Өрт салдарлары
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Өрт дегеніміз - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
- жанған затқа оттың тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
- жану зонасында иісті газбен улану;
- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Орман өрттері, яғни, орманның кенеттен бақылаусыз жануы өте көп зақым тигізеді. Осындай апаттар мен одан пайда болған төтенше жағдайлар елдің көмтеген аймақтарында болып тұрады. Бұл жағдайлар кейде адамдардың іс-әрекеттерінен де болады.
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кезіндерінде, егер жауын-шашын 15-18 күн бойы болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады.Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.
Өрттен қорғанудың мақсаты -- өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.
Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
3. ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет. Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.
Биік ғимараттарда өрт шығуы кезіндегі халыққа арналған ЖАДНАМА
Бұл жаднама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстарында әзірленді және қалың оқырманға арналып отыр.
Аталған оқу құралына қатысты барлық құқыққа АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстары ие болады. Материалдарды қайта бастыру иелік етушінің жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
БИІК ҒИМАРАТТАРДА ӨРТТЕРДІҢ
ШЫҒУЫ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?
От - болжап болмайтын, қатерлі кесапат. Қас қағым сәтке ойланып кетсеңіз немесе қателессеңіз - тілсіз жау үлкен апатқа ұрындырады.
От адамды үнемі қасіретке ұшырататын сенімсіз серігі болып келді және солай болып қала береді. Әрине, ол бізге жылылық, рахат беріп, өзіндік ерекше күйге бөлейді. Біз ошақта, пеште, және де далада жағылған отты қадағалап отырғанда, оның құбылған тілінің алауы сан түрге енеді.
Гректер үшін от - жермен, ауамен және сумен бірге тіршілік негізін құрайтын төрт негізгі элементтердің бірі болды, адамдар оны сиқырлы күш ретінде таныды. Көне гректің белгілі аңыздарының бірі Прометейге арналады. Ол отты құдайлардан ұрлап кетіп, адамдарға оны қалай пайдалану керек екенін үйретті. Сол үшін Прометейді олимпиядалық құдайлар мәңгілік азапқа салды.
1827 жылы ағылшын дәріханашысы Джон Уокер сіріңкені ойлап тапқанға дейін, адам бірнеше мыңдаған жыл бойы тұрпайы тәсілмен тұтанатын отты пайдаланды.
От түнгі қауіптерден сақтап, суықтан қорғайды. Алайда біз отты қалай сүйсек одан солай қорқамыз.
"Өрт!" дейтін қатерлі үн үрей туғызып, құрбандықтар санын біршама көбейтеді және кейде дабыра кезінде қаза болғандар саны от пен түтін әсерінен қаза болғандар санынан көп болып келеді. Адамдар оттағы қорқынышты өлімнен қашып ғимараттың төбелерінен секіреді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Дүрбелең - адамдардың қаза болуының басты себептерінің бірі. Өрт кезінде не істеу керек екенін біле отыра адам өзін құтқарады және оттан өзге адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруға көмектеседі.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлде елемеу, ақаулы техниканы пайдалану, балалардың еркелігі, төсекте мас күйінде темекі тарту, ғимараттардың нормадан артық қоныстандырылуы, артық кіре берістердің жетіспеуі, өтетін жолда қоқыстардың болуы және мүлдем тозған өрт сатылары үлкен қайғыларға алып келеді.
Осы заманғы көп қабатты ғимараттарда өрттер аса қауіпті, өйткені бір қабатта шыққан өрт коммуналдық желілерді қамтиды, жылдам басқа қабаттарға өтіп, өрт қақпанына тап болған адамдарды құтқару жолын бөгейді.
Мұндай ғимараттардағы өрттер жанған заттар, тұсқағаздар бойынша және дәліздер мен ғимараттардың ішкі бөліктері, сондай-ақ терезе ойықтары арқылы төменнен жоғарыға қарай, жалынның тез таралуымен сипатталады.
От пен түтіннің негізгі таралу жолдары: саты торлары, лифт шахталары, әр түрлі коммуникацияға арналған каналдар, толық бекітілмеген жерлер.
Төменгі қабаттардың бірінде өрт пайда болғаннан кейін 5-6 минуттан соң баспалдақ сатысының бүкіл биіктігі бойына таралады және түтіннің мұндай дәрежесінде тыныс алу ағзаларын қорғаудың жеке құралдарынсыз қорғану мүмкін емес.
Жел соғатын жақта орналасқан жоғарғы қабаттағы ғимараттарға түтін бір уақытта жайылады.
Көрінудің нашарлауы, үрей, жанатын заттардың улы әсері адамдардың қаза болуына әкелуі мүмкін. Қатты қызған жанатын өнімдер, саты торына түскеннен кейін ауа температурасын көтереді. Өрт басталғаннан кейін бес минутта өрт шыққан жерден жақын саты торының температурасы 120-1400С жетеді. Бұл адам үшін мүмкін болатын шектен анағұрлым асып түседі (600С).
Өрт туындаған деңгейден екі үш қабаттың шегінде саты торының биіктігі бойынша жылу жастықшасы пайда болады (100-1500С). Одан жеке қорғаныс құралынсыз өту мүмкін емес.
Ғимараттың кіре берісінде көлбеу қоршау болмаған жағдайда терезе ойығынан шыққан жалын ғимаратта өрт болғаннан кейін 15-20 минуттан соң самалдық, (лоджия) терезе саңлаулары арқылы жоғары қарай таралып құрылыс құрылғыларының жанатын элементтері мен жоғарыда орналасқан қабаттарда тұрған дүниені от құшағына бөлеуі мүмкін.
Тұрғын үй ғимаратындағы өрт саны, өкінішке орай, тұрғындардың салақтығы салдарынан арта түсуде, сондықтан тұрғындар өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін білуге тиіс.
Биік қабатты ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі
Әрбір тұрғын ғимараттағы өрттен қорғаудың негізін және өрт шыққан кездегі іс-әрекетті білуге тиіс. Жоғарғы қабаттағы үйлердің өз ерекшелігі бар: олар түтіндемейтін саты торларымен, түтін шығару қондырғыларымен өртке қарсы каналдармен, өрттен қорғау су құбырымен, автоматты өрт дабылымен және т.б. жабдықталады.
Өрт кезінде жоғарғы қабаттарға тез таралатын түтін өте қауіпті. Саты торларынан түтінді аластау үшін арнайы желдеткіштер орнатылады: олар баспалар арқылы дистанцияда қосылып, пәтерлердің кіре берісіне орнатылады немесе өрт датчиктері арқылы автоматты қосылады.
Қабаттар мен пәтерлер бойынша түтіннің таралуына есік жақтауындағы нығыздағыш резина кесіндісі мен тығындар кедергі келтіреді (дәліздер есіктері мен саты торларындағы серіппелер).
Жоғары температура немесе қатты түтін салдарынан пәтерден шығу мүмкін болмаған жағдайда, алтыншы қабаттан бастап самалдықта орнатылған металл баспалдақтары пайдаланылады.
Ғимараттардан адамдарды көшірудің негізгі жолы - түтінденбейтін саты торлары. Сатылардың түтінденбеуі ауада артық қысым жасаумен қамтамасыз етіледі. Мұндай саты торларының тікелей сыртқа шығатын жолы бар.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Көп қабатты ғимараттар өрт крандары орнатылған ішкі өрттен қорғау су құбырымен жабдықталады. Олардың орналасуын есте сақтау қажет.
Пәтерлер кіре берісінде өрт құлақтандырғышы орнатылады. Олардың іске қосылғандығы туралы дабыл диспетчер пунктіне беріледі.
Лифтілер өрт кезінде адамдарды көшіру құралы болып табылмайды. Бірінші қабатқа түскеннен кейін олар ажыратылады.
Азаматтар:
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
- ғимараттарда керек-жарақты (су құйылған шелек, өрт сөндіргіш, жамылғы плащ немесе көпіршік т.б.) ұстауға;
- өрт шыққан бойда ол туралы өрт күзетіне хабарлауға;
- өрт күзеті келгенше адамдарды, мүлікті құтқару және өрт сөндіру бойынша бар мүмкіндікті жасауға;
- өрт күзетінің лауазымды адамдарына және тұрғын үй мен шаруашылық қорын тексеруіне мүмкіндік жасауға;
- пәтер есіктерінің жақтауындағы нығыздағыш төсемнің бар жоғы мен ақаусыздығын қадағалауға;
- самалдықтағы люктерге еркін баруды қамтамасыз етуге, ал қысқы уақытта оларды мұз бен қардан тазалауға;
- өрт крандары орналасқан дәліз есіктерінің құлыптары мен ілмешектерін жаппауға;
- саты торларында лифтің ішінде және олардың тамбурларында, есіктерде өзін өзі жабатын қондырғы болуын қадағалауға;
- дәліздерге, самалдықтар мен лоджияларға зат сақтамауға;
- секциялар арасындағы дәлізде, самалдықтар мен лоджияларда жеңіл қоршауларды күрделі өткелге айырбастамауға;
- түтінденбейтін саты торларының өзінде немесе жанында қойма жасамауға;
- өрттен қорғау құралының (жүйесінің) қандайда бір ақаулығын байқаған жағдайда, бұл туралы диспетчер пунктіне бірден хабарлауға міндетті. Пәтерлердегі өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жауапкершілік пәтер жалдаушыларға жүктеледі. Өрт қауіпі талаптарын бұзғаны үшін жауапты адамдар тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өрт кезінде адамдар жалыннан гөрі түтіннен көбірек қаза болуы мүмкін (естен тану үшін түтінденген ауадан бірнеше рет жұту жеткілікті).
Пәтерде өрт шыққан кездегі іс-әрекет ережесі:
- егер өрт жаңа басталса, жалынды кез-келген бұйыммен жауып, одан кейін краннан су шашу, гүл түбектеріндегі топырақты, жалынды сөндіруі және жабуы мүмкін тығыз маталарды қолдану керек;
- егер телефонға жақындауға мүмкіндік болса, "101" телефонымен өрт сөндіру қызметін шақырып, оған өз мекен-жайыңызды түсінікті етіп хабарлау керек;
- терезеге жақындаңыз. Өрт командасын шақыратын адамдардың назарын аударуға тырысыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтіңіз. Олар әдетте бірнеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz