Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 4
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛIМ
1. 1. Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы . . . 6
1. 2. Ж. Аймауытұлы мұраларындағы әлеуметтік психология мәселелерi . . . 8
1. 3. Ж. Аймауытовтың тұлға қалыптасуындағы әлеуметтiк ортаның ролi
туралы көзқарастары . . . 16
1. 4. Ж. Аймауытов шығармаларындағы психологиялық мәселелер . . . 38
ІІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2. 1 Ж. Аймауытұлының «психология» кітабына контент анализдік зерттеу . . . 50
2. 2. Зерттеу әдiстемесiнiң сипаттамасы . . . 51
2. 3. Зерттеу объектiсiнің сипаттамасы мен талдау мәліметтері . . . 52
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . . 59
КIРIСПЕ
ХХ ғасырдың басында қалыптасқан ұлт зиялылары елiмiздiң тарихында өшпес iз қалдырғанын тарихтың өзi дәлелдеп. бердi. Өздерiнiң азаматтық-патриоттық, интеллектуалдық-творчестволық, саясаткерлiк-дипломатиялық қырларынан танытқан алаштықтар қазақ халқының ұлттық тәуелсiздiгi жолында қызмет еттi.
Алаш зиялыларының қоғамдық саяси және творчестволық қызметiн өз дәрежесiнде қарастырып, тиесiлi бағасын беру мүмкiндiгi тек 1988 жылы Казақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң жанынан тоталитарлық жүйенiң құрбаны болған ұлттық интеллигенцияның шығармашылық мұраларын қайта қарау үшiн арнайы құрылған комиссияның қорытындылары шыққан соң ғана туғаны мәлiм.
Тоталитарлық режим тұсында жазықсыз әуғын-сүргiнге ұшыраған халқымыздың аса көрнектi ойшыл ғалымдары, қоғам қайраткерлерi А. Байтұрсынов, Х. Досмухамедұлы, М. Дулатов, Н. Құлжанова т. б. бiртуар ұлдарының тәлiм-тәрбие саласындағы ғылыми мұралары кеңiнен зерттеле бастады. Осы орайда 1931 жылы “буржуазияшыл-ұлтшыл” айыбымен жазықсыз жапа шегiп, атылып кеткен Ж. Аймауытұлының (1869-1931) қоғамдық саяси, педагогикалық және әдеби қызметiне байланысты бұл комитеттiң шешiмi 1988 жылдың соңында шықты.
Осы кезден бастап баспасөз бетiнде Ж. Аймауытұлының өмiрбаяны мен қоғамдық саяси қызметi, творчествосын анықтайтын мақалалар жарық көре бастады. ұалымдар М. Козыбаев, М. Каратаев, С. Кирабаев, Т. Қожакеев, К. Мұхаметқанов, Р. Нұрғалиев сияқты белгiлi ғалымдардының бұл тақырыпта жазған мақалалары мерiзiмдiк баспасөздерде жарияланды.
Сонымен қатар 1989 жылы қазан айында Республика қайраткердiң 100-жылдығын атап өтiп, Ж. Аймауытұлын еске түсiру кешi 14 қазанда Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театрында өткiзiлдi. Осы жылы алғаш рет Ж. Аймауытұлының бiр томдық шығармалар жинағы академик С. Кирабаевтың алғы сөзiмен басылып шығарылды.
Осы уақытқа дейiн бұл ғұлама туралы С. Қирабаевтың “Ж. Аймауытов”, Р. Сағынбекұлының “Жүсiпбек” атты еңбектерi, сондай-ақ бiрнеше ғылыми зерттеу жұмыстары қорғалды. (Р. Досжанова, Т. Шоқымов, Д. Құсайынов, Қ. Әбдiкова, А. Мiралиева) Бұл жерде профессор Қ. Жарықбаевтың ғұлама ғалымның психологиялық мұралары туралы жазған бiрнеше еңбектерiн зор ықыласпен атап өтуiмiз қажет.
Жоғарыда айтылғандарға орай диплом жұмысының өзектiлiгi мен маңыздылығы елiмiздегi психология ғылымының қазiргi күн талабына сай бiртуар ғұлама ұлдарымыздың бiрi-Ж. Аймауытұлының психологиялық мұраларын жан-жақты терең зерттеу болып табылады.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы ғалымның жалпы қоғамдық саяси мәселелердi психологиялық талдаудағы негiзгi ұстанымдары мен ұлттық педагогикалық-психологияның ғылыми терминдерiн тұңғыш реттеушi екендiгiмен сипатталады.
Диплом жұмысының мақсаты - Ж. Аймауытұлының қоғамдық саяси қызметiнiң маңыздылығы мен оның қоғамдық көзқарасының қалыптасу алғышарттарын психологиялық тұрғыдан талдауға ұмтылу, әлеуметтiк мәселелерiмен қатар қоғамдағы тұлға мәселесiн теориялық негiздеу.
Зерттеу объектiсi-Жүсiпбек Аймауытұлының 1995 жылы «Рауан» баспасынан басылып шыққан «Псиқалоғия» кiтабы.
Зерттеу әдiстемесi: Контент-анализ әдiсi.
Зерттеу мiндеттерi:
Ж. Аймауытұлының психологиялық мұралары туралы жазылған ғылыми еңбектерге шолу.
Ж. Аймауытұлының мұраларындағы қоғамдық психология мәселелерiн талдау.
Ж. Аймауытұлының «Псиқалоғия» кiтабындағы ғылыми атаулар мен терминдердi контент-анализ әдiсi арқылы талдау.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛIМ
1. 1 Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Ж. Аймауытов 1889 жылы қазiргi Павлодар обылысының Баянауыл ауданындағы Дәдебай ауылында дүниеге келген. Әкесi Аймауыт ақсақал балаларын мал табуға дайындады. Ол оқу бiлiм қууды, қолөнер кәсiбiне үйренудi мал табудың негiзгi жолы ұққан. Он бес жасына дейiнгi өмiрiн ауыл молдасына хат тануға арнайды. Әуелi бiрнеше молдадан сабақ алып, бес-алты жыл iшiнде ескiше едәуiр бiлiмiн көтередi.
Содан кейiн аз уақыт өзi молдалық құрып бала оқытады. Әкесi ұлдары Ақат пен Жүсiпбектi ауылдың етiкшi, өрiмшi сияқты шеберлерге жiберiп қолөнерге үйретедi, ән салып, домбыра тартуға баулиды. Мұның нәтижесiнде Жүсiпбек қолөнер кәсiбiне де машықтанады. Алайда тұрмыс қиындығы, жоқшылық, кедейлiк қолбайлау болып ол ауылдан Ұзап шығып оқи алмайды. Өстiп жүргенде Баянауылда орыс мектебi ашылып, Жүсiпбекке 1907 жылдан бастап сол жерге барып бiлiм алудың сәтi түседi. Бiр қыста екi бөлiмдi аяқтап бiр жылдан кейiн Керекудегi қазыналық ауылшаруашылық мектебiне барып түседi. Алайда ол мұнда ұзақ оқи алмайды.
Жүсiпбек мұндағы мектеп режимi мен әдiлетсiздiкке қарсы бой көтерген балалардың қатарында болып оқудан шығып қалады. Осыдан кейiнгi бiраз уақытын ауылда бала оқытумен өткiзедi. Баянадағы мектептiң үшiншi класында оқуын жалғастырады. Содан 1911 жылы Керекуге келiп екi класты орыс-қазақ мектебiне орналасады. Әуелi сол мектепте, кейiн интернатта бiлiм алып, 1914 жылы Семейдегi мұғалiмдер семинариясына түсiп, оны 1919 жылы бiтiредi. Семейде халқымыздың бiртуар ұлдары Қ. Сәтбаев, М. Әуезовпен танысып бiрге оқиды.
Жүсiпбектiң шығармашылыққа әуестенуi Семейде оқып жүргенде басталады. Оның алашордашылар iсiне тiлектестiк бiлдiруi “Абай” атты журнал шығарысып, “Сарыарқа” газетiмен қызметтес болуы да осы кезге сәйкес келедi. Осы басылымдар бетiнде ол алғашқы әдеби туындыларын жариялайды. Жүсiпбек шығармашылық жолға бетбұрысы Қазан төңкерiсiнен кейiн басталады. Бұл кезде ол жаңа үкiметтiң қоғамдық қызметiне араласады. Семинарияны бiтiрген соң 1919-1620 жылдары Семей губерниялық Атқару комитетiнiң бөлiм меңгерушiсi, “Кедей таңы” аттты газеттiң редакторы болып iстейдi. 1929 жылы Коммунистiк партия қатарына кiредi. Бiрақ 1922 жылы одан шығып қалады. Сол жылы Қазақстан Советтерiнiң құрылтай съезiне делегат болып, Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетiнiң мүшелiгiне сайланады.
Қазақ АССР Оқу Халық Комиссарының орынбасары болып тағайындалады. Кейiн Қазақ тiлi газетiнiң редакторына ауысады. Осындай қызметтер атқара жүрiп Жүсiпбек негiзгi уақытын шығармашылық жұмысқа арнаған. Бұрын шағын көлемдi пьесалар жазған ол “Мансапқорлар”, “Сылаң қыз”, “Қанапия-Шарбану”, “Шернияз” сияқты көп актiлi пьессалар, “Қартқожа”, “Ақбiлек”, “Күнiкейдiң жазығы” сияқты көлемдi прозалық туындылар жазады.
Бұл жылдары Жүсiпбек атқарған қоғамдық iстердiң мақсаты- туған халқының басына түскен заман ауыртпалығын бөлiсу болды. Осы жолда ол түрлі қиыншылықтарға кездестi. 1926 жылы Жүсiпбек үстiнен жасалған үлкен бiр шағым бойынша тергелiп, сотқа тартылады. Бұл жолы ақталғанымен 1929 жылы майда қайтадан ұсталып “Революцияға қарсы жасырын ұйымның белсендi мүшесi” ретiнде айыпталады. Ол Қызылорда да Москвада Бутырка тұрмелерiнде ұзақ уақыт тергелiп, қатты қысымға ұшыраған.
Осындай жалған айыптау негiзiнде 1930 жылы 4-сәуiрде Жүсiпбек Аймауытұлы ату жазасына кесiлген. Алайда үкiмнiң қашан, қайда орындалғаны жайлы дерек оның жеке iсiнде сақталмаған. Соңғы кезде Жүсiпбек ұрпақтары табылып, ол жайлы жаңа iздеулер жасала бастады. Соның бiрiнде қызы Музаның айтуынша Жүсiпбек 1931 жылы 31 сәуiрде атылған деген мәлiмет берiлген.
Жүсiпбектiң семьялық өмiрi жайлы бiрнеше мәлiмет қалдырған жерлесi-З. Ақышев болып табылады. Оның деректерi бойынша Керекуде мектеп бiтiретiн жылы (1914ж) Жүсiпбек күйеуi өлген бiр жесiр, бай жеңгесiне үйленген. Ондағы мақсаты-соның байлығын пайдаланып Керекуде қазақша газет шығару едiөдейдi. Бiрақ бiрiншi импералистiк соғыс басталып кетiп мақсатын орындай алмай, Семейге оқуға кетiп қалған.
Осы арада Ж. Аймауытұлының отбасы жайына тоқталсақ, 1919 жылы Семинарияны бiтiрген жылы Волкова Вера деген қызға үйленедi. Верадан 1916 жылы Бектұр, 1920жылы Жанақ деген ұлдары туады. Вера кейiннен қайтыс болады. Одан кейiн Евгения Қарабатыр қызы Сермухамедовамен отасады. Одан 1926 жылы Муза деген қызды болады. Евгенияның әкесi Қарабатыр Арыстан ұлы Сермухамедов (1870-1950) 1903 жылы Қазанда Жоғары оқу орнын бiтiрген, бiлiмдi мал дәрiгерi. Әйелi Александра Николаевна деген орыс қызы. Орысша тәрбиеленген отбасында адамдарды орысша атау әдетке айналған. Ол күйеуiн Қарабатыр демей Кириил деп атаған. Қызы Евгения Кирииловна болып жазылған, Бектұрды-Виктор, Жанықты-Юрий деп және Жүсiпбектiң өзiнде Юрий деп атау әдетке сiңген. Кейiннен Жүсiпбек балаларының Юрьевич, Юрьевна болып кетуiнiң себебiде сол болған (Т. С. Қаленова материалдары бойынша) [1] .
Жүсiпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр әкесi тұтқындалғаннан кейiн әудалау қаупi туған соң Кушемова Таскира Бақтыгерей қызымен бiрге Уфа қаласына барып, онда ФЗО да бiлiм алған, кейiннен, Шымкентке келген кезiнде “алашорданың баласы” деп әуғындаған соң, Түркiменстанға өтiп, мал дәрiгерлiк техникумында оқиды. Бiрақ, қайтадан әудаланып, мұнда да орнықты өмiр сүре алмайды. Сөйтiп, ол Қазанға кетуге мәжбұр болған, сол қаладағы әскери зауытта iстеп жүрген кезiнде оған шошқа бағу тапсырылып, артынан “алашорданың баласы” болғандықтан сенiмсiздiк бiлдiрiлiп, жалған айыпталып, 1937 жылы 10-жылға сотталған. Түрмеден қайтқан соң Кемерова аймағында тұрақтап қалған. Б. Аймауытовқа Казақстанға келу мүмкiндiгi тек 85 жасында туады (Қазақ әдебиетi 1994 -28 қазан) Жүсiпбек Аймауытұлының кiшi ұлы Жанақ та туған жерiнен жырақта Кырғызстанда, анығырақ айтқанда Бiшкек маңындағы Новопавловка селосында тұрады. Ал қызы Муза Жүсiпбек қызы қазiр қыздарымен бiрге Ақтөбе қаласында тұрады.
Жүсiпбек Аймауытұлы туралы жазылған еңбектердiң iшiнде әзiрше ең қомақтысы бiз осы бiтiрiу жұмысымызда деректерiн пайдаланған академик С. Қирабаевтың “Жүсiпбек Аймауытов” монографиясы. Бұл еңбек қазақ ғылымы мен мәдениетiнiң аса көрнектi өкiлдерiнiң бiрi- Жүсiпбек Аймауытұлының өмiр жолы мен творчествосын жан-жақты терең талдаған. Алпыс жылдан астам уақыт iшiнде Жүсiпбек есiмiне қатысты дүниелердiң көбi жоғалған. Солардың бiразы бiртiндеп толысады. Архив қойнауында бар мәлiметтер болса, табылар-дейдi өз зерттеуiнiң қорытындысында профессор С. Қирабаев [2] .
Жүсiпбек Аймауытұлы сияқты халқымыздың ардақты перзентiнiң ұрпақтарының тағдыры осылайша өрбидi. Бұл жағдай жалпы тоталитарлық жүйе құрбаны болған алаш зиялыларының бәрiне де бiрегей тән болды.
1. 2. Ж. Аймауытұлы мұраларындағы әлеуметтік психология мәселелерi
Қазiргi егемендi тәуелсiз Қазақстан мемлекетi үшiн, оның негiзгi иегерi қазақ халқы үшiн, оның Ұлттық психологиясын дамытып, қалыптастыруда Жүсiпбек Аймауытұлының мұраларындағы қоғамдық-саяси көзқарастарын жан-жақты зерттеудiң баға жетпес сiлтеме болатындығына дау жоқ.
20-30 жылдары Ресейде, сондай-ақ Батыс Европа елдерiнде әлеуметтiк -қоғамдық психологияға қызығушылық өрiстей түскен едi. Бұл мәселенi сол кездерi орыс психологтарының көпшiлiгi өз еңбектерiне арқау еткен болатын. Бұлардың арасында П. П. Блонский, М. А. Рейснер, В. А. Артемов, В. В. Беляев, В. М. Экземплярский, Л. Н. Войтоловскийлердi атауға болады. Олардың адамның қоғамдық мәнiне оны әлеуметтендiру мәселесiне ерекше маңыз бергенi психология тарихынан белгiлi.
Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі - Жүсіпбек Аймауытұлы [3] . Бас аяғы бес- алты жылдың ішінде оның осы салада алты кітап жазуы - бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орынбор, Госиздат, 186-бет), 1926-жылы екі кітап, бірі - «Психология» (Қызылорда -Ташкент), екіншісі «Жан жүйесі және өнер тандау» (М. Центриздат, 81-бет), 1929-жылы «Комплекспен оқыту жолдары» (Қызылорда, Қазгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (бастауыш класқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-1930ж. ж) «Сауатсыздықты қалай жою керек?» т. б. жариялады.
Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекшісінде» дидактика мен педагогиканың психологиялық ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болды. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т. б) .
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдар терең талданбады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болды. Олар: ұстаз бен шәкірт ынтымақтарының басты белгілері, қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері мұндағы еңбек тәрбиесі т. б. Бұл жайт Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiне де ықпалын тигiзген. Мәселен, “Психология” кiтабының “әлеуметшiлiк” деген арнайы тақырып бар. Онда айтылған ой-түйiндерге тоқталайық. Өмiрде дара денелердiң жұмысы болуы мүмкiн емес. Осының бәрiнде денелер арасында бiрiне-бiрi байланыстың, көмектестiк, өмiрлестiк бар [4] .
Қоғам дегенiмiз- жеке-жеке өсiп жетiлген адамдардың бiр жерге жиналуының нәтижесi. Әр адамның денесiн алсақ, ол да жеке-жеке шiлтерлердiң (клеткалар) өз бетiмен жетiлiп, бiрiгу нәтижесi. Адам қоғамы- айуандық қоғамының жетiлген тұрi. Алдымен қоғамдасу айуандарда болып, содан кейiн адамдарға жайылған. Адамның өзгешелiгiне қарай, о бастан оның қоғамдасуы да айуаннан өзгеше болған. Адам қоғамы өз арасында көмектестiгi, неше түрлі күрделi жұмыстары бар, белгiлi шаруа ұйымы, шаруа одағы әлеуметтiк тұрғыда бiреуге-бiреудiң ыңғайласуының жоғары түрi.
Жас бала екiншi айдан былай шешесiнiң жұғысқанын айырып, оның iсiне өзгеше жауап бере бастайды. Адамдармен араласқан сайын баланың нәрседен айырмасы адам балаға бiр қозғалмалы, бiр қалыпта тұрмайтын зат болып көрiнедi”.
Мiне, осы жерде Жүсiпбек Аймауытұлы ересектiң де баланың да әлеуметтенуi туралы айтып отыр. Автор өз ойын әрмен қарай былай жалғастырады: “Бала адамға көбiрек жҮғысуды тiлеп тұрады. Соның аяғы бала “менiнен” бұрын “сен”, “ол”, “олар” деген сөздi айтады, “Меннiң” өзi де адамдармен қатынасу, үйiр болу арқылы туады. Жас бала бiр өзiн қоюды аңсап бәрiн әиратуға, жоюға дейiн барады, бiресе кенет өзгерiп қозымен қатар жатқан арыстандай болады . . . әр уақыттағы тiлегi-оның қоғамдық күйiнiң нәтижесi”.
Әлеумет, қоғам, адам психологиясының негiзгi қозғаушы күшi. Адамның мақсатқа, дүние табуға орайланған еңбегi алдымен кәсiп iздеу үшiн, былайша айтсақ, нан табуға бағытталады. Ал бұл басқа адамдармен байланысқанда солардың көмегiмен жүзеге асады. Мәселен, диқан еңбегi табиғат шарттарына мықтап бағынады. Мысалы, ауа-райына, жер әҮйқасы, жыл мезгiлi, жауынға, құрғақшылыққа деген сияқты.
Автор бұл жерде “адамның күнi адаммен” дегендей, жалғыз iстейтiн қызмет жалпы айтқанда аз, тiптi болмайды дейдi. Жүсiпбек Аймауытұлының пiкiрiнше қоғамдық еңбек дегенiмiз адамдардың өзара көмектестiгi, аңшылық, бiрнеше адамның бiрлесуi, шөп шабу, егiн егу, ору, жол түзеу, арық қазу, орман отау, балық аулау, үй соғу, киiз басу, құдық аршу-барлығы адамдардың бiр-бiрiмен бiрлескен әрекетiнiң қоғамдық нәтижесi. Автор бұл жерде әлеуметтiк психологияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi адамның әр түрлі бiрлестiктерi туралы, олардың бiр-бiрiмен байланыстары туралы қазақ топырағында iлкi сөз қозғаған ғұлама ретiнде танылып отыр [5] .
Жүсiпбек Аймауытұлы қоғамдық психология туралы айтқан пiкiрлерiнде еңбек әрекетiнiң бөлiнiсiне қарай, кiсiде өзгеше психологиялық қабiлет туындайтынын да сөз етедi. Мәселен, ол сауда, кеңсе iсi, түрлі қара жұмыс, диқаншылық, өнеркәсiптiң әр түрлерi мамандық иелерiнде түрліше психология қалыптасады, осының нәтижесiнде әр адам әр түрлі қызметке жетiк маман бола алады дейдi. Яғни, ол бiреу шаруашылық, екiншi бiреу саясатшы, үшiншi адам сот, төртiншiсi-әскери қызмет т. б. мамандық иесi бола алатындығын, мұның барлығы сайып келгенде, белгiлi ұжымдардың әсерiнен қалыптасып дамитындығын ашып көрсетедi.
Жүсiпбек Аймауытұлының қоғамдық психологияға байланысты пiкiрлерi оның тап, дiн психологиясы туралы айтқандарымен де тоқайласып отырады. Автордың пiкiрiнше, “жеке адам деген құр дерексiз ұғым, адамның қылығы табымен өлшенедi, әрбiр адам белгiлi бiр топтың адамы. Сондықтан адамның қылығын оның табымен байланыстырып қарау керек. Оның айтуынша, адамның қандай тапқа жататындығынан оның психологиясы туралы мол мағлұмат алуға болады. Себебi адамның қылығы, белгiлi таптың туынды қылығы болып аталады.
Жүсiпбек Аймауытұлының пайымдауынша, бiр таптан екiншi тап ерекшеленiп отырады. Еңбек жемiсiн үлесу жолындағы таптар арасының кәдiмгi қатынасы, тартыс, тап-қоғамның тарихы, тап-тартыстың тарихы болып саналады [6] .
Автор әр тап өкiлдерiнiң тәрбие туралы көзқарастарының да түрліше болатындығын атап көрсетедi. Қазiргi кезде бiзде әлеумет және ұлт психологиясының сан-салалы мәселелерi жайлы зерттеулер жариялана бастады.
Осы мәселелердiң қырлары мен сырларын зерттеуге кезiнде әмiршiл-тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткенi, жалған интернационализмнiң жалауын көтерiп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсiз едi. Сондықтан да әлеуметтiк этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын жекеклеген ғалымдардың жол-жөнекей, атүстi жазған еңбектерiнде ғана сөз болып келген болатын. Осының салдарынан күнi бүгiнге дейiн ұлттық этнопсихология ғылымының зерттеу объектiсi де, термин, ұғым атаулары да бiр iзге түскен жоқ. Мәселен, үш томдық психологияның “энциклопедияның” жоба сөз тiзбегiнде оның 30-ға жуық терминдерi ғана тiркелген. Елiмiздегi тыныс-тiршiлiктiң кез-келген саласында ұлттық ерекшелiктердi ескермей, бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргiзу қиын екенi белгiлi болып отыр.
Ж. Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның «Психология» атты төл оқу құралы толық жалпы психологияның мәселелерін қарастырылған. Психология, - деп жазды автор осы кітаптың беташарында: терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән, өзге білімдер затшылдыққа табанын тіресе де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ. Қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады. Себептері, сырлары айқындалады, бұлардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса керек-ті. Бұл кітапты алдымен бала оқушыларға ұсынамыз. Қала берсе, кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, оның бәріне де психология пайдалы кітап деп ойлаймыз, хат танитын жәй қазақ, арындамай оқи алса, едәуір білім алар деп сенеміз». Оқырманына осылай ой сала келіп, Ж. Аймауытұлы: «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді [7] .
Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi барлық тұлғалар өзiнiң әлеуметтiк ортасымен және уақытымен тiкелей байланысты. Бейнеленген адамдарды сол дәуiрдiң қоғамдық саяси өмiрiнен, әдет-ғұрпы мен табиғатынан бөлiп қарауға болмайтыны автор еңбектерiнiң негiзгi қағидасы болып табылады. Автордың көркемдiк қлемiнде әлеуметтiк-сославиелiк ортаның ықпалы абсолюттiк дәрежеде болғанмен кейбiр оқиғаларда кейiпкерлердiң iс-әрекетiне тiкелей үстемдiк ететiнiн байқауға болады. тағдырлары мен iс-әрекеттерi қлеуметтiк жағдай мен қоғамдық ортаға тiкелей байланысты екiншi қатардағы кейiпкерлердi айтпағанның өзiнде басты кейiпкерлердiң жүрiс- тұрысы көп ретте сыртқы ортаның, жағдайдың қысымынан туындап жатады. Кейiпкердiң тек жүрiс-тұрысы мен iс-әрекетi ғана емес, олардың көзқарастары, ұғымдары, ойлау үлгiлерi де сыртқы ортаның әсерiнен бола алады. Бұл арада сыртқы орта белгiлi бiр жағдайлардың тоғысуы ғана емес, негiзiнде материалдық, сославиелiк мүдделер жатқан қатынастардың күрделi жүйесiнiңде қызметiн атқарады [8] .
Алайда, Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi тұлға концепциясын көтерiп тұрған негiзгi кейiпкерлер-әлеуметтiк сценарийден шықпайтын, сыртқы ортаның “өкiлi” ғана емес, олар қоғамның, жағдайдың үкiмiне, қысымына қарсылық бiлдiредi. Өзiнiң әлеуметтiк жағдайына қарамастан, өз бақытына ұмтылу, бостандық және тұлға мәселелерiмен тiкелей байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz