Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Мазмұны
Кiрiспе
1. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Техникалық база
Рынок құрылымы
Қаржылық жай-күйi
Проблемалар
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi ... .ытындыта даяр...002 СТ талап.
Әлеуметтік-саяси мiндеттер
Техника-технологиялық мiндеттер
Экономикалық мiндеттер
3. АҚ "Қазақтелеком" туралы мағлұмат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1564 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасының ережелерiн ескере отырып әзiрлендi.
Бағдарламаның негізгi мақсатына қол жеткiзуге бағытталған саланы дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенедi:
телекоммуникациялар саласын дамытудың тұтастай алғанда, ел экономикасының дамуымен өзара байланыстылығы;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, егемендiгi және қорғаныс қабiлеттiлігі мүдделерiн қамтамасыз ету;
телекоммуникациялар рыногын дамытуға ықпал ететiн нормативтік база;
тиiмдi мемлекеттiк саясат жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мемлекеттің стратегиялық салалардағы рөлiн күшейту;
телекоммуникациялардың жалпыға бірдей қол жеткiзетiн
қызметтерiне республика азаматтарының әмбебап қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары үшiн еркiн және тең құқықты бәсекелестiктi ынталандыру және қамтамасыз ету;
инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу;
жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру және көтермелеу;
желiлерде бiрыңғай техникалық стандарттар қолдану және саланың субъектілері үшiн халықаралық сапа стандарттарын енгiзу.
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамыту

Телекоммуникациялар, көрсетiлетiн қызмет көлемi тұрақты өсiп отыратын, экономиканың серпiндi дамушы саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасында телекоммуникациялар желiлерiнің ағымдағы жай-күйiн мынадай негiзгi цифрлармен сипаттауға болады:
2002 жылдың басында Қазақстанда орташа телефон тығыздығы елдiң 100 тұрғынына шаққанда 14,4-тi, оның iшiнде қалаларда - 21,7-нi, ауылдық жерлерде - 5,2 телефонды құрады. Негiзгi телефон аппараттарының тығыздығы 100 отбасына шаққанда 50,9-ды құрады, оның iшiнде қалаларда - 69,2-нi, ауылдық жерлерде - 21,8-дi құрады;
телекоммуникациялардың жергіліктi желiсi 3000-нан аса станциялардан тұрады, олардың тек алтыдан бiр бөлiгi ғана қалаларда орналасқан. Тек "Қазақтелеком" ААҚ-та станциялардың жалпы құрастырылған сыйымдылығы 2,4 млн. нөмiрдi құрайды, iске қосылғаны - 2 млн нөмiр. Цифрландыру деңгейi 34 пайызды құрайды.
Қалааралық арналардың ұзақтығы 246 599 221 арн.км, олардың ішінде таратудың цифрлық жүйелерiмен құрылған арналар ұзақтығы - 202 612 351 арн.км құрайды (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 82%-ы), оның iшiнде оптикалық кабельдi қолдана отырып - 186 650 031 арн.км (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 75,7-ы).
Техникалық база.
Жаңғырту процесi ұлттық телекоммуникациялар желiсiнiң барлық деңгейлерi мен құрамдас элементтерiн қамтыды. Соңғы үш жылда желiнi толық ауқымды жаңарту мен кеңейтудің негiзiн салған елеулi өзгерiстер болды:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 1750 км Транс-Азия-Европалық талшықты-оптикалық байланыс желiсi (бұдан әpi - TAE), ұзақтығы 137 км Петропавл - Кормиловка (Ресей) Солтүстік талшықты-оптикалық байланыс желiсi (бұдан әрi - ТОБЖ), Алматы - Астана - Петропавл - Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлық шығу қамтамасыз етiлген, Орталық Азия - Ресей транзит арналарын жаңа сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн ұзақтығы 1140 км Алматы - Қарағанды цифрлық радиорелелiк желiсi салынды; Астана - Өскемен - Алматы ұқсас радиорелелiк желiсi бойынша Алматы және Астана қалаларының цифрлық телефон станцияларын қосу үшiн, транзиттiк трафиктің цифрлық арналары бойынша өткiзу үшiн және GSМ стандартты ұялы байланыстың мұқтаждары үшiн 34 Мбитс цифрлық ағыны ұйымдастырылды; Ұлттық ақпараттық супер магистральдың (бұдан әрі - ҰАСМ) Батыс тармағының құрылысы (ұзақтығы 864 км Қызылорда - Ақтөбе - Қандыағаш - Атырау - Ганюшкино - Ресей шекарасы), ҰАСМ Шығыс тармағын (Петропавл - Астана - Өскемен - Талдықорған) салуға арналған жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Шығыс тармағын салу үшiн берушіні таңдауға арналған тендер өткiзiлдi. Шығыс ТОБЖ құрылысы басталды;
Алматы қаласындағы "Орбита" спутниктiк станциясын қайта құру жүргiзiлдi, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутник жүйесінің станциясы орнатылды, олардың арасында спутниктік байланыстың магистралдық арналары ұйымдастырылды және Германияға, Ұлыбританияға, Швейцарияға, Ресейге, Бiрiккен Apaб Эмираттарына, Канадаға және басқа елдерге жаңа бағыттар ашылды;
республиканың баруы қиын және халқы аз қоныстанған аудандарында байланысты қамтамасыз ететін ауылдық байланыстың спутниктік желiсiнiң құрылысы жүргiзiлуде. 2001 жылғы 31 желтоқсандағы деректер бойынша 1998 жылдан бастап 207 ДАМА (арналарды талап бойынша беру жүйесi) цифрлық спутниктiк станциялары, оның iшiнде осындай аудандардың елдi мекендерiнде 184, 2002 жылғы тоғыз айда - 29 станция пайдалануға берiлді;
Алматы қаласы Халықаралық коммутациялар орталығының (бұдан әрі - ХКО) және Орал, Тараз, Ақтөбе қалаларындағы автоматты қалааралық телефон станцияларының (бұдан әрі - АҚТС) жабдығын жаңғырту аяқталды, Астана қаласының АҚТС базасында екiншi XKO салынды. Қалааралық цифрлық телекоммуникациялар желiсiн құру аяқталды. Бүгiнгi күнге 100% АҚТС - цифрлық, желiде 2 ХКО жұмыс iстейдi.
Рынок құрылымы
Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногы жыл сайын аса серпінді әрi бәсекелес болып келедi. Байланыс операторларының саны едәуiр өсуде, жаңа технологиялар енгiзiлуде, ұсынылатын қызметтер спектрi ұлғаюда.
Рынок сыйымдылығы 1998 жылғы 350 млн. АҚШ долларынан 2001 жылы 500 млн. долларға дейiн өстi, бұл ретте ұлттық байланыс операторының үлесi негiзiнен ұтқыр байланыс операторларының қарқынды өсу есебiнен 90%-дан 68%-ға дейiн қысқарды. Соңғы 4 жылда олардың рыноктағы үлесi 2,8%-дан 26,1%-ға дейiн артты.
2002 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн ұсыну жөнiндегi кәсіпкерлік қызметпен - базалық қызмет көрсетулерден бастап ұялы байланыс пен зияткерлiк желiлер (аудиомәтін) қызмет көрсетулерімен айналысуға 770 лицензия бердi. Олардың 237 лицензиясы телекоммуникациялардың жергіліктi желiлерi және олармен байланысты қызмет көрсетулерге, 146 - жылжымалы радиобайланыс пен пейджинг қызмет көрсетулерiне, 125 - радиохабар мен теледидарға, 36 - бөлiнген спутниктiк байланыс желiлерiнiң қызмет көрсетулерiне және арналарды жалға алуға берiлдi. Деректер беру рыногы мен Интернет аса шапшаң дамушы болып табылады, қазiргi уақытта операторларға бұл қызмет түрiмен айналысуға 131 лицензия берiлдi.
Рыноктың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызмет көрсетулері алады, және де рыноктың 25%-ын қалааралық байланыс қызмет көрсетулерi қалыптастырады. ТМД елдерiне және алыс шет елдерге халықаралық телефондама қызмет көрсетулерін сату көлемiнiң үлес салмағы бiрдей.
Ұялы байланыс телекоммуникациялық қызметтер көрсету рыногының
төрттен бiрiнен астамын алады, мұның өзi тiптi қалааралық байланыс рыногы көлемiнен артық. Соңғы жылдары әлемде жылжымалы байланыс қызметін көрсетулер рыногында байқалатын өткір бәсекелестiктiң салдарынан, барлық негiзгi үш технологиялар эволюциясы, атап айтқанда: GSM, D-АМРS, CDMA мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қосымша қызмет көрсетулер санын арттыру, желi сыйымдылығын және асып түсу алаңын ұлғайту, радиоинтерфейстiң құнын кемiту және өткiзу жолағын кеңейту. Қазақстанда GSM және AMPS - D-AMPS стандарттарының ұялы байланыс қызмет көрсетулерiн 4 байланыс операторлары ұсынады, пайдаланушылар саны 800-мыңдық белгiге жақындап келедi.
Жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулері бүкiл рыноктың 14%-ын қалыптастырады. Деректер беру және Интернет қызмет көрсетулерiнiң көлемi екі есе кем.
Қазiр деректер беру қызмет көрсетулерi, Интернет, ұтқыр радиобайланыс, корпоративті клиенттер үшiн телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi рыногында жоғары дәрежелi бәсекелестiк орын алып отыр.
Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi (бұдан әрі - ЖПТЖ) үшiн тек халықаралық және қалааралық байланыс рыногы ресми түрде "Қазақтелеком" ААҚ-ның монополиясы болып табылады, алайда онда іс жүзінде АР-телефондама операторлары ретiнде халықаралық және қалааралық трафигін қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделгеннен басқа жолмен өткiзетiн операторлар жұмыс iстейдi.
Сонымен бiр мезгiлде, ресми түрде толығымен ашық сектор болып табылатын жергiлiктi байланыс рыногында бәсекелестiктiң дамуы бiр жағынан жергiлiктi байланысқа мемлекет реттейтін төмен тарифтердiң болуымен, ал екiншi жағынан ЖПТЖ-ға бiрiгуi және қалааралық әрі халықаралық трафик транзитіне "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық операторының жоғары тарифтерiмен шектеледі.
Қаржылық жай-күйi.
Байланыс операторларының 2000 жылғы жиынтық кiрiстерi 45,1 млрд. теңгенi, 2001 жылы - 63,44 млрд теңгенi, оның iшiнде ұлттық оператордiкi - тиiсiнше 38,3 млрд. теңге мен 45,8 млрд. теңгенi құрады.
Рыноктың орташа рентабельдiлiгiн 15%-ға бағалауға болады.
2001 жылы телекоммуникациялар саласын инвестициялау көлемi 15,06 млрд. теңгенi құрады және де ұлттық оператор 11,03 млрд. теңге инвестициялады, 2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ 14,187 млрд. теңге сомасына жобаларды қаржыландыруды көздеп отыр.
Проблемалар.
Сонымен бiрге сыртқы да (тұтастай алғанда ел экономикасының дамуы), iшкi салалық та көптеген проблемалар шешiмiн таппай отыр. Солардың негiзгілерi мыналар болып табылады:
Телекоммуникациялар саласындағы қоғамдық қатынастарды және теңгерiмдi техникалық саясатты реттейтiн нормативтiк базаның саланың даму қарқынынан қалып қоюы.
Нашар ғылыми негізделген әдiснамалық негiз салдарынан жүйелi көзқарас жоқ. Байланыс саласындағы бүкiл арнайы ғылыми-техникалық және жобалық база iс жүзінде дәстүрлі түрде Ресейде орналасқан. Жобалауға, маркетингтік және ғылыми зерттеулерге, ғылыми-әдiстемелiк базаны әзiрлеуге мамандандырылған отандық ұйымдарды құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудi қамтамасыз ету проблемасы өткiр тұр. Қолданылып жүрген заңнамада сала дамуының қазiргi кезеңiндегi қатынастарды реттеу үшiн қажетті және перспективада оның дамуын қамтамасыз ететiн көптеген нормалар жоқ. Байланыс операторларының, қызмет көрсету провайдерлерiнiң, рынок реттеушiсiнiң, тұтынушылардың арасындағы өзара қатынастарды реттейтiн нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу және жетiлдiру талап етiледi.
Проблеманы шешу үшiн бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және көбейту жоспарланып отыр.
Экономиканың дамуы мен телефон тығыздығының өсуi арасындағы алшақтық. Елдегi байланыстың даму деңгейi тұтастай алғанда экономиканың даму деңгейiнен бiршама кейiн қалып отыр. Сонымен бiрге, Қазақстанның біртіндеп урбанизациялануы нәтижесiнде аймақтардың арасындағы да сол сияқты қала мен ауыл арасындағы да халық тығыздығының қайта бөлiнуi жүруде. Бір мезгiлде байланыс қызмет көрсетулерiне төлемге қабiлеттi сұраныс көлемi артуда. Мұндай жағдайда саланың кiрiсiн арттыру стратегиясы тек iске қосылған телефон желiлерi санының артуына ғана емес, сонымен бiрге ең алдымен экономикалық тұрғыдан алғанда ең перспективалы аудандардағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғыртуға, трафиктiң табиғи өсуiне, қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн, оның iшiнде қосылған құны бар қызмет көрсетулердi енгiзуге сүйенуi тиiс. Осы факторды ескере отырып, бағдарламаны iске асыру процесiнде қолда бар желi сыйымдылығын және телефон тығыздығы деңгейiн кемiтудi болдырмау және тұтынушылардың төлемге қабiлетті сұранысын барынша қанағаттандыратын оның өсiмiн қамтамасыз ету мақсатына бағдарлану қажет.
Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiндегi монополия. ЖПТЖ-дағы монополия тарихи себептерге қарай туындады, ал оның қазiргi кезде сақталуына әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулерге арналған дәстүрлi қалыптасқан тарифтердi реттеу практикасы бүгiнгi күнге дейiн салада қызмет көрсетулер арасында (шығынды қызмет көрсетулер жоғары кiрiстердің есебiнен ұсталады), сол сияқты пайдаланушылар санаттары арасында да (бiрдей қызмет көрсету түрлерiне пайдаланушының мәртебесiне байланысты бiрнеше тарифтер белгiленген) тоғыспалы субсидиялау тетiгiн пайдалану да үлкен ықпал етедi. Реттелетiн тарифтердiң көпшiлiгiнде аймақтарға (экономикасы дамыған, тоқыраған және т.с.с.) байланысты пайдалану шығындары деңгейінің айырмасы да көрсетiлмейдi. Мұндай тарифтер оларды өндiруге және ұсынуға жұмсаған байланыс операторларының негiзделген шығындарының орнын толтыра алмайды. 2001 жылы "Қазақтелеком" ААҚ "Андерсен Менеджмент Интернэшнл" (Дания)" консалтингтік фирмасымен бiрлесiп жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулерiнiң (жалпыға бiрдей қол жеткiзiлiмнiң бiреуiне) өзiндiк құнына алдын ала талдау жүргiзген болатын, оның нәтижелерi шығындарды жабу үшiн телекоммуникациялар саласына жыл сайын кем дегенде 2 млрд. теңге жұмсалуы қажет екендiгiн көрсетті. Алайда тарифтердi қажеттi қайта теңгерiмдеудi монополист көптеген параметрлер бойынша шығындарды бөлек есепке алуды енгiзгеннен кейiн ғана байыпты жүзеге асыру мүмкiн болады.
Телекоммуникациялық рыноктағы жағдайды өзгерту үшiн тарифтiк реттеудi жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және iске асыру жоспарлануда.
Шығындарды бөлектеп есепке алу тетiгiнiң болмауы.
Телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң өзiндiк құны тек жекелеген қызмет көрсетулер үшiн ғана емес, сонымен бiрге елдiң түрлi аймақтары үшiн де әртүрлi. Желi элементтерi бойынша және жекелеген қызмет көрсетулер бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу тетігінің болмауы экономикалық негiзделген тарифтердi есептеуге ықпал етпейдi, бұл өз кезегiнде кiрiстердi толық алмауға және соның салдарынан негiзгi қорлардың орны толмас тозуына әкеп соғады.
Проблеманы шешу үшiн тиiстi Ереже мен әдiстеме әзiрленедi.
Ескiрген техникалық база. Телекоммуникациялардың ұлттық желiсiн жаңғырту және дамыту үшiн негiзгi қаржыландыру көзi ұсынылатын қызмет көрсетулерден алынатын кiрiстер болып табылады. Тарифтердiң теңгерiмсiздігін ескерсек, жаңғырту қарқыны жеткiлiктi жоғары емес. Бүгiнгi уақытқа дейiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнде табиғи және моральдық тозған жабдықтардың үлкен көлемi пайдаланылады. әсiресе телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлерiнiң қол жеткiзу желiлерiнде тозу пайызы жоғары. Жоғары пайдалану шығындары әрi тағы да телекоммуникациялардың жаңа қызмет көрсетулерiн ұсынудан түсетiн кiрiстердi толық алмау цифрландырудың
жеткiлiксiз жоғары деңгейінің салдары болып болып табылады.
2005 жылдың соңына дейiн ЖПТЖ-ға арналған цифрлық жабдық деңгейiн жалпы сыйымдылықтың 50-60%-на дейiн жеткiзу талшық-оптикалық кабельдердi пайдалана отырып байланыс желiлерiнің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.
Радиожиілік спектрінің жеткіліксіздігі. Қазақстанда жақын перспективада IМТ-2000 (W-CDМА, СDМА-2000) жылжымалы байланыстың үшiншi буыны стандарттарын таңдау және енгізу жөнiндегi жұмыс басталады, олар 5 МГц бiр арнада тарату жылдамдығы 8 кбитс бастап 2 Мбитс дейiнгi шектерде жатқан бiрнеше түрлi қызметтердi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, тек бiр терминалға сөздi және деректердi берудi талап ететiн нақты мультимедиялы ақпаратты бepу қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметтерiнен бiр ғана арнада белгiлер берiлуi мүмкiн. Қазiргi уақытта Халықаралық электр байланысы одағы (бұдан әрi - ХЭО) барлық елдер мүддесiнде бұл байланыс жүйелерiне қажеттi радиожиілік ресурсын бекiту мәселелерiн шешуде. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанда 3-буынға өтпелi стандарттарды (2,5 стандарттаp деп аталатындар) енгiзу мүмкiндiгi қарастырылып отырғанына қарамастан, жиiлiктердiң қажетті өрiстерiн бөлу проблемалары өте баяу шешiлуде.
Тiркелген байланыс желiлерiнде сымсыз жүйелердi пайдалану мәселесi бос радиожиіліктердiң болмауына байланысты өткiр күйiнде қалып отыр. Мұндай жағдай, әсiресе ЖПТЖ операторлары үшiн тиiмсiз, себебi ол ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елдi мекендерде соңғы мильдi (желi жабдығынан абоненттік құрылғыға дейінгі қол жеткiзУ желiсi) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесiн тежейдi.
Байланыс операторлары мен әлуеттiк ведомстволар пайдаланатын радиожиiлiктердi келiсу баяу және еңбектi көп жұмсау арқылы жүргiзiледi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану жөнiндегi өкiлеттіктердi шектеулердiң, келiсу жүргiзудiң реттелген тәртiбiнiң болмауы көп жағдайда негiзсiз бас тартуларға әкеп соғады.
Бұдан басқа, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынатын ақы мөлшерiн белгiлеудiң экономикалық негізделген әдiстемесi жоқ. Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар көпшiлiк бөлігінде әлуеттiк ведомстволары болып табылатындықтан, ал спектрдi ауыстыру бағдарламасының болмауына байланысты жаңа технологияларды енгiзу тежелiп отыр.
Бағдарламада көтерiлiп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бiрқатар iс-шараларды орындау көзделіп отыр.
Бiрқатар бағыттар бойынша жоғары бiлiктi мамандардың болмауы. Телекоммуникациялар саласы кадрларын оқыту процесi желiлердi жаңғырту және дамыту жоспарларымен келiсусiз жүргiзiледi, мамандарды қайта даярлау өз уақытында жүргiзiлмейдi, мұның өзi кадрлар даярлаудың саланың даму қарқынынан едәуiр артта қалуымен түсiндiрiледi. Өндiрiстiң радиоэлектроника және телекоммуникациялар бағыты бойынша жоғары бiлiктi инженерлер мен мамандар даярлауды жүргiзетiн жоғары оқу орындарымен (магистратура және аспирантура) байланысы нашар екендігін айта кету керек.
Сала мамандарын даярлау және қайта даярлау проблемасы Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ XЭО-мен ынтымақтастық арқылы шешiледi.
Стандарттау мен сертификаттаудың салалық жүйелерiнiң болмауы. Ағымдағы сәтте салада стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыс iс жүзiнде жүргiзiлмейдi. Салада техникалық сәйкестiкке сертификаттаудан өтпеген жабдықты пайдалануға тыйым салу нормативтік бекiтiлмеген. Осындай техникалық құралдарды немесе тек қауiпсiздiк параметрлерi бойынша сертификатталған құралдарды пайдалану, салада сапасы төмен жабдықтарды пайдалануға әкeп соғады.
Проблемаларды шешу үшiн телекоммуникациялар саласындағы стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстар жандандырылатын болады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Телекоммуникациялар саласын дамыту бағдарламасының негiзгі мақсаты Қазақстан экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктiрiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Ақпараттық қоғамға өтудi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк саясаттың мынадай үш негiзгi бағыты атап көрсетiледi:
әлеуметтік-саяси, техникалық-технологиялық және экономикалық. Бағыттардың әрқайсысы бойынша бiрқатар бiрiншi кезектегi міндеттерді шешу қажет.
Әлеуметтік-саяси мiндеттер:
жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде жұрттың қолы жетер телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткiзулерiн қамтамасыз ету;
халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде, қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттiлiгін қанағаттандыру;
тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiне және ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуiне жағдайлар жасау;
ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Техника-технологиялық мiндеттер:
бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы iшкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту;
стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту;
мынадай ұлттық ресурстарды: радиожиiлiк ресурсын және нөмiрлеу ресурсын орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.
3. АҚ "Қазақтелеком" туралы мағлұмат
АҚ "Қазақтелеком" маркетингтік жоспары
Мақсаты:
Телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.
Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар рыногының бастаушысы болу. Бір бірімен және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы, қолайлы және қарапайым. Халықаралық телекоммуникация ауқымына толық құқықты шоғырлану.
Қызмет көрсету спектрі:
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы болып табылады. Республиканың телекоммуникациялық рыногында көшбасшы орынды иеленеді, түрлі байланыс қызметтер буынын көрсететін орталықтар желісі кеңінен тараған.
Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп дегдарлық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру. Олардың қатарында дәстүрлі телефония және телеграф қызметтері, деректер беру мен Интернет қызметтері, интеллектуалдық (зияткерлік) және спутниктік желілер және көптеген басқа қызметтер бар. Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту компанияны дамыту саясатының негізгі алғышарттары болып табылады. Компания бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.
Жетілдірудің мақсаты
Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.
Қойылған мақсатқа жету үшін мыналар көзделеді:
1. Телекоммуникациялар қызметін көрсету рыногының жоғары кірісті сегменттеріндегі Қоғам үлесін өсіру:
1) Корпоративтік клиенттер санының өсу қарқынын сақтау;
2) Тіркелген телефония үлесін 75-80% деңгейінде ұстау;
3) Деректер беру және Интернет өсімін 60%-ға дейін арттыру;
4) Ұялы байланыс рыногының үлесін 20 %-ға жеткізу.
2. Жаңа өнім рыногына шығу, бизнестің жаңа түрлерін дамыту:
1) TriplePlay (бірыңғай нақты инфрақұрылым арқылы дауыс, деректер және бейне жеткізу) пішімінде тіркелген желі клиенттеріне қызмет көрсету;
Интернетке кең жолақты қатынау және телехабарлар тарату сервистерін шоғырландыру тіркелген желілер абоненттерінің кірістілігін айтарлықтай көтеру және абоненттердің ұтымды байланыс секторына ауысуынан қорғану факторы болып танылады. Қазіргі кезеңде кабельдік теледидар саласында негізгі бағыт болып табылатын әртүрлі байланыс жүйелеріне қосу арқылы абоненттерге теледидарлық және дыбыстық бағдарламаларды, телекоммуникациялық ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсына алатын талшықты-коаксиалды будан жүйелер құру. Бұл қалаларда көп атқарымдық кең жолақты интерактивті инфокоммуникациялық жүйелер құруға алдын ала жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
2) Инфокоммуникациялық бизнесті Қазақтелеком АҚ IT-жүйесінің ресурстары мен іс-тәжірибесі негізінде дамыту.
Қазақтелеком АҚ-ның сыртқы және ішкі пайдаланушыларына операциялық-техникалық база бөлу және IT қызметтерін көрсету мен инфобизнесті бөлектеу жолымен IT саласындағы қызметті құрылымдау. Парасаттық желілер негізінде қызметтер көрсетуді дамыту. Қазақстандық контент және интернет дамыту бойынша ынталандыру іс-шаралары.
3) Ұтымды байланыс рыногына шығу.
DCS-1800 стандартындағы лицензия алу немесе қазіргі кезде жұмыс істейтін ұтымды байланыс компанияларының бірінен бақылаулық пакет сатып алу.
3. Желілік ресурстар беру рыногында рынок үлесін ұстау және сату көлемін ұлғайту.
Желілік ресурстар сату бойынша маркетингтік-бағдарланған құрылымды қалыптастыру; клиенттерге желілік ресурстар беру уақытын қысқарту.
4. Транзит мүмкіншілігін пайдаланудың тиімділігін арттыру:
1) Қазақтелеком АҚ тұғырын көрші елдердің халықаралық интернет-трафигін бағыттау бойынша орталық азиялық хаб ретінде бекіту:
2) Қытай - Ресей - Еуропа трафигін өткізу рыногына шығу.
Халықаралық трафикті өткізу үшін қажетті өту және ұлттық сегмент сыйымдылықтарын қамтамасыз ету.
Қытайға екінші өту, Ресейге үшінші өту құрылыстарын салу.
Халықаралық транзит қызметін көрсетудің қажетті сапасын қамтамасыз ету.
5. Телекоммуникациялардың жаңа географиялық рыногына шығу:
1)Ресей;
2)Орталық азиялық көрші елдер;
3) Қытайда өкілдік ашу.
Сыртқы рыноктарға шығу және трансұлттық оператордың оңтайлы құрылымын қалыптастыру жолымен Қазақтелеком АҚ рыноктық құнын және халықаралық бәсекелесу қабілетін арттыру.
6. Желіні барлық интерфейстер бойынша халықаралық талаптармен сәйкестендіру.
Техникалық мүмкіндіктерді жылдамдық жоғарылатуда, қызмет көрсету номенклатураларын кеңейтуде, қатынауды ұйымдастыруда болсын және осы қызметтер көрсету сервисінде, "one stop shopping" толассыз сату жүйесі (қызмет көрсетудің мүмкін болатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz