Коммерциялық банктердің қызметін талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша - тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық ұйымдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.

Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассалары толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Несие экономикалық категорияларының ең маңызды түрлерінің бірі болып саналады. Несиені зерттеуге қатысты қаншама ізденістер жүргізіліп, Мыңдаған еңбектер жазылып келе жатыр, ол әлде жалғасын таба береді деуге болады. Әсіресе, несие жөнінде зерттеулердің өзектілігі біздің еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға қадам басқан жағдайында ерекше орын алады деп айтуға болады. Қазақстандағы нарықтық экономика механизмінің толық денгейлі қызмет атқарып кетуінің бірден-бірі маңызды алғы шарттарының бірі - несие қатынастарының жалпы дүниежүзілік талаптарға сай ілгері деңгейдегі дамуы болып табылатыны баршамызға мәлім.

Нарықтық қатынастар жағдайында банктік несиелер экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық механизмінің бір бөлігі ретінде аса маңызды роль атқарады. Кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың банктерде шоғырланған уақытша бос ақша капиталдары несие капиталына айналып, несиелер түрінде қосымша қаржы көздерін қажет ететін екінші бір нақты салаларға уақытша пайдалануға беріледі. Көп елдерде банктік менеджменттің бірден-бір міндеті неселік тәуекелдерді барынша төмендету болып табылады. Себебі, банк қызметі көптеген тәуекелді несие қызметтеріне бейім тұрады. Осыған байланысты көптеген елдердегі банктер қызметіндегі тәуекелерді барынша төмендетудің өзектілігі банк менеджментіндегі үлкен мәселенің бірі болып табылады.

Отандық комерциялық банктер несие процесіндегі түрлі факторларға, мәселен несиенің уақытында қайтарып төленбеуі сияқты қауіп-қатерларге де тәекел етеді. Тақырыптың өзептілігін осымен айқындауға болады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде банктің атқаратын қызметтері және экономикалық қатынастардағы ролі кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар, нарық қатынастары жағдайында банктің қауіп қатерін басқару қағидаларына да назар аударылған.

Бірінші тарауда Банк қызметтерінің экономикалық мазмұны, банк құрылымы, түрлері, меншікті қаражаттары мен пайдасы және т. б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша коммерциялық банктің қызмет ету негізі мен қазіргі жағдайы қарастырылған. Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет көрсетуін жетілдіру бағыттары қарастырылған.

Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып - коммерциялық банктің экономикалық қызметтегі орнын, банктік қызметтің операцияларыныың тиімді жақтарын көрсету болып табылады. Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән - жайларға аударылды:

  • банк қызметтерінің экономикалық мазмұны;
  • ҚР коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларына;
  • коммерциялық банктердің қызметін мамандандыруға;
  • коммерциялық банктердің қызметін кеңейтуге.

Бұл дипломдық жұмыста әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, газет - журналдар, әдебиеттер, нормативтік - құқықтық актілер және отандық және шетелдік авторлардың материалдары, мерзімді басылымдар материалдары, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Үкіметтің электрондық, Қаржылық бақылау және қадағалау агенттігінің веб-сайттары және т. б. табылады.

Бұл дипломдық жұмыстың құрылымы келесідей: кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Жұмыс 15 кестеден және 12 суреттен құралады.

1 Банк қызметінің негізі және құқықтық сипаттамасы

1. 1 Банк қызметінің түрлері

Банк - банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Жалпы банктің ерекше мәні, ең алдымен, келесі тұжырымдармен анықталады:

  • төлем құралдарын құра алады;
  • айналымға төлем құралдарын шығара алады ;
  • айналымнан құралдарын алуды жүзеге асырады .

Банктердің, тауар өндірісінің және айналымның дамуы параллельді түрде жүрген. Ал банктік қызметтердің өндірілу мен өткізудің тарихи процесін 3 сатыға бөлуге болады. Оның әрбір сатысында ерекше базалық идеясы сәйкес келеді:

1) еркін бәсекесі бар классикалық капитализм қоғамының құрылу кезінде, капиталисттік қатынастар қызмет етіп, серпінді дамығанда коммерциялық банктер өзінің депозиттік - ссудалық қызметтерін жетілдіруге бағытталды, ал бос ақшалай қаражаттарының иелерілері мен қарыз алушы арасында ақшалай капиталдың қозғалысында коммерциялық банктер делдал қызметін атқарады. Коммерциялық банктердің стратегиялық саясатындағы басқарушылық идеясы субъектілердің операциялары мен жағдайлары, клиентураның экономикалық жағдайы мен қаржылық сенімділігі және ссудалық капиталдық өсу келешегі туралы ақпараттардың объективті кешенін құруға бағытталған;

2) монополисттік капитализм кезеңі пайда болғаннан бастап даму сатысында банктік монополияны құрумен ерекшеленеді, яғни шартталған концентрациялар мен банктік капиталдар және өнеркәсіппен ақшаларға глобалды бақылау мүмкіндігі жасалған банктердің жаңа ролін құрумен ерекшеленеді, яғни мұндай жағдайда коммерциялық банктер несиелік нарықтың мүмкіндіктерін жеке уәжі (мотив) бойынша реттеді. Иеленген позицияларды басқару құрылымда - ақшалай капиталға тұрақты және максималды жоғары мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен ұсыныстарды қанағаттандыру мақсатын анықтау идеясы болып табылады және коммерциялық банктердің инвестициялық белсенділігінің негізі құрылады;

3) технологиялық және ғылыми - техникалық қайта құрулардың негізгі кезеңі ақпараттық айырбастаудың халықаралық желісін құрумен сипатталады, ал банктік қызметтерді тарату саласы ұлттық түрге ие болды. Жаңа экономикалық жағдайда пайданың бірқалыпты мөлшерін қамтамасыз ету үшін клиенттердің қажеттіліктері мен ұсыныстарын детализацияға және анықтауға бағдарлануы талап етіледі [1, 7] . Менеджменттің бастапқы міндеті: банктік капиталының қызмет көрсету тиімділігі мен есеп айырысу рентабельділігін қамтамасыз ету кезінде қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осы барлық этаптардағы менеджмент процесі оның ақпараттық құрамдасына тәуелді, сондықтан да коммерциялық банктердегі басқару жүесін әлемдік тенденциясын - маркетингтік менеджмент ретінде қарастыруға болады.

Американ ғалым - экономисті Дж. Ф. Синки, АҚШ-тың және басқа да дамыған мемлекеттердің банктік жүйесінің дамуын зерттеп, 90-шы жылдардағы қаржылық қызметер саласындағы динамикалық өзгерістері 5 негізгі факторлардың қызметімен сипатталады:

1) ғылыми - техникалық прогресс. Электроника, автоматизация және телекоммуникацияның дамуы банктік операциялардың технологиясын өзгертіп қаржы - несие институттардың аймақтық және ұлттық саладағы қызметін кеңейтеді (банктік бәсекелестіктің глобализациясы) . Банк ісін компьютерлендіру “қаржылық революциясының” қажетті алғы шарты болып табылады. Сонымен бірге, автордың пікірі бойынша банктік технологиясының дамуы қаржылық қызмет көрсету саласына кіруді қатаңдатады;

2) бәсекелестік. Дамыған экономикасы бар мемлекеттердің заңи реформалары қаржылық қызметіндегі шектеулер мен тиым салынулардың жеңілдетуіне немесе толық алынып тастауына бағытталғандықтан, бәсекелестік үшін барьерлердің әлсіздігіне әкеледі. Қазіргі кезде, бүкіл мемлекеттерде банктік нарықтар қорғаусыз қалды, коммерциялық банктер және басқа да банктік емес мекемелер жағынан қатаң бәсекелестікпен кездеседі;

3) пайыздың мөлмешерлемесінің және валюталық бағамының тұрақсыздығы. Экономикалық қиыншылықтармен байланысқан (өзгерістің құлдырауы, төлем жүйесіндегі дағдарыс, инфляция, төленбеген сыртқы қарыздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын опециялардың төмендеуі) капитал нарықтарындағы тұрақсыздықтың өсуі, басқа факторлармен бірге нарықтарындағы пайыздық ставкаларының кенеттен тез өсуіне әкелді, ал бұл экономикалық және қаржылық жағдайға тәуелді сенімсіз факторлардың өсуіне, банктің пайыздық тәуекелінің көбеюіне апарады;

4) клиент үшін күрес. Дж. Синки пікірі бойынша бұл күрес қазіргі кезде тіпті “жабайы” болып кетті. Бұрын банктер монопольдық күшке ие болғандықтан клиенттер үшін таласулар болған жоқ. Банктік заңнамасының либерализациялануы бәсекелестіктің өсуіне және банктің шектен тыс табысының қысқаруына әкелді. Бәсекелестік жағдайында клиенттерге жаңа қызметтерді ұсынуы банк қызметінің оң нәтижеге жетуінің негізгі факторы болып табылады;

5) капитал жеткіліктілігі немесе адекваттылығы. Яғни - меншікті және тартылған капитал арасындағы қаржылық арақатынасы. Капиталдың жоғарғы деңгейі салымшылардың сенімділігінің дәрежесін өсіреді және коммерциялық банктің өтімділік тәуекелін төмендетеді, ал капиталдың жеткіліктілігі банктің тәуекелге ұшырауының көрсеткіші болып табылады. Банктік реттеу және қадағалау саясаты бойынша Базельдік комитет капиталдың жеткіліктілік коэффицентін, яғни капиталдың тәуекелі бойынша бөлінген активтерге қатынасы, 8% деңгейінде бекіткен (минималды 8%-дық стандарт) . Бұл халықаралық операциялрмен белсенді жұмыс жасайтын банктер үшін қажетті капиталдың минималды деңгейі болып есептеледі. Осы және басқа да факторлар (кәсіпорындарды жекешелендіру, сауданы және қаржыларды , банк ісінің концентрациясы, банктердің операциондық шығындардың өсуі, банктердің банкроттық тәуекелінің өсуі, қоғамдағы демографиялық өзгерістер) нәтижесінде банктік қызмет - тәуекелді және тынымсыз бизнес болып табылады.

Жалпы коммерциялық банктер қаржылық қызмет көрсетулердің кең саласында жұмыс істеуде. Сөйтіп, барлық банктік мекемелер, уақыт өткенімен, күрделі ұйымдарға айналады: қызмет көрсету тізімі кеңейеді, несиелеудің жаңа схемалары, жаңа бөлімдер мен департаменттер пайда болады.

Банктік өнімдер мен қызметтер нарығын қарастырмастан бұрын, “банктік қызмет” пен “банктік өнім” деген ұғымдардың ғылыми анықтамаларын бөліп алуымыз керек, себебі олар жиі синоним ретінде қабылданады [2, 7] .

Ғылыми - тәжірибелік мүдде “банктік қызмет” ұғымының анықтамасын көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде, оның ішінде құрылуына қатысқан танымалы ғалым - экономисттер, Абалкин Л. И., Герщенко В. В., Жуков А. И., Зотов М. С. және басқа да Ресей ғалымдары мен банктік мамандар “Банковская система России. Настольная книга банкиров” кітабында банктік қызметке “массалық операция” сияқты анықтама береді. Бұл жұмыста кейбір зерттеушілер банктік қызметті “клиенттің тапсырмасы бойынша және белгілі бір ақы үшін банктік операцияны жүргізу” деп анықтайды.

Спицын И. О. және Спицын Я. О. “Банковский маркетинг” оқу құралының авторлары банктік қызметті “клиент мүддесі үшін банктің белгілі қызметін атқаруы” деп атайды.

Профессор Хруцкий В. Е. “банктік өнімнің” өзіне келесідей анықтама береді: “… банктік өнім туралы айтқан кезде, банкпен жасалынған кез келген банктік қызметті немесе операцияны есептейміз”.

Француз экономисті Жан Матук банктік қызметті “банктің қаржылық мүмкіндігіне байланысты клиенттің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттадыру” деп санайды.

Қазіргі жағдай біріңғай терминалогияны, қарастырылып жатқан анықтамалар мен терминдердің нақты сипаттамаларын беруін қажет етеді.

Сөйтіп, “банктік қызмет”, “банктік опеация” және “банктік өнім” сияқты синонимдеріне келесідей анықтамалар беруге болады.

Банктік операция дегеніміз - нақты бір нәтижеге (ссуда беру, депозит қабылдау, валюта айырбастау және т. б. ) қол жеткізуге бағытталған банктің клиентпен немесе басқа банкпен жасалынған кәсіпкерлік келісім - шарт немесе біріңғай экономикалық мәселені шешу бойынша банктің бір - бірімен байланысқан қызметтердің жиынтығы.

Банктік қызмет дегеніміз - банктік операцияға қатар белгілі бір функцияларын атқарады, яғни клиент үшін тиімділігін арттырады, аз шығындар мен көп пайда алып, көздеген жетудің алғы шарттарын жасайды.

Банктік өнім - бұл клиенттерге қызмет көрсету үшін және операцияларын жүргізу үшін банкпен шығарылатын нақты банктік құжат (немесе күәлік) . Бұл чек, вексель, банктік пайыз, депозит, белгілі бір сертификат (жинақ, депозиттік), банктік пластикалық карточкалар және т. б. болу мүмкін. Банктік өнім мен банктік қызметтің ұқсастығы - клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және пайданың алуына мүмкіндігін туғызуына бағытталатындығында байқалады. Мәселен, депозит бойынша банктік пайыз - бұл банктік өнім, ал оның тұрақты төленуі - банктік қызмет. Яғни, екеуі де клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады және пайда әкеледі. Банктік шот ашу - бұл өнім, ал шот бойынша қызмет көрсету - бұл қызмет, бірақ бұл жерде өнім де, қызмет те банктің табысын, комисионды түрде алуы қарастырады. Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгенді қорыта келе, біз банктік қызметке толық және ашық анықтамасын бере аламыз: банктік қызмет дегеніміз - пайда алуға бағытталған банктік операцияны жүргізу кезінде бос ақшалай қаражаттарды тарту үшін және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оптималды жағдайларды құрудағы банктің кешенді қызметі.

Жалпы банктік қызметтердің тізімі өте кең және үлкен, әрбір нақты жағдайда ол коммерциялық банктің функцияларымен, ресурстық мүмкіндіктермен және клиенттік қажеттіліктерімен анықталады. Бірақ әр түрлі банктік қызметтерді көрсету әрбір банктің қолынан келмейді, өйткені көп жағдайда бұл тиімсіз болып шығады. Банктік қызметтердің бүкіл спектрін көрсету үшін “Банковский менеджмент” еңбегінің авторы Питер С. Роуздың ұсынған схемасын қолдануға болады.

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңының 30 - бабында белгіленген өзге де операцияларды жүргізу - банктік қызметі болып табылады.

Банк операцияларына мыналар жатады:

а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

в) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу;

г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;

д) аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын туралы;

и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металлдарды және құнды қағаздарды басқару;

л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй жайларды жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарды және қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;

м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;

н) төлем карточкаларын шығару;

п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

ц) лизинг қызметін жүзеге асыру;

ч) факторингтік (сауда - саттық) операциялары тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болу;

ш) форфейтингтік операциялары (форфейтингтеу) : тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

Сурет 1. Коммерциялық банктің негізгі функциялары

Банктік қызметтерді, ең алдымен, спецификалық қызметтер және спецификалық емес қызметтер деп бөлуге болады. Спецификалық қызметтер - бұл банктің ерекше кәсіпорын ретіндегі атқаратын спецификалық қызметтері болып табылады.

Кесте 1. Жалпы банктік қызметтерді келесідей түрде жіктеуге болады:

Жіктеу критерийлері: Жіктеу критерийлері
Көрсетілетін қызметтердің типі: Көрсетілетін қызметтердің типі
Жіктеу критерийлері: 1
Көрсетілетін қызметтердің типі: 2
Жіктеу критерийлері: Банк қызметінің спецификасының сәйкестілігіне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:
  1. спецификалық қызметтер
  2. спецификалық емес қызметтер
Жіктеу критерийлері: Кесте 1-дің соңы
Жіктеу критерийлері: 1
Көрсетілетін қызметтердің типі: 2
Жіктеу критерийлері: Қызметтерді тұтынушы субъектілеріне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:

1) заңды тұлғалар

2) жеке тұлғалар

Жіктеу критерийлері: Банк ресурстарының құрылу мен орналастыруының әдісіне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:
  1. активті операциялар
  2. пассивті операциялар
Жіктеу критерийлері: Көрсетілген қызметтердің ақылығына байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:

1) ақылы қызметтер

2) ақысыз қызметтер

Спецификалық қызметтерге негізгі 3 операцияны жатқызамыз:

  1. несиелік операциялар;
  2. депозиттік операциялар;
  3. есеп айырысу операциялары.

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлем қайтару шарттарында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Несиелік операциялар - активтік және пассивтік операциялар болып келеді. Активтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп - банктің пайда табу мақсатында клиенттің сұранысы бойынша орналастырылған қаражаттарын білдіреді.

Пассивтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп - банктің қосымша ресурстарға деген қажеттілігі нәтижесінде банкаралық несие нарығынан тартқан зайымдарды білдіреді.

Банктік несилеуді ұйымдастыру мынандай қағидаларға сүйенеді:

1) мақсаттылық қағидасы (несиені алу мақсаты), яғни несие алу өтінішінде несиені пайдалану мақсаты көрсетіледі;

2) мерзімділік қағидасы, яғни берілген несие сұраған мерзім ішінде қайтарылуға тиіс;

3) қайтарымдылық қағидасы, яғни клиент алған несиені қайтаруға міндетті;

4) төлемділік қағидасы, яғни клиент несиені алған үшін банкке сый ақы төлеу керек;

5) қамтамасыз ету қағидасы. Осыған байланысты несиелер 2 бөлінеді:

- қамтасыз етілген ссудалар, яғни оған кепіл (жылжитын және жылжымайтын мүліктер), кепіл хат, сақтандыру полисі жатады;

- қамтамасыз етілген ссудалар, яғни оған банктік несие(сенім несиесі) жатады.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қанынастардың мәнімен тығыз байланысты болып келеді. Несиенің формасы - бұл несиелік қанынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де несиенің формасы сол күйінде сақталады. Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Банктегі макро/микро деңгейде пассивтерді басқару әдістері
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz