Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Бизнес және құқық» факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметке тұру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату
Мамандық/БББ:6В04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Жетекші С. Р. Абдиева
(қолы)
Орындаған А. Аульбаева
(қолы)
АҚТАУ 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ қызмет жүйесінің жұмыс істеу түсінігі мен негізгі принциптері . . . 4Мемлекеттік қызметтің мәні мен мемлекеттік қызметші түсінігі және оның оң жағдайы . . . 9Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 12
- МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ, ӨТКЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ ШАРТТАРЫҚазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке орналасу және оған қойылатын талаптар . . . 17Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет жобасын өткеру және тоқтату шарттары. . . . 18
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде қаншама халық жұмыссыз. Неге? Елімізде жұмыс жоқ па, әлде бар жұмысқа қанағатсыздық пен менсінбеушілік бар ма? Әлде жұмыссыз болудың бірден-бір себебі айлықтың аздығы ма?
Елімізде қазіргі таңда осы жұмыссыздық және жұмысқа тұру мәселесі өте өзекті болып тұр десек қателеспеген болар едік. Елімізде жыл сайын оқу бітіріп, диплом алған жастардың жартысынан көбі дерлік жұмыс тапшылығына ұшырайды.
Мен осы курстық жобамда еліміздегі жұмыс тапшылығы немесе жұмысқа тұру мен өткеру және жұмыс мерзімін тоқтату жөнінде мәселе қозғадым. Еліміздегі мемлекеттік қызметке орналасу мен оны өткеру және қызметті тоқтату мәселелері қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік басқару теориясымен терең танысу, оның мәні мен ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын анықтау және жетілдіру тәсілдерін әзірлеу. Демек, біріншісі - мемлекеттік басқарудың тән белгісі. Онда мемлекеттік басқарудың маңыздылығы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары, екіншісі - еңбек өнімділігін арттыру, басқару қызметінің әрекеттері мен мәселелері көрсетілген. Бөлімде жақсарту жолдары мен әдістері талқыланады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік қызметтің теориялық аспектілерін талдау;
- Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен негізгі принциптерін жіктеу;
- Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру және қызметті тоқтату шарттарымен танысу;
- Мемлекеттік қызметке орналасу мен қызметкерге қойылатын талаптармен танысу:
Мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджін қалыптастырудағы сан түрлі пікірлерді танытуды да мақсат тұтады. Бұл мақсатқа жету жолында негізі міндеттер ретінде басқарудағы парасаттылықты ұстана отырып ашықтық пен есептілікке қол жеткізуді қарастыруға болады.
Әдеп кодексінің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің бойында парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ қызмет жүйесінің жұмыс істеу түсінігі мен негізгі принциптері
Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т. б.
Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.
Қызметтің айрықша түрі (және тиісінше, қоғамдық-пайдалы қызмет түрі) болып мемлекеттік қызмет табылады. Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады, сондықтан еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне негізделеді. Мемлекеттік қызмет басқару персоналының мақсатты, әлеуметтік-пайдалы, объективті қажет және үйымдастырушылық ресімделген қызметі болып табылады, өзінің еңбек қүралы болады.
Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады және еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне сүйенеді. Мемлекеттік қызмет - бүл басқарушы мамандардың мақсатқа сай, әлеуметтік пайдалы, объективті қажетті және мемлекет тарапынан үйымдастырылған, рәсімделінген қызметі.
Мемлекеттік қызмет кең мағынасында мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы, үйымдар мен мекемелердегі кез келген қызметкердің қызметі болып табылады, себебі осының барлығы мемлекеттік міндеттерді шешуге, оның функцияларын орындауға бағытталған. Алайда әкімшілік-күкықтық мағынасында мемлекеттік қызметті мысалы тікелей материалдык қүндылықтар тудыратын жүмысшылардың функцияларынан айыра білу қажет. Тар мағынасындағы мемлекеттік қызмет үғымымен кейбір қызметшілердің: артистердің, жоғары оқу ' орындары оқытушыларының, дәрігерлердің, кәсіпорындар инженерлерінің және өз қызметінің сипаты бойынша заңдық-биліктік өкілдіктер берілмеген тағы басқалардың жүмысы қамтылмайды.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасынын 1999 жылғы 23 шілдедегі заңы мемлекеттік қызметті "мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілдіктерін орындау жөніндегі қызметі" деп анықтайды.
Мемлекеттік қызмет кәсіп ретінде жердегі ең көне кәсіптердің бірі болып табылады. Ол мемлекеттің, оның органдарының, әлеуметтік қатынастардың, оларды реттеу және барлық әлеуметтік процестерге, бірінші кезекте адамдарға мақсатты ықпал ету қажеттілігінің пайда болуымен бірге пайда болған.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі белгілі бір тән белгілерге ие. Осындай белгілердің бірі еңбек құралының ерекшелігі. Мемлекеттік қызмет қызметтің белгілі бір түріне, яғни кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке, лауазымға жататын жұмысты орындауды көздейді.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-саяси қүбылыс ретінде бірқатар елеулі белгілермен сипатталады:
а) мемлекеттік қызмет мемлекеттің міндеттері мен функцияларын (ішкі және сыртқы) жүзеге асырумен байланысты;
б) мемлекеттің экономика салаларын, әлеуметтік саланы және әкімшілік-саяси құрылысты дамыту жөніндегі міндеттері мен функциялары мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлы, көлемінің үлкендігімен, басқару функцияларының қиындығы және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғам мен мемлекеттің мүддесі көрінеді. Мемлекеттік қызметшілердің осы аспектідегі қызметі осы аталған мүдделерді қанағаттандыруға, әлеуметтік міндеттер мен мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға тікелей бағытталған;
в) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару функцияларын іске асыратын, қүрылатын арнайы аппарат аясында іске асырылады. Мемлекеттің экономиканы, әлеуметтік саланы және әкімшілік-саяси қүрылысты дамыту жөніндегі қызметі органдар жүйесінің көмегімен іске асырылады. Осы органдар алдында түрған міндеттер олардың қызметінің мазмүнын және тиісінше мемлекеттік қызметшілердің функцияларын анықтайды;
г) мемлекеттік қызметтің ерекшелігі басқару функцияларын іске асырумен байланысты. Соңғылары мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жөніндегі практикалық жүмысының объективті қажетті бағыты ретінде танылады;
д) мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайды, сондыктан оларға өздеріне жүктелген міндеттер мен басқару функцияларын іске асыру үшін кажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер берілген;
е) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентінің Жарлықтарына және басқа да
1. 9 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1-бабы. Государственная служба в Республике Казахстан. Сборник нормативных правовых актов. Под общей редакцией Турисбекова 3. K. - Астана. 2003.
заңнамалық актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидаттары талаптарына сәйкес келуі тиіс;
ж) мемлекеттік қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушы сипатта болады. Сөз Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президентінің Жарлықтарын және басқа да заңнамалық актілерді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында практикалық жүзеге асыру туралы болып отыр. Мемлекеттік қызметтің барлық мәні әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды практикалық үйымдастырудан, тиісті мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуден тұрады;
з) мемлекеттік қызмет өкім жүргізу сипатындағы қызмет болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметшілер оларға тапсырылған салада өздеріне жүктелген басқару міндеттері мен функцияларын орындау кезінде заңдық-биліктік жазбаша өкімдер қолдануға қүқылы. Өкім жүргізу қызметі қажет жағдайларда олардың көмегімен ведомствалық бағыныстағы объектілерге және олардың негізгі қызметтерінің бағытына мақсатты эсер ету қамтамасыз етілетін басқару актілерін (соның ішінде нормативтік- құқықтық) шығаруды көздейді;
и) мемлекеттік қызмет саясаттан тыс сипатта болады. Бұл мемлекеттік қызметшілер лауазымдық функцияларын және өкілеттіктерін орындау кезінде заңнама талаптарын басшылыққа алуға және өздерін саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының шешімдерімен байланыстырмауға міндетті екендіктерін білдіреді. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарында саяси партиялар үйымдарын қүруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің басқарушылық қызметінде тек қана қолданыстағы заңнамада көрсетілген мемлекеттің мүдделері мен саясатын басшылыққа алады.
Келтірілген белгілер түтастай алғанда мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік тағайындау мен мазмұны бойынша кәсіби кызметтің қиын түрі ретінде сипаттайды.
Осылайша, мемлекеттік қызмет мемлекеттік үйымдарда лауазымдарға ие түлғалардың мемлекеттің тапсырмасы бойынша қоғамдық-пайдалы қызметті кәсіби іске асыратын әлеуметтік санат болып табылады.
Мемлекеттік қызмет - әлеуметтік басқару саласындағы кәсіп. Мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік аппараттың әлеуметтік функциясы осы органдар басынан бастап ие болған биліктік өкілеттіктер түғырынан қоғамның барлық басқа әлеуметтік жіктері мен топтарының мүдделерін үйымдастыру, басқару және келісуден көрінеді. Сондықтан мемлекеттік аппараттың негізгі міндеті - билікті, мемлекетте тек соның көмегімен ғана тұрлаулылыққа, тәртіпке қол жеткізуге болатын тетік ретінде адамдардың іс-қимылын, олардың мүдделерін үйлестіру болып табылады.
Ресейлік ғалымдардың пікірінше мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, ол өз табиғатында адамдардың мүдделерін келістіре отырып, мемлекеттегі түрлаулылықты кепілдендіру болатындығында; екіншіден, тәртіпті сақтау үшін сондай-ақ билікті қолдануда; үшіншіден, ашық сипатта болады, яғни бір жағынан адамдардың, екінші жағынан мемлекеттің мүдделерін білдіруші ретінде мемлекет пен адам арасында түрады, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ашықтығы оның қызметінің қоғамдық сипатында, қоғамның негізгі жіктеріне бағыттылығында, адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуде көрінеді; төртіншіден, мемлекеттік қызметтің өзінің қатаң иерархиялығында, оның бөлшектігінде, санаттарға, топтарға, дәрежелерге, шендерге, лауазымдарға бөлінуінде . . . Бесіншіден, мемлекеттік қызмет қатаң сословиелік-корпоративтік бірлестік болып табылады.
Мемлекеттік қызмет сондай-ақ саяси қызмет болып табылады. Саяси аспектіде ол "мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдағы және мемлекеттегі барлық саяси күштер дайындаған мемлекеттік-саяси мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызмет; мемлекеттік қызмет -қоғамдағы түрлаулылықтың маңызды факторы, себебі қоғамдык қатынастардың түрлаулылығы мен түрақтылығы оның қызмет атқаруы мен тиімділігіне тәуелді".
Саяси мемлекеттік кызмет негізінде қоғамдық қүрылысты көрсететін және көптеген әлеуметтік жіктер мен топтардың мүдделерін көрсететін үйымдастырушылық, заң шығару және сот биліктерінің өзара байланысты жүйесі жатқан қызмет ретінде көрініс табады.
Мемлекеттік қызмет өзінің саяси мәртебесін ішкі тәртіпті үстап түру және бейбітшілікті сақтау, индивидтің де, сондай-ақ әртүрлі бірлестіктердің, одақтардың, қоғамдық топтардың және т. б. қызметіне бақылау жасауға толық бағытталуымен де көрінеді. Саяси өмір орбитасына мемлекеттік қызмет өзінің ішкі табиғаты және негізі бойынша қоғамға және оның барлық қүрылымдарына саналы, жүйелі және мақсатты үйымдастырылған ықпал ету маңызды болып табылатын басқару саласындағы қызмет болып табылатындықтан да тартылады.
Мемлекеттік қызметтің саясаттылығының маңызды жағын оның мемлекетте қабылданатын заңдармен байланыстылығы да қүрайды. Мемлекеттік қызметтің барлық қызметі заң эгидасында болады, ол басымды болады, оның көріністерін, мәнін қамтамасыз етеді. Заңды орындау - барлық басқару қызметінде ең маңызды және ең бастысы болып табылады.
Осылайша, мемлекеттік қызмет өзінде жалпы мемлекеттік мүддені шоғырландырушы және қоғамда келісім атмосферасын қалыптастыра білуші кәсіп болып табылады. Оның жетістігі - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және азаматтық парызын орындаудағы жоғарғы буын. Мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі мәнін аша отырып, "мемлекеттік қызметші" ұғымының өзін назардан тыс қалдыруға болмайды деп ойлаймын, себебі мемлекеттік қызметші барлық басқару жүйесінің шешуші элементі болып табылады.
Мемлекеттік қызметші болып "заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органда лауазымға ие және лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында іске асыратын, еңбекақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттерден, немесе Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің қаражаттарынан төленетін Қазақстан Республикасының азаматы" танылады.
А. Ишмухамедова "Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік лауазымдар туралы" мақаласында мемлекеттік қызметшінің келесі белгілерін атап көрсетеді:
- ол мемлекеттің тапсырмасы бойынша және оның атынан мемлекеттік органда сыйақы үшін жүмыс істейді;
- ол мемлекеттік қызметші қызметінің мазмүнын, оның қүқықтык жағдайын айқындайтын және белгіленген тәртіппен тиісті міндеттерді орындайтын қызметті иеленеді: лауазымдык өкілеттіктерді жүзеге асырады, мемлекеттік функцияларды орындайды. Бүл белгі осы мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттердің қандай бөлігін орындауы тиіс және ол мемлекеттік органда қандай орын алатындығын анықтайды;
- әрбір мемлекеттік қызметші лауазымды белгілі бір үйымдастыру-қүқықтық тәсіл арқылы (тағайындау, сайлау) арқылы иеленеді.
Мемлекет басшысының саяси еркі мен жаһандық бастамаларының арқасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс жүзінде жүзеге асырылуына және институционалды реформаларына, Қазақстанда қазіргі заманғы жаңа сұрауларды шешуге жағдайлар жасалды.
Президент алдағы онжылдыққа елді дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырудың басты міндетін қойды. Ол үшін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы жүргізіледі.
Қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекеттік қызмет жүйесі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «қоғамға қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаттарына негізделеді:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
8) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі;
9) меритократия - мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
10) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін міндеттілігі;
11) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
12) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
13) әдептілік;
14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
15) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
16) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
17) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекақыны тең төлеу;
18) мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы;
Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Осылайша, мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.
- Мемлекеттік қызметтің мәні мен мемлекеттік қызметші түсінігі және оның оң жағдайы
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін саяси, әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.
Мемлекеттiк қызметтiң атқарылуы және жұмыс iстеуi, ол әрбiр органның лауазымды тұлғаларының басқаруы мен атқаруы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiге анықтама беремiз:
Мемлекеттiк лауазым дегенiмiз-ол, мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгiн айтады;
Мемлекеттiк қызметшiдегенiмiз-ол, мемлекеттiк органда заңда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не ҚР Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын ҚР азаматын айтады;
Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз-ол, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметтi айтады;
Лауазымды адам (тұлға) дегенiмiз-ол, ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адамды айтады;
Лауазымдық өкiлеттiк дегенiмiз-ол, заңдарда белгiленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнiн, нақты мемлекеттiк лауазымен көзделген өкiлеттiктi айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz