Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і колледжі

Ғылыми жұмыс

Тексерген: Мусина Жания

Орындаған: Тілегенова Торғын

Алматы -2011ж

Сурет:Muhtar Shaxan Kazak poet.jpg

Мұхтар Шаханов

C:\Users\Gauhar\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\ПРОРО.JPEG

Мұхтар Шаханов 1942 жылы шілдеде Оңтүстік Қазақан облысы, Отырар ауданындағы Шілік ауылында дүниеге келген.

1951 жылы әкесі қайтыс болған соң, анасы Ұмсын Мұхтарды жетектеп Леңгір ауданындағы Бадам ауылына көшіп келеді. Мұнда болашақ ақын нағашы атасы Ысқақтың тәрбиесінде өседі.

Ол 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіреді. Түрлі газет, теле-радио редакция-ларында, Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте әр түрлі қызметтер атқарады. Одан соң Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, "Жалын " журналының бас редакторы болады. М. Шаханов 1993-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше өкілетті елшісі болды. Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Мемлекеттік тіл" қоғамдық қозғалысының төрағасы.

Ақынның "Бақыт"(1966), "Балалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Сенім патшалығы" (1976), "Уақыт бедерлері" (1982), "Зерде" (1964), "Танакөз" (1996), "Жаңа қазақтар " ( 2000 ) және т. б. өлеңдер жинағы жарық көрген.

М. Шаханов - шығармашылық еңбегі лайықты бағасын алған ақындардың бірі. 1972 жылы "Танакөз" поэмасы үшін Қазақстан комсомолы, 1982 жылы "Уақыт беделдері" кітаптары үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығын алды. Ақын шығармалары дүние жүзі халықтарының жиырмадан астам тілдеріне аударылған және бірнеше шетелдік сыйлықтарға ие болған. Қаламгер Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996) .

Ақын лирикасындағы көркемдік ізденістер . М. Шаханов- қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, формалық жағынан тереңдетіп, көркемдік кестесін байытқан ақын. Ақын шығармашылығының ерекшелігі-туындыларының көпшілігі оқиғаға құрылатындығы.

Ақын шығармаларындағы лирикалық қаһарман достық пен махаббатқа адал, адамгершілігі биік, рухани дүниесі бай болып келеді. Бұған оның "Достық туралы баллада ", "Тастар неге үнсізсіңдер?", "Борыш туралы баллада", "Танакөз " поэмаларын және т. б. шығармаларын жатқызуға болады.

Мұхтар ақын өлеңді сюжетке құрады және ондағы ой мен мазмұнға баса мән беруді мақсат етеді. Сол себептен, оның өлеңдерінде сезімнен гөрі ой салмағы басымырақ. Тіпті көлемі шағын лирикалық өлеңдерінің өзінде де оқиға арқылы айтылады.

М. Шаханов шығармаларының негізгі лейтмотиві-адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты паш ету ездікті, арамдықты, зұлымдықты әшкерелеу болып табылады. Ақын ұғымында махаббат тек махаббат үшін, достық тек достық үшін өмір сүрмейді. Оны ақынның азаматтық ұстанымы Отан деген ұлы ұғымға ұластырады.

Ақынның поэтикалық әлеміндегі тұрақты ұғымдар-Бақыт, Намыс, Достық, Сенім, Адалдық. Мұхтар шығармаларының қай-қайсысынан да осы бір биікадами қасиеттерді көреміз. Ақынның лирикалық қаһарманының түсінігі бойынша, өмір сүрудің мәні-осынау ізгі қасиеттерге, үлкен адамгершіліктерге деген құштарлықта.

Мұхтар ақынның лирикалық қаһарманы қайда жүрсе де, не туралы ойласа да адамға, Отанға деген сүйіспеншілігін алға тартады.

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә - ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады,

Қиын шақта досын сатқан адамдар.

Ақын шығармашылығының көп бөлігінің негізгі арқауы - достық туралы. Мұхтар бұл тақырыпта көптеген өлеңдер жазып, лирикалық қаһарманның мінез-құлықтары арқылы достыққа адал болуға шақырады.

Мұхтар поэзиясының ендігі бір құдіретті қозғаушы күші - махаббат.

Екінің біріне қона бермейтін бақыт құсы

Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,

Сен сүйгенмен ол сүмесе шараң не?

Махаббат ол- қос жүректің әні ғой,

Өзіне сай дауыс керек әр әнге.

. . . Жұбайлар бар таусылған,

Ал-махаббат таусылмайтын әнгіме!

Ақын бұл өлеңінде аяулы махаббатты жырлап қана қоймай, оның мәңгілік сезім екеніне оқырманын сендіреді.

Мұхтар поэзиясындағы махаббат - азаматтықтың өлшемі, адамгершіліктің таразысы іспеттес. Мұхтардың махаббат лирикаларың абстракт ұғымынан емес, нақты оқиғадан өрбейді. Аөын шығармаларындағы махаббат иелері типтік характерлер жиынтығы болып сомдалады. Автордың ойынша, махаббат-ол үйлесім. Ал екі адамның арасында рухани үндестік болмаса, үйлесім бұзылады, шаңырақ шайқалады. Ақын « Түсіну теоремасы» өлеңінде данышпан Толстой өлер алдында әйеліне:

Бірақ мені түсінбедің,

Түсінуге және де

Тырыспадың . . .

Кешірмеймін сол үшін

Кешірмеймін сол үшін, -

деп, өкпе артуын осы мақсатта көрсетеді. Түсінісе алмағын, бір-бірінен рухани жақындық таппаған жандардың қай заманда болмасын өмірі бақытсыз әрі мағынасыз.

М. Шаханов поэзиясы гуманистік идеяларға бай . «Өз борышын сезінуге қалғаннан асқан мүгедектік болмайды» деп, ақын өз борышын сезінбеу, өз қоғамына лайық азамат болмау -жан мүгедектерінің көрінісі екендігін ашық айтып, оны өз поэзиясының аксиомасына айналдырады.

Мұхтар шығармашылығында баллада жанры үлкен орын алады. Олардың бірі шағын ғана өмір оқиғаларына құрылса, енді бірі тарихи аңыз негізінде жазылған. Сонын бірі - « Арман» балладасы.

«Арман» балладасының қысқыша мазмұны төмендегідей. Бұдан 11 ғасыр бұрын ұстаздың бір топ шәкірттерінің ішінде екі бала ерекше дараланды. Екеуі де әдепті, кішіпейілді, сабаққа өте-мөте зейінді екен. Бірде Дойылды мен Әбуді дана қария шақырып алып әңгімелеседі. Ол Дойыл болашақта сауда-саттықпен айналысу туралы, ойлайтындығын, дүние жиюды армандайтындығын айтады. Бұны тыңдап отырған ұстаз шәкіртіне риза болмайды. Ал Әбу өзінің болашақтағы мақсаты жөнінде былай дейді:

Менде де бар бір арман,

От боп маздап, қол бұлғайтын шынардан.

Ұлы баба, бірақ менің арманым,

Парыз бенен махаббаттан құралған.

Мейлі мәңгі жарымайын киімге,

Мейлі түйір нан қалмасын үйімде.

Мейлі ұлының еңбек етіп арымен,

Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.

Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!

Өнеріммен тасып толам кемерге.

Мен өзіме риза емеспін елімнің

Мақтанышы бола алмасам егерде.

Сәуегей қарт өз ризашылығын білдіріп, балаға батасын береді. Арада талай айлар мен жылдар өтеді. Екі бозбала өздерінің армандарына жетеді. Ақын Дойылдың жайын былай суреттейді:

Есепсіздің несібесі озар ма?

Әйелін де баулы да ол сол заңға,

Қонаққа арнап асылатын етті де,

Өзі салып беріп жүрді қазанға.

Одан әрі екінші жасөспірімнің жайы суреттеледі:

Ал, Әбу ше!

Кеңге жайды ол қанатын.

Әбуіміз-әрі ғалым әрі ақын,

Әбуіміз -біздің ұлы бабамыз,

Әбу Насыр әл-Фараби болатын.

Ақын қашанда жақсылық пен жамандықты, білімділік пен надандықты салыстыра келіп, біріншісінің екіншісінен әлдеқайда артық, пайдалы екенін көрсетіп отырады. Балладаның аяғында автордың сөз түйіні мынадай:

Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен адам керек екен адамға.

Ақын : « Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін-арманды дұрыс тандай білу керек» деген қорытынды жасайды.

М. Шаханов қай шығармасынан болмасын махаббатқа адалдық дәріптеледі. Мысалы, «Ғайша», «Шың басындағы оқиға», «Эвереске шығу», т. б. балладалары осы бағыттары туындылар.

Махаббат шың сияқты:

Күн жақындап қасына,

Бұлт қонатын тасына.

Қыран тектес жандар ғана

Шыға алатын басына, -

дейді ақын. Ақынның сюжеттік балладаларындағы махаббат иелері-сатқындықпен, тұрақсыздықпен, енжарлықпен мәңгілік күреске шақыратын - романтикалық образдар. Ақын балладаларының бір шоғыры қазіргі замандас бейнесіне, адамгершілік тақырыбына негізделген. Олардың қатарына «Тоқшылық», «Шапағат», «Әйелдер», т. б. балладалары жатады. «Достық өлкесінің заңы» атты туындысында рухани күшті адам ғана достыққа адал, ал достыққа адал жан еш уақытта отанына опасыздық жасамайды деген ой айтады ақын.

Поэма жанрындағы табыстар . М. Шаханов - эпикалық жанрға да мол еңбексіңірген қаламгер . Оның « Нарынқұм трагедиясы», «Құлыптас немесе кері тебу заңы», «Танакөз», «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы», «Жаңғырық», «Өркениеттің адасуы», т. б. шығармалары әдеби ортада жоғары бағаланды.

«Танакөз» поэмасы -Мұхтар Шахановтың осы жанрдағы шеберлігін танытқан туынды. «Танакөздегі» кейіпкерлер - Танакөз, Мұрат және лирикалық «мен». Оқиғалары жастар өмірінен алынған. Шын мәніндегі адамгершілікті өнеге етуі - поэманың құнын деген идея ұсынады автор.

Доссыз, сірә, өмір бар ма? Далбаса.

Бақыттысың ізгілігің солмаса.

Тамам жұртты саудагер деп ұғар ма ем,

Сатылмайтын сенің көңілің болмаса.

Махаббатсыз өмір бар ма? Далбаса.

Егер жарың сатып кетсе, алдаса,

Қиналмай - ақ өлер едім тек қана

Сатылмайтын туған жерім болмаса.

Поэмадағы күн күлкісі, адам қуанышы, гүл дірілі, шынайы достық жыры, алғашқы махаббат әні, алғашқы мұң - бәрі бірін-бірі толықтыратын көріністер.

Поэма махаббатын енді тапқан достарға айтылған риясыз тілекпен аяқталады.

Сендер өшпей жаныңдаршы,

Сендер бақыт табыңдаршы,

Онсыз өмір мәңгі ме?

Екеуіңнен бұл бақытты

Егер титтей қызғансам,

Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге!

Ақын ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейді. Ақынның кез келген туындыларында - фольклорлық туындылардың өрнектері мол орам тапқан. Бұл Мұхтар Шахановтың ұлттық поэтикалық әлемге етене жақын екенін айғақтайды.

Жалпы, ақын өз шығармаларында тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды көп жырлайды. Оның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар» дастаны немесе «Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасы осының дәлелі. Ақын жырындағы басты идея - тарих мысалдарымен ұрпақты қаһармандық, патриоттық рухта тәрбиелеу. Поэма бірден драмалық қуатпен басталады.

Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз әсерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай

Отырарды ала алмау,

Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау-

Ойы - дауыл,

Сезімі - аспан,

Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,

Намысына сызат түсті мына сенің арқаңда, -

деп, Шыңғысхан Шағатайға ашу шақырады. Одан әрі поэмада Отырар қаласының басқыншыларға қарсы жанкешті қарсылығы, сатқындықтың кесірінен ойрандалғаны айтылады. Шыңғысхан әскері аямай қиратқан қаланың дана ханы Қайырхан: «Отырардың жан қиярлық ерлігін жыр ететін, әттең, ақын қалмады - ау», - деп ақырғы арызын айтқанда, сатқынның әкесі бетін жалын қақтаған әлдебір баланы құтқарып жібергенін хабарлайды.

Бәрекелді,

Бұл еңбегің жарады!

Бірақ одан ұрпақ тарап,

Одан ақын туғанша,

Ал ол ақын ата жолын қуғанша;

Кеудесіне сыйдырғанша даланы,

Айырғанша ақтан бөліп қараны;

Талай өзен тасып өтер,

Бәлкім, талай ғасыр өтер, -

деп Қайырхан жасқа толып жанары,

Отырарға қимай ұзақ қарады.

Сөйтіп, поэмада Отырар қаласын Шыңғысқанның жермен жексен еткені зұлымдығы және оны соңғы жауынгері қалғанша қорғаған қаһарман хан Қайырханның ерлігі баяндалады. Сол арқылы Отанға деген ұлы сүйіспеншілік жырланады.

М. Шаханов «Өркениеттің адасуы» поэмасында қазіргі заманның ең өткір мәселесі - дүние жүзі қауымындағы рухан адамгершілік қасиеттердің құлдырауын сөз етеді.

Поэма бес бөлімнен тұрады:

  1. Қорғансыз - рухани әлемнің азаптары;
  2. Жарқылдақ мәдениеттің шеруі немесе Сахаровты сағыну;
  3. Желтоқсан алаңы немесе төр ананы қорғаған көтеріліс;
  4. Қайырханның ұмытылған идеясы;
  5. Рухсыз бостандық немесе пингвиндердің мәңгілігі.

Ақын поэмада ақиқат пен жалғандық, ізгілік пен зұлымдық, ерлік пен ездік, достық пен сатқындық, адалдық пен арамдық, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш сияқты адам бойында кездесетін сан түрлі қасиеттерді салыстырады. Ол мәдениет пен руханият жойылған кезде адамзат аң секілді жабайылыққа айналады. Адамның адам болып, мемлекеттің мемлекет болып қалуы үшін әрқашан төрт анаға сүйену керектігін айтады. Олар: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр және туған тарих.

Әр адамда өз анасынан басқа

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт - санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі және туған тарихы.

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған.

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ - жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана -

Тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес -

Күрестердің ұлысы!

Ақын өркениеттің құлдырау қарсаңында тұрғанын еске салады. « Өркениеттің адасуы» поэмасы солтүстіктегі қақаған суықтан өз ұрпағын аман сақтап қалу жолындағы пингвиндердің жанкешті іс -әрекетімен аяқталады. Автор поэма соңында адамгершілік пен рухани құндылықтарды арзан мәдениет пен әдепсіздік алмастырған қоғамды сынайды.

Қорыта айтқанда, Мұхтар Шаханов қазақ поэзиясын бүкіләлемдік дәрежеге көтерген үлкен жүректі ақындарымыздың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының басталуы
Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz