Инвестициялық жобаны қаржыландыру әдістері
1. ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУЫ.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына,құрыл ысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары -- мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Бірінші жағдайда инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлемін -- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Инвестиция мыныларға бөлінеді: -Үлестік: жай және артықшылықты акциялар;
-Борышқорлық: облигациялар, қазыналы векселдер, депозиттік сертификаттар. Сонымен қатар,инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.Қазақстан Республикасындағы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау заңы бойынша инвестициялар -- республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициядан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар -- қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1) Жұмсау мерзімі бойынша:
* Қысқа мерзімді(1жылға дейін)
* Ұзақ мерзімді(1жылдан көп иемдену мерзімі)
* Мерзімсіз инвестициялар
2) Тағайындалуы бойынша:
* Қаржылық - құнды қағаздарға жұмсау
* Нақты-субектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық өндірістік қордың осуіне жұмсау
3) Шығу тегіне байланысты: бірінші, екінші
4) Бөлу формасы бойынша: құжаттық, құжатсыз
5) Ұлттық тегі бойынша: отандық, шетелдік
6) Қолдану түрі бойынша: Инвестициялық, Инвест.емес
7) Иемдену қатыры бойынша- жеке, жалпы
8) Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес
9) Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік
10) Тәуекелдік деңгейіне байланысты- аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдік
11) Экон.мәні бойынша- мүлшктік, міндеттік
12) Бұған қоса инвестициялар мынаған бөлінеді: Тікелей- басқа субектілердің жарғылық капиталындағы инвест-р
* Портфельдік- субект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы
* Венчурлік- жаңадан пайда болған субьъектілерді тәуеклді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялардың есебі 1100 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 "Акциялар", 2020 "Облигациялар" және 2010 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
2040-2010 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін; ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді -- ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты -- түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
3 Ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық стратегия
Ұзақ мерзімдік инвестицияның - иелену мерзімі бір жылдан артық болып табылады. Инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегия деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсіндіріледі.
Yenзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
- сатып алу құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Yenзак мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасьның сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жок болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзак мерзімді қаржылық инвестиция қыска мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады
4.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды тарту үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік ин-вестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Экономиканың тұрақты өсуін қалыптастыруда мемлекеттің инвестициялық процестерге әсері арта түседі. Капитал салымдарын арттырмайынша өндірістің құрылымдық қалыптасуын, оның техникалық деңгейін арттыру мүмкін болмайды.
Мемлекеттің инвестициялық қызметті реттеуінің принциптері келесідей:
* Экономикалық қауіпсіздік;
* Мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру;
* Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың басымдылықтарын анықтау;
* Заңнамаға қайшы емес инвестициялық қызмет іс-әрекеттеріне мемлекеттік билік органдарының араласпауы;
* Инвестициялау еркіндігі;
* Инвесторлардың тең құқылығы;
* Инвестициялаудың қорғалуы және т.с.с.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
Инвестициялық қызметті заңдық-құқытық реттеу;
Атқарушы билік жүйесіндегі қажетті басқару құрылымын жасау, олар инвестициялық процеске қатысушылардың қызметін ретейді, үйлестіреді, бақылайды.
Инвестициялық ахуалды және оның тиімділігін анықтап, тиісті институттарды қалыптастыру. Бұл арада институттар дегеніміз инвестициялық ортаны қалыптастыратындардың барлығы. Яғни, ережелер жиынтығы, екіжақты, көпжақты келісімдерді көрсететін шарттар, сондай-ақ инвесторлармен сыртқы ортаны байланыстыратын ақпараттық база;
Мемлекеттік инвестициялық стратегияны талдап, жасау және оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру.
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік инвесторлар іс-әрекетін реттеудің келесідей әдістері қолданылады:
Мемлекеттік нормалар мен стандарттарды және міндетті сертификациялау ережелерін сақтауға қадағалау жасау. Яғни, Инвестициялар туралы заңға сәйкес инвестициялық іс-әрекет субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген нормалары мен талаптарды орындауы тиіс. Егер инвестициялық іс-әрекет бағыты оның жүзеге асырылуы үшін сертификатты қажет ететін болса, онда мемлекет осы сертификаттың алынуын қадағалайды.
Монополияға қарсы шаралар. Экономиканың белгілі бағытын инвестициялауда мемлекет инвестициялық әрекетке қатысушы әрбір тұлғаға бірдей жағдай жасауы тиіс, яғни экономиканың жекелеген бөліктерінің бір инвестормен монополизациялауына жол бермеуі қажет. Жекелеген жағдайларда экономика секторын инвестициялау үшін инвесторлар арасына конкурстық талдаулар жасалынады.
Инвестициялық жобаларды сараптау. Яғни, берілген жоба, сала және инвестициялық бағдарлама бойынша инвестицияларға баға беру.
5. Табыс - инвестициялардың көзі ретінде және оны ұлғайту жолдары
Инвестициялар мемлекеттің, кәсіпорынның, тұрғындардың жинақтары және қорлануымен тығыз байланысты. Мемлекет үшін қорлану, яғни ұлттық табыстың ағымдағы тұтынуына жұмсалмайтын бір бөлігі негізгі ішкі инвестицияның қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кәсіпорындар, компаниялар инвестициялық қаражат ретінде пайданың қорлануын жұмсайды. Инвестициялық ресурстарды тұтынатын негізгі үш экономикалық субъектілерді бөліп көрсетуге болады. Олар - мемлекеттік басқару органдары түріндегі мемлекеттің өзі, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ үй шаруашылығы жиынтығы түріндегі тұрғындар.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты шетелдік инвестицияларды экономиканың нақты секторына тартуды көздеуі тиіс. Нарықтық экономикада инвестицияларды тарту мен пайдаланудың негізгі агенті меншіктің әртүрлі формасындағы компаниялар, фирмалар және кәсіпкерлер болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұл жиынтығы өндірістік капиталға ең мүдделі топ болғандықтан, қажетті инвестициялар тартудың әртүрлі көздерін іздестіреді.
Кәсіпорынды инвестициялық қаржыландырудың көзі ретінде шаруашылық қызметтің барлық түрлерінен алынатын пайда болып табылады. Салықтарды, ренталық төлемдерді жүзеге асырудан және дивиденттерді үлестіргеннен қалған пайданы кәсіпорындар мен кәсіпкерлер өз өндірісіне капитал салымы ретінде пайдалануға толық мүмкіндігі болады. Рентабельділігі жоғары кәсіпорындар үшін бұл өзін-өзі қаржыландыру формасындағы инвестиция тартудың сенімді көзі және ешқандай қарыз міндеттемелері жоқ қаржы болып табылады.
Өндірістік ұйымдарды инвестициялаудың орнықты ішкі көзіне амортизациялық төлемдер жатады. Олар бекітілген нормаларға сәйкес, міндетті түрде өндірісте қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың барлығына есептеледі және өндірістік шығындар құрамына қосылады. Тозған капиталдың, негізгі құрал-жабдықтардың орнын толтыруға жұмсалатындықтан бұл қаражаттың инвестициялық жаратылысы байқалады. Амортизация жабдықтардың нормативті қолданылуы мерзімі бойына бекітілген пайыз мөлшерінде әр жылғы біркелкі есептелуі немесе жеделдетілген амортизация шартына сәйкес жоғары пайызбен есептелуі мүмкін.
Ақша түріндегі инвестиция тартудың негізгі сыртқы көздерінің бірі банктік кредит болып табылады. Банктік инвестициялық кредит, әдетте, қайтарым кепілдігі, белгіленген уақыт және пайыздық қойылым негізінде жүзеге асады. Капиталды тартудың негізгі бір көзі болып отандық және шетелдік банктер, басқа да қаржы-несиелік ұйымдар беретін инвестициялық кредиттер есептеледі. Егер инвестор-банк кәсіпорын-қарыз алушыға кредиттік желі ретінде қайталанатын қаражат түрінде беретін болса, онда бұл кредит түрі қарыз алушының вексельдік міндеттемесі, сондай-ақ оның активтері негізінде берілуі мүмкін . Инвестиция және оны елге тарту еліміздің экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен, инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Соған байланысты, инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған. Осыған орай, экономика теориясына енген инвестиция термині өзінің маңыздылығымен әрі қарқынды дамуымен еліміздің экономикасында маңызды орын алып отыр.Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
6. Инвестициялық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
Нарықтық экономикаға ауысу, өндірісті технологиялық модернизациялау қарқыны Қазақстан Републикасының халық шаруашылығына капитал салу масштабы мен тиімділігіне тікелей байланысты. Өкінішке орай, еліміздің экономикасын бұлай тірілендіру сыздықтап қана жүруде. Оған себептер көп-ақ. Ең бастыларының бірі - салымға капиталдың қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, салық пен кедендік тарифтің жоғарылығы болды.
Дегенмен, қазіргі кезде жағдай жақсарып келеді. Республика Парламенті елдегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған бірнеше заңдар қабылдады.
Елімізде инвестициялық климатты жақсарту - бұл әртүрлі тұтас кешенді шаралар алу: салық, кедендік тарифтер бойынша жеңілдіктер беру мен ынталандырудың заңдық негізін жетілдіруден бастап, мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдағанға дейінгі шаралар. Бұған экономиканы жандандыру дәрежесі, нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейі, валюта нарығының күйі, банк жүйесінің тұрақтылығы және басқа да көптеген факторлар кіреді. Сонымен қатар, шетел капиталын тікелей салу үшін сол елдің қызықтыратын басты сипаттамаларының бірі елдің заңнамасында экономикалық ынталандыру мен жеңілдіктер жүйесінің болуы. Барлық жағдайлары бірдей болғанда салық салу жүйесінде жеңілдіктер беретін мемлекетке таңдау жасалынады.
Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу екі деңгейде жүзеге асады: ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық. Ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық реттеу бірін-бірі толықтырады және өзара тығыз байланысты [4].
Шетелдік инвестицияны халықаралық-құқықтық реттеу екі жақты және көпжақты халықаралық келісімшарттардан тұрады. Шетелдік инвестицияның халықаралық-құқықтық реттеудің басты құраушы бөлігін инвестицияның ынталандыру мен өзара қорғаудың екі жақты келісімі құрайды. Инвестицияны ынталандыру мен қорғаудың Қазақстан Республикасында жасалған екі жақты келісімінде келісуші жақтар қатысушы-мемлекеттер инвесторларына ортақ негізде екі режим ұсынады: ең қолайлы жағдайлы режим немесе ұлттық режим. Ең қолайлы жағдай принципі деп, әрбір келісуші мемлекеттер басқа келісуші мемлекетке, басқа үшінші мемлекетке берген немесе болашақта беретін артықшылықтарын, жеңілдіктерін, беретіндігіне міндеттелетіндігі айтылады. Ұлттық режим принципі деп, шетелдік адамдар, шетелдік компаниялар және шетелдік тауарлар осы елдің адамдарының құқықтарымен, ұлттық компаниялар мен ұлттық өнімдермен теңестірілуді айтады.
Екі жақты келісімдер кепілдіктерінің бірі - шетелдік инвесторға оның мүддесіне қысым жасалған жағдайда, осы мемлекеттің сотына шағымдануға ғана емес, халықаралық сотқа да шағымдануға мүмкіндік беріледі. Жалпы екі жақты келісім таластың екі түрін шешудің тәртібін қарастырады: инвестор мен инвестиция алушы мемлекеттің арасындағы талас және мемлекеттер арасындағы талас. Екі жақты келісімге сәйкес шетелдік инвестиция үшін тағы да бір ерекше кепілдік бар. Оның мәні, екі жақты келісіммен қарастырылған құқықтық кепілдіктер, келісім уақыты біткеннен кейін аталған келісімнің қызметі аяқталуы мерзіміне дейінгі инвестицияларға қатысты 10-15 жыл ағымында сақталады. Мұндай кепілдік шетелдік инвестициялар үшін кеңейтуге ұмтылушылықты дәлелдейді. Республикада инвестициялық клиамтқа жағымды жағдай жасау және бұл процестің динамикасы мен ауқымдылығына кең өріс ашу мақсатында Парламент депутаттары Заң жобасын талқылау мен тиянақтауға үлкен белсенділік пен конструктивтілік танытты. Жобаның бірнеше баптары өңделіп және толықтырылып, жекелеген парагарафтарына редакциялық түзетулер жасалды. Заң жобасының әртүрлі баптарына отыздан астам түзетулер мен толықтырулар жасалды.
7. Шетелдік инвестициялардың түрлері, олардың рөлі және тарту мақсаттары
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталды молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражатты білдіреді. Инвестициялар инвестициялау формаларына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірістегі мақсаты мен рөліне және қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар, шетелдік инвестициялар, қоржындық инвестициялар болып бөлінеді. Шетелдік инвестициялар - шет ел инвесторлары жүзеге асыратын инвестициялар. Шетелдік инвестицияларға:
- тікелей шетелдік инвестициялар (қаражатты компаниялардың немесе кәсіпорындардың жарғылық қорына немесе акцияларына салу);
- қоржындық шетелдік инвестициялар ( қаражатты ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салу);
- сыртқы несиелер, қарыздар, ресми және гуманитарлық көмектер жатады. Тікелей инвестиция деп капиталды экспорттаушының оны қабылдаушы елдің территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Қоржындық инвестиция - ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп - 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-нен аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдары дамымаған.
Шетел инвестицияларын тарту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыруда, тәуелсіз мемлекеттердің саяси және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып, шетел инвестицияларының табысты және тиімді нысандарын таңдап алу бүгінгі таңда маңызды мәнге ие болып отыр [4,б.6].
Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, АЭА және экспортты дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі іс-шараларын қаржыландыру көлемі 1- кестеде келтірілген.
Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту шараларын қаржыландыру көлемі
№
Іс-шараның атауы
Қаржыландыру көлемі, мың. теңге
1
Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту
1 382 596
1.1
ТШИ тарту үшін жағдай жасау
45 000
1.2
Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін жылжыту
723 170
1.3
Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау
614 426
2
АЭА мен ИА дамыту және құру
13 506 395
2.1
АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру
13 506 395
3
Экспортты жылжыту
4 670 971
3.1
Экспорттаушыларды сервистік қолдау
1 316 971
3.2
Экспорттаушыларды қаржылай қолдау
3 354 000
Барлығы:
19 559 962
8. Шетелдік инвестицияларды тарту жолдары мен шаралары
Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті". Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия ең ірі сілкіністермен жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болсадағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. МұныңөзіәлемдікқоғамдастықтыңҚазақс тандағытұрақтылықпеноныңинвестициял ықәлеуетінжоғарыбағалайтынынкөрсете ді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр.
Шетелдік инвестицияны тартудың проблемалары мыналар: елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек.
9. Тікелей және портфельдік шетелдік инвестициялар жаһандану жағдайында
ТІКЕЛЕЙ ШЕТ ЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
Шет ел компаниялары мен мемлекеттер басқа елдермен тікелей инвестициялар жүргізе отырып, инвесторлар базарды тезқалдырып кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір, өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей шетелдік инвестиция "ел қоры" секілді жанамалы инвестицияның күрделі қаржы мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне көбірек қызығады деген қорытынды жасауға болады. Тікелей шетелдік инвестициялар әрқилы жүзеге асуы мүмкін. Қабылдаушы-елдердің жергілікті қор биржаларынан осы компанияның акцияларын компанияларға тікелей сатып алу жолымен қатысуы шектеулі. Бұл инвестициялар көбіне инвесторлар тиісті фирманың өндіріс қызметін бақылау және осы ьасқару процесіне ықпал жасай аламайтын болғандықтан, енжар, немесе "портфельдік" деп аталады. Әдетте шетелдік фирмаларға қатусыдың шектелуі - бұл мемлекеттің қәсепорындарын жекешелендіру және айырбас, қарыз акциялар секілді мемлекеттік фирмаларды да конвертициялау. Қабылдаушы-елдер фирмаларымен лицензиялық келісім. Халықаралық корпорация жергілікті фирманың белгілі бір технологиясын өндіріп, ішкі базарда тарау үшін пайдалану хұқын бере алады. Жергілікті фирма халықаралық корпорацияға оның технологиясын пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Мұндай келісім үлкен қатерге бас тікпей-ақ, халықаралық корпорацияның шет ел базарына шығуына мүмкіндік береді. Кейде халықаралық корпорация соңынан лицензиялық келісімдер жасау үшін жергілікті фирмалардың акцияларын сатып алады. АҚШ-тың сауда палатасы өз құрамына кіретін компаниялардың материалды негізінде бір елге күрделі қаржы беру кезінде американың халықаралық корпорациялары нені басшылыққы алады дегенді анықтау мақсатымен кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті базардың мінездемсесі. Базардың тартымдылығы мен халықаралық корпорациялардың қызмет етуі ең басты фактор болып саналады. Базардың арзаншылығы. Жергілікті базарды қамтамасыз ететін, немесе оған қол жетерліктей мүмкіндікті, шамадан тыс болмаса да, шектейтіндей жергілікті заң мен нормативтік жағдайлар кәсіпорынның потенциальдық табысы мен тиімділігін арттыру ықтимал. Валюталық хауіп. Жергілікті валютаның құны өзінің негізгі !әлемдік валютаға қарағандағы) экономикалық қызметінің нәтижелерімен күңгірт бағаланатын тұрақты қатты валюталарға (иен, неміс маркасы, әсересе доллар) шаққандағы халықаралық корпорациялардың шығышы мен пайдасына тікелей қатысты.
Портфельді инвест-р. Портфельдік инв. - бағалы қағаздарға капиталды болашақта пайда табу мақсатында салынған қор нарығының конъюнктурасының өзгерісіне икемділігі б.т. Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. Портфельдік инвя - кор нарыгынын озгеру конъюнктурасына байл. бағалы кагаздарды кайта сату максатында багалы кагаздарга салынатын капитал. Бұл инвестиция тәуекелі жоғары, алайда оны төмендетуде диверсификациясы колд-ы.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жөне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады. Портфельдік инвестиция -- бұл озінің портфеліи курап алумен байланысты жане багалы кагаздар мен баскадай активтерди сатып алу болады. Портфель -- бұл әртүрлі инвестициялык кұндылыктардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы кағаздардын бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ жане депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
10. Инвестициялық жобаның мәні, түрлері және өмірлік циклы
Жоба - бұл белгілі 1 бастапқы мәліметрі бар же нәтиженің болуы талап ететін, оны шешу түсімріне негізделетін міндетрді білдді.
Инвестқ жоба - алға қойғанмақсатқа жету үшін, қандай да 1 жобаға капитал жұмсаумен бсты жасалатын ұйымдастыру эконқ шешімр жүйесін білдіреді.
Жобақ несиеу бша инвқ объектіріне жатады: 1) салынатын, қайта құрылатын не кеңейтілетін кәсіпорын, ғимарат, құрылғыр. 2) жұмыс жасап отырған кәсіпда жаңа өнім түррін өндіру. 3) өндірістің қауіпсіздігін арттыру не қоршаған ортаны қорғау.
Жоба түрлері:
1) жобаң көлеміне қарай: а) шағын жобар - 10-15 млн доллар мөлшерінде капитал жұмсауы қажет ететін жоба. б)Ірі жоба - капитал жұмы 1 млрд доллар не одан да асады.
2) іске асыру мерзіміне мерзіміне қарай: а) қысқа: 1 ж дейін; б) орта: 1жн - 3 не 5 ж; в) ұзақ: 5 жн жоғары.
3) тәуелсіздік дәрежесіне қарай: а) әр түрлі - бірдей іске асатын не соның ішінде біреуін таңдауды қажет ететін жоба; б) өзара бсты - бір-бірінсіз іске асырылмайтын жр; в) өзара тәуелсіз - бірің жүзеге асырылуы екіншісіне қарама-қайшылық тудырмайтын тәуелсіз жр;
Шағын жоба өндірісті кеңейту же шығарылған өнім түррін арттыру жобарын білдді.
Орта жоба өндірісті қайта құру не технқ жағынан қайта қаржру жоспары.
Ірі жоба ішкі не сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін қажетті өнеркәсіп өнімрін шығару жоспары.
Кез-келген инвестициялық жоба оның жүзеге асырылуымен байланысты же табыс алу мақсатымен қарастырылады. Сондн алға қойылған мақсатрң жүзеге асырылу кезеңі инвестқ жобаң өмірлік циклы д.а. Сонымен қатар кез-келегн инвқ жоба оны дайындау, іске асыру барысында 3 кезеңді басынан өткізеді: инвесту алдындағы, инвестицияу, жоба өнімін пайдалану.
1) ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
инвесту алдындағы кезең:
а) инвестицқ мүмкіндікті талдау;
б) жобаны даярлау (техникақ-экономикақ не бизнес жоспар құру)
в) техқ-эконоқ же қаржқ тиімділікті бағалау
г) жоба бша шешім қабылдау
2) инвестицу кезеңі:
а) келіссөздерді, контрактір жасау;
б) жобалау;
в) құрылыс
г) маркетинг
д) оқыту
3) жоба өнімін пайдалану кезеңі:
а) қабылдап алу же іске асыру
б) құрал-жабдықтарды ауыстыру
в) кеңею не жаңару
Кез келген инвестициялық жобаны қаржыландыру немесе несиелеу, оның тиімділігін бағалауға үлкен мән береді. Тиімліктің бірнеше түрлері бар, соның бірі экономикалық тиімділік. Экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты туындайтын барлық шығындар мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік..Инв жобалардың мынандай тиімділіктері бар:1.коммерциялық тиімділік дегенміз,яғни инв жобаны іске асйыруға қатысушылар үшін жобалардың іске асуынан туындайтын қаржылық нәтижелермен анықталады.2.Бюджеттік тиімділік- мем бюджет есебінен жүзеге асыратын инв жоба бойынша қаржылық тиімділік..3.Экономикалық тиімділік жобаны іске асыруыға байланысты туындайтын барлық шығындар мен мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік.
11. Инвестициялық жобаны жасау және инвестициялық цикл фазалары
Инвестициялық жоба дегеніміз- бұл жаңа өндірісті құруға іс-әрекеттегі өндірісті кеңейтуге жіне жаңартуға салынатын шаралар кешені болып табылады жіне сонымен қатар одан белгілі бір экономикалық тиімділікті алуды білдіреді.
Бизнес-жоспар бұл инвестициялық жобаны қабылдау туралы кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспарын сипаттайтын құжат болып табылады. Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты:1) егер жоба ірі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жоба болатын болса, онда инвестициялық жобаның жүзеге асырылуының экономикалық негіздемесі керек. 2) кәсікерлік қызметтің алдағы қаржылық нәтижелерін есептеу. 3) қаржылық көздерді анықтау. 4) инвестициялық жобаны жүзеге асыруда қабілеті бар мамандарды таңдау. Бизнес-жоспардың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: резюме(түйіндеме), өндіріс объектісінің сипаттамасы, саланың сипаты, өткзіу және нарықты талдау, ұйымдық жоспар, инвестициялық жоспар, өндірістік жоспар, маркетингттік талдау, қаржылық талдау, тәуекелдерді талдау, қорытынды, қосымшалар. Резюме бөлімінде бизнес жоспарды жасаудың қысаша мазмұны сипатталады және бизнес жоспарды жасаудың ең соңғы кезеңінде сипатталады. Онда кәсіпорын, өнім және қызметкерлер туралы мәліметтер, кәсіпорынның негізгі мақсаты, қаржылық нәтижелері, тартылатын инвестиция көлемі және табыстары, өтеу мерзімдері туралы мәліметтер көрсетіледі. Өндіріс объектісінің сипаттамасы бөлімінде объектінің орналасу орны, заңды мәртебесі, кәсіпорынның қаржылық қызметі, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы, жұмыс жүргізу стратегиясы, клиенттермен, мердігерлермен есеп айырысу шаралары және кәсіпорынның даму болашағы сипатталады. Саланың сипаты бөлімінде қарастырылатын мәселелер- саланың шикізат базасы, инвестициялық климаты, сала бойынша өнімді сату көлемі, бәсекелестік жағдайдағы әлсіз және кұһүшті жақтары. Өткізу немесе нарықты талдау бөлімінде потенциалды тұтынушыны анықтау, нарықтық сұранысын талдау және сатылатын өнімді жетілдіру жағдайы қарастырылады. Ұйымдық жоспар- бұл бөлімінде кадрлармен қамтамасыз етілу ,қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары же олардың еңбекақы дңгейі қарастырылады. Инвестициялық жоспарда инвестицияға қажеттілік, яғни шикізатқа, материалдарға, құрал-жабдықтарға, жер учаскесіне қажетті капиталды тартудың көздері мен шарттары қарастырылады. Өндірістік жоспарда өндірістік процестің толық сипаты қарастырылады же өнім өндірісінің көлемі анықталады. Маркетингтік жоспарда жоспарланатын сату көлемі мен максималды пайда алу үшін кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспары қарастырылады. Қаржылық жоспар бөлімінде табыстар мен шығындардың жоспары, ақша қаражаттарының түсімі мен төлем жоспары, қолма-қол ақша ағымының жағдайы және баланстық жоспар қарастырылады. Тәуекелді талдау бөлімінде кәсіпорынның қызметіне әсер ететін барлық тәуекел түрлері талданып, осы тәуекелді төмендетудің әдістері қарастырылады.
Қорытынды бөлімінде кәсіпорынға жоба бойынша ұсыныстар беріледі, жобаны жүзеге асыру үшін капитал көлемі, инвестицияға берілетін кепілдеменің түрлері, қаржылық көздерін талдау мүмкіндіктері сипатталады.Қосымшалар бөлімінде бөлімдерге сәйкес диаграммалар, графиктер, кестелер, суреттер көрсетіледі.
12. Инвестициялық жобаны қаржыландыру әдістері
Жалпы инвестицияны қаржыландыру жүйесі 2қаржылық элементтерден тұрады:қаржыландыру көздері және инвестицияны қаржыландыру әдістері.
Инвестицияны қаржыландыру көздері өздеріне тән белгілеріне байланысты, яғни меншік қатынастарына байланысты және меншік иелерінің деңгейіне байланысты жіктеледі.
Меншік қатынастарына қарай:
* меншікті қаражат көздері есебінен қаржыландыру - өзін-өзі қаржыландыру әдісі,сондай-ақ амортизациялық аударымдар;
* тартылған қаражаттар есебінен қаржыландыру - жарғылық капиталға қосқан жарналар және акция және облигацияларды сатудан түскен түсімдер;
* заемдық қаражаттар есебінен қаржыландыру - барлық банктік несиелер , қаржылық институттардың берген несиелері , коммерциялық несиелер;
Меншік иелерінің деңгейіне байланысты:
* мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру, яғни қайтарылатын жағдайда мемлекеттік несие беру,ал қайтарылмаған жағдайда мемлекеттік оссигнованиялар беру(дотация ,субсидия ,субвенция)
* әр түрлі әлеуметтік қорлардың қаражаттар есебінен қаржыландыру;
* щаруашылық жүргізіші субьектілердің есебінен қаржыландыру;
* шетелдік инвесторлардың есебінен қаржыландыру;
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың келесідей әдістері бар:
1. Өзін өзі қаржыландыру әдісі
2. Акционерлеу әдісі
3. Бюджеттік қаржыландыру әдісі
4. Несиелеу әдісі
5. Инвес-қ қаржыландырудың шетелдік әдісі
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың аталған әдістері бойынша ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, ар кәсіпорын өзінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі қаржыландыру әдістерін пайдаланады.
Бюджеттік қаржыландыруды пайдаланушылар келесілер:
1. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар
2. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар жатады.
Жоғарыда аталған екі топты мемлекеттік инвестиция алушыларға жатқызамыз. Яғни инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында жобаның қаржылық тұрақтылығына көбінесе мемлекет жауапты болып табылады.
Бюджеттік қаржыландыру әдісі 3 қағидаға сүйеніп жүзеге асырылады:
1 Аз шығын жұмсап, жоғары әлеуметтік экономикалық тиімділікке қол жеткізу
2 Бюджеттік ресурстарды пайдаланудың мақсаттық сипатын қарастыру
3 Белгіленген жоспарды уақытында орындау
Несиелеу әдісі басқа әдістерге қарағанда кеңінен қолданылады. Банктің несиелері- қаржы нарығындағы шығарылған ресурстардың кең тараған түрі. Несиелеу әдістерінің 2-формасы бар:
oo коммерциялық несие
oo банк несиесі .
Акционерлеу әдісі дегеніміз-заңды тұлғалардың қаржылық ұйымдар мен әр түрлі салалардағы мен кәсіпорындардың АҚ формасында құрылып,оларды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды акцияларды сату негізінде қаражттардың тартылуын айтамыз.
Инвестицияны қаржыландырудың шетелдік әдісі.Меншікті қаржыландыру ресуртарының шектеулі болуы шетел капиталын пайдалану қажеттілігін туғызады етіледі.Шетел капиталының отандық экономикағы келуінің 3 түрі бар:
1.экспорттық
2.мем дамытуға бер-н ресми көмек;
3.шетел капиталының ағын
13. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі және оларды сараптау
Инвестиция сөзі латын тілінен қазақ тіліне аударғанда қаражат салу , жұмсаудеген мағынаны білдіреді.
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өту кезіңде пайда болған жаңа термин болып табылады.Олай болу себебі,бір орталықтан жоспарлау кезіңде капитал жұмсалымы деген ұғым пайдаланылды. Нарықтық мәмілелерде көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады. Мысалы Заман деп аталатын компания кез-келген бір тауарды мынандай шарттармен өндірсін: компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын; импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын; кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін; нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады. Мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын мынадай нұсқалармен салыстыра отырып анықтау қажет: компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу; ұқсас тауарларды шетелден сатып алу. Осылайша, экономикалық талдау процесіңде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек болып табылады. Егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігін талдау қалыптасқан. Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие: 1. қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну; 2. экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау; 3.қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты; 4.ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнын бағалау; 5. ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді); 6.жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру (бұл нәтиже болады).
Кез келген инвестициялық жобаны қаржыландыру немесе несиелеу, оның тиімділігін бағалауға үлкен мән береді. Тиімліктің бірнеше түрлері бар, соның бірі экономикалық тиімділік. Экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты туындайтын барлық шығындар мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік. Жобаны іске асырудың экологиялық тиімділігі.Инв жобалардың мынандай тиімділіктері бар:1.коммерциялық тиімділік дегенміз,яғни инв жобаны іске асйыруға қатысушылар үшін жобалардың іске асуынан туындайтын қаржылық нәтижелермен анықталады.2.Бюджеттік тиімділік- Бұл көрсеткіштер инв жобаның іске асуынан бюджеттен түсетін салықтық жіне де басқа түсімдерге байланысты сипатталады.3.Экономикалық тиімділік жобаны іске асыруыға байланысты туындайтын барлық шығындар мен мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік.
14. Инвестициялық портфельдің қалыптасуы және жіктелуі және оның оңтайлы тиімділігі.
Инвестициялық портфель - бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты - процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер де негізгісі процент алу деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп- қатері жоғары құнды қағаздардан тұратын портфельге беруге болады, алайда, егер іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелінетін болса және керісінше, егер де инвесторлар үшін ең маңыздысы капиталды сақта және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немесе мемлекеттің азғантай тәуелдікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз проценттік төлемдер шығаратын, үлкен өтімділікке ие болатын құнды қағаздар портфеліне қосылады.
Инвестициялық портфельді қалыптастырудың басты мақсаты - не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша бірін-бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.
Портфельдің мұндай тұрпаты көпшілігінде өзінің қасиеті арқасында тұрақты болымды нәтижеден тұрады.Қағида бойынша, портфельдерді басқару екі тәсілге бөлінеді - активтік және пассивтік.
Активтік басқару - инвестициялық портфельден алынған табыс мөлшерінің болжайтындығын сипаттайды.
Пассивтік басқарудың мәні - күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және портфельді өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған портфельдерді жасаудан тұрады.
Кәсіпорынның инвестициялық портфелін қалыптастыру келесі үш кезеңге бөлінеді:
* Оны қалыптастыру мақсатын анықтау;
* Компанияларды ,кәсіпорынды, банкті, үкіметті, кімнің құнды қағаздарын алу керектігін таңдау;
* Инвестициялық портфельдің есебі жүргізуші коммерциялық банкті таңдау.
Кәсіпорының қаржы менеджелері инвестициялық портфельді басқарғанда портфель тоериясын қолданады. Бұл тоерия төрт элементтен тұрады: активтерді бағалау, инвестициялық шешім қабылдау, портфельді оптималдау, нәтижелерді бағалау.
Тәуекелдік және табысқа қарай портфель келесі түрлерге бөлінеді:
+ Агрессивті;
+ Нарықтық;
+ Консервативті.
Қазіргі кезде портфель жоғарғы қор нарығында көп таратылуда - көптеген кәсіпорындар бұл әдісті жеке меншік инвесторларды жұмысқа тарту үшін қолданады. Дұрыс шешім қабылдау үшін бұл жерде ақпаратбасты рөлді атқарады. Талдауда аса көңіл бөлетін фактордың бірі өзгерісі. Осы өзгерістерді талдай отырып , қаржы менеджері қай қағазға инвестиция салу керектігіне шешім қабылдайды.
Халықаралық практикада арнайы рейтингтік агенттік нарық айналымындағы бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын талдайды. Біздің елде мұндай практика әлі іске асырылмаған.
Құнды қағаздар портфелін қалыптастыру келесі кезең арқылы жүргізіледі:
o Оптималды портфель типін таңдау;
o Қолайлы портфель тәуекелдігі және табыстың үйлестірілуін бағалау;
o Алғашқы портфель құрамын анықтау;
o Алдағы уақытта портфельді басқару тәсілін таңдау.
Ойластырған инвестиция объектісінің қаржысын талдау барлық кезеңдегі
инвестициялық процестің бір бөлігі болып есептелінеді
15. Инвестициялық үрдістегі банктер мен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы, әсіресе, шағын және орта бизнестің жоғары мәнге ие болатындығын айқын көрсете алды. Сондықтан еліміздің заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарын айқындау өте маңызды. Кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуы елдегі ішкі экономикалық жағдайға және көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін өз құқықтарын пайдалана білетін нақты кәсіпкердің қабілеттілігіне де байланысты болады. Әрине, бұл факторлар көбінесе шағын бизнестің дамуына әсер етеді. Шағын бизнес кәсіпкерлік қызметке қатысушылардың өздерінің арасында және мемлекетпен өзара экономикалық қарым-қатынасын заңды негізде ұйымдастыруды қажет етеді.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін инвестиция есебінен қаржыландырып дамытуда. Көптеген өндіріс орындары қайта ашылып, ал қызмет етіп келе жатқан өндірістер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы жүздеген, мыңдаған халықты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:
1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты - ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;
2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;
3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;
4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz