Оклахомадағы Қазақ ауылы және қандас балалардың ұлттық тәрбиесін сақтау тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұхит асқан балғындардың «ҚАЗАҚ АУЫЛЫ».

АҚШ-тың Охлахома штатындагы Охлахома университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті деканының ғылыми инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мысаева Қарлыға Нақысбекқызымен болған сұхбат.

Ұлан: Қарлыға апай, сіздің АҚШ-тың Охлахома штатында ғылыми тағылымдамадан өткеніңізде сол елдегі өзіміздің қаракөздеріміздің тұрмыс -тіршілігімен танысқан екенсіз. Алған әсеріңізді бізбен де бөлісе отырсаңыз?

Қарлыға Нақысбекқызы: Біріншіден, айта кететіні Охлахома штатын таңдаған себебім өзіміздің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Охлахома штатының университетімен 1995 жылдан бері тығыз қарым-қатынас жасап келеді.

Әрине, жат елге барсаң жақындарыңды іздейтінің хақ. Ғаламтор арқылы осы елдегі қазақ балаларын асырап алған отбасыларды іздей бастадым, нәтижесінде «Қазақ ауылы» деп аталатын қорды таптым, хат жазысып сол Қазақ ауылына барып, көзбен көруді ойластырдым. «Қазақ ауылы» 2004 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазақ ауылының президенті Сюзан Саксан 11 жасар Қазақстандық Сара есімді қызды асырап алған. Мен бұл қазақ ауылында бір апта болганымда 69 бала өз ата-аналарымен жиналды. Мұнда балаларға өзінің қазақ екендігін, Қазақстанда туылғандығын ашып айтады. Атап айтсақ:

  • аптаның бес күнінде балаларға қазақ тілі оқытылды (жас ерекшеліктеріне сай) .
  • балаларға арналған домбыра мен қобыз үйірмесі бар.
  • Қазақы ою-өрнектердің үлгілерін үйреніп, балалар түрлі әшекейлер дайындайтын сыныптар ұйымдастырылған.
  • Балаларға түрлі ұлттық ойындар үйретіледі, соның ішінде олар асықты қызыға ойнайды.
  • Жас ерекшеліктеріне қарай балаларға ұлттық би үйірмесі ұйымдастырылған. Балғындар «Қаражорға» биін билегенде ерекше әсерде болдым.
  • Жергілікті аң аулау кәсібімен айналысатын азаматтарды қазақ ауылына шақырды. Балаларға қыран құсын таныстырып, құсбегіліктің қыр-сырын үйретті.
  • Ерекше атап өтетін жайт сабақтарда жақсы көрсеткішке жетіп жүрген балаларға қолдан жасалған теңгелер берілді. Апта соңында жәрмеңке ұйымдастырылып, балалар жинаған теңгелеріне әр-түрлі бұйымдар сатып алды.

Ұлан: Қарлыға апай, дегенмен де жат елде жүрген қандастарымызды көргенде қандай күйде болдыңыз?

Қарлыға Нақысбекқызы: Ең басты мені қынжылтқаны қандастарымыздын өзге елде өсіп жатқандығы және 1999 жылдан бері АҚШ- қа Қазақстаннан асыранып алынған балалардың саны 6, 5 мыңға жеткені. Алайда, Қазақ ауылында болып, көңілімдегі күмәнді сейілткендей болдым. Дегенмен, ішімде әттеген-айлар қалғаны анық.

Ұлан: Атам қазақ қонақжай халық қой, «Қазақ ауылына» барғаныңызда йісі қазақтың атынан сый-сыяпат табыстаған боларсыз?

Қарлыға Нақысбекқызы: Әлбетте, құр қол бармадым. Бұрыннан жазып жүрген әңгімелерім болатын. Алғаш «Қазақ ауылымен» хат жазыса бастағанымда көпшілік ата-аналар балаларына жайлау туралы әңгіме айтқылары келетінін жеткізді. Мен бар мәселені ой елегімнен өткізе келе, «Қазақ жайлауы» атты әңгімемді кітап етіп табыстауды жөн санадым. Кітапта қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық нақышын бейнелеген суреттер балғындардың жадында қалатындай, айқындап көрсетуді қолға алдым. Әңгімеде Ая және Сая есімді кішкене қыздарды кейіпкер ете отырып, қазақ қыздарының тәрбиесін барынша көрсетуге тырыстым. Аяның ойының ұшқырлығын, сіңлісіне деген қамқорлығын, кішіпейілділігін ерекшеледім. Анасына үй шаруасына көмектеспей ойынға кетпейтін апалы-сіңлілі қыздардың бастан кешкен оқиғаларын, балаларға қызықты әрі тәрбиелік бағыты бар кітап етіп шығаруды ұстандым. Ең бастысы балалар мен ата-аналардың кітапты алғандағы қуанышын көріп, алғысын алып, өзім де бір шаттанып қалдым.

Ұлан: Сұхбатыңызға рахмет!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі
Ұлттық ойындардың мектепке дейінгі балалардың тілін және адамгершілік тәрбиесін дамытудағы рөлі
Шетелдегі қазақ диаспорасының ұлттық мәдениетін сақтау: Моңғолия мен Қытай қазақтарының тәжірибесі және Қазақстанның ортақ Отан рөлі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру және жүйелік негіздері
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру: мәні, мазмұны және ұлттық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту: теориялық-әдістемелік және практикалық тәсілдер
Луговой ауылы әкімдігінде мемлекеттік қызмет және басқару мамандығы бойынша оқу тәжірибесі туралы есеп
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру: теория, әдістеме және міндеттері
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру: рөлі, міндеттері және жаттығу жүйесі
Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру мен дамытудың мазмұны, әдістері және ұлттық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz