Бәсеке және оның негізгі түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және ғылым министрлігі
Л.Н Гумилёв атындағы Евразия Ұлттық университеті

Баяндамаа

Тақырыбы: Бәсеке және оның негізгі түрлері

Орындаған: Төлегенова Нұрсәуле ЖК-31
Қабылдаған:Буткенова А.К

Нұр-Сұлтан 2022
Жоспар:

Кіріспе
1. Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі
2. Бәсекенің түрлері
2.1. Жетілген бәсеке
2.2. Монополистік, жетілмеген бәсеке
3. Кәсіпорынның жетілген бәсеке нарығындағы іс - әрекеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қызметтерін жүйелендіру жəне бəсекелестікті дамыту мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым субъектілерінің өзара тиімді əрекет стратегиясы əзірленуде. Стратегияның мақсаты облыстың экономика жүйесін, жалпы мемлекетте шағын жəне орта бизнесті қолдауды əрі қарай дамыту кезеңін құру болып табылады. Бəсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нəтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі жəне капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бəсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік жəне жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл əдістерінің жүйесі.Талдау жəне бағалау Бəсекелестердің тауар- лық саясатының фор малары мен əдістерін зерттеу бағаларының өзгерісін зертеу. Бəсекелестер өткізу торабының құралуынжəне олардың өтізуді ынталандыру құралдарын талдау. Бəсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау.
1. Бәсеке түсінігі және оның жіктелуі. Бәсеке түсінігі латынның concurrentia деген сөзінен шыққан. Бәсеке - бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерін еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті.
Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әртүрлі анықтамалар берген. К.Р.Макконел және С.Л.Брю Бәсеке - бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі десе, А.Ю.Юданов нарықтық бәсеке - тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардын күресі деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы. Ал, Г.Л.Азоев: Бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік) деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке - ол обьективті және субьективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субьектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
:: өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
:: өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
:: бәсекеге төзімді өнім өндіру;
:: өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
:: пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің өмір сүру циклі бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің өмір сүру цикліне оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, өмірі жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
:: жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
:: өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
:: кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
:: ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:
- жеке - дара - нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;
- жергілікті - шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;
- салалық - нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;
- салааралық - нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;
- ұлттық - белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;
- халықаралық - әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.
2. Бәсекенің түрлері. Еркін бәсеке нарықта қандай - да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.
Реттелетін бәсеке - нарықтық субьектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономиға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.
Бағалық бәсеке - баға жөнінде және бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекені табысты әрі жақсы жүргізу үшін өндіріс шығындарын төмендетудің нақты мүмкіндіктеріне ие болу керек. Бағалық бәсекені жүргізу технологиясы қарапайым - фирма өнімге (тауарға, қызметке) едәуір төмен баға белгілейді, өндіріс шығындары жоғары болғандықтан бағаны төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер зиян шегеді және өздігінен нарықтан немесе саладан шығып қалады. Фирма біршама уақыттан кейін бағаны қайта көтереді. Кейде тіпті бастапқы деңгейінен де жоғары баға белгілейді. Сол арқылы нарық үшін күресте келтірілген зиянның орнын толтыруға тырысады.
Экономиканың монополиялануы жағдайында бағалық бәсеке айтарлықтай шектеулі. Осыған байланысты бәсекелік күресте бағадан тыс факторларға назар аудару қажет болады. Ондай факторларға сапа, жаңашылдақ, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудін жеделдігі (сервис) жатқызылады. Бағадан тыс бәсеке кезінде баға саясатын қалыптастыру мен талдау өткізу сферасына ауысады. Мұндай жағдайда өнімді нарықта бұрынғы баға бойынша ғана емес, сондай-ақ одан да жоғары бағаға сату мүмкіндігі туындайды. Сондықтан бәсекенің мұндай түрінде баға өнімді нарыққа жылжытудың басты құралы болып табылмайды, бірақ бәрібір өткізу және алынатын пайда көлемі соған байланысты болады. Бағадан тыс бәсекені жүргізуші фирманың басты міндеті-оның бәсекелік артықшылығы немен сипатталатынын білу қажет. Ең алдымен нарық жағдайын, ондағы бәсекенің интенсивтілігін, өнімнің патенттік қорғалуын, халықтың сатып алушылық қабілетін білу қажет.
Олигополиялық бәсеке - нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелік күресі. Мұнда кәсіпорындар саны көп болмайды, бағаны бақылау диапазоны олардың іс-әрекетінің келісім деңгейіне байланысты болады.
Таза монополия деп - берілген (уникалды) өнімді өндіретін (жұмыс орындайтын қызмет көрсететін) тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.
2.1. Жетілген бәсеке. Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс - бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
:: жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
:: әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
:: сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
:: сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
:: өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
:: қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
:: тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
:: тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
:: өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
:: ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
:: қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
:: ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
:: фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
:: еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
:: әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: сатушы-сатып алушы, т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.
Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
-сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа - азырақ алады;
-ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.
Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.
Жалпы тепе-теңдік - бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс аралығындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен қызметтердің ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірілетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының өскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуының азаюын нанның сатылуының көбеюімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, т.б.); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әртүрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, т.б. тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады:
Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің жалпы табысы өзгермесе, онда осындай сұраныстың икемділігі бірге тең болады; егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің жалпы табысы өссе, онда бағаға байланысты сұраныс икемді болады; егер бағаның төмендеуі тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің жалпы табысы төмендесе, онда тауарға осындай сұраныс икемді емес болғаны.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды пайдаланумен байланысты болады. Егер тауардың алмастырушылары көп болса, онда баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі тауардың бағасы төмендеп, ал алмастырушылардың бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді болады
2.2.Монополистік, жетілмеген бәсеке. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Бәсеке күресі
Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері
Монополиялық бәсеке нарығы
Баға бәсекесі
Рыноктық шаруашылық
Бәсекенің түрлері
Қазақстан Республикасындағы бәсекенің даму жағдайы
Бәсеке және монополия
Пәндер