ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ


1 ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Діни туризм ұғымдарының түрлері
Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер болған. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық туризмнің көшбасшысыларына балайды.
Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бар.
Діни туризмнің формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары.
Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.
«Орналасу» секторы. Бұл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың және тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.
«Тамақтану» секторы - мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кәсіпорындары т. б.
«Көлік» секторы - көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.
«Діни нысандар» секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:
- діни ғимараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;
- табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;
- кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т. б.
Ғибадатхана - парсы тілінде құдайға құлшылық етілетін, зияраттық рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттың жалпы атауы. Әрбір дінде бірнеше түрлі ғибадатханалар бола береді. Ислам үшін - мешіт; христиан үшін - шіркеу, собор, монастырь, костел, кирха; иуда - сингога; будда үшін - олардың ортақ атауы жоқ, әр елде әр түрлі аталады. Мысалы Жапонияда - тэра, Шри - Ланкада - вихра, Монғолияда - хурэ, Бурятияда - дауан. Ғибадатханалар негізінен еңселі, биік, мұнаралы, көп күмбезді, бірнеше текшелі, әлденеше бөлмелі сәнді де күрделі ғимарат болып келеді. Ғибадатханалар ішінде алтарь, мінбар, михраб сияқты арнаулы орындар болады. Ғибадатханалар іші хұснихаттармен, періштелер мен әулиенің бейнелерімен, ою - өрнектер және әсем жазулармен безендіріледі. Ғибадатханалар архитектурасы адамның құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі зияраттық тұспалнышандарымен, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі жарты ай бейнесі, ал шіркеуде айқыш (крест) орнатылады.
Мазар (арабша-сыйынатын орын) - мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызылатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрі Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдеріне ертеден кең таралған. Мысалы, ауғаныстандағы Мазари -Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекістандағы Бұхара мен Хиуа мазарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді. Зерттеушілер қазақ жерінде мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, сақ дәуірі) бастап, оның ең байырғы үлгісіне баланды-2 ескерткішін (б. з. б. IV-IІ ғ. ) жатқызады. Қазақстандағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Алаша хан, Бабажа қатын кесенелері ортағасырлық мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жерінде мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, терракот тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қас беті мен пеш тағына, күмбезіне нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты. Мазардың қабірғалары мен маңдайшаларына аят және хадис үзінділері жазылып, қабір басына құлыптас қойылатын.
Мешіт (арабша масджид) - мұсылмандардың аллаға ғибадат етуіне арналған зияраттық ғимарат. Алғашында барлық ғибадатханалар мешіт деп аталады. Сирия, Иран жерлерінде мешіт орнына храмдар да пайдаланылды. Алғашқы мешіт VII ғасырдың бірінші ширегінде Медине қаласы маңындағы Құба елді мекенінде салынды. Мешітке Мұхаммед пайғамбардың түйесі шөккен жер таңдалып, ол жер Сехл, Сүхейл атты жетімдерден сатып алынды. Мешіттің құрылысына пайғамбардың өзі қатысты. Төбесі құрма жапырағымен жабылған үй төрт бұрышты етіп салынған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, зияраттық уағыз тыңдау және өмірлік мәселелерді талқылау үшін жиналған. Алған мешіттің қызмет аясы кең болған, онда жарлықтар жарияланып, сот істері атқарылды, медреседе бала оқыту да мешіт қызметкерлеріне жүктелді. Тарихи даму барысында мешіттің қызметі шектеліп, ол зияраттық ғибадатханаға айналды. Мешіт құрылысының қазіргі үлгісі VIII ғасырдың аяғында қалыптасты, хұтба айтушыға арналған мінбер кейін пайда болды. Мешіттің ашық аулалы және күмбезді түрлері кең тараған. Жұма мешіттерімен қатар жәми мешіттер және медресе жанында шағын мешіттер де болған. Мешіттерде мүсәпірлерге, жетімдерге де көмек көрсетілген. Ерлерге Жұма намазын мешітте оқуға парыз етілген. Мешітке Алла ризашылығы үшін ғибадат жасауға келгенде адал ниет, тазалық, ғайбат сөзден аулақ болу талаптары қойылған. Қазақстан Зияраттық Басқармасының мәліметі бойынша елімізде мың алты жүзден артық қалалық және ауылдық мешіттер бар.
Минарет - мінажат етушілерді намазға шақыратын мұнара. Мешітпен бірге не оның жанынан салынады. Бұрама басқышы бар. Египет, Иран, Ирак, Орта Азия халықтарында минареттің дөңгелек (Калян мұнарасы) немесе көп қырлы түрі кең тараған. Минарет бедерлі кірпіш, жылтыр плиткалармен нақышталады. Сирия мен Солтүстік Африка елдерінде планы шаршыланып келген минареттер жиі кездеседі. Түркиядағы минареттердің ұшар басы найза ұшындай сүйірленіп барып келеді.
Мола - айқын атау емес, бұл атпен көне де, жаңа да бейіттерді араластырып айта береді, бірақ көбінесе мола деп қарапайым, сүреңсіз төмпешікті, ұсақ тас үйіндісін немесе балшықтан соғылған тұрпайы ескерткішті айтады. Молалар әрқашан қырат жерлерге, керуен немесе көш жолдарына және өзен мен көл бойына орналасады. Бұл жүргінші адам өлгендердің басына ерекше аят (бата) оқып кетсін деген мақсатпен жасалынады. Молалардың түрлері өте көп. Ш. Уалиханов өз зерттеулерінде молалардың басты мынадай түрлерін көрсетеді:
- жаңа бейіттер - батысқа қараған кішігірім есіктері бар, сырт жағы жалмен бекітілген бекініс сияқты болып келеді. Жаңа бейіттер екі түрі бар: жеке дара және қорған тәріздес.
- маңызы төмен молалар - тұтас күйінде конус, төрт бұрышты пирамида түрлерінде соғылады да, кейде үстіне шошайған қосымша бұтақ қойылады немесе пирамида сатылана салынады да, ирек жалмен әшекейленеді.
- көне молалар - өз құрылысының қарапайымдылығы мен салыну шеберлігі жағынан ерекшелінеді. Көне молалардың екі түрі бар: халық моласы (үйінділер) және құрметтілер молалары (сарайлар) .
Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнің көптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судың қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәселе қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі.
Қасиетті орын деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) * аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі «қасиетті орын» түсінігіне қарағанда кең таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. Бүкіләлемдік туристтік ұйым орналасу құралдарының екі тобын атап көрсетеді: ұжымдық және жеке. Орналасудың ұжымдық құралдары үш топқа бөлінеді:
- Қонақ үйлер және оған ұқсас орындар (мотелдер, тұруға арналған клубтар, жиһаздалған бөлмелер т. б. ) ;
- Орналасудың арнаулы құралдары (кемпингтер, орналасу құралдарына арналып қайта жабдықталған жер бетіндегі және су көліктері т. б. ) ;
- Орналасудың басқа да түрлері (үй кешендері, бунгалолар, мінәжат етуге келгендерге арналған палаткалы қалашықтар, шіркеулік, ашрамдық және басқа да жатақханалар т. б. ) .
Н. А. Юркина қонақ үй түсінігіне мынадай анықтама береді. Қонақ үй - бұл белгілі бір шектерден асатын (7 - 10) номерлерден құралған нысан. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, әр түрлі қонақжай қызметтерін ұсынатын және бірегей басшылық жасалынатын қонақ үйлер сыныптарға, санаттарға бөлінеді. Қонақ үйдің негізгі белгісі болып онда номерлердің болуын атап өтуге болады. Жіктелудің әр түрлі белгісіне қарай қонақ үйлер бірнеше түрлерге жіктеледі. Көрсетілетін қызметтің саны мен сапасына қарай француздық немесе жұлдызды (* жұлдыздан жұлдызға дейін) жүйе кеңінен таралған. Бүкіләлемдік туристтік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, 1997 жылы бүкіл әлемде 29 млн. қонақжайлар саналған.
Орналасудың жеке құралдарына жалға берілетін пәтерлер, пәтердегі бөлмелер, үйлер, коттеждер т. б. жатқызылады.
Қасиетті орындарға және діни орталықтарға сапар шегетін туристтер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:
- Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар. Діни орталықтарда қасиетті орындарда қажылыққа барғандар мен экскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады және қандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
- Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшін тағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейманханалар мен кафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамның түрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл, индиялық ашрамда вегетариандық (өткір немесе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді. Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамды таңдау мүмкіншілігінсіз беріледі.
Мінәжат етуге немесе саяхаттық сапарға аттанатын туристтер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге 1) авиация, 2) темір жол, 3) автомобиль (автобустық), 4) су (өзендік, теңіздік) көліктері, 5) оның басқа да түрлері.
Діни туризмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.
Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.
Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір зияраттық мінәжат жасау нысанына баратын көптеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару.
Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.
Бір ретттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиені ұлықтау күнін тойлауға арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының ғибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау.
Трассалардың құрылуы бойынша бағыттар шеңберлік, түзулік, радиалды , аралас түрлері бар.
Шеңберлі бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Мысалы, туристердің Ченнай (Үндістан) қаласына келіп, мемлекеттің оңтүстігіндегі - Канчипурам, Чидамбарам, Танджавур, Мадурай, Рамеш-варам, Махабалипурам шіркеулік қалаларын саяхаттап, Ченнай қаласына қайта келулері.
Түзулік бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкессіздігі. Айталық Мәскеулік православ мінәжат етушілері украиндық Терно-поль қаласына келіп, Почаевадағы Лаврды көріп, Киевке қарай кетті, соңынан үйлеріне оралған.
Радиалдық бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жол сәйкес келеді, алайда туристер мұнда басқа да пунктерге ауысып, соңынан бастапқы пунктіге оралады. Мысалы, мінәжат етушілер мен саяхатшылар Мәскеуге келіп, ондағы қалаларға, қала маңына (Сергиев лаврының үштігіне, Саввин-Сторожев, Жаңа Иерусалим шіркеулеріне) бір күндік сапар жасап, кешқұрым қону үшін Мәскеуге қайта оралады.
Аралас бағыт - шеңберлі, түзулік және радиалдық бағыттардың элементтерін құрайтын бірнеше бағыттарға бару жолы.
- Діни туризмнің даму аймақтары
Діни тұрғыдағы туризм әр түрлі орындарға мінәжат жасаудан айқын көрінеді.
Мінәжат етушілер қасиетті орындарға, киелі күштерге, ғаламат иконаларға бас ию арқылы олардан көмек, ем сұрауға, Құдаймен байланысты сезіну үшін барады. Сонымен мінәжат жасау - бұл қасиетті орындарға жол. Мінәжат етушілер ғибадатханаларды, шіркеулерді, әулиелердің мазарларын, олардың заттарын, қасиетті бастауларды көруге ұмтылады. Ғибадат ету тәжірибесі баратын орындарға қатысу нәтижесінде пайда болады. Мінәжат ету қоғам өмірінде маңызды рөлге ие.
Христиан діні (гр. Christian - мессия) - дүниежүзінде кең таралған зияраттық конфессиялардың бірі. Христиан діні б. з. І ғ. Рим империясы билігінде Палестинада дүниеге келді. Христиан дінінің үш негізгі ағымы бар: католицизм, протестентизм, православ.
1. Рухани-танымдық рөлі. Мінәжат етуге барушылардың сапары барысында оларға қатысатын орындардың тарихы, Ресейдің рухани өміріндегі олардың рөлі туралы мағлұматпен танысады. Сондай-ақ олар Құдайға мінәжат ету тәртібімен, әулиелердің мұрағатымен, бағытқа кіретін қарттардың есімдерімен байланысты орындардың ерекшеліктерімен танысады. Олар шіркеубасылармен пікірлесуге мүмкіншілік алады.
2. Жалпы білім беру рөлі. Шіркеулер тек рухани ғана емес, сонымен бірге мәдени және тарихи орталықтар болып танылады. Олардың кейбірінде мұражайлар да бар. Мінәжат етуге барушылар да, саяхаттаушылар да шіркеу қызметкерлерінің тұрмысы мен өмірі, бейнелеу және архитектуралық белгілерімен танысады.
3. Миссионерлік рөлі. Қасиетті жерлерге бару көптеген дінді мойындамайтын адамдардың бойында дінге деген сенімінің нығаюына септігін тигізеді.
4. Қайырымдылық рөлі. Мінәжаттық қызмет көрсету орындары шіркеулердің қажеттіліктері туралы біледі. Бұл ақпарат мінәжат етуге баратындарға дейін жетеді. Көмек көрсетуді ұйымдастырумен мінәжаттық қызмет ету орындары айналысады. Мінәжат етушілер шіркеуге киім-кешектер, азық-түліктер мен ақшалай көмек көрсетеді. Мұндай көмектер әсіресе өсіп келе жатқан тұрғындарға көмек көрсету үшін уақытында берілген көмек болып есептеледі.
Ресейде православ мінәжат етушілерінің саны туралы статистикалық мәлімет табу қиын. Қолда бар ақпарат бойынша жылына шамамен 300 мыңға жуық адам ішкі мінәжат жасайды екен. Қазақстанда бұл көрсеткіш анағұрлым аз. Алайда қазақстандық православиелікті ұстанған мінәжат етушіні Ресейдегі орындар қызықтырады, сондықтан діни туризмнің бұл түрін біз шығу ретінде қарастырамыз.
Мінәжат етуге жеке немесе мінәжаттық қызмет көрсету орындары арқылы баруға болады. Мінәжат етуге баратындарға қызмет көрсетушілердің лицензиясының бар-жоғы туралы және оны шіркеудің мақұлдағандығы туралы ақпаратты білу ұсынылады. Сапарға дайындалу барысында өзіңіз ант беріп, ораза ұстап, айтарлықтай дайындықсыз әулиемен кездесу үшін өзіңізді өзіңіз сендіруге болады. Шіркеуге барғанда өзіңізді қарапайым ұстау қажет. Шіркеу қызметкерлерімен баса көктеп сөйлесуге болмайды (олармен тек иеромонахтар ғана сөйлесе алады) . Қасиетті жер киінетін киімнің қарапайымдылығын талап етеді.
Көптеген православиелік мінәжат ету орындары мұражайлармен өзара іскерлік қарым-қатынас орнатуға қызығушылық танытады. Мәселен Бородиндік қорық-мұражайы мен Спас-Бородиндік әйелдер монастыры шіркеу құрылысын бірлесе атқарып, оған қатысу т. с. с. мәселелерді шешеді.
Қазіргі таңда Ресей, ТМД мемлекеттері мен алыс шет елдердегі әрекет етіп жатқан шіркеулер туралы толық мағлұматты «Орыс православ шіркеуінің монастырлары» атты анықтамалық жөн сілтеушіден алуға болады. Анықтамалық қазіргі таңда әрекет етіп отырған барлық монастырлар туралы қысқаша ақпараттарды қамтиды. Қасиетті жерлердің тарихы, монастырлардың қазіргі заманғы өмірі, тыныс-тіршілігі, мерекелері, басшыларының есімдері, мекен-жайлары, оларды табу жолдары туралы ақпарат береді.
Анықтамалықтың мәліметіне сәйкес, Ресейде 313 монастыр және 26 РПЦ шөлдері бар. ТМД мемлекеттерінде 183 РПЦ монастыры, оның ішінде Украинада - 111, Белорусияда 15, Қазақстанда - 7, Латвияда - 3, Литвада - 2, Молдавияда - 33, Өзбекстанда - 5, Эстонияда - 1. Шет елде 13 монастырлар орналасқан.
Ресейде көбінесе танымал сегіз қасиетті әулие жерленген орындар бар. Нижегород облысындағы Серафим-Дивеев монастыры (прп. Серафим Саров), Ленинград облысы Лодейнопольски ауданындағы Свято-Троицк Александр-Свирск монастыры, Липецк облысы Задонск маңындағы Задонск Богородицк монастыры (әулие Тихон Задонски), Санкт-Петербургтегі Смоленск мазарындағы Блаженная Ксения мұнарасы (әулие Ксения Петербургская), Мәскеу облысы, Сергиев Посадтағы Сергиев үштігі лавры (прп. Серги Радонежски), Калужск облысы, Козелскідегі Оптина шөлі (прп. Авроси Оптински), Воронеждегі Покровск кафедралы соборы, Санкт-Петербургтегі Иоаннов монастыры (әулие Иоанн Кронштадски) .
Діни өмірді, сондай-ақ діни туризм мәселелерін зерттеуші мамандардың алдында өмір сүріп жатқан РПЦ нысандарының, оның ішінде бірінші кезекте монастырлар мен ғибадатханалардың жіктелу қағидалары туралы сұрақ туындайды. Жіктелу белгілеріне байланысты бір немесе бірнеше нысандар өзгеше, тіпті қарама-қарсы топтарда болуы мүмкін. Алайда мінәжат етушілерді және саяхатшы-туристерді тарту орталықтары ретінде әртүрлі діни нысандардың жіктелуі туристік фирмалардың қызметкерлеріне өздерінің өнімдерін құру мен алға басуына көмектеседі. РПЦ монастырларын келесідей ретте жіктеуге болады: 1) елге тиістілігі бойынша; 2) көліктің тиімділігіне орай орналасу мекенінің қолайлығы бойынша; 3) монахтық ант ұстанғандардың құрамы бойынша; 4) тарихи кезең контекстінің жасы бойынша.
Католиктік және протестантизм православиемен қатар христиандықтың негізгі ағымдары болып табылады. Таралу аумағы бойынша католицизм мен протестантизм бір-бірімен тығыз байланысты. Европа мен Солтүстік Америка аумағында басым көпшілігі католигтерді, ал басқаларда протестанттарды құрайтын елдер мен ел бөліктері көршілесіп жатыр. Кейбір мемлекеттерде (Германия) католигтер мен протестанттардың саны бірдей. Германияның оңтүстігінде (Бавария) католицизм басымырақ. Нидерландияда, Швейцарияда, Норвегияда, Финляндияда, Данияда протестантизм біршама басым болса, Испанияда, Португалияда, Францияда, Италияда және Латын Америкасы мемлекеттерінде католицизм басым.
Протестантизм мен католицизмнің өзара тығыз аумақтық байланысын есепке ала отырып, тұтастай протестанцизм мен католицизмнің басым таралу аумағын сипаттау ыңғайлы. Католицизм мен протестанцизм Европаның шетелдік бөлігінде (Европаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі православ елдерін қоспағанда) Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең таралған. Бұл аумаққа бұрынғы КСРО-ның үш республикасы - Эстония, Латвия, Литва мемлекеттері кіреді.
Біздің білуімізше Солтүстік Африкада ислам діні кең таралған. Алайда Орталық, Батыс және Шығыс Африканың көптеген елдерінде әртүрлі бағытты ұстанған христиандармен қатар мұсылмандар да мекендеуде. Мәселен Нигерияда олар тұрғындар санының жартысын құрайды. Ал Танзанияда тұрғындардың үштен бір бөлігі бойынша христиандарға, исламға және дәстүрлі халықтық сенім білдіретін өкілдерге тиесілі.
Христианшылдық африкалық елдердің дәстүрлі халықтық сенімдерімен көршілесе отырып, әдетте қызықты синкретикалық құрылымды құрайды. Мысал ретінде Заир аумағында тұратын кимбангистерді айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz