Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Бизнес және құқық» факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметтің кәсіби, адамгершілік негіздері
Мамандық/БББ:6В04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару
Жетекші С. Р. Абдиева
(қолы)
Орындаған Ә. Арғынқызы
(қолы)
АҚТАУ 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы . . . 5
1. 2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы . . . 7
2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ КӘСІБИ АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ
2. 1. Мемлекеттік қызметтің кәсіби негіздері …… . . . 11
2. 2. Мемлекеттік қызмет саласына адамгершілік ұстанымдарын енгізудің әлемдік тәжірибесі . . . 19
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару - бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік - экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын меңгеру. Сондықтан біріншісі - бұл мемелекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе, екіншісі - бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс-әрекеті және мәселелері. Бөлімде жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілерін қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Шетелдегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін талқылау;
- Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы қазіргі қоғамдағы міндетін қарастыру;
- Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын әлеуметтік және экономикалық проблемасы ретінде қарастыру.
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбекақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызмет, тар мағынасында, қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылды. Мемлекеттік басқару аясына орай, мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік-басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы-өкім етушілік сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттеледі. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген.
- Мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;
- Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады.
- Мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттің лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады - заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады.
- Мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыоу жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі.
- Мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;
- Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. [2]
Батыс елдерінің заңнамалары мемлекеттік қызмет туралы мәселені көп жағдайларда Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа алатын қағидаттардан өзгеше негіщдемелерде шешеді. Мәселен, АҚШ-та мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың реттеуіне бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез келген қызметкер жатады; оларды «азаматтық» және «үкіметтік» қызметшілерге бөлу қаралған. Ұлыбританияда барлық шенеуніктер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық мекемелерде істейтін адамдар да мемлекеттік қызмет атқарады. Францияда мемлекеттік қызмет шенеуніктердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметшілердің жариялы басқарушылық қызметі болып табылады. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып ең алдымен жариялы билікті иеленуші ретінде мемлекеттің барлық қызметшілері танылады. Германияда да шенеуніктер мемлекеттік қызметшілер болып танылады. Оларға өзге мемлекеттік қызметшілер де, мысалы, көмекші - техникалық функцияларды орындайтындар жатады. Әкімшілік қызметкерлер тобын білдіретін шенеуніктермен және шенеуніктер болып табылмайтын азаматтық қызметшілер арасында шек қойылады.
Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекет құратын лауазымдарға орналасқан және шындығында мемлекетте қызметте болатын адамдардың жұмысына қолданылмайды. [3]
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, қай кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану - алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік баксқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемі қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау болып табылады. [6]
1. 2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы
1999 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жаңа
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға қол қойды. Заңмен және заңға тәуелді актілермен мемлекеттік қызметшілердің анықтамасы нақты анықталды.
Мемлекеттік қызметші - ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не болмаса ҚР Ұлттық Банкімен төленетін мемлекеттік органдағы лауазым иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекет қызметі міндетін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы. Тек мемлекеттік қызметшілерге техникалық қызметшілер, қызмет етуді қамтамасыз ететін персоналдар кірмейді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге министрлер мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса, қалған лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай қабылдану, тағайындалу конкурс және сайлау арқылы алынады:
- Қабылдану - бұл мемлекеттік қызметке алынғанда ең көп қолданылатын тәсіл.
- Тағайындау - бұл мемлекетке алу тәсілі үш түрлі жолмен көрсетіледі:
- сәйкес органның немесе лауазымның тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындау.
- ұсыныс - сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір органға немесе лауазымға жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке алынады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын тағайындайды.
- келісім - сәйкес орган немесе лауазым басқа бір органмен немесе лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентімен келісіп, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрін тағайындайды.
- сайлау - мемлекеттік қызметке саяси қызметшілердің ішіндегі ең бастылары, ең жоғарғысы Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары сайлау арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалады.
- Конкурс - Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке мамандардың орналасуы және мемлекеттік әкімшілік қызметте жоғары көтерілуі, тек конкурстық таңдау арқылы жүргізіледі деп анықталған. [5]
Конкурс арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқы бар. Бұл құқық біздің мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес бір белгісі болып табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған әркім тұра алмайды. Алдымен мемлекеттік қызметке тұрушыларға белгілі бір шарттар қойылады. Конкурстық таңдау мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында бәсекелестік туғызады, ал бұл болса мемлекеттік қызметке жоғарғы сападағы мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметке лаудың ескі тәртібіне қарағанда, конкіурс бойынша ваканттық орындары бар мемлекеттік органдар жүргізеді. Бұл конкурстардан өтудің белгілі бір этаптары бар, олардың қатарына:
- конкурстың өтуі туралы жарнаманың жариялануы;
- конкурстық комиссияның құрылуы;
- берілген шарттарға сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және оларды талдау;
- үміткерлерді тестілеуден өткізу;
- әңгімелесу;
- конкурс комиссиясының соңғы отырысы.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің
баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша - биылғы жылдың 28-ші наурызында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың төрагалыгымен шетелде біліктілікті жетілдіруге жіберілетін кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мәжілісі өтті. Комиссияның шешімі бойынша орталык мемлекеттік органдардың 22 қызметкерлері, ағымдағы жылдың сәуір айында, Ресей Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет Академиясына «Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту» тақырыбында өтетін оқу курсына жіберіледі. [9]
2006 жылы «Шетелдерде мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіру» бюджеттік бағдарламасы аясында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Германия, Франция, Сингапур, Нидерландтың жоғары оқу орындарына 200 қазақстандык мемлекеттік қызметкерлер мемлекет баскару саласында тәжірибе алмасуға жіберілген болатын. Осы сияқты шаралар биылғы 2007 жылында өз жалғасын табады.
Конкурсты өткізуші мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сол орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос орындар туралы республикалық ақпарат құралдары арқылы жариялауға міндетті. Конкурстық комиссия болса, сәйкес органның басшыларынан құрылады. Содан кейін құжаттарын тапсырған үміткерлердің құжаттарын талдау арқылы таңдау басталады. Жасалған талдау негізінде конкурс комиссиясы үміткерлерді тестілеуге жіберу - жібермеуге шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы үміткерлердің білімін анықтау жүргізілген соң ең жоғарғы балл жинағандар әңгімелесуге жіберіледі. Осы арқылы конкурс комиссиясы алдын ала белгіленген критерийлер арқылы үміткерлерді таңдайды. Критерийлерге қабілеті мен білімі, тәжірибесі мен лауазымға сәйкестігін жатқызуға болады. Әңгімелесуден өткеннен кейін қорытындысы айтылады. Конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарына, тест нәтижесіне, әңгімелесу қорытындысына сәйкес үміткерлер арасынан таңдалады.
Қазақстан Республикасы «мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27-бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының тоқтатылуына негіз болатындар:
- мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жазған өтініші;
- келісім - шарт уақытының бітуі немесе келісім - шарттың бұзылуы;
- өзінің кірістері мен мүлкі туралы жалған ақпарат бергенде;
- міндеттері мен шектері бұзылған жағдайда;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
- Коррупциялық заң бұзушіліқ жасағанда;
- Конкурстан тыс қызметке алынғаны әшкереленгенде;
- Аттестациядан өткенде теріс нәтиже алғанда;
- Заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.
Қазіргі таңда елімізде осы уақыттың білімімен қаруланған, стратегиялық қабілеті бар мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет туралы заң шығармаларында мемлекеттік қызметтің қоғамға, азаматтарға ашықтығы демократиялық дамуымыздың дұрыс жолда екенін көрсетеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялығы, оның қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін құбылыстардың бірі коррупцияны төмендетуге көмектеседі. Ең бастысы, жаңа демократиялық дәстүр жолында қажырлы еңбек етуіміз қажет. Ол әрине көптеген жылдарды қажет етеді. Соның ішінде ең бастысы шенеуліктердің патриоттық сезімін жоғарылатып, қоғам мен азаматтарға адал қызмет етуін, заңдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет. [11]
Сыбайлас жемқорлықты азайту керек. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.
Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. Шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады. Бейіндік емес активтер мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмыс 2006 жылдың соңына дейін аяқталды.
Көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін біз “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң қабылданды. Адамдар құпиялылықтың қатаң сақталатынына сенімді болуы керек. «Өз басым Мемлекет басшысы ретінде бұған кепілдік беремін. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны жария ету тәжірибесі мұны қуаттай алады. Құпиялылықты сақтау мәселесін күшейту және мүлікті жария ету акциясының мерзімін 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
Қорытындылай келе, мемлекетіміз ешқандай елдің жүйесін көшіріп алған жоқ деп батыл айтуымызға болады, себебі мемлекеттік қызмет дегеніміз - әр елдің өз мәдениетін, тарихын, дәстүрін, ділін ескеретін ерекше бір мемлекетіміздің аясы болып табылады.
Болашақта, енді бізге ең маңыздысы мемлекеттік қызмет туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің демократиялық құндылықтарын сақтауын, қоғам мен азаматтардың мүдделерінің сақталуын, қоғам мен азаматтарға адал қызмет атқаруын қамтамасыз ету болып табылады. [16]
2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ КӘСІБИ АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ
2. 1. Мемлекеттік қызметтің кәсіби негіздері
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33 бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұцымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым - қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз. [12]
Мемлекетті басқару органдарында басқару кадрларын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан - жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз - азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне енгізілуін айтамыз. [18]
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады. [17]
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын - ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы - мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с. ) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минималды мөлшерден төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға бағытталған азаматтардың кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz