Екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын бақару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, коперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген ие болды) . Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциядан болған зиян, екінші бір операциядан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша - несие нарығының жағадйына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Депозиттік қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы рөлін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшінөздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушыларкейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанының өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Шынында да, банктер бұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндерге қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады [1] .

Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда) . Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, оларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттер ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайларда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушыныңқажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынандай бастапқы қызметтері бар: депозиттерді қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Экономикалық субъектілерге қызмет көрсетудегі банк жүйесінің рөлінің өсуімен, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен, жеке коммерциялық банктердің құрылуы мен жойылуымен байланысты банктің қаржылық жағдайын талдаудың маңызы мен рөлі өсуде. Коммерциялық банктердің табыстары мен шығындары оның негізгі құрамды бөлігі болып табылады.

Осы дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығындарын анықтау мен оларды талдау. Яғни екінші деңгейлі банктер қандай операциялар бойынша қандай көлемде табыс алады және шығынға тап болатынын анықтау, табыстары мен шығындарын талдау, белгілі бір кезеңдердегі талдау нәтижелерін салыстыру.

Таңдалған тақырыптың маңыздылығын ескере отырып банктің табыстары мен шығындарының мәні, екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығындарын талдаудың маңызы, Отандық банктер қолданатын негізгі әдістемелер қарастырылған, АҚ «Тұран Әлем» банкінің табыстары мен шығындары анықталып, талданды және басқа банктермен салыстырылды.

Осы тақырыптың өзекті мәселелеріне сүйене отырып, дипломды жұмыстың құрылымы кіріспе, 3 тарау, 8 параграф, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша мәліметтерден тұрады.

1 Банк операцияларының табыстылығының теориялық аспектілері

  1. Екінші деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастырудың жалпы принциптері

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс -әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктер желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтыңқысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің щаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • клиенттер мен банк - корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілерінің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тіртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чекткрді, вексельдерді, аккредетивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, оларменбасқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда қарастырылатын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтердікөрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен құндылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай - ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру;

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
  • қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі - базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншік капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар соммасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай - ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі [2] .

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай - ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай - ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негзгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Депозиттік операциялар мынандай қағидалармен ұйымдастырылады: банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

  • депозиттік операциялар әрекет ету керек;
  • банк балансыныңоперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде ерекше назар аударылуы қажет;
  • депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депзиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттербелгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап етілгенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әртүрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техниканы қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорренттік шоттарды орналастыру мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана лауы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокоррентік есеп шоттарында теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте - бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай - ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.

Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдарқұрайды терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай - ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралды ескертуі бар мерзімді салымдарболып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай - ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.

Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралыарауы арызын банккеалдын ала түсіруі талап етіледі. әдетте ескерту мерзімдері - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес авйыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады.

Халықтардың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формаларықолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты. әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала өзгерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозитік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 000 доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін - берілетін және салымдарының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертифткаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.

Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.

Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды эмиссиялау жатады.

Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен қарыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, қарыз алушы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты - қарыз алушының бағалы қағаздары қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдырудың өте икемді және ынғайлы тәсілі.

Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің республиканың тәжірибесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60%-ын Ұлттық банкінің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көзіне айналды.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу парақтарымен расталатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Кепілхаттық қағаз парақтары мен операциялар жер учаскелерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту үшін қамтамасыз етілу жер, құрылыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық қағаз парақтарының элементі болады.

Сонымен бірге банктермен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар әр түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағала қағаздар қатаң өсімақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі - базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушы есептің ролі
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Банк ресурстарын басқаруды жетілдіру
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму жолдары
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz