Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ландшафттың экологиялық қасиеттері
Табиғат кешендердің алуан түрлі өзгеріске ұшырауына тек антропогендік ғана емес сонымен қатар табиғи үрдістердің де тигізетін сері жан - жақты қарастырады. Қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторларды барлық түрлері дамыған (ауыл шаруашылық, техногендік, өндірістік) сондықтан олардың әсеріне дұрыс талдау жасау тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор. Табиғат кешендердің дамуына эволюциялық ерекшелігіне антропогендік фактордың тигізетін әсеріне өте ерте кезеңнен бастап көңіл аударған. Соңғы кезеңдерде ҒТР-дің жетістіктеріне байланысты оның әсері табиғи үрдістерден де артық. Сондықтан антропогендік іс - әрекеттер, геожүйелердің табиғи жағдайын анықтауда негізгі фактор болып есептеледі, ландшафттың шығу тегімен болашағын анықтауда тек табиғи факторды атап көрсету жеткіліксіз. Антропогендік үрдістерде динамикалық орнықтығы нашар табиғи ландшафттар Қазақстан аумағында кездеседі. Табиғи ландшафттар атқаратын қызметі бойынша ауыл шурашылық мақсатта кеңінен қолданатын экономикалық жағдайлардың нашарлауына әсер етуші фактор дифляциялық және эрозиялық үрдістердің үдеуіне әкеліп соғатыны анық көрсетіледі. Халық шаруашылық саласына пайдалану нәтижесінде ландшафттаралық және оның жекелеген құрамдас бөліктері өзгеріске ұшырайды. Табиғи құрамдас бөліктердің байланысы аумақтық геологиялық геоморфологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты болғанмен табиғи құрамдас бөлігі әлсіздікке ұшырайды. Ал шөлдену, тұздану т.б. үрдістердің нақты көрсеткіші ең алдымен топырақ және өсімдіктер жамылғысының азғындауы егіс өнімдерінің кемуі ауыл шаруашылық ландшафттары ластандырушы негізгі орталық Теміртау химиялық металлургиялық кешені Қазақстан Репсубликасының табиғи ландшафттарының антропогендік өзгеру ерекшеліктерін зерттеп осы бағытта география ғылымына ерекше үлес қосып келе жатқан белгілі

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтарбасым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Семей ядролық полигоны

Семей полигоны Қазақстан картасында
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей ФедерациясыныңАлтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. сынақ полигонын жабу туралы Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
# экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
# мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтардың кеміп кетуі;
# осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
# аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Аралдың экологиялық проблемасы

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді.Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады,дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда..
Алғашқы агроландшафттық кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен - адам баласының табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағаннан өріс алған. Осы кезеңнен бастап азық-түліктік мәдени өсімдіктердің дамуы егістікті жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау етектерінде жүргізілді.
Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта игерілген агроландшафттар дала зоналарын қамтиды. Барлық құрлық шегінде ауылшаруашылығында игерілген жердің көлемі 11% болса, далалы аудандарда 80-90%.
Агроландшафт термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде Агроландшафт терминінің қолданылуы агрономдық және экологиялық географиялық ортада егістік ландшафттарының принцптері мен әдістері жете зерттелумен байланысты болды.
Егістікті аймақтарда түрлі дақылдарды егу зоналық және азональдық факторларға байланысты қалыптасқан табиғи кешендердің құрылымына, жекелеген компоненттердің динамикалық ерекшелігіне тәуелді. Сондықтан антропогенез әсерінен өзгеріске ұшыраған табиғи кешендердің деңгейі, сандық және сапалық көрсеткіштері тіпті бір зона шеңберінде әр алуан. Бұл көрсеткіштерге егін шаруашылығында қолданылатын агротехникалық шаралар мен тыңайтқыш түрлерінің, егістікті өңдеу әдістерінің де елеулі әсер ететіні белгілі. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауыл шаруашылықтық және табиғи жүйелердің себеп-салдарлы тығыз байланысынан құрылымы мен функционалдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер - агроландшафттар қалыптасады.
Агроландшафттық, яғни егістікті комплекстерде әртүрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде агроландшафттық ізденістердің негізін қалап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Табиғи-антропогендік ландшафттар
Ландшафттарды зерттеудегі геожүйелік - бассейндік тәсілдің дамуының негізгі кезеңдері
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мұғалжар тауы
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»
Экологиялық және экологиялы - географиялық картографиялау
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Пәндер