БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жеке тұлға - белгілі бір әлеуметтік қоғамның өкілі болатын, белгілі бір іс - әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.

Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді. Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс - әрекеттің субьектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез - құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс - әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке - дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.

Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесiнiң құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық есекруге, олардың қабiлетiн дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерiнiң кәсiби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес бiлiм беру үшiн жағдай туғызуға мүмкiндiк беретiн саралау мен даралау құралы болып табылады.

"Бағдарлы оқыту” және "кәсiптiк бiлiм беру” ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендiруге, сонымен бiрге мектептiң жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсiби бiлiм берудегi сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесi. Ал, кәсiптiк бiлiм беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң мүддесi үшiн, нәтижесiнде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсiби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудiң мақсатты процесiн түсiнедi.

Бағдарлы оқыттуды енгiзудiң мақсаты - жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сыныптарында оушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендiруге бағытталған арнайы дайындау жүйесiн жасау болып табылады.

Бағдарлы оқытудың негiзгi мiндетi бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет :

  • Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту
  • Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;
  • Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту - бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.

Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.

Оқыту үрдісі - оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы тұрғыда тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде оқушыларға білім беру өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді. [1]

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіруіміз керек. [2. 28]

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. [3. 123]

Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс - әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы. [4. 5]

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері Л. С. Выготскийдің, М. Б. Блонскийдің, С. Л. Рубинштейннің, Л. В. Занковтың, Д. В. Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі кезде Д. Н. Богоявленскийдің, П. Я. Гальпериннің, Б. В. Давыдовтың, Л. В. Занковтың, Е. Н. Кабанова-Меллердің, С. Л. Рубинштейннің, Н. Ф. Талызинаның т. б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған технологиясына Л. И. Аниферованың, Е. В. Бондаревскаяның, В. С. Ильиннің, М. В. Клариннің, Т. Н. Мальковскаяның, В. В. Сериковтың, И. С. Якиманскаяның, Д. В. Дорофеевтің зерттеулері арналған. Білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың, философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлғалық бағдарлы оқыту мәселелеріне деген терең және үздіксіз қызығушылығы да қозғалып отырған мәселенің маңыздылығын дәлелдей түседі. Ол үшін алдымен «тұлғалық бағдарлы оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн. [5. 85]

И. С. Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту.

Е. В. Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаның жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. [6. 54]

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғадан бағдарланған оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) жеке тұлғаның темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т. б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі.

3) әрбір жеке тұлғаның өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі. [7. 110]

В. В. Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

1. Жеке тұлға дегеніміз - адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.

В. В. Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:

- жобалау элементі - "тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады;

- оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі;

- оқытушы мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлғааралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады;

- тұлғалық-бағдарлы білім беру әрбір оқушының даралығына, жеке ерекшіліктеріне бағыттала отырып, оқушының жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндік береді. [8. 92]

Бүгінгі қазақстандық білім беру сипатындағы айрықша өзгерістер оны «адамның еркін дамуына» оның жоғары мәдениетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Бұл бағыт өз алдына оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді педогогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педогогикалық мақсаттардың өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік-интеграцияланған нәтижені анықтау мәселесін алға қойды. Осындай интеграцияланған әлеуметтік -тұлғалық-іс-әрекеттік ұғымның білім берудің нәтижесі ретіндегі жалпы анықтамасы болып мотивациялық-құндылықты, когнитивті, дүниетанымдық, коммуникативтік «құзырет-құзыреттілік» ұғымы танылады. Мұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер мен құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі құзыреттердің практика жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс-әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады. Демек, тұлғаға - бағдарлы технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда негізгі ұғым «құзыреттілік» ұғымына тоқталған дұрыс болады. [9. 112]

Құзырет (латын сөзі -сәйкесті, қабілеті) -орындалатын жұмыстың мәнін, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері мен құралдарын терең және түп-түбіріне дейін білу, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес келетін іскерліктер мен дағдыларының болуы.

«Құзырет»- өзінің бойындағы белгілі бір білімі мен дағдысы арқылы шешім қабылдауға қатысуға немесе өз бетімен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін лауазым иесінің жеке мүмкіншіліктері, оның біліктілігі білімі мен тәжірибесі.

«Құзырет» ұғымның тұлғаның жетілуімен және оның еңбек міндеттерін орындауда өнімді әрекет жасауға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін күйге жетуімен байланыстырады.

Осылайша «құзырет» - бұл оқу барысында жинақталған білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет білімге де, дағдыға да жатпайды. Құзырет - бұл іс -әрекетті, іскерлікті тудыратын нәрсе. Құзырет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. Құзыретті меңгеру оқушының белсенділігіне тәуелді. Құзыреттің көрінуіне белгілі бір жағдайлардың әсері зор. Құзыретке ие болу дегеніміз сол ситуацияға өзінің бар білімі мен тәжірибесін бейімдеу. Білімді адамдардың нақты ситуацияларда қажет болған жағдайда сол білімін қолдана алмайтындығын күнделікті өмірде кездестіруге болады. Осылайша, құзыретті дамыту және қалыптастыру үшін олар көрінетіндей нақты жағдайлар тудыру қажет.

Жалпы құзырет - өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейі. [10. 67]

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға жағдай жасау керек.

Өткенімізге зер сала қарасақ, білім беру жүйесінде осыған дейін оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсек, бүгінгі күннің мақсаты - іскерлік қарым-қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыру ұмтылу болып табылады. Төмендегі үлгіден білім беру жүйесіндегі кешегі мен бүгінгі қатынасты салыстыра отырып, бүгінгі таңдағы қатынастың артықшылығын байқауға болады.

Білім философиясы

Білім оқушы

Білім парадигмасы

Пәндік білім жеке тұлғалық

Басты тұлға

Мұғалім оқушы

Қатынас

Субъект-объект Субъект-объект

Мақсат

Білім беру өз бетімен білім алуға үйрету

Міндет

Оқыту дидактикалық жағдай жасау [11. 74]

Үрдіс

Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:

  1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
  • Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;
  • Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
  • Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;
  • Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;
  • «мендік» тұжырымдаманың болуы;
  • Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.
  1. Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар) :
  • Өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
  • даралық ұстанымы;
  • субъектілік ұстанымы;
  • таңдау ұстанымы;
  • шығармашылық табыс ұстанымы.

3. Технологиялық бөлімі:

  • шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
  • баланың жеке басының дамуын қолдау;
  • оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.

Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз - оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту -бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыру қажет деп есептейді:

  • түрлі дәрежелі амал - түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.
  • өзгешелік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;
  • жекеше амал - оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
  • субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады. [12. ]

1. 2 Бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту. Кабдирова Гүлжібек Зейниловна Павлодар қаласы, №25 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сынып мұғалімі:

XXІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті - педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілеттерінің ашылуына көмектесудің қажеттілігі арта түсуіне «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» жобасының ролі өте маңызды .

Жалпы білім беру саласында бастауыш сынып сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдердің оқытуда жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың ерекше бір бөлігі болып есептеледі. Оқушыларға білім берумен қатар, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдерді таңдап алу ең басты мәселе.

Ал қазіргі заманғы мектептің жұмысы жеке тұлғаны жан - жақты дамыту, оның ішкі дүниесін тану ең негізгі білім берудің принципі болып табылады. Яғни осы принциптерді қолдана алатын педагогтар дайындау қажеттілігі туындайды және іске асыру үшін тиімді жолдар іздестіріледі. Осы қажеттілік берілген жұмыстың туындауына әкелді. Бұл жұмыста жеке тұлғаға бағытталған оқытудың принциптері қарастырылады.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту сабағының мақсаты - жеке тұлғаның қасиеттерін ашуға жағдай жасау мақсатқа жетудің құралы болып табылады. [13. 18]

Ұйымдастырудың әр қилы тәсілдерін қолдану арқылы баланың әр түрлі жеке (қасиеттерін) қабілеттерін ашу. Әрбір оқушының қызығушылығын оятатындай етіп жағдай жасау. Өз ойын толық жеткізуге, тапсырманы орындауда қорқыныш сезімі туындамай тапсырманы орындауға жағдай туғызу.

  • Сабақта оқушы өзін - өзі көрсете алатындай материалдарды қолдану.
  • Оқушыны бағалау тек оның тапсырманы дұрыс не қате орындауында емес, мақсатқа жету процесіне байланысты.
  • Оқушы жағдайдан шығуға, өзінің талпынысын, өз әдісін табуға жағдай жасау.
  • Әрбір сабақта оқушы өздігінен орындауға, проблемадан өзі шыға білуге үйрету және соған жағдай туғызу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты
Педагогикалық инновация
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Білім берудегі инновациялар
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz