мәдениет, білім беру) ыңтымақтастық, сондай-ақ адам құқықтары жатады.
Хельсинктік үрдісінің арқасында қатысушы мемлекеттерде өзара араласу үшін тұрақты арна, мінез-құлық нормалар кодексі (мемлекетаралық және мемлекетішілік қатынастарда), сондай-ақ ұзақ мерзімді ыңтымақтастық бағдарламасы пайда болды. Сөйтіп, Хельсинки рухы Европадағы тұрақтылықты нығайтуға және бейбіт өзгерістерге ықпал етті.
Жоғарыда айтылғанның бәрі ЕҚЫК-тін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайткдағы және өткен ғасырдың 70-80 жылдары билеген идеологиялық бөлінуді жеңудегі катализаторлық рөлін айқындады.
80-жылдардың соңында Кеңес Батысқа да, Шығысқа да жақын жалпыеуропалық құндылықтарды әзірлеу негізіндеге жалпыеуропалық ынтымақтастықтың әмбебап тетігіне а йнала бастады.
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер қабылданатын, олардың орындалуы туралы ақпарат тындалып тұратын кездесулер мен конференциялар топтамасы ретінде қызмет етті /12, б. 70/.
Париждегі ЕҚЫК саммиті және жаңа Еуропа Хартиясын қабылдау (1990ж) . 1990 жылғы жоғары деңгейдеге Париждік кездесу ЕҚЫК-тің қызметіндеге бетбұрыс сәті болды. 1990 жылғы 21 қарашада Парижде жаңа Еуропаға арналған Хартияға қол қою салқың соғыстың нүктесін қойып, ЕҚЫК-тің келіссөздер мен диалогтарға арналған форумнан бенсенді қызмет ететін құрылымға айналуына бастама болды. Сөйтіп жаңа Еуропаға арналғаң Хартияда Еуропадағы тарихи өзгерістер үрдісін басқаруға үлес қосу және «қырғи қабақ» соғыстың кейінгі пайда болып жатқан жаңа үрейлерге жауап беру міндеті қойылды. Бұл міндеттерді шешу үшін бірнеше мекеме мен институт ашылды, кездесулерді өткізу ұдайы негізге қойылды, кеңес жұмысы жүйелі сипатқа ие бола бастады. Париж Хартиясында «Еуропаның конфрантациясы мен бөліну дәуірі аяқталды», сондықтан мемлекеттер арасындағы қатынастар «өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделетін болады» деп арнайы атап өтілді. Мемлекеттермен мен үкіметтердің басшылары 1975 жылғы Хельсинктік қорытынды актіде бекітілген еуропалық қауіпсіздік принциптерін
Қолдайтынын растап, Еуропада қауіпсіздік жүйесін құрудағы жаңа бағдарларды белгіледі. Еуропада құқықтарын сыйлауды, демократияны,
Заң үстемдігін, бейбітшілікті нығайту және бірлікке ықпал етуді қамтамасыз ету ісінде қатысушы мемлекеттер арасында «саяси диалогпен ынтымақтастықтың жаңа сапасының» қажеттігін мойындай отырып саммит қатысушылары ЕҚЫК - ты институтализациялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл хартияда тиісті көрінісін тапты.
Саяси консультациялардың үш сатылы денгейі пайда болды:
1. Екі жылда бір рет өткізілетін қатысушы мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесулері. Саммиттерде негізгі аймақтың және жаһандық проблемалардың талқылануы, ЕҚЫК қызметінің қағидалық бағыттары аңықталуы, Кенестің негізгі құжаттары қабылдануы тиіс;
2. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) - ЕҚЫК үрдісі шектеріндегі саяси кеңес беруге ( каонсультацияларға) арналған орталық форум. Кеңес еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңеске қатысты сұрақтарды қарастырып, тиісті шешімдерді қабылдайтын болады;
3. Аға қызметтік тұлғалар коммитеті (АҚТК) . Оның міндетіне кеңес мәжілістерін дайындау жұмысы, кеңестік шешімдерін орындау және ағымдағы мәселелерді шолу жатады /24/.
Сонымен қатар Прагада хатшылық, Кеңеске қақтығыстар пайда болу қауіпін азайту ісінде кө мек көрсететін қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталық және қатысушы мемлекеттердегі сайлаулар туралы ақпарат алмасу м ен байланысқа ықпал етуге арналған Еркін сайлаулар бойынша Бюро Венада құрылды.
Хартияда белгіленген Кеңестің құрылымдық үлгісі (схемасы) еуропалық қауыпсіздікке төніп тұрған үрейлерге жедел жауап беруге мүмкіндік берді, ал тұрақты жұмыс істейтін органдар Еуропадағы болашақ қауіпсіздік жүйесі үшін ұйымдастырушылық негіз болып тұрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz