Кенелер дара жынысты буынаяқтылар
Кенелер
Peacock mite, Tuckerella sp.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:
Animalia
Жамағаты:
Arthropoda
Кіші жамағаты:
Chelicerata
Табы:
Arachnida
Кіші табы:
Acari
Leach, 1817
Superorders
Acariformes
Parasitiformes
Кене
Кене (Acarіna) - өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 - 30 мм. Жұптасқан 1 - 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.
Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене - адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.[1]
Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері. [2]
Кенелер - нағыз паразит жәндіктер
Кене
Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.
Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің кішкене басы тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.
Caption text
Нимфа (гректің нимфе деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады. Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz