Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

"Қазақстанда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті барлық жағдайлар жасалған". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 11-қазанда "Қазақстан-2030 стратегиясы іске асырылуда" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік бас қосуда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Елімізде қазіргі заманғы қарулы күштер жасақталды, дипломатиялық күш-жігеріміздің арқасында егемендігіміз бен республиканың аумақтық біртұтастығы бекітілді", - деді президент. "Кейінгі жылдары біз 14 мың шақырымға созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығына қада қағып, белгілеп алдық. Бұл - қауіпсіздігіміздің ауыз толтырып айтарлықтай үлкен кепілдігі", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Қазақстан аймақтық қауіпсіздіктің арқау-негізін қалауға белсене атсалысуда", - деді Елбасы. "Елімізді қоршай бейбітшілік белдеуі құрылды, айналымыздағы бірде-бір мемлекет бізге жаулық пиғылда емес деп нық сеніммен айта аламыз", - деді Н. Назарбаев.

"Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның тұтастығы сынды алғышарттар болмайынша, мемлекетіміз тұрақты дами алмайтын еді", - деді Қазақстан президенті.

Ұлттық қауіпсіздіктің 13 заңы.

Кеше Сенаттың жұмыс тобы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын талқылады. Бұл отырыста төрт заңға байланысты өзгерістер қолға алынды. Мысалы Сенаторлар "шенеуніктер қажет деп тапса кәсіпкерлер қызметін тоқтата алады" деген Мәжілісмендер мақұлдаған тармақты өзгертіп бұл мәселеге басқа қырынан келу керктігін айтты.

Кеше Сенаттың жұмыс тобы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын талқылады. Бұл отырыста төрт заңға байланысты өзгерістер қолға алынды. Мысалы Сенаторлар "шенеуніктер қажет деп тапса кәсіпкерлер қызметін тоқтата алады" деген Мәжілісмендер мақұлдаған тармақты өзгертіп бұл мәселеге басқа қырынан келу керктігін айтты.

Бүгін Сенаттың жұмыс тобы Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын талқылады. Қоғамда біраз пікірталас тудырған құжат, еліміздегі тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған. Бүгінгі жұмыс тобының отырысында, сенаторлар мен жоба авторлары, төрт заң актісі бойынша, өзгерістер енгізіп, ортақ келісімге келді.

((ЗА КАДРОМ) ) Еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтап, ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін, он үш заң актісіне өзгеріс енгізілген. Бірақ, сенаттың бүгінгі жұмыс тобы тек төрт заң бойынша жұмыс істеді. Отырыс тақырыптың ауқымдылығына қарамастан дау-дамайсыз өтіп, жоба авторлары, сенаторлар өзгерістеріне тек бас шұлғумен болды. Мәселен депутаттар, шенеуніктер қажет деп тапса, кәсіпкерлер қызметін тоқтата алады, деген мәжілісмендер мақұлдаған тармақты өзгертіп, бұл мәселеге басқа қырынан келу қажеттігін айтты.

((СИНХРОН ХР 00:00:00

СИНХРОНИРУЕМЫЙ: 00. 19. 25 - 00. 19. 49

ТИТР: Қабдығали АХМЕТОВ - ҚР Парламент сенатының депутаты

/Бұл- өте күрделі мәселе. Нарықтық экономикаға енді ғана көшкен кезде, шенеуніктерге сот шешімінсіз-ақ кәсіпкерлер қызметін тоқтатуға құқық беріп қойсақ, бұл үлкен қателік болар еді. Кәсіпкер заңға қайшы жұмыс істеп жатса, оның қызметін тек үш күнге уақытша тоқтата тұруға болады. Сот арқылы істің анық-қанығын анықтап, шара қолдануға осы уақыт жеткілікті. ) )

((ЗА КАДРОМ) ) : Мәжіліске қатысушылар баланың діни тәрбиесі айналасында біраз дауласып, оның психологиялық тәрбиесіне баса маңыз беру қажеттігін айтты. Ал, мемлекеттік құпияны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға болмайды деген тармаққа келгенде, ешкім қарсылық білдірген жоқ. Тек жобаны әзірлеушілер мемлекет құпиясы саналатын ақпараттардың тізімі мен Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін бақылап отыратын арнайы органдардың жұмысын нақтылау керектігін айтты. Сөйтіп, бұл тармақты кейбір шенеуніктер өз пайдасына шешіп алады деген журналистер қаупін біраз сейілтті.

/ Біз мемлекеттік құпияны жария еттің деп, бірден БАҚ жұмысын тоқтатып тастай алмаймыз. Міндетті түрде алдымен, оның қандай заңбұзушылықтарға қандай мақсатпен жол бергенін анықтап, соны дәлелдеуіміз керек. Бұл -оңай шаруа емес. ) )

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.

Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз.

Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығая береді.

Біздің стратегиямыздың екінші құраласы - Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.

Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Біздің стратегиямыздың төртінші элементі - еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру.

Бесіншіден - біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.

Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.

Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.

Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.

Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.

Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.

Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.

Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.

Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін "ықыласты рай" туғызуды көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, "жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердің тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс.

Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердін, уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.

Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.

Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық оппа" жағдайына тап боламыз. Бүл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж. 26 маусымдағы

№ 233-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2009. 11. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)

2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi және (6 - 8 баптар)

оның негiзгi мiндеттерi

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан (9 - 15 баптар)

Республикасы Парламентiнiң, Үкiметiнiң, соттарының, мемлекеттiк органдары мен меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарының ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiктерi

4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету (16 - 25 баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер (26 - 29 баптар)

Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.

Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 28. 04. 00 ж. № 45-11 Заңымен ; 2007. 09. 01. № 213-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2009. 11. 12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азық-түлік қауіпсіздігі - тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі;

2) ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі;

3) әскери қауіпсіздік - елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төнген нақты және ықтимал қауіп-қатерлер мен қол сұғушылықтан Қазақстан Республикасы қорғалуының жай-күйі;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік) - елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері (бұдан әрі - ұлттық мүдделер) - іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы;

6) қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының азаматтары өмірінің, денсаулығының және игіілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының нұқсан келтіруге қабілетті ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағынан қорғалуы;

7) сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, шетелдік ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

8) ұлттық қауіпсіздік объектілері - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы;

9) ұлттық қауіпсіздік субъектілері - өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар мен ұйымдар;

10) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы;

11) ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі;

12) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

13) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі.

2-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету принциптерi

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң принциптерi:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң бiр-бiрiне жедел хабардар етiп отыруы және келiсiлген iс-қимыл жасауы;

3) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және теңестiрiлгендiгi;

4) саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;

5) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi;

6) ұлттық қауiпсiздiктi қорғау жөнiндегi iс-әрекеттiң күллi жиынтығын iске асыруды бақылау болып табылады.

2009. 11. 12. № 229-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

4-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi:

1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

2) елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;

3) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;

4) қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайту;

5) Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

6) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;

7) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;

8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;

9) заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртiбiн сақтау;

10) әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

2009. 11. 12. № 229-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.

5-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатер

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатерлер мыналар:

1) заңдылық пен құқық тәртiбiнiң әлсiреуi, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда қылмыстылықтың өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен астасуы, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына сүйеушi болуы, сыбайлас жемқорлық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесi төмендеуiне ықпал ететiн қару мен есiрткi заттардың заңсыз айналысы;

2) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет;

3) елдiң қорғаныс қабiлетiнiң әлсiреуi, мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қауiп-қатер, Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану, оған қарсы агрессия;

4) шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлаушылық, террорлық, диверсиялық және өзге де iс-әрекеттерi;

5) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елдiң басқарылу дәрежесiн төмендету;

6) кез келген нысандағы саяси экстремизм, оның iшiнде әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты немесе алаусыздықты қоздыру;

7) ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан, митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың шиеленiсуi;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Лаңкестік (терроризм)
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама, жан-жақты талдау
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz