Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
I тарау. Қарт мадамдардың жалпы ерекшеліктерине теориялық шолу
1. Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне шолу
2. Психология ғылымындағы адамдардың бірін - бірі қабылдау және түсіну мәселесі
3. Қартар үйі және оның тұрғындары
4. Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
II тарау. Қарттар үйіндегі адамдарды экспериментті түрде зерттеу
1. Қарт адамдардың тұлғааралық қабылдауын зерттеудің мақсат - міндеттері мен әдіс - тәсілдері
2. Жүргізілген әдістерден шыққан нәтижелерді талдау
3. Қарт адамдардың тұлғааралық қабылдауын эксперименттік зеттеуді қорытындылау

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Психолог Гаухар Қасымованың Қарттар және олардың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жағдайы туралы мақаласында қарт адамдарды әлеуметтік қолдау негізгі үш бағытта жүзеге асырылатындығын айтты. Олар: зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдікетер ұсыну және әлеуметтік қызмет көрсету. Қарттарды әлеуметтік қолдау тетігі мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейге заңмен белгіленген кепілді зейнетақы, қызмет көрсету және әлеуметтік кепілдіктер ұсыну кіреді. Өңірлік деңгей қамсыздандыру дәрежесін жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып қосымша арттыру мәселелерін шешуді қамтиды. Олар - коммуналды қызмет төлемі, электрмен жабдықтау, байланыс қызметі, жолақы бойынша жеңілдіктер және басқа да кепілдіктер.
Соңғы он жылдықта адам өмірінің ұзақтығының артуына байланысты бұл проблемаға назар көбірек аударылды.
Егде кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг - механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады. (М.Д.Александрова, Л.И.Анциферова, Л.В.Кирасимов, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және тағы басқа).
Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.
Жоғарды аталған топтың бір белгісі - денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, материалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығының нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қабілетін және қоғамдық белсенділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларының қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.
Зейнеткерлікке шығуына байланысты егде адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан егде адам қарт шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.
Жас ерекшелігі құрамының оның басқа сапасы жақтарынан сипатталуы үшін осы кезеңде өмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығы қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгігі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден, өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.
Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы, тұлғааралық қабылдауы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.
Кең тараған түсінік бойынша, - деп атап өтеді И.С.Кон, - егде адамдар өздерінің әлеуметтік және жеке иденттілігіне назар аудара бермейді. Әрине, өмірге деген көзқарас жас өскен сайын өзгеріп отырады. Егде жастағы адамдар өз жеке пікірлерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерін жастарға қарағанада шешілуі қиын деп ойлайды. Тағдырға пассивті түрде бағынады. Сондай-ақ мұны ақылдылықтың пайба болуы, гармонияға талпыныс, табиғат пен адамның гармониялық бірлігі деп есептеуге болады. Сонымен қатар, шаршау күштің сарқылуы, субъективті уақыт перспективасының қысқаруы да көрініс табады. Көп жағдайда егде адамдар өздерін орта жастағы адамдардан төмен санамайды. Өзін төмен санау жолы болмайтындар мен ыңғайсыз әлеуметтік жағдайға тап болғанадарға тән.
Зерттеу пәні: Қарттар үйіндегі адамдар.
Зерттеу мақсаты: Қарттар үйіндегі адамдардың қабылдау ерекшеліктері
Бұл дипламдық жұмыстың мақсаты - егде жастағы адамдардың және қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының маңыздылығын анықтау. Яғни, бұл тақырыптың маңыздылығын дәлелдеп, сол мәселенің объектісін, затын таптық. Ал мақсаттың өзі төмендегі міндеттердің орындалуын, қадағалауын талап етеді.
1 міндетҚарттарүйіндегі адамдарға түсініктеме беру және оның психологиялық ерекшеліктерін анықтау. Яғни біз бұл міндет арқылы егде адамдар деген кімдер, оларға қай жас аралықтар жатады және бүкіл әлемдік атақты зерттеушілер ұсынған тарихын білеміз.
2 міндет Жалпы психология ғылымындағы адамдардың бірін - бірі қабылдау ерекшеліктері мен түсіну мәселесіне психологиялық шолу.
5 міндет: Методикалық ұсыныс беру.
Біздің ҚР-ғы қарт адамдарға шет елдердегі тәжірибелерді, ұсынған жоспарларын пайдалана отырып көмек көрсету.
Зерттеу нысаны - қарт адам тұлғасының, тұлғаралық қабылдауының ерекшеліктері және олардың әлеуметтік ортасы.

Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне шолу
Латын әліппесі бойынша адам нұсқсы - Homosapiens, дамушы сөзінен басқа, қартаюшы сөзін де қолдануды қажет етеді, яғни, қартаю - адамның сипаттамалық белгісі болып табылады. Егделік - қартая бастау, қартаю - еңбектен кейінгі организмнің әлсізденуі жүретін өмір периоды және қарт - қартаюға жеткен адам. Мұндай анықтамалар барысында біз, қартайғанда адам қандай болатынын бейсаналы түрде сезіне аламыз. Жалпы, қартаюдың түп негізінде - өзгерудің кейбір шегіне жету деген түсінік жатыр. Сондай - ақ, мұндай өзгерістерді биологиялық деңгейде қарастырсақ - организм клеткалары қартаяды және өлімге ықтималдылық өседі; әлеуметтік деңгейде - адам зейнеткерлікке шығады, әлеуметтік статусы, әлеуметтік рөлі, жүріс - тұрысы өзгереді; ал психологиялық деңгейде - адам болып жатқан өзгерістерді саналай отырып, соған орайланады.
Қартаю кезеңі кеш естиярлық, қарттық жас деген анықтамалар кездеседі. Демографиялық-энциклопедиялық сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.
Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.
Әйгілі американдық психолог Э.Эриксон тұлғаның даму стадиясы бойынша қарттықты тұлғаның бүтіндейлігі қасиетін сезіну, не болмаса өмірінің біткенін және сол өмірді өзі қалағандай немесе жоспарлағандай өтей алмағандығынан қайғыру деп түсіндіреді. Эриксон қартаю кезінде кездесетін дағдарыстарды сипаттап өтті. Бұл дағдарыс бұрынғы өмірдің аяқталуымен сипатталады, ал оның негізінде дағдарыстан өткен әрбір адамның сол өмірді қалай сүргендігі жайлы көзқарасы жатыр. Эриксон қарттыққа дейінгі орта жас кризистерін де атап өтті:
1-кризис - орта 40 жас (Левинсон, Юнг). 40 жас - өзіне деген маңызды сұрақтар мен нәтижелер уақыты. Бұл жасқа экзистенциалды сипаттама тән (мағыналы - өмірлік сипаттама). Мұндай жастың психологиялық факторлары: 1. Физикалық күштің әлсіреуін кешу, денсаулықтың нашарлауы, сыртқы тартымдылықтың жоғалуы, белсенділіктің төмендеуі; 2. Армандары мен өмірлік жоспарының жүзеге асуындағы айырмашылықты саналау, қол жеткізген жағдайына қанағаттанбаушылық; 3. Өткен өмірдің жалғасымды көрінуі, ал болашақ өмір шектеулі секілді көрінеді (уақытша перспективаның өзгеруі); 4. Құндылықтарын бағалау, жаңа бағыттар, рухани тірек және өмір мағынасын іздеу.
2-кризис - қарттықтан кемелділіктің бөлінуі (пенсияға шығу уақытының жақындауы). Факторлары: қарттықтың алғашқы белгілері (күшсізденіп, шығармашылық азаяды; Э.Эриксон бойынша жаңа білімдерді игеру - генеративтілік (шығармашылық потенциал, үлкендердің жастарға қамқорлық танытуы, мәдениеттің сақталуы және маңыздылығына деген жауапкершілік). Бұлсипаттамалар орта жаскризисініңаяқталуыболыптабылады.
Қартаю - тірі материяның барлық формасына тән биологиялық құбылыс. Қартаю процесі әрбір адамда индивидуалды түрде жүреді. Сондай - ақ мұнда, егде адамдар - әлеуметтік спецификалық ерекшеліктерге және қажеттіліктерге ие жасерекшелік топ екендігін сезіну керек.
Дені сау қарт адам өзінің қызығушылықтарына, икемділігіне және қажеттіліктеріне, белсенділіктің әртүрлі формасына (мәдени, кәсіби, қоғамдық, спорттық, қолөнершілік) сәйкес, дамып отыруы қажет. Қоршаған орта ол үшін көмек қолын созуы қажет. Қарттық қандай жағдайда да, пассивті вегетация болмауы тиіс, ол - адам ұмтылысының жалғасушы этапы болуы және оның қажеттіліктерінің қанағаттануы дербес және өз кезегінде маңызды болуы шарт.
Қоғам өмірінде егде адамдардың көптеп болуы, жастарға қартаю алдындағы қорқыныштан айығуға және қарттық өмірде өзінің болашақ өмірінің табиғи формасын көруіне мүмкіндік береді.
Қартаю типінің іскерлік сипаттамасына байланысты психологтар қартаңдықтың 4 психологиялық - аман болу(блогаполучие) типтерін бөлді.
1) белсенді, шығармашылық қартаңдық: адам лайықты демалысқа шығады, кәсіби жұмыспен қоштасып, қоғамдық өмірге қатысуды жалғастырады яғни жастарды тәрбиелеу және сол сияқты. Шығармашылыққартаюда тепе - теңдіксезімі мен руханиүйлесіміілеседі.
2) жақсыәлеуметтікжәнепсихологиялықике мділікпенқартаю, қартаюшыадамныңэнергиясыжекеөміріні ңқұрылымынабағытталған: материалдыққанағаттану, демалыс, бұрынүлгермегенбарлықнәрсені - өзіүйренугеұмтылужәнекөңілкөтеру.
3) Қартаюдың әйелдік типі - бұлжағдайдақарттыңқосымшакүшіотбасы нантабылады: үйжұмысы,саяжайданемеретәрбиелеу; үйжұмысықаншалықтысарқылмастайболса , қарттасарыуайымғасалынунемесеішпысу болмайды, бірақмұндайқарттардаалдынғыекітипке қарағандаөмірденрахаталутөменболады .
4) Денсаулыққадегенқамқорлықтағықартты қ (қартаюдың ерлік( мужской) типі) - мұндайжағдайдаруханирахаталужәнеөмі рдіңтолыққандылығыденсаулыққадегенқ амқорлыққабағытталады, бірақбұлжағдайдаадамшынайыжәнежорам алдысырқаттануларға бой алдырыпқоюымүмкінжәнеолардыңсанасыж оғарыүрейленушілікпенайрықшаланады.
Алайда, қартаядамудыңтерістиптері де бар. Мәселен, мұндайтипке байбайшылдарды(ворчуны) жатқызуғаболады: қоршағанәлемжағдайынанаразы, өзіненбасқалардыңбәрінсынағыш, шексізкінәтағушыларболыпкеледі.
Қартаңдықтыңнегативтікөрінісініңтағ ыбірнұсқасы - өзінеөзікөңіліқалғанжәнежалғыз, мұңды,жолыболмайтындар. Оларөздерініңжіберіпалғаншынайыжәне жорамалдымүмкіншіліктерінеөздерінкі нәлайды, өмірлікқателіктеріндегікөңілсізесте ліктерінжадынаншығарыптастайалмайды .
Әйелдерде де ерлерде де жұбайыннемесебасқатуысынжоғалтыпалу жағдайынаәлеуметтіктәуекелжеткілікт іжоғары. Жақынадамыныңөлімінбастанөткеру - өмірдіңеңауырстресстік факторы.
60 жастанкейінқарттардабіртіндепкелерұ рпақтанәлеуметтікоқшауланусезіміжүр еді, әсіресе, қарттықтыңәлеуметтікқолдауықажетсіз қоғамдық орта жанынақаттыбатады. Өзжағдайынапсихологиялыққанағаттанб аушылықнәтижесіндеадамдафизикалыққа усаужылдамжүреді, кейдеолпсихикалықкүйзелістергеілесе ді. Ережебойынша, жалғызбастықарттаротбасылықарттарға қарағандаэкономикалықжәнетұрмыстықж ағдайытөменжерлердеөмірсүреді.
Жанұянегізгі фактор болыптабылады, ондаәрбіржәнебарлығыныңамандығыүшін тұлғалықжауапкершілікнегізіндеқарым - қатынас, қартаңадамныңжағдайынжақсартуғадеге нұмтылысорнауытиіс. Қартаңадамдарөзініңжанұялыққатынасы нжәнежанұятарапынанкөмекалусапасынө тежоғарыбағалауғабейімділігіменсипа тталады. Басқакөзбенқарағанда да, жақынадамдартарапынанкөрсетілгенқам қорлық, көмеккемұқтажадамныңалғысынтудырады жәнеоныңжанұядағыөзорныныңжоғалмаға нынсезініп, махаббат пен құрметкесазауарболады.
Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.
С.И.Ожегованың сөздігінде егде - қартая бастаған, қарттық - организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір және қарт - қартаюға жеткен. Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю - осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде - адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде - адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.
Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы - оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.
Қарттық жас - қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.
Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.
Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды.
Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым - геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.
Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігеріИ.Фишердің Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы атты кітабын айтуға болады.
Қартаюайналымы 3 кезеңнентұрады:
1) іскеліктен кету, орнынбосату, зейнеткерлікжас (50-60-70 жас);
2) Қарттық (70 жәнеоданкөп);
3) Қаусағанқарттық - науқастықжәнеөлім.
Соныменқатар, белгілікеңесгеронтологы академик Э.Ф.Френкель 70 жастықарттықтыңбасталуыдепатады. Басқабіркеңесгеронтологы академик А.В.Нагорнқарттықтыбелгілейтіннақты біржастыатаудан бас тартты. Олқарттық 60-70 жастанбасталадыдеді.
1962 жылыЛенинградтаөткенқарттық пен қартаюкезеңдерініңкласификациясыжән еноменклатурасыбойыншасимпозиумде, егдежастағылардымынадайкезеңдергебө лді: 60-74 жастағылар - егде, 75-89 жастағылар - қарттар, 90 жәнеоданжоғарылар - ұзақөмірсүрушілер.ҚазіргіуақыттаБүк ілжүниежүзілікденсаулықсақтауұйымын ыңшешімібойыншақартжас - 75 жасболыпсаналады, ал 60-75 жастағылар - егделер. Белгілібіртарихижағдайдағытұрғындар дыңсапасыныңжүйелішамасыболыпоныңжа сқұрылымықызмететеалады. Адамзаттыңеңтабиғиқасиеті - өмірсүруұзақтығыболыптабылады.
Ғылыми геронтологияның негізін салушы И.И.Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі - орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салтымен, ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды.
Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы мәңгі мәселе қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? Және оның шекаралары қандай? деген сұрақтарға пікір-таластар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю - ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю - жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады.
Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор - 60 жас, Қытай ғалымдары - 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары - 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер - 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.
Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас - 50-65; қарттық жас - 65-тен жоғары.
Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:
oo егде жас еркектер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.
oo қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас.
oo ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас.
Сондай-ақ, зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.
Функциялық жас кезең - жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.
Психологиялық кезең - көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.
Биологиялық кезең - жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.

Тұлғараралық қабылдау және адамның адамды түсінуі.
Соңғы жылдары ғалымдардың қызығушылығы адамдардың бірін-бірі тану психологиясына күрт жоғарлай түсті. Өзге адам бейнесі қалыптасуы мен оның тұлғасы туралы түсініктер мәселелері зерттеліп, жыныс, жас, мамандық және адамның нақты бір әлеуметтік ортаға қатыстығы анықталады, қоршаған адамдарды бағалау барысында болатын әдеттегі қателіктер белгіленіп, адамның өзін-өзі тануы мен өзгелерді түсінуі арасындағы байланыс анықталады. Адамдардың бірін-бірі түсіну мен қабылдау механизмдерін білу олардың түрлі саладағы: еңбек, оқу, тұрмыста - табысты арақатынас құруға негіз болады.
Адамның адамды қабылдауы - ол сезімдік уақытылы және кеңістік байланыстар мен қатынастардағы адамның адамды тұтас бейнелеуі.
Адамның адамды түсінуі - ол адам туралы ақпаратты өткен тәжірибеге, алдында сіңірген білімге қосу және оның негізінде оқиғаның, фактінің, әсер мазмұнын ұғынупсихикалық процессі.
Таным мәселесінің қалыптасуы мен ұғынуы бастауында тұрған ғалым, А.А.Бодалевтың пікірінше, адамның адамды қабылдауы, өзге де қабылдау процесі секілді, пәндік сипатымен ерекшеленеді, яғни
Таным мәселесінің қалыптасуы мен ұғыну негізінде болған ғалым Алексей Александровия Бодалевтың пікінше, адамның адамды қабылдауы өзге де қабылдау секілді, пәндігімен сипатталады, яғни адамның келбет қасиеттері образда адамға тән қасиет ретінде бейнеленеді. Адамның адамды қабылдауына индивидуумның сыртқы шындықты объективті және субъективті, тұтас және құрылымды ретінде бейнелеуімен сипатталатын ерекшеліктер тән.
И.М.Сеченов адамның келбет сұлбасы, жалпы денебітімі силуэті оны қабылдаушы адамдар үшін өте маңызды танымдық белгілер екндігін көрсетті.Тұтас бейне бірте-бірте пайда болады және оның қалыптасуы адамның объектіні бейнелеп тұрған уақытылы-кеңістік жағдайлармен байланысты. Бұл жағдайлар біздегі қалыптасатын өзге адам бейнесіне де әсер етеді.
Бақылаушы мен бақылау объектісі арасындағы алшақтықтың қысқарылуы жағдайындағы көру бейнесінің өзгерістерін М.Д.Александрова мен Б.Ф.Ломов зерттеген. Зерттеушілер көру бейнесінің қалыптасуы барысында 5 фазаны айқындайды. Біріншісінде объектінің жалпы пропорциялары мен орны қатқыл анықталады. Бұл фазаны келесі жылт-жылт еткен форма фазасы ауыстырады. Үшінші фазада негізгі бөлшектерді айыра көре бастайды. Ең алдымен қайда орналасқанына қарамастан ірі бөлшектер көрінеді. Егер бөлшектер көлемі бойынша тең болса, алдымен жоғары және оң жағында орналасқандары көрінеді. Төменгі жақтағы бөлектер айқындығы жоғары орналасқандардан кейін ашыла бастайды. Бқл фазада сипатты контурлар айқындалғанмен олардың бір-біріне деген қатынастығы байқалмайды. Төртінші фазада глобалды-адекватты қабылдау болады. Бесінші фазада бейне бөлініп, анық көрінеді. Объект контуры толық бөліктерімен анық қабылданады[1].
Адам бейнесін қабылдауда оның қабылдаушылар көретін ракурсы өте маңызды болып есептеледі. Қабылдаушы мен қабылданушы арасындағы бой айырмашылығы қалыптасатын бейнеге әсер етеді.
Адаммен адамды қабылдауында константтық деген қасиет болады. Жарық өзгерістеріне, ара-алшақтыққа қарамастан, қабылданып отырған адам бейнесі біркелкі тұрақты болып қалады. Константтық абсолютты қасиет емес бола тұра, әдепкі де емес, ол қабылдау образы қалыптасуы барысында пайда болады[2].
Адамның көру қабылдауы барысында көзі белсенді қармалау қозғалысын жасап тұрады және бұл қозғалыстар көру қабылдауының міндетті қабылдауы. В.П.Зинченко мен Б.Ф.Ломов көздің макроқозғалыстары объектілердің кеңістіктегі қасиеттерін: форма, көлем, орны - бейнелеу механизмдерінің құрамды бөлігі екендігін көрсеткен.
Адамның адамды қабылдауы мағыналылығымен сипатталады. Қабылданған бейнені белгілейтін сөздер арқылы образға нақты бір адамдар категориясы туралы қоғамдық тәжірибе негізінде қалыптасқан жалпылама білім кіреді.
Қабылдау сәтінде белгіленетін адам келбетінің ерекшеліктері және ондағы өзгерістер қабылдаушының іс-әрекетін анықтамайды, себебі бұл ерекшеліктердің әсері өткен тәжірибе, ішкі жан-дүние, алға қойған мақсаттар арқылы белгіленеді. Әдетте қабылдау субъектісі өзге адамның сыртқы келбетін, іс-әрекеті мен стилін нақты бір талғамдармен, моральдік принциптермен, актуалды, ал кейде потенциалды мүмкіндіктерімен байланыстырады. Осылайша, өзге адам тек бастапқы физикалық қасиеттерімен ғана емес (бой, жыныс, жас, фигура, келбет, көз), қоғамда нақты бір орны бар және қабылдаушы өмірінде атқаратын рөлі бар тұлға ретінде қабылданады.
Әр түрлі іспен айналысып, олардың талаптарына жауап бере отырып, адам өзіне тән қасиеттерді біртіндеп ашады. Өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар бір-біріне қатысты түрлі рөлде болады. Осыған байланысты қабылдау барысында қабылданушы бейнесі мен іс-әрекетінде дәл осы жағдайда маңызы бар қасиеттер орын алады.
Адамдардың сыртқы келбеті мен іс-әрекеттері адамда қалыптасқан этико-эстетикалық талаптарға ір қалай жауап беруі мүмкін. Сондықтан да онда адамдарға деген әр түрлі эмоционалдық қатынас пайда болады. Пайда болып, ол қатынас индивидтің қарым-қатынасқа тұскен әр адам бейнесіне өз түзетулерін енгізеді, кей жақтарын тегістеп, кей жақтарын айқындата көрсетеді.
Қабылдау қабылдау психологиясы заңдарына ғана емес, физиология, физика және эстетика заңдарына да бағынады және оның өз жасаралық, индивидуалдық және кәсіби ерекшеліктері бар.
Адамның адамды қабылдауы қабылдаушының өзімен бірге, қарым-қатынасқа деген, танымға, еңбекке деген қажеттілігі қалыптасуы барысында дамиды.
Өзгелерді қабылдап, кейін олардық бейнесін қалыптастыра отырып, ересектер алдымен бойды, көзді (түсі), шашты (түсі), ымды, мұрынды, денебітім ерекшеліктерін анықтайды. Қабылдаған адамдар келбетінде нақты бір ғана категория сипаттарын белгілеу тән емес адамдар болады. Белгіленген тенденция тұрақты және онда өзгелерді қабылдаудың индивидуалды ерекшелігі анықталады. Ол өзгелерді қабылдау барысында ғана емес, елестетуде де көрініс алады.
Бір адамды екі адам екі бөлек қабылдауы оның сыртқы келбеті белгілерін анықтап, бағалайтын ауызша формасының айырмашылығына қатысты. Өзге адамдардың сыртқы келбеті ерекшеліктерін белгілеп, ұғынуға көмектесетін пайымдамаларды А.А.Бодалев шартты түрде төртке бөледі:
1) Сыртқы келбеттегі нақты бір компоненттің түрін, көлемін, түсін, орналасқан орны мен формасын анықтайды (арықша келген, дөңгелек бас);
2) Әдебиет, живописьтен ұғынған тұрмыстық сана штамптары немесе түсініктері (өнерлі саусақтар, таза қазақ );
3) Мәнерлі іс-қимылды түсіндіру (жүзі сынық; мұңлы көздер);
4) Тұтас келбетті немесе нақты бір бөлігін эстетикалық бағалау.
Осылайша, бір адамдардың келбетін бейнелей отырып, адамдар оны өзінің осы уақытқа дейін қалыптасқан адамдар туралы білімінің образды-түсініктілі жүйесі арқылы өткізеді. Және ол әр адамда индивидуалды өзінше, себебі еңбек, таным мен қарым-қатынастағы тәжірибе индивидуалды өзінше. Сондықтан да бір адам келбетін өзге адамдар өзінше қабылдап, ұғынады.
Әр адамды өзгелерді тану субъктісіне айналдыратын міндетті жағдай ол іс-әрекет болып табылады.
Әдетте адамдардың тікелей өзара байланысы жағдайында үнемі нақты бір мәселе шешіледі. Және әр қатысушы үшін партнер келбетінде осы іс-әрекет мәселесін шешуге бағалы компоненттері маңызды. Қатысушылардың бір-бірінің келбетіндегі осы компоненттерді бейнелеуінде екі өзара байланыста жағадй бар: біріншіден, оларды келюбеттегі өзге компоненттер мен жаплы сұлбадан тікелей айқындау және, екіншіден, қатысушылардың пікірінше бұл компонент-сигналдарда бар және шешіліп жатқан мәселеге катысы бар психологиялық мазмұнды түсіндіру (интерпретация). Индивид өзге адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбеті мен іс-әрекетін тікелей қабылдау арқылы ғана емес, оның сөзі арқылы да ала алатындығы түсінікті. Бұл жағдайда сөздер өзге адам келбетіндегі шынайы белгілер, оның күйлері мен іс-қимылы, ниеті мен пікірінің коды ретінде болады.
Адамдардың тікелей қарым-қатынасының әрбір нақты түрінде (педагог пне оқушының қарым-қатынасы, дәрігер мен аурудым қарым-қатынасы) пайда болған мәселені шешу үшін келбет пен іс-әрекеттегі нақты бір компоненттер ғана маңызды, қарым-қатынасқа түсушілерде өзге адам келбетінде ең алдымен осын компоненттерді қабылдап, ұғынуға бағдар пайда болады.
Осылайша, адамдардың бірін-бірі қабылдауы іс-әрекетте хабарландыру және реттеу рөлдерін атқара отырып, өзі де осы іс-әрекеттін басым әсеріне қалады: кәсіби бағдардың адамдағы өзге тұлғаның қабылдау образының қалыптасуына тигізер әсері адамдар өзге де іс-әрекет түрімен айналысқан жағдайда да орын алады. Тұрақты образ жасап, осы адам іс-қимылында нақты бір себептерге байланысты болатын өзгерістерді белгілей отырып, қабылдау тұлғаға қарым-қатынас барысында мақсатқа сай әрекет етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен тануы әрбір тұлғаның өз іс-әрекетін сәйкесті жағдайлар мен шешіліп жатқан мәселелерге сәкес реттеу жағдайы мен өзара қарым-қатынастың міндетті жағы болып табылады.

Тұлғааралық қабылдау (синоним - әлеуметтік перцепция) күрделі процес болып табылады: а) өзге адамдардың сыртқы белгілерін қабылдау; ә) алынған нәтижелерді кейінгі олардың шынайы тұлғалық сипаттарымен салыстыру; б) осының негізінде олардың мүмкін іс-әрекеттерін болжау және түсіндіру.
Әлеуметтік қабылдауды жалпы өзгелерді бағалау мен оларға қатысты эмоционалды және әрекеттік қатынас қалыптастыру үнемі болады, және осының нәтижесінде өзіндік іс-әрекет стратегиясын құру жүзеге асырылады.
Әдетте тұлғааралық қабылдаудың төрт негізгі қызметі болады:
* Өзге адамдарды бағалауға бастапқы негіз болатын өзін-өзі тану;
* Әлеуметтік ортада бейімделуге мүмкіндік беретін қарым-қатынастағы партнерды тану;
* Тұрақты және сенімді партнерды тандауды қамтамасыз ететін эмоционалды қарым-қатынас орнату;
* Табысқа жетуге мүмкіндік беретін өзара түсінушілік негізінде бірлескен іс-әрекет ұйымдастыру.
Әлеуметтік қабылдау барысында өзіндік ерекшеліктері бар партнер және өзі туралы образ-елестер қалыптасады. Біріншіден, олардың мазмұнды құрылымы адам қасиеттерінің көптүрлілігіне сәйкес келеді. Онда оның тұлғасының психологиялық сипаттарымен тығыз байланысты сыртқы келбет компоненттері болады. Мысалы: ақылды көздер, жігерлі иек, мейірімді күлкі және т.б. Бұл бекер емес, себебі партнердың ішкі дүниесіне апаратын жолды қабылдаушы оның көңіл-куйі, ерекшеліктері туралы мәлімет беретін іс-қимыл белгілері арқылы табады. Сыртқы келбеттің конституционалдық белгілері және оның киім және косметикамен көркемделуі тұлғаны әлеуметтік-психологиялық түсіндіруде стереотиптер мен эталондар рөлін атқарады.
Екіншіден, бұл образдардың басқа бір ерекшелігі ол өзара таным ең алдымен партнердың қатысушылар үшін маңызды қасиеттерін түсінуге бағытталатындығы. Сондықтан, партнер туралы образ-елесте оның тұлғасының ең басым қасиеттері айқындалады.
Өзара таным эталондары мен стереотиптері адамның өмірмен байланысты қоғамда,ы ортасымен тікелей қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Ең алдымен ол адамдар іс-әрекетінің мәдени-тарихи ерекшеліктерін пайдаланатын отбасы және этнос. Бұл іс-әрекет шаблондарымен бірге адам саяси-экономикалық, әлеуметтік-жасаралық, эмоционалды-эстетикалық, кәсіби және басқа да адамның адамды тану стереотиптері мне эталондарын сіңіреді.
Партнерлардың өзара түсініктерінік практикалық мақсаты тұлғаның психологиялық келбетін түсіну қатысушыларға қатысты өз іс-қимыл әдісін анықтауға негізгі ақпарат. Бұл өзара тану стереотиптері мен эталондары адамдар қарым-қатынасында реттеу қызметін атқаратындығын көрсетеді. Партнердың жағымды және жағымсыз образы олардың арасындағы психологиялық өткелді жойып немесе көтере отырып, сол бағыттылықты нығайта түседі. Партнерлардың өзара түсініктері мен өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықта когнитивті психологиялық конфликтілер негізі жасырылған, және олар уақыт өте конфликтілі қарым-қатынасқа ұлғаюы мүмкін.
Әлеуметтік перцепция барысында адам партнерының тікелей образынан жалпы адам туралы білімге көтеріліп, өзін-өзі бағалауға қайта оралады. Осы өзара таным шеңберлерінен өте отырып, ол өзі туралы және қоғамда ала алатын орны туралы ақпаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Қарт адамдарға қызмет көрсету барысында медициналық-әлеуметтік қарым- қатынасы
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Пәндер