Бастапы заттар мен ерітінділердің сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2. 1 Бастапы заттар мен ерітінділердің сипаттамасы

Поливинил спирті (ПВС) өндіруші «FlukaChemieGmbH» (Швейцария), молекулалық массасы (М w ) = 205 000, қосымша тазартусыз қолданылды.

Картинки по запросу поливиниловый спирт

Жүгері крахмалы 400 гр., қаптамаларда алынды. Өндіруші ЖШС «Гарнец» (Ресей), қосымша тазартусыз қолданылды.

http://chemistry.ru/course/content/javagifs/16-022-2d.gif

Мұзды сірке қышқылы , өндіруші ЖШС «Скат», (Қазақстан) қосымша тазартусыз қолданылды.

http://ru.static.z-dn.net/files/d78/a827ba47df0e08ae1302d7405fb3d105.jpg

Цемент М 400 , өндіруші ТОО «Жамбыл Цемент», (Қазақстан) қосымша тазартусыз қолданылды.

Физиологиялық ерітінді (күре тамырға құйылатын натрий хлоридінің 0, 9% ерітіндісі) .

Ерітінділер дайындау үшін дистильденген су қолданылған.

2. 2 Сополимердің синтезі

ПВС-Кл негізіндегі сополимер синтездеу үшін сыйымдылығы 250 мл дөңгелек түпті үш мойынды колба алынды (1-сурет) . Колба моторлы араластырғыш, термометр, воронкамен жабдықталды және жылуреттегіш плиткаға қойылған сулы моншаға орнатылды. Колбаға 150 мл су және сәйкесінше (3, 8; 3, 6; 3 г) ПВС салынды. Қоспа 75 С дейін қыздырылып ПВС толық ерігенше араластырылды.

ПВС толық еріген соң, аналитикалық таразыда крахмал өлшеніп (0, 001 дәлдікпен), оған 50 мл су қосылды және 60 С-та ірі түйіршіктер толықтай жойылғанша 150 мл термостаканда крахмалдың белгіленген мөлшері (0, 2; 0, 4; 1 г) ерітілді.

Синтез жүргізу барысында үш мойынды колбадағы температура 75 С аспауы қадағалануы қажет. Кейін, ПВС-тың еріген қоспасына еріген крахмал 4-5 мин сайын 20-25 мл-ден бөлшектеп құйылды, 15-20 мин араластырылды (араластыру жылдамдығы 500 айн/мин) және ортаның рН мөлшері анықталды. рН көрсеткіші 3-4-ке жету үшін, бөлгіш құйғы арқылы 3-4мл мұзды сірке қышқылы жіберілді. Қажетті рН мөлшерін алынған соң, қоспаны тұрақты 75 С температурада 3 сағат бойы араластырылды. Крахмал мен ПВС толық еріген кезде ғана реакция толық аяқталады. Алынған массаны бөлме температурасына дейін суытылады, Петри ыдысына 15 г мөлшерінде құйылып, толық үлдір алынғанша кептіріледі.

1 - сурет. ПВС - крахмал негізіндегі үлдер алуға арналған зертханалық қондырғы

C:\Users\АЙГ\Desktop\установка.png

1 - үшмойынды колба; 2 - бөлгіш құйғы; 3 - штатив; 4 - араластырғыш; 5 - гидротығын; 6, 7 - термометр; 8 - су моншасы.

2. 3 Зерттеудің физика-химиялық әдістері

ИҚ-спектрі FTIR-Satellite Фурье-ИҚ спектрометрі арқылы жазылды. ИҚ-талдау жасау үшін ПВС-Кл негізіндегі үлдірлер ваккумды пеште 40 С температурада кептіріп, құрамындағы су және сірке қышқылынан арылтылды. Тігілген үлдір алу үшін сополимерді «Ядролы физика институтында» жылдам-электронды сәулелену әдістері қолданылды. Полимерді радиациялық өңдеу жартылай электронды үдеткіш ЭЛВ-4 аппаратында, 1, 3 МэВ энергиясынан өткізілді. Радиациялық сәулелену диапазоны 40-120 кГр құрады.

Ісінудің тепе-теңдік дәрежесін анықтау үшін үлдір үлгілерін ісіну дәрежесі тұрақтағанға дейін ерітіндіде ұстайды. Ісіну дәрежесін сулы, органикалық еріткіш - спирт, NaCl түрлі концентрациялық ортасында және түрлі температурада анықтайды. Үлдір ісінуінің тепе-теңдік дәрежесін α келесі формула бойынша анықтайды:

α=(m - m 0 ) /m 0

мұндағы, m - ісінуі тұрақтаған үлгінің массасы, г;

m 0 - құрғақ үлдірдің массасы, г.

Массаны анықтау үшін Sartorius маркалы ISO 9001 аналитикалық таразысы қолданылды. Ісіну дәрежесі бірнеше параллель тәжірибелерді жүргізу нәтижесінде анықталды.

Ортаның рН мөлшері IonMeter 3345 (Jen Way, Ұлыбритания) иономерін қолдану арқылы өлшенді.

Тігілген үлдірлерді алу мақсатында үлгілер «Ядролық физика институтында» жылдам электронды сәулеленуден өткен. Полимерлерді радиациялық өңдеу энергиясы 1, 3 МэВ болатын жартылай өндірістік ЭЛВ-4 электронды үдеткішінде жүргізілді. Радиациялық сәулеленудің диапазоны 25-40 кГр құрайды.

Үлдірдің биоыдырауы Қазақ Ұлттық Универститетінің саябағынан алынған топырақ ортасында жүргізілді. Биоыдырау процесін жүргізу үшін үлдір топырақ салынған пластмасса ыдысына орналастырылды. Тәжірибені жүргізу үшін үлдірдің үш дозасының үлгілері ылғал топырақ (қажет болған жағдайда топыраққа жасанды түрде су себілді) толтырылған ыдысқа салынды. Тәжірибе 45 күн жүргізілді.

2. 4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау

Тәжірибені жүргізу арқылы бетонның физика-механикалық қасиеттеріне бастапқы цемент қоспасына синтезделіп алынған ПВС-Кл (БПҚ 95:5 мол. %) негізіндегі тігілмеген сополимерлердің сулы ерітінділерінің ([СПЛ] = 0, 25; 0, 50 және 1, 0%) әсері зерттелінді. Шикізат ретінде портландцемент М400 қолданылды. Сополимерлердің ерітінділері мен цементті механикалық араластырғыш көмегімен 5-10 мин толықтай біртекті қоймалжың жүйе алынғанша араластырады және дайындалған цемент үлгілері 3, 3 см 3 тең бүйірсіз бұрышты болаттан жасалған формаға қалыптанады. Ауа көпіршіктері және саңылаулардың толық жойылуын қамтамасыз ету үшін қалыптар кейін 3-4 минут қолмен дірілдетілді. Содан кейін қалыптар қалыпты бөлме температурасында 1 тәулік бойы кептірілді. Кепкен полимербетон үлгілерінің әрқайсысының салмақтары өлшеніп, 3, 7, 14, 21 және 28 күн бойы сулы ортада ұсталды және полимербетон үлгілерінің су сіңіру қасиеті анықталды.

2. 5 Полимербетонның су сіңіру қасиеті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүгері крахмалы негізінде биоыдырайтын жабқыштар технологиясын жасау
Көздің дәрiлік формаларын дәрiхана және өнеркәсiптiк өндiрiстiң жағдайларда дайындау
Суспензия түзетін дәрілік заттар
ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.
Даналыққа құштарлық және философиялық пікірлер
Дисперстік жүйелер туралы жалпы түсінік
Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы. Буферлі ерітінділер
Изотонды ерітінділер, изогидрлеу, иизоиондау талаптары
Реалды ерітінділер
Инфузиялық ерітінділер, жіктелуі, сипаттамасы, номенклатура
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz