Журналистика қызметін үйлестіру, ілгерілету мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖН 12Д
Журналистика қызметін үйлестіру, ілгерілету мәселелері

Қоғамдық мәселелерді күн тәртібне қою, ақпараттар ағымын реттеу, өзекті тақырыптарды сұрыптау, әлеуметтік қатынастарды саралау жағынан баспасөз құралдарына бәсекелес бола алатын тетік пен механизм жоқ десе де болады. Ол саналы жанның түйсігіне, ақыл-ойына әсер етеді, ассоциациялық образдар туғызады. Адам - Жаратушының, табиғаттың инновациялық жобасы десек, журналистика адам баласының болмыс-бітіміне сай келетін қоғамдық дамудың соны жобасы. Сонылыққа, тосын құбылысқа кім құмар? Әрине, жас ұрпақ.
Жастар, әсіресе бойында, жүрегінде шығармашылық оты бар жастар журналистикаға, журналистік кәсіпке өздерінің творчестволық әлеуетін, потенциалын жүзеге асыру үшін келеді. Менің ойымша, журналистиканың дәл осы шығармашылық қыры - оның тартымдылығы (привлекательность, притягательность), басқа кәсіптен басты айырмашылғы. Шығармашылық бастау қазір түрлі-түрлі ақпарат құралдарында еңбек етіп жүргендердің көпшілігіне тән деп айтар едім. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын. Жас кезде амбицияны, кеудемсоқтықты талантқа балайтын кездер де болады. Ол енді - өтпелі дүние. Жайсаңбек Молдағалиевтің бір шығармасында санасы жетілмеген балаңдау студент жанындағы жолдасына: Менің қасымда сен де ақынмын деп жүрсің-ау, - деп өктемси тіл қатады. Расында, студенттік шақ - жетілу, толысу жылдары. Қарасөз, проза шеберлері соңыра, кейінірек піседі.
Айтты-айтпады, журналистика дегеннің не екенін, оның о бастағы арман-қиялдан өзгешелеу екенін енді-енді ұғып келе жатқандар мен бұл мамандықтың күнделікті ауыр еңбек екенін білетін жандар арасында бірсыпыра айырмашылық бар. Романтизм мен реализмнің айырмашылығы осы арада. Расул Ғамзатовтың Менің Дағыстаным эссесіндегі реализм мен романтизм арасындағы айырмашылық туралы тәмсіл еске түседі. Редакция өмірінің өзіндік ерекшелігі жетіп артылады. Оны өздеріңіз Фазиль Искандердің Созвездие козлотура повесінен оқып, білдіңіздер. Журналист кәсібіне деген ғашықтық, сүйіспеншілік уақыт өте келе өзгереді. Ол да отбасын құруға ұқсайды. Түсініскен, ұғысқан жандар ғана тату-тәтті өмір сүреді. Ал ұғыса алмасаң, ажырасып тынасың. Өкінішке қарай, ол да болмай қалмайтын құбылыс. Дей тұрғанмен журналистикадағы басты қозғаушы күш - шығармашылыққа құмарлық, сол азапты жан-тәніңмен қажетсіну. Прометей мен Данко мысалы бұрынғы, қазіргі, келешек журналистерге де әбден қатысты.
Осы ретте 1972 жылы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультеті түлектері арасында сауалнама жүргізілді, 1977 жылы журналистік білім беру проблемалары туралы бүкілодақтық зерттеу жүргізілді, 1978 жылы ММУ журналистика факультеті оқытушылары арасында эксперттік сауалнама өткізілді. Одан кейін болашақ журналистің кәсіби дамуы жөнінде 1980 - 1985 жылдар аралығында бес жылдық зерттеу жұмысы жүргізілді. Одан кейін 1988 жылы ЮНЕСКО және Лондон университеті коммуникация факультеті қамқорлығымен Кеңес одағы университеттеріндегі журналистика факультеттері мен бөлімдерінің декандары, оқытушылары арасында өткізілген сауалнаманы айтуға болады. Содан кейін 1996 жылғы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультеті түлектерін анкеталауды және 1997 жылы журналистика бөлімінің 50 жылдығына байланысты өткізілген сауалнаманы да еске ала кету керек. Осы анкеталаудың нәтижесінде респондеттердің дені кәсіптің басты көрсеткіші - шығармашылық деп көрсеткен екен. Бізде, тәуелсіз Қазақстанда ондай ауқымды да сенімді зерттеулер жүргізілді деп айта алмаймын.
1991 жылдан бастап қазақ елі жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынасқа көшті. Баспасөздің мақсат-міндеті де өзгерді. Жаңа басылымдар, теле және радиоарналар дүниеге келді. Азат пікір жаңа бағдарламаларды ерте келді. Сонымен қатар журналистика саласына басқа кәсіп адамдары, өзге мамандық иелері лек-легімен келе бастады. Олардың арнаулы журналистік білімі жоқ болатын. Ондай тасқынның, меніңше, бірнеше себебі бар. Біріншіден, журналистика кәсібіне деген талап ережелері босаңсып кетті. Екіншіден, журналистік білім беру жүйесі өмір өзгерісіне ілесе алмады. Үшіншіден, журналистика кәсібін де тамыр-таныстық дерті жайлай бастады. Төртіншіден, журналистика саласына бұрынғы жұмыс орнында өзін көрсете алмаған, бірақ шығармашылық потенциалы бар, айтар ойы бар адамдар ұмтыла бастады. Олар өздерінің танылмаған жақтарын шығармашылық кеңістікке шығарғысы келді. Бәлкім, олар бұрын мамандық таңдауда қателескен шығар. Естеріңізде болса, белгілі мультфильмдегі Домомучительница: Слышь, Матильда, по телевизору показывают жуликов. Ну, чем я хуже?! - деп өкінуші еді ғой. Одан кейін ваннаға жайғасып алып: Я хочу поведать миру! - деп сайрамаушы ма еді? Дей тұрғанмен өз басым әркім өз мамандығын ілгерілету керек деген ойдамын. Әйтпесе Иван Андреевич Крыловтың Шортан мен мысық (1813) атты әйгілі мысалындағыдай болады.
Беда, коль пироги начнет печи сапожник,
А сапоги тачать пирожник,
И дело не пойдет на лад.
Да и примечено стократ,
Что кто за ремесло чужое браться любит,
Тот завсегда других упрямей и вздорней:
Он лучше дело все погубит
И рад скорей
Посмешищем стать света,
Чем у честных и знающих людей
Спросить иль выслушать разумного совета.
Зубастой Щуке в мысль пришло
За кошачье приняться ремесло.
Не знаю: завистью ль ее лукавый мучил
Иль, может быть, ей рыбный стол наскучил?
Но только вздумала Кота она просить,
Чтоб взял ее с собой он на охоту,
Мышей в амбаре половить.
"Да, полно, знаешь ли ты эту, свет, работу? -
Стал Щуке Васька говорить, -
Смотри, кума, чтобы не осрамиться:
Недаром говорится,
Что дело мастера боится".-
"И, полно, куманек! Вот невидаль: мышей!
Мы лавливали и ершей".-
"Так в добрый час, пойдем!" Пошли, засели.
Натешился, наелся Кот,
И кумушку проведать он идет;
Л Щука, чуть жива, лежит, разинув рот,-
И крысы хвост у ней отъели.
Тут, видя, что куме совсем не в силу труд,
Кум замертво сташил ее обратно в пруд.
И дельно! Это, Щука,
Тебе наука:
Вперед умнее быть
И за мышами не ходить.
Сондықтан тап қазір журналистика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мәселелері күн тәртібіне тым өткір тұр. 1995 жылы өңірлік баспасөзді дамыту перспективасына арналған зертеулерге қатысқан газет редакторлары, жергілікті журналистік ұйымдар басшылары, сонымен қабат университеттердің журналистика факультеттері мен бөлімдерінің жетекшілері мынадай проблеманың бетін ашты. Шығармашылық үдерісті, творчестволық процесті өздерінше түсінген редакцияның жас қызметкерлері қиын тақырыптарға барғысы келмейді, аналитикамен айналыспайды, материалдың фактілік негізін тексеруге құлықсыз. Соның салдары: көптеген жас журналистердің фактілер шынайылығына деген жауапкершілігі төмендеп кеткен, олар баспасөз жарияланымдарының әлеуметтік резонансы туралы тіптен ойланбайды.
Сократтың анау заманда айтқан сөзі әлі өз мәнін жойған жоқ. Ол: Мен дәнеңе білмейтінімді білемін. Бірақ менің білетінім басқалардан анағұлым артық (Я знаю, что ничего не знаю. Но то, что знаю, знаю лучше других), - деген. Журналистикаға келген қазіргі жастардың дерті - ештеңе оқымайды, ештеңе білмейді. Білгірсінуді біледі, көсемсіп сөйлеуді біледі. Аудиторияда ұстаздары айтқан пікірлерді шыға бере иемденіп алып, былайғы жұртқа өзінің төлтумасы ретінде ұсынады. Менің түрлі басылымдарда тер төгіп жүрген шәкіртерім әлі күнге дейін аудиторияда айтылған ойлар айналасынан алыстамаған. Әркім өз малын таниды ғой. Бәлкім, Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық, - деген мәтел осындайдан шыққан шығар.
Творчество, шығармашылық ойға алған мақсат жүзеге асқанда ғана нақтылана түседі, ажары ашыла түседі. Шығармашылық әрдайым бірегей, уникум. Ол кез келген кәсіп түрінде де бар деп айта аламыз. Дей тұрғанмен ол қаламгерлік үдерісте, журналистика өнімінде айқын көрінеді. Біз айтар едік, күнделікті көрінеді. Бірақ мына пародоксты еске алмай болмайды. Біз шығармашылықты қайталанбас құбылыс дедік. Егер ол тәжірибе жүзінде бірнеше рет қайталанса, ғылыми түрде баяндалса, ол творчество болудан қалады, басқа түр-сипатқа көшеді. Кәсіпке, технологияға айналады. Шығармашылықта әрдайым субъективизм басым.
Сонымен бірге шығармашылықтың виртуалды мәні бар. Релятивистік (лат. relativus - салыстырымды, относительный) физика да оны солай түсінеді. Мәселен, материяны фудаменталды деңгейде зерттеудің арқасында виртуалды бөлшектер ашылды. Олардың айрықша белгісі - принципті түрде мүлде тіркеуге ілінбеуі. Былайшаң айтқанда, қолға түспеуі. Ал оны құрал-прибор ұстап қала алса, ол виртуалдығынан айрылады, тіпті оны виртуалды деп есептеуге де болмайды. Творчество да сол сияқты.
Қазір шығармашылық белсенділік механизмдерін, тетіктерін ғылыми зерттеу мәселесі психология мен кибернетика саласынан ғаламдасу мен ғаламдық мәдениеттану саласына ауысып бара жатыр дейді Л.А. Коханова мен А.А. Калмыков өздерінің Основы теории журналистики еңбегінде.

Тақырыпқа қатысты бір мысал. Қазақ әдебиеті, 6 - 12 шілде, 2012, № 28-29 (3297).
Кәкен Қамзин, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әнуар туралы сөз

Шығармашылық жолына ұлы көреген Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өзінен ақ бата алған қаламгерлердің бірсыпырасы, Құдайға шүкір, біздің өткен шағымызда өздерінің дара қолтаңбаларын қалдырып кетті. Ол халқымыздың несібесіне, игілігіне айналды. Ал кемеңгер М.О. Әуезовтің халықаралық аренада атқарылар жөн-жобаларын, идеяларын іс жүзінде ілгерілеткен, данышпан ұстазының өсиетіне өмір бойы адалдық танытқан, қимыл-әрекетімен де, текті сөзімен де әрі дамытып әкеткен тек Әнекең десек, оған дау айтар қазақ баласы табыла қояр ма екен?

Әнуар Әлімжановтың өмір жолы - арман соқпағы, күрес жолы. Жазушы, қаламгер Үндістан перзенті Махатма Гандидің: Өмір дегеніміз - күрес пен қасірет, - дегенін жиі қайталап отыратын, өзі сол тәмсілден күш-қайрат жинайтындай көрінетін маған. Ол ешкімге бас ұрмай өтті, тек әділдікке, ақиқатқа табынып өтті. Оның жазушылық, азаматтық позициясы да осы принциптерден өріліп шықты. Ол тек қаламгер ғана емес, ол - сонымен қатар, саяси қайраткер. Сондықтан ол туралы сөз сөйлегенде саяси-әлеуметтік ахуал мен өткір мәселелерден сырт айналып өте алмаймыз.
Ә.Т. Әлімжанов сынды қайраткер осында отырған әрқайсымыздан қымбат та ардақты қазақ халқы, қазақ жері бар екенін әмсе есте ұстады. Оның зертханасы да, обсерваториясы да өзінің кішкентай ауылы Қарлығаш еді, ол соның отты көзімен бүкіл планетаны, континенттерді шолды. Өтіп жатқан үдерістерге сараптама жасады.
Бір жағынан ол дәуір ауанына тартылса, екінші жағынан рухани эмиграцияда жүрді. Сондықтан оның жанын жегідей жеген ізденістері, шар тарапқа шарқ ұруы өзінің ішкі әлемі мен сыртқы дүниеажарын теңдестіру әрекеті болатын. Сөз жоқ, бостандықтың материалдық та, материалдық емес те ұғымының көкейінде жүргені кәміл, өзгеріс идеялары, күн тәртібіне қойылар ұлттық мәселелермен қатар, мен осыған бек сенімдімін, оның жүрек түкпірінде үрей мен күдік те орын алғаны анық. Бірақ оның журналистік, жазушылық томографиясы оны еш уақытта жаза бастырмады. Ол ешқашан шындықтан қашқан емес, керісінше, ол оны өзіне тартып отырды. Сондықтан қысылтаяң тарихи сәттерде оның ғажап харизмасы, идеялық-мәдени концепциясы, мен айтар едім, инновациялық креативі жарқ ете түсетін.
Ұлтымыздың Орнында бар - оңалар философиясы бұқараны әманда алға жетелейді. ХХ жүзжылдықтың 60-ыншы жылдары қазақ ұлты жиырмасыншы-отызыншы, қырқыншы-елуінші жылдары ойсырап-ортайып қалған мәдени-рухани әлеуетіміздің сан жағынан да, сапа жағынан да орнын толтыра алды. Алаш зиялыларының өнегесін ілгерілетті деп айтуға толық хақылымыз. Иә, сөйтіп, өткен ғасырдың 70-інші жылдары қазақ рухани өндірісі бар күш-қуатын іске қосты. Камал Смайылов, Шериаздан Елеукенов, Төрекелді Шарманов, Еркеғали Рахмадиев, Шота Уәлиханов, Әнуар Әлімжанов, Өзбекәлі Жәнібеков, Кәкімжан Қазыбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Мұхтар Арын, Кәкен Аханов, Жекен Қалиев сынды әрі өнерді, әрі әлеумет сөзін қоса ұстаған жаңа формациядағы қайраткерлер сахнаға шықты. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге де болар еді.Бірақ осымен тұйықтайық. Қарап отырсақ, аты аталған әр Тұлға нардың жүгін көтерді, қазақ мәдени құрылысының жетекші-жетекші салаларын басқарды.Әнуар аға: Біз тарихтағы сиюминутностьпіз, яғни қас-қағым сәтпіз, - дегенді оқта-текте айтып қалатын. Сол тарихи қас-қағым сәтте олар текті рухани бәсеке алаңын жасақтады, сол бәсекенің арқасында қазақ қоғамының біліктілік, азаматтық сапасы артты. Сол сана модернизациясын іске асырушылар қатарындағы дара да бірегей құбылыс - ол Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов!
Ұстаздың оралуы романында керемет бір идея бар. Ол - әл-Фарабидің араб жұртына тек үйрену үшін емес, түркі әлемін, Қыпшақ өркениетін таныту үшін жол тартқаны. Расында, таза-тақыр жерге өнім шықпайды. Құнарлы топырақтың шығымы да бөлек. Бұл өлкеде әрі жырау, әрі күйші-композитор, әрі қолбасшы Кет Бұғаның, Ақтамберді жыраудың, Абылай ханның, Қаракерей Қабанбайдың, Дулат Бабатайұлының, Шоқан Уәлихановтың, орыстың атақты суретшісі Василий Верещагиннің, поляк саяси қуғынгері Адольф Янушкевичтің, Құнанбай қажының, Әріп Тәңірбергеновтің, Әсет Найманбаевтың, Қоқан Автономиясының алғашқы Премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбаевтың, Алаш қайраткері Отыншы Әлжановтың, көрнекті ағартушы, публицист Біләл Сүлеевтің ізі қалған, ісі қалған. Лепсі уезін Пьер де Лазари атты француз да басқарған. Осы орайда қазақ поэзия - сының құлагері Ілияс Жансүгіровтің, қазақ композиторлары арасында тұңғыш рет КСРО халық артисі атағын иеленген, тұңғыш рет КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған Мұқан Төлебаевтің, Қазақ КСР-інің алғашқы еңбек сіңірген артистерінің бірі - Кәмәси (Қамадияр) Өмірзақовтың, белгілі ақын Тұрсынбек Жабаевтың рухани ізашарлық жөні бөлек.
Әнуар Әлімжанов 1949 жылы Ойжайлаудағы Лепсі педагогтік училищесін тәмәмдады. Оқу бағдарламасын толық игеруі өз алдына, бір ғажабы, училище қабырғасында жүргенде ол көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, саксафон аспабында классикалық шығармаларды құйқылжыта орындауды үйренді. Осы ретте шалғай өңірдегі елді мекенге өң кіргізген оқу орнының директоры Б. Т. Торыбековтің еңбегін ерекше мадақтай кеткен жөн.
Жас Әнуардың училище қабырғасында игерген өнері Венада, Прагада өткен Дүниежүзілік демократияшыл жастар фестивальдерінде оған көп септігін тигізді. Осы ретте оның музыкалық мәдениеті мен сауаты Ұстаздың оралуы романын жазуға, әл-Фарабидің Музыканың ұлы кітабын көркем желіге айналдыруға көп септігін тигізді. Әрине, оның шығармашылық саласында теориялық білімін шыңдауға С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетінің ұстаздары, атап айтқанда, М.О.Әуезов, Б.К. Кенжебаев, Х.Н. Бекхожин, Т.С. Амандосов көп көңіл бөлді. Студент Ә.Әлімжановтың сол дәуірдегі ұлы ерлігі - данышпан тәлімгері М.О.Әуезовті Қазақстан НКВД-сының қанды шеңгелінен құтқарып, Москва қаласына жасырын аттандырып салуы. Бұл тарихи оқиға туралы халық жазушысы Ә.Әбішев, белгілі қаламгер Ғ.Қабышев, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұртбай Мұхтар Әуезовтің өз сөзіне, дәлелді фактілерге сүйене отырып, арнайы мақалалар жазғаны белгілі. Одан соңырақ, кейінгі кезде мәлім болғандай, бір топ студент, оның ішінде Әнуар Әлімжанов, Сәкен Жүнісовтер бар, профессор М.О. Әуезовті университетке, оқытушылық жұмысқа қайтадан шақыру туралы СОКП Орталық Комитетіне хат жолдапты. Қаламы жүрдек шәкірттің түрлі-түрлі тақырыптағы, әртүрлі жанрдағы материалдары университеттің көп тиражды газетінде студенттік жылдары жиі-жиі жарияланады. Идеологиялық тенденциясы басым кеңестік жоғары мектеп аудиториясында осындай-осындай мәнді істерге араласқан ол 1954 жылы журналистика мамандығы бойынша диплом алып шығады.
Негізінен, орыс тілінде жазатын қаламгер алпысыншы жылдары Лениншіл жас газетінің очерктер бәйгесіне қатысып, жүлделі орынға ие болады. Түрлі басылымдардан алған қаламгерлік тәжірибесі кейіннен кеңестік журналистикада үлкен құбылыс ретінде қабылданған Диқан туралы аңыз атты көркем-публицис - тикалық шығарманың желісін ширатуға едәуір әсерін тигізеді. Атақты күрішші Ыбырай Жақаев туралы очерктегі қақтығысты Әнуар Әлімжанов индивидтер арасындағы текетірес деңгейінде қалдырмайды, оны дүниетанымдар арасындағы күреске дейін көтереді.
Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің органы Ленинская смена газеті редакторының алғашқы қазақ орынбасары болған да Әнуар Әлімжанов еді. Сол жылдары ол ел аралады, шетелдік сапарларға шықты, жастар фестивальдарына қатысты. Ақ дос, сары дос, қара дос (1958), Достар кездескен кезде (1959), Мәңгілік тамырлар (1960), Су жолымен және құрлықпен елу миль (1962), Күнге бет алған керуен (1963) атты кітаптар сол бір романтикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Қоғаммен байланыс қызметі
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Министрліктің Инвестиция комитеті
ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдардың жарық көруі мен құрылымы
Жетім балалар құқығы және журналистика
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Туристік саланы дамыту перспективалары
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы
Пәндер