Суды ластаушы көздер


Суды ластаушы көздер
Өндірістік және тұрмыстық кажеттерге жыл сайын 600-700 км 3 су жұмсалады, олардың ішінде 130-150 км 3 -і гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз және жерасты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен 10-20 процент шамасында ластаушы заттар бөлінбей сақталады. Бір рет пайдаланылған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-14 есе (кейбіреулерін 30 есе) көп таза, оттегі мол сумен араластыру керек. (35) .
Өндірістік технологияның жаңаруына қарамай XX ғасырдың аяғында қалдық сулар көлемі 6000 км 3 - ге жетеді. Ал мұншама қалдық суды таза сумен араластыру үшін барлық өзендердің бір жылдық ағыны жетпейді. Міне, сондықтан тұщы судың тапшылығына сапасы жақсы судың жетіспеуі қосылатын түрі бар. АҚШ-та 100 миллионнан астам адам бір рет пайдаланып сосын тазартудан өткен суды ауыз су ретінде пайдаланады. 1994 жылдың басында Мәскеу баспасөзінде Ресей халқының 42 проценті сапасы санитарлық нормадан төмен, ауыз су ішетінін хабарланды.
Ауыз су мәселесі Рейн өзені жағалауында орналасқан Швейцария, Бельгия, Люксембург, ГФР, Франция, Голландия түрғындары үшін үлкен проблемаға айналды. Өндірістік және тұрмыстық су қалдықтарымен Рейн өзеніне мыңдаған тонна метал, май, химиялық уытты заттар келіп қосылады. 1952 ж. өзен бетінде қалқып жүрген майлар мен шайырлар жанып, үлкен өрт болды. Суда балық қалған жоқ, егістік жерлерді суаруға болмайды. БҰҰ комиссиясының қорытындысы бойынша өзенде кемелер ғана жүруге ұлықсат етіледі.
Австралияның Кремс химиялық концерні Дунай өзеніне бірнеше тонна уытты химикаттар жіберіп өзеннің 70 км-ден астам бойында балықтар қырылып қалды. Жарты жылдан кейін ғана су тазарып, бұрынғы қалпына келді.
Жапонияның «Тиссо» химиялық компаниясының зауыттары Кюсю аралындағы Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті. Бұл уытты қалдықтар балықтар арқылы адам денесіне өтіп, жүйке тамырларына зиянды әсер етті. Ауырған адамдар сөйлей алмайтын, көздері көрмейтін, құлақтары естімейтін түзу жүре алмайтын болып қалды.
«Миномата» ауыруына шалдықандардың сынап қалдықтарымен уланғаны дәлелденген соң "Тиссо» компаниясы сотқа тартылды. Сот үкімі шыққанға дейін 60 кісі өліп, 344-і мүгедек болып қалды. Бұл елде 1958 жылдан тазаланбаған қалдық суларды теңізге жіберуге тыйым салынған. Бірақ заң бұзылып, орындалмау себебті қаншама адам азап шегуде.
Су көздерін таза ұстау мәселесі бізде де оңып тұрған жоқ. Алматы қаласының көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Весновка, Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа да зиянды қалдықтар көп. Автобаздардың, тері комбинатының, қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.
80-шы жылдары Жамбыл облысының химия кәсіпорындарында бірнеше рет апат болып, олардың уытты өнімдерін маңайдағы көлдерге құйып «өлі» көлге айналдырды.
Қарағанды облысында Нұра өзені сынап қалдықтарымен уланып адамдар мен қоршаған ортаға өте қауіпті болып отыр.
Жайық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, металлургия және мәшине жасайтын кәсіпорындары тазаланбаған қалдықтарын төгуде. Осының салдарынан өте бағалы мекре балықтар ұрық шашатын алқаптар уланып Атырау өңірі көп зиян шегуде.
Ертіс өзені мен оның салалары Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарының түсті металлургия, құрылыс материалдары, ағаш, тері және жүн өңдеу кәсіпорындарының қалдықтармен улануда.
Сырдария өзені Өзбекстан мен Қазақстанның мақта, күріш егістіктерінен, химия және мәшине жасау кәсіпорындарынан уытты қалдықтарды көп алуда.
Теңіздер мен көлдердін де экологиялық жағдайлары өте ауыр. Арал теңізінің халі баршаға мәлім. Каспий теңізі мұнай қазғанда танкерлермен тасымалдағанда, кемелерді жуып тазалағанда мұнай қалдықтарымен ластанады. Балқаш көлі сол өңірдегі кәсіпорындардың қалдықтарымен ластанып, Іле өзені мен келетін ағын сулар азаюына байланысты қиын жағдайда қалды. Республиканың басқа өзендері, көлдері және су қоймалары да, шектен тыс ластануда.
Соңғы жылдары суды, өндірістік, тұрмыстық қажетіне және ауыл шаруашылығына жұмсау өте көбейіп кетті.
Мысалы, 1 тонна болат қорытуға 300 г су қажет болса, сон-шама мыс шығаруға 500, қағаз шығаруға - 1000, қатырғы қағаз шығаруға - 5600 тонна жүмсалады.
1 тонна бидай өндіруге 1500 г, күріш өсіруге 4000, мақта өсіруге -1 тонна су кетеді. Бір бас ірі қара малға тәулігіне -115 л, шошқаға -234 л су керек.
Коммуналды - тұрмыстық қажетке қалада бір кісіге тәулігіне 300 ден 420 литрге дейін су жұмсалады (36) .
Әрине, тұщы су тапшылығы олардың көздерініц көп ластануынан болып отыр. Бұрын қандай да болмаса су қоймалары ластаушы заттардан биологиялық жолмен ерітіп, шірітіп өздігінен тазаланып жататын. Қазіргі қалдықтар құрамында химиялық және технологиялық жолмен пайда болған заттар бар. Олардың құрамы өте күрделі, ал мөлшері көлемі жылдан жылға көбейіп келеді. Табиғи экологиялық жүйелер енді өздігінен тазара алмайтын болды. Өндірістік қалдықтарда сода, күкірт қышқылы, азотты тыңайтқыштар, түрлі металлрдары, басқа да минералды қалдықтар сияқты органикалық емес қоспалар көбеюде. Олар биологиялық жолмен ерімейді де, шірімейді де. Мүнай өңдеу, кокс-химия зауыттарының, қал-дықтарында уытты заттар да кездеседі.
Қала көшелерімен ағатын суларда тетроэтилқорғасын, күкіртті қосындылар, ауыру тарататын микробтар, мұнай өнімдері қалдықтары бар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қалдықтарында ми-нералды тыңайтқыштар, уытты пестицидтер көп. Олар жауын, қар суларымен өзендерге, көлдерге, жерасты суларына қосылып жатады.
Алдерин, диоксин, ДДТ, хлоридан сияқты пестицидтер, құрамында сынап пен мышьяк бар дәрі-дәрмек қалдықтары аса қауіпті, олар қоректік тізбектерде жиналып, ет, сүт, көкөніс, картоп, бидай, күріш т. б. өнімдер арқылы адамдарды уландырады.
Су көздері жылудан да ластанады. Электр станциялардың жылы сулары өзендерге, көлдерге, су қоймаларына жіберіліп, ондағы қалыптасқан жагдайды өзгертеді. Судағы оттек азай-ып биологиялық процестердің жүру ырғагы бұзыльш, суда уытты көбіктер пайда болады. Балықтың уылдырығы мен үсақ жэндіктер өле бастайды.
Атом бомбыларын сынауға, атом электр станциясындағы апаттар мен бүзылу салдарынан, өндірісте, ғылымда, радио-активті изотопты көп қолдануға байланысты, радиоактивті қалдықтарды қалай болса, солай көму салдарынан су көздерін радиоактивті қалдықтармен ластау қауіпі төнді. Бүл жөнінде осы кітаптың VIII тарауында айтылған болатын.
Көп жылдар бойы АҚШ, Ұлы Британия және Франция радиоактивті қалдықтарды металдаи жасалған контейнерлерге салып, теңіз суларына тастап келгені туралы мәліметтер жеткілікті болатында, бұрынғы Советтер Одағы, қазіргі Ре-сей қайда жіберіп жатқаны айтылмайтын. Қазір мәлім болғ-андай олар радиоакгивті қалдықтарын Охот, Жапон, Солтүстіктегі теңіздерге тастайтын көрінеді. Жапония, Корея Рес-публикасы, Скандинав елдері Ресейден контейнерлер таста-ғаи жерлерді керсетуді, онда не болып жатқанын тексеруді талап етуде. Радиоактивті қалдықтармен уланған судағы ба-лықты, өсімдіктерді, жүмсақ денелі омыртқасыз жәндіктерді тамақ ретінде найдаланған кісілер қатерлі ісік және қан ауыру-ларына жиі ұшырайды.
Мүхиттар мен теңіздер де қоқыс тастайтыы орынға айна-лып барады. Қазір 30 мемлекет теңіз астынан мұнай қазады. Олардың ішінде Каспий теңізінде мұнай қазатын Азербайжан да бар. Қандай ұкыпты болуға тырысқанымен мүнайды қаз-ғанда, тасымалдағанда, кемелерді жуып тазалағанда, теңіз су-лары мү. най қалдықтарымен ластанады. Мүнай таситын үлкен танкілер апатқа ұшырағанда мыңдаған тонна мұнай гөгіледі. Орта есеппен жыл сайын 10 млн. тонна мұнай осындай үлкен танкілер апатынан, 2 млн. тонна танкілер мен кемелерді жуғанда теңіз суларына қосылады.
Үлес салмағы судан жеңіл мү. най қалдықтары жұқа жапқ-ыш сияқты болып теңіз бетін жауып кетеді. 1 тонна мүнай 6-дан 12 км 2 дейін су бетін жабатынын ескерсек теңіздегі өсімдіктер мен жануарларға қандай нұқсан келіп жатқанын түсіну онай. Мү_ндай жапқыштар күн сәулесін тусірмей, зат-тар айналымына кедергі болады. Суда оттек азайып биологи-ялық процестер бу_зылады.
Өзен суларымен теңізге басқа да ластаушы заттар көп ке-леді. Әсіресе тедіз жағалауы тез ластанып, өздігінен тазара алмайтын болады.
ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда жыл сайын теңіз суы-на 6. 5 млн. тонна фосфор, 2. 3 млн. тонна қорғасын қалдықта-ры, жүздеген мың тонна пестицидтер мен детерогенттер (кір жуатын синтетикалық заттар) қосылатын көрінеді.
Теңіз бен мүлсит суларының шектен тыс ластануы салда-рынан жануарлардың 1000 түрі жоғалып кетті, балықтың ба-ғалы түрлері, омыртқасыз жәндіктердің, шаян тәрізділердің қоры азайды, маржан рифтері жойыла бастады, теңіздегі фито және зоопланктондарға күшті зиян келуде.
Әлемге әйгілі теңіз зерттеушісі Жак Ив Кусто соңғы 20 жылда мүхиттағы тіршілік 40 процентке кеміп, көмір қышқ-ыл газды аз сіңіріп, оттегіде аз ондіретін болды деп жазды.
Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану
Қазақстан Республикасының су кодексі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды.
Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластану-дан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пай-далануда заңдылықты күшейту, халықтық экономика салда-рының қажетін өтеу үшін суды үлымды пайдалану;
Су қорлары мемлекет меншігіндегі бүкіл халықтын бай-лығы больш табылады. Оларды сатуға басқаның меншігіне беруге үлықсат етілмейді, тек пайдалануға беруге болады.
Еліміздің су қорлары өзендерден, көлдерден, бөгендерден, жерасты суларыван, мүздардан мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулар-дан қүралады.
Республиканың Министрлер Кабинеті су қорларына иелік етеді, оларды пайдалану, сақтау тәртібін белгілейді, судың са-пасы мен жалгерлік бағасы жөніндегі құжаттарды бекітеді. Су қорларьш пайдалану мен қорғау жүйелерін анықтап, оның есебін жүргізеді.
Жергілікті жерде су қорларын пайдалану мен сақтау мәсе-лелері облыстық және аудандық әкімдер мен үкімет қу. рған өкілетті мекемелерге жүктелген.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп, түрмыстық қажетті өтегеннен кейін, осімдікіер балық және басқа жануарлардыц өмір сүруіне, сақталуына зиян келмейтін болса ғана жаңадан салынатын немесе жөндеуден өтетін кәсіпорьшдар қүрылы-сын жобалауға жүргізуге, технология жабдықтарын жақсартуға рүқсат етіледі.
Сондықтан аталған жұмыстарды жүргізбес бұрын жергілікті әкімдердің, санитарлық -бақылау инспекцияларының, балық қорғау жөніндегі басқарманың келісімдерін алу қажет.
Кодексте мына қүрылыстардың іске қосуына тыйым салынған:
-Қалдық суларды тазалайтын қондырғылары жоқ жаңа са-лынған немесе жөндеуден өткен кәсіпорындарды, коммунал-дық -түрмыстық мекемелерді;
- су тасқынынан, жайылуынан, батпақтанудан, ащыланудан, сақтайтын шамалар жасалмаған каналдарды, суару және суландыру жүйелерін;
- су қабылдағыштары жоқ су ағызу жүйелерін;
- Балық өтпейтін жабдықтары жоқ су тартатын қондырғылар;
- тасқын суларды өткізіп жібере алатын жабдықтары жоқ гидротехникалық ірі қүрылыстарды;
- су шашырап төгілмейтін қондырғылары және санитарлық сақтану аймақтары жоқ бұрғылау скважиналарын;
- су қоймалары қүрылысы толық біткенше оларға су жинауға тыйым салынады.
Қүрылыс жүмыстарын, арна тереңдету және кеңейту, жер бүрғалау, жарылыстар жүргізу, пайдалы кендерді қазу, су өсімдіктерін жинау, кабель сымдары мен құбыр салатын жерді қазу, су қорлары маңайындағы ағаштарды кесу, тағы басқа жүмыстарды жергілікті әкімдермен, су қорларыв қорғау ме-кемелерімен келіспей жүргізуге болмайды.
Агротехникалық жүмыстар жүргізген, су шаруашылығы кұры-лыстарын бүлдірген кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыс-тық жауапқа тартылатыны көрсетілген. Кінәлі мекеме неме-се адамдар келтірген зиянның орнын толтыруға міндетті.
Ауыз суға, тұрмыстық және демалыс үшін суларға 1974 жылы төмендегідей сапалық норма бекітілді:
ротехникалық жүмыстар жүргізген, су шаруашылығы кұры-лыстарын бүлдірген кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыс-тық жауапқа тартылатыны көрсетілген. Кінәлі мекеме неме-се адамдар келтірген зиянның орнын толтыруға міндетті.
Ауыз суға, тұрмыстық және демалыс үшін суларға 1974 жылы төмендегідей сапалық норма бекітілді:
Су қорларын пайдалаудың мынандай түрлері бар:
Ауызсу, Курортсулары, Өндірістік сулар,
Тұрмыстық су, Сауықтыру сулары, Энергия қуатын алу
Емдеу үшін, Ауыл шаруашылығы үшін, көлік қатынасы үшін, балық шаруашылығы үшін,
басқа да мемлекеттік қажет үшін.
Су пайдаланушылар суды үлымды және үнемді жүмсауға, сапасын төмендетпеуге, топыраққа, орманға, қазбалы кендер-ге, жануарлар дүниесіне зиян тигізбеуге міндетті. Су тазалай-тын қондырғылар үнемі түзу қалыпта болып, керегінде жүмыс істейтін болу керек.
Аса қымбат су көздері ерекше бақылауда болып, оларды таусылудан қорғап, барынша үнемді жүмсау қажет. Мысалы, жерасты ауыз суды, сапасы онан төмен су бар болса, техника-лық қажетке жүмсауға үлықсат етілмейді. Егер бөтен су көзі болмай ауыз суды немесе емдеу суларын басқа қажетке жү. мсау керек болса жергілікті әкімнің үлықсатын алу керек.
Өндірістік, коммуналдық - түрмыстық қалдықтарывда ласта-ушы затгар шектеулі-рү. қсат егілген мөлшерден артық болса, он-дай суларды өзендерге, көлдерге, бөгендерге жіберуге болмайды.
Ауыз су қорларымен басқа да су қорларына күзет қойып, ластанудан, таусылудан, сақтау маңызды мәселе.
70-ші жылдардан бастап Қазақстанда суды пайдаланудың және қоргаудьщ республикалық және жергілікті жүйелері жа-салып, онда суды ұтымды пайдалану, облыстар мен аймақта-рға бөлу, ластанудан, таусылудан сақтау шаралары көзделеді.
Су қорларын пайдалануды реттеу үшін әрбір ірі су көздерін, мысалы Жайық, Сырдария, Ертіс, Іле өзендерін пайдалану жоспарлары жасалады.
Кіші өзендерді қорғауға да көп көңіл аудару қажет. Қорша-ған ортаға, су айналымына зиян келетін болса мүндай өзен-дерді бөгеуге болмайды.
Ауыз судың сапасын бақылау үшін зиянды заттардың шек-теулі - рүқсат етілген мөлшері бекітілген, 1 литр суда зиянды заттар мына мөлшерден (мг/л) көп болмауы керек.
ДЦТ - 0. 1 Қорғасын-0. 1
Кадмий - 0. 01 Гексохлорен-0. 02
Кобальт - 1. 0 Изопрен-0. 05
Метанол -3. 0 Карбофас-0. 1
Молибден - 0. 5 Керосин-0. 1
Мышьяк-0. 05 Мұнай-0. 1
Сынап - 0. 005
Барлығы 600-ден астам зиянды заттардың шектеулі-рұқсат етілген мөлшері бекітілген. Осындай мөлшер белгілеу жумыс-тары әлі де жүріп жатыр. Ереже бойынша шектеулі -рүлссат ет-ілген мөлшері қойылмаған зиянды заттары бар қалдық сулар-ды өзенге, көлге, су қоймаларына жіберуге тыйым салынған. Қалдық суларды тазалауда бірнеше эдістері бар. Механикалык эдіс. Ерімеген қалдықтары бар сударды эртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, түндыру арқылы тазалайды. Механикалық қосын-дыларды магнитпен тартып жинап алуға болады. Бұл әдіспен түрмыстық қажетке жүмсалған судағы ерімеген калдықтардың 60, өндірістік қалдық судан - 95 процентке дейін айы-рып алады.
Химиялық әдіс. Қалдык суларға хвмиялық реагенттерттер (басқа затпев қосыльш хвмиялық реакция жасайтыв заттар) қосып ерігев жәве ерімеген заттарды бөліп алу кейбір зат-тарды ерітів звявсыз ету арқылы тазалайды. Бұл әдіспев та-залағавда ерімегев қалдықтардың 95, ерігев қалдықтардың 25 процевтів бөліп алуға болады.
Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды тазартуға қолданбайды.
Украива ғылым академиясывың А. В. Думавсквй атындағы коллоидты химия жәве су хвмвясы ивститутының ғалымда-ры үлкендігі тарыдан аснайтын активтенгев көмір түйіршіктерів күйдіріп, біріктіргевде арасында қалғав мик-росковвен ғава көруге болатыв саңылаулар судағы керек емес заттарды үстап қалатывы белгілі болғав. Осывдай 1 кг. көмір секөнтіве жүздегев м 3 суды уытты заттардав тазалай алады. Профессор А. Кагановскийдің айтуывша осы әдіспев тазарғ-ав судың 41 процентіне мэшиве жасау кәсіпорындарывда, 94 процевтін жеңіл және энергетика -салаларывда қайта пайда-лануға болады.
Электролиздік (физикалық) әдіс. Бүл әдіспев электр тогьш өткізгенде ондағы ластаушы эаттардың көбі түсіп т^нады. Минск қаласында бірнеше зауыт осы әдісті қолданып жоға-ры көрсеткіштерге жетті.
Биологиялық әдіс. Бүл эдіс эсіресе тұрмыстық қалдық су-ларды тазалауға пайдалы. Оргавикалық қалдықтар микроор-гавизмдер комегімен звявсыз түрге айналады. 250 мың ха-лқы бар қалаға 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астыдғы қабатыва қиыршық тас немесе ірі құм төсеп, үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оғав көзге ілінбейтін у. сақ оргавизмдерді орналастырады. Ластаған суды осы организмдер мев қиыршық тас қабаттары-нав өткізіп тазалайды.
Бнологиялық тазалау әдісівіц екінші түрі-аэротавктер. Олар темір бетовнан сүйык зат құятын ыдыс (резервуар) түрінде жасалады, ішіне тұнба балшық, лай салыв оттекпев өмір сүретін, көзге ілівбейтів үсақ оргавизмдерді орналастырып, солар арқылы қалдық суларды ағызьш тазалайды.
Түрмыстық жәве шаруашылық қалдық суларды далавы сулаадыруға (1 га жерге 15-20 мың м 3 ), товырақты сүзгі ретінде пайдаланып тазартуға (1 га жерге 40-60 мың м 3 ), немесе егістік жерлерді суаруға (1 га егістікке-2-7 мьщ м 3 ) жү. мсауға болады. Әрине, бұл суларда адамға, басқа организмдерге зи-явды қалдықтар болмауы керек. Топырақты сүзгі ретінде пай-далану өте пайдалы, ондағы бактериялар суды тазартып, жердіц қү-нарлылығын арттырады.
Өзен, көл, бөген суларының таза болуына ондагы өсімдіктер мен омыртқасыз жәндіктердің, балықтардың, ба-сқа да тірі организмдердің тигізетін пайдасы көп.
Су қорларын сақтау үшін кәсіпорындарда айналмалы су жүйесін қолданудың маңызы зор. Қалдық суларды тазартьш қайтадан пайдалану арқылы су шығынын азайтуға, су қорла-рын ластанудан сақтауға болады. Бүл суларды қызған жабдық-тарды салқындатуға, көлік мәшинелерін жууға, таза суды қажет етпейтін өндірістік процестерде пайдалану таза су қорын үнемдеуге жәрдемдеседі.
Суды үнемді жүмсау жолдарына мыналарды жаі кылуға болады.
- сумен жұмыс істейтін кәсіпорындарды сусыз, «қүрғақ» технологияға көндіру жолын іздеу. Әрине ол қоршаған ортаға зиянды болмаса;
- ластанған суларды бір- бірімен араластырмай, ластаушы заттардың түріне, қүрамына қарай бөлек жинап, бөлек тазалау. Сонда олар тез және жақсы тазарады, қайта пайдалануға жарайды. Мысалы, мүнай өңдеу және химия өнеркэсібінде жұмсалагын су мөлшері үнемі азайып келеді. Оныц себебі бүрын 1 тонна мұнайды өңдеуге 16-18 м 3 су ажет болса қазір 0, 2-0, 3 м 3 -ден аспайды. Өндірістің бүл саласы қалдықсыз жәнесусыз жүмыс істеуге көшіп әзірленуде.
Ірі металлургиялық зауыттар қалдық суларын араластыр-май, метал өңдеу ертінділерін, ертінді жуған, ерімеген қалдык-тары бар және май араласқан қалдық суларды бөлек жинан, бөлек тазалайды. Ол үшін әр цехта қажетті қондырғылар бар, тазалаған суды цех қайта пайдаланады.
Кейбір зауыттар тұтасынан айналмалы су жүйелеріне көшіп, өзеннен, көлден алатын су мөлшерін 2-3 нроцентке дейін азайтқандары бар.
Мысалы 1 май химия зауытының (Ресей) айналмалы су жүйесінің арқасында қалдық судын 97 проценті қайта пайдаланылады.
Қаланың басқа кәсіпорындарымен бірлесіп жүргізген айналмалы су жүйесі, олардың қалдық суларын биологияық және химиялық тазалаудан өткізгеннен кейін тазарған су жнналатын тоғанға кұйып, зауыттың қайта пайдалануы өте тиімді болды.
Алдағы уақытта ластанған қалдық суларды өзенге, көлге, су қоймаларына жібермей, топырақ -өнім - адам - топырақ жүйесімен тазаласа дұрыс болар еді. Себебі су қорлары ластанбай, таза болып, қалдық сулардағы пайдалы заттар топырақта қалып, оның құнарлылъиын арттыра түсер еді.
Ғарыш кемелерінде қолданылып жүрген суды қайтадан қалпына келтіру жүйесі де болашағы бар әдіс болып санала-ды. Тек, қазір ол өте қымбат, мүмкін келешекте арзандату
жолы табылар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz