Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бүгінгі заманда ұлттық мемлекеттердің тасы өрге домалап тұр. Қай елдің экономикасымен қатар мәдениет, әдебиеті озық болса сол ел әлемдік саясатта басымдыққа ие. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі кітап оқу деңгейі, оқырмандар мәдениеті халықаралық қауымдастықтың жүргізіп отырған саясатында маңызды құндылық ретінде қаралып келеді. Оған тарихта болған оқиғаларды мысалға келтірмей-ақ Ресей, Жапон елдерінің баспа ісіне аса мән беріп отырғандықтарын атап өтуге болады. Өткеннен өнеге алсақ американ жазушысы, баспа саласының практигі Гордон Грэмнің «Ағылшын баспагерлері ағылшын кітабының таралуы жолында жанкешті қызмет етіп келе жатқан миссионерлер сынды», - деуі де бекер емес еді. Сол табандылықтың арқасында ағылшындық кітап өнері биік деңгейге көтеріліп отыр. Бір ғұлама кезінде “Өнер ұлттың киімі” деген екен. Ендеше киіміңе қарап қарсы алатынын ұмытпауымыз керек. Кезінде Үндістан үкіметі де ағылшын кітаптарының елді жаулап басып бара жатқанына қынжылып, шетелдік кітап басқыншылығына қарсы шара қолданған болатын.

Бұл ұлттардың бір-біріне ауыз салған заманда ұлттың ұлт ретінде сақталуы үшін шешуші орынды атқаратын аса салмақты саясат екендігін көрсетеді.

Кейінгі кездері Қазақстанда осындай мәселелер бас қылтита бастағандай. Оған мысал ретінде отандық кітап дүкендерінің 60-80 пайызын Ресей кітап өнімдерінің жаулап алуы, қоғамдағы жазушылардың төмен беделі, кітап оқырмандары санының кемуін атап өтуге болады. Орташа статистикалық қазақстандық жарты жылда шамамен 3, 7 кітап сатып алса, қазақстандықтардың тек 17 пайызын ғана белсенді оқырмандарға жатқызуға болады екен. Сондықтан елімізде оқу мәселесі де қылаң беріп отырғаны анық. Кезінде ең көп кітап оқитын елдің бірі болғанымыз да бүгінде аңыздай естілетіні содан болар.

Демек, бұл Қазақстандық баспа ісінде, кітап тарату жолында мәселе бар деген сөз. Сондықтан да, аталған саланы дамыту барысында әлі де болса көптеген шаралар жүзеге асыруымыз керек.

Бұдан басқа көршілес елдер арасындағы кітап саласындағы ынтымақтастық пен татулық аса құнды қажеттілік болып табылады. Кеңес Одағынан қалған игі дәстүрді қайта жандандыруды одан әрі дамыта бермек ләзім. Бұл жолда мемлекет үшін баспа ісінің даму жолын бақылап, қадағалап отыру, оқырман көңіл-күйін зерттеу, мониторинг жүргізу аса қажетті. Сонымен қатар, оқырман мәдениетін тәрбиелеу шараларын ұйымдастыру жолында аталған сайтты ашу тың бастама екені сөзсіз. Сондықтан да, Қазақстандағы кітап ісін дамытуға бағытталған сайтты ашудың негіздемесін ұсынып отырмыз. Негіздеме баспа ісін дамытудағы шараларды анықтап, бірізге түсіріп, кітап ісін одан әрі дамытып, нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жан-жақты қамтамасыз етпек.

Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын. Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Бүгінде жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет жеделдеткіші» болып отыр.

Кітап тарихы жайында Ш. Елеукенов мынадай пікір келтіреді: « . . . қолжазба күйінде ме баспа түрінде ме, кітап өзін жарыққа шағарған елдің, қала берді күллі әлемнің тарихына, оның мәдениетіне тікелей қатысты. Қазақ халқының Кіндік Азиядағы туыстас, бауырлас түрік ел-жұртымен ортақ тарихы бар да, 1456 жылдан бастап жеке отау құрудан кейінгі тарихы бар. Ал ХҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарынан 1917 жылғы қазан революциясы аралығындағы кезеңнің өз ерекшеліктері бар. Ресейдің құрамына кірген кезде, қазіргі тілмен айтқанда, конфедерация дәрежесінде жүрген Қазақстан, бірте-бірте отар қамытын киді. Бұл бағыт сол дәуірде туып-қалыптаса бастаған қазақ баспа кітабы репертуарына, кітап ісінің басқа да салаларының сипатына өз әсерін тигізбей қойған жоқ» [1] .

Ия, кітап өмір шындығына негізделіп, ақиқатпен ажарланғанда ғана қадірі артып, оқырманның санасында қалады. Санаға орнаған таным-білік ешуақытта адастырмайды. Рухы асқақ, саясаты мен мәдениеті өрелі, білім-парасаты биік ұлттың ұрпағы ақыл-ойдың алтын қазынасы іспетті кітаптан көз жазып қалмауы керек.

Әлемде ең көп кітап оқитын ағылшындар екен. Ұлыбританияда жылына 10 мың жаңа роман шығады, ал әрбір британ баласы аптасына ең аз дегенде бір кітап сатып алатын көрінеді. Міне, осындай көрсеткіш жағынан қазақстандықтар британдықтарды бір емес, жүз жыл ішінде қуып жете алмайтын секілді.

“Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады” [2], - деген екен А. И. Герцен.

Шынымен де кітап - білім бұлағы. Өмір бойы оқитын университет. Ағартушы, тәрбиеші. Идеология мен саясатқа шындайтын құрал. Ғылыми-техникалық һәм әлеуметтік прогресс ұйытқысы. Білімге білім қосатын кітап шығару ісі - зор өнер [3] . Бітіру жұмысымның тақырыбын “Баспа ісіндегі жарнама проблемалары” деп алуымның себебі осы зор өнерді насихаттап, оны оқырман арасына кеңінен таралуы үшін біраз бағыттардың басын ашу еді. Жұмыс үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Отандық баспаларымыз шығаратын басылымдар полиграфиялық, бағасы, мазмұны жағынан Ресейлік кітаптардан кем қалмайды. Бірақ олардың бір бөлігіне сұраныс жоқ болса, екінші бөлігі қаржының жетіспеушілігінен аз таралыммен басылады. Қалғаны тарату жүйесінің әлі жеткілікті қалыптаспағандығының себебінен оқырманға жетпей қалады.

Бұл негізінен баспагерлердің нарықты зерттеймін деп “тиімдісі осы” деген салалық басылыммен көбірек айналысып кеткен секілді. Көркем шығарманың өтімділік деңгейі төмен дегенді шығарып отырғандар да өздері. Әйтпесе нарықтың сұранысы жыл сайын емес, тәулік сайын өзгеріп тұратындығы белгілі. Осы саланы зерттеп қарағанымызда көзімізге мына бір «Баспа және нарық» айдарымен берілген мақала түсті. Онда: «Бұл арадағы мәселе - басқа да бір себептерге келіп тіреліп тұрған секілді. Әйтпесе, қазақстандық ақын Марат Исеновтің Санкт-Петербургте шығарған өлеңдер жинағына деген сұраныстың жоғарылығы соншалық, ол екінші басылымды күтіп тұр. Сондай-ақ Сергей Лукьяненконың әңгімелерін ресейлік оқырмандар іздеп жүріп оқиды. Сондықтан бұл екі қазақстандық жазушыға ресейлік рынокпен жұмыс істеген тиімдірек секілді. Иә, ресейлік рынокпен!!! «Раритет» баспасының басшылығы: «Бізде Марат Исеновтің сол Петерборда шығарған өлеңдері басылған жоқ емес, жарық көрді. Бірақ оны өткізе аламадық», - дейді қос алақанын жайып. Дегенмен . . . Тура осы баспадан шыққан Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы сөреде көп тұрмайды. Ол жетінші басылымға кетіп барады. Ал бұл қарама-қайшылықты қалай түсіндіруге болады?. . [4] .

Иә, маркетингтік зерттеу фирма немесе тауар бағдарламасын дайындауда қажетті мәліметтерді алу үшін жүргізіледі. Ол нарық талабын қанағаттандырады, фирманың немесе баспаның даму стратегиясы мен мақсаттарын айқындайды. Маркетингтік зерттеулерде баспаның нарықтағы оқырман сұранысын қанағаттандыру жолындағы, бәсекелестік бағыттағы мүмкіндіктері басты назарда ұсталады. Осы туралы бітіру жұмысымның «Кітап таратудағы жарнама» деген бірінші тарауда жазылған. Тарау кітап жарнама маркетингін жолға қоюдағы құрылымы мен ерекшелігі, баспадағы редактордың қызметіне арналған. Қазірде баспа өнімдері ақпарат пен білім алудың қайнар көзі болып отыр. Бұл полиграфиялық өнімнің сапасы мен безендірілуіне деген талаптың жоғарылауына әсер етеді. Ал оған бірден-бір әсер етуші осы редактордың біліктілігі. Тіпті, кітап маркетингіндегі ең алғашқы қадам редактордың қолжазбаны қабылдауынан басталатыны белгілі емес пе?

Баспа нарығындағы бәсекелестік деңгейінің жоғарлауы және баспалар санының артуы анық мақсатты қажет етеді. Алайда осы көп баспалардың өзі кітап шығаруды білгенмен, таратуға келгенде сәл кенжелеп қалғанын көріп жүрміз. Бұл мәселе жұмыстың «Интернет-кітап жарнамасының көрінісі. Кітап тарату маркетингі» деген екінші тарауда қозғалады.

Кезінде «Қазақстан - ең көп оқитын ел» атанғанын және шынтуайтында солай болғанын тағы да қайталап айтайықшы. Қазір ең аз оқитын елге айналды. Дүниежүзінің бірталай мемлекеттерінде кітапқа деген ынта-ықыластың айтарлықтай-ақ азайғаны мәлім. Әлемнің көптеген елдерінде жаппай компьютерлендіруге, интернеттендіруге қарамастан, кітапқа деген ықылас тап біздегідей бәсеңдемепті.

Кітап өнімінің деңгейіне байланысты талаптарды негізге ала отырып, жұмыс өнімділігін арттыруға болады. Мәселелерді шешудегі маркетингтік әдіс нарықты зерттеудің кешенді мәліметтерінде сауда қатынасын талдауда, серіктердің саясатын бағалауда, қаражат мәселелерін анықтауда тиімді болмақ.

Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық дамуының көптеген бағыттары бойынша батыс елдерінен анағұрлым қалыс қалғанымыз белгілі бір деңгейде еліміздегі кітап тарату ісінде де өз әсерін тигізуде. Себебі, кітап саудасы баспагер мен тұтынушы арасындағы делдал бола алмайды. Оның маңызды функциялары көпжақты зерттеуді қажет етеді және сұранысты анықтайды. Сонымен қатар, тұтынушы мен сатып алушыны байланыстыратын ортақ қызығушылық адамзат қоғамының дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды.

«Жазушының жазған кітабын қабылдайтын да, қабылдамайтын да халық. Ендеше, кітапты жазушы жазып шығарғанмен, шын тағдырын шешетін төреші де осы халық» [5], - деп В. Гюго айтқандай, бұл жердегі туындайтын басты мәселе, кітаптың республиканың барлық оқырмандарының қолына дер кезінде тиюі болып табылады. Бұл орайда кітапқа деген жарнаманың қажеті зор.

«Қазақстанда жарнама қозғаушы күш саналатын сауда мен қызмет түрлерінің негізінен орыс тілінде жүргізілуінен, сол себепті қазақша жарнамаға ділгер болатын іскер орта жоқтың қасы екенін жасыруға болмайды» [6] .

Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін кітап ісін басқаруда біраз уақыт ескі жүйе сақталып келді. Комитет аты өзгеріп, министрлікке айналды, бірақ бұрынғы қалыптасқан жүйеге елеулі өзгеріс енгізілмеді. Бұл салада реформа енді-енді қолға алына бастады. Кітап ісін материалдық-техникалық жағынан жабдықтау да кәсіпкерлер иелігінде. Жеке меншік баспалардың көбеюі, басқа да жаңалықтар шаруашылықты бір орталықтан басқару мәселесін басқаша шешуді талап етіп отыр. Осы және басқа бірқатар себептермен кітап ісін және бұқаралақ ақпарат құралдарын түгел бір жүйеге қосу қажеттігі туды [7] . Әрине мұның бәрі Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің арқалаған жүгі болғанымен, бұл жүйенің осы кітап ісіне қосып жатқан еңбегі шамалы десек артық емес.

Сондықтан да қазіргі нарық заманында өндірістің тиімділігін арттыра түсетін және басқарудың формалары мен жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Мұндай әдістердің маңыздысы ретінде маркетинг жүйесін атауға болады. Әрине, елімізде мұндай форма мен әдістерді пайдалану баспалардың күн тәртібіне қойылмай келеді. Сондықтан да маркетинг жүйесін таңдап, дұрыс зерттеу жүргізе отырып оқырман сұранысын анықтағаннан кейін ғана шығарылған кітаптың мәні де, мазмұны да, сапасы да зор болар еді.

Зерттелудің өзектілігі: Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастары жөніндегі ұғым-түсініктерімізді кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ жаңа кәсіптер мен мамандықтарды өмірге әкелді. Ғылым мен білімнің жаңа салалары пайда болды. Осы орайда алдымен ауызға оралары - жарнама. Өйткені, өркениетті дүниені жарнамасыз көзге елестету қиын. Жарнама бүгінде күнделікті тыныс-тіршілігіміздің ақиқатына әрі экономикамыздың белді бір саласына айналды. Негізінен диплом жұмысының ішіндегі айтылатын мәселелер:

- кітап ісіне және оқырман тану аспектілерін айқындауға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

- зерделеу нәтижесінде жинақталған материалдарға талдау жасалып, арнайы тұжырымдама мен тақырыптық жоспар бекітіледі;

- сайттың тиімді жұмыс істеуіне байланысты жоба авторына қоса безендіру жұмысына жауапты маман және бір журналист тартылады. Жоба бойынша міндетке алынған шараларды атқару үшін ұйымдастыру комитеті құрылып, еріктілермен жұмыс жүргізіледі;

- ұйымдастыру комитеті аймақтық құзырлы мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға, әдеби-мәдени орталықтарға хабарласып, материалдарды жинақтайды. Сайт жұмысына БАҚ жетекшілерімен қатар, Қазақстандағы кітап мәселелерін зерделеп жүрген ғалымдар мен сарапшы мамандар пікірі жарияланбақ. Сондай-ақ, әрбір аймақтан осы салаға қатысты толғақты пікір білдіріп жүрген өкілдер қатыстырылады. Мүдделі топтар, студенттік және жастар ұйымдары тартылады;

- жастар әрқашан қоғамның қозғаушы күші болып танылатындықтан, олардың алатын орны ерекше. Сондықтан жастардың кітаптарын насихаттауға назар аударылмақ. Ұрпақтар сабақтастығын лайықты деңгейде жалғастыру бағытында әрі қоғам мүшелері мен жастардың білімін арттыру мақсатында оларды сайт жұмысына барынша кеңінен қатыстыру, тарту ұйымдастырылады;

- жоғарыда атап өткен шаралардың барлығы қоғаммен байланыссыз және жарнамалық процестерсіз жүзеге асырылмайды. Сондықтан, сайт жайындағы ақпараттар Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарынан беріледі. Арнайы публицистикалық материалдар ұйымдастырылады.

Зерттелудің мақсаты:

Қазақстандық баспа ісін дамытуға қажетті шараларды анықтау, бұл саладағы мәселелерді шешуге бағытталған бағдарды бір жолға қойып, кітап жарнамаларын насихаттау. Түрлі қоғамдық орталықтар, баспалар, әдеби ұйымдар арасындағы ықпалдастықты арттыру, Қазақстанның мәдени құндылықтарын дамытуды баса көрсету.

Зерттелудің мiндеттерi:

- кітапты қалың көпшілікке насихаттау, жарнаманы жолға қою;

- кітап ісі, баспа ісіне қатысты зерттеулерді жариялау;

- осы бағытта істелініп отырған шаралардан тыс қалып келе жатқан мәселелерді анықтап, оларды осы мақсаттағы атқарылатын шаралардың қатарына қосу;

- жазушылардың мәртебесін арттыруға үлес қосу;

- баспалар арасындағы байланыстарды орнату;

- оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болу.

Зерттелудің нысанасы: Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның кітапханасы мен бүкіл әлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме жасадық. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар жайында жазылған бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар мен ғылыми туындылар да незігі құрал ретінде пайдаданылды.

Зерттеу көздері: Диплом жұмысымды дайындауда ресейлік және отандық кітаптанушы ғалымдардың, маркетолог мамандардың мынадай еңбектері пайдаланылды. Ш. Елеукенов, Ж. Шалғынбаева. «Қазақ кітабының тарихы»., 1999; Ш. Елеукенов. «Кітаптану негіздері»., 1997; С. Сатыпалдыұлы. «Маркетинг нарықтану». Алматы. Білім. 1999; М. Коротовский, Ж. Калиев. «Книгоиздательское дело Казахстана»., 1992; Б. Ленский. «Книжный маркетинг»., 1996; Г. Грэм. «Книжный бизнес»., 1999; Қ. Қожаназаров. «Маркетинг негіздері»., 1995; Е. В. Малышкин, А. Э. Мильчин, А. А. Павлов А. Е. Шадрин. «Настольная книга издателя»., 2005; С. Н. Нысанбаева, Г. А. Садыханова. «Маркентинг негіздері»., 2002; О. Сәбден, А. Тоқсанова. «Шағын кәсіпкерлікті басқару»., 2002; және Қазақстандық БАҚ көмегін тигізді.

Зерттеудің құрылымы: - Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ТАРАУ. Кітап таратудағы жарнама маркетингі

Біздің жарнама дегенде бар білеріміз - ол бір топтың немесе бір фирманың өнімінің жақсы жағын насихаттап, мақтайды деген үстірт түсінік қана. Егер тереңірек зер салып, үңіле түссек жарнама тарихының да өзіндік кезеңдері мен түрлері бар екенінің куәсі боламыз. Ал, сонымен жарнама дегеніміз не? Жарнаманың бір анықтамасы мынадай: « Жарнама - спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі » (Курсивтеген, қарайтқан - А. Ж. ) [8] . Сондай-ақ, екінші бір анықтамада: «жарнама дегеніміз - белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы». Жариялануына қарай жарнама ақылы және жанама жарнама деп бөлінеді. Газет бетін сатып алып, жарнамалау ақылы жарнамалау деп аталады. Ал, өнімді ұсынушы адамның немесе фирманың көпшілік қауым мен бұқаралық ақпарат арасында болатын әртүрлі байланыстар жанама жарнамаға тән. Оның тиімді тәсілі мектепте, қарттар үйінде тағы басқа жерлерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы. Жанама жарнаманың басты үш функциясы бар: 1. Нарық базарында әйгілі болу. 2. Фирманың беделін арттыру. 3. Тығырыққа тіреген кезде өз беделін сақтап қалу.

Жарнаманың жеке адамдарға керек хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері болады. Мәселен: жекелеген адамдардың жоғалған, ұрланған құндылықтарын, құжаттарын жарнамалайды. Бұл сақтандыру немесе құжаттандыру түрі. Бүгінгі таңда белгілі бір кәсіпорынның өнімін жарнамалау өте кең тарап кетті. Ол үшін сол өнімнің қасиеттерін көрсету, яғни ақпараттық сипаттағы жарнама болады.

Жарнама қазақ баспасөзінде қашаннан бар?

Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып, саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар.

Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Б. д. д. ІІІ мыңжылдық - б. д. Ү мыңжылдық - жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең) ;

ҮІ-ҮІІ ғғ. - орта ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы) ;

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. - Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы;

ХІХғ. -ХХғ. басы - индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі.

Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнаманың жеке адамдарға керек хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері
Жарнама тілі мен стилі
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
Әлем журналистикасының тарихы
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
Фельетон - сатиралық жауынгер жанр
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
Сатира жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz