Табиғат сұрапыл апаттар


Табиғат сұрапыл апаттар
Табиғат апаттары (Стихийное бедствие) - алапат табиғи құбылыс: су тасқыны, сел, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар көшкіні, сел, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады.
[ Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі . ]
Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) деп бөлуге болады.
Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі калыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып түрады. Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары апатты жер сілкіну болған.
Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып түрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда, 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде болды. Олардың алдын алу үшін шаралар жасалмаған жағдайда зор материалдық және адам шығыны болуы мүмкін. Алматы қаласын селден сактау үшін Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сол жөнінде дер кезінде хабар беретін кондырғылар орнатылған. Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады.
Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб. : زلزال) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Пайда болу тегіне қарай
Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сел (арабша сайль - жойқын тасқын) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz