Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№ 10 лекция
Тақырып: Ұсақ масштабты географиялық карталарды пайдалану әдістері.
Лекция жоспары:
10.1 Географиялық картаны пайдалану тарихынан қысқаша мәліметтер.
10.2 Зерттеудің картографиялық әдісі.
10.3 Картаны талдаудың тәсілдер жүйесі.
10.4 Карта бойынша баяндау.
10.5 Графикалық және графикалы-талдау тәсілдері.

10.1 Географиялық картаны пайдалану тарихынан қысқаша мәліметтер.
Картографиялық шығармаларды ғылыми, қолданбалы, мәдени-ағартушылық, білім саласында т.б. әр түрлі салаларда қолдану мәселелерімен, олармен жұмыс жасау әдістерін жасап шығаруымен, алыңған нәтижелерінің сенімділігі мен тиімділігіне баға беруімен шұғылданатын картографияның тарауы - карталарды пайдалану.
Адамдар ежелгі заманнан картографиялық суреттерді қолданған, ол суреттерде бағыттау, көрші елді мекендердің орналасуын көрсету, мал бағу т.с.с. мақсатта болған. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Римде карта бойынша ара қашықтықтарды, ауданды өлшеу жүмыстары жүргізілген. Орта ғасырларда карталар соғыс жүргізу, теңізде жүзу, саяхаттар үшін пайдаланған.
Орта ғасырлар кезеңінің ұлы картографы Герард Меркатор (1512 - 1594) жасаған карталарында оларды пайдалану нұсқаларын да бірге қосып шығарған.
Карталарды ғылыми мақсатта алғашқы пайдалану 18 - 19 ғасырларда басталады. Осы кезде Жер туралы ғылымдар жинаған материал жүйелендіру тақырыптық карталардың пайда болуына алып келді. Ал карталар жаңа зерттеулер үшін бастапқы материал ретінде қарастырылды. Карталар бойынша көптеген әлемдік заңдылықтар ашылған, бір құбылыстың екінші қүбылыстарымен байланыстары анықталған, ашылмаған объектілер алдын ала болжамдаған.
Карталарды пайдалану географиялық зоналылықтың фундаментальдық заңының ашылуына маңызды әсерін тигізді. 1817 жылы А. Гумбольдт изосызықтар тәсілін пайдалан отырып Солтүстік жарты шардың "изотермикалық сызықтары" деген алғашқы картасын жасап шығарды. Картаны талдап және оны басқа да климаттық мәліметтермен және физикалық-географиялық материалдарымен салыстыра отырып А.Гумбольдт әлемдік (глобальдық) климаттық заңдылықтарды байқады, материктердің шығыс және батыс жағаларындағы, материктердің ішкі аумақтары мен мұхит жағалауындағы жылу жағдайының айырмашылықтарын анықтады, ең басты - климаттық зоналарды ашты.
Ұсақ масштабты географиялық карталарды зерттеу арқылы көптеген ғалымдар маңызды жаңалықтарды ашты, Докучаев В.В. - топырақ типтерінің таралу заңдылықтарын ашты, А. Вегенер - Африка мен Оңтүстік Американың жағаларын зерттеу жұмыстары материктер қозғалуы және плиталардың глобальдық тектоникасы теориясының дамуына алып келді.
Карталарды пайдалану теориясының даму деңгейі географиялық картаны зертелетін құбылыстардың моделі ретінде ғылыми таным процесіне өтпелі буыны деп енгізуге мүмкіндік берді (К.А. Салищев, 1955). Сонымен қатар, карталарды пайдалану әдістерін дамытуға көрнекті ғалымдар үлес қосты, С.Д Муравейский гидрологиялық морфометрия әдісін дамытты, Н.Н. Баранский карталарды экономикалық географияда қолданудың кең мүмкіндіктерін көрсетті, К.К. Марков физикалық географиялық зерттеулерде картографиялық талдаудың маңыздылығын атап кетті.

10.2 Зерттеудің картографиялық әдісі.
Картада бейнеленген құбылыстарды тану мақсатында карталарды пайдалану әдісі - зерттейдің картографиялық әдісі деп аталады. Карта бойынша құбылыстардың уақыт бойы және кеңістіктегі құрылымы, өзара байланыстары, динамикасы және эволюциясы, олардың даму болжамы, әр түрлі сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерді алу зерттеудің картографиялық әдіснің мазмұны болып табылады.
Картографиялық әдіс аумақты игерумен және жоспарлаумен, халықтың орналасуымен, қоршған ортаны қорғаумен т.б. шаруашылық мәселелерімен байланысты іс жүзінде шешім қабылдау үшін құрал қызметін атқарады.
Карталарды пайдалану оларды жасаумен тығыз байланыста болады (10.4 сурет). Қоршаған нақтылық бастапқы ақпараттың дерегі қызметін атқарады. Картографиялауда бақылау көрсеткіштерін картаға айналдырады, яғни осы нақтылықтың моделін жасайды. Картографиялық модельдестіру барысында абстракциямен, талдаумен және синтезбен байланысты мәліметтерді күрделі ғылыми өңдеу жүмыстары жүргізіледі. Мұның барлығы картаның мақсаты мен міндеті анықталады. Білім деңгейі, объекттің зерттелу дәрежесі, картографиялаудың ғылыми-әдістемелік принциптері, жіктелудің логикасы, бейненің жалпыластыру деңгейі қолданылатын шартты белгілер жүйесі т.б. факторлар модельдестіру процестеріне әсер етеді.
Карталарды кейінгі пайдалану барысында ақпараттың жаңа өзгерістері пайда болады. Ол өзгерістер қойылған мақсатқа, зерттеушінің квалификациясы мен тәжірибесіне, қолданылатын техникалық құралдарға, алгоритмдер мен бағдарламаларға және т.с.с. тәуелді болып келеді. Бірақ, зерттеудің кез келген буынында, гипотезадан бастап өлшеу құралдарына дейін нәтижеге кателіктерді алып келеді. Сондықтан, алыңған мәліметтер мен қорытындылар барлық кезде ақиқат шындықпен сәйкестендіріп, қажет жағдайында өзгерістерді еңгізу керек.
Сөйтіп, "жасау - картаны пайдалану" жүйесінде екі тығыз қабаттасқан әдістер бар:
1) Картографиялау немесе бейнелеудің картографиялық әдісі, оның мақсаты ақиқат шындықтан картаға яғни модельге өту.
2) Нақтылып танып білу үшін дайын картаны немесе модельді пайдаланатын зерттеудің картографиялық әдісі.
Бұл әдістер бір-бірімен жабылады (перекрываются) және оларда кері байланыстары болады. Яғни, картаны пайдалану жағдайы, оны жасау жағдайына қойылатын талаптарды анықтайды. Зерттеу барысында жаңа туынды карталары пайда болады, олар зерттеу процестеріне қайта түседі. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карталардың классификациялары
Географиялық карта және оның қасиеттері
Картаграфиялық генерализация
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Картаны жасаудың аэроғарыштық әдістері
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Топографиялық және тақырыптық карталардың жасалу әдістері
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Пәндер