Карталастырылатын құбылыстардың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
10 дәріс
Тақырып: Тақырыптық карталар.
Бейнелеудің картографиялық тәсілдері.
Лекция жоспары:
1 Картографиялық жалпыластыру.
2 Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.
3 Бейнелеудің картографиялық тәсілдері.

1. Картографиялық жалпыластыру туралы жалпы түсінік.
Географиялық картада жер бетінің ірі учаскесінде орналасқан объектілерді кішкене қағаз парағына бейнелейді. Яғни берілген территориядағы барлық объектілер картаға түсіру мүмкін емес. Сондықтан, картаға түсірілетін объектілерді таңдайды. Географиялық объектілер мен құбылыстарды картада бейнелеу мақсатында ғылыми негізденген таңдау процесін картографиялық жалпыластыру (генерализация) деп атайды.
Жоғары деңгейде кішірейтілетін ірі аумақты бейнелейтін ұсақ масштабты карталарда ерекше үлкен жалпыластыру жүргізіледі. Мысалы, масштабы 1:2500 000 жалпы географиялық картаның 1 см2 ауданына жергілкті жердің 625 км2 сәйкес келеді, ал 1 мм2 - 6,25 км2 сәйкес. Тұрығындары тығыз орналасқан территорияда мұндай территорияда 1-2 елді мекеннің орнын алу мүмкін, ал картаның 1 мм2 тек ғана бір пунсон, яғни елді мекеннің шартты белгісі сияды. Ал елді мекеннің аты картада өте көп орын, яғни бірнеше елді мекеннің орнын алады. Демек, халық тығыз орналасқан аумақтың картасында ондаған елді мекен орнына бір елді мекен көрсетіледі. Бұл масштаб Казахстан Республикасының қабырға картасына сәйкес, ал географиялық атласта Қазақстанның территориясы 1:7 500 000 масштабына көрсетілген, масштабтың екі есе кішіреуі, ауданның масштабы 4 есе кішірейеді. Яғни жоғарыда көрсетілген мысалда картаның масштабы 3 есе, ал аудан масштабы 9 есе кішірейді. Мұндай жағдайда картада бейнеленетін елді мекенді, жұздеген елді мекендерден таңдайды.

Картографиялық жалпыластыру факторлары. Картографиялық жалпыластырудың негізгі көрсеткіштері (параметрлері) - іріктеудің нормасы мен ценздері (шектелімі), сызықтар мен контурлардың дәльдік (степени детализации линий и контуров) дәрежесін, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру шарттарын орнату.
Осы параметрлерге жалпыластырудың жалпы факторлары әсер етеді: картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы, типі, картаға түсірілетін объекттің (территорияның) ерекшеліктері, объекттің зерттелу деңгейі, картаны графиктік безендіру тәсілдері.
Картаның мақсаты. Картада тек картаның мақсатына сәйкес объектілер көрсетіледі. Басқа объектілер картаны оқуға кедергі болады. Мысалы, қабырғалы әкімшілік оқу картасында ең маңызды элементтер ғана бейнеленеді, күшті жалпыластырған қалалар, шекаралар, жолдар т.с.с. Егер, әкімшілік карта анықтамалық мақсатта жасалынса және стөлдік (настольный вариант) вариантта болғанда бұл картада берілген масштабта әкімшілік бөліну, елді мекендер, жолдар туралы мүмкіндігі бойынша максимум ақпарат болу қажет.
Картаның масштабы шектеуші рольді атқарады. Оның ықпалы ірі масштабтан ұсақ масштабты картаға өткенде бейнеленетін аумақтың көлемі азаюынан байқалады (жергелікті жердің 1 км2 масштабы 1:10 000 карта бетінде 1 дм2 құрайды, ал масштабы 1:1 млн карта бетінде - 1 мм2). Ірі масштабты картада түсірілген объектілерді ұсақ масштабты картада осылайша дәльдікпен және барлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік болмайды, сондықтан белгілі бір дәрежеде таңдау, жалпыластыру, алып тастау т.с.с. жұмыстарды жүргізу қажет. Мысалы, ірі масштабты карталар үшін маңызды объектілер - жергілікті ориентирлер ұсақ масштабты карталарда өзінің маңыздылығын жоғалтады, сондықтан оларды ұсақ масштабты карталарда көрсетпейді.

Влияние назначения карты на генерализацию. Фрагменты настенной школьной (а) и настольной (б) справочной карт одной и той же территории.

Влияние масштаба проявляется в том, что при переходе от более крупного изображения к более мелкому сокращается площадь карты. Выше уже говорилось, что показать в мелком масштабе все детали и подробности невозможно, и поэтому неизбежны их отбор, обобщение, исключение

Генерализация содержания топографической карты с уменьшением масштаба от 1:10 000 до 1:50 000.

Картаның тақырыбы және типі қандай элементтердің жоғары дәльдікпен, ал қай элементтерді жалпыластыру қажет екенін анықтайды. Мысалы, геологиялық және топырақ карталарында гидрографиялық торды толық көрсетуге болады, бірақ жолдар торын және елді мекендерді күшті жалпыластыруға болады, ал әкімшілік шекараларын көрсетпесе де болады.
Керісінше экономикалық тақырыптарға сай карталарда барлық елді мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі жоғары дәльдікпен көрсетіледі, ал өзен желісін қысқартуға болады, тек кеме жүретін өзендерді сақтап қалуға болады.
Әртүрлі типтегі карталарда жалпыластыру деңгейі де әртүрлі болып келеді. Ең жоғары дәльдікпен жасалынатын карталар инвентаризациялық типтегі аналитикалық карталар, ең күшті жалпыластырылған карталар синтетикалық карталар (мысалы, аудандастыру карталары) (в особенности карты-выводы, карты-умозаключения).
Картаға түсірілетін объекттің (немесе территорияның) ерекшеліктері. Бұл фактордың ықпалы картада объекттің немесе территорияның өзіндігін (своеобразие) көрсету қажеттілігінде, оның ең сипатты элементтерін, типтік белгілерін бейнелеуде байқалады. Мысалы, құрғақ дала немесе жартылай шөл және шөл аудандарында ұсақ көлдерді көрсету аса маңызды, кейбір жағдайда ұсақ көлдерді үлкейтіп көрсетеді. Тундра зонасында мыңдаған көлдер таралған, сондықтан кейбір көлдерді көрсетпейді, ең маңыздысы бұл территорияның көлділік сипатын дүрыс бейнелеу қажет.
Объекттің зерттелу деңгейі. Объекттің зерттелу деңгейі картаның берілген масштабына және тақырыбына сәйкес болған жағдайда картограиялық бейнелеу өте жоғары дільдікпен болады, ал нақты материал аз болғанда бейне жалпыластырылған және схема түрінде болады (гипотезалық немесе болжау карталары).
Картаны безендіру (бейнелеу шаралары) Оформление карт (средства изображения). Көп түсті карталар бір түсті картамен салыстырғанда көбірек шартты белгі көрсетеді. Басылымның жақсы деңгейінде және фондық бояуларды, изосызықтарды, шартты белгілерді дүрыс таңдағанда бір картада бір-біріне жабу жолымен оқу үшін күрделі емес өзара жабатын алты белгісін көрсетуге болады. (При хорошем качестве печати и правильном подборе фоновых окрасок, изолиний, значков на одной карте путем наложения можно совместить до шести взаимно перекрывающихся обозначений без ущерба для ее читаемости). Бір түсті картада мұндайды жасау күрделі болады, аса маңызды жалпыластыру қажет болады.
Картографиялық бейнелеу белгілерінің жүйесі карта мазмұнының көлемін және картаның жалпы нагрузкасын шектейді. Себебі картаға түсірілетін объектілердің көлемі картографиялық белгілердің көлеміне сәйкес емес. Әдетте белгілердің көлемі картаның масштабында бейнеленетін объектілерден үлкен болады. Мысалы, масштабы 1:1 млн картада жол белгісінің ені жолдың негізгі енінен бірнеше рет жоғары болады (мысалы, осы картаның 0,1 мм 100 м тең). Географиялық атамалардың жазулары кейбір карталарда пайдалы ауданның жартысынан көп бөлігін алады.
Сонымен, белгілі бір карта үшін жасалынған картографиялық шартты белгілер жүйесі бейнелеудің дәльдігін, көрсеткіштердің дүрыс болуын, таңдаудың нормасы мен цензін анықтайды, жалпы картографиялық шартты белгілері картаның мазмұнынан ықпал етеді. Белгілердің ірі көлемі, әсіресе масштабтын тыс белгілер картаның геометриялық дәльдігін және объектілердің негізгі орнын көрсету мүмкіндігін төмендетеді. Шрифт ірі болған сайын аттары жазылған объектілердің саны кемиді.
Карталастырылатын құбылыстардың мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру. Бұл жалпыластыру бейнеленетін құбылыстың мөлшерлі сатыларының үлкеюінде байқалады, яғни көрсеткіштердің үздіксіз шкаласынан сатылы шкалаға өту, кейін шкаланың интервалдарын (сатыларын) үлкейту немесе тең (равномерной) шкаладан тең емес шкалаға өту. Мысалы, топографиялық карталарды жалпыластыруда жер бедерінің қима биіктігін ірілету немесе тұрғындар саны бойынша елді мекендердің топтарын ірілету (укрупнение). Кейбір жағдайда объектілердің мөлшерлі көрсеткіштерін бейнелемейді.
Іріктеу (іріктеп алу). Объектілерді іріктеп алудың қажеттілігі нақтыдағы объектілердің саны мен оларды карта бетіне түсіру мүмкіндгі арасындағы қарамақайшылқтан шығады. Іріктеу барысында карта бетінде картаға түсіретін территорияның ерекшелігі, картаның мақсаты мен масштабы көз қарасынан қажетті және маңызды объектілерді қалдырады. Ол сапалы және мөлшерлі жалпыластыруымен тығыз байланыста болады. Іріктеу өзгерген легендаға сәйкес жүреді. Іріктеуде екі мөлшерлі көрсеткішті пайдаланады - ценз және норма.
Іріктеудің цензі - жалпыластыруда карта бетінде сақталатын объектілердің мөлшерін және маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, ауданы 10 км2 жоғары жерді қамтитын ормандарды карта бетінде көрсету, масштабы 1:1 млн картасында осы картаның 25 мм2 ауданын алатын батпақтарды көрсету немесе барлық аудан орталықтарын бейнелеу.
Іріктеу нормасы - объектілерді жалпыластыруда орта мәні сақталатын іріктеумен қабылданған дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Іріктеу нормасы картаның нагрузкасын реттйді, яғни картаның аудан бірлігіне келетін объектілер саны. Мысалы, масштабы 1:200 000 топографиялық картадан масштабы 1:500 000 картаға өткенде тұрғындар тығыз орналасқан аудандар үшін елді мекендерді бейнелеу нагрузкасының нормасы 13 құрайды. Ол деген, жасалынатын картада елді мекендердің 13 бөлігі ғана сақталады. Объектілер картаға көлемі және маңыздылығына қарай реттеліп түсіріледі. Алдымен ең маңызды және ірі объектілер бейнеленеді, кейін екінші дәрежелі, орнатылған (установленной) оптимальдық нагрузкаға дейін.
Іріктеу нормасы жергілікті жердің географиялық ерекшеліктеріне тәуелді барлық уақыт әртүрлі болып келеді. Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалда, түрғындар саны тығыз емес территорияда іріктеу нормасы елді мекендердің (12) құрайды, ал қалық сирек орналасқан территорияда карта бетінде барлық елді мекендер көрсетіледі.
Картографиялық жалпыластыруда мөлшерлі таңдауға төмендегілер жатады.
Картаға түсірілетін аумақта таралған табиғи және әлеуметтік-географиялық құбылыстар.
Таңдалған және картада бейнеленген құбылыстар карта мазмұнының элементтері болып табылады. Мұндай жалпыластыру тақырыптық және жалпы географиялық карталар үшін қолданылады.
Карта мазмұнының элементіне қатысты объектілер, мысалы, көлдерден бейнелеуге қажетті көлді таңдайды.
Бір текті объектілер арасында таңдағанда алдымен аса маңызды, ірі, қажетті т.с.с. ажыратады, мысалы, қалалардан бірінші болып астаналар, байланыс жолдарынан - магистралдық жолдарды, өзендерден - кеме жүретін өзендерді т.с.с.
Карталарда территорияға тән қосымша объектілер де бейнеленеді. Көп объектілерден біреуін немесе бірнеше объекттерді таңдау үшін картаның масштабына және мақсатына сәйкес бейнеленетін объектілердің минималдық размерін (ценз) орнатылады. Мұндай жағдайда бұл мәселені шешу үшін нормативтік тәсіл қолданылады, яғни эмпирикалық жолымен карта ауданының бірлігіне келетін объектілер саны анықталады. Кейбір жағдайда объектілерді таңдаудың арнайы шарттары болады, мысалы, елді мекендерден тек ғана қала типтегі елді мекендер көрсетілу қажет, жолдардан тек ғана магистралдық жолдар т.с.с.
3. Карталастырылатын объектілердің ерекшеліктері. Картографияның теориясында мұны объектілер суретін жалпыластыру деп атайды. Географиялық объекттің суретіндегі детальдарын қысқарту барлық карталарда қолданылады. Мысалы, ұсақ масштабты сонымен бірге шолу топографиялық карталарда өзендердің, көл мен теңіздер жаға бойы сызықтарының барлық бұрылыстары толық көрсетілмейді, егістікке қатысты жерлер шекараларының сызықтары да дүрыс көрсетілмейді. Бірақ объектілердің сипатты белгілері мен оның жалпы конфигурациясы толық бейнеленеді.
Кейбір жағдайда бірдей бірнеше объекттілердің орнына бір объекті көрсетеді, мысалы бірнеше көлдің орнына бір көл, өзендердің орнына бір өзен т.с.с.
Құбылыстың мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру деген картада жеке бір объекттің мөлшерлі көрсеткішінің шамасын көрсете алмайтын интервалдарды қолдану. Жалпыластырудың мұндай бағытында объекттің жеке ерекшеліктері картада бейнелеуге мүмкіндік жоқ. Картаның масштабы ұсақ болған сайын картаның дәльдігіне талап азаяды.
Карталастырылатын құбылыстардың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру. Құбылыстың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру төмендегіден тұрады:
құбылысқа қатысты объектілердің типтер мөлшерін кеміту;
құбылысты анықтайтын қасиеттерінің мөлшерін азайту.
Мұндай жалпыластыру объектілердің қысқару есебінен жүргізеді, ол классификациялық белгілерді жалпыластыруымен байланысты. Жалпыластыру жеке құбылыстардан олардың топтарына, түрлерден түптерге және типтерге өту жолымен картаның легендасындағы таксономиялық бөлінуін біріктіруден басталады. Мысалы, шолу карталарда орманда ағаштардың негізгі түрлерін көрсетудің орнына тек ғана орманның шартты белгісі болады.

2 Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.
Тақырыптық карталардың географиялық мазмұны шартты түрде екіге бөлінеді: 1) негізгі бөлігі, картаның арнайы мазмұны, яғни берілген картаның тақырыбын құрайтын құбылыстың бейнесі; 2) картаның тақырыбына қатысы жоқ объектілер мен құбылыстар, оны картаның географиялық негізі деп атайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының геологиялық картасында, геологияға қатысты объектілер мен құбылыстар, тау жыныстарының жасы, шығу тегі, қабаттардың қалыңдығы т.б. көрсеткіштері түрлі бояумен, арнайы шартты белгілерімен, индекстермен, сандармен т.с.с. көрсетіледі; ал картадағы басқа объектілер, қалалар, мұхит немесе теңіз жаға сызықтары, көлдер, өзендер т.с.с. картаның географиялық негізі болып табылады. Тақырыптық картаның географиялық негізі, картаның арнайы тақырыбына қатысты объектілер мен құбылыстарды орналастыруға арналған ориентирлер болып табылады.
Географиялық негіздің элементтерін таңдауда олардың, карта тақырыбын құрайтын құбылыстардың элементтерімен өзара байланысын есепке алу қажет. Мысалы, жер бедері пішіндері мен аумақтың климаттық ерекшеліктері арасында байланыс бар. Сондықтан, кейбір климаттық карталарда жер бедері пішіндерінің бейнеленуі географиялық негіздің элементтер құрамына қосады; геологиялық карталарда төрттік мұз басудың шекаралары көрсетілген; отын өнеркәсібі картасында энергетикалық пайдалы қазба кен орындары көрсетіледі (мұнай, газ, көмір т.б.). Географиялық негіз картаның тақырыбына байланысты объектілердің орналасуын бекіту қызметінен басқа, бейнленетін құбылыстың орналасуының тағы басқа да ерекшеліктерінің себептерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Әдетте, тақырыптық картада жалпы географиялық картаға салыстырғанда шектелген құбылыстарды ғана көрсетеді. Бірақ тақырыптық карталарда бейнеленген құбылыстардың ерекшеліктерін кең түрде ашып көрсетеді. Мұндай нәрсе ұсақ масштабы жалпы географиялық және ұсақ масштабты тақырыптық карталарда салысытырғында байқалады. Мысалы, осы карталарда жер бедерін қалай бейнелейтіндігін салыстырайық. Жалпы географиялық шолу карталарда құрлық бетінің бедер пішіні және бедер пішіндер нүктелерінің теңіз деңгейінен биіктігі көз қарасынан жер бедерін сипаттайды.
Жер бедерін сипаттайтын тақырыптық карталарда жер бедерінің түрлі пішіндері қалыптасу факторларынан тыс және жер бедерінің сипаты бойынша құрлықтың аудандастыруын, жер қыртысы вертикальдық қозғалуын т.б. көрсетуге болады.
Тақырыптық карталарда картаға түсірілетін құбылыстардың кеңістікті орналасуы бейнеленеді. Бір жағдайда құбылыс таралған жер бетінің бөлігін тікелей сызықтық шартты белгісімен шектейді. Басқа бір жағдайда орналасуын жанама түрде көрсетеді. Егер құбылыс жер бетінің ықшам көлемін алмаған жағдайда, ол құбылыс үлкен кеңістікте шашылып орналасқан болса, немесе белгілі бір сызық бойынша шоғырланған жағдайда тақырыптық карталарда осындай орналасу ерекшеліктерін көрсетуге болады.
Көптеген тақырыптық карталарда құбылыстың шамасын сәйкес келетін өлшем бірліктерімен көрсетеді, сонымен қатар, бұл әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы шама болу мүмкін. Картада көрсетілген абсолюттік шамалардың мысалы, құбылыс таралған жердің көлемі (гектар немесе км2), мал басының саны, өнеркәсіптік өнімнің көлемі (натуральдық бірліктерде немесе ақшалай түрінде), кітапханалардағы кітап саны т.с.с.
Тақырыптық карталарда салыстырмалы шамаларды көрсетуге болады, мысалы, егіншілікте пайдаланылатын жер көлемінің жалпы аумаққа қатынасы, пайдаланылатын гидроэнергияның оның қорына қатынасы, өнеркәсіптің белгілі бір саласының жалпы өнеркәсіптің өніміндегі үлесі т.б.
Ұсақ масштабты тақырыптық карталардың маңызды ерекшелігі картада көрсетілетін құбылыстың шегіндегі сапалы айырмашылықтарын бейнелеу. Мысалы, тақырыптық карталарда жаға бойының әр түрлі типтерімен қатар шөгіп жатқан немесе көтеріліп жатқан жағалауларды көрсетуге болады.
Тақырыптық карталарда: 1) құбылыстардың кеңістіктегі орнын ауыстыруын және уақыт бойы өзгеруін көрсетуге болады, мысалы, желдердің, мұхит ағыстарының, жүк және пассажир тасмалдауының, адамдар мен жануарлардың миграциясының т.с.с. бағыты мен жиілігін бейнелейді; 2) белгілі бір уақыт мерзімінде табиғи немесе қоғамдық құбылыс орналасқан аумақтың формасының немесе көлемінің өзгеруі, мысалы, шегіртке таралған аумақтың кеңеюі немесе азаюы; 3) белгілі бір уақыт мерзімінде құбылыстың мөлшерлі өзгеруі, мысалы, тауар айналымының өсуі; 4) құбылыстың құрылымындағы өзгерістер, мысалы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер арасындағы өзара қатынасы негізінде анықталатын мемлекеттің индустриалдану дәрежесі.
Құбылыстардың аталған ерекшеліктерін тақырыптық карталарда бейнелеу үшін картаға түсірудің әр түрлі тәсілдерін қолданады: аймақтар (ареал), сапалық көрініс (качественного фона), нүктелік, изосызықтар, белгілер, локализденген диаграммалар, картодиаграммалар, картограммалар, сызықтық белгілер және қозғалыс белгілер тәсілдері.

Аймақтар (ареалдар) тәсілі. Мөлшерлі көрсеткіштерін есепке алмай отырып аса маңызды аумақта таралған құбылыстың кеңестікті орналасуын картада көрсету үшін аймақтар (ареалдар) және сапалық көрініс тәсілдерін қолданады.
Аймақтық тәсілдің мәні, картаға түсірілетін құбылыс таралған аумақты, картада бейнеленген барлық аумақтан ерекше белгісімен ажыратуы. Мұндай тәсілмен әдетте, өсімдіктер мен жаунарлардың таралу ареалдары, ағынсыз облыстар, теңіздегі жүзіп жүретін мұздар таралу аудандары, пайдалы қазба байлықтары таралған аудандар т.с.с.
Белгілі бір құбылыстың ареалдарын кейбір жағдайда картада сызықтың белгілі бір суретімен және түсімен көрсетеді. Басқа бір жағдайда карта бетіндегі ажыратылған ареалды бояумен немесе штрих сызықтарымен көрсетеді. Кейбір жағдайда, құбылыстың таралу шекарасы анық емес болғанда ареалды құбылыстың атымен белгілейді, мысалы мақташылық, ауданы бойынша кіші ареалдарды, шекарасын көрсетпей геометриялық, өнер немесе әріптік белгілерімен құбылыс таралған ареалды толтырады.
Жануарлар, өсімдіктер түрлерінің т.с.с. құбылыстардың таралу ареалдары әр түрлі, олардың арасындағы өзара қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, яғни ареалдар бір-бірінен қашықтықта болады, немесе бір-бірімен жанасып және бір-бірін жабып тұрады. Мұндай жағдайда картаның бір аумағы екі және одан да көп ареалдар құрамында орналасуы мүмкін.
Құбылыстың таралуын ареалдар тәсілімен көрсету кейбір жағдайда нақтылыққа сәйкес емес, мысалы, ботаникалық карталарда сексеуілдің таралу аймағы Қазақстанның шөл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану әдістері
Ойлау жөнінде түсінік
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Ойлау ұғымы
Ойлау формалары
Ойлау жөніндегі жалпы түсінік
Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік
Блок чейн технологиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Автокөлік психологиясы оқу құралы
Пәндер