Әуе ғарыштық түсірістер кезінде қолданылатын геодезиялық аспаптар


Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Әуе ғарыштық түсірістер кезінде қолданылатын геодезиялық аспаптар.
Тексерген: Сәрсембекова З. Қ
Алматы 2010жыл
Әуе ғарыштық түсірістерде қолданылатын аспаптарға жалпы сипаттама:
Жалпы жер бетінің картасын жасау үшін түрлі ғылыми перспективалар қолданылады. Яғни көбіне әуе ғарыштық түсірістер нәтижесін қолданады. Ал әуе ғарыштық түсірістер жасау үшін арнайы тік ұшақтар мен ұшақтар қолданылады. Оларда жер беті көріністерін түсіру үшін арнайы аспаптар мен қондырғылар орнатылады.
Осы тік ұшақтар мен ұшақтардан алынған нәтижелер арнайы ғылыми институттарда арнайы есептеулерден өтіп негізге алынады. Енді әр аспапқа жеке сипаттама беріп өтейік:
Тік ұшақтар мен ұшақтар олардың ұшу жылдамдығы 300 км/сағ аспауы тиіс және ұшу биіктігі шамамен 1км аспауы тиіс. Олар міндетті түрде бір горизонталь жазықтықта ұшады. Көбіне тік ұшақтар мен ұшақтардың мына түрлері қолданылады: ЛИ-2, АИ-2, К-2.
Сонымен қатар қазіргі кезде қолданылатын жаңа навигациялық тік ұшақтар өте көп. Солардың біріне қысқаша тоқталып өтер болсақ, мысалы: радио биіктік өлшеуге арналған Rotinson Nelicopter фирмасының R44 Newscopter арнайы тік ұшағы. Ол сапалы бейне түсірілімдермен қамтамасыз етеді және де сурет пен бейнелерді тікелей эфирге жібереді, яғни арнайы станцияларға тікелей жіберіп отырады. Сонымен қатар аймақтағы деңгейді бақылайтын арнайы телевизиялық кешенмен жабдықталған гиростабилизатормен қамтамасыз етілген.
Суретке түсіру аппараттары, яғни фотоаппараттар және аэрофотоаппараттар . Олар жер бетінің бейнесін фотосуретке түсіру үшін қолданылады. Жер бетінің көрінісін берілген масштабта суретке түсіру үшін аэрофотоаппараттардың фокустық аралығына байланысты әртүрлі болады. Аэрофотоаппараттардың фокустық аралығына сәйкес қысқа және ұзын фокустық аэрофотоаппараттарға бөлінеді. АЭФАТЕ-70мм, АЭФАТЕ-100мм, АЭФАТЕ-250мм, АЭФАТЕ-450мм. Жер бетінің көрінісіне байланысты жазық жерлерде қысқа фокустық аэрофотоаппараттар қолданылады. Қалың орманды немесе таулы жерлерде, қалалы жерлерде ұзын фокустық аэрофотоаппараттар қолданылады. Фотосуреттердің өлшемдері 18х18см болуы тиіс. Аэрофотоаппараттардың көмегімен суретке түсіру былайша орындалады: басқару аппараттының сигналымен суретке түсіру мезгілінде аэрофотоаппараттардың объективі ашылады. Әр түсіру мезгілінің арасында басқару аппараттарының сигналы мен фотопленка айналып келесі суретке түсіруге дайындалады. Аэрофотоаппараттың касета жағында түсіру мезгілін көрсететінжәне аэрофотоаппараттың горизонталь жағдайын көрсететін қондырғылар болады. Аэрофотоаппараттар түсірілген суреттердің перспективтік және пландық жағдайын анықтайтын және суретке түсіру мезгілінде фотопленканың бір горизонталь жазықтықта орналасқанын көрсететін қондырғылар болады.
Фотопленканың суретке түсіру мезгілінде бір тегіс жазықтықта орналасқанын анықтауына байланысты аэрофотоаппараттар екі түрге бөлінеді:
Шынылық аэрофотоаппараттар мұндай аэрофотоаппараттардың касета жағында екі анық шынылар орналасады. Фотопленка осы екі шынының арасынан өтеді.
Ал екінші түрі вакумдық деп аталады. Касета мен камераның арасындағы қысымдарды өзгертеді де бір қалыпқа келтіреді. Осындай жағдайларды әр әуе суреттен көруге болады.
Гиростабилизатор бұл аспап ұшу кезінде және суретке түсіру кезінде аэрофотоаппараттардың түсіру осін жер бетімен салыстырғанда тік бір вертикаль бағытта ұстайды. Гиростабилизатордың көмегімен аэрофотоаппараттардың суретке түсіру осі жерге қарағанда бір вертикаль бағытта болуы тиіс. Суретке түсіру осінің ба, ытына сәйкес олар екі түрге бөлінеді: перспективтік және пландық түсірістер.
Әр заман талабына сай бұл аспаптың да навигациялық түрлері шығарылуда.
Арнайы пландық түсірістерде қолданылатын гиростабилизатор түрі.
Басқару аппараттары бұл әр суретке түсіру мезгілінде электр сигналының көмегімен бар суреттерді бір мезгілде синхронды іске қосады.
Радио ұзындық өлшегіштер бұл қондырғылар көмегімен әр суретке түсірілген мезгілінде ұшақтың немесе тік ұшақтың орналасқан орнын тура және кері геодезиялық есепті шешу арқылы анықтайды. Және де сонымен қатар радио ұзындық өлшегіште әуе суреттің бас нүктесінің пландық (х, у тік бұрышты координатасын) анықтау үшін қолданылады. Ол үшін суретке түсірердің алдында сол түсіру аумағында орналасқан мемлекеттік геодезиялық торлардың пунктерін тауып алып сол пунктерге радиотолқын қабылдағыш немесе радиотолқын қайтарғыш орналастырады. Радио ұзындық өлшегіште әр түсірілім мезгілінде әуесуретті оның бас нүктесінің координатасын жергілікті мемлекеттік торларға байланыстырып отырады.
Радио биіктік өлшегіштер бұл аспап әр суретке түсіру мезгілінде жер бетімен салыстырғандағы аэрофотоаппараттардың биіктігін анықтайды. Сонымен қатар ұшақтың ұшу биіктігін анықтайды. Оның екі түрі болады:
1. Антенаның ашылу бұрышы қысқа
2. Антенаның ашылу бұрышы ұзын
Қысқа радио биіктік өлшегіште дәл түсіретін аумақтың дәл нүктесіндегі биіктікті өлшейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz